Басты бет » Материалдар » ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ

М.С. МЫРЗАБЕКОВ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, т.ғ.к., доцент moldahmet1964@gmail.com; Р.С. МЫРЗАБЕКОВА, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, т.ғ.к., доцент

ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(18) 2019

Тегтер: демократия, дипломатия, көпжақты, НАТО, БҰҰ, жоспары», «Тәңірдің, Буш, Дж., сөздер:, Кілт, АҚШ, стратегия, реализм, прагматизм.
Аңдатпа:
ХХ ғасырдың 90-ж. АҚШ сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында американың сауда-экономикалық мүдделерін алға бастыру болды. АҚШ әкімшілігі сауда-экономикалық мүдделерді ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланыстырды. Дж. Буш мемлекет басшысы ретінде өз миссиясы мен Америка миссиясын «Тәңірдің жоспары» деп атады. Мақалада кіші Дж.Буш тұсындағы АҚШ сыртқы саясатының негізгі қағидаларына сараптама жасалады. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АҚШ-тың сыртқы саяси мақсаттарын іске асыру механизмдері сипатталады. Мақалада «қауіпсіз әлемді қалыптастыру» және «Америка халқы мен халықаралық қауымдастықтың игілігіне демократияны тарату» қағидаларына негізделген АҚШ сыртқы саясатының күрделі сипаты көрсетіледі. Түйін сөздер: Дж. Буш, «Тәңірдің жоспары», БҰҰ, НАТО, көпжақты дипломатия, демократия, АҚШ, стратегия, реализм, прагматизм.
Мазмұны:

Кіріспе. ХХ ғасырдың 90-ж. осы күнге дейін АҚШ ықтималды бәсекелестерінің әскери-саяси үстемдігін басып озу бағытын ұстанып келді. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында АҚШ әскери шығындарын айтарылқтай қысқартты. Әскер санын (1,5 млн адамға дейін) қысқарту олардың сапасын – білім деңгейін және әскери дайындығын, техникалық жабдықталу деңгейін көтерумен қатар жүргізілді. Яғни, санын қысқартып, сапасын арттырды. Әскери қимылдарды жүргізуге мүмкіндік беретін әлеуетін арттыра отырып, АҚШ ядролық әлеуетінің негізін сақтап, жетілдіріп келеді. Бұл бағытта АҚШ ядролық қаруды одан әрі қысқарту жолында сақтықпен әрекет жасай отырып, оны қолдану стратегиясын қайта қарап, зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйелерін белсенді дамыту үстінде болды.

Бұл факторларХХ ғасырдың 90-ж. соңына қарай Америка Құрама Штаттарына өзінің ықтималды бәсекелестерінен тарихта бұрын соңды болмаған рекордтық деңгейде әскери-техникалық алға озып шығуды қамтамасыз етті. Бұл алғашығушылық, әскери қуатты жаһандық деңгейде арттыру мен құрылықта әскери қимылдарды жүзеге асырудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану деңгейінің жоғарылығымен сипатталады.

Кіші Дж. Буш кезіндегі АҚШ сыртқы саясатының идеологиясының негізі «неоконсервативті» болып, өз даму жолында бірнеше сатылардан өтті. Реализм, прагматизм доктриналарын АҚШ халықаралық аренада басты назарға алды. 

2001-2009 жылдар аралығында Дж. Буш әкімшілігі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптастқан халықаралық құқық және халықаралық институттар жүйесіне өзгерістер әкелетін шараларды іске асырды. Бұл экономика, саясат, әскери салаларда түбірлі өзгерістерге алып келді. 

Талқылау. Америка Құрама Штаттарына төнетін тікелейәскери қауіп пен оның әскери үстемдігі негізінде қалыптасқан қазіргі жағдайдың бірегейлігіне тоқтала келе, У.Пэрри мен «Превентивті қорғаныс» кітабының бірлескен авторлары АҚШ үшін ең маңызды фактор осы екі жағдайдың ұзақ жылдар бойы сақталуын қамтамасыз ету деп көрсетеді.

Америка тарихшысы А.Шлезингер АҚШ сыртқы саясаты мен жалпы тарихының «циклдық» сипаты туралы айтқан еді [1]. Буш билігі де кезекті циклды аяқтап, жаңа даму сипатының бастамасын қалады.

АҚШ сыртқы саясатына арналған ғылыми зерттеулерге тоқтала кетсек: кіші Дж. Буш билігі кезіндегі АҚШ сыртқы саясатының негізгі қағидалары мен тәжірибесінің қалыптасуына сараптама жасаған А.Вейсман, Дж. Д.Мур,-В. Слэйтер, А.Робертс еңбектері болып табылады [2]. Халықаралық қатынастардағы «саяси реализм» теориясына зерттеу еңбектерін арнағандар  X.Моргентау, Г.Киссинджер, Р.Нибур, Э.Басевич т.б. [3]. АҚШ сыртқы саясаты идеологиясының  қалыптасуында шешуші роль атқарған «неоконсерватизм» теоретиктері – Ж.Страус, И.Кристол, М.Дектер, Д.Муравчик, М.Новак, Д.Монихэн, Д.Киркпатрик, Н. Подгорец, У. Кристол, Р. Перл, Ф. Фукуяма еңбектерін көрсету керек [4]. АҚШ сыртқы саясаты халықаралық қатынастар теориясының негізін қалаушылар еңбектерінде де талқыланды. Олардың қатарына С. Хантингтон, 3. Бжезинский, К. Райе, А.Д. Богатуров, Е.П. Бажанов, A.B. Торкуновты жатқызамыз [5]. АҚШ-тағы саяси процестердің негізгі заңдылықтарын анықтайтын зерттеу еңбектеріне А. де Токвиль, Д. Кушман Койл, А. Шлезингер-младший, А.Г. Арбатов, Э.Я. Баталов, Н.В. Загладин, И.С. Иванов, Э.А. Иванян, A.A. Мишин, С.М. Рогов, В.В. Согрин, А.И. Уткин еңбектері жатады [6].

Деректері. АҚШ-тың атқарушы, заң шығарушы, соттық биліктерінің ресми құжаттары, АҚШ Ақ Үйінің, АҚШ Мемлекеттік Департаментінің, АҚШ Қорғаныс Министрлігінің, АҚШ Конгресінің ресми сайттарының материалдары және социологиялық зерттеу орталықтарының есептері мен статистикалық материалдары дерек ретінде пайдаланылды.

Әдістері. Жүйелілік, пәнаралық анализ тәсілдері қолданылды. Компаративтік, институционалдық, субъективтік ұстанымдар пайдаланылды. Бұл ұстанымдардың интеграциясы мен синтезі Дж.Буш кезіндегі АҚШ сыртқы саясатының себебін, генезисін, даму сатыларын сараптауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, халықаралық қатынастарды зерттеуде маңызды орын алатын контент-анализ және құжаттарға сараптама, саяси шынайылылықтың ақпарат құралдарында көрініс алуын бақылау тәсілі қолданылды.

Нәтижесі. ХХ ғасырдың 90-ж. соңына таман АҚШ сыртқы саяси стратегиясында бір-бірімен өзара байланысты екі ағым айқын көзге көрінді. Біріншісі, БҰҰ шеңберіндегі көпжақты ұжымдық шараларды бірте-бірте проамерикалық әскери-саяси одақтардың, ең алдымен, НАТО-ның қолдауымен біржақты түрдегі қимыл әрекеттерге көшіру болды. Алғашында, халықаралық қақтығыстарды реттеу мақсатында АҚШ «шабуылдаушы көпжақты дипломатия» концепциясын ұсынды [7]. Бұл концепцияның ең басты мақсаты БҰҰ-ның аясында бүкіл халықаралық қауымдастықтың ұжымды күш салуы арқылы «қырғи-қабақ» соғыс кезінде екі алпауыт мемлекеттің арасында қалыптасқан бәсекелестіктің орнын басу болатын. 1993 жылдың мамырында президент Клинтон БҰҰ-ның бітімгерлік потенциалын күшейтуге қолғабыс етуді және АҚШ тұрақты негізде БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін оның (БҰҰ-ның) оперативті басқаруына өзінің әскери контингентін беруді көздейтін № 13 директиваға қол қойды. Сол жылдары АҚШ БҰҰ-ның аясында жүзеге асырылған Сомали, Гаити және Босниядағы бітімгерлік операцияларға белсенді қатысты. Бірақ Сомали операциясының сәтсіздікке ұшырауы, Босниядағы қақтығысты реттеу барысында АҚШ пен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері (Ресей мен Қытай) арасында орын алған қайшылықтар тез арада АҚШ-ты «көптарапты шабуылдаушы дипломатия» принциптерінен бас тартуға және НАТО мен бұл құрылымдағы өзінің жеке күшіне арқа сүйеуге мәжбүр етті. 1994 жылдың жазына қарай аталмыш директива №24 директивамен алмастырылды. Бұл жаңа директиваның ең басты мақсаты БҰҰ-ның аясында іске асырылатын бітімгерлік операцияларға АҚШ-тың қатынасуы туралы қатаң талаптар қойды. Сонымен бірге, АҚШ БҰҰ-ның бітімгерлік күштерін және «НАТО сияқты құзырлы аймақтық ұйым» күштерін АҚШ-тың оперативті басқаруына берілуін де талап етті [8]. АҚШ-тың бұл қадамдарының оңды нәтижесі Босниядағы дағдарысты реттеу барысында өз көрінісін берді. Атап айтқанда, босниялық дағдарыс тек НАТО-ның іс жүзінде әскери бақылауы арқылы жүзеге асырылды, ал мұндағы БҰҰ-ның қатынасуы тек формалды сипатта болды.

АҚШ-тың біржақты (немесе НАТО шеңберінде) іс-қимылдары бұл елдің сыртқы саяси құралдарының арсеналында күштеу шараларының артқандығын көрсетеді. АҚШ сыртқы саясаты теоретиктерінің бірі С.Хантингтон бұл жөнінде: «Соңғы жылдары АҚШ біржақты түрде келесі мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылды: өзге елдерді америкалық нормаларды және адам құқықтарының америкалық стандарттарын қабылдауға мәжбүрлеу; қарапайым қару түрлері бойынша АҚШ-тың үстемдігіне нұсқан келтіретін жағдайды, өзге ықтималды бәсекелес бола алатын елдердің әскери әлеуетінің артуына жол бермеу арқылы алдын алу; басқа елдерге қатысты америкалық заңнамаларды экстерриториялдық негіде қолдану; адам құқығы, есірткі саудасы мен терроризмге қарсы күрес, ядролық қару мен зымырандық технологияларды таратпау, сондай-ақ діни бостандықтарды; аталмыш стандарттарды сақтамайтын елдерге қарсы санкцияларды қолдануда америкалық стандарттарға беріктігіне қарай өзге елдерді рангілеу... АҚШ-тың тікелей мүдделеріне қарсы келмейтін жергілікті қақтығыстарға араласу; басқа елдердің қару-жарақ сатудағы ұмтылыстарына тосқауыл қоя отырып, америкалық қару-жарақтың экспортын арттыру; НАТО құрамына Польша, Чехия, Венгрияны қабылдау арқылы альянсты ұлғайту», - деп көрсетеді [9].

АҚШ арсеналындағы күштеудің негізгі құралы – экономикалық санкциялар мен әскери араласулар болды. Мысалы, 1993-1996 жылдар аралығында АҚШ біржақты түрде 35 елге қатысты экономикалық санкцияларды 65 рет қолданды. Бірақ АҚШ-тың біржақты экономикалық санкцияларының пәрменділігі төмен немесе, кейде АҚШ экономикасына айтарлықтай зиян алып келді. ХХ ғ. 90-ж. АҚШ әскери күшті алты ірі әскери операцияда (ХХ ғ. 80-ж. салыстырғанда екі есе жиі), Ауғанстан, Судан және Ирактағы бомбалық соққыларда пайдаланды. АҚШ тарапынан әскери күш қолдану қоқан-лоқылары, Солтүстік Корея (1994 ж.) мен Қытайға (1996 ж.) қатысты алаңдаушылықтар болды.

ХХ ғасырдың 90-ж. АҚШ сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында америкалық сауда экономикалық мүдделерді алға бастыру болды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл ілгері жылжуға «қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуы негіз қалап берді. Аталмыш кезеңде АҚШ әкімшілігі сауда-экономикалық мүдделерді ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланыстырады. Сонымен бірге, әлемдік экономиканың қарқынды жаһандануы, АҚШ-тың алдына әлемдік нарықта америкалық тауарлардың бәсекелестігін арттырып, сыртқы нарықтарға шығуды жеңілдету мен күн санап бір-бірінен өзара тәуелділігі артып келе жатқан жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің тұрақтылығын нығайту арқылы осы үрдіске белсенді түрде бейімделу міндеті тұрды.

Қазіргі кезде бірқатар сарапшылардың пайымдауы бойынша АҚШ-тың әлемдік экономикадан тәуелділігі ұдайы артып келеді. АҚШ әлемдегі ең ірі экспортер (мысалы, 2018 жылы Америка экспорты күніне 2млн баррелді құрады) болып табылады [10]. АҚШ-тың сыртқы сауда айналымына ішкі жиынтық өнімнің үштен бірі келеді және бұл салада 15 млн жұмыс орны бар. АҚШ жетекшілігі әрдайым мақтанышпен атап өтетін экономикалық өркендеу тікелей әлемдік экономиканың ырықсыздану деңгейіне байланысты. Бірақ АҚШ үшін интергациялық процестердің маңызы бұл елдің экономикалық мүдделері ауқымынан әлдеқайда шығып жатты. ХХ ғ. 90-ж. тәжірибесі көрсеткендей, нарықтардың, жеке кәсіпкерліктің ашықтығы мен бұл саланы құқықтық реттеу бұл процеске тартылған елдердің экономикалық (содан соң саяси) тәртібінің гегемонизациясының ырықсыздануы принципі негізіндегі халықаралық интеграция, америкалық түсінік бойынша «еркіндік пен демократия аймақтарының» кеңеюіне алғышарттар қалыптастырады. АҚШ-тың «Ұлттық Қауіпсіздік стратегиясында» көрсетілгендей «экономикалық тұрақтылық пен өсу еркін нарықтарды тарату мен оларды жаһандық экономикаға интеграциялау үшін қажет» [11]. Сонымен бірге бұл құжатта «Салауатты жаһандық экономика үшін қажетті шарттар, демократиялық бостандықтарды нығайтады. Бұл дегеніміз – идеялар және ақпараттармен емін-еркін алмасу, шекаралардың ашықтығы мен еркін жүріп-тұру заңының өктемділігі және тұтынушылардың құқықтарын қорғауда әділ қолданылуы, білікті және кәсіби жұмыс күші»,-деп атап өтілген [12]. Басқаша айтқанда, экономиканың жаһандануы аталмыш көзқарасқа сәйкес, Американың пайдасына қолануға болатын демократизацияның үлкен потенциалын өз бойына жинақтаған.

Сонымен бірге іс жүзінде бұл процестің қауіпті жақтары бар екендігін естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, өзара тәуелділік жағдайында әлемдік қаржы жүйесінің нашарлығының арта түсуі – бір-бірімен сауда соғысы жағдайында тұрған аймақтық деңгейде тұйықталған сауда-экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Сондықтан, АҚШ ең қуатты экономикалық алпауыт мемлекет ретінде басқа елдермен салыстырғанда сауданың еркіндігі мен әлемдік экономиканың тұрақтылығына мүдделі. Осы мақсатқа жету үшін АҚШ іс жүзінде, жаңадан қалыптасып келе жатқан жаһандық жүйені ұйымдастырушы ядро және осы жүйені қорғаушы рөлін өзіне міндет етіп қабылдады. АҚШ аталмыш жүйені өзінің ұлттық мүдделеріне толық жауап беретін принциптер негізінде құруға ұмтылыс танытып келеді. Әскери-саяси саладағы сияқты АҚШ «бірполярлы сәтті» өзіне тиімді экономикалық әлемдік тәртіптің негізін көп жылдарға алдын ала қалап алмақшы. Бұл орайда президент Б.Клинтон: «Біз әлемде үстемдік етіп отырмыз, бірақ бұл жағдай мәңгілік емес, демек, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі, жаһандық позициялары және экономикалық сәттілігі үшін біз Американы әлемде пайда болып жатқан барлық сауда тораптарының кіндігіне айналдыруымыз қажет»,- деген болатын [13].

Айтқандай-ақ, ХХ ғасырдың 90-ж. орта шеніне қарай, оның бастамаларымен құрылып жатқан ірі аймақтық бірлестіктерде АҚШ өзінің шешуші рөлін иеленді. Әсіресе, АҚШ белсенділігі Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағында және осы іспеттес АТА (АТР) аймағында ерекше көзге түседі. АҚШ жоспары бойынша АТА 2020 жылға дейін АТЭЫ (АТЭС) елдерін түгелдей қамтуы тиіс. Экономикалық интеграция меійлінше дамып, қарқын алып отырғанда, АҚШ өзі 1995 жылы мұрындық болған «Трансатланттық күн тәртібі» (1998 жылы «Трансатланттық экономикалық әріптестікке» ұласқан) бағдарламасының арналары арқылы белсенді араласуда. АҚШ бұл бағытта болашақта ұзақ мерзімге есептелген трансатланттық еркін сауда аймағын құруды көздейді. Осындай шаралардың арқасында АҚШ әлемдегі негізгі аймақтық сауда-экономикалық бірлестіктермен болашақта ынтымақтастық көпірін қалыптастырады деп айтуға толық негіз бар. Бұл орайда, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы М.Олбрайт: «Америка мүддесіне жұмыс істейтін жаһандық экономикалық жүйені қалыптастыру, АҚШ сыртқы саясатының таяудағы маңызды міндеттерінің біріне санады»,-деген болатын [14].

Өзін әлемдік қаржы тұрақтылығының ең басты кепілі ретінде таныта отырып, АҚШ мексикалық песоны (1994-1995 жж.) құтқаруда шешуші роль атқарды, сондай-ақ, ХВҚ (МВФ)-мен бірлесе отырып, аймақ елеріне көпмиллиардты несие беру арқылы АҚШ Азиядағы қаржы дағдарысының нәтижелеріне төтеп беруге атсалысты. Сонымен қатар, 2002 жылы Аргентинада орын алған экономикалық коллапспен күресуге қол ұшын беріп, 1998 жылы АТЭЫ (АТЭС) елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері жетекшілерінің тұрақты әрекет жасаушы форумын ұйымдастыруда бастамашы болды.

Бұдан өзге АҚШ тарифтер мен сауда жөніндегі көптарапты келіссөздердің уругвайлық кезеңін жылдамдатып, әлемнің негізгі аймақтарының елдерін біріктіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуына белсенді атсалысты. 1993-1998 жж. АҚШ әртүрлі елдермен өз тауарларының сыртқы нарықтарға түсуін жеңілдететін жалпы саны 240 сауда келісімін жасады [15]. Осы мақсатта АҚШ өзінің ең басты сауда бәсекелесі болып табылатын Жапония мен Қытайға айтарлықтай қысым жасауға дейін барып, бұл өз кезегінде соңғысының ДСҰ-ға кіруіне әкеліп, Америка бизнесі өткен ғасырда «ашық есік» доктринасын жариялаудан бері көксеп келген теңдесі жоқ нарықтың ашылуына әкеліп соқтырды. Американың ғылыми-техникалық артықшылығының негізін қалайтын жаңа ақпараттық технологиялар саласында авторлық құқықтарды қорғауда Вашингтон белсенді соғыс жүргізді. ЕО-мен және Жапониямен де сауда соғыстары орын алды.

Америка дипломатиясының «коммерциялануы» АҚШ-тың дипломатиялық аппаратының ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрудан көрініс берді. АҚШ президентінің атқарушылық басқармасында «Ұлттық экономикалық кеңес пен экспорттық стратегияның ведомстволық орталығы құрылды, ал мемлекеттік департаментте, қорғаныс министрлігінде арнайы сауда экономикалық бөлімшелер» пайда болды.

АҚШ-тың экспорттық стратегиясының маңызды бөлігі болашағынан үлкен үміт күтуге болатын ондаған ұлттық – Қытайдың (Гонконг пен Тайваньды қоса), Үндістанның, Индонезияның, Оңтүстік Кореяның, Мексиканың, Бразилияның, Аргентинаның, Польшаның, Түркияның және Оңтүстік Африканың нарықтарын мақсатты түрде жаулап алу болып табылады.

АҚШ-тың қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси стратегиясының үшінші мақсатты жоспары (елдің гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар) әлемде демократияны алға жылжыту болып табылады. Америкалық нұсқа бойынша әлемді демократиялық жағынан қайта құру баяғыдан бері АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі белгілерінің бірі болғандығына қарамастан, бұл міндеттерді саясат деңгейіне дейін көтеру соңғы жылдардағы елдің халықаралық жүйе мен тәртіпке ұмтылыс танытқан жаңалықтарының бірі болып саналады. Алғаш рет «әлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясын» Ақ үй 1993 жылы «тежеу» стратегиясының орнын басу мақсатында ұсынған болатын. Аталмыш стратегияда («Әлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясы») нарықтық демократиялар қауымдастығын нығайту, жас демократиялы елдерді өсіру, топтастыру және антидемократиялық режимдерге қарсы тұру. Соңғы жылдары алға қойылған міндеттер біршама өзгерістерге ұшырағанымен, демократияны ілгері бастыру АҚШ сыртқы саясатының маңызды ірі басымды саласы болып отыр.

Америка үшін дәстүрлі болып табылатын демократияны тарату мейілінше қолайлы және қауіпсіз ортаның ұлғаюын білдіреді деген сенім соңғы уақытта «демократиялық әлем» мектебі тарапынан қосымша қолдауға ие болды. Бұл сенімнің негізгі постулаты демократиялық құрылымды мемлекеттер бейбітшілік сүйгіш болып келеді деген көзқарасқа негізделген. ХХ ғасырдың басында президент В. Вильсон мен оның жақтастары «демократия үшін дүниені қауіпсіз ету» деген идеалистік заңды ұсынса, қазіргі заманғы вильсоншылдар мейілінше прагматикалық мақсатты – демократияның көмегімен дүниені қауіпсіз етуді көксейді.

«Демократияны ілгерілетудің» екінші бір негіздемесі – «қырғи-қабақ» со,ыс пен коммунистік жүйенің күйреуінен соң әлемде батыстық демократияның серпінді дамудың бірден-бір жұмыс істеуші моделі болып табылады деген ұстаным. Олар (батыстық демократиялық модельді жақтаушылар) барлық елдер бұл модельге өздерінің мәдени және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ұмтылулары керек деген көзқарасты берік ұстанады. Мәне осылай, АҚШ-тың ірі либералды-демократиялық қуатты мемлекет ретіндегі миссиясы демократияның жаһандық үдерісін ынталандырып, оны бағыттаудан көрініс береді. Аталмыш рөлдің белсендірілуі айтарлықтай деңгейде ұлан-байтақ посткеңестік кеңістіктің пайда болуына алып келді. Бұл мәселені кеңінен талқылайтын болсақ, онда демократияны ілгерілету көптеген құрамды бөліктерден тұратын кешенді іс-қимыл бағдарламасы ретінде қарастырылады. Оның құрамына әскери-саяси және экономикалық шаралар жатады. Мысалы, НАТО-ның ұлғаюы осы бағыттағы мағызды реформа ретінде түсіндіріледі. Демократияландыру мен экономикадағы нарықтық реформаларға және экономикалық интеграцияларға қолдау көрсету жас демократиялық елдерді топтастырудың алғышартымен тығыз байланыстырылады.

Тар ауқымда алғанда, АҚШ-тың сыртқы саясатында «демократияны ілгерілету» дегеніміз – бірқатар министрліктер мен ведомстволардың америкалық нормалар мен демократиялық институттарын басқа елдердің заңнамалары мен тәжірибелеріне енгізу. Бұл жерде осы мақсаттарды жүзеге асыратын негізгі құрал адам құқықтарын, ашық, әрі таза сайлаулардың өткізілуін, азаматтық қоғамды нығайту және режимдер мен мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін қамтамасыз ету бағытында техникалық және қаржылай көмек көрсететін «Халықаралық даму агенттігі» болып табылады.

«Демократиялық ноу-хауды» тарату жұмыстарына АҚШ-тың өзге де мемлекеттік мекемелері (әділет және қорғаныс министрліктері мен мемлекеттік департамент), сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, соның ішінде кәсіподақтар қатысады. ХХ ғасырдың 90-ж. мемлекеттік аппараттың әртүрлі деңгейлерінде бұл қызметтің институционализациясы іске асырылды: Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер бөлімдері, мемлекеттік департаментте – демократия, адам құқықтары және еңбек (мемлкеттік хатшының жаһандық мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарына бағындырылған) бюролар пайда болды. 1993-1994 ж. Клинтон әкімшілігі елдік принциптерден функционалды принциптерге көше отырып, шетелдерге көрсетілетін бүкіл көмектің барлық құрылымын өзгертуге әрекет жасады. Бұл көмектік бағыттардың бірі «демократияны құруға» тиісті болды. Бірақ реформа АҚШ конгресінде қолдау таппағандықтан, осы саладағы әртүрлі жоспардағы әрекеттерді үйлестіру мәселесінің көпшілігі осы күнге дейін өз шешімін таппай келеді.

Америкалық сарапшылардың пікірінше, «демократияны ілгерілетудің» ресми мәртебесінің жоғарылығына қарамастан, бұл концепцияны АҚШ сыртқы саяси стратегиясындағы әскери-саяси және экономикалық шаралармен теңестіруге келмейді. Бұл аталмыш концепцияның жұмсақтығы, нақты белгілері мен анықталған мақсаттарының болмауы, сондай-ақ оның «кеңестік қатерді тежеу» концепциясымен салыстырғанда жұмылдыру күшінің жеткіліксіздігі кедергі келтіруде. Не қоғамдық пікір, не АҚШ-тың элиталық топтары «демократияны ілгерілету» концепциясын елдің сыртқы саясатының басымды бағыты ретінде қабылдамайды.

Аталмыш концепцияны іс жүзінде жүзеге асыру шектеулі күйінде қалуда. Мұның басты себебі, АҚШ өзінің іс-әрекеттерінде дәстүрлі геосаяси немесе экономикалық себептерді жиі басшылыққа алады. Мұны жарқын мысалы ретінде – 1994 жылы Қытайға бұл елдегі адам құқықтарының жаппай аяққа тапталғандығына қарамастан, мейілінше қолайлы режим беру, сондай-ақ, АҚШ-тың стратегиялық одақтастары – Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия және бірқатар елдермен оларда авторитарлы режимдер билікке отырғандығына қарамастан, тығыз қатынаста болуын келтіруге болады.

2000 жылы Жаңа америкалық жүз жылдық жобасының мүшелерінен тұрған топ «Американың қорғаныс қабілеттілігін қалпына келтіру: Жаңа ғасырдағы стратегия, қарулы күштер және ресурстар» атты қазіргі кезде америкалық экономикалық және әскери артықшылық, жауап қайтарудың орнына аймақтық жағдайларды «тудыру», «бейбітшілік аймағын» құру туралы жағдайларымен белгілі трактат шығарды. Сонымен бірге онда Буштың екінші әкімшілігінің саяси мақсаттарына айналған ұсыныстар да бар еді: қорғанысқа шығынды өсіру, қарулы күштерді қайта құру және оны әлемнің кез-келген ауданына жеткізу мүмкіндігін кеңейту, тактикалық ядролық қару жұмысын дамыту, неоконсерваторлар үшін маңызы зор ғаламдық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жасап шығару және Американың қолын Парсы шығанағына жеткізу. Бұл жұмыста алғаш рет тек халықаралық қауіпсіздікке ғана емес, АҚШ-тың өзіне де қауіп төндіріп отырған үш ел атап көрсетілді: «Біз Солтүстік Корея, Иран, Ирак және сондай мемлекеттерге американың жетекші рөліне нұсқан келтіруге, Америка одақтастарын үрейлендіруге және америкалық отанға қауіп төндіруге жол бере алмаймыз»[16].

2001 жылдың 11 қырқүйектегі Вашингтон стратегияларының басымдылықтарын күрт өзгертіп, алдыңғы орынға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері шықты. Мемлекетті өзін-өзі сақтау мақсатының, оның даму мақсатынан алда тұратындығы туралы концепция нақтыланды. Буш әкімшілігі үшін 11 қырқүйек «ХХІ ғасырдың Перл-Харборы» іспеттес еді. 11 қырқүйекке дейін кіші Буш әкімшілігінің сыртқы саясаты «АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне» сүйенсе, осы ұлттық қайғыдан кейін Вашингтон «бүкіл батыс өркениетіне тән еркіндік пен демократия идеялдарына» мойын бұрды. Ендігі жерде басты мақсат Ресей мен Қытай сияқты стратегиялық бәсекелестердің күшеюіне жол бермеуден гөрі, халықаралық лаңкестікпен күреске ауысты [17]. Халықаралық лаңкестік әрекеттерін АҚШ жылдам, шешуші және аяусыз шараларды талап ететін соғыстың жариялану қадамы ретінде қарастырды. 11 қырқүйектен кейін АҚШ бес негізден құралған ғаламдық стратегиясын жариялады:

Бірполярлы әлемді ғана мойындау, онда АҚШ-қа тең келетін бәсекелестің жоқтығы; Ешбір тежеу туралы сөз де болуы мүмкін емес. Ядролық зымырандар ешкімді тежемейді. «Қайтарымды жауап» жөнінде сөз де болуы мүмкін емес; Суверенитет түсінігін қайта қарастыру жөн. Лаңкестерді «тежеу» мүмкіндігі жоқтығынан, АҚШ бұрынғыдай мемлекеттік шекараларды сақтамай-ақ барлық жерде соққы беруге дайын болу керек. Мемлекеттік департаменттегі жоспарлаудың орынбасары Р. Хаас жария еткендей: «Егемендік жауапкершілікті талап етеді. Осы жауапкершіліктердің бірі – өз халқының жойылуына жол бермеу. Ендігі біреуі – лаңкестіктің таралуына жол бермеу. Шекаралар шеңберінде болып жатқанға үкіметтер жауапты. Егер олар осы міндеткерлігін орындай алмаса, егемендік артыұшылығынан айырылады. Басқа үкіметтер, соның ішінде АҚШ үкіметі суверинитетті бұзу, негізінен, өзін-өзі қорғау мақсатында алдын алу соққысын беру құқығына ие болады»; Одақтар шектеулі құндылықтарға ие. Бұл жағдай 1999 жылы 90 пайыз әскери ауыртпалық АҚШ-қа түскен Косовода және шешім қабылдаудың консенсустық механизмі бар НАТО Вашингтон сұраған минималды көмектің өзін бере алмаған Иракта көрініс тапты. Осыған орай АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфельд бір сұхбатында: «Миссия сипатын коалиция емес, керісінше коалиция сипатын миссия анықтап береді»,-деген болатын; Ирак дағдарысы көрсеткендей, АҚШ үшін ендігі ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету мен демократия мен адам құқықтарын тарату үшін БҰҰ-ның қолдауы қажет емес. Осы ұйымға деген қаржылық жарнасын пайдалана отырып, БҰҰ механизмін өзіне бағындырмақшы [18].

Алғашқы кезде Буш тек Иракка қарсы әрекеттерді талқылауға түсірсе, ұлтқа деген жолдауындағы әйгілі «Зұлымдық осі» туралы сөзінде «Ұлттық қауіпсіздіктің президенттік проектісін сынады». Иран, Солтүстік Корея мен Иракты бөліп көрсетіп, Президент Буш лаңкестікті демеп отыратын режимдер бұдан былай әкімшіліктің нысанасына тап болады деді. Ал химиялық, бактериологиялық және ядролық қару соғыс бастауға формальды себеп болады деп жария етілді.

2002 жылдың көктемінде әкімшілік көп ұзамай «Буш доктринасы» деген атқа ие болған жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жасап шығарды. Стратегияға екі ерекшелік тән. Біріншісі, түбірлі сипатта болып, Америка лаңкестік ұйымдар мен оларды қолдаушы елдер арасын бөлмейтінін түсіндірді. Үмітін ақтамаған елдер (Йемен, Судан) дұшпан режимдер («зұлымдық осі» елдері және Сирия, Ливия, Куба) БҰҰ-мен егеменді мемлекеттер ретінде танылғанымен, америкалық заң алдында жауапты болды. Екіншісі болса, «америкалық отанды қорғаудағы» АҚШ-тың алдын алу әдістерін қолдануға деген құқығын бекітті. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық нормалар мен ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келген ұлттық қауіпсіздік саясатынан мүлдем өзгеше еді. Көп ұзамай мұның бәрі 2002 жылы 20 қырқүйекте жарық көрген «Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» сипат тапты. Бұл стратегия 1648 жылдан бері халықаралық қатынастарға жетекшілік етіп келген ағымдағы әлемдік тәртіпті тікелей сынға алған құжат болды. Республикалық партияның ұлттық партиялық платформасының өзінде былай жарияланған: «Республикалық әкімшілік америкалық гегемония кезеңін сапалы жаңа болашақты қамтамасыз ету үшін барынша қолданады» [19]. Осылайша, республикалықтардың ғаламдық жаңа стратегиясы милитаризацияланып, онда «гегемон саясаты» анық көзге көрінеді. «Буш доктринасы» бойынша, артықшылық шабуылдаушы жағында.Кең мағынада: иницативаны өз қолына алу шабуыл жасаушы жаққа потенциалды қарсыласқа өз ерігі мен әрекет әдістерін мәжбүрлеуге мүмкіндік береді. Құжаттың басты сөздері – «қорғаныстың ең жақсы формасы, жақсы шабуыл болып табылады».

Дж. Буш мемлекет басшысы ретінде өз миссиясы мен Америка миссиясын «Тәңірдің жоспары» деп атады [20]. Буш доктринасын сипаттай отырып, оны АҚШ-тың халықаралық жағдайға қайтарған жауабы деп ескере кетсе болады. Демократия және либерализм сол қалпынада АҚШ сыртқы саясатының басты құрамдас бөлігі ретінде қалды. Стратегияны қалыптастырғандардың пікірінше, Иракты азат еті Ирак қоғамын жақсартып қана қоймай, Таяу Шығыстың басқа елдеріне де оң әсерін тигізеді. Саддам режимін жою қажеттілігі Ирак қоғамындағы адам құқығын аяққа басуымен және көршілес елдерге тудырып отырған қаупімен түсіндіріледі. Америка идеологтары Ирак режимін демократиялық режиммен алмастыру аймақтың басқа елдеріне де домино эффектісін қолдандырады деген сенімде. Ирактағы әскери әрекеттердің басында президент Буш ашық түрде лаңкестікті сырттан қолдауға жол бермейтіндігін анық көрсетті. Соғыстан кейін Ақ үй әкімшілігі «еркін Ирак бүкіл Таяу Шығысқа прогрестің ілгерілеуіне мысал болуы мүмкін» деп мәлімдеді [21]. Дж. Буш «ғаламдық демократиялық революцияға» ықпалдасуы тиіс «жаңа сыртқы саясатты» жариялай отырып, оның астамасы Иракка қарсы агрессия болды. Осы контексте У.Кристол мен Л.Капланның «Ирак үшін соғыс» кітабында келтірілген пайымдауларды тағы да бір рет ой елегінен өткізген жөн. Атап айтқанда, «Мссия Бағдадта басталғанымен, онда аяқталмайды. Біз жаңа тарихи дәуір бастамасында тұрмыз. Бұл шешуші маңызы бар сәт. Бұл жерде сөз тек Ирак жөнінде ғана емес екені айқын. Сөз тіпті Таяу Шығыстың болашағы мен террормен күрес жөнінде емес. Сөз Америка Құрама Штаттары ХХІ ғасырда ойнауы тиіс рөл жөнінде» [22].

Қорытынды. Жоғарыда аталып кеткен Ұлттық Қауіпсіздік стратегиясы жария етілгеннен бері, кіші Буш әкімшілігінің «жаңаша құжаты» ретінде аталып, танылып келеді. Бұл «жаңалық», негізінен, келесі төрт пунктен айқын көрінеді: а) ҰҚС жаппай қыру құралдарын жасап шығаруға талпынатын дұшпан мемлекеттер мен террористік топтарға қарсы алдын ала қорғаныс (превентивті) әскери әрекеттерін жүзеге асыруға шақырады; ә) АҚШ бірде-бір шет ел державасының өз ғаламдық әскери күшіне қарсы шығуына жол бермейтіндігі айтылады; б) көпжақты халықаралық ынтымақтастық жөнінде айтыла отырып, «қажет болған» жағдайда АҚШ ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында «іркілместен бір жақты әрекеттерге көшеді»; в) демократия мен адам құқығын барлық жерде, ең алдымен мұсылман әлеміне тарту басты мақсат ретінде жарияланады [23].

Пайдаланған әдебиет тізімі

1. Шлезингер А. Циклы американской истории. - М.: Прогресс, 1992. - С. 406.

2. Weisman A. Prince of Darkness: Richard Perle: The Kingdom, the Power & the End of Empire in America. Union Square Press. New York: Union square press, 2008. - 289 pp.; Moore J., Slater W. Bush's Brain: How Karl Rove Made George W. Bush Presidential. N. J.: Wiley, 2003. - 339 pp.

3.Моргентау Г. Международная политика //Антология мировой политической мысли. М., 1997.; Киссинджер Г. Дипломатия. М.: Ладомир, 1997. - 848 с.; Niebuhr R. Moral Man and Immoral Society: A Study of Ethics and Politics (Library of Theological Ethics). University of Chicago Press, 2008. Bacevich A.-J. Washington rules. America s path to permanent war. — New York: Metropolitan books, 2010. 286 pp.

4. Strausz-hupe R. The Politics of the Nuclear Freeze / Foreign Policy Research Institute. 1984.; Muravchik J. The Future of the United Nations. Understanding the Past to Chart a Way Forward. AEI Press (Washington). September 2005.; Kirkpatrick J-J. Dictatorships and Double Standards: Rationalism and Reason in Politics. 1983.; Muravchik J. The Future of the United Nations. Understanding the Past to Chart a Way Forward. AEI Press (Washington). September 2005.; Fukuyama F. America at the Crossroads: Democracy, Power, and the Neoconservative Legacy. New Haven: Yale University Press. 2006). - 226 pp.

5.  Huntington S.-P. The Clash of Civilizations? // Foreign Affairs. 1993. №3. P. 22-49.; Бжезинский 3. Великая шахматная доска. М.: Международные отношения, 2000. - 254 с.; Бажанов Е. П. Актуальные проблемы международных отношений РФ.-М., 1999.;

6. Токвиль А. Демократия в Америке. М.: Весь мир, 2000. - 559 с.; Шлезингер А. М. Циклы американской истории. М., Прогресс. 1992.-688 с.; Арбатов А.Г. Безопасность: российский выбор. М., ЭПИцентр, 1999.-525 с.;Согрин В.В. Политическая история США 17 20 вв. - М.: Весь мир, 2001.-391 с.; Рогов С.М., Золотарев П.С., Есин В.И. Многосторонняя система ядерного контроля и нераспространения: новые подходы к стратегической стабильности в XXI веке. М., 2006.;  Уткин А. И. Большая восьмерка: цена вхождения. М., 2006.

7. Шаклеина Т. Что нужно миру: стратегия войны или стратегия мира?// США-Канада: экономика, политика, культура.– 2006. - № 1. – С. 4.

8. Баталов Э.Я. Мировое развитие и мировой порядок. Анализ современных американских концепций. – М., 2005.

9. Huntington S. The Lonely Superpower//Foreign Affairs. – 1999. – March-Aprill. – P.39.

10. Гаджиев К. Демократическое и имперское начала во внешнеполитической стратегии США// Мировая экономика и международные отношения. 2007, № 8. С. 41.

11. http: www. mnweekly.ru/article­_06/7685_html

12. Стратегия национальной безопасности США: новая эра/ Внешняя политика США. Электронная версия журнала госдепартамента США на рус. яз. Т. 7. № 4.//htpp:www.usinfo.state.gov/journals/itps/1202/ijpr1202.htm.

13. Торкунов А.В. Внешнеполитическая стратегия США после холодной войны. – М., 2000. – С. 165.

14. Американский глобальный пирог или что стоит за стратегией мирового лидерства США// htpp: www.liga.net/smi/show.html?id=75795.

15. Манто М. Доктрина Буша: происхождение, развитие, альтернативы //htpp: www. namakon.ru/articles.php?list=78id=103&p

16. Еще раз о внешней политике Президента Буша-младшего// htpp:www.namakon.ru/pis/article/25.doc.

17.Американский глобальный пирог или что стоит за стратегией мирового лидерства США//htpp:www.liga.net/smi/show.html?id=75795

18. Терентьев А. «Новый мировой порядок» США или Европеиское мироустройство? //Мировая экономика и международные отношения, 2003. - № 7. – С№ 32.

19. htpp: www. whietehouse.gov Major Speeches.

20. Бэйлс К. Международная безопасность после Ирака// Мировая экономика и международные отношения. 2005. № 10. С. 71.

21. Гаджиев К. Демократическое и имперское начала во внешнеполитической стратегии США //Миpовая экономика и международные отношения. 2007. – № 8. – С.41.

22. Moore J., Slater W. Bush's Brain: How Karl Rove Made George W. Bush Presidential. N. J.: Wiley, 2003. - 339 pp.

23. Bacevich A.-J. Washington rules. America s path to permanent war. — New York: Metropolitan books, 2010. 286 pp.

References

1. Schlesinger A.Tsikly amerikanskoy istorii. - M.: Progress, 1992. - S. 406.

2. Weisman A. Prince of Darkness: Richard Perle: The Kingdom, the Power & the End of Empire in America. Union Square Press. New York: Union square press, 2008. - 289 pp.; Moore J., Slater W. Bush's Brain: How Karl Rove Made George W. Bush Presidential. N. J.: Wiley, 2003. - 339 pp.

3.Morgentau G. Mezhdunarodnaya politika // Antologiya mirovoy politicheskoy mysli. М., 1997.; Kissindzher G.Diplomatiya.М.: Ladomyr. 1997. - 848 s.; Niebuhr R. Moral Man and Immoral Society: A Study of Ethics and Politics (Library of Theological Ethics). University of Chicago Press, 2008. Bacevich A.-J. Washington rules. America s path to permanent war. — New York: Metropolitan books, 2010. 286 pp.

4. Strausz-hupe R. The Politics of the Nuclear Freeze / Foreign Policy Research Institute. 1984.; Muravchik J. The Future of the United Nations. Understanding the Past to Chart a Way Forward. AEI Press (Washington). September 2005.; Kirkpatrick J-J. Dictatorships and Double Standards: Rationalism and Reason in Politics. 1983.; Muravchik J. The Future of the United Nations. Understanding the Past to Chart a Way Forward. AEI Press (Washington). September 2005.; Fukuyama F. America at the Crossroads: Democracy, Power, and the Neoconservative Legacy. New Haven: Yale University Press. 2006). - 226 pp.

5.  Huntington S.-P. The Clash of Civilizations? // Foreign Affairs. 1993. №3. P.22-49.; Bzhezinskiy Z.Velikaya shakhmatnaya doska. М.: Mezhdunarodnyye otnosheniya.2000. - 254s.; Bajanov E.P. Aktual'nyye problemy mezhdunarodnykh otnosheniy RF.-М., 1999.;

6.Tokvil' A. Demokratiya v Amerike. М.: Vesmir, 2000.-559 s.; Shlezinger A. M. Tsiklyamerikanskoyistorii. М., Progress. 1992.-688 s.; Arbatov A.G. Bezopasnost': rossiyskiyvybor. М., EPItsentr,1999.-525 s.;Sogrin V.V. Politicheskayaistoriya SSHA 17 20 vv.- М.: Ves' mir, 2001.-391 s.;  Rogov S.M., Zolotarev P.S., Yesin V.I. Mnogostoronnyaya sistema yadernogo kontrolya i nerasprostraneniya: novyye podkhody k strategicheskoy stabil'nosti v XXI veke. М., 2006.;  Utkin A. I. Bol'shaya vos'merka: tsenavkhozhdeniya. М., 2006.

7. Shakleina T. Chtonuzhnomiru: strategiya voyny ili strategiya mira? // SSHA-Kanada: ekonomika, politika, kul'tura.– 2006. - № 1. – S. 4.

8. Batalov E.YA. Mirovoye razvitiye i mirovoy poryadok. Analiz sovremennykh amerikanskikh kontseptsiy. – М., 2005.

9. Huntington S. The Lonely Superpower//Foreign Affairs. – 1999. – March-Aprill. – P.39.

10. Gadzhiyev K. Demokraticheskoye  i imperskoye nachala vo vneshnepoliticheskoy strategii SSHA // Mirovaya ekonomika i mezhdunarodnyye otnosheniya. 2007, № 8. S. 41.

11. http: www. mnweekly.ru/article­_06/7685_html

12. Strategiya natsional'noy bezopasnosti SSHA: novaya era / Vneshnyaya politika SSHA. Elektronnaya versiya zhurnala gosdepartamenta SSHA na rus.yaz. T. 7. № 4. // htpp:www.usinfo.state.gov/ journals/itps/1202/ijpr1202.htm.

13. Torkunov A.V. Vneshne politicheskaya strategiya SSHA posle kholodnoy voyny. – М., 2000. – S. 165.

14. Amerikanskiy global'nyy pirog ili chto stoit za strategiyey mirovogo liderstva SSHA // htpp: www.liga.net/smi/show.html?id=75795.

15. Manto M. Doktrina Busha: proiskhozhdeniye, razvitiye, al'ternativy //htpp: www. namakon.ru/articles.php?list=78id=103&p

16. Yeshcheraz o vneshneypolitike Prezidenta Busha-mladshego // htpp:www.namakon.ru/pis/ article/25.doc.

17. Amerikanskiy global'nyy pirog ili chto stoit za strategiyey mirovogo liderstva SSHA // htpp:www.liga.net/smi /show.html?id=75795

18. Terent'yev A. «Novyy mirovoy poryadok» SSHA ili Yevropeiskoye miroustroystvo? //Mirovaya ekonomika i mezhdunarodnyye otnosheniya. 2003. - № 7. – S. 32.

19. htpp: www. whietehouse.gov Major Speeches.

20. Beyls K. Mezhdunarodnaya bezopasnost' posle Iraka // Mirovaya ekonomika  imezhdunarodnyye otnosheniya. 2005. № 10. S.71.

21. Gadzhiyev K. Demokraticheskoye i imperskoye nachala vo vneshnepoliticheskoy strategii SSHA // Mipovaya ekonomika i mezhdunarodnyye otnosheniya. 2007. – № 8. – S.41.

22. Moore J., Slater W. Bush's Brain: How Karl Rove Made George W. Bush Presidential. N. J.: Wiley, 2003. - 339 pp.

23. Bacevich A.-J. Washington rules. America s path to permanent war. — New York: Metropolitan books, 2010. 286 pp.

Мырзабеков М.С.,к.и.н., доцент КазНУ им. аль-Фараби, кафедра международных отношений и мировой экономики moldahmet1964@gmail.com

  Мырзабекова Р.С., к.и.н., доцент КазНУ им. аль-Фараби, кафедра Всемирной истории, историографии и источниковедения myrzabekovaryskeldy@gmail.com

г. Алматы, Казахстан 

                     Основные принципы внешней политики США  при Дж. У. Буше

                                                                     Резюме


В условиях глобализации мировой экономики важной прерогативойвнешней политики США в 90-е годы ХХ века была создание условий торгово-экономическим инетересам США. Администрация США торгово-экономические интерсы и национальную безопасность рассматривали в одном ракурсе. Дж.Буш как глава государства, свою миссию и миссию америки назвал «Планом бога».

В статье анализируется основные принципы внешней политики США при Дж.Буше-младшем. Также в статье раскрываются действенные механизмы осуществления внешнеполитических целей США на современном этапе. Наряду с этим, автор делает вывод о том, что Соединенные Штаты Америки проводят сложную внешнюю политику, основными принципами которой провозглашены «строительство безопасного мира» и «распространение демократии во благо американского народа» и международного сообщества.

Ключевые слова: Дж. Буш, «План бога», ООН, НАТО, многостронняя дипломатия, демократия, США, стратегия, реализм, прагматизм.

M.S. Myrzabekov, Candidate of Historical Sciences, Acting Professor at the  al-Farabi Kazakh National University, Department international relations and world economy moldahmet1964@gmail.com

 R.SMyrzabekova, Candidate of Historical Sciences, Acting Professor at the al-Farabi Kazakh National University, Department of the World History, Historiography and Source Studies, myrzabekovaryskeldy@gmail.com Almaty, Kazakhstan

BASIC PRINCIPLES OF USA FOREIGN POLICY UNDER G.W.BUSH

In the context of the globalization of the world economy, an important prerogative of USA foreign policy in the 1990s was the creation of conditions for the USA trade and economic interests. The administration of the United States considered trade and economic intersections and national security in one racrus. George Bush, as the head of state, called his mission and the mission of America the "God’s Plan."

The article analyzes the basic principles of USA foreign policy under George W. Bush. The article also reveals effective mechanisms for the implementation of USA foreign policy goals at the present stage. Along with this, the author concludes that the United States of America pursues a complex foreign policy, the basic principles of which proclaim “building a safe world” and “spreading democracy for the good of the American people” and the international community.

Keywords: G. Bush, “God’sPlan”, UN, NATO, mighty diplomacy, democracy, USA, strategy, realism, pragmatism.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 247

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

е-хистори Мырзабекова (1).docx 0.05 MB е-хистори Мырзабекова (1).docx 0.05 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДІГІ ҮКІМЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ СТРАТЕГИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА И МОЛОДЕЖЬ: СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ ОБРАЗОВАНИЯ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ УДК 355.01 (=512.1) (4) ФИЛОСОФИЯ «ВОЙНЫ» КОЧЕВНИКОВ ЕВРАЗИИ УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ 902 (574) ҚАЛБА-НАРЫМ ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ- КЕН ІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ

Автордың мақалалары

ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ