Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ

Д. Сайынов, тарих магистрі Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының оқытушысы

ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(17) 2019

Тегтер: репрессия, отарлау, теология, тұлғалар, діни, қазақтар, қожа., ишан, молда, хазрет, мешіт, медресе, Ислам, Совет, үкметі, Ақтөбе, облысы.
Аңдатпа:
Мақалада Ақтөбе облысында діни қайраткерлердің қоғамдық қызметі мен тарихы қарастырады. Сонымен қатар бұрын ғылыми айналымға есімдері енбеген діни тұлғалар аталып өтеді. Қазақ халқының діни қайраткерлері қоғамды ізгілікке, имани жолға шақырға отырып, мұсылмандық дәстүрді таратты. Білім иелері, ел ішінде дінді ғана насихаттаумен шектелмеді, олар елін, жерін аман алып қалу үшін отарлаушыларға қарсылықатрын көрсетіп халықтың әлеуметтік жағдайын, қамын ойлады. Ғылыми жобаның негізгі мақсатының бірі жалпы Қазақстандағы және Ақтөбе өңірінде қызмет жасаған діни тұлғалардың архив материалдары мен зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапақан тұстарын пайдалан отырып қазақ даласындағы діни қайраткерлердің тарихына әділ баға беру. Кілт сөздер: Ислам, медресе, мешіт, хазрет, молда, ишан, қожа. қазақтар, діни тұлғалар, теология, отарлау, репрессия, Совет үкметі, Ақтөбе облысы.
Мазмұны:

Кіріспе. Қазақ даласында рухани-адамгершілікке, имандылыққа, сауат ашуда ұлтты бір діннің аясында біріктіруге шақырған дін қайраткерлерінің тарихтағы орны ерекше. Ислам дінінің бастау алған тарихы, Мұхаммед Пайғамбар 613 жылы дипломатиялық және әскери жолмен бір діннің негізінде бүкіл араб руларының басын біріктірді. Оның ізбасарлары VII-VIII ғасырларда Таяу Шығыс, Орталық Азия және Солтүстік Африкағамұсылманшылдықты таратты. Қазіргі таңда әлемнің 23%-ы немесе 1,6 млрд адам өздерін мұсылман деп санайды. Әлем бойынша мұсылмандар христиан конфессиясынан кейін екінші орынға шығып, әлемнің 35 елінде көпшілікті мұсылмандар құраса, оның 28 елінде ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланған (Амелин В.В., Денисов Д.Н., Моргунов К.А. Религия Оренбургского края:систематическое описание в 3-х томах. Том 3. – Оренбург: ООО ИПК «Университет», 2016 – 3 с.).

  Қазақстан аумағына ислам діні VIII ғасырда біржола ену фактілері оңтүстік өңірден бастау алды. 751 жылы Талас маңында арабтар мен қарақытайлармен болған шешуші шайқас үлкен рөл атқарып, көшпенді түркі халқы сенім жүйесінде өз таңдауын жасады. Қазақ  халқының арасынан шыққан діни тұлғалар мен діннің тарихын зерттеуші ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің келтірілген дерегі бойынша, 893 жылы Тараз шаһарында бұрынғы ғибадатхана орнында Қазақстандағы алғашқы мешіттің салынғандығы туралы келтіреді. Сонымен қатар Отырар қаласы маңындағы қалашықтарды қазған археологтардың мәліметінше, Қазақстанда салынған алғашқы мешіттердің бірі, бұрын Кедер қазір Құйрықтөбе деп аталатын қалашықтың ортасында күйдірілген кірпіштен салынған мешіттің орны табылды. Арабтың тарихшысы әл-Мақдисидің Орта Азия елдеріне саяхаты барысында жинақталған деректері негізінде бұл мешітке күмбезді деген сипаттама берген (Әбсаттар қажы Дербісәлі. Қазақстан мешіттері мен медреселері. Рухани шамшырақтар (IX – XX ғғ.). – Алматы: «Аруна», 2009.  7-б.).

Дереккөзі мен әдістері. «Ұстазы жоқтың ұстазы – шайтан» деген сөздер мұсылманшылық тасаууфтағы маңызды қағидаларының бірі болып табылады (http://minbar.kz/article/show/id/9637.html ).  Кез келген істе ұстаздың болуы – маңызды өмір әдептерінің бірі. Мұсылман адам рухани дамуға жеткісі келсе, оған тәлімгер іздеу керек екені мәлім. Сондықтан да, ғылымды меңгерген ұстаз бар жиғанын шәкіртіне мұра етіп қалдыру мұсылманшылдықтың белгісі. Ағартушылық жүргізде, балалардың діни сауаттарын арттыруда дін қызметкерлердің немесе молдалар мен ишандардың орны ерекше. Дін иелері бала оқытуда халық арасында аңызға айналды, сол өткен заманның ғалымдары мен зиялылары болып, халықтың сауатын ашты.

Әз-Тәуке хан болып сайланған соң (1680 ж.) қазақ руларындағы бүкіл би, ишан, молда, әулиелерді жинап Күлтөбеде үш жүздің басын қосып, халықты біріктіру мақсатымен құрылтай өткізді. Жиынның шешімі – ел бірлігін сақтау, сырттан келетін жаудан қорғану, Жеті жарғыны қабылдау және үш жүзге Бас пір сайлау болды. Пірді сайлау олардың білімдерін байқау мақсатында сайыс арқылы жүргізілген. Ұлы жүз атынан Мағзомды, Орта жүзден Саид қожа (Сейтпенбет), Кіші жүзден Мүсірәлі қожа. Сайыстың нәтижесінде сайыста жігерлік танытқан және ең жасы Мүсірәлі қазақ жүздерінің Бас пірі етіп сайланады. Кейіннен ханның шешімімен Мүсірәлі қожа шаңырағы Кіші жүздің аумағында болсын деген шешімге келген. Хан кеңесіне дейін жолымен шешілетін мәселелерді, дау-жанжалдарды реттеуде билер, даугерлер дін иесінің алдына барып, бір мәмілеге келетін болған (Үсембаев Т. Алшын шежіресі – Қызылорда: Тұмар, 2003. 41-43 бет.). Мүсірәлі қожаның қолдауымен қазақ ауылдарында мектеп-медреселер ашылды, мұсылманшылдық пен имандылық арта түсті.  Мүсірәлі қожадан кейін, XVIII ғасырдың соңында Кіші жүздің Бас пірі болып Әбужалил шайхы қызмет атқарған. Сонымен қатар қазақ руларының жеке пірлері де болған мысалы, кете, шөмекей руларының пірі болып Сейд Мұхаммед (Сейтпеибет қожа) дін, шариғат, бала оқыту мен қатар ру аралық дауларды шешіп отырған (  Досжан Хазірет. – Алматы: Дөйт-Принтхайс, 2006  - 160 б. -57).

Мұсылман әлемінде діни лауазымы жоғарғы тұлғаларды «хазірет», «мүфти», «ахун» немесе «ишан» деп те атайды. Соның ішінде қазақ даласы мен Орта Азия аймағында ишандық дәстүрдің рөлі ерекше. «Ишан» парсы тілінен аударғанда «олар», «олардың қайырымдылығы», «шапағаты» деген  мағынаны білдіреді. Ишандар туралы Бартольд олар суфизм жетекшілері, Түркістан өңірінде бұл атау «шейх, пір, ұстаз және  олардың ізбасарлары «мүрид» мағынасында қолданылған» деген анықтама берді. Орта Азия елдерінде сопылық мектептің жетекшісін Мұхаммед Пайғамбардан тарайтын ұрпақты ишандар деп атайды және ишандық әкеден балаға өтіп отыратын мұра (6.  Ибадуллаева З. Ишандар  // Егемен Қазақстан. - 2008. - 11 қазан. - 5 б.).  Мұхаммед Пайғамбардың мұрагерлерлері болып табылатын дін иелері де Ақтөбе өңірінде имандылық нұрын таратты.

Патшалы биліктің шекарасы кеңейген сайын, жергілікті ұлтты құлдық санаға бейімдеу мақсатында орыстандыру мен шоқындындыру амалы қатар жүрді. Сондықтан бұл саясаттын астарын түсінген ишандар мен молдалар Патша үкіметінің әрекетіне қарсылық ретінде бұқара халықтың арасында мұсылмандық ұстанымды белсенді дәріптеді. XVIII ғасырдың соңында патшалы Ресейдегі шарауалар толқулары жүрді, саяси көзқарасына байланысты көптеген дін қызметкерлері халықты отарлау саясатына қарсы немесе ғазауатқа (отан, дін үшін қасиетті соғыс) шақырғандығы үшін ата қонысынан қуылды. Соның бірі Дағыстаннан Сібірге жер аударылған Қази Ақай шайхы болатын. Пугачев көтерілісі қазақ даласына ұласып, Кіші жүздегі хандық билік шайқалды, тұрақсыздықты пайдаланған ол Ресейден асып Ақтөбе өңірінің Байұлы, Әлім, Жетіру бірлестіктері арасында қолдау табады. Жат жерден келгеніне қарамастан жергілікті халық шайхының діни біліміне тәнті болып, оны Қазақай ахун деп атап кеткен. Қазақай ахун ауылда медресе құрып, қырыққа жуық шәкірт (мүрид) тәрбиелейді. Шәкірттерінің бірі Алшын Қаражігіт пен Жанай молда. 1796 жылы Қазақай ахун дүниеден озған. Бейіті Қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Сауқайың деген жерде жатыр (Шалқар.Энциклопедия. Бас.ред. Т.Тілешов. – Шалқар, 2008. – 151 б.).  Қазақайдың шәкірті Қаражігіт Бектауұлы (шамамен 1752-1835) болды. Ол туралы халық зердесінде, 1762-68 жылдары Қазақай ахунның мектебінде діни сауатын ашып, одан кейін Бұқара медресесін бітіріп, өз ауылына  мектеп ашып, шәкірт оқытады. 1776 жылы Орынбор генерал-губернаторының шешімімен Қаражігіт Бектауұлы Әлім руының хатшысы, іскері болады, әрі бала оқыту ісін жалғастырады. 1777-1780 жылдары Қазан қаласына барып, ондағы мүфтимен қауышып, ақыл-кеңестер алған, 47 мүшеден тұратын мүфтиліктің құрамына енген. Қаражігіт Бектауұлы Кіші жүзден Бұқар медресесін бітірген және Қазан мүфтилігінің құрамына кірген бірінші діни қайраткер. 1788 жылдың 22 қыркүйегінде Ресей патшасы II Екатеринаның жарлығымен Орынбор мүфтилігі құрылғанда Қаражігіт молда Мұхамбетжан Хұсайыновтан кейінгі мүфтилік дәрежеге бекітілді. Бірақ, Қаражігіт Бектауұлы Сырым Датұлы қозғалысына қатысқаны үшін оны екінші мүфтиліктен босатады. Ол сонда «Мен Алла жолына шынайы берілген адаммын. Халық деген Алланың бір аты. Сырым халықтың ұлы» деген екен. Сырым батыр көтерілісін қолдаған Қаражігіт Бектауылының есімі сол заманның деректерінде жазылған (8. Байдосов З. «Қаражігіт» - Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2008. 10-56 б.).

Талдамалар. ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген дін қайраткері Қонақбайұлы Қарағұл (шамамен 1806-1890). Ол Патшалы Ресей отаршылдығына қарсылық қөрсетіп, халықты ғазауатқа (қасиетті соғыс) шақырды. Кіші жүз аумағындағы 1847-1858 жылдар аралығында өткен ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі болды. Бейіті Шалқар ауданының аумағында Көкбұлақ деген жерде жерленген (Шалқар Энциклопедия. Бас.ред. Т.Тілешов. – Шалқар, 2008. – 164 б.).

Ақтөбе өңіріндегі дін иелерінің отарлау жүйесіне қарсылық қозғалысын одан әрі өңірге ишандық дәстүрімен танымал болған Досжан Қашақұлы жүргізді. Досжан ишан жас кезінде әкесі әкесі Қашақ ишаннан білім алып, одан әрі білімін Хиуа, Үргеніш, Бұқара қалаларындағы медреселерде оқып, игерген діни біліміне орай «ишандық» берілді. Дін қайраткері еліне оралып ислам ғылымы мен білімін таратуды белсенді жүргізді. Дала қазақтары арасында қажылық сапарды ұйымдастырды. Меккеде қажылыққа барған дала халқына арнап тәкия үйін салдыруды ұйымдастырды. «Қазақ шежіресін» құрастыру және ХІХ ғасырдың 80-жылдары отарлаушы «қазақтар үшін бөлек мүфтилік» құру екендігі туралы патшалы үкіметтен талап етті. ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Досшан ишан Доңызтаудағы Тасастау-Қайнар алқабында, өзінің бірінші мешітін салдырып, бала оқыты. Доңызтаудан Ойыл өзенінің (Шилі саласы) жағасына Досжан ишан 1868 жылы Ойыл уезіне көшуге мәжбүр болды. 1868–1869 жылдары «Уақытша ереже» заңының енгізілуі мен Орал, Торғай облыстары қазақтарының, кейін Үстірт аймағындағы жергілікті тұрғындар отарлаушы үкіметке қарсылықтар көрсетті. «Уақытша ереже» бойынша шаруашылық, салық, дін, білім мәселелерінде қазақтардың құқықтары шектелді, бұл патша үкіметінің отарлауын күшейткен заң болды. Жаңа «әкімшілік реформа» елге көп ауыртпалық міндеттеді. Сондықтан да қазақ халқы қарсылық көрсетіп, ол қозғалыстың рухани көсемдері ишандар мен молдалар болды. Отарлау саясатына қарсы шыққан дін қайраткерлері қарсылық қозғалыстар тоқтатылып, кейінгі уақытта патшалы үкімет тарапынан қуғындалды. ХІХ ғасырдың 70-жылдары Маңғыстау түбегі, Орал мен Торғай облыстарының қазақтарына қарағанда, отарлаушы үкіметке бағына қоймаған аймақ болды. Сондықтан да Досжан ишан секілді ықпалды, сауатты діни тұлғаның үкімет хұзырынан алыста (Доңызтау Солтүстік Үстіртте орналасқан) әрекет етуі, отарлаушы патша үкіметін алаңдатпай қоймады. Патша үкіметі оны өздерінің үстемдігі орнаған Орал облысының жеріне көшірді, бұл Досжан ишанның істерін бақылауда ұстау үшін тиімді болды.

e5d75bdf72603e1cac507425e1d08d74.png

Сурет-1. Досжан ишан мешіті ХІХ ғ.

«Халықты бүлдіруші» деген желеумен мәжбүрлі түрде 1868 жылы Ойыл бетке қоныс аударған Досжан ишан осы Ойыл өзенінің Шилі тармағында мешіт-мектеп салып, бала оқытты. Ондағы мешіті «Ишан ата» деп аталды. Мешіт Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылынан оңтүстікте 5 шақырым жерде орналасқан.  ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақтөбе өңірінде ишандық дәстүрді дәріптеген ишандардың бірі – Ықылас Досұлы. 1869 жылғы «Уақытша Ережеге» қарсы көтерілістің жетекшілерінің бірі. 1869 жылы қаңтар айында Уфаға барып, ондағы мүфти қожа Сәлімгерей Тевкелевпен кездескен. Осы сапардан соң Ықылас ишан енгізгелі жатқан басқарудың жаңа тәртібіне патшалы билілікке ашық қарсы ғазауатқа шығады. Сол жылдың ақпан айында Тамды бойындағы өз ауылында Қобда-Елек бойының билерін шақырып, кеңес өткізіп, халықты ережені қабылдамауға, қару алып үкіметпен күресуге шақырады. 1869 жылдың көктемінде Ықылас ишан ел-жұртпен бірге Үстірт өңіріне қоныс аударған. 1874-1875 жылдарда Хиуа, Қожелі қалалары арқылы Парсы немесе Түркия еліне көшіп кеткен деген болжам бар (РФ ООММ (Ресей Федерациясы Орынбор Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты) 6-қор, 8-т, 8273 іс. 152 п.).

Патшалық Ресейдің отарлау саясатының негізінде құрылған орыс қазақ мектептер мен приходтық мектептерде қазақ даласындағы мұсылманшылдыққа қарсы орыс мәдениеті мен православиесі дәріптеді. Өңірде отарлау саясатының ықпалына қарамастан дала сахарасында тұрғызылған мешіт, медреселер мұсылмандық білім мен мәдениеттің халық арасында қолдау тапқандығын нық көрсетеді. Көненің көзін көрген ақсақалдарының айтуынша Қазан төңкерісіне дейін өлкеде шамамен 240 мешіттің болғаны айтылады. Анықталған мұрағат деректерінде  ХХ ғ. 20 жылдарында тіркеуге алынған 204-ке жуық мешіт, 88 православиелік шіркеу, 109 әртүрлі мінәжат үйлері болғандығын айғақтайды (ҚР АОММ (Ақтөбе Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты) 13 қор, 8 тізбе, 288 іс.  3-п.).

ХІХ ғасырдан мен ХХ ғасырдың басына дейін Ақтөбе өңірінде халықты мұсылмандыққа шақыруда аттары мәшһүр болған тұлғалар – Досжан ишан, Ишан-Ата, Шерліғұл ишан, Жетпісбай ишан, Сәтіғұл ишан, Берді ишан, Алмат ишан, Лаумағанбет ишан, Жұмағали ишан, Алдияр ишан, Ділмағамбет ишан Сары ишан, Ақ ишан, Шәкен ишан, Нұрпеке хазрет, Ахмет Халфе, Аманғали ахун, Пәтуалы ишан, және т.б. есімдерімен жалғастыруға болады. Олар діни сауаттылығымен, тақуалығыменен қатар дүниелік білімділігімен ерекшеленіп халық арасында үлкен құрметке ие болған. Сондықтан, халық  «Қара молда», «Сары молда», «Ақ ишан», «Сары ишан» деп оларды құрмет атаулармен атауды әдетке айналдырды.

6bd2105ee5d428a5392e6e3fe65045e7.png

Сурет-2. Қара Қобда өзеніндегі Шакен ишанның (Шаймерден) мешіті. ХХ ғ. басы.  (Мешіттің минарет көрінісі, 2016 ж.)

4347273c4e54eee240d3adafa107872c.png


Сурет-3. Қара Қобда өзеніндегі Шакен ишанның (Шаймерден) мешіті. ХХ ғ. басы.  (Мешіттке кіре беріс көрінісі, 2016 ж.)

Нәтижелер. ХХ ғасырдың 20 жылдары өңірде кеңестер билігі күшейіп, дін қайраткерлердің  қызметін қызыл әскер сынға алды. Жоғарыдан қабылдаған қатігез саясаты қолдамаған дінбасылары қудалауға ұшырады. Қудалауға түскендердің бірі Сары ишан еді. Әбілхайыр хан ордасында қызмет жасаған Керейт Мүсірәлі шайхы Әзиздің (1856-1934) ұрпағы Қожахмет Үмбетұлы бұрынғы Қарабұтақ (Әйтеке би) ауданының жерінде өмір сүрген. Қайтыс болар шағында «Шаңғытбай қажы жатқан жерге жерлеңдер» деген ұрпағына өсиет қалдырған екен. Сары ишан жастайынан діни оқыған, патшалы биліктің нұсқауымен 1893 жылы Қарабұтақ ауданына келген дін қызметкері. Ыскөл, Сарыоба деген жерлерге мешіт-медресе салдырып, бала оқытқан. Халық оның даналығына, діншілдігіне риза болып. Көпшілік оны құрмет тұтқандықтан Сары ишан болып аты аңызға айналған. 1912 жылы Сары ишан Ырғыз уезінің мұхтасибі болып қызмет атқарған. 1928 жылы Сары ишанның мешіті құлатылады. Кеңестің жендеттерінен тығылып, тасаланып  жүрді. Қырғын тәркілеу кезінде 1929 жылы мал-мүліктері тіркеуге алынып, тәркілеуге ұшырады. кеңестердің дінге қарсы ызғарынан алыстау үшін кейін Нұраға, одан соң Нөкіске (Өзбекстан) қаласына көшеді. 1933 жылы ата қонысын аңсап еліне оралады. Имансыз қоғамның, биліктің дінге, дәстүрге қарсы озбырлық амалдарды көрген дін қайраткері өкінішпен 1934 жылы дүниеден озған (Р.Ілиясова. Ел иесі, жер иесі. – Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2016. 95 б.).

Кеңес үкіметінің қабылданған конституциясының 65-бабы бойынша дін қызметкерлері, діндарлар азаматтық құқық пен еркін ойшылдықтан ажырады. Дін қызметкерлерін қоғамға қауіп төндіретін топқа, қылмыскерлерге теңестірілді. Әсіресе көпшілік мойындаған ишандар, молдалар тергеуге алынды, жеке мүліктері тәркіленді.

1927 жылдың 15 қаңтарындағы «Аса кұпиялы» деген кұжатта дауыс беру құқығынан айрылған діни қайраткерлердің тізімі:

п/п

Аты, тегі

Жасы

Сайлау құқығынан айырылу себебі

Абаниев Алекар

ишан

Айлитов Жуздубай

ишан

Актанов Шулан

ишан

Бтимбаев Абделла

ишан

Баламбетов Сулейман

ишан

Досмагулов Жуламан

ишан

Дощанов Габдулла

ишан

Жамансарин Айнагул

ишан

Жакебаев Абдулла

ишан

Истлеуов Cагидулла

ишан

Кошмухамедов Мухаметдин

ишан

Кулмагамбетов Айтхожа

ишан

Куйшубаев Мирман

ишан

Наурузгалиев Ибат

ишан

Ташкенов Баймагамбет

ишан

Таубаев Теммагамбет

ишан

Сеитгазыев Дощан

ишан

Шагимарданов Абдулхаким

имам

Асфандияров Камалетдин

муазин

Изтлеуов Жантлеу

имам

Мендалеев Хажаметжар

муазин

Кошмухамедов Хайрулла

имам

Хайруллин Валей

муазин

Тлеубаев Сафаргалий

имам

Тлегенов Ахметжан

муазин

Нуртазин Абдрахман

Имам-хазрет

Мухамед-Валеев Абдул-Вахит

муазин

Уркенов Сулейман

имам

Курмангазыев Иргалий

муазин

Жумагулов Сагидулла

имам

Джумагулов Абдул-Мажит

муазин

Жумагулов Сагидулла

Имам

Хуббеев Нуретдин

муазин

Исангалиев Галим

Имам

Галимов Нурмах

муазин

Мендикулов Мухамедгазий

Имам

----  Ишмухамед

муазин

Ипасов Бахетбай

Имам

Жангарбергенов Сафаргалий

муазин

Уразалин Уразмухамед

Имам

Хайбаров Урумбет

муазин

Тюрабаев Жумагалий

Имам

Альмухамедов Улча

муазин

Абдуллин Бисан

Имам

Байжанов Таубай

муазин

Абдрахманов Хажгазы

Имам

Бикмухамедов Абдул-Бахит

муазин

Рахманкулов Мубарак

Имам

Ниязов Хабибулла

муазин

Адиев Жумаш

Имам

Уралбеков Бикбулат

муазин

Дюсенов Нурмухамед

Имам

Кинжалиев Акил

муазин

Саркулов Абдул-Карим

Имам

Сарыкутов Жухмухамед

муазин

Байкадаом Шакиратдин

Имам

Баязитов Хайрутдин

муазин

Умбетов Нурмухамед

Имам

Исмухамедов Нуржан

муазин

Мухамедов Тагир

Имам

Касимов Абдул-Газиз

муазин

Исембеков Курбан

Имам

Кулмухамбетов Сисенбай

муазин

Хасанов Муллагазы

Имам

Хусаинов

муазин

Табажанов Сальмен

Имам

Жуманов Тюгельбай

муазин

Жленалин Хусаин

имам

Кулыбаев Мухаш

муазин

Абдуллин Бисен

имам

Жармухамедов Шамер

муазин

Абдыров Ажекарий

имам

Бекмухамедов Габдул Вахит

муазин

Мухсаджи Жагали

имам

Имангалин Мухамбетали

муазин

Аманжулов

имам

Айтуев

----

Ивалиев Дайбарак

----

Жанзаков Баймухамед

----

Адилов Нигмат

----

Сафин Заяляги

Хазрет-молда

Байдавлетов Утаралий

молда

Карабаев Барак

молда

Романкулов Абдурахман

молда

Илегов Бертуган

молда

Досмухамедов

молда

Муканов Бисембай

молда

Баймухамедов Абдрахман

молда

Ишмеев Нурахмед

Имам хазрет

Януваров Гарифолла

Муазин

Абдулбаниев Гумар

Мухтасиб

Нурахмедов Ищмухамед

молда

Сделтаев Жумабай

молда

Сулейманов Бекбай

молда

Сейткамалов

молда

Гайтмухамедов Шамгун

молда

Тукбанов Сафар

молда

Кажбанов Ирмукаш

молда

Исмагилов Иржан

молда

Ишкалов Кабул

молда

Исмегинов Китем

молда

Байшуаков Жумаг

имам

Урезбаев Губайдулла

муазин

Исказин Самбай

имам

Сасаев Мукан

муазин

Боргулов Ибат

имам

Дангулов Мухамедгалий

муазин

Арызмагамбетов Абдуалий

имам

Жандарбеков Утеу

муазин

Аренжанов Адил

имам

Кубашев Нуржан

муазин

Андов Хамит

имам

Искандыров Салих

муазин

Алиев Киязгалий

имам

Танбаев Алимукан

муазин

Жекебаев Абдулла

имам

Джахинов Кинжебай

муазин

Досанов Нурмухамед

имам

Кинжалин А

муазин

Уркушев Сулейман

имам

Итесов Бахтыбай

имам

Кукутов Тажетдин

муазин

Исмагулов Хабай

имам

Коржауов Меттурган

муазин

Кулмухамедов Утеу

имам

Тайчинов Курмангазы

муазин

Елекбаев Умерзак

Дін қызметкері

және т.б.(Ақтөбе Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты 4 қор, 1 тізбе,12 іс.  315 п.).

ХХ ғасырдың басында халық арасында танымал болған келесі ишандар Абаниев Алекар, Айлитов Жүздібай, Ақтанов Шулан, Бітімбаев Абдулла, Баламбетов Сүлейман, Ташкенов Баймагамбет, Досмағұлов Жоламан, Дошанов Ғабдулла, Жакебаев Абдулла, Жамансарин Айнағұл, Ізтілеуов Cағидулла, Қошмухамиедов Мұхаметдин, Құлмағамбетов Айтқожа, Күйшібаев Мирман (Пірман), Наурызғалиев Ибат, Таубаев Теммағамбет(?), Сейітқазиев Дошан, Шаһмарданов Абдулхакім, Күнешұлы Нәби ишандар дін иелері деген атпен қудалануға ұшырады (Ақтөбе Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты 4 қор, 1 тізбе,12 іс.  302 п.).. Сары ишанның ұлы Әбдіғани (1884 жылы Ыскөлде дүниеге келген, 1937 жылы шейт болды. Ол Самарқанд, Хиуа, Бұқар қалаларында 15 жыл жүріп  жоғары діни білімге ие болған, әкесінің ишандық дәстүрді жалғастырушы. Оқуын бітіргеннен  кейін 1912 жылы Уфа қаласында өткен діни қайраткерлердің құрылтайына қатысып, Ырғыз уезінің солтүстік аудандарына бас имам болып тағайындалған. Әбдіғали молда 1927 жылы ұсталып жер аударылған. 1930 жылы елге оралған. 1937 жылы Шаңғытбай қажының екі баласы ұсталып айдалғанын көрген Әбдіғани молда бүкіл діни кітаптарды әкесінің тамына көміп, діни қызметін тоқтатқан.

1937 жылы Әбдіғаниды қызыл әскер ұстап әкету туралы мынадай деректер бар: Қожахметов Әбдіғани (Әбдіғали) 1902 жылы Қарабұтақтың 18-ауылында туылған. Кәсібі ұста, малшы.  1937 жылы кыркүйектің үшінде  Ақтөбе облысының УНКВД ұсталып КСРО-ң ҚҚ 58-1 бабы бойынша, астыртын үгіті үшін ату жазасына кесілген. 1965 жылы 19 маусымда Ақтөбе облыстық сотының шешімімен қаралған істе қылмыстық құрам анықталмағандықтан ақталған (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl4/mObl4_%D0%9A/246F57B4F4C01227E054002655122E6A).

1937-1938 жылдары дін қайраткерлері кеңес үкіметіне астыртын үгіті үшін деген жалаумен олардың кейбірі Сібір, Қазақстандағы лагерлерге, абақтыға жабылса, көпшілігі имандылығы мен сеніміне берік болғандығы үшін өкінішке орай атылып кетті.

 Әдебиеттер

Амелин В.В., Денисов Д.Н., Моргунов К.А. Религия Оренбургского края:систематическое описание в 3-х томах. Том 3. – Оренбург: ООО ИПК «Университет», 2016 – 3 с.

Әбсаттар қажы Дербісәлі. Қазақстан мешіттері мен медреселері. Рухани шамшырақтар (IX – XX ғғ.). – Алматы: «Аруна», 2009.  7-б.

http://minbar.kz/article/show/id/9637.html

 Үсембаев Т. Алшын шежіресі – Қызылорда: Тұмар, 2003. 41-43 бет.

Досжан Хазірет: ғұмыргамалық баян. – Алматы: Дөйт-Принтхас, 2006  - 160 б. -57

Ибадуллаева З. Ишандар  // Егемен Қазақстан. - 2008. - 11 қазан. - 5 б.

«Шалқар» Энциклопедия. Бас.ред. Т.Тілешов. – Шалқар, 2008. – 151 б.

Байдосов З. «Қаражігіт» - Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2008. 10-56 б.

«Шалқар» Энциклопедия. Бас.ред. Т.Тілешов. – Шалқар, 2008. – 164 б.

РФ ООММ (Ресей Федерациясы Орынбор Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты) 6-қор, 8-т, 8273 іс. 152 п.

АОММ (Ақтөбе Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты) 13 қор, 8 тізбе, 288 іс.  3-п.

Р.Ілиясова. Ел иесі, жер иесі. – Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2016. 95 б.

АОММ 4 қор, 1 тізбе, 12 іс. 315 п.

АОММ 4 қор, 1 тізбе, 12 іс. 302 п.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl4/

References

General provisions Amelin V. V., PR. Denisova N., Ul. Morgunova A. Religion of Orenburg region: a systematic description in 3 volumes. Volume 3. - Orenburg: OOO IPK "Universitet", 2016-3 S.

 Absattar kazhy Derbisali. Mosque and madrasah of Kazakhstan. Spiritual lamps (IX-XX centuries). - Almaty: "Aruna", 2009. 7-b.

 http://minbar.kz/article/show/id/9637.html  

 So Usenbaev Shezhire Alshyn-Kyzylorda: TUMAR, 2003. - Moscow: High school, 1974.

 Doszhan Hazrat: a biographical story. – Almaty: Dit-Prendas, 2006 - 160 p. -57

Ibadullayeva Z.-2007. - № 4. - P. 1. - P. 1-2. - 2008. - - 11 Oct. - 5 b.

Encyclopedia "Shalkar". Heads'.ed. T. Tleshov. - Shalkar, 2008. - 151 b.

Z. Вaydosov "Karayigit "-Aktobe: LLP" A-print", 2008. In the dictionary implemented two-way transfer.

Encyclopedia "Shalkar". Heads'.ed. T. Tleshov. - M.: Science, 2008. - Almaty: KAZ publishing House.

Russian Federation Orenburg oblast state archive of the Russian Federation), Fond 6, t 8, d. 8273. P. 152

State archive of Aktobe region13 funds 8 inventories 288 cases.  P. 3.

R. Ilyasov. The host country, the owner of the land. - Aktobe: "A-Polygraphy", 2016. In the dictionary implemented two-way transfer.

State archive of Aktobe region 4 foundations, 1 inventory of 12 cases. P, 315.

State archive of Aktobe region 4 foundations, 1 inventory of 12 cases. P, 302.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl4/mObl4_%D0%9A/246F57B4F4C01227E054002655122E6A

Д. Сайнов1

1АРГУ им. К. ЖУБАНОВА, н.с., м.и., Актобе, Казахстан

ДУХОВНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ В АКТЮБИНСКОМ КРАЕ

Резюме

В статье рассматриваются история и общественная деятельность религиозных деятелей в Актюбинской области. Также отмечаются религиозные деятели, ранее не включенные в научный оборот. Религиозные деятели казахского народа проповедовали мусульманскую традицию. Одной из основных целей научного проекта является объективная оценка истории религиозных деятелей в казахской степи, используя те моменты, которые были отражены в архивных материалах и трудах исследователей.

Ключевые слова: ислам, медресе, мечеть, хазрет, молда, ишан, ходжа. казахи, религиозные личности, теология, колонизация, репрессия, советская власть, Актюбинская область.

А.Sainov1

1K. ZHUBANOV ARSU, Aktobe, Kazakhstan

THE SPIRITUAL ACTIVITIES OF THE RELIGIOUS LEADERS IN AKTOBE REGION

Summary

Тhe article deals with the history and social activities of religious figures in Aktobe region. It is also noted religious personalities, which had not previously entered into scientific circulation. Religious figures of the Kazakh people preached the Muslim tradition. One of the main objectives of the research project is an objective assessment of the history of religious figures in the Kazakh steppe, using those moments that were reflected in archival materials and works of researchers.

Keywords: Islam, madrasah, mosque, Hazrat, Molda, Ishan, Khoja. Kazakhs, religious personalities, theology, colonization, repression, Soviet power, Aktobe region.

* Мақала АР05133586 «XIX ғ. - XX ғ. басындағы мешіттер мен діни қайраткерлер тарихы: Ақтөбе облысының материалдары негізіндегі зерттеу» атты ғылыми жобаның аясында даярланды.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 341

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Сайнов Д__Религ.деятел (1).doc 0.75 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Западный взгляд на общественную функцию ислама в контексте его жизнеспособности УДК94 (574) «1941-1945» КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. С.М. КИРОВА В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ ИЗ ИСТОРИИ МУСУЛЬМАНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В СЕВЕРНОМ КАЗАХСТАНЕ ВО ВТОРОЙ ПОЛОВИНЕ XIX – НАЧАЛЕ XX ВВ. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж). Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ТҰҢҒЫШ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ШАҚЫРЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ (25 жыл) ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ

Автордың мақалалары

ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ