Басты бет » Материалдар » ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ

А.Ғ. Ибраева¹, Ә.С. Темірханова². ¹Т.ғ.д., профессор. М. Қозыбаев ат. СҚМУ. PhD докторант. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (22) сәуір-маусым 2020

Тегтер: экспедиция, сауда, экономика, тарих, бекініс, Петропавл, сөздер:, Түйін, отарлау, империя, форпост, қала.
Аңдатпа:
Аңдатпа. Қазақ халқының тарихында зерттелуді қажет ететін тарихи кезеңдердің бірі ХVІІІ ғасыр – халқымыздың тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. Патша өкіметі қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Сібір, Оңтүстік Орал және Повольже шептеріндегі бекіністерді салуы, Ресейдің Қазақ даласын отарлау саясатының алғашқы қадамы еді. Алғашында орыстардың бірнеше әскери экспедициялары құралып, Қазақ даласына барлау жұмыстарын жүргізді. Ресей империясы Қазақ даласына жылжи отырып өз шекарасын кеңейтіп қана қоймай, Орта Азия елдерімен сауда-саттық орнату маңыздылығына үлкен мән берді. Сонымен бұл, Қазақ даласы арқылы өтетін керуен жолдарын өз қарамағында ұстауға арналған саяси қадамдары да болды. Ресей өкіметі осылайша әр түрлі бекіністер мен форпостарды қазақ даласында сала отырып, экономикалық және әлеуметтік қадамдарға негізделген саясатын қарудың күшімен отарына айналдыра бастады.
Мазмұны:

Кіріспе. Қазіргі кезде елімізде Отан тарихын зерделеуге айрықша маңыз беріліп отырылғаны мәлім. Соңғы жылдары Отан тарихының беймәлім тұстары ашыла бастады. Алыс, жақын шетелдердің архив және кітапхана қорлары ақтарылып, тарихымызға қатысты талай құнды дүниелер елімізге әкелініп, ғылыми айналымға қосылуда. Осылай тәуелсіздіктің арқасында тарихымыздың бұрын бұрмаланып айтылмай келген, зерделенбей жатқан тұстарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік туды.

Дегенмен, тарих ғылымындағы осындай жетістіктермен қатар, зерттелуі кенже қалған мәселелер де жоқ емес. Әсіресе, мұның өңірлер, ғылыми тілмен айтқанда, аймақтану мәселесіне тікелей қатысы бар. Қызылжар өңірінің тарихында да зерттеушілерді қызықтыратын тұстар баршылық. Бұл мақалада өңірдің этникалық және этногенез тарихына, дәлірек айтсақ, автохонды қазақ халқына қатысты мәселелерді сөз етпекпіз.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде шынайылық, тарихилық, жүйелік және салыстырмалы талдау қағидаттары басшылыққа алынды. Қазақстан тарихындағы қазақ-орыс қатынастарына байланысты еңбектері және деректік материалдар теориялық тұрғыдан талданып, сарапталды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің диалектикалық материалистік тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаларды зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдер арқылы шынайы көрсету қағидалары басшылыққа алынды. Сонымен қатар, жұмыста тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері, қазіргі тарих ғылымында қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы тың ой-тұжырымдар мен ұлттық тұрғыдан көзқарастар басшылыққа алынды.

Талдау. Өркениеттік әдіснамалық бағытқа соңғы кезеңдегі жаңа ғылыми ой-пікірлермен тұжырымдарға М.Қ. Қозыбаев, Х.М. Әбжанов, К.Л. Есмағамбетов, М.Қ. Әбусейтова, Т.О. Омарбеков, Ж.О. Артықбаев, А.Ғ. Ибраева, А.Б. Шалғымбеков, Ж.Е. Жаппасов, С.З. Мәлікова және т.б. жетекші тарих, филолог, өлкетанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ұлттық, әлеуметтік, этникалық тарихқа қатысты, тарихи этнологиялық, тарихнамалық ұлттық деректерді зерттеу, талдау, пайдалануға қатысты тарихнамалық көзқарастарға және Қазақстан тарихына шолу жасаған шет мемлекет ғалымдарының еңбектеріндегі саяси, әлеуметтік экономикалық үдерістер жөніндегі тұжырымдарына, пікірлерге сүйендік.

Зерттеу нәтижелері. XVIII ғасырдың басында Ресей империясы қазақ жерлеріне басқыншылық отарлау саясатын белсенді түрде бастап кетті. Қазақ даласында әскери шептер мен бекіністер салудың бастамасы А.М. Бекович-Черкасскийдің әскери экпедициясы Каспий арқылы Хиваға жол ашуы, И.Д. Бухгольцтің Ертіспен жылжыған экспедициялары 1716 жылы Жәмішев, Омбы бекіністерін, 1717 жылы Железин, 1718 жылы Семипалатинск жылы және И.М. Лихаревтің 1720 жылы Өскемен бекіністерінің негізін қалады. Осының салдарынан Орта жүз қазақтарының көші-қон дәстүрі бұзылып қана қоймай, Батыс Сібір мен Алтай жерлерінен шектеліп қалды. Ал 1730 жылдан бастап Қазақстанның солтүстік аймақтарының шекарасына Орынбор шебі тартыла бастады, ол Жайық жағалауындағы Орск бекінісінен бастап Үй және Тобыл өзеніне дейін созылды. Патша өкіметі тартылған шептің бойында бекіністер салып, оған әскери қызметке әскери адамдар мен казактарды орналастырды.

Сондай-ақ осы уақытта Батыс Сібірдің оңтүстігінде Есіл шебінің құрылыстары да жүріп жатқан болатын. Есіл шебі Тобыл өзенінен бастап Царево Городище (қазіргі Қорған қаласы - авт.) арқылы Коркинский острогы (қазіргі Есіл қаласы - авт.), Ертістегі Чернолуцкіге дейін (Омбы қаласының солтүстікке қарай 50 шақырым жерде). Бұл шептің бойында Звериноголова бекінісі, Абадский, Зудиловский, Большереченский, Каинский секілді бекіністердің іргетастары қаланды. Кейін Есіл шебі, 1752 жылы Жаңа Есіл шебін салу барысында, Ескі Есіл шебі деген атауға ие болды (Артықбаев, 2013: 31).

Бастапқы кезде патша өкіметі осы елді мекенге қарапайым орыс шаруаларын орналастырған еді. Кейін қоныстанушыларға қарсы болған жергілікті көшпелі халықтар шапқыншылық жасай бастады. Олардан қорғану үшін қалашықтың сыртын ормен қоршаған. Кейін бекіну тәсілін күшейту барысында, бұл жерге әскери адамдарды орналастырған болатын. Олардың келуімен ағаштан жасалған қоршаулар салынған. Тағы да басқа әр түрлі ұсақ-түйек құрылыстары бой көтерген.

XVIII ғасырда Ресей академиялық Орынбор экспедициясын басқарып келген Иоганн Фальк Петропавл бекінісін былайша сипаттайды: «Есілдің оң жақ жағалауындағы биік жарда орналасқан, аспалы көпірі бар. Бекініс Есіл шебін тоғыстырған орын. Жан жағынан қазылған, алтыбұрышты салынған қоршаулардан тұрды» делінген. Осындай бекініс салу тәсілін пайдала отырып, сол уақытта орыс казактары Тобылдың жоғарғы ағысында, Есіл өзені бойындағы жерлерді қазып бекіністер салды және жаңа жерлерде орыс шаруаларың селолары пайда бола бастады.

Ескі Есіл шебі Батыс Сібір жерінде негізінен ішкі және сыртқы бекіністер болып екіге бөлінген. Ол бірінші ішкі Тобыл, екіншісі шекаралық, соңғысы шеп бойындағы қоршай орналасқан орыс елді мекендері еді. Олардың арасындағы қарым-қатынастар арнайы әскери адамдардың командирі арқылы жүргізілді.

XVIII ғасырдың орта ширегінде Тобыл мен Ертіс арасындағы осы шепті Есіл шебі деп атады. Бұл жүйеге арнайы бекіну форпостары, орыстардың деревнясы және селолары кірді. Мұның барлағы көшпелі халықтардан қоғануға арналған бекіну формасы міндеттерін атқарып отырды. Селолық жерлерде әскери адамдардың болмауынан, шаруалар кез-келген тәсілдермен қорғануға мәжбүр болды. Патшалық Ресей осындай саяси тәсілдерді қолдана отырып отарлау бағытын сәтті түрде жүргізді.

Ескі Есіл шебінде келесі бекіністер мен форпостар бой көтерді: Утяцкий форпосты 5 зеңбірек, 131 адам, Иковский пункті 2 зеңбірек 40 адам, Верхсудский 2 зеңбірек, 53 адам, Емуртминский 1 зеңбірек, 87 адам, Устьцарский 81 адам, Лебяжье 35 адам, Нижнечерновский 148, Верхночерновский 71 адам, Верхноутяцкий 70 адам, Марковский 74 адам, Максимовский 71 адам, Маревский 67 адам, Арлагульский 46 адам, Верх-суерский 60 адам т.б., пунктер болды (СҚОММ. 158-қ, 1-т, 307-іс.). Осылайша қазақтар шептің бергі жағына ығысуға тура келді. Қазақтардың көші-қон дәстүрінің бұзылуына әсер етті. Шығыстағы Жоңғар мемлекетінің Қазақ даласына тоқтаусыз шапқыншылығы қазақ-жоңғар қарым-қатынасының шиеленісуіне әкелген еді. Осыған орай, Орта жүз қазақтары Жайық өзенінің жоғарғы ағысына, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендерінің төменгі ағысына орналасып, бекініп алған.

Қазақ даласы әр кезде көрші мемлекеттердің қызығушылығын тудыратын. Қазақ хандығының территориясы сол уақыттағы Ресей мен Қытай секілді екі ірі империяның объектісіне айналды. Осы екі мемлекеттердің саяси-экономикалық қақтығысуы және бұл аймақтарда билік жүргізу мақсатын көздеу салдарынан Қазақ жүздері стратегиялық маңызы бар жерлерден ығысуына мәжбүр болды. Бұл қазақтардың көші-қон дәстүрін бұзып қана қоймай, қазақ ру-тайпалары арасында және көрші көшпелі елдер мен сауда жолдары және жайылымдар үшін әскери қақтығыстарға алып келді.

Ресей мемлекетінің сыртқы саясатынан қауіптенген қазақ би-сұлтандары ішкі саяси жағдайды қалыпқа келтіріп, Ресей өкіметімен бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысты. Осылайша Қазақ жүздері арасындағы тартыстарды тоқтатып, экономикалық дамудың жолдары қарастырылды. Осы кезеңде Ресей мемлекеті, империя ретінде қалыптаса бастап өз территориясын қазақтардың ежелден мекендеген жерлерін отарлау арқылы кеңейтуді көздеген болатын. Ресей өкіметінің сыртқы экспансиясы көрші мемлекеттерге күшейе түсті. Олардың алға қойған мақсаттары Орта Азия елдерімен сауда-саттық орнатып және табиғи ресурстарға бай Қазақ даласын шикізат өндіру орталығына айналдыру еді. Сонымен бірге, Ресей геосаяси қызығушылығын өзінің қуаттылығымен шешімін табуға бағытталған қадамдар арқылы жүзеге асырды. Атап айтқанда, осы бір алпауыт мемлекетпен Қазақ хандығын салыстыруға болмайтын, патшалық Ресейдің әскери күші Қазақ хандағына қарағанда әлде қайда күшті еді. Заманауи от мылтықпен және ірі әскери күшке ие болған мемлекет бірінші кезде өз территорясын кеңейтуге бар күшін салуға тырысатынын байқау қиын емес.

Ресей өкіметінің әскери-саяси бағыттары негізінен Қазақ жүздері мекендеген жерлерге әскери форпост-бекініс құрылыстарын салудан басталды. Ресей мемлекеті Орталық Азия хандықтарымен сауда және дипломатикалық қарым-қатынастар орната отырып, Қазақ даласы арқылы Хиуа мен Бұхара хандықтарының қалалары арқылы транзиттік сауда жүргізуге тырысты.

Орта Азиядан шыққан сауда керуендері Қазақ даласы арқылы Самара, Қазан сияқты қалаларға бағыт алатын болды. Керуен жолдары Бұхарадан Сырдария, Түркістан, Сарысу, Ұлытау, Есілдің ағысымен Ертіске және Тобылға дейін баратын болғандықтан орыс мемлекеті бұл транзиттік сауда жолының дамуына үлкен қызығушылықпен қарап отырды. Ресей өкіметі Қазақ хандығының саяси жағдайымен және олардың көрші елдерімен қарым-қатынастарына терең үңіле отырып, үлкен мән берген (Ибраева, 2015: 36).

XVIII ғасырда қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі Ресей империясына тиімді еді және Орта Азияға сенімді қадам басуға үлкен мүмкіндік берді. Осылайша Ресей өкіметі Қазақ хандығымен қарым-қатынастарды күшейте беріп, бірнеше экспедициялар ұйымдастырған болатын.

Ресейліктердің басты мақсатының бірі Орта Азия және Үндістанмен сауда байланыстарын ашу, сонымен қатар, сауда жолдарының қауіпсіздігін күшейту еді. Қазақ даласы барлық Азия елдеріне апаратын қақпа ретінде саналды. Ресей Қазақ хандығын алғашқыда Орта Азия хандықтармен күресте одақтас ретінде пайдалану жоспарлаған еді.

XVIII ғасырдың басында Ресей патшасы I Петр оңтүстікке «қиыршық алтын» шығатын жерлерді іздеуге арнайы әскери экспедициялар жіберген. XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ-жоңғар соғысындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған оқиға орын алғандықтан қазақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүрді.

Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың бастауымен Кіші жүз қазақтары Жем, Жайық өзендерінен асып оң жақ жағалауға шығуға талпынды. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрт және қалмақтармен қақтығыстарға әкеп соққан еді. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Әбілқайыр хан Ресейге елшілік жіберген, алайда жіберген елшілігі нәтижесіз болды. Оған себеп орыс патшасы қарудың күшімен Орта Азияға Қазақ даласы арқылы өзінің позициясын бекітуді ойлады. Ресейдің Қазақ шекарасына жасаған алғашқы қадамдары аса сақтықпен жүргізілді. Сонымен қатар, қазақ, қалмақ, башқұрт ішкі қарама-қайшылықтарын пайдалануға, оларды бір-бірімен шабыстырып отыруға негізделген саяси қадамдары болды.

XVIII ғасырдың ортасында Ресейдің әскери шептері Жайық пен Ертіс өзендерінің оң жағалауларына табан тіреп, ал ғасырдың соңына қарай қазақ жерінің солтүстік шекарасына нақты бекіді.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ауыр жаугершілік заман болды, қазақ хандары егемендігін сақтап қалуға бар күштерін салды. Қазақ жеріне оңтүстіктен Қоқан, Хиуа хандықтары, шығысында Жоңғарлар мен Қытай қауіп төндіріп тұрса, батысында башқұрт, қалмақ тайпалары тыныштық бермеді. Мұны байқаған орыс патшалары, осы сәтті пайдаланып, қазақ жерлеріне біртіндеп ене берді. Осылайша қазақ халқына өзінің мемлекеттігін нығайту мүмкіндігі шектеле бастады. Ресейдің қазақ жерлеріне өз бекіністерін салудың негізінде, ұлы көші-қон жолдары осы ғасырдың ортасына қарай қазақ үшін жабылды. Ресей өкіметі қазақ жерлеріне біртіндеп енді және қазақ халқының ішкі істеріне араласуды өзіне мақсат тұтты.

XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ даласында жер мәселесі өрши түсті. Ол Ресей өкіметінің қазақ жерлерін отарлау саясатының белсенделігіне байланысты болатын. Сонымен қатар, қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қарым- қатынастарының шиеленісуінен Ресей мемлекеті Ертістің оң жағалауын түгелдей және Есіл, Тобыл өзенінің төменгі ағысындағы шұрайлы жерлерге орналаса бастаған болатын. Ресейдің бұл саясаты Қазақ хандарының наразылығын тудырып, қазақ-орыс қатынастары шиеленісіп кетті. Қазақтар орыс бекіністеріне жиі шабуыл жасап отырғандықтан, бұл қақтығыстар орыс өкіметін де алаңдата бастады.

1747 жылы Ресей сыртқы істер жөніндегі коллегиясы қазақтарға қатысты құпия жарлық шығарды. Жарлықта: «орыс көпестері қазақтарға қару-жарақ сатуға тыйым салынсын дей келе, қазақтар мен башқұрт және қалмақ арсындағы шиелістерге орыс үкіметін араластырмай, өз араларында шешілсін» - делінген (Толыбеков, 1971: 26). Сөйтіп, патша өкіметі көшпелі тайпаларды бір-біріне айдап салып, астарлы отарлау саясатын қазақ жерлеріне жүргізе берді. Қазақстанның солтүстік аймақтарына әскери экспедициялар ұйымдастырды.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К. Кириловтың (1689-1734 жж.) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайтуымен, осы елдер арасында сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады. 1734 жылдың 1 мамырыңда Сенат жарлығымен И.К. Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясын құрды. Экспедицияның мақсаты: Қазақстан, Башкирия, Қарақалпақстанның Оңтүстік аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи қазбаларын пайдалануға дайындық, -болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін бастан өткізген еді. Соны пайдаланған, Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері құйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекіністі сауда орталығы Орынбор (1735-1738 жж.) қаласының іргесі қаланды.

Хиуа, Бұхара, Ташкент бағытында орыстың сауда керуендері жүрді, қалаға қарай ағылған орыс көпестеріне үш жылға дейін алым-салық алынбайтын сауда жүргізуге (1735-1738 жж.) рұқсат етілді.

XVIII ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісіне – 770 шақырымға созылған Уйск шебі аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекіністен тұратын 540 шақырымға созылған – Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс - Сібір шебімен жалғастырды.

Алғашқы кезде қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның Батыс бөлігінде (Кіші жүзде), Солтүстік пен Шығыста (Орта жүзде). Бұл бөліктің барлығында да Ресейдің орыс-казак әскерлері бекініс шептер, яғни, қамалдар тұрғызды. С.Д. Асфендияровтың мәліметтері бойынша 1752 жылы әскери шеп Қазақстанды жартылай шеңбермен «Каспий жағалауларынан Ертістің жоғарғы ағысына дейін» қамтыды. Осы уақытқа «бірқатар жеңілдіктермен бөлінген жерлері» бар Орал, Сібір және Орынбор казак әскерлері құрылды. Казак әскерлеріне Кіші және Орта жүздерді Ресейдің вассалына айналдыру міндеті жүктелді. Оны іске асыруға түрлі амалдар жұмылдырған. Солардың бірі «қатал бағыт» деп аталып, мынадай әскери шаралар қарастырған: шекараның далаға ішкерлей енуі, шептерде бекіністердің құрылуы, Жайық, Тобыл, Ілек, Есіл, Ертіс және т.б. өзендердің бойында көшіп-қонуға тыйым салу.

XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы байланыстар туралы профессор Ж.Қ. Қасымбаев: «XVIII ғ. Ямышевск, Железнинск, Семей, Өскемен және т.б. бекіністердің салыну тарихын көптеген жылдарға созылған орыс-қазақ қарым-қатынасының дамуы және Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен жалғасып жатыр. Орыс мемлекеті сонау XV ғасырдың өзінде-ақ көрші Қазақ хандығына үлкен қызығушылықпен қараған. Оның өзі Ресей мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымен байланысты терең себептерге негізделді», – дейді. Ғалым одан әрі: «Көшім хандығының жойылуы және Ресейге Батыс Сібірдің, Қазан, Астраханның қосылуы, Сібір және Қазақ даласына баратын Кам сауда жолының құрылуы қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

Орыс мемлекеті Қазақстанға, әсіресе XVI ғасырдан бастап қызығушылық танытады. Өйткені, Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқаннан кейін Қазақ даласы арқылы Хиуа мен Бұхара орталықтарындағы қала қолөнершілерімен транзиттік сауда жүргізді.

XVI ғ. соңы XVII ғ. Қазақ даласы арқылы Бұхара мен Хиуадан Ресейге 44 елшілік және Ресейден 9 елшілік ортаазиялық хандықтарға өтеді. Оларда көп тауар мен адамдар болды. Орта Азиядан шыққан сауда керуендері Қазақ даласы арқылы Астрахан, Еділдің жоғарғы ағысымен Саратов, Самара, Қазан және т.б. орыс қалаларына 44 елшілік бағыт алады. Сонымен қатар, ол сауда керуендері Қазақ даласы арқылы Сібірге де – Бұхарадан Сырдария, Түркістан, Сарысу, Ұлытау, Есілдің жоғарғы ағысымен Ертіске, одан Тобылға дейін барды. Орыс мемлекеті бұл транзиттік сауданың дамуына қатты қызықты және ортаазиялық хандықтардың сауда керуендеріне, көпестерге Қазақ даласы арқылы өткенде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі үшін Қазақ хандығының саяси жағдайымен және олардың көрші елдермен қарым-қатынасына терең үңіле бастады» деген мәліметтер береді.

XVI ғ. екінші жартысында Мәскеу Қазанды (1552 ж.), Астраханды (1556 ж.) жаулап алғаннан кейін Сібірді отарлауға кірісті. Академик М.Қ. Қозыбаев орыс-қазақ қатынастарына байланысты былай деген «Мәскеу мемлекеті Қазақ еліне 1731 жылдан емес, 1580-ші жылдардан бастап шықты. Өйткені, Ермак жаулап алған Сібір хандығының халқы негізінен қыпшақ, арғын, найман, керей т.б., қазақ құрамында жүрген тайпалардан тұрды», – деп пікір білдірген еді.

Орыстардың Сібір жерін отарлаудың басты да негізгі себептерінің бірі, бұл Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аймақтарының табиғи ресурстарының байлығы және сауда жолдарына деген құштарлығы болды.

1581 жылы Ермак жасақтары Көшім хандығының астанасы Іскер қаласын жаулап алғаннан соң, Сібір жерінде орыстардың беделі тез арада өрби түсті. Қаланың қалдықтары қазіргі Тобольск қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан болатын. Алайда Ермактың жеңісінен кейін Мәскеу өкіметінің билігіне тек Сібір хандығы территориясының аз бөлігі өткен еді. Ермактың өлімінен соң Мәскеу мемлекеті Сібір алқабынан айырылып қала жаздады. Жылдар бойы жергілікті түркі ру-тайпалардан қорғануға тура келді. Орыстардың жақсы қаруланған әскеріне жергілікті халық айтарлықтай төтеп бере алмады. Сөйтіп Сібір хандығы жойылып, құрамындағы түркі тайпалар арғын, қерей, уақ, қыпшақ рулары Қазақстанның солтүстік аймақтарына ығыса бастады (Аспандияров, 1994: 30).

XVII-XVIII ғасырлардағы шекаралық мәселелер туралы сібір зерттеушісі Ремезов те бұл мәселені нақты былай деп атап өтті: «из Казачьи Орды приходили и воевали Тюкалинскую волость» (қазіргі Омбы облысының ауданы РФ).

1820 жылы орыс ғалымы Г. Спасский «Сибирский вестник» журналындағы мақаласында келтірілген мәліметіне назар аударсақ: «...при самом покорении Сибири Российским оружием, киргиз-кайсаки, или по тогдашнему названию Казачья Орда обитали во-первых, от реки Ишима, где ныне город сего имени до Тобола, где город Курган и до речки Тары... после того в начале XVIII столетия киргизы опять показались...» – деген қызықты мәліметті оқуға болады.

Қазақстанның солтүстік аймақтарымен Сібір жерлерінің бірқатар өңірлерінде ежелден бері қазақтың ру-тайпаларының көшіп-қонып жүрген атамекені екендігі, қазақ ауыз әдебиетіндегі жырау дастандарда жақсы сақталған. Солардың бірі XVIII ғасырда өмір сүрген Қожеберген жыраудың «Елім-ай» дастанынан үзінді келтіре отырып, қазақ жерінің территориясы сонау Сібір жерін де алып жатқаны туралы жыраланады. Ал, «Описания Средней Орды киргиз-кайсаков» атты еңбекте, XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген 1772 жылдың 1 қаңтарында Петропавл бекінісі гарнизонында қызмет атқарған және Сібір шебінің әскери басшысы А.Д. Скалонға қазақ терминдерін әзірлеуімен қатар алғашқы орыс-қазақ сөздігін құрастыруға ат салысқан капитан Иван Григорьевич Андреевтің мәліметін алатын болсақ былай делінеді: «Пределах или границах киргиз-кайсаков» атты еңбегінде мынадай өте бір қызықты мәлімет келтірілген: «...о древних границах сего народа по прохождению их с места на место, ясно доказать никак не можно...Здесь же за приличное сочтено, объявить известное, что границы сего народа, со времени взятия Сибири и по совершенном покорении татар от реки Ишима, где ныне город Ишим, на реку Тобол, где город Курган, и на реку впадающую Тар, где город Тара. Но в последующие времена, по учреждении и заведении Иртышской линии до крепости Устькаменогорской, отнесены так же и отграничены в 1752 году Новою линею от Звериноголовской через Тарскую, Ишимскую и Тобольскую дистанции на крепость Омскую, то сии киргизы или, по тогдашнему названию, Казачья Орда, отошли далее в степи».

Біздің бұдан байқайтынымыз, қазақтың ру-тайпалары және олардың ата-бабалары Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігін кем дегенде XIII ғасырдан бастап мекен еткен аймағының шекараларын анықтауға мүмкіншілік туды. Мұндай құнды мәліметті жаңа кезеңнің зерттеушілері келтіріп отыр. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі Сібір хандығы Қазақ хандығының бір бөлігі ретінде қарастырғанын аңғарамыз.

1771-1774 жылдары И. Фальктің және генерал-майор М. Траубенберг тапсырмаларымен қазақ даласына экспедиция жасаған грек көпесінің ұлы Христофор Барданес Қазақ хандығының этникалық территориясы туралы және қазақ жүздеріне cипаттама беріп, құнды ақпарат жинаған болатын. Автор қазақ даласын аралап жүріп, орыстардың атап жүрген «қырғыздары» немесе «қырғыз-қайсақ» деген халық өздерін «қазақ» деп атайтынын көрсетеді, сонымен қатар, қазақтар үш ордадан тұрады Кіші жүз, Орта және Ұлы жүзден. Қазақтар кең байтақ жері бар екендігін және шығысында Қытаймен, батысында Ресеймен шекаралас екендігі туралы айтылып, соның ішінде Орта жүз қазақтарының солтүстік жерлері Сібір губерниясына дейін созылып жатқаны жазған. Сонымен қатар, Жаңа Есіл шебі бойымен жүріп өтіп, осы маңдағы жер-су аттарын қазақша төл атауларымен атап, күнделіктерінде жазып қалдырғанын айта аламыз. Осы ғасырда өмір сүрген Петр Рычковтың да Орта жүз қазақтарының территориясы Сібір, Үй шебі бойына дейін екендігін байқауға болады. Бұдан көретініміз Қазақ хандығының шекарасы тек Қызылжар аймағымен шектеліп қалмағаны және Батыс Сібірдің басқа да жерлерін алып жатқанын байқаймыз.

Бұрын-соңды ғылыми айналымға түсе қоймаған алуан түрлі орыс энциклопедияларындағы деректерді талдай отырып, зерттеуші Мұхтар Құл-Мұхаммед «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» атты 1994 жылы жарық көрген еңбегінде қазақ-орыс байланыстарына қатысты деректер негізінде жаңа пікірлерге келеді. Автордың айтуынша кеңес өкіметі орнағанға дейін жазылған энциклопедиялары коммунистік идеология үстемдік еткен жылдарда негізінен буржуазиялық бағыттағы орыс ғалымдары шығарған деген желеумен көбінесе арнайы ғылыми зерттеулердің обьектісі бола алмағанын, ал бұл деректердің құндылығы жоғары екенін пайымдайды. Автор: «Біз бұл деректерді әлдекімдердің территориясына көз аларту үшін емес, тарихи шындықты констатациялау үшін келтіріп отырмыз», - дей келе, зерттеушілерді бір сәт орыс энциклопедияларына үңілуін ұсынады.

Мұнда автор «Қазақстан Ресейге бодан болар тұста осы күнгі Ресей құрамындағы Астрахан, Қорған, Омбы, Орынбор өлкесіндегі бірқатар жерлер Қазақ хандығының құрамында болатын», – дей келіп, мұны орыс энциклопедиялары арқылы дәлелдейді. Мәселен, «Үлкен энциклопедия» қазақтар «Есілдің жоғарғы ағысы, Тобыл, Ертістің бойындағы далаларды мекендеді», деп жазса, «Гранат» энциклопедиясында «Солтүстік Тұранның ұлан-байтақ даласында» тұрды деп атап көрсетеді. «Брокгауз-Ефронда»: олардың Астрахан, Верхнеурал, Челябі, Троицк уездерінде еркін көшіп-қонатынын да атап көрсеткен.

Ресей өкіметі осылайша әр түрлі бекіністер мен форпостарды қазақ даласында сала отырып, экономикалық және әлеуметтік қадамдарға негізделген саясатын қарудың күшімен отарына айналдыра бастады.

Петропавл бекінісі мен Ресей өкіметі арасындағы саяси және экономикалық байланыстар әсіресе Абылай ханның тұсында дамығандығын байқаймыз. «Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Абылай аңсаған азаттық» деген мақаласында: «Абылай Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген ұлан-ғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куә», – деді.

Абылай хан қазақты алмағайып заманнан аман алып шықты. Жаугершілік заманда ұлттың елдігін сақтады. Халықтың басын біріктіріп, бір тудың астына жинады. Ол өзінің ерлігі мен ақыл-парасатының арқасында ұлтты жойылып кетуден сақтап қалды. Абылай хан Қытай мемлекетімен бейбіт қарым-қатынасты өрбіте отырып, Ресеймен де қалыптасқан саяси-экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей патшалығы болса Қазақстандағы өз саясатын Абылайдың қолдауынсыз іске асыра алмайтынын мойындаған болатын. Абылай ханның өз еркімен елінің бірлігін және дербестігін сақтауға әрдайым дайын екенін патша өкіметі түсінді. Ресей өкіметі Абылайды өз ықпалына көндіре алмайтынын түсініп, Қазақстанды отарлаудың басқа жолдарын қарастырды. Сөйтіп, қазақ жеріндегі бекіністерге орыс-казактарды орналастыра бастады. Патша үкіметінің бұл іс-әрекетіне Абылай наразы болғанымен Ресеймен қарым-қатынасты тоқтатпай, жағдайды шиеленістіруге бармады. Абылай хан Ресеймен сауда-саттықты дамытуға аса мән берді. Көп ұзамай Орск, Ямышев, Троицкіде жәрмеңкелері ашылды. Абылай Ресеймен саяси-экономикалық қатынастарды өз пайдасына шешуді шебер пайдаланды. Осыған орай, Орта жүз қазақтарының би-сұлтандары мен батырлары Ресей өкіметіне Петропавл бекінісінің жанында қазақтарға арнап тұрақты және қыстауға болатын үй және мал тұратын сарайлар салып беруі туралы ұсыныстар білдірген.

1759 жылы Сібір шебінің генерал-майоры И.И. Веймарн Абылай ханмен кездесіп және келісім сөз жүргізіп, ханға арнап үй тұрғызу қарастырылады. Абылай ханның бұл өтінішін әскери коллегия қабыл алап, И.И. Веймарнға Абылай ханға инженер офицерді жіберсін, үй салу жерін белгілесін деп хат жолдайды. Мұндағы Ресей үкіметінің көздеген мақсаты Абылайға қысқы үй салып беріп, сол жерді қалашыққа айналдырып, орыс қоныстаушыларын көптеп әкелу еді.

1761 жылдың 25 тамызында Елизавета Петровнамен хат жазысып, келісім сәтті түрде өткеннен кейін Абылайға қысқы үй салу жоспары бекітілді. 1765 жылы Петропавл бекінісіне Абылай хан өзінің ұлы Бөрі сұлтан арқылы Сібір шебінің генерал-майоры П. Девицке хат жіберді. Бұл хатта Абылай өзіне қысқы тұрғын үй салу үшін 20 құрылысшыны жіберуді сұрайды.

1765 жылы жаз айында Петропавл бекінісіне қарама-қарсы Енқыстау деген жерде Абылайға арнап тұрғын үй салынды. Жаңа Сібір шебінің салынуымен осы өңірде сауда жүргізудің қажеттілігі туындаған еді. Жақын маңда орналасқан әскери горнизондар мен форпостар, редуттармен қатар, Есіл маңында қоныстаушы орыс шаруалары болды. Сонымен қатар, жергілікті Орта жүз қазақтары жағынан сауда-саттыққа қызығушылық таныта бастады. И. Крафттың сыртқы істер жөніндегі коллегиясына жазған хатында Орта жүз қазақтарының оған келіп көптеген жылқы әкеліп сауда жасауын сұраған делінген. И. Крафтың бұл өтінішіне коллегия Петропавл бекінісінде сауданың ұйымдастыру өтінішін қабыл алды. Жаңа шептегі қазақтар мен орыстардың саудасының дамуы мақсатында коллегия орыс саудагерлерін 5 жылға салықтан босату туралы ұсыныс қабылдайды.

Құлсары батырдың өтінішіне Петропавл бекінісінен қазақтар ұн, басқа да керек жарақты сатып алу үшін А.И. Тевкелев пен П.И. Рычков 1758 жылдың қазан айында Құлсары батырға Жаңа шеп командиріне орыс саудагерлерін Петропавл бекінісіне келуін ұйымдастыру туралы жарлық шыққанын хабарлайды. Бірақ 1758 жылы қазақтарға жоспарланған астық саудасы жүзеге аспай қалады. Осыған орай, Абылай хан 1759 жылдың күз айында Орынбор гурбернаторы А.Р. Давыдовқа Петропавл бекінісіне астық жіберуін сұрайды.

Петропавл бекінісіндегі жәрмеңке 1759 жылдың 2 желтоқсанда ашылған болатын. Сібір корпусының командирі Киндерман Құлсары батырға жазылған хатында: «Қазақтар әулие Петр бекінісінде сатовка (сауда) ұйымдастыруға және орыс саудагерлеріне сол бекініске келіп сауда жасау үшін рұқсат берілгенін» хабарлайды. Киндерман Құлсары батырға бұл хабарды Орта жүз қазақтарына жеткізуін сұрады. Осыған орай, Петропавл бекінісіндегі сауда-саттық аса қарқынды дамыды деп болжауға болады. Оған себеп болған бекіністің жағрапиялық орналасуымен қатар керуен жолы Ресей арқылы Батыс Сібірге, Орталық Қазақстанға және Орта Азияға шығуы еді.

1759 жылы Солтүстік Қазақстан аймағындағы Орта жүз және Абылай мен Құлсары батырға бағынышты қазақтар мал саудасын жүргізді. 1764-1767 жылдар аралығын жылқы саудасы екі есе өсті, қой саудасы үш есе, ірі қара саудасы бір жарым есе өскенін мына кестеден байқауға болады.

1764-1777 жылдар аралығындағы Петропавл бекінісінің Ресей мен мал сату айналым кестесі

1 Кесте

Жыл

Жылқы және құлындар саны

%

Қой және ешкі саны

%

Бұқа, сиыр және бұзаулар, саны

%

Барлығы

1764

651

35,3

498

27,1

694

37,6

1843

1765

865

42,0

459

(қойлар)

22,8

691

34,3

2015

1766

1514

43,5

839

24,1

1125

32,4

3478

1767

1346

35,7

1394

37,0

1028

27,3

3768

1768

553

34,6

472

(қойлар)

29,5

574

35,9

1599

1774

409

7,6

3648

68,1

1305

24,3

5362

1777

3052

26,6

4714

41,1

3697

32,3

11463

Барлығы

8390

28,4

12024

40,7

9114

30,9

29528

Бұл кестедегі мәліметтерге сүйене отырып Петропавл бекінісінің ірі сауда орталығы болғанын аңғару қиын емес. Басқа бекіністерге қарағанда Қызылжар жәрмеңкесі Орынбор сауда-орталығынан екі-үш есе артық болған. Петропавл бекінісінің сауда-саттық айналымы сол кездегі Кяхтадан кейінгі екінші орында тұрған.

Орта жүз қазақтарының кейбір аймақтарында 1767 жылы мал саны азайып жұтқа тап болып, құлдырап қалды. Сондықтан осы жылы Петропавл бекінісіне әкелінген тауарлар айналымы сәл төмендеп қалған болатын. Орта жүз қазақтарында әсіресе жылқы саны көп болғандықтан, Петропавл бекінісіндегі жылқы және қой саудасы, Орынбор кеден тіректеріндегі жазылған тізбектерінде Кіші жүз қазақтары саудасынынан кем түспеді. Жеті жыл ішінде (1764-1768, 1774-1777) жылдары Петропавл бекінісінде жылқы айырбастау саудасы 26,6 пайыздан 43,5 пайыз құраған болатын, 1774 жылы егер қой саудасы 22,8 пайыздан 68,1 пайызға өссе, жылқы саудасы 7,6 пайызға ғана ұлғайған. Орта жүз қазақтарының солтүстік өнірлерінде соның ішінде Петропавл бекінісінің аймағындағы шөп шабындықтарының дамуына байланысты ірі қара малдың да сауда-саттық айырбастауы қарқыны байқала бастады. Ірі қара саудасы 24,3 пайыздан 37,6 пайызға өсті. Осыған орай 1774 жылы Петропавл бекінісіндегі сауда-саттықтың басында қой, екінші ірі қара, ал үшінші орында жылқы саудасы болды.

Петропавлға Тобыл мен Есіл маңындағы қазақ ауылдарынан көптеген мал әкелінді. Тауар айналымы тек қана мал саудасынан тұрмай, сонымен қатар, қазақтар жәрмеңкеге көптеген аң терілерін әкелген, соның ішінде түлкі терісіне деген сұраныс көп болған. Бірінші кезекте түлкі терісі тұрса, екінші қой терісі, үшінші кезекте жылқы терісі болды. Алайда терілерге деген сұраныс жыл сайын өзгеріп отырған, мысалға алғанда 1764 және 1774 жылдары аралықтарында мал терісіне сұраныс көп болдығандықтан, аң терісі екінші орынға түсіп қалды.

1764-1777 жылдары Петропавл бекінісіне әкелінген мал және аң терілері шамамен екі есе өсті. Қазақтардың елтірі терісіне (мерлушка) Ресейден келген саудагерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып бұл тауарға деген сұраныс арта түсті. Атап айтқанда, 1774 жылы 1764 жылмен салыстырғанда қой және елтірі терісі 13 есе өсті, ірі қара, қой жүндерінен жасалған киіз, текемет сияқты тауарлардың саны елтірі терісіне қарағанда аз мөлшерді құрады, әсіресе, түйе жүніне сұраныс аз болды. Оған себеп Орта жүз қазақтарында түйе басы басқа мал санынан кем болатын. Сауда жасауға Петропавл бекінісіне жаз айларында Орта жүзден шамамен 500-600 қазақ өз тауарларын әкеліп отырған. Ал орыс тауарлары бекініске Тобыл, Тары, Қазан, Тула, Курск, Архангельск секілді қалалардан келген саудагерлер арқылы ағылып жатты. Осыған қарағанда Петропавл бекінісі мен Ресей арасындағы сауда-саттық айналымы сол ғасырдағы саяси-экономикалық байланыстарын да өрбітті.

1765 жылы Петропавл бекінісінде Тобылдан келген Дмитрий Захаров, Дмитрий Посников және Данила Шариев сияқты орыс көпестерінен құралған саудагер болды (Басин, Касымбаев, 1985: 322). Сонымен қатар, Орта Азияның ірі сауда орталығының бірі болған Бұхара қаласының Бака Бакшев, Сафаров, Шахназаров, Аслурей есімді көпестері Петропавл бекінісінде өз саудаларын жүргізді. Орыс көпестері Петропавл бекінісіне әкелген тауарлардың түрі Орынбор және Тройцкіге келіп түскен тауарлардан айырмашылығы жоқ болатын. Орыс саудагерлері бекініске кенеп, шұғадан жасалған маталар, темірден және болаттан құйылған және т.б., бұйымдар тасымалдады. Қазақтар жағынан әр түрлі түсті қызыл, жасыл шұға маталары сұранысқа ие болып жылқы басына айырбасталды.

Орыс көпестері Тобыл, Тройцк жәрмеңкесінде Қытай мен Орта Азия саудагерлерінен Бұхар матасы, Қытай маталарын сатып алып, осы тауарларды Петропавл бекінісіне әкеліп отырған. Мысалы, тауарлардың ішінде Ташкенттің мақтадан жасалған маталары және Қытай жібек маталары еді. Петропавл бекінісіндегі жәрмеңкеде, орыс шұға маталары 1763-1765 жылдары шамамен орташа алғанда, орыс ақшасымен санағанда қызыл шұғаның бағасы 46-дан 70 тиын, ал көк шұға - 90 тиынды құрайтын. Орыс көпестері бұл маталарды қазақ жылқыларына ғана айырбастап отырды.

Қазақтардың мал санының көптігі соншама олар кез келген тауарға жылқы, ірі қара, қой және түйе берген. Екі халық арасындағы сауда айналымы қос елге тиімді болғанымен орыс көпестері өз пайдаларына шешуге тырысты.

1765 жылдың кеден тізімдемесіне көз жүгіртетін болсақ Тобыл саудагері Петропавл бекінісінде 2 аршин көк шұға матасын бір жылқыға айырбастағаны туралы мәлімет бар, ақша бағасымен қарағанда 1 рубль 80 тиын. Ал Бұхар саудагері Аслурей болса 5 аршин кызыл шұға матасын қазақтарға 3 рубль 75 тиынға сатқан. Петропавл жәрмеңкесінде ірі қаранының саудасы қызу жүрген. Осыған орай, сол жылы тағы да бір Тобыл көпесі Д. Шаришев есімді саудагер қазақтардан 5 аршин кызыл шұға матасын жалпы соммасы 3 рубль 75 тиынды құрайтын, ол бір түлкі терісіне, бір жылқыға және бұға айырбастағаны жазылған. Түмен көпесі Иван Быков төрт бас ірі қара малды 10 аршин кызыл шұға матасына сатып алды, әр малдың бағасы 1 рубль 87 тиын, жалпы соммасы 7 рубль 50 тиын болды. Орта есеппен санағанда жылқы мен ірі қара бағасы шамамен 4 рубль 05 тиын болғанын көре аламыз (Касымбаев, 1986).

Бұдан байқайтынымыз орыс көпестеріне қазақтармен сауда жасаудың тиімді болғанын өз пайдасына шешіп көп қаражат әкелген. Орыс көпестері өз тауарларының өткізу және сату барысында басқа да жолдарын қарастырып отырған. Көпестер Петропавл бекінісіне келіп түскен тауарларды Орта жүздің солтүстігіндегі аймақтарда орналасқан қазақ ауылындарына сатуды ұйғарды. Абылай ханның генерал-поручик И.А. Деколонгқа 1775 жылдың қыркүйектің 28-ші күні жіберілген хатында «Қазан татарларының көпесі Ескендір қазақ ауылдарына барып сауда-саттық жасау ойы бар екенін хабарлап, оны жіберуін сұрады». Құлсары батырдың 1775 жылдың 10 шілде күні Деколонгке татар көпесі Адалов қазақ ауылдарында сауда жасауға берілген бұйрықтарды бұлжытпай орындағаны және Адаловты тағы бір мәрте жіберуін хабардар етті.

Орыс көпестерінің қазақ ауылдарына барып сауда жүгізіп, қомақты қаражатқа бөленгені соншалық, олар генерал-поручик Деколонгке қол хат жазып беріп рұқсат алды. Мысалы алғанда Омбы көпесі Алексей Пеньковский 1775-1776 жылдары өз қызметкерлерімен бірге қазақ ауылдарында сауда-саттық жасауға кеден тізбесіне тауар түрлерін енгізіп, қол хат жазған (Туманшин, 1960).

Алайда патшалық Ресей үкіметінің Қазақ хандарымен Петропавл бекінісіндегі сауда-саттықты пайдалана отырып, қазақ жерлеріне бағытталған астарлы саясаты болды. Орыс көпестері қазақ ауылдарына барып сауда-саттықты сылтау етіп, патша үкіметінен алған тыңшылық қызметтерін атқарған. Орта жүз қазақтарының көші-қон жерлерін белгілеп, соның ішінде Петропавл бекінісінің аймағын, қазақтар арасында болып жатқан жағдайларды патша үкіметіне баяндап отырған. Бұл тыңшылық жұмысты жүргізгендердің бірі-жоғарыда көрсетілген Пеньковский еді. Оның міндеті қазақтардың қолына түскен тұтқындарды Ресейге қайтару.

Патша үкіметі Петропавл бекінісіндегі саудаға үлкен мән берді. Осыған орай орыс туарлары көпестер арқылы қазақ даласына кіре берді.

1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Ол Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурғанимен келіссөз жүргізді. Орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Шоқан Уәлиханов: «1771 жылы хан сайландырып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын желеу етті», – деп жазды.

Абылайға жіберілген орыс офицері және аудармашыларына Абылай хан қатыгездік танытты. Бұл іс-әрекетіне Ресей тарапы наразы болғандықтан, Петропавл бекінісіндегі сауда айналымынан жылына Абылайға төленетін 300 рубль ақша беруін тоқтатты. Сөйтіп, Абылай хан қол астындағы қазақтардың бостандығын сақтап қалуға тырысты. Патша тыңшылары Абылайдың орыс мемлекетіне қастандық жасауы мүмкін екені туралы ұдайы баяндап отырған. Патшалық Ресейдің бұл іс-әрекеті Абылай ханға жүрмейтін түсінгендіктен Абылайдың қойған талаптарын орындауға мәжбүр болды.

Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа райы жазы ыстық, қысы суық болғандықтан 1788-1789 жылдардың қыс айларында Орта жүз қазақтары жұтқа тап болып шамамен 120 мың мал басы қырылып қалды. Осыған орай, 1790 жылдың күз айында қолда қалған мал басымен қазақ басшылары Сібір шебінің ішкі жағына шығып кетуге мүжбүр болды. 1789 жылы Сібір корпусының басшысы болып тағайындалған генерал-поручик Штрандман қазақ басшыларына қатаң шара қолданған. Оның осы іс-әрекетіне Уәли хан наразылық танытып патша үкіметінің корпусына хат жолдады. Патшаның жауабын тоспай Уәли хан Сібір шебінің бойында орналасқан фортпостарға шабуыл ұйымдастырды.

Қорытынды. Қорыта келгенде, Орта жүз қазақтары мен Ресей өкіметі арасындағы қақтығыстар, орыс генералдарының қазақтарға жасалған әрекеттерінен туындап тұрған. Осы себептерден жәрмеңкеге қазақтар жағынан мал тасымалы азая бастады. Бұл Ресей өкіметін алаңдатты, өйткені негізгі қаражат патша қазынасына қазақ арасындағы мал саудасынан түскен. Қазақстан Ресей арсындағы қақтығыстарды тоқтату үшін 1794 жылы Сібір шебінің Есіл аралық басшысы генерал-майор Боувер Орта жүз қазақтарына сауданы жалғастырып дамыту үшін өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, жаулық әрекетерді бәсеңдетуге көп үлесін қосты (Алдабергенов, 1990: 24).

Боувер Орта жүз қазақтарының жерлері арқылы өтетін сауда керуендеріне шапқыншылық жасауға жол бермеу үшін екі сот орынын ашуға Уәли ханға ұсыныс жасайды. Басты сот орыны Петропавл бекінісінде, ал екіншісі Уәли хан ордасында орналассын деген пікірін білдірді. Сонымен бірге аманат ретінде екі жақттың белгілі басшыларын Петропавл бекінісінде тұруға және сауданың дамуына байланысты жәрменкеге ірі көлемде мал басын жеткізушілерге, қазақ би сұлтандарына арнап бекіністің маңында қысқы үй, малдарға қоршаулар салып беру, екі жаққа да тиімді екендігі туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге, Боувер қазақтарға орыс шаруаларын жіберіп, шөп шабу әдістерін меңгеруге үйрететін айтты. Оның Орта жүз қазақтарына жасаған бұл ұсыныстарын П.И. Рычков пен Д.В. Волков жергілікті қазақтар мал шаруашылығымен жер өңдеу жұмыстарын игеру барысында ілгері дами отырып, Қазақтан мен Ресей арсындағы мал сауда-саттығын жоғары деңгейге жеткізеді деп ұғынды (Касымбаев, 1986: 136).

Керуен сауда жолдарын ірі саудагер көпестерге беру туралы мәселе көтеріле бастады. Бұған себепші болған грек көпесі Курбанов болатын, ол Орта жүз қазақтарымен сауда жасап жүріп, би-сұлтандардың сеніміне кірген. Курбанов Ресей үкіметінің қазынасына төлем жасай отырып, Петропавл бекінісінен шет мемлекеттерге керуен жіберуге кедергі болмауын және Ертіс шебіндегі бекіністерде еркін сауда жасау үшін, патша өкіметінен рұқсат алған.

Ресей өкіметімен жақсы қатынаста болған көпес Курбанов осы сәтті пайдалана отырып, патшадан Петропавл бекінісінің маңынан оған жайылым беруді сұрады. Ол жерге жылқы мен ірі қара мал өсіруді көздеді. Сонымен қатар Орта жүз қазақтарының би-сұлтандары жағына үлкен абыройға ие болу еді. Грек көпесі Курбанов Ресей өкіметі мен Ұлы жүз қазақтары арасындағы тоқтап қалған сауда-саттықты қалпына келтіріп, пайда табуды көздеген. Патша үкіметі бұл ұсыныстарды қарап Петропавл, Ертіс шебі бекінісіндегі және Орта Азияға баратын сауда керуендерін жіберуге рұқсат етті. Бұл іс-шаралар екі ел арасындағы саду-саттық қарым-қатынастарды дамыта түсуіне сенімді болатын. Патшалық Ресей барлық сауда жолдарын бақылауда ұстай алмау себебін байқаған, көпес Курбанов осы сәтті пайдаланып қазақ даласына көптеген тауар түрлерін әкеліп, қомақты қаражат түсірген.

Осылайша 18 ғасырдың екінші жартысында Петропавл бекінісі қазақ-орыс саяси және әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарының дамуының бел ортасынан орын алды.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Алдабергенов М.Н. Хозяйственное освоение Северного Казахстана в XIX в.: автореф. ... канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1990. – 24 с.

Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы: оқулық. – Астана: Фолиант, 2013. –360 б.

Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. –Алматы: САНАТ, 1994. – 119 б.

Басин В.Я., Касымбаев Ж.К. Верхнеиртышские крепости и упрочение русско-казахских политических отношений во второй половине XVIII в. Проблемы социально-экономического и этнодемографического развития городов Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1985. – C. 44-51.

Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері тарих толқынында: монография. – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015. – 34-76 б.

Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. – Алма-Ата, 1986. – 136 с.

Северо-Казахстанская область страницы летописи родного края.– Алматы: Казахстан. – 1993. – 379 б.

СҚОММ. 158-қ, 1-т, 307-іс.

Толыбеков C.Е. Кочевое общество казахов в XVII- начале XX века. (Политико-экономический анализ). –Алма-Ата: Наука АН КазССР, 1971. –633 с.

Туманшин К.М. История развития Петропавловска и его уезда: автореф. канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1960. – 24 с.

References:

Aldabergenov M.N. Hozyaistvennoe osvoenie Severnogo Kazakhstana v XIX v.: avtoref. ... kand. ist. nauk [Economic development of Northern Kazakhstan in the XIX century]. – Alma-Аtа, 1990. – 24 s.[in Russian]

Artykbayev G. Qazaqstan tarihy: okulyk [History of Kazakhstan: textbook]. – Astana: Folio, 2013. –360 P. [in Kazakh]

Aspendıarov S. Qazaqstan tarıhynyń ocherkteri. [Essays on the history of Kazakhstan] [in Kazakh].–Almaty, SANAT, 1994. –119 b.

Basin B.YA., Kasymbayev Zh.K. Verhneirtyshskie kreposti i uprochenie russko-kazakhskih politicheskih otnoshenii vo vtoroi polovine XVIII v. Problemy socialno-ekonomicheskogo i etnodemograficheskogo razvitiya gorodov Kazakhstana [Upper Irtysh fortresses and strengthening of Russian-Kazakh political relations in the second half of the XVIII century. Problems of socio-economic and ethnodemographic development of cities in Kazakhstan]. – Almaty: Nauka, 1985. – S. 44-51. [in Russian]

Ibraeva A.G. Qazaqstan mýzeıleri tarıh tolqynynda: monografıa [Museums of Kazakhstan in the flow of history: monograph.]. – Petropavl: M.Qozybaev atyndaǵy SQMÝ, 2015. – 34-76 b. [in Kazakh]

Kasymbayev Zh.K. Pod nadezhnuiu zachitu Rossii [Under the reliable protection of Russia]. – Alma-Ata, 1986. – 136 s. [in Russian]

Severo-Kazakhstanskaya oblast’ stranisy letopisi rodnogo kraya [North Kazakhstan region pages of the chronicle of the native land]. – Almaty: Qazaqstan. 1993. – 379 b. [in Russian]

SQOMM. 158-q, 1-t, 307-is.

Tolybekov C.E. Kochevoe obshestvo kazahov v XVII – nachale XX veka. (Polıtıko-ekonomıcheskıı analız). –Alma-Ata: Nauka AN KazSSR, 1971. –633 s. [Nomadic society of Kazakhs in the XVII-early XX century. (Political and economic analysis)] [in Russian]

Tumanshin K.M. Istoryia razvityia Petropavlovska i ego uezda: avtoref. kand. ist. nauk [History of development of Petropavlovsk and its uyezd: Cand.]. – Alma-Ata, 1960. – 24 s. [in Russian]

МРНТИ 03.20:03.09.21

ПОЛИТИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЕ ШАГИ РОССИЙСКОЙ ВЛАСТИ В СЕВЕРНОМ РЕГИОНЕ КАЗАХСТАНА В ХVIII ВЕКЕ

(на основе материалов по истории г. Петропавловска)

А.Г. Ибраева¹, А.С. Темирханова²

¹Доктор исторических наук, профессор. СКГУ им. М. Козыбаева.

г. Петропавловск, Казахстан. E-mail: akmaral1971@mail.ru

²PhD докторант кафедры История Казахстана. ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

г. Нур-Султан, Казахстан. E-mail: asema_sko@inbox.ru

Аннотация:Один из исторических периодов в истории казахского народа, который необходимо изучать,– XVIII век – это очень сложный период в истории нашего народа, который имеет много граней и секретов. Царское правительство стремилось усилить политический и административный контроль над торговлей с Китаем, Индией, Персией и другими азиатскими странами, которые долгое время были частью геостратегической зоны Российской империи. Царское правительство, осуществляя свой план по расширению своего политического влияния в Центральной Азии, стремилось максимизировать власть империи в юго-восточном регионе, что является основным средством влияния на европейские дела.

Строительство укреплений на границах Западной Сибири, Южного Урала и Поволжья в первой половине XVIII века явилось первым шагом российской политики колонизации казахских степей. Первоначально было сформировано несколько российских военных экспедиций для ведения разведки в казахских степях. Перемещаясь в казахские степи, Российская империя не только расширила свои границы, но и подчеркнула важность торговли с Центральной Азией. Таким образом, это был политический шаг по контролю над караванными путями через казахские степи. Таким образом, российское правительство начало насильственно колонизировать политику, основанную на экономических и социальных шагах, строя различные фортификационные сооружения и форпосты в казахских степях.

Ключевые слова: Петропавловск, крепость, история, экономика, торговля, экспедиция, колонизация, империя, форпост, город.

IRSTI 03.20:03.09.21

POLITICAL AND ECONOMIC STEPS OF THE RUSSIAN GOVERNMENT IN THE NORTHERN REGION OF KAZAKHSTAN

ХVIIICENTURY

(Based on the materials of Petropavlovsk history)

A.G. Ibraeva¹, A.S. Temirkhanova²

¹Doctor of History, Рrofessor. M. Kozybayev NKSU. Petropavlovsk, Kazakhstan.E-mail: akmaral1971@mail.ru

²PhD student of the Department of History of Kazakhstan. L.N. Gumilyov ENU. Nur-Sultan, Kazakhstan. E-mail: asema_sko@inbox.ru

Abstract: One of the historical periods in the history of the Kazakh people that needs to be studied – the XVIII century – is a very difficult period in the history of our people, which has many facets and secrets. The tsarist government sought to strengthen political and administrative control over trade with China, India, Persia, and other Asian countries that had long been part of the geostrategic zone of the Russian Empire. The tsarist government, implementing its plan to expand its political influence in Central Asia, sought to maximize the power of the Empire in the South-Eastern region, which is the main means of influencing European Affairs.

The construction of fortifications on the borders of Western Siberia, the southern Urals and the Volga region in the first half of the XVIII century was the first step of the Russian policy of colonization of the Kazakh steppes. Initially, several Russian military expeditions were formed to conduct reconnaissance in the Kazakh steppes. Moving to the Kazakh steppes, the Russian Empire not only expanded its borders, but also emphasized the importance of trade with Central Asia. Thus, it was a political step to control the caravan routes through the Kazakh steppes. Thus, the Russian government began to forcibly colonize a policy based on economic and social steps, building various fortifications and outposts in the Kazakh steppes.

Keywords: Petropavlovsk, fortress, history, economy, trade, expedition, colonization, Empire, Outpost, city.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 573

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Де-колонизация или ре-колонизация? Экономические взгляды Смагула Садвокасова ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ НОВЫЕ АРХИВНЫЕ МАТЕРИАЛЫ О СОБЫТИЯХ 1916 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж). ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ УДК 930.2: 94 (574) Материалы Сибирского комитет как источник изучения истории Казахстана в составе Российской империи ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке УДК 94(574) «1868/1917»:352.075 ВЫБОРНЫЕ (ВЫБОРЩИКИ) В КАЗАХСКИХ ВОЛОСТЯХ (ВТ. ПОЛ. XIX В. – НАЧ. ХХ В.): ФУНКЦИИ И СПЕЦИФИКА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ УДК 94(574) «20/30»:323.1 Понятие «советская империя» - новые теоретико-методологические подходы УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ӘОЖ 94 (574) ЕМБІ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ МҰНАЙ КӘСІПШІЛІКТЕРІ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС МРНТИ 03.20.00 ВЗАИМООТНОШЕНИЯ МЕТРОПОЛИИ И КОЛОНИИ В КОНТЕКСТЕ ПОЛИТИКИ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ МРНТИ: 03.20.00 ВНЕШНИЕ ФАКТОРЫ ПОЛИТИЧЕСКОГО КРИЗИСА В КАЗАХСКИХ СТЕПЯХ (вторая половина XVIII - начало XIX вв.) МРНТИ 03.23.55 ГЕНЕАЛОГИЯ ИДЕОЛОГИЧЕСКИХ АРХЕТИПОВ В ПАНТЕОНЕ ИСТОРИЧЕСКОЙ ПАМЯТИ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИТВАЛЫҚТАР МРНТИ 03.20.00 ОСНОВНЫЕ ПРЕДПОСЫЛКИ И ПРИЧИНЫ ПРИВЕДЕНИЯ КАЗАХОВ В РОССИЙСКОЕ ПОДДАНСТВО МРНТИ 03.23.55 ГЕНЕАЛОГИЯ ИДЕОЛОГИЧЕСКИХ АРХЕТИПОВ В ПАНТЕОНЕ ИСТОРИЧЕСКОЙ ПАМЯТИ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ ҒТАМР 13.09 ТҮРКІ ФОЛЬКОРЫНЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУВАЛЫҚТАР

Автордың мақалалары

ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ