Басты бет » Материалдар » ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

А.Ғ. Ибраева¹, А.С. Темирханова². Т.ғ.д., профессор. М. Қозыбаев ат. СҚМУ. ² PhD докторант. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ. Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(22) сәуір-маусым 2020

Тегтер: этнос, облыс, Қазақстан, Солтүстік, Петропавл, қала, сөздер:, Түйін, ұлт, мемлекет, ғасыр, қазақ, тұрғын.
Аңдатпа:
Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдан бастап Петропавл қаласының дамуы, этникалық құрамы және әлеуметтік құрылымы жан-жақты зерттелген. XIX ғасырдағы Петропавл қаласының этникалық құрамы және құрылымы, әлеуметтік топтары анықталып, тарихи дереккөздермен көрсетілген. Сондай-ақ мақалада ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Солтүстік Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің қоныстану қарқыны мен олардың ұлттық құрамға тигізген әсері жан-жақты қарастырылған. Бұл ретте демографиялық үрдістердің ішінде халықтың көші-қоны маңызды орын алатыны белгілі. Өйткені көші-қон салдарынан қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алады. Осыған орай, көші-қонды тудыратын негізгі факторлар мен көші-қон салдарларын анықтау қажет. Этникалық диаспоралардың қалыптасуы мен орналастырылуы Солтүстік аймақта Кеңес үкіметі тұсында да жалғасын тапқан. Түрлі этникалық топтардың өлкеде кең көлемде пайда болуына көші-қон, депортация сынды факторлар әсер етті.
Мазмұны:

Кіріспе. Бүгінгі таңда Петропавл қаласының XX ғасырдағы  тарихын жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеу жолға қойылған. 1752 жылдан бастап патша өкіметі «Жаңа Есіл» (орысша «Новоишимская линия. – авт.) немесе «Ащы-тұщы көлдер» («Пресногорьковская линия» – авт.) шептерін тарту арқылы Солтүстік Қазақстан жерлерін отарлауға жедел түрде кірісіп кеткен еді. XVIII-XIX ғасырлар аралығында патшалық Ресей Батыс Сібірден бастап қазіргі Солтүстік Қазақстан аймағындағы Орта жүз қазақтарының жерлеріне жылжыған болатын.

XIX ғасырдағы Ресей өкіметінің қазақ даласына жасалған отаршылдық саясатының айқын көрінісіне баға беруге негіз болды. XX ғасырдағы қазақ зиялы қауымының қазақ халқының мүддесі үшін күрескені туралы және патшалық Ресей мен большевиктердің қазақ халқына тікелей жасалған саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани отарлау саясатын жүргізгенін жан-жақты анықтауға жол ашты.

Ресей мен Петропавл бекінісі арасындағы экономикалық байланыстары қазақ-орыс қатынастарының жаңа деңгейге шығуына ықпал етті. Ресейдің отарлау саясатының қадамдары халықтың сауда-саттықпен айналысуына да әсерін тигізді. Осыған орай, Петропавл бекінісі Солтүстік Қазақстан аймағындағы ірі сауда орталығына айнала бастады.

Ресей империясы 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы» Жарлық шығарғаннан кейін Петропавл қаласының этникалық құрамы күрт өзгере бастады. Алғашында бекініс әскери адамдар мен орыс, шетел көпестерінен құралған еді. Кейін патша өкіметі Ресейдің еуропалық, орталық аймақтарынан Петропавл қаласына және Солтүстік өңірлерге орыс, татар, поляк, неміс секілді қоныстанушыларды орналастыра бастаған болатын.

Материалдар мен әдістері. Петропавл қаласының тарихын зерттеу нысаны етіп алған бұл тақырыпты талдау барысында тарих ғылымы қалыптастырған кейбір әдістер басшылыққа алынды. Олар құрылымдық, жүйелік, салыстырмалы, сараптамалық, диалектикалық таным тұрғысынан қаралды. Қазақ жүздерінің ертеден қоныс тепкен этникалық территориясын анықтауға, оқиғаларды дәлелдейтін материалдар аясында шет мемлекеттер архивтарынан алынған деректерді анықтау, сұрыптау және зерделеу арқылы аталған мәселе төңірегіндегі қарама-қайшылықтар өз мәресіне жетті.

Талдау. Патша өкіметінің Солтүстік Қазақстан жерінде әскери бекіністі салуының мақсаты және экономикалық, әлеуметтік қадамдары, Қазақ даласы арқылы Орта Азияға, Үндістанға баратын Кам сауда жолын өз бақылауында ұстау болатын. Сонымен қатар, аталмыш жұмыста авторлар қазақ жүздерінің этникалық территориясын көрсетуге тырысқан. Осыған орай, СҚМА және РФ Омбы облысының тарихи архивіндегі құжаттар мен отандық және Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі мәліметтер, Орта жүз қазақтарының этникалық территориясын нақты көрсетуге мүмкіндік берді.

Солтүстік Қазақстан жерінде патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізудің және бекініс салудың себептеріне сипаттама бере отырып, бұл бекіністер Ресейдің оңтүстік шекарасын қорғауға мүмкіншілік туғызып, қазақ даласына бағытталған саяси қадамдарын жүзеге асырды. Бекіністерде негізінен әскери орыс-казактары орналастырылды. Қазақтарға бекініс маңына көшіп-қонуға тыйым салынды.

Өркениеттік әдіснамалық бағытқа соңғы кезеңдегі жаңа ғылыми ой-пікірлермен тұжырымдарға М.Қ. Қозыбаев, Х.М. Әбжанов, К.Л. Есмағамбетов, М.Қ. Әбусейтова, Т.О. Омарбеков, Ж.О. Артықбаев, А.Ғ. Ибраева, А.Б. Шалғымбеков, Ж.Е. Жаппасов, С.З. Мәлікова және т.б. жетекші тарих, филолог, өлкетанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ұлттық, әлеуметтік, этникалық тарихқа қатысты, тарихи этнологиялық, тарихнамалық ұлттық деректерді зерттеу, талдау, пайдалануға қатысты тарихнамалық көзқарастарға және Қазақстан тарихына шолу жасаған шет мемлекет ғалымдарының еңбектеріндегі саяси, әлеуметтік экономикалық үдерістер жөніндегі тұжырымдарына, пікірлерге сүйендік.

Авторлар қауымы бүгінгі күні тарихшылардың деректерді жан-жақты пайдалану барысындағы қолжетімділігін негізге ала отырып, Петропавл қаласының тарихын жаңа қырынан зерделеуді жөн көріп отыр.

Зерттеу нәтижелері. Ресей империясы Қазақ даласына әскери шапқыншылығы арқылы XIX ғасырдан бастап, отарлауға толықтай кірісіп кетті. Кейбір авторлар Ресейдің осы бағытта ілгерілеп, ақыр аяғында Қазақстанды жаулап алуы бұл мемлекеттің сан ғасырлар бойы жүргізіп келген экспансиялық саясатының жалғасы деп есептейді.

Орыстар бірдіндеп қазақ даласының ішкерлей тереңдеп ене берді. Осыған орай Петропавл бекінісіне көптген қоныстанушылар еуропалық Ресей жағынан келе бастады. Олардың басты бөлігі славян өкілдері болды.

Қазақстанның солтүстік шекарасының ұзына бойында орыс-казактарға ені төрттен жеті мильге дейін ұланғайыр жер берілді. Патшалық Ресейдегі қатыгез саяси тәртіп орыс шаруаларының қазақ жерлеріне миграциясының туындауындағы ең басты тұрақты факторларының бірі болды. Орыс шаруалары қожайынынан құлдық жағдайымен шамалас тәуелділікте болды. Сондықтан көптеген орыс шаруалары еркіндіктің жоқтығы мен саяси езгінің ауыртпалығына төзе алмай, Шығыстағы өңірлерге қашып кетудің жолдарын іздестірді.

Ресей империясының батыс бөлігінен қазақ жерлеріне қоныс аударушылықтың тағы бір басты себебі, село тұрғындардың тығыз орналасуына байланысты болды. Өз ата-мекендерінен итермелеп шығарған күштермен қатар мигранттарға жаңа жерлердің тартымдылығы да әсер етті. Алыс жатқан Сібір мен Қазақстан шаруаларға Еуропалық Ресейдегі тәртіптен құтылудың бірден-бір жолы ретінде көрінді. Сондықтан Шығыстағы жатқан жерлерде толықтай еркін боламыз деген үміт қоныс аударушыларды алыс жолға жетеледі.

XIX ғасырдың бас кезінен патша өкіметі Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын белсенді түрде қолдауға көшті. Осы миграцияны бақылауға алу мақсатында өкімет шаруалар қоныстанатын жерлерді белгілей бастады. Сол себептен Қазақстан жеріне экспедиция жіберілді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан жерінде 36 млн., десятинаға жуық жер зерттеліп, оның 17 млн., десятина жер келімсектерге қиылып алған болатын (CҚОММ 158-қор, 1-т, 315-іс, 160 б.).

Орыс мемлекетінің Қазақ даласын жаулап алуының өзіндік себептері болды. 1822 жылдың 22 шілдесінде Ресей императоры Александрдің «Сібір қырғыздары» атты жарлығы шықты. Бұл жарлық Орта жүз қазақтарының даласын Ресей өкіметінің бодандығына өткізіп, осыған орай қазақ даласында жаңа басқару жүйесін енгізуді жария етті. бұрынРесейгеешқандай алым-салық төлеп көрмегенқазақтарғаендігі жерде жасақ, түтін салығы, жолсалығысияқты алым-салық түрлері көбейді, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатынкүйкеше бастады.

«Сібір қырғыздары туралы жарғының» ең басты міндеті Қазақстандағы тəуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын түгелдей Ресей империясының отарына айналдыру болды. Осы астарлы саясаттың мақсаты қазақ жерлерінде хандық билік жойылып, Қазақстанда сыртқы округтер ұйымдастыруды көздеді. Құрылған округтер басына «округтік приказдар» сайлап қойылды. Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Əрбір округтің қатаң межеленген жері болды. Болыстар 10-12 ауылдан тұрды, оларды жергілікті би-сұлтандар басқарып отырды. Əр ауылда 50-ден 70-ке дейін шаңырақ болды. Осыған орай, Қазақстанның солтүстік аймағындағы Орта жүз қазақтарының хандық билігі осы жарғы бойынша тоқтатылған еді (CҚОММ 158-қор, 1-т, 315-іс, 21 б.).

Патша өкіметі қалай да қазақтарды отырықшыға айналдыру іс-әрекеттерін жүргізіп отырған. Сондықтан отырықшылыққа көшкен адамдарға 15 десятинаға дейін жер беруге патша өкіметі тарапынан рұқсат етілді. Ресей үкіметі осы арқылы қазақтар жағынан барымтаны, ру-аралық қырқысуды жоюға тырысты.

Қабылданған реформалар Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің дамуы үшін оң алғышарттар туғызды. Алайда жүргізілген реформалар жергілікті қазақ халқына өзінің теріс әсерін тигізіп, қазақтар өз құқықтарынан айырылды. Патша өкіметінің бұған белгілі дəрежеде мүдделі болуын экономикалық факторлармен қоса, оның көшпелілер арасында өзінің саяси ықпалын нығайту ниеті еді.

Жаңа қабылданған ережелерге сәйкес қазақтардың сот ісін жүргізудің бұрынғы жүйесі қатаң өзгеріске ұшырады. Сот жүйесі тек империя тарапынан қаралды, мысалы, сатқындық, қарақшылық, кісі өлтіру, барымта, сондай-ақ жергілікті қазақтар жағынан патша өкіметіне қарсы бас көтеру жөніндегі бүкіл істі империяның əскери соты қарайтын болды. Сонымен қатар, жергілікті қазақтар жағынан шеп бойындағы бекініс, немесе қала тұрғындарына шабуыл жасап, үйлерін тонағаны жəне оларға 20 сом күмістен асатын мөлшерде материалдық шығын келтіргені үшін қатаң жазаға тартылатын болған.

Жергілікті ауқатты қазақтардың билеуші сұлтандары және орыс-казак әскери адамдарымен белгілі өңір гурбернаторларынан құралған шекара Комиссиясының азаматтық қылмыстық істері бойынша сот мүшелері болды. Кейін қазақ сұлтандары, билері осы соттың барлық маңызды сот-құқықтық мəселелерінен алынып тасталды. Осыдан бастап билер екінші дəрежелі істермен ғана айналысып, олардың қазақ қоғамындағы беделі төмендеп кетті.

Аталмыш реформа аясында Петропавл қаласында жергілікті қазақ халқымен қатар орыс, татар, поляк т.б қоныстаушыларға ағартушылық бағытында жағдайлар кеңейтілді, сауаттылықты кеңірек тарату көзделді.

Ресейдің 1822-1824 жылғы Жарғылары бүкілқазақ халқының дəстүрлі билік құрылымын жойып, əлеуметтік-саяси жəне шаруашылық өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізген еді (CҚОММ 158-қор, 1-т, 317-іс,30 б.).

Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-əкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік туды. Жаңа аумақтық құрылыс енгізіліп, бүкіл Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды. Реформа патшаның отаршылдық саясатына қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті.

Жаңа билікке қарсы болған қазақ жүздері, орыс басқыншыларына қарсы көтерілістер ұйымдастыра бастады. Әсіресе Абылай ханның немересі Кенесары бастаған көтеріліс (1837-1847 жж.) Орта жүз қазақтарының барлық даласын алып жатты.

1824 жылы генерал Капцевичтің бастауымен Карқаралы және Көкшетау округтерінің ашылуына байланысты жергілікті би-сұлтандар жағынан наразылық тудырды. Батыс Сібір басшыларына қазақ даласына басқа да округтер ашуына қиындата түсті. Осыған орай 1825 жылы Сібір қазақтары жарлығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдап, округтер құру уақытша тоқтатылды (Тайшыбай, 2011: 9 б.).

Қазақ даласының солтүстігімен шекаралас Сібір жеріне орыстар 1861 жылдан кейін жаппай қоныстана бастады, келген қоныстанушыларға қазақтар қарсылық көрсетті. Бұған себеп орыстар байырғы қазақ ру-тайпаларының жерлерін тартып алып қоныстанды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанды əскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің жүз жылдан астам уақытқа созылған отарлау саясатының салдары осы өлкенің барлық дерлік аумағы империя құрамына қосылуына əкеп соқты.

Аймақта Ресей позициясын нығайтудың басты жолдарының бірі – басқару жүйесіне өзгерістер енгізу болды. Метрополияның қарқынды дамып келе жатқан өнеркəсібі шикізат көздеріне, жұмысшы күшіне деген мұқтаждық күн сайын өсе түсті. Табиғи ресурстарға, малшаруашылығы шикізатына бай қазақ жері орыс кəсіпкерлерінің назарына көптен бері-ақ іліккен болатын. Алайда əр түрлі табиғи-географиялық жағдайлары бар көлемді аймақты игеру басқарушы топтардан əкімшілік-территориялық, сот жəне басқа өзгерістерді енгізуді талап етті.

1822-1824 жылдардағы реформалар отарлау үшін кеңістік ашып берді, бірақ мұндағы ғасырлар бойы сақталып келе жатқан басқару формаларын толығымен жоя алмады. Бұл міндеттерді XIX ғасырдың ортасында, қазақ жерлері түгелдей Ресей құрамына енгеннен кейін ғана шешу мүмкіндігі туды. Осы реформаны əзірлеу кезінде қалың қазақ халқының құқықтары ескерілмей келді.

Қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, ағартушы ғалым Ш. Уəлиханов қазақтардың материалдық жағдайын жақсартуға олардың құқықтарын қорғау реформаларын жүргізуді жақтап, Қазақстанда жергілікті қазақ халқы өзін-өзі басқару негізіндегі əкімшілік басқару жүйесін құруды енгізу қажет деген ұсыныс айтқан болатын. Алайда бұл ұсыныстар патша тарапынан қолдау таппай, қабылданбады. Бұл түсінікті жайт еді, патшалық Ресей барлық жаулап алған, отарына айналдырған елдерін өздері ғана басқаруды ұйғарған еді.

Патша өкіметі реформа жобасын жасауға қазақ өлкесінің ерекшеліктерін, мәдениетін, дәстүрін жақсы білетін орыс шығыстанушы ғалымдарын да қатыстырмады. XIX ғасырдың 60 жылдарындағы реформалардың басты мақсаты мыналар болатын:

1. Қазақстан жерін Ресей үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялау және қазақ даласын одан əрі отарлау үшін алғышарттар жасау;

2. әкімшілік басқаруды жеңілдету жəне қазақ халқына салық салу жүйесін жетілдіру мақсатымен нақты əкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау және оны дамыту;

3. жалпыимпериялық азаматтық жəне қылмыстық заңдарды қазақ даласына қолдану;

4. сот органдарынының байырғы халықтың қарсылығын неғұрлым икемді реттейтін жəне өзінің өткір жүзін олардың күресіне қарсы бағыттайтын жаңа құрылымын жасау.

Жаңа отаршылдық əкімшілік реформалары бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы үш генерал-губернаторлыққа, губерниялар мен облыстарға бөлу көзделді. Өз кезегінде облыстар уездерге бөлінді. Ақмола облысына – Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері кірді.

Ал 1867-1868 жылғы «Уақытша ережелер» даладағы сот жүйесіне де өзіндік өзгерістер енгізді. Қазақстанда Ресей империясының құқық жəне сот жүйелері болды. Сот жүйесінің жаңа органдары, əскери соттар, уездік соттар құрылды. Олар Ресей заңдары негізінде аса маңызды қылмыстық істерді қарастырып отырды. ХIХ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша үкіметі жалпы империялық соттарды енгізумен, олардың құзіретін кеңейтумен қатар, сот органы ретінде билер сотын сақтап қалуға ұмтылды. Сонымен бірге, патша үкіметі билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге жəне тарылтуға тырысып, бар күштерін салды.

1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелерде» қазақтар орналасқан барлық жер жəне «сол жердегі бар нəрсенің» бəрі патшалық Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

Мемлекеттік меншік деп жарияланған жерлер көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқының мерзімсіз қоғамдық пайдалануына берілді, сөйтіп қазақ жерлері орыс мемлекетінің қол астына өтті. Жаңа ережеге сəйкес барлық ормандар соның ішінде Қазақстанның солтүстік аймағындағы ормандар мен жайылымдар Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

Осы заң ережелерінің салдарынан қазақтар ормандарды, жайылымдарды пайдалану құқығынан мүлде айырылған болып шықты. Патшаның бұл іс-әрекеттеріне жергілікті қазақ халқы жағынан қатты наразылық туды.

Осы заңдарда пайдалы қазбалар кеніштерін пайдалануға байланысты мəселелер реттелді. 1867-1868 жылдардағы ережелерде жасаған қылмысы үшін қазақтарға əскери қылмыстық заңдар негізінде жауап беретін қылмыстардың тізбесі белгіленді. Бұл тізбеге мынадай қылмыстар енгізілді: сол кездегі мемлекеттік құрылысқа опасыздық жасау, өз тайпаластарын өкіметке қарсы қою, өкімет орындарына қарсы шығу, поштаға, қазыналық жəне əскери көліктерге шабуыл жасау, телеграф желілерін зақымдау, христиандарды жəне христиан дінін қабылдауға ниет білдірген адамдарды, лауазымды адамдарды өлтіру. Қазақстанның салық жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Біріншіден, түтін салығы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша халық ағарту, халыққа дəрігерлік көмек көрсету салаларына қатысты біраз шаралар қарастырылды (CҚОММ 158-қор, 1-т, 22-іс, 8 б.).

Уездік қалаларда бастауыш мектептер мен дəрігерлік пунктер ашылып, уездік дəрігерлер тағайындалды. Əкімшілік орталықтарда пошта бөлімдерінің ашылуы да маңызды рөл атқарды. ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстанда жаңа реформа жүзеге асырылып, ондағы əкімшілік құрылымға, салық жүйесіне жəне сот құрылымына біршама өзгерістер енгізілді. 1891 жылы «Далалық облыстарды басқару туралы ереже» қабылданды.

XIX ғасырда Қазақстанда орналасқан шағын бекіністер мен Петропавл өз бастауын әуелі орыстардың казак әскери бекінісінен алып, кейін қалаға айнала отырып, қала мәртебесін алды.

XIX ғасырдың басында Петропавл қаласының экономикалық сауда-саттық, саяси дамуының қарқыны өсе түсті. Бұған себеп болған қоныстаушылардың көптеп келуі, осаған орай Петропавлда өнеркәсіпті дамыту және жұмыс орындарын ашу мақсатында бірнеше зауыттар салына бастады. 1807 жылы паташа тарапынан қабылданған бірнеше реформаларға сай, Петропавл Тобыл гурберниясы құрамында қала болды (Черников, 1996).

Ал төменгі фордштадт 1808 жылы Сібір линелік казактар әскерінің құрылуы бекітілгеннен соң, соның құрамына кірді.

1824 жылы Омбы облысының құрамына еніп, Петропавл округы болып атана бастады. Омбы облысының басқару орталығы Петропавл қаласында орналастырылды. 1825 жылы Петропавл қаласында қалалық басқару жүйесі ұйымдастырылып, қалалық өмір басталып кетті. Осы жылы Петропавл қаласының тұрғыны шамамен 3 мың 495 адамды тұрды, көпшілігі орыс, украин ұлттары, олар әскери орыс-казактардың отбасын құрады. Сонымен қатар, поляк, татар, башқұрт та болды.

Петропавлда 700 жүзге жуық үй, сауда-саттық жүргізген көпестерге арналған қонақ үйлер және осы көпестердің 44 сауда дүңгіршектері жұмыс істеді.

Алайда Петропавл қала мәртебесіне ие болғанымен 1853 жылы басқа қалалармен салыстырғанда қала халқы санынан едәуір кем еді.

Қала тұрғындарының өсуін төмендегі тізімнен көреміз:

1803 ж. – 1100 астам

1825 ж.  – 3495

1834 ж.  – 3923

1851 ж.  – 6712

1860 ж. – 7340

1882 ж . – 10268

1893 ж. – 16653

1900 ж. – 21700 адам (Семенов, 2010).

Қалада алғашқыда негізіне әскери адамдар болса, кейіннен көпестер, саудагерлер, шаруалар мен әртүрлі чиндердің өкілдері басым болған.

Петропавлдың әлеуметтік құрамы 1868 жылғы мәліметтер негізінде төменгідей екен:

Дін иеле – 77 адам (0,9%)

Әскерилер – 1656 адам (18,9%)

Азаматтық қызметкерлер -266 адам (3,0%)

Дворян-шенеуліктер – 213 адам (2,4%)

Әртүрлі шенеуліктер – 1103 адам (11,6%)

Құрмет атағы бар азаматтар – 31 адам (0,4%)

Көпестер – 1017 адам (11,6%)

Мещандар – 2219 адам (25,4%)

Шаруалар – 1923 адам (22,0%)

Қазақтар – 145 адам (1,6%)

Жер аударылғандар – 102 адам (1,2%).

Қаланың ұлтық құрамында орыстар басым болған, 1834 жылы орыстар – 94 %, татарлар – 5%, қазақтар – 1%.

1834 жылы Петропавл қаласы біршама кеңейіп 18 көшеден, 9 қысқа көше, тастан қаланған 8 үй, ағаштан салынған 971 үй бой көтерді.

Қала халқының санының өсуіне байланысты және Солтүстік Қазақстан климатының қатаң болуы, еуропалық Ресейден келген қоныстанушыларға ауа-райы қолайсыз еді. Келген келімсектер түрлі ауруларға шалдықты.

Осы жылы Петропавл қаласы тұрғындарына арнап аурухана салынып, тері илейтін, 2 май өндеретін зауот, 12 ұста шебрханасы, 2 жел диірмені жұмыс жүргізді. Бұл қалада жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызды.

Зауыттардың алғашқы іргесі 1816 жылы қаланған, оған арқау болған Петропавл қаласына қоныс аударған ағайынды Большаковтар еді.

Петропавл қаласы Есілдің жағалауында орналасқандықтан көктем айларында өзен қатты тасып, қала жыл сайын су тасқынының астында қалып отырған.

Петропавл қаласының төменгі ой қаласында түрлі себептермен қазақ даласына қоныс аударған орыс шаруалар ғана тұрғын үй салу құқығына ие болды. Ал осы жердің заңды иелері қазақтар еді, тек бірен-саран бай, би-сұлтандары болмаса оларға үй салу түгілі қаланың маңында көшуге де тыйым салынған.

ХIХ ғасырдың 30 жылдары Ресейде мақтақағаз өнеркәсібі қатты даму үстінде болды Ресейдің басқа аймақтарымен салыстырған осы кәсіп алдыңғы орында тұруына байланысты Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жаңа қарқынға өрби түсті. Сұранысқа ие мақтақағаз өнімінің көп бөлігі қазақ даласына әкелініп, Петропавл қаласы арқылы керуендер Орта Азия елдеріне де тасымалданып отырған.

1833 жылы Петропавл қаласы арқылы матақағаз өнімі Ташкент, Бұхара қаларына жіберіліп, жалпы соммасы 2 106 534 рубльін құрады. Ал 1834 жылы матақағаз өнімінен жасалған бұйымдар 2 663 878 рубль болды. Петропавлдағы сауданың ең жоғарғы дәрежеде болғанын, осы тауар айналымынан көруге болады.

1830 жылдары Коншиннің мәлеметі бойынша сауда айналымы 7 млн рубль дейін жеткенін айтады. Петропавл саудасына Мәскеу, Қазан, Петербург секілді қалалардың аса ірі саудагерлері мен көпестері қазақ даласына ағылып келіп жатты.

Патша өкіметінің «Сібір қырғыздары Жарлығының» шығуына байланысты Сібір шебінде орналасқан әр түрлі дәрежедегі халықтардың сауда жасау ережесі қарастырылды. Оның ішінде Сібір орыс-казактарына Петропавл қаласында және шеп бойында сауда жасауға рұқсат берілген еді. 1803 жылдың 19 қазанындағы жарлыққа сай орыс-казактары шептің ішіне қарай өтіп, жергілікті қазақтар және Орта Азия саугерлерімен сауда-саттық жүргізуге рұқсат алды, алайда орыс казактары кеден, застава пунктері арқылы өту барысында тауарларын есепке кою талаптарын орындауға міндетті еді.

Петропавл қаласының құрылысы 1849 жылы өз қарқынын күшейте түсті, оған себеп болған осы жылдың мамыр айында қалада қатты өрт шығып, бірнеше ғимараттар от жалынына ұшырады, шамамен 435 үй мен 106 көпестік дүңгіршектер тауарларымен бірге жанып кетті. Шыққан өрт салдарынан қала тұрғындары, қатты зардап шекті. Көпестер жылдық табыстарынан айырылып, қала экономикасына қыруар шығын әкелді. Оның көлемі ақшасымен шаққанда 704976 рубльді құрады.

Петропавл қаласы орыстарға стратегиялық жағынан маңызды рөл атқаратын болғандықтан, патша өкіметі қаланы қалпына келтіру мақсатында және қалаға жәрдем ретінде, Ресей империясының басқа қалаларынан қаражат жинау көзделді.

1842 жылы Петропавл қаласының гербі бекітілді. Ол екі бөліктен тұрды, жоғарғы жақта Тобыл губерниясының гербі, ал төменгі жағында жүк тиеген түйені жетектеген қазақтың бейнесі болды. Мұндай гербті бекітуі қалада жергілікті халық өкілдерінің басым болуы, ірі сауда жолында ораналасқандықтан болу керек.

Басқа да қалалар сияқты Петропавлда да өзінің әкімшілік басқару органдары болды, мәселен, 1825 жылы қалалық Дума ұйымдастырылды. Ол қаланың шаруашылық мәселелерін шешті. Қала соты болды. Тәртіпті қадағалайтын қала полиция бөлімдері ашылды, оларға арнап арнайы тірек пунктері салынды. Қала көпестеріне салынған салықтан қала полициясына жалақы төлейтін.

Петропавл көпестері байып алған соң, Есіл, Ирбит сияқты қалалардың жәрмеңкесіне де белсене қатыса бастады. Әсіресе, Петропавл Есіл жәрмеңкесімен тығыз байланысы болды. 1845 жылы орыс көпестеріне шептің ішкі жағына шығуға рұқсат берілген соң, олар әрі қарай қазақ даласына кіре отырып, саудаларын жүргізді.

XIX ғасырдың ортасына дейін жергілікті қазақтармен көпестердің саудасы тек сауда айырбас орындарда жүргізілсе, осы уақыттан бастап қазақ ауылдарында Тайшыншакөл сияқты жәрмеңкелер тұрақты түрде жұмыс істеді.

Қала тұрғындарына тұрмыстық зат сатып алу үшін, саудагер көпестерге арналған қалалық сауда базарлары ашылды.

Солтүстік Қазақстан аймағына Ресейден қоныстанушылар ағылып келіп жатты. Мұндай үрдіс қала келбетінің өзгеруіне септігін тигізіп, егер ХҮІІІ ғасырда әскери бекініс кезеңінде өлкеде қазақ ұлтының саны басым болса, ХІХ ғасырда жаппай қоныс аудару салдарынан солтүстік аймаққа славян ұлт өкілдерінің басымдығы байқалды. Олар өздерімен бірге тілдерін, діндерін насихаттап, басқа халықтарға енгізуге тырысып отырған. Осыған орай, Қызылжар аймағында іргетасы қаланған Петропавл қаласында 1813-1815 жылдары орыс-казактарының әулие Петрге арналған тас шіркеуі салында.

1865-1870 жылдары Вознесенкий соборы, 1888 жылы орыс көпестердің қаражатына түрме шіркеулері бой көтере бастаған болатын.

Петропавл қаласынына татарлар да көптеп қоныстана бастады, олардың міндеті қазақ халқына араб ғаріпін үйретіп, молдалыққа оқыту болатын. Қалада медресе, мектеп, мешіттер бой көтерді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Петропавл қаласында түрлі жиналыс мәжіліс өткізу үшін 2 алаң болды.

Петропавл қаласының мұндай қарқынмен дамуына керуен жолдары торабында орналасқаны және сауда керуендерінің жиі келуіне байланысты болды.

XIX ғасырдың 70 жылдарында Петропавлда сауданың дамуы соншалықты, көптеген саудагерлер қаражаттарын сақтау үшін 1871 жылы қалады қоғамдық банктар бой көтерген еді. Банктің бастапқы капиталы 40 мың орыс рубльін құраған болатын. Келесі жылдың қаңтар айында банктің капиталы едуәр өсіп 48 мың 312 рубльді құрады.

Петропавл қаласында негізінен орыстар мен қазақтардың арасындағы  тері саудасы болғандықтан қалада тері өңдеу зауыттарының қарқыны дами түсті. Осы жылдары Петропавл қаласы басқа шекара бойында орналасқан қалалармен салыстырғында тері өңдеу жағынан алдынғы орында болды.

Зауыттар мен фабрикалардың және қызметшілердің саны

1 Кесте

Зауыттар мен фабрикалар

Зауыт пен фабрика саны

Қызметшілер

дің саны

Соммасы, мың. Рубль.

Тері илеу

8

132

332

Қой терісін илеу

6

33

26

Кірпіш өңдеу

17

39

1

Тоң май өндіру

10

50

201

Сабын өндеу

1

2

-

Желім өндеу

5

24

20

Барлығы

47

280

580

Кестеден байқап отырғанымыздай, Петропавл қаласында зауыттар неғұрлым көптеп салынып, зауыттан шыққан тауарлар ішкі рынокта пайдаланып және сыртқа шығарылды, соның ішінде, Орта Азия елдеріне жіберіліп отырған.

Өлкенің негізгі халқы жергілікті қазақтар, олар қалаға мал терісін, басқа да шаруаға жарайтын тауарлар әкелген. Ал көпестер негізінен қытай маталарын, жеміс-жидек, көкөніс, қолөнер бұйымдарын тасымалдайтын еді.

Бастапқыда Петропавлға казак әскерлерінің өкілдері келіп қоныстанса, кейін Ресейдің басқа да отарланған елдерінен халықтар келіп жатты. Мәселен, татарлар, поляктар, литвалықтар, башқұртарды былай қойғанда, тіпті қуынға ұшыраған адамдар жіберіліп отырған. Әсіресе поляк ұлтының өкілдері қуынға көптеп ілеккен еді. 1830-1868 поляктардың 50 ер және 52 әйел адамы қуғынға ұшырап, Қызылжар өңіріне жер аударылды. Бұдан байқайтынымыз, патша өкіметі өзіне қарсы шыққын ұлттар мен ұлыстарды қазақтардың солтүстік жерлеріне жіберіп отырды. Петропавл қаласының аумағы осы қоныстаушылардың келеуінен кеңейе берді.

Мәжбүрлеп әкелінген халықтарды қатаң бақылауға алып қадағалап отырған. Жергілікті полиция поляктар бүлік шығару мүмкін деген күдікпен оларды үнемі көзден таса қылмады.

Қаладағы шеп бойындағы бекіністерде айырбастау сауда орталығы үлкен жәрмеңкеге айнала бастады. Осылайша Петропавл маңындағы Тайыншакөлде үлкен сауда орталықтары ашылып, жәрмеңкеге орыс тауарларынан басқа қытай тауарлары көптеп әкелініп жатты.

XIX ғасырдың 60 жылдарында осы сауда жәрменкесінің айналымы 5 млн. рубльін құрады. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы сауданың дамуы, қазақ даласында, ауылдарда жәрмеңкелер ашылып мал саудасын қыздыра түсті. Бұл жәрмеңкеге Бұхар, Ташкент сияқты Орта Азия қалаларынан және Қытайдан саудагерлер жібек мата, түрлі әшекейлер мен бұйымдар ала келді.

Соынмен қатар, Қызылжар өңіріне нан өнімдері Поволжьеден Астрахан қаласы арқылы тасымалданып отырды. Қазақстан аймағында нан сауда орталықтары Петропавл, Семей қаларында орын алды.

Петропавл тұрғындарының көпшілігі Орта Азия тұрғындары мен жергілікті қазақ халықынан құралды. Атап айтқанда, Бұхара, Ташкент көпестері, орталық Ресейден ауып келген татарлар және мал саудасымен айналысқан қазақтар еді.

Петропавлда 1870 жылы қоғамдық басқарма ашылып, оның заңдық күші 1873 жылдан бастап іске қосылды.

1875 жылдан саудагерлерді және көпестерді, қала тұрғындарын  қадағалауға байланысты оларға төлқұжат беріп, тіркеуге алды.

Петропавлда өкіметке тиесілі бірнеше үйлер, қоғамдық ғимараттар ашылып, онда қалалық оқу орындары, ауруханалар мен полиция участкілері орналасты. Қаланың телеграфы және сауда-саттық жүргізу кішігірім орамдар жұмыс істеді.

Өкіметке тиесілі жер көлемі 9969 десятинаны құраған. Қаланың жалпы жер көлеміне келетін болсақ: егіндік жерлер 216 десятина, шабындық жер 1538 десятина, далалық жер 5256 десятинаны құраған.

Петропавл қаласында әйелдер гимназиясы және үш сыныпты училище іске қосылды. Сонымен қатар, жергілікті қазақ балаларына арналған мешіттің жанында мектептер болды. Ал аурухана қаланың көпестерінің қаражатына салынды.

1891 жылдың күзінде Ресей патшасының мұрагері Николай екінші Сібір орыс-казак шебі бойымен Орынбор губерниясына дейін жүріп өткен болатын. Ол осы өңірдегі саудаға көп мән бергендіктен ертеден қалыптасқан сауданы сақтап қалуды көздеген болатын. Алғашқы кезде тұрғын үйлер ағаштан салынған болса, кейін тастан қалаланған тұрғын үйлер бой көтерді.

Көптеген орыс шіркеулері, еврейлердің синогогасы, мұсылмандарға арналған мешіттердің ірге тастары қаланды. Училищелер саны өсе түсті, 13 оқу орынның 5 ер адамдарға, ал 4 әйел адамдарға арналды, 2 мектеп шіркеу ішінде және 2 мектеп станица құрамындағы оқу орындары және татар балаларына арналған 6 медресе ішіндегі мектертер ашылды.

Петропавл қаласының аумағында осы жылдары 50-ге жуық зауыт болды, бұл зауыттар негізінен мал шаруашылығының өнімдерін игеру мақсатында жұмыс істеді.

1895 жылы Сібір темір жолының салынуына орай Ресейдің еуропалық жағынан Петропавл қаласына орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты жалғасын тапты. Патша әкімшілігі оларды қалада жаңадан ашылған нысандарға орналастырды. 1893 жылдың өзінде ақ, қолөнер шеберлері 843 адам болды. Темір жолдың ашылуына дейін барлық қала тұрғындарының саны шамамен 4 мың 500 адамнан тұрды. Дегенмен, патша өкіметі орыс шаруаларына жер береміз деген уәделерінде тұрмағандықтан, олар қазақ жеріне келгенде көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Қысы суық, жазы ыстық болатын Солтүстік Қазақстанға үйрене алмағандықтан, шаруарлар басының амандығын ойлап колөнер кәсібін игеру жолына түсті.

Қорытынды. Түйіндей келе, Петропавлдың дамуына ХIХ ғасырдағы Ресейдің жүргізген реформаларынан сауда қатынастары дамып, өлке экономикасыжалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды. Орыс миграциясы 1860-шы жылдан бастау алып, 1896 жылдан қоныстанушылардың санының әлдеқайда өсуі байқалды. Бұл патшалық Ресейдің Қазақстанды түгелдей отарлау саясатының салдары еді.

ХIХ ғасырдың басында Ресей мен Қазақ хандықтары арасында айырбас сауда қарым-қатынастары өзіндік ерекше сипатқа ие болды. Патшалы Ресейдің отарлау саясаты, өлкенің шикізат көзін неғұрлым жанталаса игеруге кіріскен саясаты, капиталистік қатынастың да енуіне ықпалын тигізді.

Әдебиеттер мен деректер тізімі

CҚОММ 158-қор, 1-т, 315-іс, 160 б.

CҚОММ 158-қор, 1-т, 317-іс, 120 б.

Тайшыбай З.С. Қазақтың ханы Абылай: Дәуірі, өмірі мен қызметі. Т.2 –Алматы: Ел– шежіре, 2011. –640 б.

CҚОММ 158-қор, 1-т, 22-іс, 150 б.

Черников В.С. Крестьянскоя колонизация Северного Казахстана в конце XIX – начале XX в. и ее социально-экономические последствия: автореф. … канд. ист. наук. –Москва, 1966. –19 с.

Семенов А.И. Город Петропавловск за 200 лет (1752-1952 вв) Исторический очерк. –Петропавловск, 2010. –190 с.

References:

SQOMM 158-qor, 1-t, 315-is, 160 b.

SQOMM 158-qor, 1-t, 317-is, 120 b.

Taıshybaı Z.S. Qazaqtyń hany Abylaı: Dáýiri, ómiri men qyzmeti. T.2.– Almaty: El – shejire, 2011. 640 b.

SQOMM 158-qor, 1-t, 22-is, 150 b.

Chernıkov V.S. Kresánskoıa kolonızasıa Severnogo Kazahstana v konse XIX – nachale XX v. ı ee sosıalno-ekonomıcheskıe posledstvıa: avtoref. ... kand. ıst. naýk. –Moskva, 1966. 19 s.

Semenov A.I. Gorod Petropavlovsk za 200 let (1752-1952 vv) Istorıcheskıı ocherk. –Petropavlovsk, 2010. –190 s.

МРНТИ 03.20:03.09.31

СОЦИАЛЬНО-ЭТНИЧЕСКОЕ ПОЛОЖЕНИЕ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА В ХІХ ВЕКЕ

Г. Ибраева¹, А.С. Темирханова²

¹Доктор исторических наук, профессор. СКГУ им. М. Козыбаева.

г. Петропавловск, Казахстан.

²PhD докторант кафедры История Казахстана. ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

г. Нур-Султан, Казахстан.

Аннотация. В научной статье подробно рассматривается развитие, этнический состав и социальное  положение города Петропавловска в XIX веке. Этнический состав, социальная стратификация города Петропавловска в XIX веке характеризуются историческими источниками. Также, особое внимание уделено на темпы расселения других этнических групп в Северном Казахстане в начале XIX века и их влияние на местный этнический состав. В то же время известно, что миграция оказывет положительное и негативное влияние в демографических тенденциях в целом. Нужно отметить что миграция ведет к политическим, социально-экономическим изменениям в обществе. В связи с этим,авторы ставят перед собой задачу о необходимости выявления основных факторов оказавших влияние на миграционные процессы. Формирование и расселение этнических диаспор в северном регионе Казахстана продолжались и в советское время. Такие факторы, как миграция и депортация, способствовали широкому появлению различных этнических групп в регионе.

Ключевые слова: город, Петропавловск, Северный Казахстан, область, этнос, нация, государство, век, казах, житель.

IRSTI 03.20:03.09.31

SOCIO-ETHNIC SITUATION OF THE CITY OF PETROPAVLOVSK

IN THE XIX CENTURY

A.G. Ibraeva¹, A.S. Temirkhanova²

¹Doctor of History, Рrofessor. M. Kozybayev NKSU. Petropavlovsk, Kazakhstan.

²PhD student of the Department of History of Kazakhstan. L.N. Gumilyov ENU. Nur-Sultan, Kazakhstan.

Abstract.The article discusses in detail the development, ethnic composition and social structure of Petropavlovsk since the 19th century. The ethnic composition, structure and groups of the city of Petropavlovsk in the 19th century are determined and indicated by historical sources. The article also discusses the pace of resettlement of other ethnic groups in Northern Kazakhstan at the beginning of the 19th century and their impact on ethnic composition. At the same time, migration is known to play an important role in demographic trends. Because migration leads to political, socio-economic changes in society. In this regard, it is necessary to identify the main factors causing migration and the consequences of migration. The formation and resettlement of ethnic diasporas in the northern region continued under Soviet rule. Factors such as migration and deportation have contributed to the widespread emergence of various ethnic groups in the region.

Keywords: city, Petropavlovsk, Northern Kazakhstan, region, ethnic group, nation, state, century, Kazakh, resident.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 490

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер 1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) УДК 94 (574) : 316. 34 Қазақстандықтардың Украинаны азат ету жолындағы күресі мен ерліктері Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ Қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесі қарсаңындағы Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерi УДК 947.084 (574.2) ЭТНОЯЗЫКОВЫЕ ПРОЦЕССЫ В УСЛОВИЯХ ДВУЯЗЫЧИЯ В ПЕРИОД ЦЕЛИНЫ Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ҒТМАР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) 902/904 Ф. Х. АРСЛАНОВА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРТЕСАҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ АЛАШ ТАРИХЫ - ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫНДА: Жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың тарихи келбеті ӘОЖ 391.745/749 ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – «БЕТАШАР» САЛТЫ: САҚТАЛУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 929.52 АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ӘОЖ94(574) ҰЛТ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚУҒЫНДАЛУ ТАРИХЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫ-30 ЖЫЛДЫҢ БАСЫ) ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 94"04/14" ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЛАНЫҢ ОРНЫ ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАН-ӘЗЕРБАЙЖАН: ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Автордың мақалалары

ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ