Басты бет » Материалдар » 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Л. ИСОВА, т.ғ.к., доцент, e-mail: tanirbergenlaura@gmail.com, Б. СТЫБАЕВ, «аймақтану» мамандығының магистрі, e-mail:rikudo700@gmail.com, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, халықаралы

11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(18) 2019

Тегтер: ынтымақтастық, одақтас, стратегиялық, Азия, Орталық, Еуропа, Шығыс, Мажарстан, Қазақстан, сауда-экономикалық, байланыстар
Аңдатпа:
Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы аса маңызды сенімді одақтас ретінде Мажарстан Республикасын есептейді. Екі елді ортақ тарихи тамырлар, көптеген сыртқы саяси мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар байланыстырады. Осы қысқа тарихи өлшеу кезеңі бойынша екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынас серпіні тараптардың өзара мүдделерге сүйене отырып, Қазақстан-Мажар ынтымақтастығын дәйекті дамытуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Мажарстан Қазақстанмен экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға, ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге ерекше мән береді. Екі ел арасындағы серіктестіктің 27 жылы ішінде сауда-экономикалық байланыстар дамыды, бірлескен экономикалық жобалар табысты іске асырылды. Соның ішінде экономикалық ынтымақтастық саласындағы мүдделердің түйісу нүктелері - ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, екі елдің көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалану, туризм, құрылыс және инновациялар болып табылады. Екі мемлекеттің геосаяси жағдайы әлемдік аренада маңызды рөл атқаратынын айтып өткен жөн. Мәселен, егер Қазақстан Орталық Азия аймағының жетекші елі болып табылса, онда Мажарстан Орталық Еуропада стратегиялық орынға ие. 2016 жылы Мажар-Қазақстандық стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуы арқасында Мажарстан мен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынас одан да жоғары деңгейге көтерілді. Түйін сөздер: Қазақстан, Мажарстан, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, стратегиялық одақтас, ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстар.
Мазмұны:

Кіріспе. Қазақстанның сыртқы саясаты бейбіт сүйгіш, өзара сенім, өңірлік және халықаралық деңгейлерде ынтымақтастық ахуалын құруға, барлық мүдделі елдермен тең құқықты қатынастарды дамытуға және халықаралық ұйымдарда белсенді жұмысқа бағытталған.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларда түбегейлі ішкі реформалар жүргізу, елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін, ең алдымен елдің аумақтық тұтастығын, мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын қорғау үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау сыртқы саясаттың стратегиялық міндеті ретінде айқындалады. Сыртқы істер министрлігі атқарушы орган ретінде сыртқы саясатты тиімді іске асыру үшін жауап береді және Қазақстан қабылдаған барлық халықаралық іс-әрекеттерде үйлестіруші органның рөлін атқарады.

Бүгінде Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі мен табыстарына ешкім күмәнданбайды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын іске асыру Қазақстанға әлемдегі толыққанды, құрметті және маңызды ойыншы болуға мүмкіндік берді. Халықаралық қоғамдастық жас мемлекеттің өз құрылымы шеңберінде қол жеткізген прогресті және бітімгершілік күш-жігердің барлық түрлерін жоғары бағалайды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны, сондай-ақ Астананың көптеген сыртқы саяси бастамаларды іске асыруы тұрақты және жоғары деңгейден көрініс табады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты қазіргі кезеңде айқын экономикалық сипатқа ие және реформалар бағытын жүзеге асыруға мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге белсенді жәрдемдесуге бағытталған. Іс жүзінде бұл тауарлар, қызметтер мен капиталдың әлемдік рыноктарына елдің шығуы үшін жағдай жасауды, өзінің экспорттық-импорттық әлеуетін дамытуды, өндірістік секторға инвестициялар мен технологияларды тартуды, жаңа көлік маршруттарының жобаларын іске асыруды білдіреді.

Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одаққа лайықты орын беріледі, бұл көптеген тұжырымдамалық құжаттарда, соның ішінде "Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында" сипатталған болатын [1].

Еуропалық Одақпен Қазақстанды аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму, инвестициялық қызметті, ірі халықаралық жобаларды жүргізуде, елге озық технологиялар мен білімді тарту саласында ортақ қызығушылықтар жақындастырады.

Қазақстанның Еуропалық Одақпен әріптестігін дамыту контекстінде жекелеген еуропалық елдермен ынтымақтастық келешегін зерттеу маңызды. Мажарстан  бұл тұрғыда біздің халқымызбен терең тарихи тамыры бар ел, саяси және экономикалық реформалар жолынан өткен және салыстырмалы түрде жақында ЕО, НАТО-ға мүше болған ел ретінде үлкен қызығушылық танытады. Қазақстан мен Мажарстан  арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 наурызда орнатылды [2].

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Берік шарттық-құқықтық база, Стратегиялық кеңестің, сауда-экономикалық және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың, сондай-ақ парламентаралық достық топтарының табысты қызметі екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге ықпал етеді. 

Теориялық-әдіснамалық негізі. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыс либерализм сипатына тән. Ең алдымен ол мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, саяси, экономикалық, мәдени қатынастардың бейбіт түрлерін ұстанады, әртүрлі қақтығыстарды болдырмау, алдын-алу, күш қолданбай шешуді басшылыққа алады.

Зерттеу барысында салыстырмалы және жүйелік әдістер қолданылды.  SWOT-талдауды пайдалану Қазақстан мен Мажарстанның ынтымақтастығында күшті және әлсіз жақтарын салыстыруға, ықтимал дағдарыстарды талдауға және осы мәселе бойынша кейбір ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берді. Бұл әдіс Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастарды жақсы түсіну және Еуропалық Одақ шеңберіндегі екіжақты қарым-қатынастардың болашақ үрдістерін болжау үшін пайдаланылды. Ивент-анализ немесе оқиғалық мәліметтерді талдау әдісін қолдану Қазақстан мен Мажарстанның ынтымақтастық фактілерін талдауға мүмкіндік берді. ЕО шеңберіндегі келіссөздер, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімдер, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды терең түсіну мақсатында кейбір ақпараттық хабарламалар мен сұхбаттар талданды.

Нәтижелер мен пікірсарап. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы серіктестіктің іргетасы 1990-шы жылдардың басында қалана бастады. Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бірнеше айдан кейін 1992 жылы маусымда сауда-экономикалық байланыстар туралы негізгі келісімге қол қойылды [3].

Сонымен бірге 1993 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мажар Республикасының Егіншілік министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы және ұқсатушы өнеркәсібі саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасалды [4].

1994 жылы желтоқсанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Будапештке жасаған ресми сапары барысында достық қарым-қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық туралы келісіміне және тағы басқа құжаттарға қол қою - екіжақты қатынастардың ары қарай дамуына үлкен үлес қосты [5,4-7].

1997 жылы жылы 3-5 қарашада Мажарстанның бұрынғы Президенті Арпад Генцтың Қазақстанға ресми сапары барысында жоғары деңгейдегі диалог жалғасты.

Ынтымақтастықтың барлық салаларына қатысты екіжақты актілердің тізімі жыл сайын арту үстінде және қазіргі уақытта біршама мемлекетаралық келісімдер мен хаттамалар бар. Бұл құжаттар іc жүзінде сауда-саттықтан ғылым мен мәдениетке дейін барлық салалаларды қамтиды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылы 22-23 қарашада Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға жаңа серпін берді. Ол халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша тараптардың ұстанымын анықтауға және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгілеуге мүмкіндік ашты.

Қазақстан мен Мажарстан арасында берік парламентаралық қатынастар орнатылған. 2010 жылғы шілдеде еліміздің мемлекеттік жиналысында 17 депутаттың ішінен М. Варга бастаған "Мажарстан–Қазақстан" ынтымақтастық тобы құрылды, ал 2012 жылғы ақпаннан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің 7 депутаты құрамында Мажарстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ құрылды.

2015 жылы сәуірде Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Мажар стратегиялық кеңесі құрылды. Осылайша, Мажарстан Қазақстан стратегиялық серіктестігі бар Орталық-Шығыс Еуропадағы алғашқы және әзірше жалғыз ел. Мұнай, сауда және қаржы, білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды [6].

 Қазақстан - ТМД елдері арасында (Ресей, Украина және Беларусьтан кейін) Мажарстанның төртінші сауда серіктесі. Екі ел арасында Қазақстан-Мажар стратегиялық кеңесі, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес, сондай-ақ инвестициялар жөніндегі бірлескен қор белсенді жұмыс істейді. 2018 жылдың 10 айында екіжақты сауданың көлемі 124,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 24,0 млн., импорт - 100,7 млн.) [7].

Қазақстандық экспорт құрылымында негізгі компоненттер минералдық отын, химиялық тыңайтқыштар, машиналар, жабдықтар болып табылады. Импорт номенклатурасында - ауылшаруашылық өнімдері, азық-түлік өнімдері, органикалық тыңайтқыштар, медициналық препараттар, дәрі-дәрмектер, өнеркәсіптік және кеңсе жабдықтары.

Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың перспективалы бағыты екі елдің өзара тиімді мүдделерін есепке алу негізінде жаңа прогрессивті технологияларды тарту, технологиялар беру, жабдықтар жеткізу, мамандарды оқыту жолымен өнеркәсіптің өндіруші және қайта өңдеу салаларын (оның ішінде мұнай-газ) дамыту жөніндегі жобаларға Мажар фирмаларының (тікелей немесе делдалдық) қатысуы болып табылады.

2013 жылғы қаңтарда қазақстандық делегацияның Будапештке іскерлік сапары аясында Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті, онда тараптар кең ауқымды мәселелерді талқылап, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтады. Осылайша, Қазақстан мен Мажарстанның іскер топтарының өкілдері екі ел қарым-қатынасындағы экономикалық құрамдас бөлікті жандандыру жөніндегі екі мемлекет басшыларының келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті.

Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: екіжақты экономикалық өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын әзірлеу, атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы, ауыл шаруашылығындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту, кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері. Сондай-ақ, Медицина, фармацевтика және құрылыс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша консультациялар жалғастырылды.

Кездесу қазақстандық кен орындарында Мажар "MOL" мұнай компаниясының ағымдағы және перспективалық қызметіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Мажарстанның ірі мұнай-газ операторы "MOL" компаниясының KAZENERGY қауымдастығының мүшесі болу туралы шешімін ерекше атап өткен жөн [7].

2016 жылы құрылған жарғылық капиталы 40 миллион АҚШ доллары болатын тікелей инвестициялардың Қазақстан-Мажарстан ауыл шаруашылығы Қоры, 2018 жылы әрқайсысы 10 миллион доллардан бюджетпен екі жобаны қаржыландырды - Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені (жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс) және Оңтүстік Қазақстанда алма бақтарын құру, қойма үй-жайларын салу және жабдықтар жеткізу (алаңы 300 га)[8].

"Биылғы жылы Мажарстан Қазақстан мен Мажарстанның бизнес-жобаларына 450 млн еуро бөлді. Қазақстанда мажар бизнесмендері үшін, Мажарстанда қазақстандық бизнесмендер үшін. Бұл біздің бизнесімізді жақындастыру және қызықты бірлескен жобалар құру үшін пайдалануға болатын үлкен сома", - деді ҚР Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов [9].

2017 жылғы 8 маусымда Астана мен Будапешт арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы екіжақты қарым-қатынастардағы маңызды оқиға болды. Ресми тасымалдаушы болып мажарстандық "Wizz Air" компаниясы тағайындалды[10].

Екі ел арасында су ресурстарын басқару саласы маңыздылыққа ие болуда. Мажарстан Орта Азиядағы өзінің басты серіктесіне сумен қамту жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша жақсы шешімдер, озық технологиялар менноу-хаулар ұсына алады.

Бүгінде Қазақстан аумағының тұрғындарының 45 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қомақты инвестициялар тартып, ауқымды жобаларды іске асыру қажет. Мажарстанның сыртқы істер және сауда министрі осы салада дүниежүзі бойынша үздіктердің қатарынан табылған мажарстандық компаниялар Қазақстанға көмек көрсете алады деп есептейді. Оларды қаржылық жағынан қолдау мақсатында  және бизнес ынтымақтастығын дамыту үшін Мажарстан үкіметі биыл 420 миллион еуро көлеміндегі несиелік желі ашқан [11].

Бұдан басқа тараптар энергетика саласындағы байланыстарды дамытуды көздейді. Сондай-ақ, фармацевтика саласының да орны бөлек. Мажарстандық «Рихтер» фармацевтикалық компаниясы Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда да аса танымал. Десе де, бұл елдегі фармацевтикалық өнімдердің Орталық Азиядағы негізгі тұтынушысы – Қазақстан.

Екі мемлекет сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударады, оның аясында өнер қайраткерлері, екі елдің ғалымдары мен спортшылары Қазақстан мен Мажарстанда өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта Мажарстанның Кодолани университеті, Гедель ғылыми-аграрлық университеті және Сегед ғылыми университеті Қазақстандың жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты. Қазақстандық студенттер Мажарстанның  Экономикалық және Орталық Еуропа Университеттерінде, Халықаралық бизнес мектебінде оқуларын жалғастыруда. Мажарстандық жастар Лоранда ғылым университетінде және Сегед ғылыми университетінде қазақ тілін оқиды.

 2019/2020 оқу жылынан бастап Мажарстан Үкіметі бакалавриат, магистратура және докторантураға 250 грант бөлді. Бүгінгі күні Мажарстанда «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 50-ден астам елден студенттер оқиды, оның ішінде 500-ден астам қазақстандық та бар.

Жалпы екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сонау 1990 жылдардан бері жалғасын табуда.

Қазақстандық және Мажарстан ғалымдары ортақ тарихи тамырларды зерттеуге өзара қызығушылық танытуда. Осыған байланысты қыпшақтардың Мажарстан мен Қазақстандағы мадьяр қоныстандыру тарихын зерттеу бойынша бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізілуде. 2007 жылғы қарашада «Мажар қыпшақтары одағының» өкілдерімен кездесуі барысында Елбасы мажар қыпшақтарының Құрметті Көсемі болып сайланды.

2012-2015 жылдар аралығында Мажарстанда Қырым Алтынбековтың ғылыми реконструкциялары мен авторлық жұмыстарының көрмелері ұйымдастырылды. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қазақстаннан тыс алғаш рет Еуропа төрінде – Мажарстанда «Ұлы Далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтті.

2015 жылғы қарашада Сегед қаласының Ғылыми университетінде Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай әдеби кеш өткізілді.
2016 жылғы қарашада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Мажарстанның «Сеченьи» Ұлттық кітапханасында Қазақстанның әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылды [12].

2017 жылғы 2 қыркүйекте Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі Мажар қыпшақтарының мәдениеті фестиваліне қатысты. Фестиваль шеңберінде қонақтарды қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстыратын этнобұрыш жасақталды. Оған қоса, қонақтарға кәдесыйлар мен имидждік материалдар таратылды, сондай-ақ олар қазақтың тағамдарынан дәм татты. Этнобұрыш фестиваль қонақтарының Ұлы Дала тарихына деген ерекше қызығушылығын арттырғанын атап өту қажет [13].

Қорытынды. Жалпы, жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығында әлемдегі геосаяси жағдай айтарлықтай өзгерді. Осыған байланысты Қазақстан үшін басым міндет мемлекеттің мүдделерін, нақты және әлемдік дамудың серпінін ескеруші теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты іске асыру болып табылады.

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық тәжірибесі екі елдің үйлесімділігі мен өзара толықтырушылығының бастапқыда бағаланбағанын көрсетеді. Қазіргі кезде ортақ және ұқсас белгілер анықталғанда, әрине, жоспарлар өршіл болып табылады. Қазақстан Азия орталығында, Мажарстан Еуропа орталығында орналасқан. Сондықтан да барлық салалардағы ынтымақтастық Қазақстан халқының ұлттық мүдделеріне ғана қызмет етіп қана қоймайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас барынша бай және толық дамып келеді. Бірақ, атқарылған жұмыс көлеміне қарамастан, достас екі мемлекет үшін барынша тиімді пайдалану оңай болып табылмайтын әлі де жеткілікті қуатты перспективалар мен жаңа мүмкіндіктер алда.

Бұған көпвекторлы дипломатия, аймақтық және аймақаралық деңгейде интеграциялық үрдістерді дамыту, ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктың сын-тегеуріндері мен қатерлерін ұжымдық бейтараптандыру есебінен қол жеткізуге болады. Сыртқы саяси басымдықтарды шешу және табысты іске асыру Қазақстанның одан әрі тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. [Электрондық ресурс] URL: http://www.mfa.gov.kz/kz/content-view/kontseptsiya-vneshnoj-politiki-rk-na-2014-2020-gg (дата обращения: 25.04.2014)

2.  Мажарстан. Екі жақты қарым-қатынастар [Электрондық ресурс] URL:  http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/dvustoronnie-otnosenia (дата обращения: 6.11.2016)

3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгр Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық байланыстар туралы Келісім [Электрондық ресурс]URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O9200000002 1992 жылғы 26 маусым Будапешт қаласы (дата обращения: 26.06.1992)

4.  Соглашение между Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан и Министерством земледелияВенгерской Республики о долгосрочном сотрудничестве в областисельского хозяйства и перерабатывающей промышленности// http://mfa.gov.kz/ru/content-view/vengerskaya-respublika (дата обращения: 10.12.2013)

5.  Договор об основах дружественных отношений и сотрудничестве между Республикой Казахстан и Венгерской Республикой от 7 декабря 1994 года // Бюллетень международных договоров, соглашений и отдельных законодательных актов Республики Казахстан. – 1996. – №4

6.  Варга М.  Қазақстан Мажарстанның Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі [Электрондық ресурс]URL: https://strategy2050.kz/news/39894/(дата обращения:17.10.2016)

7.  Қазақстан Елшісі Мажарстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы айтып берді [Электрондық ресурс]URL: http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/posol-kazahstana-rasskazal-o-torgovo-ekonomiceskom-sotrudnicestve-s-vengriej (дата обращения: 08.02.2019)

8.  Казахстанско-Венгерский Деловой совет[Электронный ресурс]URL: http://old.kazenergy.com/ru/press/-1/9334-2013-05-23-09-30-41.html (дата обращения: 23.05.2013)

9.  Нурбах Рустемов: 450 млн евро выделила Венгрия для бизнес-проектов с Казахстаном [Электрондық ресурс]URL: https://www.inform.kz/ru/nurbah-rustemov-450-mln-evro-vydelila-vengriya-dlya-biznes-proektov-s-kazahstanom_a3496476(дата обращения: 08.02.2019)

10.  Астана - Будапешт тікелей әуе қатынасы биылғы маусым айында ашылады [Электрондық ресурс]URL: https://primeminister.kz/kz/news/mezhdunarodnie_otnosheniya/pryamoi-reis-astana-budapesht-s-iunya-14339 (дата обращения: 03.05.2017)

11.  Астана мен Будапешт арасындағы байланыс стратегиялық маңызға ие

https://assembly.kz/kk/news/astana-men-budapesht-arasyndagy-baylanys-strategiyalyk-manyzga-ie(дата обращения: 18.10.2018)

12.  Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық[Электрондық ресурс]URL:http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/kulturno-gumanitarnoe-sotrudnicestvo(дата обращения: 06.11.2016)

13.  Мажарстанда Ұлы Даланың этнобұрышы таныстырылды [Электрондық ресурс]URL:https://e-history.kz/kz/publications/view/3447(дата обращения: 04.09.2017) 

Referenees

1.  Qazaqstan Respýblıkasy syrtqy saıasatynyń 2014 – 2020 jyldarǵa arnalǵan tujyrymdamasy  [Elektrondyq resýrs] URL: http://www.mfa.gov.kz/kz/content-view/kontseptsiya-vneshnoj-politiki-rk-na-2014-2020-gg [in Kazakh](accesseed: 25.04.2014)

2.  Majarstan. Ekі jaqty qarym-qatynastar [Elektrondyq resýrs] URL:  http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/dvustoronnie-otnosenia [in Kazakh](accesseed: 6.11.2016)

3.  Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkіmetі men Vengr Respýblıkasynyń Úkіmetі arasyndaǵy saýda-ekonomıkalyq baılanystar týraly Kelіsіm [Elektrondyq resýrs] URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O9200000002 1992 jylǵy 26 maýsym Býdapesht qalasy [in Kazakh] (accesseed: 26.06.1992)

4.  Soglashenıe mejdý Mınısterstvom selskogo hozıaıstva Respýblıkı Kazahstan  ı Mınısterstvom zemledelııa Vengerskoı Respýblıkı o dolgosrochnom sotrýdnıchestve v oblastı selskogo hozıaıstva ı pererabatyvaıýeı promyshlennostı // http://mfa.gov.kz/ru/content-view/vengerskaya-respublika [in Russian] (accesseed: 10.12.2013)

5.  Dogovor ob osnovah drýjestvennyh otnoshenıı ı sotrýdnıchestve mejdý Respýblıkoı Kazahstan ı Vengerskoı Respýblıkoı ot 7 dekabrıa 1994 goda // Bıýlleten mejdýnarodnyh dogovorov, soglashenıı ı otdelnyh zakonodatelnyh aktov Respýblıkı Kazahstan. – 1996. – №4

6.  Varga M.  Qazaqstan Majarstannyń Ortalyq Azııadaǵy strategııalyq árіptesі [Elektrondyq resýrs] URL: https://strategy2050.kz/news/39894/ [in Kazakh] (accesseed: (data obraenııa:17.10.2016) 

7.  Qazaqstan Elshіsі Majarstanmen saýda-ekonomıkalyq yntymaqtastyq týraly aıtyp berdі [Elektrondyq resýrs] URL: http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/posol-kazahstana-rasskazal-o-torgovo-ekonomiceskom-sotrudnicestve-s-vengriej [in Kazakh] (accesseed: 8.02.2019)

8.  Kazahstansko-Vengerskıı Delovoı sovet  [Elektronnyı resýrs] URL: http://old.kazenergy.com/ru/press/-1/9334-2013-05-23-09-30-41. [in Russian] (accesseed: 23.05.2013)

9.  Nýrbah Rýstemov: 450 mln evro vydelıla Vengrııa dlıa bıznes-proektov s Kazahstanom [Elektrondyq resýrs] URL: https://www.inform.kz/ru/nurbah-rustemov-450-mln-evro-vydelila-vengriya-dlya-biznes-proektov-s-kazahstanom_a3496476 [in Russian] (accesseed: 08.02.2019)

10.  Astana - Býdapesht tіkeleı áýe qatynasy bıylǵy maýsym aıynda ashylady [Elektrondyq resýrs] URL: https://primeminister.kz/kz/news/mezhdunarodnie_otnosheniya/pryamoi-reis-astana-budapesht-s-iunya-14339[in Kazakh] (accesseed: 03.05.2017)

11.  Astana men Býdapesht arasyndaǵy baılanys strategııalyq mańyzǵa ıe https://assembly.kz/kk/news/astana-men-budapesht-arasyndagy-baylanys-strategiyalyk-manyzga-ie [in Kazakh](accesseed: (data obraenııa: 18.10.2018)

12.  Mádenı-gýmanıtarlyq yntymaqtastyq [Elektrondyq resýrs] URL: http://www.mfa.gov.kz/kz/budapest/content-view/kulturno-gumanitarnoe-sotrudnicestvo [in Kazakh] (accesseed:  06.11.2016)

13.  Majarstanda Uly Dalanyń etnoburyshy tanystyryldy [Elektrondyq resýrs] URL: https://e-history.kz/kz/publications/view/3447 [in Kazakh](accesseed:  04.09.2017) 

Л. Исова1, Б.Стыбаев2

1кандидат исторических наук, доцент, e-mail: tanirbergenlaura@gmail.com,

магистр по специальности «регионоведение», e-mail::rikudo700@gmail.com,

кафедра международных отношений и мировой экономики, факультета международных отношений, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г.Алматы

СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНСКО-ВЕНГЕРСКИХ ОТНОШЕНИЙ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ

Казахстан считает Венгерскую республику как важнейший стратегический союзник в регионе Центральной и Восточной Европы. Казахстан и Венгрию связывают общие исторические корни, общие позиции по многим внешнеполитическим вопросам.

Динамика отношений, сложившихся между двумя странами за этот короткий по историческим меркам период, наглядно свидетельствует о стремлении сторон последовательно развивать казахстанско-венгерское сотрудничество, исходя из взаимных интересов.

Венгрия придаёт особое значение развитию экономических и деловых связей с Казахстаном, исследованию новых возможностей для дальнейшего укрепления сотрудничества.

За 27 лет партнерства между странами были развиты торгово-экономические связи, были успешно реализованы совместные экономические проекты.  В том числе основными точками соприкосновения интересов в области экономического сотрудничества, являются сельское хозяйство, энергетика, здравоохранение, использование транспортно-логистического потенциала двух стран, туризм, строительство и инновации.

Стоит отметить что, геополитическое положение обоих государств играет ключевую роль в мировой арене. Так, если Казахстан является ведущей страной центрально-азиатского региона, то Венгрия занимает стратегическую позицию в Центральной Европе. Благодаря учреждению Венгерско-Казахстанского Совета Стратегического Сотрудничества в 2016 году партнёрские отношения между Венгрией и Казахстаном поднялись на ещё более высокий уровень.

Ключевые слова: Казахстан, Венгрия, Восточная Европа, Центральная Азия, стратегический союзник, сотрудничество, торгово-экономические связи.

L. ISSOVA1, B. STYBAYEV2

1Candidate of Historical Sciences, Associate Professor, e-mail:tanirbergenlaura@gmail.com,

2masterof specialty «regional studies», e-mail: rikudo700@gmail.com

Chair of International Relations and World Economy, of Department of International Relations of Al-Farabi Kazakh National University,Kazakhstan, Almaty

THE STATE AND PROSPECTS OF THE KAZAKH-HUNGARIAN RELATIONS DEVELOPMENT AT THE PRESENT STAGE

Kazakhstan considers the Hungarian Republic as the most important strategic ally in the region of Central and Eastern Europe.Kazakhstan and Hungary share common historical roots, common positions on many foreign policy issues.

The dynamics of relations between the two countries during this short period by historical standards, clearly demonstrates the desire of the parties to consistently develop the Kazakh-Hungarian cooperation, based on mutual interests.

Hungary attaches special importance to the development of economic and business relations with Kazakhstan, the study of new opportunities for further strengthening of cooperation.

Over 27 years of partnership between the two countries, trade and economic ties have been developed and joint economic projects have been successfully implemented.  Including the main points of contact of interests in the field of economic cooperation are agriculture, energy, health, the use of transport and logistics potential of the two countries, tourism, construction and innovation.

It is worth noting that the geopolitical position of both countries plays a key role in the world arena. Thus, if Kazakhstan is a leading country in the Central Asian region, Hungary engages a strategic position in Central Europe.Thanks to the establishment of the Hungarian-Kazakhstan Strategic Cooperation Council in 2016, partnership relations between Hungary and Kazakhstan have risen to an even higher level.

Keywords: Kazakhstan, Hungary, Eastern Europe, Central Asia, strategic ally, cooperation, trade and economic ties.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 340

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Исова исправленная литература статьи КазНУ аль-Фараби (1).doc 0.14 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

НҰРАЛЫ ХАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ (XVIII ғ. 50-70 жж.) ӘОЖ 008323.17(574+5) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІМЕН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ САЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРҒА ЫҚПАЛЫ УДК 978.11-008 ДРЕВНЯЯ ИСТОРИЯ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ: РЕЛИГИИ, КУЛЬТУРЫ, КОНТАКТЫ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ СВЯЗИ МИНСКОГО КИТАЯ С ГОСУДАРСТВАМИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ ҚР МЕН ҚХР АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ Қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесі қарсаңындағы Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерi УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке УДК 328.184 (569.4):327(73) Израильдік лоббизмнің АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы ықпалы жөнінде XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары туралы жыраулар шығармашылығында ӘОЖ. 292.53 (005.56) Орталық Азиядағы қазіргі мәдениетаралық байланыстардың дамуы МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ ӘОЖ 341.7 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САУДА -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ӘОЖ 94(5-191.2+560)«1991/2016»:327 Тәуелсіздік жылдарында қазақ-түрік мәдени байланыстарының жаңаруы. ӨЗБЕКСТАН – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: КЕЛІСІМДЕРДЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА. 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ӘОЖ 94"04/14" ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЛАНЫҢ ОРНЫ

Автордың мақалалары

11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ