Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш

М.Д. ШАЙМЕРДЕНОВА, Т. Жүргенов атын. Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, т. ғ. к., қауымдастырылған профессор

ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(17) 2019

Тегтер: авторы, оқулық, оқулық, дәуір, техногендік, әлемі, жаһандану, тұлғатану, Қазақстан, тарихы, оқулық, құрылымы
Аңдатпа:
Мақалада тұлғатану ғылыми-тәжірибелік бағыты қарастырылады. Тұлғатану тұрғысынан Қазақстан тарихы оқулықтарының авторлары болып табылатын және өздерінің өмірлерін ғылымға арнаған дарынды қазақстандық ғалымдар шығармашылығы қаралады. Сонымен қатар, автор жалпы қазақстандық оқулықтар мәселелерін және Қазақстан тарихы оқулығын жеке ашып көрсетіп, заманауи білім, Қазақстан тарихы пәнінің оқыту әдістемесіне, жаңа ұрпақтың оқулықтар құрылымына талдау жасайды.
Мазмұны:

Кіріспе. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тарих толқынында» кітабында «Бүгінде біз Қазақстанның ежелгі және төл өркениет дамыған аумақта орналасқандығын мақтанышпен және таңданыспен айтқан неофиттерден біліп отырмыз. Біздің ата-бабаларымыздың Египеттен Үндістанға, Еуропадан Қытайға дейін саяси, мәдени ықпалдығының ауқымдылығы қаншалықты болса, соншалықты жан-жақты және осының барлығын жіті зерттеп, әрі ақпараттың құжатталғандығын көрсететін тарихи ізденістер «ғасырлық Далалық артта қалу» туралы шалғай стереотиптерден еш нәрсе қалмағандығының айқындылығын ерекшелейді»  [Назарбаев 1999: д. 71, 79]. Біздің еліміздің осы тектес бай тарихын авторлар, өз оқулықтары мен оқу құралдарында ашып көрсетуден бөлек, Қазақстан тарихы оқу пәні ретінде ғылым арқылы тарихпен тығыз байланыста бола отырып және де оқу пәнінде ғылым негіздері ретінде баяндалатынын жақсы түсінеді. Қазақстан тарихы курсының мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген бағдарламадан тұратын мақсаттармен анықталады.

Талқылау. Соңғы уақытта тұлғатану сияқты қызықты ғылыми-тәжірибелік бағытқа ерекше назар аударылуда және бүгінде біз еліміздің тарихын жаңғыртуға өзінің аз да болса үлесін қосқан барлық тарихшылар, филологтар еңбектеріне жүгінеміз, әр түрлі кезеңдерде болған тарихи-мәдени процестерді ұғынумен айналысамыз.

Осы аспектіде Қазақстан тарихының белгілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарының авторлары Бекмаханов Ермахан Бекмаханұлы, Бекмаханова Найля Ермаханқызы, Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы, Нұрпейісов Кеңес Нұрпейісұлы, Қозыбаев Манаш Қабашұлы, Байпақов Карл Молдахметұлы т.б. сынды авторларға көңіл бөлгім келеді. Жалпы қазақстандық оқулықтар мен Қазақстан тарихы оқулықтарының мәселелері жайлы бүгінде көптеген аудиторияларда, әр түрлі деңгейде сөз етілуде. Жалпылай айтқанда, Қазақстан тарихы оқулықтарын жазу саласында да мәселелер аз емес. Олардың кейбіреулері Кеңес одағы кезінде жазылғаннан бері келе жатса, бірі қазақстандық ерекшеліктерге ие. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде барлық он бес республиканың білім беру орындарында, соның ішінде Қазақстанның да жоғарғы оқу орны мен мектепке арналған оқулықтары, оқу құралдары негізінен ресейлік авторлармен, тек аздаған оқулықтар республиканың жергілікті авторларымен жазылды.

Нәтиже. Кеңестік республикалар тәуелсіздік алған уақыттан бастап қана әрбір республика өзінің оқулықтарын және оқу-әдістемелік құралдары мен материалдарын шығара бастады. Қазақстан да солай. Қазақстандық авторлардың оқулықтары басылып шығарыла бастады және құрылымы жағынан олар кеңес уақытының оқулықтарына ұқсас болды.

Әрине, бастапқы кезекте орта мектептерге арналған Қазақстан тарихы бойынша алғашқы оқулықтың авторы – Қазақ КСР ғылым Академиясының академигі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Бекмаханов Ермахан Бекмаханұлын еске алған жөн. Е.Б. Бекмахановты ХІХ – ХХ ғ.ғ. басындағы Қазақстан тарихындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерден бастап, бірінші орыс революциясы кезеңіндегі Қазақстандағы революциялық оқиғаларға дейін, сондай-ақ әдебиет пен құқықтық ғылымға дейін қызықтырды. Ең бастысы – ғалым зерттеуінің тереңдігінде. Ермахан Бекмаханұлы өзінің оқулықтары мен оқу құралдарын көбінде осы оқиғаларға арнаған болатын. Осындай ұлы ғалымның арқасында Қазақстан тарихы бойынша қазақстандық оқулықтарда алғаш рет Кенесары Қасымов туралы және қазақ елінің тәуелсіздік үшін күрестері жайлы шынайы ақпараттар пайда бола бастады. Өзінің еңбектері үшін Е.Б. Бекмаханов КСРО-ң орден-медальдарымен марапатталған болатын [Шаймерденова 2000: 162;  Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздік, 2005: 79].

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ профессоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тельман Достанбаев өзінің «Шындықты зерттеуші» мақаласында: «Ермахан Бекмахановтың алдыға қойған талай мақсаттары болатын. Ол Қазақстан тарихы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық шығаруға, Алаш-Орда тарихын зерттеуге, Шоқан Уәлиханов пен оның айналасындағылар туралы монография жазғысы келген. Бірақ ол армандарына қол жеткізе алмады. Ермахан Бекмахановты  танитындар мен оны еңбектері арқылы танитындар үшін ол тарихқа оңай атақ іздеу үшін емес, шындықты зерттеу үшін келген адам болып мәңгі есте қалады» деп жазған [Достанбаев: Шындықты зерттеуші].

Тарих әлемінде әйгілі, Қазақстан тарихы оқулықтары мен хрестоматияларының авторы Бекмаханова Найля Ермаханқызы. Найля Ермаханқызы әлеуметтік-экономикалық және саяси тарих, халықаралық қатынастар, тарихи география, демография, картография, құқық тарихы, тарихнама, XVIII-XXI ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстан ғана емес, сол кезеңдегі Ресей халықтарының деректанулары бойынша кең өрісті мәселелерді қамтиды. Ол 150-ден астам мақалалар, 5 оқулық пен хрестоматиялар жазды (Бекмаханова, 12.01.2018]. Қазіргі таңда Найля Ермаханқызы Ресей мен Қазақстанда ғана емес, шетелдік оқу орындарында да дәріс оқиды. Ол белсенді қатысатын түрлі дәрежедегі конференциялар мен форумдардан, оны қызықтыратын мәселелер бойынша көптеген елдердің мұрағаттарынан алынған жаңа, әрі қызықты тарихи деректер туралы естуге болады.

Қазақстан тарихы бойынша 9 сыныпқа арналған оқулықтың авторы -  белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықтық білім беруде еңбегі сіңген қайраткер және үздігі, гуманитарлық ғылымдар академигі   Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы. Ол Қазақстан тарихы бойнша 500-ден астам ғылыми еңбектер, 12-ден астам оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар жазды. Оның оқулықтарына ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарындағы мағлұматтар: Қазақстан қалаларының тарихы, Қазақстанның Ресейге қосылуы, ұлт-азаттық қозғалыстар, ХҮІІІ-ХХ басы ғ.ғ. Қазақстанның Орталық Азиямен халықаралық, саяси, сауда-саттық байланысы, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арақатынасы, қазақ хандарының қызметі мен өмірі жайлы деректер жазылды [Шаймерденова, 200: 170-171; Қасымбаев, 2002].

11 сыныпқа арналған оқулықтың авторлары ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер, халыққа білім беру ісінің үздігі, 500-ден астам ғылыми және ғылыми-танымал жұмыстардың, соның ішінде 20-ден астам монографияның авторы Нұрпейісов Кеңес Нұрпейісұлы [Шаймерденова, 200: 179-180, Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздік, 2005]  мен 300-ден астам еңбектер мен мақалалардың, көптеген монографиялар мен энциклопедиялардың авторы, профессор - Бүркіт Аяған [Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздік, 2005]. Оқулыққа Кеңес Нұрпейісұлының ғылыми қызығушылығын тудырған Алаш және Алашорда тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар, ұлттық-мемлекеттік құрылыстар, ХХ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі, аграрлық тарих және тоталитарлы режимдегі саяси репрессияларға қатысты өзекті мәліметтер енді. Б. Аяғанның жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы жөнінде ғылыми зерттеулері де оқулыққа енгізілді.

Қазақстан тарихы бойынша 10 сыныпқа арналған оқулықтың авторлары тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Манаш Қабашұлы және Ильяс Манашұлы Қозыбаевтар. Манаш Қабашұлы – көрнекті тарихшы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлы Отан соғысы тарихы мен тарихи зерттеулердің әдістемелік мәселелері бойынша жетекші маман, 800-ден астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 30 монография, 30 ұжымдық еңбектің авторы [Шаймерденова, 2000: 171-172; Қазахстан. Қазақстан ғылымында кім бар?, 1999, 87], ал Ильяс Манашұлы 100 шақты жарияланған жұмыстардың авторы [Қазақстан ғылымында кім бар?, 1999: 79]. Қазақстан тарихынан оқулықтар мен хрестоматия жазуда баға жетпес еңбек сіңірген ғалым Қозыбаевтардың ғылыми зерттеулеріндегі ізденістері үйлесімін таба білді.

5 сыныпқа арналған оқулықтың авторлары  керемет археолог Байпақов Карл Молдахметұлы және оның әріптестері ғалым-медиевистер, қазіргі таңда академик атанған Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы мен шығыстанушы-ирантанушы Пищулина Клавдия Антоновна болып табылады. Байпақов К.М. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Алмания (Германия) Археологиялық Институтының корреспондент-мүшесі. Ол 10-нан астам монография, қазақ жеріне арналған 6-дан астам альбом мен каталогтар, сондай-ақ 400-ге жуық ғылыми еңбектер жазды (Шаймерденова, 2000: 158-159; Қазақстан ғылымында кім бар?, 1999: 31). Б.Е. Көмеков Орталық Азияның ортағасырлық тарихы, түрік халқы  тарихы, шығыс деректанушы маманы ретінде ғылыми мектеп пен әлемдегі жалғыз Халықаралық қыпшақтану институтын құрушы болып табылады. Б.Е. Көмековпен 13-тен астам монография және көптеген ғылыми мақалаларды жазған [Шаймерденова, 2000: 174-175, Қазақстан ғылымында кім бар?, 1999: 95] К.А. Пищулинаның ғылыми зерттеулерінің объектісі ортағасырлық қазақ тарихын зерттеу, қазақ хандығының даму тарихын зерттеу болып табылады. Оның 250-ге жуық ғылыми және ғылыми-танымал жұмыстары, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді [Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздік, 2005].

Қазақстандық авторлардың алғашқы оқулықтары жоғарғы ғылыми және педагогикалық деңгейде шығарылды. Бірақ құрылымы негізінен сол кездегі уақыт талабына сай кеңестік уақыттағы оқулықтарға сәйкес келген. Дегенмен уақыттың тоқтаусыз ағымы, жаңа технологиялар мен автоматика, жаңа инновациялық технологиялар дәуірі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен материалдар құрастырудың жаңа тәсілін талап етеді.

Бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жазу мен құру саласына деген менің қызығушылығым алғаш керемет, мейірімді және зейінді ұстаздарым, бірнеше оқулық авторлары – Ж.Қ. Қасымбаев және К.Н. Нұрпейісовтың арқасында пайда болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан тарихынан алғашқы үлгілік бағдарламам, алғашқы оқу-әдістемелік кешенім Ж.Қ. Қасымбаевпен бірлесіп жазылды және ҚР ҒА корреспондент-мүшесі Т.С. Садықовтың редакциясымен басылып шығарылды [Қасымбаев, Шаймерденова 1995: 36]. Келесі басылым – Қазақстан тарихы бойынша оқу-әдістемелік кешенінің корреспонент мүшесі К.Н. Нұрпейісовтың редакциясымен басылымға шыққан болатын [Шаймерденова, 2000]. Ол менің Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар басып шығарудағы бастапқы қадамдарым болды. Бірақ та бір бастаған істі ары қарай тастай алмайсың. Алынған тәжірибелер осы бағыттағы жаңа зерттеулерге итермелейді.

1999 жылы  профессор Б.Ғ. Аяғанмен бірлестікте жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа заман оқулығын жасау мақсатында орта мектептің 9 сыныптарына арналған оқулық шығардық. Соның нәтижесінде Қазақстан тарихы бойынша үш бірлікті кітаптар: оқулық, оқушыларға арналған хрестоматия және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралды құрастырдық [Аяған, Шаймерденова, 2005, 2009, 2013].  Үш бірлікті оқу-әдістемелік кешенді жазуда орта мектеп мұғалімі Н.Ткаченконы да шақырдық. Ол өз кезегінде мектеп мұғалімі ретінде бағаланбайтын көмек көрсетті [Аяған, Шаймерденова, Ткаченко, Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқаулық, 2005, 2013].

Қазақстан тарихы бойынша өткен замандағы оқулықтар, әдетте тек мәтіндік материалдан құралғаны баршамызға мәлім. Біз оқулықтың  құрылымын тарихи білімнің жаңа құрылымына сәйкес етіп түрлендірдік және алғаш болып оқу материалдарына кесте және сұлба, картамен жұмыс, тесттер, есте сақтау сұрақтары, өз өзін тексеру сұрақтары түрінде әдістемелік қамсыздандыру айналымын қосқан болатынбыз. Сондай-ақ жаңа білім көзі ретінде – тарихи тұлғалардың биографиялық ақпаратын, бірінші рет ғылыми айналымға кірген құжаттарды қостық. Айналымға алғаш болып «глоссарий» деп аталатын сөздік қор ұғымын енгіздік. Ал оқушыларға ыңғайлы болу үшін және мұғалімдерге көмек ретінде оқулықтың соңында рефераттар, дереккөздер, ұсынылған оқу құралдар, қосымша және көркем әдебиеттер тізімін шығардық. ҚР Орталық мемлекет мұрағатының директоры Сеитова Алла Борисовнамен ұсынылған тарихи фотосуреттер де алғаш рет оқулыққа енгізілген болатын. Ой өрісті кеңейту үшін портфолио, мозаикалар, чайнворд пен сөзжұмбақ түріндегі күрделенген тапсырмалар қосылды. Осының барлығы оқушылардың танымдық әрекетін арттыру мен оқулықтың дидактикалық қызметін орындау үшін Қазақстан тарихы оқулығына енгізілді.

Қорытынды. Оқулық авторларының тарихына және олардың оқулыққа деген көзқарасына жүгіне отырып, біз заманауи білім беру қандай болуы керек, заманауи мұғалім, заманауи оқулықтар қандай болу қажет деген сұрақтарға жауап іздейміз. Жаһандық әлем және техногенді дәуір мектеп мұғалімі пәнді оқытудың ең жаңа әдістемесін білуге мәжбүрлейді, ал ең бастысы пәнді ғылыми тәртіп деңгейіне көтеруі қажет екендігін алға тартады [Гуревич, 1977]. Оқытудың әдістемесінде жеке-бағыттық білім беру болуы тиіс, яғни тұлғаның дамуы, өзін өзі дамыту мен өзін жетілдіруге, сондай-ақ оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуға  басты назар аударылуы қажет. Менің ойымша, оқулықты «орташа» деп аталынатын оқушы дәрежесіне, немесе «орташа» мұғалім дәрежесіне дейін жеңілдетудің қажеті жоқ. Жаңа технологиялар әлемінде, оқушылар ұялы телефон арқылы оған қажет әрі қызықты кез келген ақпаратты таба алатын уақытта оқулық және оқулықтағы материалдың одан да жоғары деңгейге көтеретін таным керек. Ой өрісін кеңейту негізінде оқушыларға қосымша әдебиеттер тізімінен жаңа материалдарды табу тапсырмасын беру керек. Олардың қабілеттерін тарихи оқиғаларды ұғыну арқылы дамыту қажет. Оқыту әдістемесінде ең бастысы, Қазақстан Республикасының білім беру Концепциясы (2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004) мен жаңа оқу бағдарламаларының алға қоятын мақсаты – тұлғаны дамыту. Сонымен қатар, тарихты жаңа тарихи-мәдени стандарттар бойынша оқыту керек.

Қазақстан тарихы оқулығы өзінің жан-жақтылығымен  Қазақстан тарихы пәнін меңгеруге және оны жақсы көріп үйренуге ынталандырады, оқушылардың ойлау қабілеттілігін арттырады. Біздің мемелекетіміздің тарихындағы маңызды күндерге қатысты туындыларды оқу барысында оқушылардың ұлттық санасын қалыптастырады. Оқулықтарда, сондай-ақ ақпарат пен ұлттың мәдениетін тасымалдаушылары болып табылатын оқулық авторлары туралы мәліметтер жазылатын персонология бөлімдерінің пайда болуы маңызды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жетекші құжаттары осы мақсатқа толығымен жетелейді: тарих мектептегі оқыту пәні ретінде «барлық гуманитарлық және қоғамтану курстарының негізін құрайды», «ұлттық сананы, адамгершілік-әдеп нормаларды» қалыптастырып, барлық пәндердің «дүниетанымдық негізі болады». Ал бұл құжаттарда тарихты оқытудағы ең маңызды көңіл бөлетін мақсат – толеранттылықты қалыптастыру ретінде «басқа ұлттардың дәстүрі мен мәдениетін сыйлау мен түсіну, тұлғааралық қарым-қатынастағы тіл тапқыштық» болып табылады [Нұсқалық және әдістемелік хат, 2007: 42-43].

Әдебиеттер:

Аяған Б.Ғ. Қазақстанның жаңа тарихы. Хрестоматия. – Алматы: Атамұра, 2005, 2013. – 224 б.

Аяған Б.Ғ., Шаймерденова М.Д.  Қазақстан тарихы.  9 сыныпқа арналған оқулық. –  Алматы: Атамұра, 2005, 2009, 2013. – 400 б.

Аяған Б.Ғ., Шаймерденова М.Д., В.С. Ткаченко. Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқаулық: 9 сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2005, 2013. – 272 б.

Бекмаханова Н.Б. Электронды ресурс. Қол жеткізу режимі: http://iriran.ru/?q=bekmahanova. 12.01.2018.

Гуревич Я.Г. Тарихтың тәжірбиелі әдістері // Педагогикалық жинақ. – М., 1877. –  376 б.

Достанбаев Т. Ақиқатты зерттеуші: Электронды ресурс. Қол жеткізу режимі: http://mysl.kazgazeta.kz/?p=5948].

Әдістемелік нұсқау хат «2017-2018 оқу жылында  Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы »// Қазақ мектебіндегі тарих. – 2007. № 4. –   42-43-бб.

Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық анықтама. – Алматы: Алматы кітап, 2005. –  79-б.

Қазақстан. Қазақстан ғылымында кім бар?: Анықтама. – Алматы, 1999. – 87, 87-бб.

Қасымбаев Ж.Қ., Шаймерденова М.Д. Қазақстан тарихы. Оқу-әдістемелік кешен.– Алматы: Рауан, 1997, 2000.

Қасымбаев Ж.Қ., Шаймерденова М.Д. Қазақстан тарихы пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. – Алматы, 1995.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасына. – Астана, 2004. Электронды ресурс. Қол жеткізу режимі: http://www.unesco.kz/rcie/data/koncepciya.htm.

Қасымбаев Ж.Қ.: Библиографиялық мәлімет. – Алматы: «Біздің әлем» баспа үйі, 2002. – 76 б.

Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999 .– 298 б. 

Шаймерденова М.Д. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден XX ғ. басына дейін). Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 1992, 1993.

Шаймерденова М.Д. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден XX ғ. басына дейін). Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2000.  – 162, 163. 170-171-бб.

References:

Aıaǵan B.Ǵ. Qazaqstannyń jańa tarıhy. Hrestomatııa. – Almaty: Atamura, 2005, 2013. – 224 b.

Aıaǵan B.Ǵ., Shaımerdenova M.D.  Qazaqstan tarıhy.  9 synypqa arnalǵan oqýlyq. –  Almaty: Atamura, 2005, 2009, 2013. – 400 b.

Aıaǵan B.Ǵ., Shaımerdenova M.D., V.S. Tkachenko. Qazaqstan tarıhy. Ádistemelik nusqaýlyq: 9 synyp muǵalimderine arnalǵan. – Almaty, Atamura, 2005, 2013. – 272 b.

Bekmahanova N.B. Elektrondy resýrs. Qol jetkizý rejımi: http://iriran.ru/?q=bekmahanova. 12.01.2018.

Gýrevıch Ia.G. Tarıhtyń tájirbıeli ádisteri // Pedagogıkalyq jınaq. – M., 1877. –  376 b.

Dostanbaev T. Aqıqatty zertteýshi: Elektrondy resýrs. Qol jetkizý rejımi: http://mysl.kazgazeta.kz/?p=5948].

Ádistemelik nusqaý hat «2017-2018 oqý jylynda  Qazaqstan Respýblıkasynyń jalpy orta bilim beretin uıymdarynda  oqý protsesin uıymdastyrýdyń erekshelikteri týraly »// Qazaq mektebindegi tarıh. – 2007. № 4. –  42-43-b.

Qazaqstan. Qysqasha entsıklopedııalyq anyqtama. – Almaty: Almaty kitap, 2005.  –  79 b.

Qazaqstan. Qazaqstan ǵylymynda kim bar?: Anyqtama. – Almaty, 1999. – 87, 87-b.

Qasymbaev J.Q., Shaımerdenova M.D. Qazaqstan tarıhy. Oqý-ádistemelik keshen. – Almaty. Raýan, 1997, 2000.

Qasymbaev J.Q., Shaımerdenova M.D. Qazaqstan tarıhy páni boıynsha úlgilik oqý baǵdarlamasy. – Almaty, 1995.

Qazaqstan Respýblıkasynyń 2015 jylǵa deıingi bilim berýdi damytý tujyrymdamasyna. – Astana, 2004. Elektrondy resýrs. Qol jetkizý rejımi: http://www.unesco.kz/rcie/data/koncepciya.htm.

Qasymbaev J.Q.: Bıblıografııalyq málimet. – Almaty: «Bizdiń álem» baspa úıi, 2002. – 76-b.

Nazarbaev N.Á. Tarıh tolqynynda. - Almaty: Atamura, 1999 .– 298 b. –  71, 79-b.

Shaımerdenova M.D. Qazaqstan tarıhy (erte dáýirden XX ǵ. basyna deıin). Oqý-ádistemelik qural. – Almaty, 1992, 1993.

Shaımerdenova M.D. Qazaqstan tarıhy (erte dáýirden XX ǵ. basyna deıin). Oqý-ádistemelikqural. – Almaty, 2000. . –  162, 163. 170-171-b.

М.Д. ШАЙМЕРДЕНОВА

кандидат исторических наук, доцент,

Казахская национальная академия искусств им. Т.К. Жургенова

АВТОРЫ КАЗАХСТАНСКИХ УЧЕБНИКОВ ПО ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА КАК НОСИТЕЛИ ИНФОРМАЦИИ И КУЛЬТУРЫ:

ЯЗЫКОВАЯ ЛИЧНОСТЬ В РЕТРОСПЕКТИВЕ

Аннотация.В статье рассматривается  научно-практическое направление – персонология. В свете персонологии раскрывается творчество талантливых казахстанских ученых, посвятивших свою жизнь науке и являющихся авторами учебников по истории Казахстана.

Автор также раскрывает проблемы казахстанских учебников в целом и учебников по истории Казахстана в частности, рассуждает о современном образовании, методике преподавания предмета истории Казахстана, структуре учебников нового поколения.

Ключевые слова: персонология, глобализационный мир, техногенная эпоха, учебник, история Казахстана, структура учебника.

M.D. SHAIMERDENOVA

Сandidate of Historical Sciences, Associate Professor,

T.K. Zhurgenov Kazakh national academy of Arts

THE AUTHORS OF KAZAKHSTANI TEXTBOOKS ON THE HISTORY OF KAZAKHSTAN AS CARRIERS OF INFORMATION AND CULTURE: A LANGUAGE PERSON IN RETROSPECTIVE

Аbstract. The article discusses the scientific and practical direction - personology. In the light of personology, the work of talented Kazakhstan scholars, who dedicated their lives to science and the authors of history of Kazakhstan textbooks is revealed.

The author also reveals the issues of Kazakhstan textbooks in general and textbooks on the history of Kazakhstan in particular, discusses modern education, the teaching methodology of history of Kazakhstan, the structure of new generation textbooks.

Keywords: personality, world of globalization, technogenic era, textbook, textbook author, history of Kazakhstan, textbook structure


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 167

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Статья. 2 Шаймерденова М.Д. (Edu-history). ҚТ ретроспективке шолу(1).doc 0.1 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні Қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесі қарсаңындағы Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерi Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы Қызылорда облысы Жалағаш ауданына 1960-шы жылдары қоныс аударған отбасылар Қазақтың аспан әлеміне байланысты түсініктері, ғұрыптары ҒТМАР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ 902/904 Ф. Х. АРСЛАНОВА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРТЕСАҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 391.745/749 ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – «БЕТАШАР» САЛТЫ: САҚТАЛУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш ОӘЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ ШОЛУ 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы

Автордың мақалалары

ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш