Басты бет » Материалдар » ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында)

А.Н. Қали¹. ¹Магистр, Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері

ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында)

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4 (24) қазан-желтоқсан, 2020

Тегтер: тарих, майдан, республикасы, социалистік, кеңестік, Қазақ, соғысы, Отан, Ұлы, Жамбыл, облысы, ерлік, халық, жеңіс.
Аңдатпа:
Аңдатпа. Мақалада 1941–1945 жылдардағы соғыс, сол тұстағы біртұтас мызғымас Кеңестер Одағы аталған алып мемлекет үшін ғана емес, оның құрамындағы Қазақ кеңестік республикасы (ҚазКСР) үшін де тарихи кезең болғандығы қарастырылады. Бүкіл Қазақстан халқымен бірге облыс жұртшылығы да осынау ауыр сынды абыроймен көтере алды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ облыста халық шаруашылығын майдан талабына қарай бейімдеу қолға алынды. Сөйтіп барлық өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. толықтай «Бәрі де майданға, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен майданға үлес қосуға жұмылдырылды. Мақалада көтерілген мәселелер Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві құжаттары негізінде баяндалады. Мақала №AP05132125 «Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941-1945 жж.)» жобасы аясында жазылды.
Мазмұны:

Кіріспе. Екінші дүниежүзілік соғыстың Кеңестер Одағы үшін 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы деп аталатын кезеңінде жауға қарсы күресу үшін бүкіл халық тізе біріктірді, бір кісідей жаппай жұмылып, майдан және тылдағы еңбек алаңында ғажайып ерлік көрсетті. Ұлы Жеңісті жақындатуға қазақcтандықтар да зор үлесін қосты. Алғашқы сәттен бастап ақ отандастарымыз ерікті түрде майданға аттанды. Майдан далаларында 1,2 миллион қазақстандық, яғни әрбір төртінші жерлесіміз жауға қарсы соғысса, Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Мысалға, 1939 ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам болса, соғыс басталғанда 1.196.164 қазақстандық қару алып, Отан қорғауға аттанды. 170 мың Қазақстан азаматтары соғыс басталғанда әскер қатарында болды.

Солардың қатарында жамбылдықтар да бар. Мына дерекке тоқталар болсақ «облыстан майданға толық емес есеп бойынша 70 мыңнан астам адам әскерге шақырылған. Олардың 15 429-ы майдан даласында опат болды, 17 639-ы хабарсыз кетті, ал 107-і тұтқыннан қайтпады, 36 260 жауынгер елге оралды. 270 жамбылдық қыз-келіншектер майдан даласындағы шайқастарға қатысты» (Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Ғылыми-көпшілік басылым, 2015:584).

Қазақстандықтар өзге ұлт өкілдерімен иықтаса жүріп Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Киев, Минск секілді көптеген қалаларды қорғады, Белоруссия мен Украинаны, Балтық елдері мен Еуропаны фашист басқыншыларынан азат етті. Сол қанмайданда ерлігімен танылған 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды, 100-ден астамы - Даңқ орденінің толық кавалері болды, ал төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алды. Жеңіс күнін жақындатқан әрбір қазақстандықтардың ерлігі мен есімін халық мәңгі жадынан шығармайды. Сондықтан олардың ерлік жолы мен Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін болашақ ұрпақтың санасына сіңіру өмір талабы.

Әдіснама мен әдістері. Мақаланы жазу барысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың, оның Жамбыл облысы еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі мен ерлігін талқылау мәселесіне қатысты тарих ғылымының танымал мамандарының зерттеулерінде көрініс тапқанөзекті мәселелер тұрғысынан зерделенді. Ұлы Отан соғысы тақырыбын толыққанды зерттеген атақты ғалымдар А. Нүсіпбеков, Ғ. Әбішев, Т. Балақаев, М. Қозыбаев, Н. Едігенов, Қ. Алдажұмановтардың еңбектері басшылыққа алынды. Жұмысты жазуда тарихи жүйелілік, тарихи салыстырмалылық, жазба деректерді зерттеу, деректерді талдау, құжаттарды саралау сияқты тарихи зерттеулердің дістүрлі әдістері қолданылды.

Деректік негізін Ұлы Отан соғысына қатысты Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің 282-қоры (Жамбыл облыстық партия комитеті) және 399-қорының (Жамбыл облысының атқару комитеті) материалдары құрайды. 

Талқылау. Арада жетпіс бес жыл уақыт өтседе Ұлы Отан соғысы тақырыбы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Олар өз зерттеулерінде сол майдан даласында қаламды қаруға айырбастаған ғалымдар, осы мәселе жөніндегі тарихнаманың негізін қалаған академик А. Нүсіпбековтың (Нусипбеков, 1949. Т.2:287-349; Нүсіпбеков, 1961:35-41), Ғ. Әбішевтің (3) соғыстан кейінгі жылдары жарық көрген еңбектерін басшылыққа алады. Отты жылдар шежіресін жазуда академик М.Қ. Қозыбаев елеулі үлес қосты. Автор өз еңбектерінде мол архив деректері негізде республика еңбекшілерінің тұтастай соғысқа жұмылдырылуы, ел экономикасын əскери жағдайға бейімдеуге, майданды қамтамасыз етуді тез арада жолға қойған және ұйымдастыра алған Қазақстан Компартиясының қызметін кешенді түрде қарастырады (Қозыбаев, 1964:364).

Ұлы Отан соғысы ХХ ғ. 50-80-ші жылдары зерттеушілердің басты тақырыбына айналған кезең болғандықтан жекелеген ғалымдардың еңбектерімен қатар бірнеше жинақтар дайындалды. Атап айтсақ,. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты мен КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ филиалы - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институты және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағаты «Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945» атты екі томдық шығарады. Жинақтың бірінші кітабында құжаттар мен материалдардың басым көпшілігі республиканың майдандағы армия арсеналдарының біріне айналғанын, сондай-ақ қазақ, орыс және көп ұлтты Қазақстанның өзге ұлт өкілдерінің ерлігін көрсетеді (Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945.Т.1. Сборник документов и материалов, 1964:594). Оның жалғасы болып табылатын екінші томға Қазақстанның Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңіне (1944-1945 жж.) қатысуын көрсететін құжаттар мен материалдар алғаш рет енгізілген (Т.2. Сб. док. и матер., 1967:526).

Ал 1968 ж. «Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки» атты екі шығарылымнан тұратын жинақ жарық көрді. Кітапта қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Сталинград шайқасына, Днепрден өту кезіндегі ұрыстарға, жау басып алған Кеңес жеріндегі партизандық қозғалысқа қатысуы көрсетілген. Онда республиканың өнеркәсібін, көлігі мен ауыл шаруашылығын әскери тұрғыда қайта құру, жұмысшы табының, колхозшы шаруалар мен интеллигенцияның жауды жеңуді, майданға, жауынгерлердің отбасыларына және босатылған аудандарға жан-жақты көмек көрсетуді қамтамасыз етудегі жанкешті ерліктері мен қайсалықтары туралы айтылады. Жинақта жаңа деректік материалдар, майданға қатысушылардың естеліктері, сондай-ақ мерзімді баспасөз бен әдеби шығарамалар пайдаланылған (Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки / Вып.1., 1968:289). Соғыс жылдарындағы қазақстандық партизандар туралы Н. Едігеновтың редакциялық етуімен жарық көрген жинақта айтылады (Шла война народная: Партизаны Великой Отечественной – казахстанцы, 1985:320).

Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған іргелі зерттеулердің бірі М. Қозыбаевтың 1970 ж. жарық көрген «Казахстан – арсенал фронта» атты монографиялық еңбегінде1941-1945 ж. республиканың халық шаруашылығын майдан талабына сай қайта құрудың қиындықтарыменқазақстандықтардың Жеңіске қосқан зор үлесін архив құжаттарымен дәйектейді (Козыбаев, 1970:476).

Аталған еңбектермен қатар қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы В.В. Басиннің (Басин, 1965:164), М. Қозыбаевтың «Ұлы ерлік» (Қозыбаев, 1980), Т. Балақаевтың (Балакаев, 1971:351), Н. Едігеновтың (Едыгенов, 1972:208), П.С. Беланның (Белан, ) зерттеулерінде бұл тақырыпқа қатысты жаңа көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Танымал ғалымдар Т.Б. Балақаев пен Қ.С. Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941–1945 жж.)» атты іргелі монографиялық зерттеулерінде соғыс жылдарында Қазақстанда жасақталған əскери құрамалар мен дивизиялар, Отан қорғау қоры және оның жұмысы, республика еңбекшілерінің Кеңестер Одағының қорғанысына қосқан үлесі, майдан мен тылдағы ерліктері, сондай-ақ жау қолынан азат етілген аудандарға көрсетілген көмек туралы жазылған (Балақаев, Алдажұманов, 1985:320).

Айтылған еңбектер кеңестік кезеңде жазылғанымен өзінің архивтік мол тың деректерімен Қазақстан халқының ерлігін паш етуге арналғаны анық. Бұл мәселеге еліміз тәуелсіздік алған соң сыни көзқарас тұрғысынан қарастырған М.Қ. Қозыбаевтың (Қозыбаев, 1991:254; Қозыбаев, 1998:344; 1998:288; Козыбаев, 2000:420), Н. Едігеновпен бірлескен авторлықта(Козыбаев, Едыгенов, 1995:175), П.С. Беланның (Белан, 1995:336), Қ.С. Алдажұмановтың (Алдажуманов, Алдажуманов, 1997:16; Алдажуманов К., Анес Г., Валиханов Е., Кан Г. и др., 1998:410) және т.б. зерттеушілердің еңбектері тың тұжырымдарымен өте бағалы.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдары республиканың өзге де зерттеушілерімен бірлесе отырып, академик М.Қ. Қозыбаевтың жетекшілігімен Жеңістің 50-жылдығына арнап қайтыс болған жауынгерлерге арналған «Боздақтар: Жинақтама томы» жаңа ізденістердің нәтижесі болып табылады (Книга Памяти Казахстана – Боздақтар, 1995:480). Бұл бастама облыстар бойынша қолдау тауып, әр облыстар бойынша жалғасын тапты.

Ал Жамбыл облысы еңбеккерлерінің соғыс жылдарындағы ерен ерліктері мен майданға қосқан зор үлесі туралы Ж.А. Аралбаевтың редакторлығымен дайындалған анықтамылықта (Джамбулская область. Краткий историко-географический и культурно-экономический справочник ..., 1970:), жергілікті зерттеуші-ғалым К. Рыспаев (Рыспаев, 2006:408), архивтанушы М. Рысдәулет (Рысдәулет, 2014:544) еңбектерінде қарастырылған. Академик М. Қойгелдиевтің ғылыми жетекшілігі және редакторлық етуімен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы шығарылған жинақта Жамбыл облысы еңбеккерлерінің майданға қосқан үлесі мен тылдағы ерлік жолдары облыстық мемлекеттік архив материалдары мен соғыс жылдарындағы мерзімді басылымдар, сондай-ақ көзі тірі майдангер және тыл ардагерлерінің естеліктері тотастырылған ғылыми-көпшілік басылымда тың архив деректері берілген (Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Ғылыми-көпшілік басылым, 2015:584.).

Нәтижесі. Ұлы Отан соғысы басталған күннен бастапҚазақстанның экономикасы мен халық шаруашылығы, ірі өнеркәсіп ошақтары әскери бағытқа көшірілді. Соған байланысты бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы барынша қысқартылды, барлық кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Республиканың өзге өлкелерімен бірге Жамбыл облысының еңбеккелері де соғыс жағдайына толықтай бейімделді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен 1941 жылдың 31 маусымындағы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің №346-шы қаулысына байланысты жалпыға бірдей мобилизация жүргізіліп, ескі мәліметтер бойынша республика халқының 25%-ы майданға алынды делінсе, соңғы жылдардағы есеп бойынша еліміздің 18 бен 50 жас аралығындағы ер-азаматтарының 70%-ы майданға аттанғаны белгілі болып отыр (Казахстан в период Великой Отечественной войны// http://e-history.kz/ru/contents/view/923).

Соғыс жадайында жалпыға бірдей мобилизация шараларын жүзеге асыруда КСРО Қорғаныс Комитетінің 1941 жылғы 17 қыркүйектегі «КСРО азаматтарын жаппай міндетті түрде әскер қызметіне дайындау туралы» қаулысына байланысты әскери дайындықтан жедел түрде өткізулер жүргізілді. Қысқа мерзім арасында Жамбыл қаласында құрылған 28 даярлық курстарынан 7138 адам әскери жаттығудан өтіп, 293 үйірмелерде әуе шабуылынан қорғану тәсіліне 23 230 адам, әртүрлі әскери мамандыққа 13 336 адам, оның ішінде 336 адам пулеметшілер, ал 23 адам гранат лақтырушылар курсында жаттығудан өтіп майданға аттанған. Мұндай шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды. Мысалы, Луговой ауданында медбике даярлайтын курстан 36 әйел мен қыздар, ал әуе шабуылынан қорғануды үйрететін курстан 1676 әйелдер мен қыздар өткен.

Архив деректеріне сүйенер болсақ соғыстың алғашқы айларында облыс бойынша әскери дайындықтың әр түрінен 62 047 адам, оның ішінде 2 801 мерген, 426 пулеметші, 29 мотоцикл жүргізуші, 10 радист, 21 телеграфшы даярланған (ЖОМА, 341:1: 94:218-245).

Жамбыл облыстық КП(б)К комитеті әскери бөлімінің 1941 жылғы 1 қарашадағы жапай жұмылдыру және қорғаныс туралы анықтамасында көрсетілгендей есепті кезеңде облыстық әскери комиссариатпен бірлесіп Азаматтық ұйымдарда жұмылдыру қорларын сақтауды тексеру кезінде қорғаныс-бұқаралық жұмыс бойынша атқарылған істерінің көрсеткішін қарастырып көрейік:

ӘжХҚҚ (ПВХО) нормалары бойынша ересек тұрғындар арасында жоспар бойынша – 183 000 адам болса, нақтысы 1777 873 адам дайындалды, бұл 97,1% құрайды. Дайындықпен 6 200 адам қамтылған. Жасөспірімдерді дайындау жоспары – 31000 адам, ал дайындалғаны 36273 адам немесе 117%. Нұсқаушылар – жоспар 1860 адам, дайындалғаны – 1992 адам – 107%. Сондай-ақ 25 өзін-өзі қорғау тобы құрылады. Ал мемлекеттік кәсіпорындар мен колхоздарда өзін-өзі қорғау топтарының бастықтары дайындалады, 792 адам, тұрғын үйлерде 290 адамды тартқан.

Осы архив құжатында айтылғандай, атыс кадрлары бойынша: ЮВС жоспары 2588 адам, дайндалғаны 2220 немесе 85%; 4854 адам немесе 127%. Пулеметшілердің - жоспарда 178 адам, 525 адам немесе 295% дайындалды. Пулеметшілер жоспары 30 адам, 135 адам немесе 450% дайындалды. Кіші командирлер жоспары 28 адам, 52 адам дайындалды немесе 185% орындалғанын көреміз.

Ал, кавалериялық кадрлар бойынша: І-дәрежелі Ворошилов шабандоздары - жоспар 800 адам, 300 адам, яңни 48,75% дайындалды. ІІ-дәрежелі Ворошилов шабандоздары - жоспар 15, дайындалғаны 50 адам немесе 333%. ЮВВ 49 адам дайындалды. ГВС жоспар - 150 адам болса, 268 адам, 178%-ы дайындалған.

Басқа кадрлар бойынша:

Мотоциклистер жоспарда – 58 адам, даярланды – 77 адам немесе 124%, 94 адам дайындалуда. Радистер жоспарда – 59 адам, даярланды – 101 адам, 72 адам дайындалуда, ал телеграфистер жоспарда – 60 адам, даярланды - 96, дайындалып жатыр – 60 адам. Телефонистер жоспарда - 60 адам, даярланды – 51 адам, дайындалып жатыр – 35 адам, тіпті жас көгершін өсірушілерді де дайындаған, яғни жоспарда -29 адам, даярланды - 28.

Дене шынықтыру және спорт бойынша:

БГТО нормалары бойынша жоспар – 1000 адам, дайындалған – 974 адам немесе 97,4%, 275 адам дайындалып жатыр. ГТО І – ст. жоспар – 1600 адам, дайындалған 1485 адам немесе 92,8%, дайындалған 1158 адам, ГТО ІІ-ст. жоспар 20 адам дайындалды 21 адам немесе 105%, дайындалған 22 адам, қоян-қолтық ұрысқа қатысушылар (рукопашники) жоспар – 2000 адам, дайындалғаны 3002 адам немесе 150,1%, 1966 адам дайындалуда.

Аңшы барлаушылар жоспары 400 адам, дайындалды 562 адам, немесе 140,5%, дайындалуда – 10 адам, гимнасттар жоспары 250 адам, дайындалды 338 адам, немесе 135,2%, дайындалуда – 65 адам, жеңілатлет-гранатометшілер жоспары 6000 адам, дайындалды 7435 адам немесе 122,25%, дайындалуда – 1324 адам. Автомотокадрлар жоспары 145 адам, даярланды 77 адам немесе 53,2%%, 22 адам дайындалуда.

1. Осы құжат деректері бойынша сол жылғы 1 қарашада Қорғаныс қорына 1442 мың сом, облигациялар – 3033 мың сом, облигациялар – 421 мың сом түссе, астық – 6107 т., ет – 850 т., май – 10,8 т., жүн – 31,3 т үскен. Ауылшаруашылық дақылдарынан: Қарбыз – 14,2 т., қырыққабат – 5,29 т., қызанақ – 11,0 т., алма – 10,0 т., сүт – 40,7 л., қияр – 22,0 т., картофель – 108,2 т., пияз – 10 т., қауын – 7,0 т. түсіп, майданға жіберуге дайындалған (ЖОМА. 282:1:260;10-10-қ.)

Ал жалпыға міндетті оқу бойынша Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысына сәйкес әскери міндеттілерді жалпы оқыту 1941 жылдың 1 қарашасынан басталып, жалпы білім берумен облыс бойынша барлығы 2574 адам қамтылса, оның ішінде қол пулеметшілері – 349 адам, станокты пулеметшілер – 200 адам, танктерді жоюшылар – 77 адам, мергендер – 1948 адам дайындалған екен («Соғыс. Халық. Жеңіс». Құжаттар мен материалдар жинағы (1941-1945 жж.). Том 1, 2015:58).

Сондай-ақ КСРО мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес қысқа мерзімде Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау қажет деп табылып: 105, 106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар бригадасы және 238, 310, 314, 387, 391, 316 атқыштар дивизиялары құрылды. Осыған орай шұғыл түрде Жамбыл қаласы мен облыста 1941 ж. маусымда 678-шi жеке атқыштар батальоны, тамызда 81-шi атты әскер дивизиясы, шiлдеде дербес инженерлiк-құрылыс батальоны және жыл соңында газсыздандыру отрядтарымен қатар т.б. бірнеше құрамалар жасақталып, майданға аттандырылды. Сонымен қатар Бас Қолбасшы Сталиннің 1941 ж. 13 қарашадағы бұйрығы және КСРО Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетiнiң № 894 қаулысымен Жамбыл қаласында 105-шi дербес ұлттық атты әскер дивизиясы жасақталынған (ЖОМА, 282:1:259:10; 453:29).

Жалпы алғанда, еліміздегі әскери мекемелердің мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадалары, 50-ге жуық жеке полктар мен батальондар құрылған. Яғни, Қазақстаннан 1 млн. 200-ден 1 млн. 400 000 адам майданға алынғандығы айтылады.

1943 ж. 26 тамыздағы Жамбыл қалалық партия комитеті әскери бөлімінің берген мәліметі бойынша 1941 ж. маусымында 678-ші ерекше атқыштар батальоны, ал, шілдеде ерекше инженерлер құрылыс батальоны, тамыз айында 81-ші атты әскер дивизиясы, қарашада ерекше ұлттық атты әскер дивизиясы, газдан залалсыздандыру отряды, ал, 1942 ж. қараша-желтоқсан айларында бесінші теміржол ротасы, 1942 ж. ақпанында 1914 жұмысшы батальоны, 1919 жұмысшы батальондары жабдықталған (ЖОММ, 282:1:453:4).

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы да майдан талабына сай жұмыс істеуге көшірілді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап облыстың барлық аудандары Отан қорғау қорына мал өнімдерін, азық-түлік, жоспардан тыс 50 000 сомның ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыруға міндеттеме алды. Облыс колхозшылары ауыл шаруашылығының артық өнімдерін мемлекетке тапсыру, жоспардан тыс шөп дайындау, ет, сүт, бидай, картоп, көкөніс өнімдерін артығымен өткізуге міндеттеме алады. Мысалға, Луговой ауданының колхозшылары мемлекетке астық тапсыруды мерзімінен бұрын орындап, қалған егінді түгел жинап алған. Соғыстың барлық ауырташылығын көтерген Луговой ауданының әйелдері қысқа мерзімде трактор жүргізуді үйреніп, күндік нормаларын 150-200%-ға орындаған. Еңбекке жарамды ер азаматтар соғысқа аттанып кеткендіктен колхоздардағы жаңа жұмыс күші мектеп бітірген жастардың есебінен толықтырылып отырды және астық жинау науқаны кезінде еңбектеген баладан қартқа дейін жұмысқа тартылып, Жеңіс жолында тер төкті.

Ел басына түскен ауыртпашылықтар мен қиындықтарға қарамастан облыстың ауыл еңбеккерлері өз міндеттерін адал орындап, Жеңіс сағатын жақындатуға барынша үлес қосты. Техниканың аздығы мен тілін жетік меңгермегендіктеріне қарамастан Жамбыл ауданының Ильич атындағы колхозы, Шу ауданының «Көктөбе», Сарысу ауданының Чкалов атындағы  колхозы, Меркі ауданының «Большевик», Луговой ауданының «Мақпал», Көктерек ауданының «Бірлік» колхоздары 1942 жылы көкемгі егін жұмыстарын асыра орындағаны үшін Облыстың көшпелі Қызыл Туын жеңіп алуы ауыл еңбеккерлерінің тылдағы ерлігінің айғағы болып табылады (ЖОМА, 399:1:366:17-18).

Облыста соғыстың алғашқы күндерінен бастап мал шаруашылығына және оның басын өсіруге барынша көңіл бөлінді. Бірақ жұмыс қолының тапшылығынан бұл салада да ауыртпашылықтар мен қиындықтар орын алды. Малдың дұрыс күтіп-бапталмауы мен ветеринарлық-зоотехникалық бағыттағы іс-шаралардың жүргізілмеуі салдарынан мал аурулары салдарынан өлім-жітімге жиі ұшыраған (ЖОММ, 282:1:277:116).

Архив құжаттары бойынша облыстағы мал басының кемуіне байланысты малдан алынатын өнімнің де 1941 жылмен салыстарғанда жыл сайын кеміп отырғанына куә боламыз.

Кесте 1 – Жамбыл облысы бойынша 1941-44 жж. алынған мал өнімдерінің көрсіткіші (ЖОМА, 282:1:42:49).

   Жыл 

 Өнім

1941

1942

1943

1944

Сүт

(1 сиырдан сауылатын)

1074 ц

979 ц

705 ц

578 ц

Жүн

(1 қойдан қырқылатын)

  3,0 ц

2,6 ц

1,8 ц

2,5 ц

Көріп отырғанымыздай, 1944 ж. колхоздар мен совхоздар мемлекетке сүт, ет тапсыру жоспарын орындай алмаған. Облыс жоспар бойынша мемлекетке осы жылдары 24756 центнер сүт тапсыру керек болса, оны 14077 центнерге (56,9%) орындаған, ет тапсыру жоспары 9124 центнер болса, ол 8960 центнерге (98,3%) орындаған.

Дегенмен Жеңіс үшін еңбек еткен, Жеңіске сенген халық бар тапқаны мен қолда барын, азық-түлігін, киімнің ең жылысын, сапалысын майдандағы жауынгерге жіберді.

Республиканың ірі өндіріс орындарындағыдай облыстық кәсіпорындарда соғыс талабына сай жұмыс істеді. Облыстағы үлкен кәсіпорны саналатын Жамбыл қант зауыты да осындай бағытқа ауыстырылды. Ондағы негізгі жұмыс күші әйелдер мен жасөспірім балалар болды және оларды дайындау курстары жүргізілді (ЖОММ, 282:1:203:38,60).

Облыстың кәсіпорындары жанар-жағармайдың жетіспеушілігі салдарынан жұмыс істегенінен істемей тұрғаны көп болды. Қала берді жұмысшылардың саны мен сапасы да төмен еді.

Қазақстанның теміржолдарында 1941 жылдың 24 маусымында 18 сағаттың ішінде пойыздар қозғалысы айрықша әскери жұмыс тәртібіне ауыстырылды. Бірінші кезекте әскери эшалондар мен мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктерді жөнелту мен қабылдау қарастырылды. Одақтық маңызы бар Түрксіб адамдар мен материалдық ресурстарды жөнелту, Қазақстанға көшірілген кәсіпорындар мен эвакуацияланғандарды тасымалдауда жоспардан тыс күшейтілген нормада жұмыс атқарды. Теміржолшылардың қажырлы еңбегінің арқасында соғыстың алғашқы айларда-ақ КСРО-ның орталық аудандарынан республикаға 220 өнеркәсіптік кәсіпорындар және 550 мың адам көшірілді (Рысдәулет, 2012:178). Сол Түрксіб темір жолының бойындағы облысынан аумағынан өтетін Жамбыл және Шу темір жол жұмысшылары да соғыс жағдайына жұмылдырылды. 

Осылармен қатар Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысы жылдары майданға 2,5 млн дана жылы киім жіберіп, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат қосты. Кейбір қазақстандықтардың өз еркімен жинаған қаржысына «Қазақстан колхозшысы», «Қазақстан комсомолы» сияқты танк колонналары, «Советтік Қазақстан» атты әуе эскадрильясы жасақталуы ауыл еңбеккерлерінің тылдағы ерлігінің және қзақ халқының елдігінің жасампаздығын көрсететін тарихи ақиқат. Тұрғындар зеңбірек пен миномет сияқты ірі атыс қарулары үшін де қомақты қаржылар жинап, әскерге маңызды көмек көрсетті. Солардың қатарында жамбылдықтарда 1942 жылдың 23 шілдесінде берілген анықтама бойынша «Қазақстан колхозшысы» деген танк колоннасы үшін 9 339 000 сом қаржы жинап, оның 4 892 889 сомы мемлекеттік банктің есепшотына аударылған (ЖОМА, 342:1:332:11).

Сонымен жамбылдықтардың майданға берген көмегі өте үлкен болды. 1943 жылы Жамбыл облысы майданға 77 вагон сыйлық жіберген. Оның 16 вагонын 391-дивизияға облыстық партия комитетінің хатшысы Кәрім Шорабеков бастаған делегация тапсырған (Белан, Тимишенко, Барков, 1978:175).

Неміс басқыншылары басып алған аудандардан Қазақстанға, оның ішінде Жамбыл облысына кәсіпорындармен қатар адамдар да эвакуацияландырылды. 1941 ж. тамызынан бастап 1942 ж. қаңтары аралығында батыс пен орталықтан эвакуацияланған адамдардың біраз бөлігін Қазақстанға, оның ішінде Жамбыл облысына да орналастырылады. Эвакуацияланғандарды қабылдаумен қатар, оларды тұрғын үймен, азық-түлікпен, киіммен және жұмыспен қамтамасыз етуде, медициналық көмек көрсетуде қиыншылықтар туындағанына қарамастан облыс жұртшылығы тарапынан оларға үлкен қамқорлық көрсетілді. Облыстық партия комитеті де оларды аудандарға бөліп орналастыру мен сұраныстарын қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар атқарды.

Кесте 2 - Жамбыл облысына эвакуацияланған адамдарды аудан бойынша орналастыру жөніндегі 1941 жылдың 26 тамызында берілген мәлімет (ЖОМА, 282:1:262).

р/с

Аудан

Аудан бойынша шаруашылықтардың саны

Аудан бойынша тұрғындар

дың саны

Орналасты

рылған

адамдар саны

1

Жамбыл

6158

31394

1900

2

Свердлов

4822

24572

900

3

Луговой

4254

23313

1500

4

Мерке

7416

41556

1200

5

Қордай

8338

36295

3000

6

Шу

8751

45383

2500

7

Көктерек

3180

12116

100

8

Талас

3869

17941

100

9

Сарысу

2663

12194

100

10

Красногор

4500

14160

900

Қарапайым тұрғындармен қатар әскери қызметкерлердің отбасылары да эвакуацияланып келген. Облыстың ауылдық жерлеріне 8 750 әскери қызметкердің отбасы орналастырылған. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне мемлекет тарапынан ерекше назар аударылды (ЖОМА, 282:1: 400).

Сонымен қатар, өзге облыстардағыдай Жамбыл облысына да эвакуациялық әскери ауруханалар орналастырылып, олар негізінен жалпы терапия, хирургия, неврология, отоларингология және көз ауруларын емдеуге мамандандырылды.

Соғыс басталған жылдың күзінде КСРО Халық ағарту комиссариаты халыққа білім беру орындарына өз аумақтарындағы барлық мектеп жасындағы балаларды, соның ішінде эвакуациялау тәртібімен келген балаларды есепке алу жөнінде нақты нұсқаулар берді. Облыс бойынша барлығы 258 мектеп, оның ішінде 150 қазақ және өзбек, 50 орыс және аралас 58 мектептерде небәрі 27 615 балалар оқыған. Архив деректерін сараптай келе соғыс жылдарында облыс көлемінде жасы келген балалардың мектеп толық тартылмауының басты себептері ретінде:

- мектеп жасындағы балалардың нақты есебінің болмауы;

- мектептердің оқушылардың тұрғылықты жерінен алыстығы және мектеп-интернаттарының жоқтығы, балаларды мектептерге тасымалдаудың қолға алынбауы;

- аяқ киімдері мен киімдерінің болмауы немесе жарамсыздығы;

- отбасындағы бас көтерер ер азаматтардың Қызыл Армия қатарына шақырылуына байланысты жасөспірім оқушылардың ұжымшар-кеңшарларға және өзге де кәсіпорындарға жұмысқа кетуі;

- ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілуі секілді жағдайларды көрсетуге болады (ЖОМА, 282:1:563:10).

Соғыс жылдарында халықты жігерлендіруде, Жеңіс үшін жұмыла жұмыс жасауға үндеуде және майданмен тікелей байланыстырып, соғыс барысынан хабар беріп тұрған құрал мерзімдік басылымдар мен радио болды. Сондықтан облыстағы қазақ және орыс тілдерінде шығатын екі облыстық «Коммунист» газеті, «Сталиндік жол» атты ҚК(б)П Жамбыл облыстық, қалалық комитеттері мен еңбекшілер депутаттарының облыстық кеңесінің газеті мен аудандық 6 қазақ тілді және 2 орыс тілді газеттер үгіт-насихаттық, ағартушылық  және ақпартаттық қызметтер атқарды.

Кесте 3 - 1941 ж. шығып тұрған Жамбыл облысының аудандық газеттері (ЖОМА. 282-қ., 1-т., 93-іс, 53-15-пп.).

Аудан

Газеттің атауы

Красногор ауданы

«Красногоршы»

Луговой ауданы

«Социалистік октябрь»

Меркі ауданы

«Сталин жолы»

Сведлов ауданы

«Колхоз жолы»

Сарысу ауданы

«Социалистік шаруа»

Талас ауданы 

«Екпінді колхозшы»

Шу ауданы

«Кировшы»

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға жер аударылғандар, негізінен немістер мен финдер, шешен, ингуш, Қырым татарлары, түрік, корей, болгар, және өзге де халықтар мен этникалық топтар өкілдері Жамбыл облысына да көптеп орналастырылды.

Кесте 4 - Жамбыл облыстық эвакуациялық пунктінің бастығы П. Бученконың 1941 ж. 16 қарашадағы берген мәліметі бойынша қоныстандырылғандар саны (История Жамбылской области. Документы и материалы (1939-1945 гг.). т.1. 2017:170):

Аудан атауы

Орналас

тырылған қоныс аударыл

ғандар саны

Эвакуациялан

ғандарды орналастыру жоспары

Нақты

Орналас

Қандары

Эвакуациялан

ғандардың орналастыруға қалғаны

Барлық орналастырылған

эвакуац. мен қоныс аударыл

ғандар

Колич. вселен.

переселен.

План

вселен.

эвакуир.

Фактич.

вселен.

Осталось

вселить

эвакуир

Всего

вселено

эвакуир. и

переселен

Свердлов

2085

2092

1898

194

3983-1600

Жамбыл

2409

1721

805

916

3214-1600

Луговой

-

4795

4085

710

4085-2000

Шу

1980

5996

4855

1141

6835-2000

Көктерек

1823

360

-

360

1823-500

Талас

1318

1045

-

1045

1318-150

Сарысу

1200

-

-

1200

1200-150

Қордай

-

8450

6727

1723

6727-2500

Мерке

1500

6790

4569

2221

6069-1000

Красногор

-

3930

3145

786

3145-500

Барлығы:

12315

35179

26084

10295

38399

Арив деректеріне сүйенсек 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл облысына 45,5 мың адам қоныстандырылған екен.

Сонымен облыстық архивтанушы Мақұлбек Рысдәулеттің Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттары және ақпарат көздеріндегі материалдарды саралай келе жасаған қорытындысы бойынша облыстың 20 азаматы «Совет Одағының Батыры» атағын алған, 7-уі «Даңқ» орденінің толық иегері атанса, 8 жамбылдық «Совет Одағының Батыры» атағын Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін алған. Ал тылдағы ерлігі үшін де көптеген жамбылдықтар І және ІІ-дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ленин орденімен - 3, Еңбек Қызыл Ту орденімен – 17, «Қызыл Жұлдыз» орденімен – 17 адам наградталған. Сол сияқты «Құрмет Белгісі» орденімен, «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы екпінді еңбегі үшін» мемлекеттік марапаттарға ие болған (Рысдәулет, 2012:178).

Қорыта келгенде, Ұлы Жеңіс – сол кезеңдегі ортақ Отан үшін соғыс өтінде жанқиярлық ерлікпен соғысқан майдангерлермен қатар, тылдағы жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің адал еңбегі мен төзімділігінің, өр рухының жеңісі екендігі тарихи ақиқат. «Бәрі де майданға, бәрі де жеңіс үшін!» ұраныменЖеңіс жолында күні-түні жұмыла күрескенкеңес халықтарының өрлігі мен елдігінің жемісі.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. 1941–1945. – А.-Ата, 1958 – 353 с.

Алдажуманов К., Алдажуманов Е. Депортация народов – преступление тоталитарного режима. – Алматы: Фонд XXI век, 1997. – 16 с.; Алдажуманов К., Анес Г., Валиханов Е., Кан Г. и др. Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. – Алматы: Арыс, 1998. – 410 c.

Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны. – А.-Ата: Казахстан, 1971. –351 c.

Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 ж.ж.). – Алматы: Ғылым,1985. – 320 б.

Басин В.Я.Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк). – А.-Ата: Наука, 1965. – 164 c.

Белан П.С. На всех фронтах. Казахстанцы в сражениях Великой Отечественной войны 1941-1945гг. – Алматы: Ғылым, 1995. – 336с.

Белан П.С., Тимишенко А.Д., Н.С. Барков Н.С. Фронтовые дороги. – Алматы: Казахстан, 1978. – 175 с.

Белан, П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград. – А.-Ата: Наука, 1973. – 242 с., Белан П.С. Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии. 1941-1944 гг. – А.-Ата: Наука, 1984. – 176 с.; Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики (1941-1945 гг.). – А.-Ата: Наука, 1988. – 176 с.

Боздақтар: Жинақтама том / П.С. Белан, Н. Едiгенов; Ред.алқасы: А.С. Сарсенбаев, /төраға/, М.Р. Сағдиев, М.Қ. Қозыбаев ж.б. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 514 б.

Джамбулская область. Краткий историко-географический и культурно-экономический справочник в помощь секретарям парторганизации, агитаторам, политинформаторам, политдокладчикам, пропагандистам, лекторам. / Под.ред. Ж.А. Аралбаева. –Джамбул, 1970. –126 с.

Едыгенов Н. Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны. –А.-Ата: Наука, 1972. –208 с.

Жамбыл облыстық мемлекеттiк аhхиві (ЖОМА). 341-қ., 1-т., 94–іс, 32-33-пп.

Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Ғылыми-көпшілік басылым. / Қойгелдиев М.Қ., Жангуттин Б.О., Тілеубаев Ш.Б., Мырзатаева З.Б., Бисембаева Л.А., Белоус С.Г., Болатхан А. / Ред. М.Қ. Қойгелдиев. – Алматы: « Арыс» баспасы, 2015. – 584 б.

ЖОМА, қ.282, т.1,453-іс,4 п.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 203-іс, 38,60-пп.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 259-iс, 17-бума, 10-п.; 453-iс, 29-бума.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 260-іс, 10-10-қ. пп.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 262-іс,-п

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 277-іс, 116-п.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 400-іс, 12-13-пп.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 42-іс,49-п.

ЖОМА. 282-қ., 1-т., 563-іс, 10-п.

ЖОМА. 342-қ., 1-т., 332-іс, 11-п.

ЖОМА. 399-қ., 1-т., 366-іс, 17-18-пп.

 История Жамбылской области. Документы и материалы (1939-1945 гг.). т.1. / Под. ред. Д. Кожамжаровой ; Отв. сост.: Коныратбаев О.М., Жунисбаев А.А. сост.: Ашимов Б. – Тараз: Формат-Принт, 2017. – 394 с.

Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки/Вып.1. –А.-Ата: Наука, 1968.– 289 с.

Казахстан в период Великой Отечественной войны // http://e-history.kz/ru/contents/view/923 (қаралған уақыты, 24.09.20)

Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945.– Т.1. Сборник документов и материалов. – А.-Ата, 1964. – 594 с.; Т.2. Сборник документов и материалов.–А.-Ата, 1967.–526 с.

Козыбаев М. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 254 c.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992; Козыбаев М. Тарих зердесі. 1-2 кітап. – Алматы,1998; Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Книга 1-2. – Алматы, 2000. – 420 c.; – 388 c. и др.

Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.).–А.-Ата: Казастан, 1964. –364 с.

Козыбаев М., Едыгенов Н. Труд во имя победы. – Алматы, 1995 – 175 с.

Козыбаев М.К.Казахстан – арсенал фронта. – А.-Ата: Казахстан, 1970. – 476 с.

Нусупбеков А. Могучий арсенал Великой Отечественной войны //Известия АН КазССР. Серия историческая. Вып. 3, 1947;Нусипбеков А. Казахстан в период в Великой Отечественной войны Советского Союза (июнь 1941-1945 гг.) //История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. 2-е изд., исправл. и доп. –А.-Ата, 1949. – Т.2.– С. 287-349; Нүсіпбеков А. Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне Қазақстанныңқосқан үлесi // Қазақстан коммунисi, 1961. –№ 6. –35-41-бб.

Рысдәулет М. Мәңгілік ерлік, 2012. – 175 б.; Рысдәулет М. Жамбыл облысы 75 Жылнама-шежіре. – Алматы: Таймас, 2014. – 544 б.

Рыспаев К.Жамбылская область. – Тараз: Сенiм, 2006. – 408 с.

«Соғыс. Халық. Жеңіс». Құжаттар мен материалдар жинағы (1941-1945 жж.). Том 1. / т.ғ.к. Қ.С. Алдажұмановтың ред. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2015. – 224 б.

Шла война народная: Партизаны Великой Отечественной – казахстанцы / Под ред. Н.Е. Едыгенова. Сост.: З.А. Швыдко; Главная редакция общ. полит. литературы. А.-Ата: Казахстан, 1985. 320 с.

References:

Abıshev G. Kazahstan v Velıkoı Otechestvennoı voıne. 1941–1945. – A.-Ata, 1958 – 353 s.

Aldajýmanov K., Aldajýmanov E. Deportatsııa narodov – prestýplenıe totalıtarnogo rejıma. – Almaty: Fond XXI vek, 1997. – 16 s.; Aldajýmanov K., Anes G., Valıhanov E., Kan G. ı dr. Deportırovannye v Kazahstan narody: vremıa ı sýdby. – Almaty: Arys, 1998. – 410 c.

Balakaev T.B. Kolhoznoe krestıanstvo Kazahstana v gody Velıkoı Otechestvennoı voıny. – A.-Ata: Kazahstan, 1971. – 351 c.

Balaqaev T., Aldajumanov Q. Qazaqstan eńbekshіlerі maıdan qyzmetіnde (1941-1945 j.j.). – Almaty: Ǵylym,1985. – 320 b.

Basın V.Ia. Tıajelaıa promyshlennost Kazahstana v Velıkoı Otechestvennoı voıne (ıstorıcheskıı ocherk). – A.-Ata: Naýka, 1965. – 164 c.

Belan P.S. Na vseh frontah. Kazahstantsy v srajenııah Velıkoı Otechestvennoı voıny 1941-1945 gg. - Almaty: Ǵylym, 1995. – 336 s.

Belan P.S., Tımıshenko A.D., N.S. Barkov N.S. Frontovye dorogı. – Almaty: Kazahstan, 1978. – 175 s.

Belan, P.S. Kazahstantsy v boıah za Lenıngrad. – A.-Ata: Naýka, 1973. – 242 s., Belan P.S. Kazahstantsy v boıah za svobodý Ýkraıny ı Moldavıı. 1941-1944 gg. – A.-Ata: Naýka, 1984. – 176 s.; Kazahstantsy v boıah za osvobojdenıe Belorýssıı ı Sovetskoı Prıbaltıkı (1941-1945 gg.). – A.-Ata: Naýka, 1988. – 176 s.

Bozdaqtar: Jınaqtama tom / P.S. Belan, N. Edigenov; Red.alqasy: A.S. Sarsenbaev, /tóraǵa/, M.R. Saǵdıev, M.Q. Qozybaev j.b. – Almaty: Qazaqstan, 1995. – 514 b.

Djambýlskaıa oblast. Kratkıı ıstorıko-geografıcheskıı ı kýltýrno-ekonomıcheskıı spravochnık v pomo sekretarıam partorganızatsıı, agıtatoram, polıtınformatoram, polıtdokladchıkam, propagandıstam, lektoram. / Pod.red. J.A. Aralbaeva. – Djambýl, 1970. – 126 s.

Edygenov N. Ýchastıe kazahstantsev v partızanskom dvıjenıı v Belorýssıı v gody Velıkoı Otechestvennoı voıny. – A.-Ata: Naýka, 1972. – 208 s.

Istorııa Jambylskoı oblastı. Dokýmenty ı materıaly (1939-1945 gg.). t.1. / Pod. red. D. Kojamjarovoı ; Otv. sost.: Konyratbaev O.M., Jýnısbaev A.A. sost.: Ashımov B. – Taraz: Format-Prınt, 2017. – 394 s.

Jambyl oblystyq memlekettik ahhıvі (JOMA). 341-q., 1-t., 94–іs, 32-33-pp. 

Jambyl oblysy Uly Otan soǵysy jyldarynda (1941-1945 jj.). Ǵylymı-kópshіlіk basylym. / Qoıgeldıev M.Q., Jangýttın B.O., Tіleýbaev Sh.B., Myrzataeva Z.B., Bısembaeva L.A., Beloýs S.G., Bolathan A. / Red. M.Q. Qoıgeldıev. – Almaty: « Arys» baspasy, 2015. – 584 b.

JOMA, q.282, t.1,453-іs,4 p.

JOMA. 282-q., 1-t., 203-іs, 38,60-pp.

JOMA. 282-q., 1-t., 259-is, 17-býma, 10-p.; 453-is, 29-býma.

JOMA. 282-q., 1-t., 260-іs, 10-10-q. pp.

JOMA. 282-q., 1-t., 262-іs,-p

JOMA. 282-q., 1-t., 277-іs, 116-p.

JOMA. 282-q., 1-t., 400-іs, 12-13-pp.

JOMA. 282-q., 1-t., 42-іs, 49-p.

JOMA. 282-q., 1-t., 563-іs, 10-p.

JOMA. 342-q., 1-t., 332-іs, 11-p.

JOMA. 399-q., 1-t., 366-іs, 17-18-pp.

Kazahstan v perıod Velıkoı Otechestvennoı voıny // http://e-history.kz/ru/contents/view/923 (qaralǵan ýaqyty, 24.09.20)

Kazahstan v perıod Velıkoı Otechestvennoı voıny Sovetskogo Soıýza 1941-1945. – T.1. Sbornık dokýmentov ı materıalov. – A.-Ata, 1964. – 594 s.; T.2. Sbornık dokýmentov ı materıalov. – A.-Ata, 1967. – 526 s.

Kazahstan v Velıkoı Otechestvennoı voıne: Ocherkı / Vyp.1. – A.-Ata: Naýka, 1968. – 289 s.

Kozybaev M. Istorııa ı sovremennost. – Almaty: Ǵylym, 1991. – 254 c.; Qozybaev M. Aqtańdaqtar aqıqaty. – Almaty, 1992; Kozybaev M. Tarıh zerdesі. 1-2 kіtap. – Almaty,1998; Kozybaev M.K. Kazahstan na rýbeje vekov: razmyshlenııa ı poıskı. Knıga 1-2. – Almaty, 2000. – 420 c.; – 388 c. ı dr.

Kozybaev M. Kompartııa Kazahstana v perıod Velıkoı Otechestvennoı voıny (1941–1945 gg.). – A.-Ata: Kazastan, 1964. – 364 s. 

Kozybaev M., Edygenov N. Trýd vo ımıa pobedy. – Almaty, 1995 – 175 s.

Kozybaev M.K. Kazahstan – arsenal fronta. – A.-Ata: Kazahstan, 1970. – 476 s.

Nýsýpbekov A. Mogýchıı arsenal Velıkoı Otechestvennoı voıny // Izvestııa AN KazSSR. Serııa ıstorıcheskaıa. Vyp. 3, 1947; Nýsıpbekov A. Kazahstan v perıod v Velıkoı Otechestvennoı voıny Sovetskogo Soıýza (ııýn 1941-1945 gg.) // Istorııa Kazahskoı SSR s drevneıshıh vremen do nashıh dneı. 2-e ızd., ıspravl. ı dop. – A.-Ata, 1949. – T.2. – S. 287-349; Núsіpbekov A. Uly Otan soǵysynyń Jeńisine Qazaqstannyń qosqan úlesi // Qazaqstan kommýnısi, 1961. – № 6. – 35-41-bb.

Rysdáýlet M. Máńgіlіk erlіk, 2012. – 175 b.; Rysdáýlet M. Jambyl oblysy 75 Jylnama-shejіre. – Almaty: Taımas, 2014. – 544 b.

Ryspaev K.Jambylskaıa oblast. – Taraz:  Senim, 2006. – 408 s.

«Soǵys. Halyq. Jeńіs». Qujattar men materıaldar jınaǵy (1941-1945 jj.). Tom 1. / t.ǵ.k. Q.S. Aldajumanovtyń red. – Almaty: «Eltanym baspasy», 2015. – 224 b.

Shla voına narodnaıa: Partızany Velıkoı Otechestvennoı – kazahstantsy / Pod red. N.E. Edygenova. Sost.: Z.A. Shvydko; Glavnaıa redaktsııa ob. polıt. lıteratýry. – A.-Ata: Kazahstan, 1985. – 320 s.

МРНТИ 03.20.00

ВКЛАД КАЗАХСТАНЦЕВ В ДОСТИЖЕНИЕ ПОБЕДЫ ПОД ДЕВИЗОМ«ВСЕ ДЛЯ ФРОНТА, ВСЕ ДЛЯ ПОБЕДЫ!»

(На примере Жамбылской области)

Кали Айнур Нурумкызы¹

¹Магистр истории, Младший научный сотрудник Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

Аннотация. В статье проводится тезис о том, что война 1941-1945 гг. стала исторической вехой не только для могучего государства под названием СССР, но и для Казахстана, входившего в его состав. Вместе с народом Казахстана и население Жамбылской области с честью выдержало это испытание. С первых дней войны в области была осуществлена перестройка народного хозяйства согласно требованиям военного времени. Таким образом вся экономика, промышленность и сельское хозяйство было мобилизовано на помощь фронту под девизом «Все для фронта, все для Победы!». Проблемы, изложенные в статье, освещена на основе материалов Жамбылского областного государственного архива.

Статья написана в рамках проекта № AP05132125 «национальные воинские формирования Казахстана на фронтах войны (1941-1945 гг.)».

Ключевые слова: Великая Отечественная война, Казахская ССР, фронт, история, Жамбылская область, мужество, народ, победа

IRSTI03.20

CONTRIBUTION OF KAZAKHSTANIS TO ACHIEVING VICTORY UNDER THE MOTTO «EVERYTHING FOR THE FRONT, EVERYTHING FOR VICTORY!» (ON THE EXAMPLE OF ZHAMBYL REGION)

Kali Ainur Nurumkyzy¹

¹Master of historical Sciences.CH. Valikhanov Instituteof history and ethnology.

Abstract: the article presents the thesis that the war of 1941-1945 was a historical milestone not only for the mighty state called the USSR, but also for Kazakhstan, which was part of it. Together with the people of Kazakhstan, the population of Zhambyl region passed this test with honor. From the first days of the war in the region was carried out the restructuring of the national economy in accordance with the requirements of wartime. Thus, the entire economy, industry and agriculture were mobilized to help the front under the motto «Everything for the front, everything for Victory!». The problems described in the article are covered on the basis of materials from the Zhambyl regional state archive.

The article was written in the framework of the project no. AP05132125 «national military formations of Kazakhstan on the war fronts (1941-1945)».

Keywords: Great Patriotic war, Kazakh SSR, front, history, Zhambyl region, courage, people, victory.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 551

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Батыс ғұндары және олардың Еуропадағы ықпалы Батыс ғұндары және олардың Еуропадағы ықпалы ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер 1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) УДК 94 (574) : 316. 34 Қазақстандықтардың Украинаны азат ету жолындағы күресі мен ерліктері ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары Қызылорда облысы Жалағаш ауданына 1960-шы жылдары қоныс аударған отбасылар ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ Тың ардагері Кәмшат Дөненбаева туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі қорындағы кейбір деректер ӘОЖ (87013761225) УДК 94(547).02/.08 1727-1732 жылдар аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстары ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ ӘОЖ 929.52 АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИТВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.20 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДА АҚТӨБЕДЕ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРДЫҢ ЖАСАҚТАЛУЫ ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҒТАМР 13.09 ТҮРКІ ФОЛЬКОРЫНЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) ҒТАМР 03.81.31 ҰЛЫ ДАЛА КӨШПЕНДІЛЕРІ МЕН КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ МЕМЛЕТТЕРІ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.09.31 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДА ЯНЫЧАРЛАР ӘСКЕРИ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ (XV-XVIII ғғ.) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 30-ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АТАМЕКЕНЕН КӨШУІ ҒТАМР 16.21.23 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ КЛАССИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҒТАМР 03.20.00 КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЕНГІЗУ ТАРИХЫНАН ҒТАМР 930.2 ҮКІМЕТ ТӨРАҒАСЫ Н. НҰРМАҚОВ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ САЛЫҚ БАБАЖАНОВ

Автордың мақалалары

ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында)