Басты бет » Материалдар » Г.А. КУШАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ (Г.А. Кушаевтың 95 жылдығына арналған)

Ж. УРАЛБАЕВА, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Археология, этнология кафедрасының 2 курс магистранты. Қазақстан, Алматы қ. Жанар

Г.А. КУШАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ (Г.А. Кушаевтың 95 жылдығына арналған)

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (22) 2020 2020

Тегтер: Батыс, естеліктер, Мемлекеттік, жұмыстары, Қазақстан, атындағы, Кушаев, Г.А., Қазақстан, қазба, университеті, М.Өтемісов, археологиясы
Аңдатпа:
Мақалада белгілі археолог Гаяз Абдулвалиевич Кушаевтың өмірі мен қызметі қарастырылады. Г.А. Кушаев туралы зерттеулер археология ғылымында сирек кездеседі. Зерттеу жұмысында Г.А. Кушаевтың шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері талданып, ғалымның бізге белгісіз қырларын ашуға тырыстық. Отандық археологияда жеке тұлғаларға қатысты зерттеулер кездескенімен, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан ғалымдарымыздың бірі Г.А. Кушаев. Интервью тәсіліне негізделген зерттеу барысында Г.А. Кушаевпен бірге жұмыс жасаған және басқа салаларда еңбек етіп жүрген Т.З.Рысбеков, П.А. Давреев, Ф.А. Баюканский, С.И. Танабаева, Б.Б. Райымқұлов, М.Н. Сдыков, Х.Ж. Сүйіншалиев, Т.С. Жұмағанбетов секілді әріптестері мен шәкірттерінен құнды мәліметтер алынды. Автор ғалымның архив қорларында сақталған еңбектеріне шолу жасап, олардың құндылығына тоқталады. Түйін сөздер: қазба, университеті, Г.А., Кушаев, Қазақстан, археологиясы, М.Өтемісов, атындағы, Батыс, Қазақстан, Мемлекеттік, жұмыстары, естеліктер
Мазмұны:

Кіріспе. XX ғасырдың 40 жылдарының ортасынан бастау алған Қазақстан археологиясының даму тарихында, белгілі ғалымдар мен тұлғалар үлкен өзгерістер мен толықтырулар алып келді. Елбасымыздың «Ұлы даланының жеті қыры» атты мақаласы аясында Қазақстан археология ғылымымен тікелей байланысты тұлғалардың өмірі мен қызметіне тереңірек үңілу маңызды [1]. Қазақстан археологиясының тарихында терең із қалдырған Ә.Х. Марғұлан, М.К. Қадырбаев, Х.А. Алпысбаев, А.М. Оразбаев, К.А. Ақышев, К.М. Байпаков және т.б. алдыңғы толқын археологтардың есімдерімен қатар Гаяз Абдулвалиевич Кушаевтың есімі де ерекше аталады. Ол өз ғұмырын осы салаға арнап, Қазақстан археологиясы үшін құнды деректер қалдырды.

Г.А. Кушаевтың өмірі мен қызметіне қатысты зертеулер ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталады. Ғалымның шәкірті О. Щёлоков 1992 ж. Орал қаласынан шығатын «Надежда» газетінің екі санына Г.А. Кушаевтың қайтыс болғаны жайында хабарлап, сонымен қоса әріптестерінің естеліктерін де жариялайды [2]. Г.А. Кушаев туралы жалпылама мәліметтер «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» атты бес томдық еңбектің бірінші томында [3], К.М. Байпаков және Ж.К. Таймагамбетов шығарған «Қазақстан археологиясы» кітабында кездеседі [4]. М.Н. Сдыков Орал қаласында шығатын «Вопросы истории и археологии Западного Казахстана» атты ғылыми журналда Гаяз Абдулвалиевичтің 85-жылдығына арналған мақала жариялаған [5]. «Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және қорғау» атты Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылуының 70 жылдығына арналған ғылыми мақалалар жинағының 1 томында Гаяз Абдулвалиевич жайында мәліметтер кездеседі [6]. Г.А. Кушаевтың өмірі мен қызметі туралы интервью тәсіліндегі зерттеулерді осыған дейін тек О. Щёлоков құрастырған болатын. Содан кейін Г.А. Кушаевтың көзін көріп, бірге қызмет жасасқан тікелей шәкірттерінің естеліктеріне негізделген екінші осы мақала болып табылады. Мақала тақырыбы да Г.А. Кушаевтың әріптестері мен шәкірттерінің пікірлеріне негізделіп алынғанын ескертеміз.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысының материалдық базасы архив және аудиовизуалды құжаттарға негізделген. Архив материалдары М. Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мұрағатынан, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының қорынан және аудиовизуалды құжаттары зерттеушінің шәкірттерінен, әріптестерінен, қызметтес достарынан алынды. Мақаланы жазуда негізінен дәcтүpлi зepттey әдicтepі қoлдaнылды. Оның ішінде тapихи мәлiмeттepдi aнықтay, aнықтaлғaн ғылыми дepeктepдi жүйeлi тaлдay, cтaтиcтикaлық мәлiмeттepдi жeтe түciнyдe oтaндық зepттey eңбeктepiн caлыcтыpy әдicтepi пaйдaлaнылды. Coндaй-aқ, тарихи тұлғаның өмірі мен қызметінің зepделенy кeзeңдepiн aнықтayдa caлыcтыpмaлы тaлдay әдici кeңiнeн қoлдaнылды. Ғылыми дepeктepдi жинaп, жүйeлeп, тaлдaу кeзiндe индyкциялық (жaлпыдaн жeкeгe қapaй) зepттey тәciлдepi пaйдaлaнылды. Басты зерттеу әдісі ретінде сұрақ-жауап, жеке интервью тәсілдері қолданылып, негізгі мәліметтер Г.А. Кушаевпен бірге жұмыс жасаған және басқа салаларда еңбек етіп жүрген Т.З. Рысбеков, П.А. Давреев, Ф.А. Баюканский, С.И. Танабаева, Б.Б. Райымқұлов, М.Н. Сдыков, Х.Ж. Сүйіншалиев, Т.С. Жұмағанбетов секілді әріптестері мен шәкірттерінен алынды.

Талдау. Археология ғылымының болашақ майталманы 1925 жылы 7 наурызда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында дүниеге келді [7]. Оның жастық шағы Ұлы Отан соғысымен байланысты тосын оқиғаларға толы кезеңдермен сәйкес келеді. 18 жасында Орлов атындағы атқыштар және минометшілер училищесінде курсант болып бастаған Гаяз Абдулвалиевич Кушаев полк командиріне дейін көтеріліп, Қызыл жұлдыз орденімен және басқа да медальдермен марапатталды [7].

Гаяз Абдулвалиевич Кушаев 1967 ж. бастап А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих кафедрасында өзінің педагогикалық мансабын бастайды. Ол жерде Т.З. Рысбеков, Х.Ж. Сүйіншалиев есімді әріптестерімен танысады. Өзінің ерекше оқыту методикасымен студенттерге әсер еткен Гаяз Абдулвалиевич, Батыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық мектептің негізін қалайды. Г.А. Кушаевтың ғылыми мектебінен Б.Ф. Железчиков, В.А. Кригер, О.В. Щёлоков, Т.С. Жұмағанбетов, С.Ю. Гуцалов, П.А. Давреев, Ф. Аркадьевич, Г.Л. Мухин сынды жас зерттеушілер шығып, бүгінде осы салада табысты қызмет етіп жүр. Жоғарыда аталған ғалымдармен Орал қаласына арнайы іссапар барысында кездесу өткізіп, Гаяз Абдулвалиевич Кушаев жайында естеліктер жинадық.

Ең бірінші болып ақпарат берген белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик – Рысбеков Тұяқбай Зейітов. Қазіргі таңда М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жұмыс жасайтын Т.З. Рысбеков Г.А. Кушаевтың жеке өмірі туралы: «Мен онымен бірінші рет 1971 ж. кездестім. 1971 ж. мен Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп, министрліктің жолдамасымен Орал педагогикалық институтына келген болатынмын. Ол кездері тарих кафедрасы деген жалпы атауы бар бір ұжымда, бір кафедрада жұмыс бастаған болатынбыз. Ол кезде ол археологиядан сабақ береді екен. КСРО тарихы, феодализм тарихы сияқты пәндерден сабақ берген. Ол 1968–1969 жылы Орал қаласына келгеннен бері Орал облысының көптеген қалаларында қазба жұмыстарына тікелей барып қатыстым. Азнабай–Тайпақ каналы, Теректі ауданында Федоровка ауылында атақты фаларларды қазған кезде Г.А. Кушаевпен бірге болдым».

Г.А. Кушаевтың шәкірті Давреев Павел Анатольевич өз кезегінде Г.А. Кушаев туралы келесі естеліктерімен бөлісті:«Әскерден кейін түскен болатынмын. Гаяз Абдулвалиевичтің лекциялары әлі күнге дейін есімде. Ол лекция оқыған жоқ, әңгіме айтатын. Лекциялары өте қызық болатын. Ол соғыс ардагері болса да, бірақ соғыс жайында бізге айтпайтын. Ал археология туралы ерекше шабытпен («с вдохновением!») айтушы еді. Онымен бірге археологиялық қазба жұмыстарына шыққан болатынмын. Ол қазба жұмысына өте қарқынды дайындалатын. Біздермен, студенттермен бірдей деңгейде сөйлесетін».

Г.А. Кушаевтан тәлім алған Баюканский Феликс Аркадьевич өзінің ұстазы туралы келесідей мәліметтерді хабарлайды: «Мен 1966 жылы біздің Орал педагогикалық институты тарих-филология факультетіне тарих мамандығына түскен болатынмын. Маған тарих пәні қатты ұнайтын».

Орал қаласындағы тарих-өлкетану мұражайда директор болып жұмыс істеген Сара Искаировна жастық шағын еске алып, Г.А. Кушаевпен қашан танысқанын еске түсіреді: «1969 жылы Ғылыми Кеңес кезінде керемет ғылым кандидаты келгенін айтады. Өте күшті адам еді. Ол Гаяз Абдулвалиевич болатын. Оның келгені маған өте қатты арқа-сүйеу еді. Себебі орыстардың арасында жүргендей сезінесің деді. Ол келгеннен кейін археология ғылымы өте қарқынды дамыды, өлкедегі адамдар мен студенттердің барлығы археолог болып кетті. Гаяз Абдулвалиевич қай жерде мост салады, жол салады, сол жерге студенттерді қатыстырып, қазба жұмыстарын жүргізетін. Оның жақсы жері ол табылған заттардың бәрін мұражай қорына тапсыратын. Көзінің тірісінде кітабын шығара алмады. Көп нәрселерді қазды, Алматыда жұмыс істеп келді. Қолжазба ретінде жазды, бірақ шығара алмады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан қайтыс болды. Қайтыс болмағанда, кішкене тәуелсіздік кезеңінде өмір сүре тұрғанында кітаптарын өзі бастырып шығатын еді. Қайтыс болған соң, өңірдегі археология ғылымы ешкімге керек болмай қалды. 10 жыл бойына археологиямен ешкім айналысқан жоқ. 10 жылдан кейін оның өмір бойына іздеген Жайық қаласын, тракторшы кездейсоқ жағдайда тапты. Гаяз Абдулвалиевич қайтыс болған соң, оның әйелі Надия оның өмір бойына жазған қолжазбасын маған әкелген болатын. Сен осы кісінің жаңашырысың, осы қолжазбаны басып шығар деп маған тапсырды. Екінші данасын түсінгенім бойынша пединститутқа қалдырған сияқты. Өз жұмысына өте ұқыпты еді, сондай берілген кісі еді. Аяқ астынан 1992 жылы қайтыс болды».

Райымқұлов Бейбіт Баимқұлов Г.А. Кушаев туралы былай деп айтты: «Мен Гаяз Абдулвалиевичпен КазГУ-ды бітіргеннен кейін таныстым. Бірақ ол жайында Ғылым Академиясында жұмыс істегенімде естіген болатынмын. Археологиялық картаны жасаған осы кісі еді. Бірақ ол қолжазба ретінде ғана қалды. Ол Орал өңірінде конференция ұйымдастырған болатын. Гаяз Абдулвалиевичті сол заманның бағаланбаған археологы деп санаймын. Ия, ол көп нәрсені білетін, ол талап ететін, өте шыншыл еді, сондықтан да оны көбісі жақтырмайтын. Ол бостандықты жақсы көретін».

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы Г.А. Кушаев туралы келесі естеліктерімен бөлісті: «Мен Орал пединститутында 1973–1978 жылдары тарих факультетінде оқығанмын. Осы кездері археология пәнін Гаяз Абдулвалиевич Кушаев берген еді. Менің группаластарым археологияға қызуғышылық танытып, қазба жұмыстарына баратын еді, бірақ мен соншалықты археологияға қызықпадым. 1–2 курстарда қазба жұмыстарына шықтым. Сол кездері ол керемет ұйымдастырушылық қабілеті мол археолог ретінде есімізде қалды. Ол археологиялық музейді, археологтардан құрылған орал мектебінің негізін қалады. Оның жазып кеткен болжамдары ғалым өмірден өткеннен кейін расталды. Біз 2001 ж. Батыс Қазақстан облысының археологиялық орталығын құрдық. Ол орталықтың директоры болып тағайындалдым. Орталықтың жұмысында Гаяз Абдулавалиевич Кушаевтың көмегі көп болды. Біріншіден, оның «Этюды древней истории степного Приуралья» монографиясы бар еді [8]. Ол монографияда қазіргі Оралдың орнында ортағасырлық қала болғандығы айтылған. Осы негізде ол қаланы біз таптық. Г.А. Кушаевтың айтқан болжамдары расталды. 2005 ж. тағы бір қаланы Бисембаев Арман Аугановичтапты. Ол С.Ю. Гуцаловтың шәкірті болса, С.Ю. Гуцалов Б.Ф. Железчиковтың шәкірті болды. Осылай «Кушаев мектебі» қалыптасты. Мен де Кушаевтың шәкіртімін, қазба жұмыстарына қатыстым. Менен егер де Гаяз Абдулвалиевичтың тарихтағы орнын сұрағанда, мен оның орны археология тарихында мәңгілік болып қалады деп айтар едім. Ол аз жазды, бірақ жазған кітаптарының барлығы керемет дүниелер. Гаяз Абдулвалиевич дарынды археолог еді».

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сүйіншалиев Халам Жұмашұлы Гаяз Абдулвалиевич Кушаев туралы келесі естеліктерімен бөлісті: «1925 жылы 7 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы Жаңғалы ауданындағы Жаңа Қазан ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Құрдастары сияқты 1943 жылы Кеңес Әскері құрамына шақыртылды. Бірінші Украин фронтының құрамында Ұлы Отан Соғысына офицер қызметінде қатысты. 1945 ж. сәуір айында Нейс өзенін өтерде қатты жарақат алды, емделген соң 2-ші топ мүгедектігін алып, Қызыл жұлдыз орденімен және басқа да медальдермен марапатталды. 1945 ж. Кеңес армиясы құрамынан шыққан соң Гаяз ҚазССР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтына жұмысқа кіріп, кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарады. 1948–1953 жылдар аралығында жұмысын тастамай, С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультетіне түседі. Оқу бітірген соң Институттың қабырғасындағы Археология бөлімінде кіші қызметкер қызметінде жұмысын қайта жалғастырады. Осы жылдары отряд жетекшісі қызметінде археологиялық қазба жұмысында белсенді жұмыс істейді. Оның сол уақытқа дейін 9 ғылыми жұмысы жарық көрген, олардың қатарында 1963 ж. профессор К.А. Акишев бірге жазған «Іле өзені бойындағы сақ және үйсіндердің ежелгі мәдениеті» атты монографиясы [9], бірлесіп 1960 ж. жазған «Қазақстанның археологиялық картасы» да бар [10]. 1965 ж. Гаяз Абдулвалиевич «Іле өзенінің оң жағалауындағы үйсіндер мәдениеті» атты кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады [11]. «Жетісудің ежелгі тарихы» атты еңбекте белсенді қатысып, сәтті аяқтап шығады. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады, республикалық педагогикалық қоғамдағы тарих бөлімінің мүшесі. 1967–1992 жылдар арасында Гаяз Абдулвалиевич А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының доценті қызметін атқарады. 1975 ж. қыркүйек айына дейін тарих және педагогика бөлімдері Тарих және Филология факультеті құрамында жұмыс істеді. 1975 ж. қыркүйек айынан бастап тарих факультеті қайтіп құрылып, № 18 бастауыш мектептің қабырғасында орналасады. Осы сөздер авторы факультет деканы атанады. Бұл жылдары факультетте археологиялық қазба жұмысы негізінде ғылыми жұмыстардың зерттелуі мен оқытылуы Г.А. Кушаев, Б.Ф. Железчиков, В.А. Кригер есімдерімен байланысты. Археологиялық зертхана бөлімі жабдықталды, археологиялық қазба жұмыстарының қорытындылау үшін ғылыми конференциялар өткізілетін археология мұражайының іргесі қаланды, далалық археологиялық материалдардан құралған көрмелер ұйымдастырылды. 1975 ж. Оралда Жайық–Еділ өңірінің археологиялық конференциясы өтті. Археолог студенттердің мақалалары ғылыми басылымдарда, соның ішінде «Археологиялық ашылуларда» жарияланды. Сол жылдары факультет беделі көтеріліп, профессор атағын алады [11]. Оның 1959 ж. қызы Иралия мен 1956 жылы туылған Ренат атты ұлы және Надия Ахмедзянова деген әйелі болды. Әйелі археологиялық музейде лаборант болып жұмыс істейтін және оған ғылыми шығармашылығында көп көмек беретін. Ол экспонаттарды қалпына келтіру жұмыстарымен және сақтау жұмыстарымен айналысатын».

Г.А. Кушаевпен Пушкин атындағы Орал пединститутында көп жыл жұмыс істеген психолог В.Ф. Якушева ғалым туралы былай деп еске түсіреді: «1951 ж. университетті бітіріп, психолог дипломын алдым, ал тарих факультетінде оқыған Гаязға бітіруге 2 жыл қалған болатын. Ол сирек кездесетін рухани құндылыққа толы болатын және де өлгенше сол қасиетін сақтады. Әрдайым достарына жылы сөздер айтатын. Тылдан алған ауыр жарақаты оның денсаулығына қатты әсер етті. Университет студенті болғанда бас миына өте ауыр отаны жасатқан болатын. Біз, оның достары, оны әрі қарай оқи алмайтын болар деп ойлаған болатынбыз. Бірақ ауруына қарамастан табандылықпен оқитын. Ол жақсы оқитын. Тірі қалуға тіпті ғалым болуға оған оның ерекше өмірсүйгіштігі мен сирек кездесетін қайтпас мінезі көмектесті деп ойлаймын. Есімде, мен диплом қорғап жатқанда Гаяз Абдулвалиевич Кушаев жұмысымды оған көрсетуімді сұраған, ол оны оқып, дипломымның негізгі бетінде: «Жеткен жетістігінде тоқтамай, алға жылжуыңа тілектеспін» - деп жазды. Бұл сөздер оның да өмірлік ұстанымы еді» [2].

Профессор, т.ғ.д. Жұмағанбетов Талғат Смағұлұлы Г.А. Кушаев жайында былай деп жазды: «Естуім бойынша, Гаяз Абдулвалиевич Астрахань облысына қарайтын Жанибек ауданында қазақтар мен татарлар тұрады, шамасы сол Астрахань татарларынан тараған. Ол маған өте жаныма жақын ұстаздардың бірі болды. Өте көрікті адам еді. Өте керемет педагог еді. Соғыстың алдында оның отбасы Алматы қаласына көшіп келді. Әкесі тарих, археология және этнология институтында есепші жұмыс істеді. Тарихшы болатыны болжанбаған еді. Содан соң ол 18–19 жаста болғанда соғыс басталып, әскер құрамына шақыртылған болатын. Онда лейтенат курстарын өтіп, 1943 ж. Кишиневтегі майданға тап болады. Соғыста жасаған еңбектері үшін медальдері де бар. Соғыс аяқталған соң, Гаяз Абдулвалиевичтің әкесі оны Институтқа жүргізуші жұмысына орналастырады. Соғыстан соң Қазақстанда екі экспедиция жұмыс жасады. Соның біреуі А.Н. Берншам экспедициясы. Ол соғысқа дейін қазақстандықтарға Қазақстан тарихын құрастыру үшін құрылған топтың басшысы болды. А.Н. Бернштам көбінесе Қазақстан археологиясымен қызыққан еді. 1920–1940 жылдары барлау жұмыстары мен археологиялық картографиялаумен айналысты. Екіншісі Ә.Х. Марғұлан бастаған экспедиция. КазМУ-дің тарихшы студенттері осы А.Н. Бернштам бастаған экспедицияға қатысқан болатын. Олардың қатарына К.А. Ақышев, А.Г. Медоев,А.М. Оразбаев және т.б. Міне осы экспедицияда ол жүргізуші болатын. Соғыс пен мектептен басқа ештеңе көрмеген ол, археологияға қызығып, тарих факультетіне сырттай түседі. Оқуды аяқтаған соң, археологиялық зерттеулермен айналысады. Осы кезде оның жолы болып, 1950 ж. ортасында ҚазКСР Ғылым Академиясы үлкен қорғандарды қаржыландыру жайында шешім қабылдайды. Ғылымға үлкен серпіліс керек болып, олар Бесшатырдан бастауды құп көреді. Сол жылдары екі топтан тұрған Іле экспедициясы жұмыс істеп бастайды. Біріншісі – К.А. Ақышевбастаған топ, екіншісі – Г.А. Кушаев бастаған топ болатын. Кушаев үйсіндермен айналысқан. Оның жасаған жұмыстарын оған дейін де кейін де ешкім айтарлықтай үлес қосқан жоқ. Қазба жұмыстарын қорытындылап келе К.А. Ақышев пен Г.А. Кушаевтың бірлесіп жазған «Іле өңіріндегі сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті» атты монографиялары жарық көреді [9]. Ол кездері диссовет болмады, сондықтан екеуі кандидаттық диссертациясын 1963 ж. Ленинградта қорғайды. Содан соң Алматыға қайтып келіп, үйсіндер мәселесін зерттеуді жалғастырады. Бірақ сол кездері сармат мәселесі өзекті мәселелердің бірі болады. 1967 жылда археологқа Орал қаласында қалу жайында ұсыныс түседі. Сөйтіп, А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында жұмыс істеп бастайды. Кейіннен тарихшы, археолог болған студенттерді тәрбиеледі. Институт қабырғасында «Этюды древней истории степного Приуралья» атты еңбегін жазды. Қорытындылай келе, Гаяз Абдулвалиевич Кушаев өте жақсы адам, жақсы ұстаз, жақсы ұйымдастырушы, жақсы экспедиция басшысы болды».

Нәтижелері. Зерттеу жұмысында Г.А. Кушаевпен бірге қызмет жасаған әріптестері, шәкірттерінің естеліктері қарастырылып, бірқатар құнды деректерге қол жеткізіп отырмыз. Оның үстіне бұған дейін Г.А. Кушаевпен бірге қазба жұмыстарына қатысқан зерттеушілердің естеліктерін жинақталмаған болатын. Байқап отырғанымыздай, ғалымның архив қорларында сақталған көп дүниелері өз зерттеушісін күтіп отыр. Тіпті бір ғана Ә.Х. Марғұлан ат. Археология инстиутытында 30-дан астам материалдар қордаланған. Оның ішінде Г.А. Кушаевтың жариялағанбаған еңбектерінің қолжазбалары да сақталған. Зерттеу барысында, Кушаев жайында осы кезге дейін белгісіз болған немесе айтылмай келген көп дерек көздері табылды. Олардың қатарына Г.А. Кушаевтың еңбектерінің жалпы саны, белгісіз болған суреттері, архив құжаттары, және «Памятники Алакульской впадины и долины реки Лепсы» атты қолжазба күйінде жазылған құжаттар жатады [12]. Гаяз Абдулвалиевич Кушаев өзінің археологиялық өмірін А.Н. Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экпедициясынан бастады. Кейіннен К.А. Ақышевпен бірге қазба жұмыстарын жүргізеді. Өмірінің соңында Батыс Қазақстанда «археология мектебінің» негізін қалады.

Қорытынды. Зерттеу жұмысын қорыта келгенде Қазақстан археологиясының қалыптасуына үлес қосқан Г.А. Кушаевтың жеке өміріне қатысты құнды деректер талданып отыр. Оның тікелей көзін көрген кісілерден ақпараттар жиналды. Г.А. Кушаевтың әріптестері мен шәкірттері ғалымды өз заманы кейінгі зерттеушілер арасында толық бағасын ала алмады деген пікір айтады. Бұл ойдың жаны бар. Себебі ғылыми ортада жеке тұлғаларға қатысты зерттеулер жиі жарияланып жатқанымен, жоғарыда айтқанымыздай, Г.А. Кушаев назардан тыс қалып келеді. Ғалымның архив қорларында сақталған, жеке зерттеу еңбектері әлі күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мәселен, Алакөл ойпатына қатысты 1950 жылдары жүргізген зерттеулерінде қазіргі Алакөлдің оңтүстігінде ортағасырлық қала болғанын, сол кезеңде ол қаланың жұрнақтары сақталғанын жазған. Ал 1960 жылдары К.М. Байпаков аталған өлкеге зерттеулер жүргізгенде, Г.А. Кушаев жазған қаланың сақталмағанын көрсетеді. Осы секілді тағы бірнеше ескерткіштердің сол кезеңдегі сақталуы, топографиялық құрылымы мен басқа да табылымдары туралы жазбалары өз құнын жоғалтпайды деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, Г.А. Кушаевтың әріптестері мен шәкірттері берген деректер, археологтың жеке өмірі, қызметі, еңбектері туралы мәліметтер ғалымның жеке өмірі жайында аса маңызды дерек көзі болып саналады. Арнайы интервью тәсілімен жиналған естеліктер тұңғыш рет ғылыми айналымға түсіп отыр. Бұл мәліметтер кешені алдағы уақытта Г.А. Кушаевтың өмірін зерттеушілер үшін құнды жолбасшы дерек болып қала бермек.

Әдебиет

1. Назарбаев Н.Ә. Ұлы Даланың жеті қыры. 21 қараша 2018 ж. URL: https://www.akorda.kz/kz (қолданылды: 09.04.2020 ж.)

2. Щёлоков О.В. Мои учителя // Информбиржа news. № 9(1130). URL:http://ibirzha.kz/, 3 наурыз 2016 ж.; № 10 (1131). URL: http://ibirzha.kz/, 10 наурыз 2016 ж. (қолданылды: 20.04.2020 ж)

3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Алматы, Атамұра, 2010. – 1-т. – 544 б.

4. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов вузов. – Алматы: Қазақ университеті,2006. – 355 с.

5. Сдыков М.Н., Марыксин Д.В. Кушаев Гаяз Абдулвалиевич (к 85-летию) // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – Уральск: Западно-Казахстанский областной центр истории и археологии, 2010. – № 1 (12). С. 253–256.

6. Бейсенов А.З., Джумабекова Г.С., Базарбаева Г.А. Путь к изучению древностей центра страны: история создания первой археологической экспедиции Казахской Академии наук // Археологическое наследие Центрального Казахстана: изучение и сохранение. Сб. научн. статей, посвящ. 70-летию организации Центрально-Казахстанской археол. экспедиции Академии наук Казахстана. – Алматы: Научно-исследовательский центр истории и археологии «Бегазы-Тасмола», 2017. – Т. 1. – С. 11–64.

7. Уралбаева Ж. Г.А. Кушаевтың өмірбаяны бойынша жиналған деректердің кейбір қорытындылары // «Ақынжанов оқулары – 2019» атты көрнектi археолог С.М. Ақынжановтың 80 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықар. археол. конф. жинағы (Алматы қ., 16‑17 қазан 2019 ж.). – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2019. – 158-162-бб.

8. Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья – Уральск: «Диалог», 1993. – 171 с.

9. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алма-Ата: Наука, 1963. – 320 с.

10. Археологическая карта Казахстана.Коллективная монография / Акишев К.А. (отв. ред.). – Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1960. – 685 с.

11. Архив Западно-Казахстанского Государственного университета. Ф. 2, оп. 18., св. 3, л. 9.

12. Кушаев Г.А. Памятники Алакульской впадины долины реки Лепсы // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана. Ф. 2, д. 1068.

Информаторлар тізімі

1. Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы –тарих ғылымдарының докторы, академик.

2. Давреев Павел Анатольевич – философия ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан облысының «Әлеуметтік зерттеулер орталығының» меңгерушісі.

3. Баюканский Феликс Аркадьевич–«Ламед» еврей этномәдени бірлестіктің төрағасы.

4. Танабаева Сара Искаировна – Батыс Қазақстан облысының тарих-өлкетану музейінің директоры.

5. Райымқұлов Бейбіт Баимқұлов – Батыс Қазақстан облысы, археолог.

6. Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы – тарих ғылымдарының докторы,  Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры.

7. Сүйіншалиев Халам Жұмашұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

8. Жұмағанбетов Талғат Смағұлұлы– тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.

References

1. Nazarbaev N.Á. Uly Dalanyń jeti qyry. 21 qarasha 2018 j. URL: https://www.akorda.kz/kz (qoldanyldy: 09.04.2020 j.)

2. Shólokov O.V. Moı ýchıtelá // Informbırja news. № 9(1130). URL:http://ibirzha.kz/, 3 naýryz 2016 j.; № 10 (1131). URL: http://ibirzha.kz/, 10 naýryz 2016 j. (qoldanyldy: 20.04.2020 j)

3. Qazaqstan tarıhy (kóne zamannan búginge deıin). Bes tomdyq. – Almaty, Atamura, 2010. – 1-t. – 544 b.

4. Baıpakov K.M., Taımagambetov J.K. Arheologıa Kazahstana: Ýchebnoe posobıe dlá stýdentov výzov. – Almaty: Qazaq ýnıversıteti,2006. – 355 s.

5. Sdykov M.N., Maryksın D.V. Kýshaev Gaıaz Abdýlvalıevıch (k 85-letıý) // Voprosy ıstorıı ı arheologıı Zapadnogo Kazahstana. – Ýrálsk: Zapadno-Kazahstanskı oblastnoı sentr ıstorıı ı arheologıı, 2010. – № 1 (12). S. 253–256.

6. Beısenov A.Z., Jýmabekova G.S., Bazarbaeva G.A. Pút k ızýchenıý drevnosteı sentra strany: ıstorıa sozdanıa pervoı arheologıcheskoı ekspedısıı Kazahskoı Akademıı naýk // Arheologıcheskoe nasledıe Sentrálnogo Kazahstana: ızýchenıe ı sohranenıe. Sb. naýchn. stateı, posvásh. 70-letıý organızasıı Sentrálno-Kazahstanskoı arheol. ekspedısıı Akademıı naýk Kazahstana. – Almaty: Naýchno-ıssledovatelskı sentr ıstorıı ı arheologıı «Begazy-Tasmola», 2017. – T. 1. – S. 11–64.

7. Ýralbaeva J. G.A. Kýshaevtyń ómirbaıany boıynsha jınalǵan derekterdiń keıbir qorytyndylary // «Aqynjanov oqýlary – 2019» atty kórnekti arheolog S.M. Aqynjanovtyń 80 jyldyǵyna arnalǵan jas ǵalymdardyń halyqar. arheol. konf. jınaǵy (Almaty q., 16‑17 qazan 2019 j.). – Almaty: Á.H. Marǵulan atyndaǵy Arheologıa ınstıtýty, 2019. – 158-162-bb.

8. Kýshaev G.A. Etúdy drevneı ıstorıı stepnogo Prıýrálıa – Ýrálsk: «Dıalog», 1993. – 171 s.

9. Akıshev K.A., Kýshaev G.A. Drevnáıa kúltýra sakov ı ýsýneı dolıny rekı Ilı. – Alma-Ata: Naýka, 1963. – 320 s.

10. Arheologıcheskaıa karta Kazahstana.Kollektıvnaıa monografıa / Akıshev K.A. (otv. red.). – Alma-Ata: Izdatelstvo AN KazSSR, 1960. – 685 s.

11. Arhıv Zapadno-Kazahstanskogo Gosýdarstvennogo ýnıversıteta. F. 2, op. 18., sv. 3, l. 9.

12. Kýshaev G.A. Památnıkı Alakúlskoı vpadıny dolıny rekı Lepsy // Arhıv Instıtýta arheologıı ım. A.H. Margýlana. F. 2, d. 1068.

Informatorlar tizimi

1. Rysbekov Tuıaqbaı Zeıituly –tarıh ǵylymdarynyń doktory, akademık.

2. Davreev Pavel Anatólevıch – fılosofıa ǵylymdarynyń doktory, Batys Qazaqstan oblysynyń «Áleýmettik zertteýler ortalyǵynyń» meńgerýshisi.

3. Baıýkanskı Felıks Arkádevıch–«Lamed» evreı etnomádenı birlestiktiń tóraǵasy.

4. Tanabaeva Sara Iskaırovna – Batys Qazaqstan oblysynyń tarıh-ólketaný mýzeıiniń dırektory.

5. Raıymqulov Beıbit Baımqulov – Batys Qazaqstan oblysy, arheolog.

6. Sdykov Murat Naýryzǵalıuly – tarıh ǵylymdarynyń doktory,  Batys Qazaqstan Memlekettik ýnıversıtetiniń professory.

7. Súıinshalıev Halam Jumashuly – tarıh ǵylymdarynyń kandıdaty, dosent.

8. Jumaǵanbetov Talǵat Smaǵululy– tarıh ǵylymdarynyń doktory, Q.Jubanov atyndaǵy Aqtóbe óńirlik memlekettik ýnıversıtetiniń professory.

Ж. УРАЛБАЕВА

Магистрант 2 курса кафедры Археологии, этнологии и музеологии Казахского национального университета имени аль-Фараби.

Казахстан, г. Алматы. E-mail:zhanar.uralbayeva@mail.ru

Г.А. КУШАЕВ В АРХЕОЛОГИИ КАЗАХСТАНА (к 95-летию Г. А. Кушаева)

РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются жизнь и деятельность известного археолога Гаяза Абдулвалиевича Кушаева. Роль Г. А. Кушаева в археологии Казахстана слабо освещена в археологических работах. Несмотря на то, что в отечественной археологии встречаются исследования личностей отдельных археологов, есть и ученые оставшиеся без внимания, одним из таких является Г.А. Кушаев. В данной работе были проанализированы воспоминания учеников и коллег Г. А. Кушаева, предпринята попытка раскрыть неизвестные стороны жизни и научной деятельности ученого. В ходе подготовки статьи, были получены ценные сведения от коллег и учеников: Т.З. Рысбекова, П.А. Давреева, Ф.А. Баюканского, С.И. Танабаевой, Б.Б. Райымкулова, М.Н. Сдыкова, Х. Ж. Суиншалиева и Т.С. Жумаганбетова. В статье, автор проводит обзор трудов ученого, хранящихся в архивных фондах.

Ключевые слова: Г.А. Кушаев, археология Казахстана, Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова, археологические раскопки, воспоминания

ZH. URALBAYEVA

2-year student of the Department of Archeology, Ethnology and Museology, Al-Farabi Kazakh National University. Kazakhstan, Almaty. E-mail:zhanar.uralbayeva@mail.ru

G.A. KUSHAEV IN ARCHEOLOGICAL SCIENCE OF KAZAKHSTAN

(to G. A. Kushayev’s 95 year)

Summary

The article discusses the life and work of the famous archaeologist Gayaz Abdulvaliyevich Kushayev. Research on G. A. Kushayev is rarely found in archaeological science. In the research work, the memories of the students and colleagues of G. A. Kushayev were analyzed, they tried to reveal to us the unknown sides of the scientist. Despite the fact that in Russian archeology there are studies in relation to the personality of an individual archaeologist, there are scientists who have remained without attention, one of them G.A. Kushayev. Valuable information was obtained from their colleagues and students: T.Z. Rysbekov, P.A. Davreev, F.A. Bayukansky, S.I. Тanabayeva, B.B. Rayymkulov, M.N. Sdykov, H.Zh. Suinshaliyev and S.T. Zhumaganbetov. The author reviews the works of the scientist stored in archival collections, dwells on their values.

Key words: G.A. Kushayev, archeology of Kazakhstan, M. Utemosov West Kazakhstan State University, archaeological site, memories


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз