Басты бет » Материалдар » 929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Самашев С.К. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4 (16) 2018

Тегтер: тюркские, степи, казахские, средневековье, знак, символ, народы, племена, кочевники.
Аңдатпа:
Таңбалар ежелден билік пен жеке меншіктің нышаны саналады. Таңбалардың маңызының ең артқан тұсы – құрамына көптеген ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктер енген ортағасырлық мемлекеттердің өмір сүрген уақыты. Олар таңбаларды әкімшілік-басқару, сыртқы саясат және басқа да мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру кезінде кеңінен қолданды. Ортағасырлық көшпелі халықтардың ең алдымен бәріне ортақ негізгі таңбалары және соны түрлендіру арқылы жасаған отбасылық және жеке таңбалар болды. Таңбалар қоғам мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын таныту үшін қойылды. Қазақтардың (және барша түркі түркі тілдес ұлттардың) этногенезін қалыптастырған бұл халықтардан бізге кең байтақ жер, аса бай тілмен қатар бойына ел тарихы үшін аса құнды ақпарат жасырған таңбалар мен белгілердің үлкен бір жүйесі мұраға қалды. Қазіргі археологиялық және этнографиялық далалық зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай таңба белгілер Қазақстанның барлық өңірлерінен, жартастардан, культтік-мемориалдық нысандардан, қыш ыдыстардан, теңгелерден, қару-жарақтар мен тұрмыстық бұйымдардан және т.б. табылуда. Бүгінгі таңда қазақ даласында орта ғасырларда өмір сүрген халықтардан қалған таңба белгілер бойынша көптеген құнды деректер жинақталып қалды. Олардың біразын зерттеушілер жеке-жеке ғылыми айналымға енгізіп те үлгерді. Дегенмен, олардың басын қосып, сұрыптап, жіктеп және деректану тұрғысынан талдау жасап, қордаланып қалған әдіснамалық мәселелерді шешуге қабілетті еңбек әлі де болса жарық көре қойған жоқ. Түйін сөздер. Таңба, белгі, орта ғасырлар, қазақ даласы, түркі халықтары, тайпалар, көшпелілер.
Мазмұны:

Кіріспе. Қазақ даласындағы таңба-белгілердің зерттеушілер назарына ілінгеніне екі жүз елу жылдай уақыт өтті. Түрлі себептермен ара-арасында үзілістер болғанымен, қазіргі уақытта бұл тақырыпты қамтиын ғылыми әдебиеттердің саны жағынан еш кемдік жоқ. Тіпті тарихи деректің осы түріне деген қызығушылықтың күрт артуы ХХ ғ. екінші жартысынан бастап Еуразия даласын ежелгі және орта ғасырларда мекен еткен халықтардың таңбаны қолдануы мәселесінің түрлі аспектілерін терең зерттейтін авторлар мен авторлық ұжымдардың қатарын көбейтті десе де болады.

Ғалымдар елімізден және шекаралас жатқан аймақтардан табылған таңба белгілерді жинақтау, талдау, «таңба» ұғымын түсіндіру және белгілі бір таңба түрлерінің таралу ареалын анықтау бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Таңбалардың шығу тегі, ішкі мәні және параллельдігі мәселелерін зерттеу де белгілі бір деңгейге жетті. Бірақ зерттеушілер әртүрлі себептермен (саяси, тілдік және т.б.) бір-бірінен алшақ жұмыс істегендіктен пікір қайшылықтары көбейді және ортақ әдіснама жасалмады. Бұл зерттеулер санын ғана емес, сонымен қатар оларға қойылатын сынды да арттыра түсті. Ендігі жерде осы уақытқа дейін жария етілген еңбектердің басын қосып аралық қорытынды жасап, алдағы уақытқа жаңа зерттеу межесін белгілейтін уақыт келді.

Деректер және әдістер. Дерек ретінде анықталып және ғылыми айналымға енгізіліп қойған таңбалармен қатар далалық Еуразияның таңбалары мен белгілерін зерттеумен шұғылданып жүрген отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері қолданылды.

Таңбалар ортағасырлық қазақ даласын мекен еткен халықтар өмірінде орын алған тарихи құбылыс болғандықтан біз оларды зерттеуде тарихилық, функционалдық және жүйелілік қағидаттарына сүйендік және талдаудың статистикалық және ретроспективалық әдістерін қолдандық.

Талқылаулар. Зерттеушілер ортағасырлық қазақ даласының таңба-белгілері келтірілген алғашқы деректердің қатарына Рашид ад-Диннің, Қашғаридің және Әбілғазының еңбектерін жатқызады. Дегенмен, қазіргі зерттеушілер қолданып жүрген еңбектердің дені біршама кешірек, яғни XVIII ғ. аяғынан бастап жарық көргендер. Бұлардың алдыңғы қатарында Н. Аристов, Н. Гродеков, А. Левшин, Л. Баллюзек, В. Радлов, М. Вяткин, С. Абрамзон, С. Фукс, В. Курылев және т.б. көптеген авторлардың зерттеулері тұрады. Қазақ даласы таңбаларын зерттеу тарихнамасында Ш. Құдайбердіұлы, М, Тынышпаев, С. Аманжолов, В. Востров, М. Мұқанов, Х. Арғынбаев еңбектерінің орны бір төбе.

Қазақ даласында таңбалардың қолданылу тарихын зерттеудің тереңдей түскені күні кеше – Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанан бергі уақыт. Қазіргі уақытта бұл тақырыпты қамтитын ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектердің саны жүзден асып кетті. Олардың арасында осы тақырыптың негізгі мәселерін анықтау және шешу жағынан алғанда құндысы – В. Ольховский, С. Яценко, З. Самашев, Н. Базылхан, А. Рогожинский, А. Досымбаева, Ж. Артықбаев, С. Ярыгин және Ө. Шнанов еңбектері.

Нәтижелер. Ортағасырлық қазақ даласының таңбалары – бүкіл Еуразиялық дала белдеуінде кездесетін таңба-белгілердің ажырамас бөлігі. Ғалымдардың пікірінше таңбалардың кем дегенде 70 мың жылдық тарихы бар (Perrin, Pim, Yatsenko, 2010, 9 б.), ал қазақ жерінде олар неолиттен бастап кездеседі (Самашев, Базылхан..., 2010, 14-б.). Кейбір ғалымдар таңбалардың зерттеушілер назарына іліге бастауын XVII ғ. жатқызады, ал археологтар мен этнологтар оларды кәсіби зерттеуді 1881 ж. Тбилсиде өткен Ресей археологтарының V-ші конгресінен соң бастады деп санайды (Perrin, Pim, Yatsenko, 2010, 19-б.). Таңбаның әлемнің басқа да елдерінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны да осы уақытпен тұспа-тұс келеді.

Егер жаһандық тұрғыдан қарайтын болсақ, басқа салалармен салыстырғанда таңбаларды зерттеу ісі әлі күнге кереметтей ілгері басып кете қойған жоқ. Бұл мәселенің зерттеудің жеке бір саласы ретінде өзіне лайықты бағасын алмауы ғалымдар арасында кәсіби байланыстың жоқтығымен түсіндіріледі. Әлем ғалымдарының зерттеу пәніне деген көзқарасының әлі де болса шектеулі болуы және өзара ақпарат алмасу деңгейінің әлсіздігі таңбаларды зерттеу мәселесін жетілдірумен айналысып жүрген зерттеушілер үшін үлкен кедергі (Perrin, Pim, Yatsenko, 2010, 18- б.). Яғни бұл сала әртүрлі елдердің ғалымдары арасында ортақ зерттеу алаңының болмауы және ғылыми ақпараттың қажетті көлемінің уақтылы түсіп отырмауы себепті ақсап қалды.

Қазақстандық ғылыми орта үшін мұның басты себебі – кеңестік кезеңде осы тақырыппен шұғылдануға шектеу қойылуы болды (Рогожинский, 2016, 225- б.). Зерттеушілер таңбаларды жеке-дара қарастыра алмай, ежелгі жазбаларды (Аманжолов, 1959) және этникалық тарихты (Востров, Муканов, 1968) зерттеу аясында тиіп-қашып тоқталуға мәжбүр болды. Ортағасырлық Қазақстан көшпелілерінің таңбаларын зерттеу қарқыны тек соңғы он-он бес жылда ғана артты (Рогожинский, 2013, 226- б.). Алайда Еуразия даласын мекен еткен ортағасырлық халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трасформациялануы турасында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасалған жоқ (Самашев, Базылхан..., 2010, 7- б.).

Бізге белгілі рулық таңбалардың тамыры тереңде, тіпті сонау қола дәуірінен бастау алады деп саналғанымен (Вайнберг, Новгородова, 1976, 66- б.) «қазақ таңбалары» аталатын таңба белгілер бастауын орта ғасырлардан, яғни көне түркілерден алады (Ольховский, 2001, 100 б.) деген мәнмәтінде қарастырар болсақ, қазақ даласы ортағасырлық халықтарының таңбалар жүйесін зерттеу ерекше маңызға ие екені сөзсіз. Қазақстан территориясы түркі халықтарының алғашқы мемлекеттері пайда болып өмір сүрген аумақ болғандықтан бұл мәселенің шешімін табу үшін тек қазақ жері мен халқына тән таңбаларды ғана емес, басқа да түркі тілдес елдердің таңбаларын қоса зерттеп, салыстырмалы талдау жасалуы тиіс.

М. Тынышпаев қазақтың үйсін, қаңлы, жалайыр, арғын, керей, найман, қоңырат, қыпшақ, алшын тәрізді негізгі руларының қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, башқұрт, татар, ноғай халықтарының құрамында, сондай-ақ Қырым, Қашғар, Ауғанстан, Кавказ, Иран және Монғолия жерлерінде кездесетінін жазып қалдырған (Тынышпаев, 1925, 27-28 -бб.). О. Акчокраклы, Р. Кузеев, Р. Керейтов, О. Каратаев еңбектері де (Акчокраклы, 1927; Кузеев, 1974; Керейтов, 1999; Каратаев, 2003) бұны растай түседі. Түрік ғалымы Е. Юртсевер өзінің «Таңба» атты еңбегінде бүкіл түркі халқын Шығыс, Орта, Батыс түркілер деп үлкен үш топқа және әр топты өз ішінде, яғни, Шығыс түркілерді үш, Орта түркілерді он төрт, ал Батыс түркілерді сегіз топшаға бөліп кеңінен қарастырып, таңбаларды осылардың барлығына ортақ құбылыс ретінде келтіреді (Yurtsever, 1993,14-18- бб.).

Одан кейінгі мәселе «таңба» сөзінің шығу тегін анықтау. Бұл жағынан келгенде ғалымдар көбіне В. Ольховскийге (Ольховский, 2001, 100-б.) жүгінгенді жөн көргенімен, О. Перриннің пікірін де (Perrin, 2010, p. 26) ескерусіз қалдыруға болмайды.

Сонымен қатар, ортағасырлық қазақ даласы халықтарын зерттеу барынша нәтижелі болуы үшін қарастырып отырған аумақ пен уақыт кеңістігіне сәйкес келетін «таңба» ұғымын нақтылап алу да маңызды. Заманауи зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай «таңба» аясы өте кең ұғым және оған әр зерттеушінің өзінше алып-қосары бар. Бірақ бұл жерде бір анығы таңба ең алдымен рулық меншіктің белгісі (Samashev, 2010, p. 331). Осы орайда біз Н. Аристовтың «А.Н. Харузиннің осы мәселеде айтқан пікірімен қосыламыз, таңба сөзінің мағынасы жеке және отбасылық меншік пайда бола қоймаған рулық кезеңге нұсқайды» деген ойының жаны бар деп санаймыз. Себебі «әмеңгерлік» дәстүрі күні кешеге дейін сақталып келген қазақ халқы үшін жекеменшік немесе жанұялық меншік деген салыстырмалы ұғымдар. Отағасы кез келген уақытта шайқаста немесе барымтада мерт болуы мүмкін жағдайда, оның мал мүлкі руластарының ішіндегі ең жақын туысының қолына өтетін болғанын ескерсек (Қазақтың этнографиялық категориялар..., 2011, 326-327 бб.), мал шаруашылығымен айналысатын, жауынгер, көшпелі қоғамда барлық мал-мүлік рудың меншігі болған деп нақты айтуға негіз бар.

Нақтылануы тиіс келесі мәселе – ортағасырлық қазақ даласы халықтарындағы таңбалардың негізгі функциялары. Атап айтқанда, В. Ольховский келтірген таңбаның сегіз функциясының (Ольховский, 2001, 107-108- бб.) біз қарастырып отырған уақыт пен ортаға сәйкес келуі, яғни бұл тізімнің толықтырылуы немесе керісінше азайтылуы.

Таңбалардың түркі халықтарымен ұқсастығы, яки параллельдігі мәселесінен бөлек, айырмашылықтарын, нақты қазақ даласына тән ерекшеліктерін анықтап алудың да маңызы зор. Бұл мәселеге О. Каратаев (Каратаев, 2003, 71-б.) пен Рогожинский де (Рогожинский, 2016, 224-б.) өз еңбектерінде тоқталып өткен. Ендігі жерде солардың пікірін дамытып, деректермен дәйектеп нақты айырмашылықтар мен ерекшеліктер анықталуы тиіс.

Таңбалар туралы осы уақытқа дейінгі жазба деректерді топтастырып, тиісінше кезең-кезеңдерге бөліп, тарихнамалық шолу жасау арқылы да көптеген теориялық мәселелерді шешіп алуға болатыны даусыз. Әсіресе ғалымдардың еңбектерінде келтірілген деректерге сапалы түрде салыстырмалы талдау жасалатын болса, солардың нәтижесінде ортағасырлық қазақ даласында өмір сүрген ру-тайпалардан бастау алатын түркі халықтарына ортақ таңбалар кестесін әзірлеп шығуға болады.

Бұл жерде ерекше тоқтала кететін бір мәселе, А.Е. Рогожинский өз еңбегінде алдыңғы буын авторларының еңбектеріне сын көзбен қарау керек, олар келтірген деректердің сәйкеспейтін тұстары бар деп келтіреді (Рогожинский, 2016, 223-226-бб.). Автордың көтеріп отырған мәселесін тереңірек қарастырып, бұл жерде негізгі қателіктер мен «техникалық қателіктерді» айырып алу қажет. «Техникалық қателіктер» деп отырғанымыз негізінен малды таңбалау кезінде орын алатын жағдайлардың жиынтығы. Олардың қатарына таңбаланатын малдың тұрқының үлкен-кішілігіне, таңба тыртығының әбден жазылғаннан кейінгі бейнесіне, сондай-ақ таңбалаушының қолындағы қызған темірдің олқы немесе теріс түсуіне байланысты өзгерген таңба-белгілерді жатқызуға болады. Оның үстіне этнографиялық кезеңде сатып алынған немесе ауыстырылған малдың иесі бұрынғы таңбаның үстіне өз таңбасын басатын сәттер де байқалғандықтан бұл тәжірибенің ежелден келе жатуы мүмкін екендігін де ескеру қажет.

Біздің бұл келтіргеніміз қарастырып отырған мәселенің кейбір тұстары ғана. Бұдан бөлек ортағасырлық таңба-белгілердің типологиясы мен жіктелуі (рулық, этникалық, тайпалық), семантикасы, этноәлеуметтік-мәдени маңызы (оғыз, қыпшақ, найман және басқа да ірі рулық-тайпалық одақтардың таңбалары) тәрізді келтірілгендерден анағұрлым күрделірек сұрақтары да жетерлік.

Қорытынды. Ортағасырлардағы қазақ даласы халықтарының белгі жүйесіндегі таңбалар соңғы кездегі зерттеу еңбектерінде жиі қамтылып жүрген тақырып. Қазіргі уақытта бұл тақырыпқа деген қызығушылық Қазақстан аумағынан асып алыс-жақын шет елдердегі зерттеушілердің назарын аудартып отыр. Бұл өте құптарлық жағдай, себебі біріншіден, тың көзқарастар пайда болады, екіншіден салыстырмалы түрде зерттеулерге қажетті деректер саны артады, мәселені толық қамтып ұқсастықтар мен айырмашылықтарды барынша дәл келтіруге мүмкіндіктер туады.

Осы тұрғыдан алғанда қазақстандық зерттеушілер алдында тұрған міндеттер жаңарып, олардың қатарына соңғы жылдардағы археологиялық және этнологиялық зерттеулер нәтижесін қосып деректер базасын жаңғырту, бұрынғы зерттеулерді жалғастыра отырып жаңа теориялық-әдіснамалық негіздемелерін жасау және т.б. кіреді.

Әдебиет:

Акчокраклы О. Татарские тамги в Крыму (Мат-лы науч.-этногр. экспедиции по изучению татар. культуры в Крыму, 1925) // Изв. Крымского педагогического института. 1927. Кн. 1. С. 32-47

Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.Алма-Ата: Изд-во Алма-Атин. пед.ин-та, 1959. 450 с

Вайнберг Б.И., Новгородова Э.А. Заметки о знаках и тамгах Монголии // История и культура народов Средней Азии (древность и средние века). – М.: «Наука», – С.1976. 66-74, 176-179

Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX – начало XX в.). Алма-Ата: Наука, 1968. 256 с

КаратаевO.K. Кыргыздардын этномаданий байланыштарынын тарыхынан. -Бишкек, 2003. – 167 б

Керейтов Р.Х. Этническая история ногайцев : (К пробл. этногенет. связей ногайцев). –Ставрополь: Карачаево-Черкес. ин-т гуманитар. исслед.,–1999. – 174 с.

Кузеев Р.Г.Происхождение башкирского народа: Этнический состав, история расселения.– М.: Наука, 1974.– 572с.–2400 экз. (в пер.)

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлi жүйесi. Энциклопедия. – Алматы: DPS, 2011, – 738 б

Ольховский В.С. Тамга (к функции знака) // Историко-археологический альманах. – Армавир, 2001. – № 7. – С. 100-109.

Рогожинский А.Е. Проблемы изучения удостоверительных знаков средневековых кочевников Казахстана // Известия НАН РК. Серия общественных и гуманитарных наук. Алматы. – 3 (289). –2013. – С. 226-240.

Рогожинский А.Е. Казахские тамги: новые исследования и открытия // Казахи Евразии: история и культура: сб. научн. Трудов. – Омск: Изд-во Ом. гос. ун-та им. Ф.М. Достоевского; Павлодар: Изд-во Павлод. гос. пед. ин-та, 2016. – С. 223-235

Самашев З., Базылхан Н., Самашев С. Көне түрік таңбалары. – Алматы, 2010. – 168 б.

Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент: Восточное отделение киргизского государственного издательства. Туркестанский отдел русского географического общества, 1925. – 77 с

Oliver T. Perrin, Joam Evans Pim and Sergey A. Yatsenko. Mark Studies. An Interdisciplinary Approach // Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin.London; Dover:Dunkling Books. 2010, pp.9-25

Oliver T. Perrin. Tamgas and Space: Territorial Mark and Mnemotechnic // Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin.London; Dover:Dunkling Books. 2010, pp. 25-61

Samat K. Samashev. Kazakh Tamgas. Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin.London; Dover:Dunkling Books. 2010, pp.331-340

Yurtsever E. Tamga. Istanbul, 1993. – 156 s

References

Akchokrakly O. Tatarskie tamgi v Krymu (Mat-ly nauch.-etnogr. ekspedicii po izucheniyu tatar. kul'tury v Krymu, 1925) // Izv. Krymskogo pedagogicheskogo instituta. 1927. Kn. 1. – S. 32-47(In Russian)

Amanzholov S.A. Voprosy dialektologii i istorii kazahskogo yazyka.Alma-Ata: Izd-vo Alma-Atin. ped.in-ta, – 1959. – 450 s(In Russian)

Vainberg B.I., Novgorodova E.A. Zametki o znakah i tamgah Mongolii // Istoriya i kul'tura narodov Srednei Azii (drevnost' i srednie veka). – M.: «Nauka», – S.1976. 66-74, 176-179 (In Russian)

Vostrov V.V., Mukanov M.S. Rodoplemennoi sostav i rasselenie kazahov (konec XIX –nachalo XX v.). – Alma-Ata: Nauka, 1968. – 256 s (In Russian)

Karataev O.K. Kyrgyzdardyn etnomadanii bailanyshtarynyn taryhynan. –Bishkek, 2003. –167 b (In Kyrgyz)

Kereitov R.H. Etnicheskaya istoriya nogaicev: (K probl. etnogenet. svyazei nogaicev). Stavropol': Karachaevo-Cherkes. in-t gumanitar. issled.,1999. 174 s(In Russian)

Kuzeev R.G. Proishozhdenie bashkirskogo naroda: Etnicheskii sostav, istoriya rasseleniya.M.: Nauka, 1974. 572 s (In Russian)

Qazaqtyn etnografiyalyq kategoriyalar, ugymdar men ataularynyn dástýrli jýiesi. Enciklopediya. – Almaty: DPS, 2011, – 738 b.

Ol'hovskii V.S. Tamga (k funkcii znaka) // Istoriko-arheologicheskii al'manah. – Armavir, 2001. №7. – S. 100-109.

Rogozhinskii A.E. Problemy izucheniya udostoveritel'nyh znakov srednevekovyh kochevnikov Kazahstana // Izvestiya NAN RK. Seriya obshestvennyh i gumanitarnyh nauk. – Almaty. 3 (289). 2013.–S. 226-240.

Rogozhinskii A.E. Kazahskie tamgi: novye issledovaniya i otkrytiya // Kazahi Evrazii: istoriya i kul'tura: sb. nauchn. Trudov.– Omsk: Izd-vo Om. gos. un-ta im. F.M. Dostoevskogo; Pavlodar: Izd-vo Pavlod. gos. ped. in-ta, 2016. – S. 223-235

Samashev Z., Bazylhan N., Samashev S. Kone týrik tanbalary. –Almaty, 2010. – 168 b.

Tynyshpaev M. Materialy k istorii kirgiz-kazakskogo naroda. – Tashkent: Vostochnoe otdelenie kirgizskogo gosudarstvennogo izdatel'stva. Turkestanskii otdel russkogo geograficheskogo obshestva, 1925. –77 s

Oliver T. Perrin, Joam Evans Pim and Sergey A. Yatsenko. Mark Studies. An Interdisciplinary Approach // Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin– London; Dover:Dunkling Books. 2010, – pp.9-25

Oliver T. Perrin.Tamgas and Space: Territorial Mark and Mnemotechnic // Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin–London; Dover: Dunkling Books. 2010, – pp. 25-61

Samat K. Samashev. Kazakh Tamgas. Traditional Marking Systems: A Preliminary Survey / edited by Joam Evans Pim; Sergey A. Yatsenko and Oliver T. Perrin.London; Dover:Dunkling Books. 2010, pp.331-340

Yurtsever E. Tamga. – Istanbul, 1993. – 156 s

Samashev S.K.1

1L.N.Gumilyov Eurasian National University,

Astana, Kazakhstan

SOME ISSUES RELATED TO THE STUDIES OF THE KAZAKH STEPPES’  

MEDIEVAL TAMGA SIGNS

Summary

From the ancient timestamgas and signs have been indispensable attributes of property and power. Symbols and signs, or in other words, “tamgas” got their highest significance in medieval states, which included numerous tribal structures and ethno-political associations. Tamgas were used in carrying out administrative, managerial, foreign policy and other state functions. It is known that the nomadic ethnic groups of the Middle Ages had independent tamgas, both tribal and derived from them, as well as family and personal, which showed their status in society, the right to property, etc. Subsequently, these tribes were involved in the ethnogenesis of the Kazakh people (and all Turkic-speaking peoples), thus our people inherited a big system of symbols and signs that contain great amount of information that requires a clue along with a vast territory and rich language.

Due to modern field studies, medieval tamgas were found on the surface of some cult-memorial objects, on rocks, on coins, weapons, everyday objects, etc. Today much data has been accumulated on the tamgas of the medieval peoples of Kazakhstan. This, in turn, necessitates their comprehensive study in a single research work.

Keywords: symbol, sign, middle ages, Kazakh Steppes,Turkic peoples, tribes, nomads.

Самашев С.К.1

1ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,

г. Астана, Казахстан

НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ, КАСАЮЩИЕСЯ ИССЛЕДОВАНИЙ ПО СРЕДНЕВЕКОВЫМ ЗНАКАМ-ТАМГАМ  КАЗАХСКИХ СТЕПЕЙ

Резюме

С древних времен тамги и знаки были неотъемлемыми атрибутами собственности и власти. Символы и знаки, или, другими словами, «тамги» получили наибольшее значение в средневековых государствах, которые включали многочисленные племенные структуры и этнополитические объединения. Тамги использовались при выполнении административных, управленческих, внешнеполитических и других государственных функций. Известно, что кочевые этнические группы Средневековья имели независимые тамги, как племенные, так и производные от них, а также семейные и личные, которые демонстрировали их статус в обществе, право на собственность и т. д. Впоследствии эти племена были вовлечены в этногенез казахского народа (и всех тюркоязычных народов), таким образом, наш народ унаследовал большую систему символов и знаков, содержащую большое количество информации, требующей пояснения, а также обширную территорию и богатый язык.

Благодаря современным полевым исследованиям средневековые тамги были обнаружены на поверхности некоторых культово-мемориальных предметов, на скалах, на монетах, оружии, предметах быта и т. д. Сегодня накоплено много данных о тамгах средневековых народов Казахстана. Это, в свою очередь, требует их всестороннего изучения в рамках одной исследовательской работы.

Ключевые слова: символ, знак, средневековье, казахские степи, тюркские народы, племена, кочевники.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 1110

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Тамги_Самашев_С_К.doc 0.1 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Тюрко-согдийский вопрос в истории раннесредневекового Казахстана: современный взгляд ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ УДК 94(574) Научная школа академика Б.Е. Кумекова в кипчаковедении УДК 94(574) ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТРАДИЦИИ В ИСЛАМСКОМ ВОСПИТАНИИ КАЗАХСКИХ ДЕТЕЙ 929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ МРНТИ 03.20.25 ИСТОРИЧЕСКАЯ ФИГУРА КАЗАХСКОГО ХАНА АЗ-ДЖАНИБЕКА (на основе восточных нарративов и генеалогических мифов казахов) МРНТИ 03.20.25 ИСТОРИЧЕСКАЯ ФИГУРА КАЗАХСКОГО ХАНА АЗ-ДЖАНИБЕКА (на основе восточных нарративов и генеалогических мифов казахов)

Автордың мақалалары

929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ