Басты бет » Материалдар

Материалдар

А.А. ОРАЛОВА
ӘОЖ К94(574). 0846 ЖЕҢІС ҮШІН КҮРЕСКЕН АЗАМАТҚА ТАҒЗЫМ

ӘОЖ К94(574). 0846 ЖЕҢІС ҮШІН КҮРЕСКЕН АЗАМАТҚА ТАҒЗЫМ
Автор мақалада жеке тектік қор құжаттардың тұлғатану саласындағы маңызы мен рөлін айқындауға тырысады. Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған бұл мақалада жеке қорлар бойынша Ұлы Отан соғысы ардагері Ү. Ерімбетовтің жеке тектік мұрағат құжаттары талданып, азаматтың соғысқа қосқан үлесі мен ерлігі баяндалады.

БӨКЕШОВА Г.Қ., ИБРАЕВА А.Е.
ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Республикамыздың сыртқы саясаты тәуелсіздік жылдарында Еуропа елдерімен, соның ішінде Франциямен, көпжақты және интеграциялық саясат ретінде танылды және Қазақстанның дүниежүзілік экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстарға жалпы интеграциясының маңызды бөлігіне айналды. Ел өз аймағы мен посткеңестік кеңістік шеңберінде тұйықталып қалмай, сондай-ақ басқа да серіктестерімен, Еуропа, Азия, Америка, Африка, Таяу және Орта Шығыс елдерімен тең құқықты және өзара тиімді қатынастар орнаты. Мақалада Отанымыздың көп векторлы сыртқы саясаты айғақталып, соның ішінде Франциямен қарым-қатынасының даму эволюциясы қарастырылады.

НУРУМБЕТОВАК.К.
УДК94 (574) «1941-1945» КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. С.М. КИРОВА В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ

Статья посвящена работе Казахского государственного университета им. С.М. Кирова в годы Великой Отечественной войны. На основе архивных данных освящена работа ВУЗа в 1942-1943 учебном году. Приведены численные данные студентов и указаны особенности учебного года. Говорится о ходе работы по оказанию помощи фронту. Освещена работа Ученого совета учебного заведения в указанный период.

Д. А. РАХЫМҚҰЛОВ
ӘӨЖ 94 (574).06/.07 Түркі-мұсылмандық әскер Ұзынағаш шайқасында

Мақала 1860 жылы 19-21 қазан күндері Жетісу өлкесіндегі Ұзынағаш пен Қарақастек өзендерінің бойында өткен атақты «Ұзынағаш шайқасының» тарихына арналады. Автор онда алғаш рет жаңа мұрағат деректерін ғылыми айналымға енгізу арқылы Түркі-мұсылмандық әскердің біріккен күші мен патша әскерінің арасында өткен қырғын шайқасты оқиға желісімен жүйелі түрде тарқата отырып қарастырады. Сондай-ақ мақалада патшалық Ресейдің өлкедегі жаулаушылық саясатына қарсы күреске қатысып елін-жерін қорғаудағы бірқатар белгісіз жаужүрек қазақ батырларының есімдері аталып және олардың осы оқиға кезіндегі саяси ұстанымдары мен танытқан қайраткерліктері тарихи деректермен жан-жақты сипатталады.

РҮСТЕМОВ С.К.
ӘОЖ 325:8:950 ҚАЗАҚТАР ЖӘНЕ ОСМАНДЫҚ ТҮРІКТЕР: ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНАН ( ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ

Мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы өзара байланыстарының ерекшеліктері қарастырылады. Бұл мәселе мұрағат құжаттары мен жарияланған еңбектердің мәліметтері негізінде талданады. Автор патшалық Ресейдің үстемдігі жағдайында қазақтардың арасында османдық түріктермен байланыс орнатуға деген талпынысына отарлық билік тарапынан жасалған тосқауылдарды барынша ашып көрсетуге барынша мән береді.