Басты бет » Материалдар » ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЛБА-НАРЫМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ (ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Б.К. ҚАЛШАБАЕВА, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, С.Т. ШАКЕНОВ, Археология, этнология және музеология кафедрасының PhD докторанты, А.Е. ЕРҒАБЫЛОВ, кафедра оқытушысы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЛБА-НАРЫМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ (ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4(20)2019

Аңдатпа:
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңірлерінде қола дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың, археологиялық қазба негізінде дүниетанымы, әдет-ғұрпы жайлы ақпарат береді. Белгіленген аймақ қола дәуіріне тән көптеген ескерткіштердің шоғырланған жері деп айтуға болады. Авторлар археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, алынған мәліметтер арқылы осы өлкедегі ежелгі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті жайлы сипаттайды. Аймақта жасалған қазба жұмыcтардың қорытындыларына авторлар салыстыру, анализдеу арқылы тақырыптың мәнін, мағынасын ашып көрсетеді. Ғылыми жұмыста авторлар қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымында, жерлеу орындарын зерттеу негізінде: от, жоса, астаяқтың маңыздылығы, өміріндегі алатын рөлдері жайлы мәліметтер келтірген. Атап айтқанда Талапты-ІІ, Мыңшұңқыр-ІІІ, Құйған обалары, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қорымдарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алды. Түйін сөздер: Қола дәуірі, Қалба-Нарым, жерлеу орны, дүниетаным.
Мазмұны:

________________

Мақала *АР05135778 «Қалба-Нарым көне металлургия ошағы және оның Шығыс Қазақстан жеріндегі қола және ерте темір дәуірлерінің мәдени байланыстар жүйесіндегі орны» атты бағдарламалы-нысаналы жоба аясында даярланды.

Кіріспе. Ерте қоладәуірі ескерткіштерінің мол шоғырланған өңірлерінің бірі  болып саналатын Шығыс Қазақстан аймағы – Еуразия даласындағы археологиялық зерттелу тарихы 250 жылды қамтитын бірегей аудан ретінде белгілі. Сондықтан, әр дәуірде жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, олардың алдыңғы кезеңі – ерте қола кезеңі жайлы бұрыңғы археологиялық ізденістердің мәні мен маңыздылығын көрсету, зерттелу тарихын баяндау қазіргі уақытта тарихнама ғылымындағы күрделі мәселе болып табылады. Жерімізде орналасқан қола кезеңі көптеген мәдени қатпарларды бойына қабылдаған мекен болып табылады. Ерте қола дәуірі кезеңдері бойынша көптеген жерлеу орындары мен қорған-қорымдар ашылды. Осындай ескерткіштер арқылы ол халықтардың даму, өзгеру сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. Қалба-Нарым өңіріндегі қола дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары кезінде, жерлеу орындарында жүргізілген археологиялық қазбалар барысында табылған заттай деректер негізінде сол дәуір адамдарының өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы, мәдениеті мен тұрмысының қалыптасуы және дамуын көрсету, қазіргі таңдағы археология ғылымының өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған аймақты зерттеумен айналысқан ғалымдар: А.Г. Максимова, Г.Б. Зданович, О.А. Кривцова-Гракова, М.П. Грязнов, С.С. Черников, М.К. Кадырбаев, А.М. Оразбаев, Ж. Курманкулов, С. Марьяшев, А.З., Самашев З., Төлеубаев Ә.Т., Омаров Ғ.Қ., және т.б.

Дереккөзі мен әдістері. Шығыс Қазақстан, соның ішінде зерттелуіне 250 жылдан астам уақыт болған Қалба- Нарым жоталары. Бұл жердегі қорғандыр, ежелгі заттар, жерлеу орындары, ежелгі рудалар, тағы басқа археологиялық ескерткіштер жайлы 18 ғасырда П. Паллас, Г.Ф. Миллер, И.Г. Гмелин, М.П. Фальк сияқты ғалымдар, саяхатшылар өз еңбектерінде жазып кеткен [1]. Қазіргі таңда Қалба-Нарым жерлерінде қола дәуіріне тән көптеген қорымдар зерттелді, мысалы: Беткудук, Кіші Қойтас, Жартас, Белокаменка, [2] Қанай, Усть Буконь [3], Сарыкөл көлі бойындағы қорымдар [4], Жаңажұрт ауылы маңындағы ескерткіштер. Жоғарыда айтылып кеткен ғалымдардың аталған ескерткіштерді зерттеуі нәтижесінде қола дәуіріндегі халықтардың дүниетанымы, шаруашылығы, тау кен ісі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-тіршілігі, физикалық бейнесі жайлы көптеген тың деректер ашылды.

Қазіргі уақытта Қалба-Нарым жоталарында ерте қола дәуіріне жататын 16 қорым белгілі, оның ішінде 33 жерлеу орнына зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың көпшілігі ежелгі заманда бұзылғандықтан зерттеудің деректік базасын айтарлықтай шектеді, алайда қолда бар ақпарат қарастырылып отырған кезеңде аталмыш аймақ халқының жерлеу салтының кейбір элементтері арқылы дүниетанымыны, өмірге деген көзқарастары жайлы тың деректерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қола дәуіріне тән жерлеу орындары Оңтүстік-Батыс Алтайдың Қалба және Нарым жоталарын тіліп өтетін Ертіс ағысының таулы бөлігінде келесідей орналасты:

1) Темір-Қаңқа тауымен үш жағынан қоршалған кең жайылманың алдындағы төменгі террасада;

2) Нарым жотасының Қанай бөктеріне жақын екінші өзен террасасын перпендикуляр кесіп өтетін жыра-сай сағасында.

Күршім жотасының шығыс сілемдеріндегі, Алқабек өзенінің алқабындағы барлық қорымдар тау бөктерінде, өзенге құятын уақытша су ағынының жағалауларында орналасқан: Айнабұлақ I, VI, Қопа, Бұлғартаботы, Ахтума. Осылай орналасу реті Тарбағатай тауының теріскейі, Терісайрық, Асусай және Бозша өзендерінің алқабындағы ерте қола дәуіріне тән жаңа қорымдарды ашуға негіз болды: Құлтайлақ 2, Жаңаауыл 2 және 3, Аханбозша, Баир, Құйған 1 және 2 [5].

Талдамалар. Ерте қола дәуірі халықтарының дүниетанымы, рухани мәдениеті туралы сөз қозғағанда, олардың әртүрлі культтерге табынғаныдығын, халық арасында әртүрлі наным-сенімдердің таралғандығын айта кеткен жөн. Солардың ішінде қола дәуірі ескерткіштеріне жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттар және олардың қалдықтары мен сынықтарынан от культінің іздерін көре аламыз. Қола дәуірінің әр түрлі кезеңдеріндегі қабірлерде өртенген сүйектердің қалдықтары кездесті. Ежелгі адамдардың ұғымынша, от денені жамандықтардан тазартып, мәйітті зұлым рухтардан қорғайды деп олаған [6].

От культі деп біз отпен байланысты және жерлеу рәсімінде тіркелген барлық ғұрыптарды айтамыз. Оған адам немесе жануарды кремациялау, түйреулер, алау, көмір, күл, жоса, бор үгіндісін жатқыза аламыз.

  Қола дәуіріне сай Қалба-Нарым өңірінде кең таралған сенім от культімен байланысты екенін атап өттік, ал ендігі кезекте осы айтылған пікірге, жүргізілген археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, көптеген дәлелдемелерді төменде келтіріп өтеміз.

1-топ обалары. Жерлеу орындарындағы көмірдің болуы (бөлу нормасы 14%) 13 қабірдің жетеуінде кездеседі. Пайыздық көрсеткіші бойынша ең көбі Талапты-ІІ обасында кездеседі. Көмір бөлшектелген кесектер түрінде қабір шұңқырында адамның бас сүйегінің астында және жан-жағында жеке үйінді түрінде кездеседі. Көмір кесектері қабір шұңқырын толтыру кезінде әртүрлі қабаттарда да кездесуі мүмкін. Барлық жағдайларда да көмірдің болуы, от жағылғанның белгісі болмады, себебі көмірдің суық күйінде қойылғаны белгілі. Мысалы, алты обада көмір кремация қалдықтарымен бірге қойылған немесе сирек жағдайларда үйіндіден табылған. Бұл обалармен салыстырғанда, біршама ерекшеленетіні Талапты-ІІ обасы болды. Бұл жерлеу орнының түбіне, бас сүйегінің жан-жағы мен астына көмір үгітінділері кездесетін жалғыз ескерткіш. Көмір жиі жоса кесектерімен бірге кездеседі.

Жоса (бөлу нормасы 5,1%) үш обадан табылған (Мыңшұңқыр-III, Құйған-II, Айдахар). Олар қызғылт түсті кесек немесе қаңқа сүйегіндегі із ретінде қабірдің түбі мен қабырғаларында кездеседі.

Кейде мәйіт қойылған кабірлерде күл мен көмірдің қалдықтары кездеседі, мұны да отқа табынушылықпен байланыстыруға болады. Қола дәуірінде өлікке қызыл жоса себілетін немесе молаға бір түйір қызыл жоса салынатын жерлеу ғұрпы кеңінен қолданылды. Адамдардың санасында қызыл түс отты білдірді, яғни күнмен қатар оттың құдірет күші, зұлым рухтардан қорғайтын қасиеті бар деп есептеледі. Сонымен бірге, қызыл бояу – қанның белгісі болды; қан да киелі деп есептелді.

Жоса кесектері Мыңшұңқыр-ІІІ обасынан табылған. Ал боялған қаңқа сүйектері Айдахар және Шаған обаларынан табылған. Бұл жерлердегі бояуларды түбінен де, қабырғалардан да кездестіруге болады. Айдахар обасында жоса жерлеу әдісіне қарамастан жерлеу орындарының 54,5%-ында кездеседі, яғни оның іздерін жерлеу орындарынан, мәйіттің орналасуынан және күл қалдығымен қабір түбін жабатын өртеу қалдығынан байқауға болады. Құйған-ІІ обасында жосамен тек екі қаңқа сүйегі ғана жабылған (19-нысан). Олардың біреуі циста-жәшікке (а типіндегі) салынған, осы жерден үшбұрышпен сәнделген екі ыдыстың біреуі табылған. Екінші қаңқа сүйегі сол жақ қабырғасы ішкі жағынан үш стеламен бекітілген жәшікке салынған. Екі жерлеу орыны да бір қоршаудың ішінде орналасқан.

Осылайша, Айдахар обасы үшін жосамен бояу қалыпты құбылыс болса, ал Мыңшұңқыр-ІІІ және Құйған-ІІ обалары үшін – бұл көп кездеспейтін құбылыс, әсіресе соңғысы үшін. Бұл фактіні елді-мекенді әртүрлі этнос өкілдерінің мекендеуімен түсіндіруге болады.

2-топ обалары. Қапал обасының үш жерлеу орындарында (барлық жерлеу орындары санының 37,5%) сүйекке жағылған жоса ізі кездеседі. Баланың жерлеу орнында жосамен баланың жақ сүйегі мен жерлеу камерасының түбі боялған. Бұл өзгешелік Қапал обасын басқа ескерткіштер қатарынан ерекшелеп көрсетеді.

3-топ обаларында от культінің іздері аса байқалмайды.

4-топ обаларына Бүйен-1, 13-кешен, Бүйен-13, Арасан обаларын жатқызамыз.

Ағаш көмірлері Арасан және Бүйен-13 обаларының жерлеу орындарынан табылды. Топқа бөлу нормасы – 24,6%. Ағаш көмірлерінің бір бөлігі қабір шұңқырында топырақпен араласып немесе қабір шұңқырының түбінде кездескен жағдайлар да болды. Бұл жерлеу әдісінде ғұрыптық рәсімдер ерекше көзге түседі – түп жағында түйреулер, ал қаңқа сүйегінде жосамен бояу байқалады. Бұл ғұрып жерленген адамның өлімінің себебімен тікелей байланысты болуы керек. Себебі бұл жерде босану кезінде қайтыс болған әйел мен нәресте жерленген (Бүйен-13 обасы).

Жоса. Жоса қалдықтары табылған қабір шұңқырлары 6,73%-ды құрайды. Көп жағдайда жоса кесектері немесе күйдірілген жоса балшығы кездеседі. Одан сирек қаңқа сүйектерінің жосамен боялуын кездестіруге болады.

5 және 6-топ обаларынан от культінің ізі байқалмады.

7-топ обаларына Киікті, Таутары, Билікүл обаларын жатқызамыз. Біз қарастырып отырған ғұрыптың белгісін Таутары обасының жерлеу орындарында кездесетін жоса мен ағаш көмірлерден көре аламыз.

Ағаш көмірлерін толтырудан және жерлеу шұңқырларының түбінен, яғни ыдыстардың жанынан немесе кальцинирленген сүйектердің арасынан кездестіреміз. Таутары обасында ағаш көмірлері бар жерлеу орындары 13%-ды құрайды.

Жоса. Жоса бояуының ізі бар кальцинирленген сүйектер мен жерлеу шұңқырларының түбінде кремирленген қалдықтар мен ыдыстардың маңынан жоса кесектері кездеседі. Жоса кездесетін жерлеу орындағы 13%-ды құрайды [7].

Осылайша, от культінің қола дәуіріндегі Қалба-Нарым өңіріндегі таралу үлгілерімен таныс болдық. Осы кезеңдегі отандық қоныс-тұрақтардың аналогиясы болып есептелетін Памир және тағы да басқа таулы аймақтарда от культіне байланысты мәйітті өртегендігі туралы деректер кездеседі. Сонымен қатар, қайтыс болған ер адамның қасына әйелін жерлейтін болған. Бұл рәсім қайтыс болған адамның әйелінің келісім берген жағдайында да, келісім бермеген жағдайда да орындалатын болған. Бұны археологиялық қазба жұмыстары барысында байқауға болады. Бұл дәстүрдің сарқыншақтарын Үндістаннан әлі күнге дейін байқауға болады.

Шығыс Қазақстан жеріндегі ең ертедегі ескерткішке жататын Қанай ауылындағы бейіт. Ол жер үстіне тігінен қойылған тақта тастардан тұратын шаршы қоршау. Қоршаудың қабырғалары әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері шықты. Сүйектердің біразі жосамен боялған. Қабірде өлік асының қалдықтары, жебенің жайпақ қола ұшы, ашық - жасыл түсті тас моншақ т.б.табылды.

Нәтижелер. Қола дәуірінің ортаңғы (дамыған) кезеңі Шығыс Қазақстан жеріндегі қорымдардың үлкен тобымен сипатталады. Олар Қанай ауылы маңындағы қорымдар мен құрбан шалатын орыннан, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қойнауларындағы және т.б. қорымдардан алынды [8]. Ертістің оң жағалауында орналасқан Зевакино қорымы әр кезеңдегі 500-ден астам, Қанай қорымы 15 қорған құрылыстарынан тұрады. Бір қабірге бір ғана мәйіт жерленгенде оларды жерден қазылған қабірлерге, тас жәшіктерге, цисталарға және ағаш қималарға қоятын болған. Жерленгендер сол және оң қырынан, басы батысқа және солтүстік - батысқа қаратылып, бүктетіліп жатқызылған.

Сарыкөл көлі, Көкдомбақ және Кіші Қойтас ауылдары маңындағы қорымдар іргелерін шеңберлей, шаршылап және тік бұрыштап тақта тастармен қоршаған, топырақ үйілген обалардан тұрады. Бұл қорымдардағы материалдық мәдениет заттары мен жерлеу ғұрпы үйіндісі жоқ қоршаулардағыдай болып келеді. Кейде тақта тастармен жабылған тас жәшіктерде және ағаштармен жабылған жерден қазылған тікбұрышты қабірлерде әдетте өлік өртелмей қойылатын болған, сол сияқты өлікті өртеу де ұшырасады.

Қола дәуірінде әйелдің қасына бір немесе екі кішкентай баланы қоса жерлеген жағдайлар кездеседі. Бұны ғалымдар әлі күнге дейін нақты түсіндіре алмай отыр. Негізінен бұл кезеңге экзогамиялық неке түрі тән, яғни әйелді басқа ру-тайпалардан алатын болған және күйеуі мен балалары қайтыс болған жағдайда оларды өз ру-тайпаларының зиратына қоятын болса, әйел адамды өзі келген еліне қайтарып, сонда жерлейтін болған деп пайымдауға болады.. Бірақ біз қарастырып отырған жағдайға арқа сүйей отырып, әйелдерді балаларымен бірге жерлегенінен бұл халықтарды эндогамиялық неке түрі болғанын айта аламыз. Сондай-ақ, керамика жасаумен әйелдер айналысты деген мәліметті ескерер болсақ, онда бұл халықтарда неке матрилокальды болды.

Қарастырып отырған кезеңдегі рухани мәдениетін сипаттау үшін сол кезеңде қолданылған діни құралдардың көмегіне жүгінген дұрыс. Олардың қандай рәсім барысында қолданылғанын, қандай мақсатта жасалғандығын анықтау арқылы біз ертең қола дәуіріндегі бір қарастырып отырған аймақтағы тұрғындарының сенім-нанымдары туралы түсінік қалыптастыра аламыз.

Келсап, асатаяқ пен ғибадат заттары. Бұл артефактілерді бір-бірінен бөліп қарастыру қиын, себебі бұл заттар утилитарлық және культтік мақсаттарда қолданылады. В.А. Дергачев жазып кеткендей, ғибадаттық заттар еңбек құралы емесе, қару-жарақ түрі де емес, олар ғұрыптық салаға қатысты. Бұны осы заттарды дайындауға адам еңбегінің жоғары «сандық-сапалық» мөлшерде жұмсалуы, жиі кездесетін және бағалы материалдардың қолданылуы, жоғары сапалы сәнделуі мен бұндай заттардың көп табылмауы дәлелдейді. Бұндай заттар көп жағдайда көпшілік назарына ұсынылу үшін қойылғаны және заттың зоо-антропоморфизмі оған қосымша мағыналы мән беретінін ескеру керек [9].

Ресми көзқарас бойынша, Шығыс Қазақстандағы тас асатаяқтар категориясына Семей мен Бұқтырмадан табылған ат басты, сүйір төбелі заттарды жатқызуға болады. Ғұрыптық заттар ретінде Зайсан көлінен табылған антропоморфты сүйір төбелер мен Тюмень 3 қонысынан табылған мүсінді қарастыру керек. Қалған жұмыс бөлігі тегіс артефактілер утилитарлы заттар болып табылады.

Мүсіндік бейнесі бар күрделі келсаптардың да аналогиясы бар. Акчийлік бұйымдар Трушниково, Мало-Красноярка аймақтарындағы андрондық қоныстардан табылған фалоо тәрізді құралдармен, сондай-ақ Сібір мен Қазақстан аймағынан кездейсоқ табылған бұйымдарға ұқсас болып келеді. Қарасор мен Семей келсаптары чемурчектік мүсіндер мен Синьцзян және Батыс Монғолия асатаяқтарына ұқсайды.

Қорытынды, көріп отырғанымыздай ғұрыптық заттар мәдениетке тән наным-сенімдерді көрсетеді. Бұны әртүрлі асатаяқтар, келсаптар мен мүсіндерді жануарлардың бейнеленуінен, адамдар мүсінінің әртүрлі қалыпта бейнеленуінен көруге болады. Жоғары да аталғандай ерте қола дәуірінде таралған мәдениеттер секілді, бұл мәдениетте де жануар культі қалыптасқанына көз жеткізе аламыз. Бұған дәлел әртүрлі бұйымдарда жануарлардың бейнеленуі. Әсіресе, жылқы культінің көп таралғанын байқаймыз. Орта Азияға жылқының келуі б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы андрондықтармен байланысты болды. Содан бері жылқы культі дами бастаған.

Жоғары да қарастырып өткен қоныстар мен тұрақтар, ескерткіштерде жерлеу кезінде адамдармен бірге олардың өмір сүрген кезінде қолданған құрал-жабдықтарын, қару-жарақтары мен бұйымдары да бірге жерленгенін көре аламыз. Бұл олардың о дүниеде де өмір бар деген сенімімен байланысты деп топшыласақ болады. Шығыс Қазақстан облысында кездесетін бұндай жерлеу орындарының аналогияларының бірінде қалыңдықты жерлеген кезде қызыл түсті киім киігізіп, оны алтынмен сәндегені белгілі болды. Бұл басқа тайпалар сияқты үнді-арийліктерде де қалыңдықты Күн Құдайы Сурьидің әйелінің жердегі бейнесі деп есептеу сенімімен байланысты.

  Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін киелі рух деп білді. Бұл күштер ең алдымен күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылылық береді, – Мұның бәрі қайырымды, қүдіретті рухтармен байланыстырылады. Күн тәңірінің белгілерін сәндік заттардан – бір ортадан жан-жаққа тарайтын сәулелер түріндегі өрнегі бар қаптырмалардан, балшық ыдыстардағы меандрлардан көруге болады.

Әдебиеттер тізімі

Паллас П.С. Рассуждения о старинных рудных копях в Сибири и их подобии с Венгерскими, различествующими от Римских. — Академические известия, Cпб., 1780, ч. 5, с. 315-317.

Максимова А.Г., Ермолаева А.С. Памятники эпохи бронзы // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. - Алма-Ата: Наука, 1987. - С. 24-63.

Нусупбеков А Н » История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. Том I. Первобытно-общинный строй. Племенные союзы и раннефеодальные государства на территории Казахстана 

Нифонтова Л.К. Андроновское погребение в Абаевском районе, Семипалатинской области // Известия АН КазССР, серия археологическая. - 1949. - выпуск 2, С.143-147.

  Грушин С.П. Культура населения эпохи ранней бронзы Лесостепного Алтая: автореф. дис. … кан. ист. наук: 07.00.06. – Барнаул, 2002. – 24 с.

   Оразбаев А. М. Поселения Чагалинка (Шағалылы) некоторые формы и типы жилищ. по следам древних культур Казахстана - А., 1970. - С.129.

  Ермолаева А.С. Памятники прредгорной зоны Казахского Алтая (эпоха бронзы – раннее железо) / А.С. Ермолаева. – Алматы: Хикари, 2012. – 238

  Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. // МИА, 1960. - С.88.

  Кирюшин Ю.Ф. Опыт классификации наконечников стрел эпохи ранней бронзы Верхнего Приобья / Ю.Ф. Кирюшин, С.П. Грушин, А.А. Тишкин // Матер. по военной археологии Алтая и сопредельных территорий / под ред. В.В. Горбунова, А.А. Тишкина. – Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2002. – С. 16-32.

References

Pallas P.S. Rassýjdenııa o starınnyh rýdnyh kopıah v Sıbırı ı ıh podobıı s Vengerskımı, razlıchestvýıýımı ot Rımskıh. — Akademıcheskıe ızvestııa, Cpb., 1780, ch. 5, s. 315-317.

Maksımova A.G., Ermolaeva A.S. Pamıatnıkı epohı bronzy // Arheologıcheskıe pamıatnıkı v zone zatoplenııa Shýlbınskoı GES. - Alma-Ata: Naýka, 1987. - S. 24-63.

Nýsýpbekov A N » Istorııa Kazahskoı SSR. S drevneıshıh vremen do nashıh dneı. Tom I. Pervobytno-obınnyı stroı. Plemennye soıýzy ı rannefeodalnye gosýdarstva na terrıtorıı Kazahstana

Nıfontova L.K. Andronovskoe pogrebenıe v Abaevskom raıone, Semıpalatınskoı oblastı // Izvestııa AN KazSSR, serııa arheologıcheskaıa. - 1949. - vypýsk 2, S.143-147.

  Grýshın S.P. Kýltýra naselenııa epohı ranneı bronzy Lesostepnogo Altaıa: avtoref. dıs. … kan. ıst. naýk: 07.00.06. – Barnaýl, 2002. – 24 s.

  Orazbaev A. M. Poselenııa Chagalınka (Shaǵalyly) nekotorye formy ı tıpy jılı. po sledam drevnıh kýltýr Kazahstana - A., 1970. - S.129.

  Ermolaeva A.S. Pamıatnıkı prredgornoı zony Kazahskogo Altaıa (epoha bronzy – rannee jelezo) / A.S. Ermolaeva. – Almaty: Hıkarı, 2012. – 238

  Chernıkov S. S. Vostochnyı Kazahstan v epohý bronzy. // MIA, 1960. - S.88.

  Kırıýshın Iý.F. Opyt klassıfıkatsıı nakonechnıkov strel epohı ranneı bronzy Verhnego Prıobıa / Iý.F. Kırıýshın, S.P. Grýshın, A.A. Tıshkın // Mater. po voennoı arheologıı Altaıa ı sopredelnyh terrıtorıı / pod red. V.V. Gorbýnova, A.A. Tıshkına. – Barnaýl: Izd-vo Alt. ýn-ta, 2002. – S. 16-32.

Б.К. КАЛШАБАЕВА1

Профессор кафедры археологии, этнологии и музеологии, КазНУ им. аль-Фараби

С.Т. ШАКЕНОВ 1

Докторант кафедры археологии, этнологии и музеологии,  КазНУ им. аль-Фараби

А.Е. ЕРГАБЫЛОВ 1

Преподователь  кафедры археологии, этнологии и музеологии КазНУ им. аль-Фараби

г. Алматы, Казахстан

    МИРОВОЗЗРЕНИЕ НАСЕЛЕНИЯ КАЛБА-НАРЫМСКИХ ПРЕДГОРИЙ В ЭПОХУ БРОНЗЫ 

(НА ОСНОВАНИИ МАТЕРИАЛОВ ЗАХОРОНЕНИЙ)

 Резюме

В научной работе авторы на основе археологических исследовании информируют о мировоззрении, обычаях населения, живших в эпоху бронзы в Калба-Нарымском регионе Восточно-Казахстанской области. Обозначенная зона является местом сосредоточения многих памятников эпохи бронзы. Опираясь на археологические исследования, авторы описывают материальную и духовную культуру древних племен в этом регионе. В результате раскопок в регионе, авторы путем сравнения, анализа раскрывают сущность и значение темы. В научной работе авторы приводили сведения о мировоззрении жителей эпохи бронзы, на основе изучения мест захоронений: о важности огня, охры, посохов разного вида, о роли его в жизни. В частности, были подведены итоги исследований памятников Талапты-ІІ, Мыншункыр-ІІІ, Куйганских курганов, а так же могильников Зевакино, Малая Койтас, Нурмамбет.

Ключевые слова: Бронзовый век, Калба-Нарым, захоронения, мировоззрение

B.K.KALSHABAYEVA

al-Farabi Kazakh National University, Professorof the Department of Archaeology, Ethnology and Museology

S.T. SHAKENOV

al-Farabi Kazakh National University, PhD Student of the Department of Archaeology, Ethnology and Museology

A.E. ERGABYLOV

al-Farabi Kazakh National University Lecturer at the Department of Archaeology, Ethnology and Museology, Almaty, Kazakhstan

Summary

WORLDVIEW OF THE POPULATION OF KALBA-NARYM FOOTHILLS

IN THE BRONZE AGE (BASED ON BURIAL MATERIALS)

  In this research paper, the authors on the basis of archaeological research inform about the worldview, customs of the population who lived in the bronze age in the Kalba-Narym region of East Kazakhstan region. The designated area is the place of concentration of many monuments of the bronze age. Based on archaeological research, the authors describe the material and spiritual culture of the ancient tribes in this region. As a result of excavations in the region, the authors by comparison, analysis reveal the essence and meaning of the topic. In the scientific work, the authors gave information about the worldview of the inhabitants of the bronze age, based on the study of burial sites: the importance of fire, ochre, staffs of different kinds, its role in life. In particular, the results of researches of monuments Talanta-II, Mynshunkyr-III, Kurgan barrows, and also burial grounds of Zevakino, Malaya koytas, Nurmambet were summed up.

  Keywords: Bronze age, the Kalba-Narym, place of burial, world wide.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз