Басты бет » Материалдар » Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер

Ибрагимова М.Н., Тасилова Н.А., Тойшубекова Ж.К.

Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2

Тегтер: Әмір Темір, Қоңырат, жалайыр, қазақ, этногенез, Жошы әулеті, темірлік шығарма, ру-тайпа
Аңдатпа:
Аңдатпа. Мақалада ортағасырларда Қазақстан территориясында мекен еткен қоңырат тайпаларының тарихы жайлы мәселе қарастырылады. Зерттеулер негізінде олардың мекен еткен территориясы анықталады. Қоңыраттардың Темір тарихында да белгілі орын алғандығы нақтылауға баса аударылады. Темірлік деректер негізінде қоңыраттардың ірі, жеке ел ретінде өмір сүрген ру-тайпа екендігі және олардың тайпа әмірлері сол ру-тайпа аттарымен аталатындығы жайлы зерттеледі. Әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихшылары пайдаланған деректер көбіне ортақ болып келгендіктен оқиғаны баяндауда бірін-бірі қайталайды. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстыру арқылы олардың қайсысы шындыққа жақын екендігі дәлелденеді.
Мазмұны:

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер ашылып, айналымға енгізіліп жатыр. Ендігі кезекте тарихшылардың міндеті осы деректерді пайдаланып, оларға деректік талдау жасау арқылы зерттеу жүргізу болатын. Әрине ондай зерттеулер де баршылық, дегенмен әлі де болса зерттелмеген біраз мәселелер бар. Мысалға ортағасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі дерек көзі болып табылатын әмір Темір және оның ұрпақтарына арналған шығармалар әлі де болсын өз зерттеуін күтіп тұрған үлкен мәселелердің бірі.

Ортағасырларда өмір сүрген алып империя Әмір Темір мемлекетінің жорықтары Орта Аизяда және Қазақстанда мекен еткен этникалық топтарды шашыратып жіберді. Олардың Темір әскерлерімен қақтығысқа ұшырап отырғандығы жайлы Темір сарайында жазылған шығармаларда мәліметтер келтірілген. Онда саяси оқиғаларға қатысып, тарих сахнасында белгілі бір орын алған рулық, тайпалық топтар ғана көрініс тапқан.

Зерттеуімізде осы әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармаларында жиі кездесетін ірі тайпалық бірлестіктердің бірі қоңырат тайпаларының тарихына кеңірек тоқталып өтеміз.

Қоңырат – таңбасы – П («босаға таңба»), Ұраны – «Алатау», «Мүкәмал» [1, 215-б.]. Белгілі қазақ зерттеушісі М. Тынышбаев біршама деректерге сүйене отырып, қоңыраттарды моңғол тайпасына жатқызады [2, 18-б.]. Ал зерттеуші Х. Арғынбаев түркілер арасындағы «қоңырат» этнонимі, яғни Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этногензіндегі бұл тайпаның тегі монғолдардан шыққанын теріске шығарады. «Қоңырат тайпаларының қалыптасуында монғол-қоңырат элементтері елеулі болды, бірақ олардың негізгі көпшілігі түркі рулары еді. Бұл арада қоңырат тайпалары тобының жаңа этно-әлеуметтік ұйымға бірігіп, Дешті Қыпшақ даласында үстемдік еткен Жошы әулеті ұрпағының бір бұтағы жаңа «қоңырат» атауын алғаны айқын»,-деп қазіргі Орта жүз құрамына енген қоңырат тайпаларын түріктенген рулардан құралғандығын атап көрсетеді [1, 215-б.]. Бұл пікірде негіз бар, әрине. Ортағасырларда Монғолиядан ауа көшіп келген көптеген моңғол тайпалары саны басым түрік тайпаларына қосылып, сіңіп кеткен болатын. Солардың салт-дәстүрлерін, дінін, тілін қабылдап түріктеніп кетеді. Енді осы қоңырат тайпаларының Темір мемлекеті тұсындағы тарихынан сыр шертіп көрелік. Бұл кездегі оқиғалар Темір сарайының тарихшылары жазып қалдырған деректерде көрініс тапқан.

ХІҮ ғасырдың 60 жылдарының басында қоңырат тайпасынан шыққан Хусейн Хорезмдегі билікті басып алады, содан Хорезмнің солтүстік-шығыс бөлігі қоңыраттардың билігіне өтеді. Қоңыраттардың әмірі Хұсейін Софы мен Темір арасындағы қақтығыстар темірлік деректерде біраз кездеседі.

1360 жылы қоңырат Хұсейін Софы Хорезмді жаулап алады. Алтын Орданың тәуелділігінде болса да, ол өзін елдің тәуелсіз билеушісі ретінде ұстады. Темір сарайының тарихшысы Шараф ад-дин али Яздидің «Зафарнаме» шығармасынан Тунгдайдың ұлы қоңырат тайпасынан шыққан Хұсейін Софы Хорезм аймағында бес-алты жылдан бері билік жүргізіп келгенін көреміз. Әмір Темір мен Хұсейін Софы бейбіт келісімге келе алмайды. Келесі бір Темір сарайының тарихшысы Шамидің мәліметтері бойынша әмір Темір Хұсейін Софыға достық, бейбіт орнатпақ оймен елшілерін жібереді. Алайда оның елшілеріне Хорезм билеушісі: «эту страну я покорил мечом и мечом же подлежит ее отобрать», - деп жауап береді. ОсылайшаТемір Хұсейін Софымен соғысуға шешім қабылдайды. 1371 жылы ХиваныТемір жаулап алады, ал Хұсейн Софы қаланы қоршау кезінде өледі. Оның орнына келген інісі Жүсіп Софы Темірмен бейбіт келісімге келеді. Екеуінің арасында елшілік алмасулар орын алып, құдандалық байланыс орнайды. Алайда бұл келісім ұзаққа созылмайды, Жүсіп Софы келісімді бұзады. «Ол әскер жинап, Кят аймағын талан-таражға түсіріп, халқын тым-тырақай қуып жібереді», Бұл жайлы хабар Темірге жеткенде, ол жан-жақтан әскер жиып, Хорезмге аттанады. Оны естіген Жүсіп Софы қорқып кетіп, жалынып-жалбарынып кешірім сұрайды. Бұл жолы Темір оған кешірім жасайды. 1376\77 жылы Жүсіп Софы қолайсыз жағдайды пайдаланып, салдарын ойламай Бұхараны жаулау үшін әскер жібереді. Темір Жүсіп Софыға Жалал ад-дин-бахадүрд іелшілікке жібереді: «Одақ жасасып, теңескеннен кейінгі бұл қай қылығың?» - дейді [3, 518-б.]. Жүсіп Софы оған жауап қайтармай елшісін өлтіреді. Осыдан енді Темір мен Жүсіп Софы екеуінің арасында қақтығыс орын алады. Соңында Жүсіп Софының ауырып өлуімен аяқталады.

1420 жылы қоңыраттар Еділдің төменгі бөлігін мекен етеді. Бұл жерде қоңыраттардың басшысының бірі Хайдар Мырза алдымен Темір ұрпақтары Ұлы-Мұхаммедті, кейіннен Кіші-Мұхаммедті қолдап отырады. Сөйтіп Ұлы-Мұхаммед орыс қаласы Белевке қашқан кездегі соңғы соғысқа қатысады [4, 191-б.].

  Темір сарайының тарихшысы Хондемир бойынша Мұстафа хан ХҮ ғасыр ортасында Хорезмнің оңтүстік-батыс бөлігін басып алған. Сөйтіп ол Хорезмде 1460/1461 жылға дейін билік еткен, одан кейін ықпалды қоңырат әмірлерінің бірі Осман қоңырат, Мұхаммед Софының ұлы, Якуб-оғланмен одақтаса отырып билікті басып алады. Осман қоңырат оған дейін Мұстафа ханның қол астында қызмет еткен белгілі әмірлерінің бірі болған. Мұстафа ханның Үргеніштің тұрғылықты тұрғындарын Вазирге күштеп қоныс аудартқаннан кейін, халық оған қарсы көтеріліске шығады. Осман Қоңырат осы сәтті пайдаланып қалады, ал Мұстафа хан Маңғышлаққа кетуге мәжбүр болады [5, 147-148-бб.]. Бұл жерден біз Хорезмдегі биліктің біраз жылдар қоңыраттардың қолында болғанын көреміз.

Қоңыраттардың негізгі бөлігі Қазақстан территориясында қалған, олардың ұрпақтары қазіргі күнге дейін Оңтүстік Қазақстанның Шәуілдір, Түркістан, Арыс және Созақ аудандарында өмір сүреді [6, 77-б.]. Осылайша темірлік шығармалардан біз тек ру-тайпалардың тарихынан ғана емес, сол заманда өмір сүрген тарихи тұлғалар жайлы да мәліметтер ала алады екенбіз.

Сонымен қорытар болсақ, темірлік деректерде Қазақстанда мекен еткен қоңырат тайпасы жайлы мәліметтер көптеп кездеседі. Әмір Темір және оның ұрпақтарына арналған шығармалардағы қоңыраттар жайлы мәліметтер ортағасырларда Қазақстан территориясында мекен еткен қоңырат тайпасы екенін зерттеулер нәтижесінен көріп отырмыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, Темір ұрпақтарының тарихшылары негізінен ірі, жеке ел ретінде өмір сүрген ру-тайпалар жайлы ғана өз шығармаларында баяндап отырған. Темірлік деректерде тайпа әмірлері сол ру-тайпа аттарымен аталады. Мысалға: Осман Қоңырат және т.б. Бұл есімдер Темір ұрпақтары шығармаларында жиі кездеседі, сонымен қатар, олардың билік жүргізген елдері жайлы да мәліметтер бар. Ортағасырларда есімдері әйгілі болған тұлғалардың темірлік шығармаларда ізі қалғандары бізді қуантады. Сол ру-тайпа аттарымен есімдері қоса аталған адамдардың арқасында біз сол ру-тайпалардың тарихта қаншалықты жоғары орын алатындықтарын байқаймыз. Ол тұлғалар өздерінің жақсы іс-әрекеттерімен өз елдерінің даңқын асырған. Осылайша темірлік шығармалардан тек ру-тайпалардың тарихынан ғана емес, сол заманда өмір сүрген тарихи тұлғалар жайлы да мәліметтер алуға мүмкіндік туады.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 3856

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

статья на эл. журнал.docx 0.03 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер 1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) УДК 94 (574) : 316. 34 Қазақстандықтардың Украинаны азат ету жолындағы күресі мен ерліктері ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі 391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ ӘОЖ 929.52 АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында)

Автордың мақалалары

Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер