Басты бет » Материалдар » 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ

Е.Қ. ҚАСАБЕКОВА, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану бөлімінің Ікурс докторанты Алматы, Қазақстан

304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(18) 2019

Тегтер: ислам, зороастрлық, шамандық, тәңіршілдік, халқы, Қазақ, дәстүрлі, ислам, зайырлылық, толеранттылық
Аңдатпа:
Мақалада қазақ халқының діндарлық дәстүрлері оның қалыптасуы, тарихы, қазақ халқының ұстанған діндері, діни наным-сенімдері және дінге қатысты ұстанған көзқарастары және олардың ерекшеліктері жайында бірер сөз қозғалады.Діндарлық және дін қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, осыған орай діндарлық дәстүрлері аталмыш мақаламыздың арқауы болып отырған жайы бар. Бұл мақалада қазақ халқының ұстанған діндері мен наным-сенімдеріне жалпы қысқаша шолу жасалып, қазіргі таңдағы жиі қолданылып жүрген дәстүрлі ислам жайында түсініктеме беріледі.Жалпы қазақ халқының дінге деген көзқарасы, наным-сенімі осы мақала барысында көрініс табады. Сонымен бірге бірқатар тың әрі қызықты мәліметтер қарастырылып дәстүрлі ислам ұғымына кеңірек тоқталып, оның мағынасы ашыла түседі.Мақалада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы діни ахуалға сипаттама, сондай-ақ статистикалық мәліметтер беріледі.Отандық дінтанушы-философ, зерттеуші-ғалымдардың жұмыстарында, мақалаларында ғылыми зерттеулерінде осы тұрғыдағы мақалалар қаралды. ҚР-ның білім беру саласындағы үздік ұстаздар, дінтанушы-философғалымдар Н.Ж. Байтенова, С.Е. Нұрмұратов, Б.М. Сатершинов, Д.Т. Кенжетай, Қ.М. Борбасова және т.б. зерттеушілер осы тақырыпқа қалам тартты. Аталмыш мақалада қазіргі жағдайдағы кезеңдегі діннің рөлі мен маңыздылығы жайында айтылады. Түйін сөздер.Қазақ халқы, тәңіршілдік, шамандық, зороастрлық, ислам, дәстүрлі ислам, зайырлылық, толеранттылық.
Мазмұны:

Кіріспе. Дін­дарлықтың негізгі нышаны – діни наным, діни идеяны, діни ұғым, түсінік, әңгіме-аңыздар білу, қабылдау және мойындау. Діни мінез-құлық дегеніміз діни талаптарға сай әрекеттер. Діндарлықтың бір жағы – Құдайға жеке құл­шылық ету, табыну болса, екіншісі, құл­шылықтан басқа да амал-әрекеттер: діни бір­лестіктер мен мемлекет қа­рым-қатынасы, ғылыми ізденістер, кон­ферен­циялар, конфессияаралық немесе дінаралық диалог, миссионерлік қызмет, діни оқу орын­дарының қызметі, діни кітаптар шығару, тағы басқа да қызметтер, шаруалар болып табылады.

Қазақ халқының  тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен қатар, дін, діни ахуалы, діндарлық дәстүрлері де  жан-жақты зерттеуді қажет ететін, соның ішінде тарихи кезеңдерге сәйкес ұстанған діндері, наным-сенімдері, дінге деген көзқарастарына сипаттама беру қазақстандық  дінтану ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі. Олай дейтін себебіміз Қазақстан Республикасы көпұлтты, әр алуан мәдениеттерді топтастырған зайырлы мемлекет болып саналады. Осы тұрғыда дінге, сенімге қатысты қарама қайшылықтар да аз емес. Әрине статистикалық мәліметтер, интернет ресурсындағы ақпараттар өте көп, десе де нақты мәліметтер табу қиынның қиыны деуге болады, дегенмен де отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, діндарлық дәстүрлерлердің қайдан бастау алғанын ара-жігін ажыратып, жас ұрпаққа, жеткіншектерге ғылыми-танымдық  бағыттағы  материал болса деген мақсат көзделді.

Материалдар мен әдістер. Материалдар ретінде ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуовтың, ҚР-ның білім беру саласындағы үздік ұстаздар, дінтанушы-философ ғалымдар Н.Ж. Байтенова, С.Е.Нұрмұратов, Г.С.Соловьева, Б.М.Сатершинов, Д.Т.Кенжетай, Қ.М. Борбасова және т.б. зерттеушілердің, интернет дерек көздерінің жұмыстары қарастырылып, пайдаланылды. Сондай-ақ, мақала авторының жеке көзқарастары мен діндарлық дәстүрлері жайлы түйген ойлары беріледі.

Әдістері: Ұлт және этносты тарихи-мәдени салыстыру, хронологиялық және бақылау әдісі, салыстырмалы-тарихи, статистикалық деректерді талдау  секілді тарихи-мәденит бағыттағы зерттеу әдістері қолданылды.

  Талқылау. Қазақ халқының діндарлық дәстүрлеріне халықтың өзіндік діни  дүниетанымы, ойлау үрдісі, киелілік, әулиелік, тақуалық, діни көзқарасы, діни даналығы, діни толеранттығы немесе төзімділігі, діни сенім-нанымдары, сабырлылық, қанағатшылдық секілді ұғымдардың жиынтығы мен олардың өзара байланысын жатқызуға болады. Қазақ даласында еш жерде жазылмаған, еш жерде таңбаланбаған заңдылықтар, дәстүрлер бар және бұл заңдылықтар ұрпақтан ұрпаққа отбасы тәрбиесі, салт-дәстүрлер, мәдениет арқылылып келеді.  Мұндай заңдылықтарға  үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаға тәрбие беру, ата-анаға құрмет, оларды қартайған шақтарында бағу, бауырмашылдық, отан сүйгіштік, әруақтарға құрмет, аспан, жер, от, су яғни 4 стихияға ерекше көзқарас секілді заңдылықтар мен құбылыстар жатады. Мұндай ерекшеліктер қазақ халқының ұлттық болмысын тануға,  оны аша түсуге, діндарлық дәстүрлерінің пайда болуы мен үдерісін зерттеуге өзіндік  үлесін қосады.

Нәтижесі.  Жоғарыда аталған нәрселерден басқа да, қазақ халқының діндарлық дәстүрлерінің қыр сырын аша түсуге қазақ фольклорының маңызы өте зор деп айтуға болады. Олай дейтін себебіміз  діни әдебиеттер, жыр-дастандардағы батырлардың ерлігі, махаббат оқиғалары мен оның сюжеттері, олардың мән-мағынасы салт-дәстүрді терең түсінетін саналы ұрпақ тәрбиелеудегі көмекші құралдар болып саналады. Ал қазақ мақал-мәтелдерін келер болсақ, олардың тәрбиелік мәні орасан, және оларды халық болмысын, санасын, дәстүрін мақал-мәтелдер арқылы таныту, аша түсу, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, дұрыс жолға бағыттауғы орны өте зор.

Қазақ халқының халық болып қалыптасуына дейінгі кезеңдерде қазақ даласында әртүрлі діндер мен наным-сенімдер болғанын және олардың әрқайсысының қазіргі исламдық дәстүрдің қалыптасуына өзіндік орны болғанын ғалымдар бірнеше ғасырлар бойына айтып, дәлелдеп келеді. Осы мақалада қазақ халқының діндарлық дәстүрлерінің қалыбын қалыптастыруға айрықша рөл атқарған тәңіршілдік, шаманизм, зороастризмге және исламға  қысқаша тоқталдық. Оларға жеке-жеке тоқталып, қысқаша мәліметтер берілді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 110-нан аса ұлт өкілдері, 18 конфессия мен 3400 аса діни бірлестіктер өмір сүруде, бұл мемлекетіміздің, Елбасымыздың барлық ұлт өкілдері мен діндерге деген зайырлы көзқарасы мен толерантты саясатының айқын үлгісі болып отыр. Дінді реттеп отыратын мемлекет болса, бұл көрсеткіш біздің мемлекетеміздің дұрыс әрі көреген де толерантты саясатының арқасында  көпұлтты Қазақстан Республикасының бейбіт өмір кешіп, өзара тату-тәтті, ынтымақ, бірлікте өмір сүріп отырғанын дәлелдейді. Бұл өте үлкен жетістік әрі мақтаныш, сондай-ақ заманауи дін үлгілері мен ежелгі дін үлгілерінің арасындағы өзара байланыс діни сабақтастықты ұрпақтан ұрпаққа салауатты түрде жеткізіп отырғанын көрсетеді.

Тәуeлciздігіміздің тaңы aтып, eлiмiз өз aлдынa iргeлi мeмлeкeт болуы атеизмнен құтылып, діндердің дамуына да өз үлесін қосты. Жыл өткен сайын дінге сенушілердің саныда да артып келе жатқандығы байқалады. Еліміздегі дінге сенушілердің көбеюуіне cырттaн кeлгeн миccионeрлeрдe өз үлecтeрiн қоcып жaтқaндығы aнық. Cоңғы шыққaн cтaтиcтикaлық мәлiмeттeргe ceнeтiн болcaқ, eлiмiздe 17 конфeccияны құрaйтын 3088 дiни бiрлecтiк пeн олaрдың филиaлдaры зaңды түрдe тiркeлiп өз жұмыcтaрын жacaп жaтыр.
Жaлпы Қaзaқcтaн Рecпубликacындa дiншiлдeрiнiң caны 98% дeп eceптeлiнeдi (шaмaмeн 70% – мұcылмaндaр, 23% – прaвоcлaвтaр, 5% – бacқa дa конфeccиялaрдың өкiлдeрi). Aлaйдa, бaрлық конфeccиялaр дiндaрлaрының шынaйы caны 40-50%-дaн acпaйды. Көбici өздeрiн дiндармыз дeп көрceтeдi. Ceнушiлeрдiң caны aйтaрлықтaй acырa көрceтiлeдi. Өкiнiшкe орaй қaншa aдaм дiндi толық ұcтaнушы яғни толық дiндар жәнe қaй конфeccияғa тиeciлi eкeндiндiгi турaлы нaқты мәлiмeттeр жоқ. [1, 2 том].

Қазақ халқы сонау ежелгі заманнан осы уақыт аралығына дейін бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткерді және әрбір тарихи кезең өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие. Сондай-ақ бұл кезеңдердің өзіндік тарихы мен сол замандағы халықтардың өмір сүру салты, өнері, мәдениеті, ұстанған дін үлгісі болғаны табиғи құбылыс екенін көрсетенді. Әлбетте қазақ халқының діндарлық дәстүрлерін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес, сондықтан да қазақ даласындағы діндарлық дәстүрді қалыптастырудағы маңызды рөлі бар, өзіндік ерекше із қалдырған діндер немесе сенімдер жайында, соның ішінде тәңіршілдік, шаманизм, зороастризмге тоқталуды жөн көріп отырмыз. Көшпелі қазақ халқының халық болып қалыптасуына дейін, исламға дейін немесе мұсылмандыққа мойынсынғанға дейін  бірнеше кезеңдерді басынан өткерді. Төменде қазақ жерінде өзіндік орны болған, әлі де элементтері сақталған, қазақ халқының діни дәстүрінің философиясын айқындауға негіз болған діндер мен діни сенімдер жайында толығырақ сөз қозғалады.

Қазақтардың тарихының арғы түркілік кезеңінде әртүрлі діни наным- сенімдердің орын алғанын жасырмауға тиістіміз, өйткені ол біздің нақты тарихымыз және болғаны дәлелденген дүниелер. Сонау Шамандық (бақсылық) пен Тәңіріге сенуге арқа сүйеген кезеңінен басқа Зороастризм, Будда, Христиан діндері қазақтың кең даласында өзінің кейбір көріністерін танытып отырған дәуірлер болғанын айта кету керек. Ал аруаққа сену, қасиетті жерлер мен аңдарды қадірлеу дәстүріміз үшін өзінше бір төбе.[2,38].

Кез келген халық пен мемлекеттің, тілдің жеке дара өмір сүре алмайтыны секілді, дін де жеке дара өмір сүре алмайды, олай дейтін себебіміз олар өзара тығыз байланыс пен сабақтастықта болады.  Жалпы дін жайында сөз қозғасақ, «дін» сөзі араб тілінен аударғанда, мойынсыну, бағыну, бағыну, құлшылық, үкім, есеп, жаза, заң деген мағынаны береді. Яғни  бұл дін сенім, мойынсыну арқылы құлшылық арқылы жүзеге асатын құбылыс екенін байқатады. Төменде сөз қозғалатын діндер мен діни сенімдерде мойынсыну мен құлшылылықтың әр түрлі үлгілерін көруге болады. Дін, тіл, діл қатар жүретін ұғымдар. Менталитеттің қазақ тіліндегі мағынасы-діл. [3,3].

Қазақ даласында орын алған діндер мен  діни сенімдерге кеңірек тоқталар болсақ, қазақ халқына келіп жеткен ең алғашқы дінді қазіргі ғалымдар тәңіршілдік деп атап жүр. Тәңіршілдікдің ең жоғары тұлғасы құдай, тәңірі деп аталды. Тәңіршілдіктің қасиетті кітабы болмағаны жайында да  айтылады. Әлемдік діндер – христиан, буддизм, ислам қабылданғанға дейін түріктер мен моңғолдардың көне айрықша діні ол осы Тәңірге табыну, сену болып табылады. Маньчжурия, Қытай жылнамаларынан, араб, иранның көне жазбаларынан, VI-X ғасырларда табылған көне түрік ескерткіштерінен біздің бабаларымыздың о бастағы діні Тәңіршілдік болғанын ғалымдар зерттеп білген.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырларда Ұлы даланы мекен еткен біздің ата-бабаларымызда жербетіндегі өзге халықтар секілді сенім-наным болған. Сенім-нанымсыз өмір сүрудің өзі мүмкін емес. Төбеміздегі  тұрған аспанның ар жағында әлемді басқарып, адамзатты жаратқан белгісіз күш иесі бар екендіген түйсік арқылы сезген бабаларымыз оны Тәңірі деп есептеген. Тәңірі, айналып келгенде, барлық халықтарға ортақ бір Құдай, яғни жаратушы ие екендігіне еш шек жоқ. Көзге көрініп тұрғаны төбемізде көк аспан болғандықтан, оны бабаларТәңірінің рухы деп есептеген. Нәтижесінде, аспанға табыну пайда болады. Әзірше ғалымдар арасында Тәңіршілдіктің мәнін түсінуде толық бір жақты келісім орнай қойған жоқ. Олардың бір бөлігі бұл сенім ілімі онтология (біртұтас Құдайға сену), ғарыштық сенім (өзара байланыстағы ішкі әлемнің тұжырымдамасы), мифология және сайтандықты тану (бабалар аруақтары мен табиғат рухтарын ажырату) концепциясы формасын алған дегенді ұстанады. Ал енді бір бөлігі болса, Тәңіршілдікке сыйынудың басты канондары белгіленген қасиетті кітабы болған дегенді алға тартады. Тәңіршілдікке табыну – көгілдір аспанды табыну объектісіне айналдыру. [4,12].

  Әлемдік діндер–христиан, буддизм, ислам қабылданғанға дейін түрік Сол арқылы аспан қожайынының рухына табыну. Бабаларымыз үшін аспан бірнеше қабаттан тұрып, оның ең жоғарғысында Тәңірінің өзі, төменгі қабаттарында адамдарға жақсылық шашуға дайын тұратын періштелер мен әртүрлі аруақтар мекен етеді, олар атқа мініп жүреді деп есептелген. Сондықтан да құрбандыққа жылқы малы шалынады екен. Ал біздің көзімізге көрініп тұрған аспанның ең төменгі қабатында Ай мен Күн, жұлдыздар және кемпірқосақтар тұратындай көрінген. Тәңірі тұратын қабаттан кейінгі ортадағы әлемде табиғатты қоршаған рухтар тұрады. Олар – орман, тау, асулар мен қайнар көздердің қожайындары. Ал басқа аруақтар болса, олар басқа нысандардың және өлген адамдардың рухы. [5,27].  Тәңіршілдіктен кейін кеңірек тамыр жайған діндердің бірі шаманизм .

Шаманизм - Күн, Ай, жұлдыздар, күн күркіреуі, найзағай, өрт және басқалар сияқты табиғи құбылыстар құдайлар түрінде бейнелеген табиғи политеистік дін. Шаманизм – алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Шаманизм мен Тәңіршілдікті шатастыратын, ұқсататын адамдар өте көп, және бір ескере кететін жайт, тәңіршілдік пен шаманизмді діни сенім ретінде қарастырған.  Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған. Бақсылар – жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын. Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды.

Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара шұбар жолбарыс”, “азу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралыдауыл бейнесінде алады. Бақсылықтың негізгі мазмұны - шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру. Бақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-ертегілерде бақсылардың жалаңаяқ қызған темірді басқаны, оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б. аңыздары баондай-ақ әжелеріміздің әңгімелерінде «бақсы ойнады» деген сөзді естімеген адам кемде кем шығар. Шаман: Бұл сөздің шығу тегі жайында әртүрлі көзқарастар бар. Бір зерттеушілер бұл сөз тунгусша «шаман» сөзінен шыққан деп айтса, келесі бір зерттеуші ғалымдар мұның «рухтар қолдаған адам» мағынасына келетін санскритшедегі «срамана»-сөзінен немесе «есі ауысқан адам» деген ұғымды білдіретін Орал-Алтай тіл тобына жататын сөзден шыққанын алға тартады. Алғашқы қауым тайпаларында діни рәсім-жоралғылармен айналысатын пірәдарлар мен сиқыршы емшілерден басқа, ұзақ уақыт өзін есінен тандыруға қабілетті адамдарды «шаман» деп атаған. [6,8]. Алғашқы қауым адамдарынның түсінігі бойынша шаман мағынаға ие, рухтарды басқаруы мүмкін. Шаманның сиқырлы дабылы бар. Дабылдың бетінде көк пен жердің суреті салынған. Шаман сиқырлау арқылы рухтарды дабылдың ішіне кіруге зорлайды. Осы кезде есінен танғанша есіріп билейді. Ол есінен танғаннан кейін пейіш пен тозақты аралап жүр деп есептелінеді. Шаман сол аралықта аталарының рухтарынан кейбір мәліметтер алып отырады. Азиялықтардың арасында шаманның құрметін асыра түсетін жағдай – олардың адам үйрене алмас, жұмбақ мәліметтері. Бұл дәрежені бағындыру үшін шаман тәнін жаттықтырып, ішіп-жеуд іазайта түседі. Қазақ халқының аңызға әруаққа деген сенімі, құрметі қазақ халқының діни философиясының бір қыры болып табылады. Келесі қарастыратын діни наным-сенімнің ажырамас бөлігіне айналған зороастризмдік элементтер десек те болады.

Қазақ халқының атаулы ұстанған діні болмаса да, олардың өміріндегі өзіндік орын алатын  дін - зороастризм діні біздің заманызға дейінгі YII-YI ғасырларда пайда болып, парсы патшалары қабылдаған дін болып саналады. Зороастрлар ежелгі Иран жерін мекен еткен, қасиетті кітабы «Авеста» деп аталатын дін өкілдері. Авеста кітабы авеста тілінде жазылған. Зороастрлар қазіргі таңда Иран жерінің Фарс облысында, АҚШ-та, Индияның, Индияның бірқатар аймақтарын мекен етеді. [7,197].

Зороастрлардың ілімі бойынша от стихиясы қасиетті ұғым деп саналады. Кейбір кітаптарда зороастрларды «отқа табынушылар» деп береді, әйтсе де зороастрлар  бұл пікірге қарсы шығады. Қазақ халқындағы отпен аластау, суды лайламау, күннен жылу тілеу ұқсастықтарға жатса, ал  айға сәлем беру қазақ халқына тән ерекшелік болып саналады, сондай ақ осындай құбылыстарды, әрекеттерді ирандықтардың мәдениетінен де байқауға болады. Зороастрлар мен қазақ халқын жақындастыра түскен ортақ мерекенің бірі наурыз болып саналады.  Иран жыл санауы бойынша фарвардин айының басында біздің айы санауымыз бойынша наурыз айының 21 нен 22–іне қараған түні жаңа жыл кіреді. Яғни наурыз ортақ мереке екенін белгілі болды. Авесталықтардың жазбаларында фарвардин айына он күн қалғанда «фравахар» - яғни зороастрлардың сенімі бойынша адамзат баласының бойындағы жақсы, игі істердің бастамашысы, өлген кісілердің «фравахарлары» қазақша аударғанда «әруақтары» жерге түсіп, жердегі тазалық пен жақсылықтардың, игі істерді бақылауға келеді. Қазіргі Ирандағы фарвардин айының аты осы «фравахар» деген сөзге тікелей байланысты. Жоғарыда айтылған тазалық пен игі істер демекші, өлген кісілердің фравахарлары 10 күн жерде болады. Осы орайда зороастрлар үй-жайларын ретке келтіріп, отбасындағы ананың рөлі артып, отбасы мүшелерінің тазалығы мен жаңа зат, киім-кешек алуға кіріседі. Әсіресе балалардың киімдерін түгендеп, бүтіндеп, үйлерін жинап, әдемі иісті балауыздарды жағып үйге жаңа рең мен тазалық орнатады. Бұл шараларды жасаудағы негізгі мақсат – фравахарлардың жердегі дүниенің тыныш, әдемі тіршілігін көріп, өз әлемдеріне қуанышпен оралуы деседі. Зороастрлықтар осы наурыз түнін «хамас-пат-майдиэм» деп, яғни «күн мен түннің теңесу» түні деп атады. [8,24]. Зороастризмнің элементтерін наурыз мерекесін тойлауда, отпен аластау, киелі ағаш, киелі сан секілді ұқсастықтардан байқауға болады. Бұл дегеніміз қазақ халқының мәдениетіндегі зороастрлық элементтердің бар екенін байқатады.

Қазақ халқының рухани өмірінде, мәдениетінде орасан зор орны бар ислам дініне де келіп жеттік. VII ғасырдан тарала бастаған Ислам, Х ғасырдың соңында қазақ жерінде құрылған мемлекеттердің ресми діні деңгейіне дейін көтеріле алды. Исламның Әбу Ханифа мәзһабының дін, қоғам мәселелелерін шешуде Құран, шариғат үкімдерімен қоса жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін де есепке алу секілді ерекшелігі Орта Азияның көшпелі, жартылай көшпелі халқы, соның ішінде қазақ халқы үшін де жақын болды. Осы ерекшеліктің арқасында бүгінге дейін біз Исламның ханафи мәзһабын ұстанамыз және Ислам қазақ халқының дүниетанымы, дәстүрі, ғұрпымен үндесіп, сан ғасырлар бойы қазақ мәдениетімен тұтасып, ұлт тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ханафидегі еркін ойшылдық ұлы даладан әлемге «Екінші ұстаз» атанған әл-Фарабиді, Ж.Баласағұн, Ахмет Ясауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. [9]. Қазақтың ұлы реформатор-хандары жүйелеген қазақ қоғамының моральдық нормаларын, азаматтық құқықтарын реттеуге арналған «Жеті Жарғы» секілді заңдарымыз шариғаттың негізінде дайындалып, бүгінде Ата Заңымыздың діңгегі бо-лып табылады. Ислам діні – ата-бабамыздың тарихи таңдауы болды деп айтады. Себебі жоғарыда аталған діни сенімдермен ұштаса отырып, ислам қазақ халқының болмысына, тұрмыс-тіршілігіне, діліне, мәдениетіне ыңғайлы, жақын дін болу себебінен де халқымыз осы дінді таңдады деген ойдамыз.

1990 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) құрылды. Бұл қадам әлсіреген діни байланыстарды қайта жаңғырту, дамыту болды. ҚМДБ республика ішіндегі және ТМД шеңберіндегі діни конфессиялармен тату қарым-қатынас орнатып, рухани-ағартушылық жұмыстарына баса мән береді. Діни басқарма еліміздегі мұсылман қауымын біріктіруші діни бірлестік ретінде өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы талабына сәйкес қайта тіркеуден өтті, қазіргі кезде оның 1800 аумақтық бөлімшесі қайта тіркеуден өтіп, 400-ге жуығы қайта тіркеуден өту кезегінде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда барлығы 63 мешіт болса, қазіргі кезде олардың саны 2465-ке жетті. Алайда, мешіттердің сандық көрсеткішін ел аумақтарына бөліп қарастыратын болсақ, басымдылық оңтүстік өңірлеріне тиесілі. Ислам діні ең алғаш осы оңтүстік өңірлер арқылы таралғанын ескерсек, мұндай басымдылық көрсеткіші орынды секілді. Ал еліміздің бас қаласы Астанада 7 мешіт қызмет етеді. Айталық, «Нұр Астана» (2005 жылы ашылды), «Әзірет Сұлтан» (2012 жылы ашылған) мешіттерінің ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысты. Қазақстан халқының 70%-нан астамы өзін мұсылман ретінде танитындығын ескерсек, елдегі мешіттер санының әлі де арта түсуі заңды. Халықтың дінге бет бұруының артуы діни ғимараттарға деген сұраныспен қатар, діни мамандардың – имамдардың қажеттілігін туындатты. Осы орайда білікті имамдар даярлау мәселесі бірінші орынға шығып келеді. Қазіргі таңда бұл мәселелерді шешу жұмыс-тары жүйеленуде, мысалы, имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб тілі мен әдебиетінің аудармашыларын дайындайтын «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті; қарилар даярлайтын республикалық орталық, шетелден діни білім алған мамандар мен отандық имамдардың біліктілігін арттыру орындары қызмет атқаруда. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал, т.б. қалаларда медреселер қызмет атқаруда. [9,8]. Діни басқарманың Қазақстан аймақтарында облыс, аудан, қала, ауыл имамдарымен қоса өкіл имамдары қызмет атқарып, тұрғындардың діни сенімінің дұрыс бағытта дамуына ықпал етуде.  

Сондай-ақ, ислам діні жайында бірер сөз қозғасақ, ислам ата-бабарымыздың таңдауы, біздің халықтың таңдауы, қазақи ділге жақын, қазақи мәдениеттің толықтырушысы, және еліміздегі дін ұстанушылардың басым бөлігі яғни 70 пайызы ұстанатын дін ретінде белгілі, яғни ислам дінін халықтың  басым бөлігі ұстанатанын көрсетеді. Дәстүрлі ислам осы жоғарыда  діни сенімдермен өзара байланысып, біте қайнасып,  исламның қазақи қалыбын қабылды.

Қорытынды. Бұл тақырыпты зерттеу жалғасын табады. Бір мақала мәселені толығымен ашты дей алмаймыз. Сонымен мақаланы қорыта келсек, қазақ халқының  діни дәстүрлері мен діндарлық дәстүрлері бір сағатта, бір күнде қалыптасқан ұғым емес, ғасырлар бойына әт түрлі тарихи кезеңдермен, тарихи оқиғалармен қатар, бір-бірін толықтырып келе жатқан дамушы, шұбалаң құбылыс. Халқымыздың қанына сіңген қасиеттері мен біте қайнасқан діндарлық дәстүрлері, әлі де зерттеуді қажет ететін, толықтыра түсетін тұстары бар. Ұлттық дүние-таным, мемлекеттік тіл, ділі бар халықтың діндарлық дәстүрлері де  заман үдерісімен дами үстіне дами бермек. Ел басшымыздың болашаққа бағдарлаған Рухани Жаңғыру бағдарламасы осы ұлттық философиямызды дамытып, ұлттық діндарлық дәстүрімізді жандандыруға  әсерін тигізеді деген сенімдеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.  2009 жылғы Қaзaқcтaн Рecпубликacының хaлқының Ұлттық caнaғының қорытындылaры.  Acтaнa,  2011,-2 том.

2.  Нұрмұратов С.Е. Зайырлы мемлекеттегі дінің рөлі. Қазақстан дінтанушыларының  III форумының  материалдары,- Астана, 2013,-38 б.

3.  Бейсенов Б.Қ. Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар - Алматы, 2014,-3 б.

4.  Интернет ресурсы https://studopedia.org/8-207020.html,-12 б

5.  Бейсенов Б.Қ. Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар -Алматы, -2014,-27

6.  Интернет ресурсы https://studopedia.org/8-207020.html,-21 б

7.  Рүстемов Л.З. Парсы тілінің ізашары ,-Теһран, 1993,-1 том-197б

8.  Мэри Бойс.Зороастрийцы.Верования и обычаи- Санкт Петербург,1994,-24б.

9.  Интернет ресурсы http://mckr.kz/ru/meropriyatiya-tsentra/nashi-publikatcii/item

10.  Интернет ресурсы http://mckr.kz/ru/meropriyatiya-tsentra/nashi-publikatcii/item

 

REFERENCES:

1.Itogi po natsional'noi perepisi Respubliki Kazakhstan v 2009 godu. Astana, 2011,  s.
2. S.Y.Nurmuratov  Rol  religii v svetskom gosudarstve. Materialy III Foruma religiovedov Kazakhstana - Astana, 2013, - 38 s.
3. B.K. Beysenov. Almaty - Almaty, 2014.-3 s.
4. Internet-resurs https://studopedia.org/8-207020.html, str.
5. B.K. Beysenov Almaty Religioznyye tsennosti v svetskom obshchestve - Almaty-2014, -27
6. Internet-resurs https://studopedia.org/8-207020.html, 21 str.
7. L.Z. Rustemov Vvtdtnie v persidskyi yazyk .
8. Meri Boys. Zoroastritsy.Verovaniya i obychai-SPb, 1994, - 24 s.
9. Internet-resurs http://mckr.kz/ru/mepriyatiya-tsentra/nashi-publikatcii/item
10. Internet-resurs http://mckr.kz/ru/mepriyatiya-tsentra/nashi-publikatcii/item

E.К.КАСАБЕКОВА1

1докторант І курса кафедры религиоведения Института философии, политологии и религиоведения

г. АлматыКазахстан

ОБЗОРРЕЛИГИОЗНЫХ ТРАДИЦИЙ КАЗАХСКОГО НАРОДА

Резюме
  В статье рассматриваются религиозные традиции казахского народа, его становление, история, верования, взгляд и отношениек религии казахов и его особенности.Таккакрелигияирелигиозностьявляютсяоднимиизактуальныхвопросовна сегодняшний день. Эта статья дает краткий обзор традиций и верований казахского народа. Кроме того, в работедается объяснение широкоупотребляемой фразы «традиционной ислам». В целомв этой статье, отражен взгляд и отношение казахского народа к религии и религиозным традициям.Кроме того в этой статье описывается религиозная ситуация в Казахстане на современном этапе и приводятся статистические данные. Также рассматриваются работы ученых отечественных религиоведов-философовв области образования. В частности, Н.Ж.Байтенова, С. Е.Нурмуратов, Б.М.Сатершинов, Д.Т.Кенжетай, К.М. Борбасова и другие проводили различные исследования на эту тему. 
  Ключевые слова: Казахстан, тенгрианство, шаманизм, зороастризм, ислам, традиционный ислам, толерантность. 

E. KASSABEKOVA1

11styearDoctoralStudentoftheDepartmentofReligiousStudies

oftheInstituteofPhilosophy, PoliticalScienceandReligiousStudies

Almaty, Kazakhstan

OVERVIEWOFTHERELIGIOUSTRADITIONS

OFTHE KAZAKH PEOPLE

The article deals with the religious traditions of the Kazakh people, its formation, history, beliefs, view and attitude to the religion of the Kazakhs and its features.Since religion and religiosity are one of the topical issues today. This article provides a brief overview of the traditions and beliefs of the Kazakh people and provides an explanation for the widely used phrase "traditional Islam".In general, this article reflects the view and attitude of the Kazakh people to religion and religious traditions. In addition, this article describes the religious situation in Kazakhstan at the present stage, as well as statistical data.As well as discusses the work of scientists religious philosophers, the best teachers in the field of education N.Zh.Baitenova, S.Y.Nurmuratov, B.M.Satershinov, D.T. Kengetai, K.M. Borbasova and other scientists.

Keywords: Kazakhstan, Tengrianism, Shamanism, Zoroastrianism, Islam, traditional Islam, tolerance.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 219

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Қасабекова Еңлік мақала ТЖЭИ.docx 0.05 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Қазақ мемлекеттік университетінің құрылу тарихы (1925-1928 жж.) Қазақ Мемлекеттік университетінің құрылу тарихы (1925-1928 жж.) ИДЕОЛОГИЧЕСКАЯ БОРЬБА В СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВАХ И ИСЛАМ (VІІ-ХІІІ В.В.) ӘОЖ 94 (574). 02/. 08 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК АТРИБУТЫ – ХАН МЕН СҰЛТАНДАРДЫҢ МӨРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ӘӨЖ 94 (574).06/.07 Түркі-мұсылмандық әскер Ұзынағаш шайқасында А. ЯСАУИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ ӘОЖ 94(574) «15/16» XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы Қазақ хандығы тарихының мәселелері 923.2 Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде көне түркілік дүниетанымдағы «биліктің киелілігі» ұғымының исламдық құндылықтармен орнығуы УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары СИРИЯДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСЫ ИСЛАМИЗАЦИЯ МОГУЛОВ (ПО СВЕДЕНИЯМ «ТАРИХ-И РАШИДИ» МИРЗА МУХАММАД ХАЙДАРА) Изучение религиозных персоналий в истории Казахстана 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары О НЕКОТОРЫХ АСПЕКТАХ ПРОБЛЕМЫ СОЗДАНИЯ КИРГИЗСКОЙ ДУХОВНОЙ МИССИИ НА ТЕРРИТОРИИ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ УДК 94(574) ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТРАДИЦИИ В ИСЛАМСКОМ ВОСПИТАНИИ КАЗАХСКИХ ДЕТЕЙ 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ ӘОЖ 930.001.83 КӨНЕ ТҮРІКТЕРДЕГІ ТӘҢІРШІЛДІК

Автордың мақалалары

304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ