Басты бет » Жоба туралы » Сын-пікір беру

Сын-пікір беру

Редакцияға келіп түскен барлық ғылыми мақалаға (авторларға қатысты барлық талаптарды, оның ішінде сын-пікірді де  есепке алғанда) тағы қосымша сын-пікірдің берілуі міндетті.

Жауапты редактор мақала қолжазбасының журнал талаптарына, безендірілу шарттарына сәйкестігін анықтайды. Ғылыми бағыттарға жауапты редакция мүшесі мақаланы екі тәуелсіз ғалымға немесе зерттеу тақырыптары жақын деген мамандарға жібереді. Және сын-пікір беруші редакция коллегиясы мүшесі болуы шарт емес.

Сын-пікірдің сапасы мен мақала қолжазбасына пікір берудің уақытылы өткізілуі редколлегия мүшесіне жүктеледі. Пікір берудің мерзімін әрбір жағдайда Бас редактордың орынбасары немесе белгілі бір ғылыми бағытқа жауапты редколлегия мүшесі анықтайды. Пікір беруші өзі жұмыс істейтін мекеме мөрімен сын-пікірін растауы тиіс.

Сын-пікір құпия түрде өткізіледі. Пікір беруші өзіне жіберілген қолжазбаның автордың зияткерлік меншігі екендігін және оны жария етуге болмайтындығын білуге міндетті. Сын-пікір беруші қолжазбада берілген материалдардың жалғандығы немесе бұрмалануы туралы хабарлаған жағдайда ғана жариялылық бұзылады.

Егер сын-пікірде түзетулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар болса Бас редактордың орынбасары авторға сын-пікірдің мәтінін жіберіп, онда айтылған ұсыныстарды мақаланың жаңа нұсқасында ескеруді немесе келіспеген жағдайда оны дәлелдеуді (жартылай немесе толық) талап етеді. Автордың түзетілген (қайта қарастырылған) мақаласы сын-пікір берушіге қайта жіберіледі.

Пікір берушінің жариялауға жатпайды деген қорытындысы болған жағдайда мақала қайта қарастырылмайды. Жағымды пікірдің болуының өзі де мақаланы жариялауға толық негіз болмайды. Мақаланың жариялануы туралы соңғы шешімді Бас редактор, оның орынбасары немесе жауапты редактор қабылдайды.

Жариялауға жіберілмейді:

  • талапқа сай безендірілмеген немесе техникалық түзетуден бас тартқан жағдайда;
  • сын-пікірде берілген нақты ескертпелерді түзетпесе немесе дәлелді түрде теріске шығармаса.

Сын-пікірлердің түпнұсқасы «e-history.kz» (edu.e-history.kz) редакциясында бір жыл бойы сақталады.

Сын-пікірдің мазмұнына қатысты талаптар

Магистранттар пен докторанттардан мақаланы жариялауға болады деген ғылыми жетекшінің сын-пікірі талап етіледі (ғылыми дәрежесі барлардан қажет емес).

Ғылыми кеңесші немесе жетекші пікірі орнына сол тақырып бойынша жетекші маманның немесе мақала жазылған мекеме Ғылыми кеңесінің пікірін ұсынуға болады. Барлық пікірлер мен сын-пікірлер жұмыс орындалған мекеме мөрімен расталып, сканерден өткізіліп, Word форматында түпнұсқамен бірге электронды түрде жіберіледі. Көлемі — 0,5 бетке дейін.

Сын-пікірде мақала материалдарына жоғары сапада талдау жасалып, келтірілген мәліметтер объективті бағаланып және ашық жариялауға деген ұсыныстар дәлелді болуы қажет. Төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылуы қажет: тақырыптың өзектілігі мен мақаланың ғылыми-деңгейі; мақала мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі; мақаланың тілі мен стилі, оның ғылымилығы; мақала материалдарының талапқа сай безендірілуі; автор пайдаланған әдіс-тәсілдер мен зерттеу нәтижелері, ұсыныстардың қазіргі ғылыми жетістіктерге сәйкес келу-келмеуі; жалпы мақала көлемі және оның ұтымдылығы (мәтіні, иллюстрациялық материал, библиографиялық сілтеме); иллюстрациялық материалды орналастырудың қажеттілігі мен оның тақырып мазмұнына сай келуі; сын-пікір беріліп отырған қолжазбаның тарихнамадағы орны (басқа авторлар немесе мақала авторының бұрынғы жарық көрген еңбектерін қайталап беруі); автордың фактілік қателіктер мен жалғандыққа жол беруі, т.б.

Сын-пікір берушінің ескертулері мен ұсыныстары шынайы және дәделді болуы қажет әрі ол қолжазбаның ғылыми деңгейін көтеруге бағытталуы керек.

Сын-пікірдің қорытынды бөлімінде мақала туралы толық және нақты тұжырымдама жасалып, оны жариялау-жарияламау туралы анық пікір айтылуы қажет.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Азамат Утемуратов25.02.2016, 12:22

Макала оте адеми жазылыпты