Басты бет » Материалдар » ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы1

ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1 (21) қаңтар-ақпан 2020

Тегтер: үдеріс, тарихи, философия, тарихи, сабақтастық, сана, ұлттық, білім, тарихи, тарих, Қазақстан, сөздер:, Кілт, материалистік, көзқарас, жастар.
Аңдатпа:
Аңдатпа: Ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихына көз жүгіртер болсақ, оның көтерген жүгі ауыр болғандығын көреміз. Сан ғасырлар бойы қалыптасып, өмір сүріп келетін тарихи білім қазақ халқының тарихи ой-санасын айшықтап қана қоймай, қазақ халқының қоғамдық өміріне де тікелей әсерін тигізеді. Қазіргі кездегі әлемдегі барлық салалардағы жаһандық өзгерістер және Қазақстанның қоғамдық өміріндегі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды талап еткен тұста, өткен тарихымыздың рухани мұрасы мен тәжірибесінің сабақтастығының маңызы өте зор болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ тарихындағы тарихи білім тақырыбына қатысты мәселелерді қарастыру үшін, Еуропалық және Орта Азия философтары мен ғалымдарының «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына қатысты ғылыми еңбектеріне тарихи-философиялық талдау жасау қажеттігі туындауы әбден орынды. Тарихи білім жүйесінің мәселелерін тәжірибе арқылы шешу мүмкін емес. Оның алғышарттары мен бастауларын, тарихи білім сөзінің мағынасын, мәні мен мазмұнын бүтіндей ғылыми тұрғыдан тану қажет. Сондықтан мақалада тарихи білімге қатысты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тарихи білім ұғымына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың берген құнды және әр түрлі көзқарастары мен тұжырымдарына салыстырмалы талдау жасалып, мақалада жан-жақты қарастырылады.
Мазмұны:

МРНТИ 03.20.00

ВЗГЛЯДЫ НА ИСТОРИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ УЧЕНЫХ В ЕВРОПЕ: ИСТОРИКО-ФИЛОСОФСКИЙ АНАЛИЗ

Жылкышыбаева Карлыгаш Кайсановна1

1Кандидат исторических наук, доцент.

Казахский национальный женский педагогический университет.

Казахстан, Алматы. E-mail: karluwa1970@gmail.com

Аннотация: Если посмотреть на прошлую и настоящую историю казахского народа, жившего в великой степи, то увидим, что его время было тяжелым. Историческое образование, существующее на протяжении многих веков, не только отражает историческое мышление казахского народа, но и оказывает непосредственное влияние на общественную жизнь казахского народа. Духовное наследие и преемственность опыта нашей прошлой истории имеет огромное значение, когда глобальные изменения во всех сферах современного мира и изменения в общественной жизни Казахстана требуют, прежде всего, модернизации исторической системы образования.В этом контексте возникает необходимость рассмотреть историко-философский анализ научных трудов Европейских и Центрально-азиатских философов и ученых о понятиях «история» и «историческое образование».

Проблемы исторического образования не могут быть решены на опыте. Его предпосылки и происхождение, значение и содержание слова исторического образования должны быть признаны в целом с научной точки зрения. Поэтому, в статье рассматриваются проблемы исторического образования. А также в статьеприводятся сравнительный анализ взглядов и выводов, сделанных учеными, которые провели исследование концепции исторических знаний.

Ключевые слова: Казахстан, историческое образование, национальное самосознание, преемственность, историческая философия, исторический процесс, материалистический взгляд, молодежь.

IRSTI 03.20.00

VIEWS ON THE HISTORICAL EDUCATION OF SCIENTISTS IN EUROPE: A HISTORICAL-PHILOSOPHICAL ANALYSIS

Zhylkyshybayeva Karlygash Kaysanovna1

1Candidate of Historical Science, Associate Professor.

Kazakh National Women's Pedagogical University.

Kazakhstan, Almaty. E-mail:karluwa1970@gmail.com

Abstract:If you look at the past and present history of the Kazakh people, who lived in the great steppe, you will see that his burden was heavy. The historical education that has existed for many centuries, not only reflects the historical thinking of the Kazakh people, but also has a direct impact on the social life of the Kazakh people. The spiritual heritage and continuity of the experience of our past history is of great importance when global changes in all areas of the modern world and changes in the public life of Kazakhstan require, first of all, the modernization of the historical education system. In this context, it becomes necessary to consider the historical and philosophical analysis of the scientific works of European and Central Asian philosophers and scientists on the concepts of “history” and “historical education”.

The problems of historical education cannot be solved experimentally. Its background and origin, meaning and content of the word historical education should be recognized as a whole from a scientific point of view. Therefore, the article discusses the problems of historical education. And also the article provides a comparative analysis of the views and conclusions made by scientists who conducted a study of the concept of historical knowledge.

Key words: Kazakhstan, historical education, national identity, continuity, historical philosophy, historical process, materialistic view, bread.

Кіріспе. Тарих – адамзаттың өткені мен бүгіні, ақыл-ой қазынасы. Білім – қоғамның негізгі айнасы мен қозғаушы күші. Тарихи білім – қоғамдағы адамдардың тарихи санасы.

Ұлттық тарихи білім ұлттық сана арқылы келіп, қоғамда ұлттық сана арқылы сақталады. Ұлттық сана қашан да ел өмірінде тарихи сана негізінде қалыптасып, нығайып отырған. Тарихи сана адамның өз тарихын толық білуінен, дәстүрді иеленуден, мәдениетінің құндылықтарын игеруден және білімді болудан, адамгершіліктен шығады, ұлттық сана осы принцип арқылы адам бойында қалыптасады.

Қазақтың ұлттық тарихының тағылымын баяндайтын дүниелер өскелең ұрпақтың (жастардың) өзіндік санасын тәрбиелеудің тәсілі, осыдан шыққан дүние, сананы тарих өрісіне, ұлттық мүдде деңгейіне көтерудің тетігі, негізгі тәсілі және дұрыс жолы.

Сондықтан, еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, даму бағыттары анықталып, халқымыздың тарихи көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңда мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту, тарихи сананы қалыптастыру мақсатына жетудегі негізгі міндеттердің бірі – тарихи білімді зерделеу болып табылады.

«Қазақстан - 2050» Даму стратегиясында әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеттерін алға қойған. Қазақстан үшін елді жаңарту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, білімнің сапасымен анықталатыны белгілі (Назарбаев, 2012). Қазіргі әлемде қалыптасқан экономикалық-әлеуметтік және мәдени жағдайлар, адамның тарихи білімінің дамуындағы қайшылықтар, әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарынан қоғамдық өмірімізді кеңінен қамтыған рухани тежелу орын алуда. Осы мәселелер қазақ халқының тарихына, азаматтардың тарихи санасын қалыптастыру мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға, Қазақстандағы тарихи білімге қатысты зерттеулер аясын кеңейтуді талап етуде. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдағы адамдардың тарихи білімінің мәні мен маңызы, оның мазмұны мен құрылымы, қалыптасуының теориялық тұрғыда зерделенуі үшін ең алдымен тарихи білім ұғымына талдау жасалуы қажет. Сондықтан мақаладағы қарастырылатын мәселе өзекті болып табылады. Тарихи білім адамзат тағдырында шешуші рөл атқарады. Сондықтан қазіргі кездегі Қазақстанның білім үрдісіндегі отандық тарихты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі тарихи білімді дамыта отырып, шын тарихты меңгеру, ақтаңдақтардың бетін ашу, сыни тұрғыдан терең саралаудан өткізіп, жіберілген қате-кемшіліктерді анықтау.

«Халықтың ұлттық санасын тұншықтырып келген кешегі тоталитарлық жүйеге ұлттық тарихтың, халық тұтастығының қажеті жоқ. Ол ұлт мәселесін қолдан қиындатып, тарихи жадын жойып, бодандық психологияны орнықтыруға мүдделі. Өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды» (Назарбаев, 1998: 281),- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, сол халық жадын қайта жаңғыртуда бүкіл тарихшылар қауымы аянбай тер төгіп келеді.

Тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейінгі тарихи білімнің қайта өрлеуіне орай, қандай да болмасын қоғам өзінің болашағын ойлайтын болса өткенін таразылап, басынан кешкен тарихынан айтарлықтай сабақ алып отырады. Нақ осы тұрғыдан қарағанда өткеннің тарихи білімге қатысты әлемдік және отандық тәжірибелеріне айрықша ден қойып, оның іске жарамдыларын кәдеге асыра білу керек. Яғни, тарихи білімнің әлемдік және отандық қол жеткен жетістіктерін орнымен қолдану мәселелері де түбегейлі зерттеулер, түрлі сараптамалар мен талдауларды қажет етеді. Бұл да тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Әдістер. Тақырыпқа талдау жүргізу барысында негізгі материалдар ретінде Еуропалық философтар мен тарихшылардың, сондай-ақ Орта Азия және Орталық Азия ғалымдарының еңбектері зерделенді. Сонымен қатар тарихи білім тақырыбына зерттеу жұмыстарын жүргізген отандық ғалымдардың диссертациялары қолданылды. Осы тақырыпқа байланысты жарияланған мақалалар да қарастырылды.

Мақалада салыстырмалы-синтездік талдау, тарихи-философиялық талдау, герменевтикалық, обьективтілік, тарихи жүйелік және логикалық талдау әдістері қолданылды.

Талқылау. Жалпы тарих ғылымында тарихи білімнің қалыптасуы, негізгі бағыттары және дамуы ғылыми зерттеушілер тарапынан зерттеліп келеді. Мақаламызда тарихи білімге қатысты зерттеулер мен ғылыми еңбектер сараланып, талданды.

Әлемдегі тарихи білім, тарихи ұғымдар, тарих ғылымы тақырыбында зерделенген еңбектер қарастырылды. Шетелдің тарих философиясында XIX ғасырдың соңында Ф. Ницшенің, Г. Риккерттің, В. Дильтейдің, Г. Зиммельдің, Э. Трельчтің, М. Вебердің, К. Поппердің ғылыми еңбектері тарихи танымның мәні, тарихилық пен антитарихилық туралы тақырыптарға арналды. Герменевтикалық бағытта Э. Гуссерль, М. Хайдеггер, Г.Г. Гадамер, П. Рикердің жұмыстары жарық көрді. Тарихи үдерістің «болмысы», тарихтың мәні, әлеуметтік детерминизм мәселелері О. Шпенглердің, А. Тойнбидің, П. Сорокиннің, К. Ясперстің және т.б. іргелі еңбектерінің өзегін құрады. Р. Аронның, Б. Кроченің, Р.Дж. Коллингвудтың және т.б. зерттеулері тарихи өткенді зерттеудің логикалық-теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеді.

Тарих пен қоғамға деген жаңа көзқарастың тұжырымдамасын ұсынған. «Анналдардың» француздық мектебінің өкілдері М. Блок, Ле Февр, Ф. Бродель, Ж. Дюби, Ж. ле Гофф және басқалары тың тақырыптар көтеріп, «жаңа тарихи ғылымның» пайда болуына, тарихтың әдіснамасын анағұрлым терең зерттеуге, оның ұғымдық аппаратын пайымдауға, оның әлеуметтік философиялық астарларын зерделеуге үлкен ықпал етті.

Нәтижелер. Тарихи білім тақырыбы бүкіл әлемдік ғылыми мәселелердің бірі. Бұл мәселені жан-жақты ғылыми зерделеу үшін ең алдымен тарихи білім, тарихи ұғым туралы ғалымдар мен ойшылдардың тұжырымдары мен көзқарастарына талдау жасауымыз қажет. Тарихи білімнің пайда болуына дейін тарихи мәселелер мен оқиғалар әр елде халықтар арасында оқиғаны баяндау түрінде, аңыздар мен жырлар түрінде жеткендігі белгілі. Ежелгі грек және қытай тарихшыларының деректерінде тарихтың қарқынды дамуының кезеңдері айқын көрінді. Тарихи білім туралы алғашқы пікірталастар ХҮІІІ ғасырда Еуропадан бастау алған.

Тарих – жер бетіндегі әр халықтың өткенін зерделейтін ғылым. Тарих сөзі италиян тілінде «storia», француз тілінде «histoire», грек тілінде «storia», ағылшын тілінде де «story», қытай тілінде «历史(lì shǐ)», түрік тілінде «hıkaya», орыс тілінде «история», араб тілінде «исламға дейін хикая»» мағынасында қолданылған.

Тарихтың мақсаты әр халықтың, оның ішінде әр адамның тек қана өткенін ғана білу емес, адамның рухани жан дүниесін қалыптастыру болып табылады. Тарих бір орнында тұрмайды, ол үнемі даму үстінде болады. Барлық уақытта қоғам мен мемлекеттің дамуы азаматтардың рухани жан дүниесінің тазалығында болғандығын ұлы ойшыл ғалым әл-Фараби бекерге айтпаса керек. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес. Тек қана тарихи зерделеу арқылы ғана ұлттық рух, тарихи сана, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тарихи білім, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.

Тарих өткеннен сабақ алып, әлемде болып жатқан барлық оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен дұрыс көре білу қасиетін дамыта отырып, болашаққа дұрыс қадам жасауға, дұрыс шешімдер қабылдауға үйретеді, жәрдемдеседі. Тарих – табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы, адам баласының пайда болуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының, мәдениеттердің, өркениеттердің, жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс-әрекетінің жиынтығы, халқымыздың өткені, бүгіні және болашағы.

Тарих – болып өткен және түзетуге жатпайтын өткен уақыт ретінде бүкіл қайшылықтармен, қаһармандық және қайғылы беттермен қоса, қандай болса да нақ сондай, бүкіл алуан тірлігімен, тұтас күйінде қабылданады. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Өйткені қоғамдық ғылымдар қоғам тарихының түрлі қырлары мен астарларын зерттеп, оны танып – білуге өз септігін тигізеді. Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих алдына қойған мақсатымен және зерттеу тәсілімен ерекшеленеді. Түрлі оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы деректер жинау тарихи білімнің бір қыры. Бір бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттеген деректерді түсіну, теориялық тұрғыдан қорытындылау – тарих ғылымының екінші қыры. Тарих ғылымы өзіндік ұзақ даму жолынан өтті. Тарих ғылымы да қоғамның өткен дәуіріне сай басқа ғылымдар сияқты жеке бөлімдерге бөлініп жүйеленеді. Оның бірінші тобы жалпы тарих, алғашқы қауымдық қоғам, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа заман және қазіргі заман кезеңдеріне бөлінеді; екінші аралас тобына жеке ғылымдардың (жаратылыстану, әдебиет, философия, техника, мәдениет, экономика, әскери өнер, т.б.) тарихы жатады. Жалпы тарих жекелеген елдердің, халықтардың және аймақтардың да тарихы болып бөлінеді. (мыс: Азия және Африка елдерінің тарихы, Таяу Шығыс елдерінің тарихы, Орта Азия тарихы, Түрік халықтары тарихы, Араб елдерінің тарихы, Батыс және Оңтүстік славяндар тарихы). Әрбір елдің, халықтың тарихы өздері үшін Отан тарихы болып саналады. Тарих адамзаттың жаратылысынан ғана басталмай, әлемнің жаратылысынан бергі уақыт пен кеңістікте белгілі болған оқиғаларды қамтиды.

Яғни, тарихи үдерістерді – тарих, ал тарихпен айналысатын ғылымды «тарих ғылымы» немесе грек тілінде «историология» деп атаймыз. Тарих ғылымы туралы тарих «тарихнама» (историография) деп аталады. Тарих ғылымы археология, этнология, деректану, тарихнама, тарихи демография, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну тарих ғылымының дамуымен тығыз байланысты.

Бірақ тарихты зерттеумен историология ғана айналыспайды, тарихтың жалпы табиғатын, тарихи құбылыстардың мәнін, тарихи үдерістердің негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің мәнін ашумен айналысатын жалпы теория «тарих философиясы» немесе «историософия» деп аталады.

Тарих философиясы– тарихи үрдістерді бағалау мен талдау философиясын, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелерін, олардың жалпылама принциптерін, категорияларын және ұғымдарын зерттейді (Орысша-қазақша түсіндірме сөздік, 2006: 27).

Тарих философиясының міндеті – адамзаттың қайдан, қалай және қайда дамып бара жатқаны жайлы сұраққа жауап береді.

Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады: тарихтың мәні мен бағытталуы; қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері; тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері; тарихи процесс ілгерілеуінің критерийлері.

Тарих философиясы – тарихты жалпылық деңгейінде алады да зерттейді, сондықтан ол қандай жағдайда болмасын ғылым бөлімі ретіндегі тарихқа редукцияланбайды. Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның жалпылама заңдылықтары, ал сонымен бірге тарихи зерттеудің методологиясы.

«Философия тарихы» термині ең алдымен тек ХҮІІІ ғасырда Ф.М. Вольтердің 1975 жылы жарияланған «Тарих философиясы» еңбегінде енгізілгенімен, философиялық – тарихи идеялар тіпті көне заманнан туындай бастады. Адамзат тарихына қатысты философиялық көзқарастардың дамуы көптеген ғасырлар бойына – Конфуций мен Лао-Цзы, Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап өріс алды. Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен тарихи процестің теориялық қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың дәлелдемесін Ж.Ж. Руссо берді. Бірақ оған дейін Д. Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін «мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп ажыратты. Философиялық жүйенің дербес саласы ретінде оның қалыптасуы, қашан философия көпті немесе азды дін мен теологиядан эмансипацияланған жаңа дәуірде басталды. Ол И. Канттың, Ф.М. Вольтердің, М.Ж.де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Ф. Гегель мен К. Маркстің шығармашылығымен байланысты (Әлемдік философиялық мұра, 2007: 6-7).

Тарихи білім мәселесінің зерттелуі, яғни, шетелдік ғалымдар тарапынан зерделене бастауы, сол кезеңдегі тарихилық, тарихшылдық тарихи таным, болмыс, тарихтың мәні және тарихи сана идеяларының тоқырауға түсуіне байланысты туындады.

Тарих философиясы термині тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау бағыты және 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыты мағыналарына ие. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндіріледі. Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі тарих философиясының бастапқы нүктесі ретінде Георг Вильгелм Гегельдің «Тарих философиясы бойынша дәрістері» саналады. Философия мен тарихты біріктірген Г.В. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістері» еңбегінде идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух деп қарастырып, тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетеді (Гегель, 1993: 6-37).

Г.В. Гегель абсолютті идеяны біртұтас жаһандық ақыл және ол барлық заттардың мәні мен ішкі мазмұнын құрайды деп түсіндірді. Абсолюттік идея (жаһандық рух, жаһандық ақыл), оның ойынша, жасырын түрінде барлық табиғи, қоғамдық, рухани құбылыстардың жиынтығынан тұрады. Осы тұжырымдамаға сәйкес адамзаттың рухани мәдениетінің дамуы «жаһандық ақылдың» шығармашылық күштерінің біртіндеп танылуы деп түсіндіріледі. Ал индивид өзінің рухани дамуы барысында «жаһандық ақылдың» өзін-өзі тану сатыларын басынан кешіреді. «Заттардың сезіммен танылған белгілерін атаудан бастап, «абсолюттік білімге» жеткенге дейінгі кезеңді, яғни рухани даму процесін іштей басқаратын заңдар мен формаларды» танығанға дейінгі кезеңді басынан өткереді». Болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі ұстанымы Гегельдің теориялық жүйесіндегі басты ұстаным. Оның мәні мынада: «логикалық тарихилықтың алғышарты» болып табылады. Басқаша айтқанда, тарихи процестің мәнін ол процесс өзінің барлық даму сатыларынан өтіп, дамудың жоғары шегіне жеткен кезде ғана ұғуға болады. Тарихи процесс өзінің дамуының ең жоғары шегіне жеткенде ғана мәнділігін танытады. Оның даму логикасы идеясына, өзін-өзі іске асыру үшін орындалатын тарихи процеске байланысты. Демек, логиканың заңдары табиғат пен тарихи процеске тән болып келеді. Сол себепті Г.В. Гегель әлемдегі процестердің барлығы ақылға сыйымды, логикасы бар және төменнен жоғары қарай дамиды деді: «Дүние ақылға сыйымды, ақылға қонымды нәрсенің барлығы ерте ме, кеш пе шындыққа айналады». «Логика ғылымында» Г.В. Гегель абсолюттік идеяны «ойдың анықтауышы» және әлемді өзінің түсінігімен құратын күш деп түсіндіреді. «Табиғат философиясы» еңбегінде осы тұжырымдаманы дамыта келіп, табиғат болмысындағы «заттарды бір-бірінен ажырату» қалай жүзеге асатынын көрсетеді. Г.В. Гегель философия тарихын «абсолюттік рухтың» өзін-өзі тану тарихы деп атайды (В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева, 2011: 141-143).

Ал, рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Оны ашқан Ф.М. Вольтер болатын. Ф.М. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды.

Ағарту дәуірінде тарихтың мәні мен мақсатына тән көзқарас дамытуға үлес қосқандар арасында ұлы неміс философтары И.Г. Гердер мен И. Кантты атауға болады.

Неміс ойшылы К. Маркс материализм идеясын қалыптастырып, тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Тарихи материализм бойынша әлем, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып білуге болатынын дәлелдейді. Материализмде материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой –материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт болып табылады.

К. Маркс пікірінше, адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихының негізін қалаушы және орындаушысы. «Адамзаттың дамуы мен тарихын ұғынудың кілті өндірістік қызмет, еңбек дегенді кесіп айтқан. Саяси, философиялық немесе діни идеялар мен ұғымдар екінші кезекте келетін нәрсе. Тарих кездейсоқтық нәтижесі. Ұлы адамдар қарекетінің немесе жаратылыстан тыс күштер ықпалының жемісі емес, табысы» (Маркс, 1988: 78) деп жазған. К. Маркстің айтуы бойынша адамдар ғылыммен, саясатпен, дінмен, философиямен айналыспас бұрын, ішіп-жеуі, киінуі, баспанасы болуы керек, ал мұның бәрі еңбектің нәтижесі деген қорытынды жасаған. К. Маркс пен Ф. Энгелстің тарихты материалистік тұрғыдан түсіну теориясы – адамзат тарихында материалдық құндылықтардың шешуші рөл атқаратын басты фактор екендігін дəлелдеді. Олар – «Сананы тұрмыс билейді» – деген қағиданы ұсынды. К. Маркс бұл қағиданы былайша түсіндірді: «Адамдар өз өмірінде, қоғамдық қатынас барысында, өзінің еркінен тыс, бірақ қажетті қатынастарға, өндірістік қатынастарға түседі жəне ол қатынас өндіргіш күштердің белгілі бір даму сатысына сай келеді. Бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымын құрайды. Ол қоғамдық құрылыстың базисі, негізі. Материалдық өндіріс өзіне лайықты əлеуметтік, саяси, рухани процестерді қалыптастырады. Тұрмысты сана билемейді, керісінше, тұрмыс сананы билейді»,- деді (Маркс, 1988: 79). Марксизмде «тарихилық» термині өзгеріске ұшырап, «тарихшылдық» атауына ие болады. Тарихшылдық уақыт аралығында өзгеріп дамып тұратын болмысқа қатысты көзқарасқа негізделеді (Маркс, Энгельс, 1959: 3-18) деген ойларын дамытты.

Ұлы ғалым Г. Риккерт тарих философиясына: «Егер жекелеген тарихи ғылымдар тарихи өмірдің ерекше салаларымен айналысса, ал тарих философиясының міндеті олардың қол жеткізген нәтижелерін жинау, оларды тұтастай, құрылымды бір кескінге біріктіру, бүкіл тарихи өмірдің жалпы шолуын беру болып табылады» деп анықтама берген (Риккерт, 2007:12).

Тарих философиясы ойшылдың тілімен айтқанда: «Тарих философиясы – бүгінгінің туындысы, көптеген басқалар сияқты ХҮІІІ ғасырдың нәрестесі» (Трельч, 2007:87).

Ұлы ошылдар Ф. Ницшенің (Ницше,1990), В. Виндельбандтың (Виндельбанд, 1995), Г. Риккерттің (Риккерт, 2007: 12-55), В. Дильтейдің (Дильтей, 2000), Г. Зиммельдің (Зиммель, 2007: 57), Э.Трельчтің (Риккерт, 2007: 79-103), М. Вебердің, К. Поппердің (Поппер, 2005) жұмыстары тарихи білім мәселелерін қарастырды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш В. Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Тарихи білімнің мәселелерін К. Ясперс (К. Ясперс, 1991) талдаса, П. Сорокин, О. Шпенглер (Шпенглер, 1993) мен А.Дж.Тойнби (Тойнби, 2001) ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызып, тарихи болмысты мәдениет ұғымына енгізді және тарих философиясы бағытын Б. Крочен, Р.Дж. Коллингвуд мәдени дәстүрлер аясындағы сабақтастықтың диалектикалық байланыстарына назар аударды. Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). Ғалым Р. Арон өзінің «Тарих философиясы» деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді. Р. Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты. Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады (Есіркепова, 2008: 23),- деп жазды.

Тарихтың әдіснамалық құрылымын, күнделікті тарихи оқиғалар мен әдет-ғұрып, сал-дәстүрін және т.б. зерттеген «Анналдар» француздық мектебінің өкілдері М. Блок, Ле Февр, Ф. Бродель, Ж. Дюби, Жак Ле Гофф және басқалары тарих және қоғамға жаңа көзқарастар ұсынып, жаңа тарихи бағыттарды зерделеуге үлкен ықпал етті.

Тарихтың бар екендігі ешқандай күмән туғызбайды. Бірақ әр кезеңде әр ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерінде әртүрлі тұжырымдар жасаған.

Тарихты танудағы ақиқат, тарихтағы обьективтілік пен субьективтілік (дәйектілік пен дәйексіздік), тарихшы кәсібі және тарихтағы шынайылық, философиялық субьективтілік, интерсубьективтілік саласы туралы мәселелерді терең зерттеумен айналысқан француз философы, феноменологиялық герменевтиканың өкілі Поль Рикер болды. Ол өзінің еңбегінде жеке тұлға философиядағы негізгі ұғым болып табылады, онда терең мағыналы мәдениеттің қайнар бастаулары бар деп түйіндейді. Рикер жеке тұлғаның кез-келген құбылысы және әрекетінде терең тарих бар деп санайды. Сонымен қатар кез-келген мәдениет дамуында тұлға субьект болып табылады. Поль Рикер былай дейді: «Біз тарихтан оның өзіне тән белгілі бір шынайылықты күтеміз: біз басқа ештеңеден емес, дәл осыдан шығуымыз керек. Сонда біз не күтеміз? Обьективтілік бұл жерде қатаң эпистемологиялық мағынада алынуы керек: өңделіп жасалған, тәртіпке келтірілген және ойлаумен әдістемелік түрде пайымдалған нәрсе. Ақыры оны түсінікті ететін нәрсе обьективті болып саналады. Бұл физикалық және биологиялық ғылыдар үшін де шынайы, бұл тарих ғылымы үшін де шынайы» (Рикер, 2007: 487-488). Яғни, Поль Рикер жеке тұлға тарихқа жүгіне отырып, өз әрекеттері арқылы мәдениет пен тарихтың негізгі субъектісі бола алады және тарихшыдан белгілі бір субьектілікті күтетіндігін, жалпы субьективтілік емес, шынайылыққа, дәйектілікке, яғни обьективтілікке дәл сәйкес келе алатындай, жақсы және жаман субьективтілікті ажырата алатын тарихшы болуы керек деп түсіндіреді.

Тарих философиясының мәселелерін қарастырған Генрих Риккерт: «... егер кімде кім тарих философиясының қазіргі жағдайы мен оның бағыттары туралы, оның басты мәселелері мен оларды шешудің әртүрлі жолдары туралы түсінік қалыптастырғысы келсе, онда негізгі ұғымдарды игеру үшін істің барысын неміс идеализмінен және тіпті одан ары – Ағартушылық дәуірінен іздегені жөн болар» (Риккерт, 2007: 10), яғни тарих сабақтастығы арқылы ғана тарихты шынайы меңгере алатындығымыз туралы тұжырым жасайды.

Ұлы ойшыл Георг Зиммель жалпыфилософиялық және мәдениеттанулық тұжырымдамасында тарихи уақыт мәселесіне талдау жасай отырып: «Теориялық құрылым ретіндегі тарихтың пәні қазіргі мен болашақтан алыста жатқандықтан уақыт оның маңызды ұғымдарының біріне жатады. Осы құрылымның басқа да құрамдас бөліктеріне қатысты болғандықтан уақыт ерекше мағынаға ие болады. Ол тарихта әрекет етеді, сондықтан, меніңше, оны мейлінше айқындап алған жөн» (Зиммель, 2007: 56-58) дей отырып, «тарихилық», «мазмұн», «уақыт» ұғымдарына түсінік береді. Сол арқылы тарихи фактілерді толық білуге болатындығын дәлелдейді

Біздің заманымыздағы тарих ғылымының дағдарысы туралы, тарихи фактілер мен қайнар көздерді сыни жариялау мен зерттеу туралы Эрнест Трельчтің де арнаулы еңбегі бар (Трельч, 2007: 79). Ол «тарихқа ақиқат пен ғылыми қатаңдық, қаншама мүмкін болғанындай, табиғи ғылымдардың дәлдігін бергенде, әзірше қиялдың қозуы мен сезімдік әсерлерді азды-көпті суггестивтік романдардың немесе белгілі бір тезистер мен мүдделерді диктаторлық дәлелдермен талпынуға шақырғанша, дағдарыстар да, өзгерістер де болмайды» (Трельч, 2007: 79) деген көзқарас ұстанады.

Өзінің «мәңгі қайта айналу», «билікке деген ерік» идеяларымен батыстық философия тарихында иррационализм мен имморализмнің негізін қалады деп есептелетін немістің ұлы ойшылы Фридрих Ницшенің «Тарихтың тіршілікке пайдасы мен залалы» еңбегінде, адамзаттың өмірінде ең басты мақсат білім емес, ол - өмірі, сондықтан тіршілікті мақсат ете отырып, өмір сүріп отырған қоғамды сақтау және дамыту керек деп есептейді. Ницшенің ойынша, адамзаттың өмірі тарих себебінен қиындыққа ұрынды, сондықтан, тіршілікте жаңа мәдениет қалыптастыру керек, ол үшін тарихи нәрселердің бұрмалануы мен адастыруынан құтқару керек. Ф. Ницше классикалық гуманизмге өміріне аяусыз сын айтты, «адам тарихи мақсат үшін жаратылған» делінетін тарихшылыққа (historicism) тойтарыс берді, «тарих дамуы объективті заңға бағынады, оны объективті түсіну керек» делінетін көзқарастардың қателігін талдап көрсетіп берді және адамның дүниедегі болмысы субъективті қажеттіліктің жетегінде болатынын, тарих адамзат субъективтігінің нәтижесі екенін анық айтты. Ф. Ницшенің бұл мақаладағы негізгі ойы тарихшылдықтың жалған идеяларын түзетіп, адамның мәні адамның өз ішінде емес, оның талпынған биігінде деген мағынада ой тастады және басқа да шығармаларында жады мәселесі жаңа қырынан көтеріледі (Ницше, 1990: 158).

Ницшенің көзқарастарын көп адам «ақсүйектік анархизм» деп атады. Ол екі түрлі құндылықтар жүйесін ұстанған: бір жағынан - соғыс, қатыгездік, адамның өзін дәріптеуі; екінші жағынан - философия, поэзия және музыка. Ол өз заманындағы қоғамның саясатына, адамгершілік және әлеуметтік тіректеріне батыл қарсы шыққан философия профессоры болды. Ницше ұстанымдары этикалық сипатта. Ол адамда белгілі бір тұлғалық қасиеттердің болғаны дұрыс, бірақ оларға аз ғана адам ие бола алады деп санады. Ницшенің пікірінше, көпшіліктің негізгі міндеті – азшылықтың үстемдік құруына қажетті жағдай жасау. Адамдар, оның көзқарасына сәйкес бақытқа немесе жайлы өмірге ұмтылуды көздемеуі тиіс. Нағыз ізгілік, парасат та пайда да әкелмейді: оны ұстанушылар басқалардан оқшауланып, алшақ- тайды, тәртіпке қарсы келеді және бағыныштыларға зиянын тигізеді. Жоғары деңгейлі тіршілік иелері бағыныштыларға қарсы соғыс жүргізуі тиіс. Ал демократиялық үрдістер дарынсыздықты қолдау. Дегенмен Ницшенің көзқарасы жоғарыдағыларға құмарлық пен аңсардың жетегінде өмір сүруге болады деген тұжырым емес. Ол спарталық тәртіпке сенді және адам өзгенің жанын қалай ауыртса, өзі де ауруға солай төтеп беруі қажет деп пайымдады. Ницшенің пікірінше, жігердің қуаты – асыл қасиет. Қайғы-қасіретке бой алдыру – әлсіздік. Ол мемлекетке емес, қаһарманға сенді. Ницше болашақтың адамы – бекзат адам, қатыгез және рақымсыз болады, өз бауырларын құрбан етуден қорықпайды деп тұжырымдады. Оның бүкіл өмірі қатаң ережелерге бағынады, зорлық-зомбылық жасап, қулық, сұмдықты өмір мәні етеді деді (Джонстон , 2018:150-151).

Фридрих Ницшенің тағы бір өте маңызды туындыларының бірі- «Жақсы мен жаман сыртында» (Beyond Good and Evil) кітабында тарихи-философияның: философиялық жаңылыс, еркін рух, діннің мәні, нақыл және қысқа әуен, моральдың табиғи тарихы, біз оқымыстылар, біздің ізгілігіміз, халық және отан, ақсүйек деген кімдер? деген мәселелерін қарастыра отырып, «жақсы», «жаман» деген сөздерге философиялық талдаулар жасап, «моралсыздық» пен «бейморалдықты» ажыратты (Ницше, 1990: 168).

Немістің экзистенциалист-философы Карл Ясперс өзінің «Тарихтың мәні мен қызметі» кітабында тарих туралы мынадай ойлар жазады: «Біздің заманымыздағы бүкіл адамзат өміріндегі өзгеріс өзінің кеңдігі мен тереңдігі жағынан шешуші маңызға ие болады. Тек адамзат тарихы ғана қазіргі уақытта не болып жатқанын түсіну үшін тұтастай ауқым жасай алады. Келешекке бағытталған ой жүгірту адамзат болмысы құпиясына бізді теңірек бойлата түседі. Жалпы бізде тарихтың бар болуы, бүгін біз қандай болып көрінсек, тарих бізді солай жасады деген мәселе, бұл тарихтың бүгінге дейінгі ұзақтығының салыстырмалы түрде өте үлкен болмауы – осының бәрі бізді бірнеше сұрақ қоюға мәжбүр етеді. Бұл қайдан бастау алады? Бұл қайда апарады? Бұл нені білдіреді» ( К. Ясперс, 1991:15).

Карл Ясперс тұжырымын жалғастырсақ, тарих туралы мынадай түсінік берген: «Тарих – әрқашан адамға мәлім өткен шақ, сол өткен шақты игеру алаңы, өзінің шыққан тегін түйсіну. Тарихқа дейінгі кезең - ол, шын мәнінде, негізделген, бірақ танымдалмаған өткен шақ. Тарихқа дейінгі адамның дамуы – ол адам болмысының негізгі құрылымдық қасиеттерінің қалыптасуы, тарихи дәуірдегі адамның дамуы – ол ерте тауып алынған рухани және техникалық сипатын өрістету. Сонымен тарихқа дейінгі кезең мен тарих өзінің жүйелілігінде екі негізін құрайды (Әлемдік мәдениеттану ой-санасы, 2006: 436).

Тарих дегеніміз біздің өмір сүріп отырған кезеңімізге дейін жеткен барлық оқиғаларды, ғылыми тілмен айтқанда тарихи фактілерді саралап, талдап, сұрыптап зерттеу. Тарих тек халықпен ғана мәңгі өмір сүреді. Адам тарихпен ғана жетіледі. Тарихтың құрылысы өзгеруі мүмкін, бірақ тарих аяқталмайды. Біз тарихилыққа қатысу үшін құбылыстардың мәнін ашумен айналысатын адамдар ғанамыз. Сондықтан біз көбірек ұғынған сайын, таң қала түсеміз де, ізденуді қайта жалғастыра береміз. К. Ясперстің «Тарихтың мәні мен мақсаты» еңбегінен осындай ойды оқуға болады ( К. Ясперс, 1991: 16).

Карл Ясперстің айтуынша, адам ертеден бастап-ақ өзіне аңыз түрінде, жаратушының іс-әрекеті түрінде, інжіл кітап бойынша бейнесін жасаған. Сол бейнесі арқылы тарихты түсіне алған. «Мәдениеттің мақсаты мен міндетін түсіну үшін эмпирикалық және интеллектуалдық әдістер жарамайды... Мәдениетті жасаушы адам болды, себебі оның ата-бабалары саналы істер мен рухани ізденістерге қабілетті. Мәдениетті адам арқылы іске асырылу себептері, алдын-ала алғашқы адамға барлық өз мүмкіндіктеріне ашық болуына берілгендігінде болып табылады, ол – адамның бұрын-соңды болмаған тағдырының куәсі. Мәдениеттің пайда болуын Ясперс адамдарда басқа ұрпаққа рухани игілікті беру қабілетінің пайда болуымен; техника арқылы болмысты рационализациялаумен; адамдарға қарсы тұратын табиғат күштерін бейнелеп беріп, жын-перілер алдындағы үрейден арылатын ата-баба әрекетіндегі бағдармен байланыстырады (Әлемдік мәдениеттану ой-санасы, 2006: 494-493). «Тарихқа үңілетін әрбір адам тарихты қандайда бір тұтастыққа айналдыратын әмбебап көзқарасқа еріксіз келеді. Бұл көзқарастар сыни емес, сонымен бірге терең қарастырмаған және сондықтан анықталмаған болуы мүмкін. Тарихи ойлауда олар әдетте өзінен-өзі түсінікті болатын алғышарттар болып табылады. Адамдар қайда өмір сүрсе, тарих сонда. Әлемдік тарих уақыты мен кеңістігі жағынан бүкіл жер шарын қамтиды». К. Ясперстің біздің дәуіріміздегі тарихи дамудың концепцияларын Шпенглер мен Тойнби береді. Тарихи құрылымдардың 8-ін Шпенглер, 21-н Тойнби атап көрсеткен. Шпенглер мәдениеттің өмір сүру мерзімін мыңжылдықтармен анықтайды, ал Тойнби оны анықтау мүмкін емес деп есептейді. «Тарихтың мәні мен мақсаты» еңбегінде К. Ясперс осындай тұжырымдар жасайды (Әлемдік мәдениеттану ой-санасы, 2006: 402-403). Сонымен қатар, К. Ясперс тарих және тарихқа дейінгі кезеңді жан-жақты талдап қана қоймай, әлем тарихының схемасын ұсынған. Адамзаттың ортақ қайнар көздері көрсете отырып, жазбаша мәліметтердің құндылығына баса назар аударған.

Сонымен қатар, адамзаттың тұтас тарихи өмірінің дамуы туралы немісфилософы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі Шпенглер Освальд «Еуропаның күйреуі» атты кітабында циклдік тұжырымға: тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару; мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы; өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындауы идеяларын ұсынды. Оның идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр (Саяси түсіндірме сөздік, 2007: 79). Шпенглер бойынша, мәдениеттердің өмірлік циклі – бұл кез келген тірі организмнің өмірлік циклі. Адамзаттың тұтас тарихи өмірінің дамуына әсер ететін 8 мәдениетті атап көрсеткен: орыс-сібірлік, қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық (грек-римдік), араб-мұсылмандық, батысеуропалық, майялық. Шпенглер мәдениеттің мәнісі ретінде ұжымдық өлшем рөлін атайды. Сонымен қатар, әр мәдениеттің өмір сүруін мыңжылдықпен көрсетеді. Жоғалып бара жатқан мәдениет өркениетке айналады дейді. О. Шпенглердің: «... ұлы мәдениеттердің әрбірі, кім бұл мәдениетке жататын болса, тек соған әбден түсінікті, дүниенi сезінудің құпия тіліне ие. Үнді мәдениетін түсіну үшін, үндістік жанға ие болу керек, оның негізінде кеңістік пен уақытты ерекше сезіну – ал атап айтқанда – шексіздікке ұмтылыс жатыр» (Шпенглер, 1993: 337) деп айтуы осының айғағы. Ол тарихты өркениетпен тығыз байланыстырады. Тарихтың қозғаушы күші халықтар мен мемлекеттер емес, олардың ортақ рухани мәдениеттерінің жемісі – өркениет деген пайымдау жасайды. «Мәдениет» пен «өркениет» түсініктері арасындағы айырмашылықтарды «Еуропаның күйреуі» еңбегінде жан-жақты зерделеп, тарих ұғымына талдау жасайды: «Тіпті ең ақылды деген адамдарда бекіп қалған Ежелгі дүние - Орта ғасыр - Жаңа дәуір деген бейнелерді ауыстыруды айқындауға тиіс Адам әлемінің осы көрінісінен сондай-ақ «Тарих деген не?» деген сұраққа жаңа, менің ойымша, біздің өркениет үшін түпкілікті жауапты күтуге болады. Ранкенің «Дүние жүзінің тарихы» деген еңбегінде жазылған алғы сөзде былай делінген: «Тарих тек қана ескерткіштер түсінікті болып шыққанда және сенім тудыратын лайықты жазбаша куәліктер қолда бар болғанда ғана басталады». Деректер жинап және оларды ретке келтірушінің жауабы міне осындай. Мұнда шын мәнінде болған нәрсенің тиісті тарихи зерттеудің тұрғысы шегінде болғандармен ауыстырылатынына еш күмән жоқ. Мардонийдің Платеяда жеңіліс табуы егер 2000 жыл өткен соң ғалым бұл оқиға туралы ештеңе білмесе, тарих болудан қала ма? Немесе өмір ол жөнінде кітапта жазылса ғана факт бола ма? Ранкеден кейінгі атақты тарихшы Эд. Мейер былай деп жазады: «Болып жатқан немесе болып кеткен нәрсе ғана тарихи болады... . Тарихи қарастырудың көмегімен бір мезгілде болған шексіз көп оқиғаның ішінен бөліп алынған жеке оқиға ғана тарихи оқиғаға айналады». Гегель рухында және талғамымен айтылған. Біріншіден, бұл жерде маңыздысы біздің фактілер жөнінде білуіміз емес, фактінің өзі. Тарихтың жаңа көрінісі бізді ірі фактілер тізбегінің ішінде бірінші деңгейдегі фактілер, яғни сөздің гелертерлік мағынасында біз олар жөнінде еш уақытта біліп болмайтын фактілер бар деп есептеуге итереді. Бізге белгісіз нәрселерді кең көлемде есепке алып үйрену керек. Екіншіден, ақиқаттар рух үшін өмір сүреді, ал фактілер өмірге қатысты болады (Шпенглер, 1998: 218).

Ағылшын тарихшысы, тарих философиясының өкілі, мәдениеттанушы және әлеуметтанушы Арнольд Джозеф Тойнби «Тарихты игеру» еңбегінде дүниежүзілік тарихты туылудан өлімге дейін бірдей фазалардан өтетін шартты ерекшеленетін өркениеттердің жүйесі деп қарастырды. Оның айтуынша, өркениет – ол екі критерий бойынша қаралатын тұйық қоғам(Тойнби, 2001:82-85). Тойнби бойынша, тарих – ғаламды танудың бірнеше жолдарының ішіндегі ең негізгісі, яғни, адамзаттың өмір сүруі ғаламның өзін-өзі тануы деп санаған.

Француз тарихшысы Л.Фебр әзілмен А.Дж. Тойнбидің көзқарасын «ғарыштық оптимизм» деп атаған.

А.Дж.Тойнби, «көзқарастардың» бірлігі тарихшының ұстанған бағытына байланысты. Тарихтың шегін жаһандық өркениетке дейін созып, жергілікті өркениеттер жағынан қарастыру қажет деп жазған.

Тойнби бойынша, тарих – жол, тарих – өмір. Тарихты ол бірнеше өркениеттерге бөледі. Тарих тек қана уақыт бар жерде өмір сүреді. Уақыт аймағында адамзат қоғамының алмасуы болады, сол арқылы тарихтың мазмұны көрініс табады. Жергілікті өркениет өзіндік тарихы бар арал емес, уақыт кезеңдері, ашық тарих. Тарих әрқашан кеңейту мен тереңдетуге ашық болады. Осыған байланысты Тойнби тарихи білімнің «саналы өріс» туралы түсінікті дамытады. Тарихтың маңызды аспектілерін әртүрлі қоғамдардың өмірінде кеңінен тану арқылы онтологиялық және эпистемиологиялық үйлесімді танып білуге болады. Тойнби тарихты – жергілікті өркениеттің айналысы деп санаған. Тойнби бойынша, өркениет адамзат қоғамдастықтарының белгілі бір типтерін: дін, сәулет, мораль, әдет-ғұрып және т.б. мәдениет саласындағы белгілі бір бірлестіктерді тудырады деген ойларын жазған.

Тарихи процесті кезеңдерге бөлуде бірегей тәсілді И.Г. Фихте ұсынған. Оның ойынша, «адамзаттың жер бетінде өмір сүруінің мақсаты – өзінің барлық қатынастарын еркін әрі ақылға сай жайғастыру.

Американдық зерттеушілер Самюэль Хантингтон мен Фрэнсис Фукуяма тарихи дамудың ең басты элементі – өркениет деп тұжырым жасаған. С. Хантингтонның пікірінше, өркениеттің жоғары шегінде өркениет қақтығыстары болады, ғалым: «Егер үшінші дүниежүзілік соғыс туындай қалса, бұл қақтығыстар өркениеттер арасында өтеді. Болашақта тіпті біртұтас өркениет те болмақ емес» (Хантингтон, 2003:15) деп, өркениеттік қақтығыстарды мәдениет саласынан күткен. Ал, американдық әлеуметтанушы-ғалым Ф.Фукуяма: «Біздің қазір куә болып отырғанымыз, жәй ғана қырғи-қабақ соғыстың ақыры немесе қандай да бір соғыстан кейінгі тарихтың кезеңі емес, бірақ тарихтың ақыры осындай, яғни адамзаттың эволюциялық идеологиясының аяғы және адамзат басқарылуының соңғы түрі осы» (Фукуяма, 2007: 516) деп, өркениет қақтығыстары нәтижесінде тарихтың ақыры болады деген тұжырым жасаған.

Қорытынды. Сонымен, «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына Еуропалық ойшыл-ғалымдарының тұжырымдарын пайдалана отырып, қысқаша талдау жасадық. Алайда, 70 жыл Кеңес саясатының құрбаны болған қазақ мемлекетінің қазіргі кездегі ұлттық тарихи білімінің қалыптасуында К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру идеясын Кеңес өкіметі басты идеологиясының негізіне айналдырып, Орталық Азия елдерін басқару саясатында пайдаланды. Материалистік негізінде жазылған тарих қазақ халқын өзінің дəстүрлі тарихи жадынан айырды. Кеңестік тарихшылар тарапынан тарихымыздағы дәстүрлі тарихи жадымыз қолданыстан шығарылып, қазақ халқының басқа тарихы жазылып, шынайы тарих ретінде ұсынылды. Қазақ халқы өз тарихында рухани мұрасы жоқ жабайы халық ретінде сипатталды. Халықтың рухани дүниесі, мəдениеті екінші орынға ығыстырылды. Қазақ қоғамының ұлттық ерекшелігі, дәстүрлік жүйесі ескерілмей, қазақ халқы дамудың артында қалған халық ретінде сипатталды. Алайда, ұлттық тарихи білімді құрайтын ауызша айту дәстүрі мен шежірелер, аңыз-әпсаналар мен жырлар, қазақ ойшылдары мен ғалымдарының деректері Қазақ халқы үшін материалдық дүние емес, рухани дүние қымбат екендігін, қазақ қоғамы үшін рухани құндылықтар шешуші мəнге ие екендігін дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған Еуропалық ойшылдар мен ғалымдардың идеяларындағы еуроцентристік көзқарас Кеңес дəуірінде қазақ тарихы мен рухани мəдениетіне кері әсерін тигізіп, осы кезеңдерде тарихи-білімдік ой-санада көшпелілер өркениетін мойындамайтын Еуроцентризм ұстанымдары күш ала бастады. Еуроцентризм дегеніміз еуропалықтардың өздерінің тарихы мен мəдениеті, еуропалық өркениеті туралы өздерінің тарапынан қалыптастырған көзқарастар жүйесі деп айтсақ болады. Бұл көзқарастың қазақ тарихын зерттеуге қолдануға кері әсерін тигізетін екі жағын атап көрсетуге болады: бірінші, бұл көзқарастың әлемдегі барлық халықтардың тарихын зерттеуге қолдануға келмеуі; екіншісі, еуропалық өркениет христиандық дінге негізделуі арқылы жасалған. Ал, қазақ қоғамы мұсылмандық дінге негізделгендіктен, қазақ немесе жалпы түркі мəдениетін, тарихын танып, білуге бұл көзқарастарды қолданудың кері жақтарын да білуіміз қажет. Бұл жерде сол еуропалық ғалымдардың да тəжірибесін пайдалану арқылы, исламдық құндылықтарды негізге ала отырып, қазақ тарихи білімін зерделеуіміз керек.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 5-том. Мәдениеттің типологиясы және тарихи өлшемдері. – Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б.

Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т. 16. –545 б.

Виндельбанд В. Прелюдии. Философские статьи и речи // Виндельбанд В. Избранное: Дух и история. – М.: Юрист, 1995. – С. 20-293.

Гегель Г.В.Ф. Энциклопедия философских наук. Москва, 1977. 6-37 с.

Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридатаға дейін. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

Дильтей В. Введение в науки о духе // Собр. Соч.: В 6 т. – М.: Дом интеллектуальной книги, 2000. – Т. 1. – С.270-730.

Есіркепова Г.К. Философия. – Шымкент, 2008. –23 б.

Жамалов Қ. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік тағлымы. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2003. – 200 б.

Зиммель Г. Тарихи уақыт мәселесі // Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т. 16. – 56-67 бб.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 1999. – Т. 2. – 496 б.

Қазақтың тәлімдік ой-пікір онтологиясы: Бірінші том (ҮІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең)/ Редколегия алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. Құрастырған Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. –Алматы, Рауан, 1994. –320 б.

Маркс Карл., Капитал. Критика политической экономики. Процесс производства капитала. – М., 1988. – 78 б. Басылымынан ықшамдай қазақшалаған Нұрмахан Оразбек.

Маркс К., Энгельс Ф. // Соч.: Изд. 2. М., 1959. – Т. 13. – С. 3-18.

Ницше Ф. О пользе и вреде истории для жизни. // Соч.: В 2 т. Т. 1. – М.: Мысль, 1990. – Т. 1. – С.158-230.

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы. 14.12.2012 ж. http: // www. akorda.kz.

Назарбаев Н. Ә. Қазақтың бүкіл тарихы бірігу тарихы, тұтастану тарихы / Қараңыз: Қалың елім, қазағым. Құрастырушылар: Қ. Әлімқұлов, С. Балғабаев, М. Қасымбеков. –Алматы: Өнер, 1998. (-306 б.). –281 б.

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия /жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. 569 бет

Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш., Джамбаева Б.А. Философия. Оқулық. –Алматы, 2011, – 291б.

Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. – Алматы: Раритет, 2005. – Т. 2. – 544 б.

Рикер П. Тарих және ақиқат// Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т. 16. – 487-515 бб.

Риккерт Г. Тарих философиясы// Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т.16. – 9-55 бб.

Сатершинов Б.М. Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФжСИ КБО, 2011. – 291 б. ISBN – 978-601-7082-43-7

Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Трельч Э.Тарихшылдық және оның мәселелері// Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. Алматы: Жазушы, 2007. – 16 т. – 76-103 бб

Тойнби А. Дж. Постижение истории. Сборник. / Пер. с ағылш. Е.Д. Жаркова. – М., Рольф, 2001.– 640 с.

Тарих-адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т.8.Әлемдік тарихи ой. – 544 б.

Фукуяма Ф. Тарихтың аяқталғаны ма? // Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т.16. – 515-541 бб.

Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – М.: АСТ, 2003. – 603 с.

Шпенглер О. Закат Европы. – Новосибирск: Наука, 1993. – 584 с.

Шпенглер О. Закат Европы. – Ростов н/Д: издательство «Феникс», 1998. – 640 с.

Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М.: Политиздат, 1991. – 527 с.

References:

Álemdik mádenıettaný oı-sanasy, (2006) – On tomdyq.5-tom. Mádenıettiń tıpologıasy jáne tarıhı ólshemderi. – Almaty: Jazýshy, 2006. – 496 b. [in Kazakh].

Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. HH ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. – Almaty: Jazýshy, 2007. – 16 t. –545 b. [in Kazakh].

Vındelband V. Prelúdıı. Fılosofskıe statı ı rechı // Vındelband V. Izbrannoe: Dýh ı ıstorıa. – Moskoy: Iýrıst, 1995. – S. 20-29 [in Russian].

Gegel G.V.F. Ensiklopedia  fılosofskih nayk. Moskoy, 1977. – 6-37s. [in Russian].

Djonston D. Fılosofıanyń qysqasha tarıhy: Sokrattan Derrıdata deıin. – Almaty: "Ulttyk aýdarma búrosy" qogamdyq kory, 2018. – 216 b. [in Kazakh].

Dılteı V. Vvedenıe v naýkı o dýhe // Sobr. Soch.: V 6 t. – Moskoy: Dom ıntellektýalnoı knıgı, 2000. – T. 1. – S. 270-730 [in Russian].

Esirkepova G.K. Fılosofıa. – Shymkent, 2008. – 23 b. [in Kazakh].

Jamalov Q. Dástúrli qazaq qoǵamynyń áleýmettik taǵlymy. – Almaty: Qazaqparat, 2003. – 200 b. [in Kazakh].

Zımmel G. Tarıhı ýaqyt máselesi // Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. XX ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. – Almaty: Jazýshy, 2007. – Т. 16. – 56-67 bb.

Qazaqstan Ulttyq ensıklopedıasy. – Almaty, 1999. – T. 2. – 496 b. [in Kazakh].

Qazaqtyń tálimdik oı-pikir ontologıasy: Birinshi tom (ÚI ǵasyrdan XX ǵasyrdyń basyna deıingi kezeń)/ Redkolegıa alqasy Shaıahmetov Sh.Sh. t.b. Qurastyrǵan Q.Jaryqbaev, S.Qalıev. – Almaty, Raýan, 1994. – 320 b. [in Kazakh].

Marks Karl., Kapıtal. Krıtıka polıtıcheskoı ekonomıkı. Proses proızvodstva kapıtala. – M., 1988. – С. 78. Basylymynan yqshamdaı qazaqshalaǵan Nurmahan Orazbek. [in Russian].

Marks K., Engels F. Soch.: Izd. 2. M., 1959. – T. 13. – S. 3-18. [in Russian].

Nısshe F. O polze ı vrede ıstorıı dlá jıznı // Soch.: V 2 t. T. 1. – M.: Mysl, 1990. – T. 1. – S.158-230.

Nazarbaev N.Á. «Qazaqstan-2050: Strategıasy qalyptasqan memlekettiń jańa saıası baǵyty» Qazaqstan halqyna Joldaýy. 2012 jylǵy 14 jeltoqsan. http: // www. akorda.kz.

Nazarbaev N. Á. Qazaqtyń búkil tarıhy birigý tarıhy, tutastaný tarıhy / Qarańyz: Qalyń elim, qazaǵym. Qurastyrýshylar: Q, Álimqulov, S. Balǵabaev, M. Qasymbekov. – Almaty: Óner, 1998. (-306 b.). – 281-b. [in Kazakh].

Oryssha-qazaqsha túsindirme sózdik: Fılosofıa/jalpy redaksıasyn basqarǵan e.ǵ.d., profesor E. Aryn – Pavlodar: "EKO" ǴÓF, 2006. – 569 b.[in Kazakh].

Petrova V.F., Hasanov M.Sh., Djaambaeva B.A.. Fılosofıa. Oqýlyq. – Almaty, 2011, – 291 b. [in Kazakh].

Popper K. Ashyq qoǵam jáne onyń jaýlary. – Almaty: Rarıtet, 2005. – T. 2. – 544 b. [in Kazakh].

Rıker P. Tarıh jáne aqıqat// Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. XX ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. Almaty: Jazýshy, 2007. – Т.16. – 487-515 bb [in Kazakh].

Rıkkert G. Tarıh fılosofıasy// Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. XX ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. – Almaty: Jazýshy, 2007. – 16 t. – 9-55 bb [in Kazakh].

Satershınov B.M. Tarıhı sana – táýelsizdiktiń rýhanı tuǵyry. – Almaty: QR BǴM ǴK Fjsı KBO, 2011. – 291 b. ISBN – 978-601-7082-43-7[in Kazakh].

Saıası túsindirme sózdik. – Almaty, 2007. ISBN 9965-32-491-3[in Kazakh].

Trelch E.Tarıhshyldyq jáne onyń máseleleri// Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. HH ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. – Almaty: Jazýshy, 2007. – 16 t. – 76-103 bb[in Kazakh].

Toınbı A. Dj. Postıjenıe ıstorıı. Sbornık. / Per. s aǵylsh. E. D. Jarkova, M., Rolf, 2001. – 640 s.

Tarıh-adamzat aqyl-oıynyń qazynasy. On tomdyq. – Astana: "Folıant", 2006. T.8. Álemdik tarıhı oı. – 544 b. [in Kazakh].

Fýkýıama F. Tarıhtyń aıaqtalǵany ma? // Álemdik fılosofıalyq mura. Jıyrma tomdyq. XX ǵasyrdaǵy tarıh fılosofıasy. – Almaty: Jazýshy, 2007. – Т.16. – 515-541 bb. [in Kazakh].

Hantıngton S. Stolknovenıe sıvılızasıı. – M.: AST, 2003. – 603 s. [in Russian].

Shpengler O. Zakat Evropy. – Novosıbırsk: Naýka, 1993. – 584 s. [in Russian].

Shpengler O. Zakat Evropy. – Rostov n/D: ızdatelstvo "Fenıks", 1998. – 640 s. [in Russian].

Iaspers K. Smysl ı naznachenıe ıstorıı. – M.: Polıtızdat, 1991. – 575 s. [in Russian].


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 312

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы УДК 328.184 (569.4):327(73) Израильдік лоббизмнің АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы ықпалы жөнінде ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94(5-191.2+560)«1991/2016»:327 Тәуелсіздік жылдарында қазақ-түрік мәдени байланыстарының жаңаруы. УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ ГЕОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ТҰЗДЫ КӨЛДЕР УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ҒТМАР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) 902/904 Ф. Х. АРСЛАНОВА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРТЕСАҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 391.745/749 ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – «БЕТАШАР» САЛТЫ: САҚТАЛУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы 902 (574) ҚАЛБА-НАРЫМ ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ- КЕН ІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАН-ӘЗЕРБАЙЖАН: ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Автордың мақалалары

ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ