Басты бет » Материалдар

Материалдар

А. ИБРАЕВА, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, Қазақстан
ӘОЖ 94 (574) ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ – АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ӨРШІЛ ҚАЙРАТКЕРІ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын орындау аясында «тұлғаландыру сипатына ие болған» отан тарихын шынайы түрде талдау мақсатында біртуар қайраткерлердің мемлекеттіліктің, елдің ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесін зерттеу өзекті болып табылады. Бүгінде қазақ тарихы мен сол тарихты қалыптастырған ұлы тұлғалардың басым бөлігі терең және үлкен зерттеулерді қажет ететіні анық. Алаш арыстарының бірі, Алашорданың Батыс бөлімі жетекшілерінің басшысы Жаһанша Досмұхамедов сынды тұлғаны жан-жақты тереңдете зерттеу бүгінгі күні өзекті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында жұртшылыққа бүгін ұсынылып отырған бұл мақалада Жаһанша Досмұхамедовтың өмірбаяны, саяси қызметі туралы айтылады. Түйін сөздер: «Рухани жаңғыру», тұлға, зерттеу, сиез, буржуазиялық-демократиялық, дерек, қазақи орта.

А. ИБРАЕВА, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, Қазақстан
ӘОЖ 94 (574) АХМЕТ БІРІМЖАНОВ – АЛАШ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шығумен елімізде қыруар істер тындырылуда. Осы мақаланың лайықты жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» туындының дүниеге келуі, ұлы тұлғаларды ұлықтауға арқау болды. Елінің тәуелсіздігі мен халқының мүддесі үшін күрескен біртуар тұлғалардың бірі, Алаш қозғалысының белгілі қайраткері Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов. Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл мақалада Ахмет Бірімжановтың өмірбаяны, саяси қызметі туралы айтылады. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов (7 желтоқсан 1871 – 5 қаңтар 1927) – қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, I-II Мемлекеттік Дума мүшесі, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы мен жаңа Заңдарының дайындалуына және қабылдануына зор үлес қосқан заңгер. Түйін сөздер: «Рухани жаңғыру», тұлға, зерттеу, Дума депутаты, буржуазиялық-демократиялық, дерек, заңгер.

Г.Ә. ОМАРОВА, ғылыми қызметкер, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ., Қазақстан.
ӘОЖ 94(574).084.6 АЛЖИР ҚАСІРЕТІ: АЗАП ШЕККЕН АНАЛАР ЕСТЕЛІГІНДЕ

Мақалада сталиндік лагерьде отырған тұтқындар категорияларға бөліп қарастырылады, соның ішінде төртінші категория - «Отанын сатқандардың отбасы мүшелерін» жіктеп, талдау жүргізілді. Олардың қатарына Отанын сатқандардың отбасы мүшелері, екінші бөлігіне қылмыскерлер, алыпсатарлар, кауіпті қылмыскерлерді жатқызуға болады. Лагерьлік өмірді басынан өткізген куәгерлердің естеліктерін өзара салыстыра отырып, жазасын өтеушілердің лагерьде айналысқан шаруашылықтары, тігін фабрикасынының құрылу тарихы айтылады. Сондай-ақ лагерь құрылған кезден бастап Қарлагтың Ақмола бөлімшесінің басшылары, яғни айдауылдардың (надзиратель) қызметтері баяндалады. Сонымен қатар, лагерьдегі балалардың тағдыры көрсетіледі. Түйін сөздер: АЛЖИР, ГУЛАГ, қуғын-сүргін, еңбекпен түзеу лагері, отанын сатқандардың отбасы мүшелері, балалар тағдыры, айдауыл (надзиратель).

А.А. КУЛЬШАНОВА, д.и.н, профессор КазНАИ им. Т.К. Жургенова, г.Алматы, Казахстан E-mail: armankulshanova@mail.ru
УДК 94(574) «20/30»:3231 НОВЕЙШИЕ МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПОДХОДЫ ПО НАЦИОНАЛЬНОЙ ПОЛИТИКЕ БОЛЬШЕВИКОВ В ПЕРИОД СТАНОВЛЕНИЯ ТОТАЛИТАРНОГО ГОСУДАРСТВА

Данная статья посвящена исследованию новейших теоретико-методологических конструктов, применяемые в процессе изучения национальной политики большевистского государства. Исторически в западной историографии по данной проблеме фигурировали две школы - тоталитарная и ревизионистская, причем первая была доминирующей. Основу ее теоретической базы составлял конструкт о главенствующей роли террора и принуждения в деятельности советского режима. Автор в своем исследовании показывает особенности новых методологических подходов ревизионистской школы по национальному вопросу. Ключевые слова: методология, тоталитарная парадигма, национальный вопрос, национальная политика, империя

Ә.Т. ТӨЛЕУБАЕВ, т.ғ.д., профессор, Р.С. ЖҰМАТАЕВ, аға оқытушы, С.Т. ШАКЕНОВ, PhD докторант, А.Е. ЕРҒАБЫЛОВ, оқытушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасы
ШІЛІКТІ-ТАРБАҒАТАЙ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛЫ ЕЛЕКЕ САЗЫ ҚОРЫМЫНДА ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ғылыми жұмыста авторлар 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының басшысы Д.К. Ахметовтың бастамасымен Тарбағатай ауданы Елеке сазы-2 қорымында Шілікті-Тарбағатай археологиялық экспедициясының жүргізген зерттеу жұмыстарының есептік мақаласын ұсынып отыр. Мақалада аталған экспедиция мүшелерімен есептік маусымда атқарылған жұмыстар көрсетіліп, жекелеген ескерткіштердің сипаттамасы жасалған. Қазба жұмыстары барысында анықталған құрылыстар мен табылған бұйымдар суреттеліп, салыстырмалы анализ қорытындылары көрсетілген. Аталған аймақта археологиялық ескерткіштердің хронологиялық шеңбері өте ауқымды болғандықтан, ғылыми топтың зерттеу жұмыстарында сақ-скиф, ерте түрік және де XYII-XX ғасырдағы қазақтарға да тән артефактілер мен темір бұйымдар кездесіп жатты. Түйін сөздер: Елеке сазы, қорған, ерте темір дәуірі, ат әбзелдері