Басты бет » Жоба туралы » Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақалаларға қойылатын талаптар

Құрметті авторлар!

Халықаралық «edu.e-history.kz» журналы – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізбесіне енгізілген Қазақстандағы жалғыз электрондық ғылыми басылым.

Ғылыми мақаланы жариялау үшін қойылатын талаптар:

- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасындағы «edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциясы автордың бұрын еш жерде жарияланбаған ғылыми қолжазбасын және ілеспе құжаттарды электронды нұсқада қабылдайды.

- Редакцияға автор қолжазбасын ғылыми мақаланы рәсімдеу ережесінің қатаң сақталуы негізінде ұсынады.

- Мақала қолжазбасы жеке электронды пошта және журнал поштасы арқылы қабылданбайды.

- Қолжазба  edu.e-history.kz сайтына жүктеу негізінде, «Мақала жіберу» бөліміне орналастырылады. Ол үшін edu.e-history.kz сайтына тіркелу функциясын орындаңыз. Мақала жіберерде логин құру беті ашылады. Электронды пошта мен құпия  сөз теріледі.

- Сайтқа тіркелмеген мақалалар қаралмайды. Қолжазба «Антиплагиат» жүйесінде алдын ала тексеруден өтеді және қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда рецензиялауға жіберіледі.

- Оң пікір берілгеннен кейін редакция авторға мақаланың жариялануына қабылданғандығы туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін де хабарлайды. Соған сәйкес автор мақаланы түзетуі және толықтыруы қажет. Мақала жариялауға ұсынылмаған жағдайда редакция авторға дәлелді бас тартуды жібереді.

- Авторлар келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.

1.  Ғылыми мақаланың қолжазбасын рәсімдеу ережесі:

1.1 Мақала көлемі А4 форматта, негізгі мәтіннің шрифтісі – Times New Roman. 1 аралық, азат жол – 1 см, негізгі мәтін 14 шрифтпен, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі, кестелер мәтіні 12 шрифтпен жазылған, 5000 сөзден кем емес және 7000 сөзден аспайтын қолжазбалар қабылданады.

1.2 Сол жағы 3 см, оң жағы – 1 см., төменгі және жоғары жағы – 2 см.

1.3 Негізгі мәтін Word редакторында теріледі.

1.4 Стиль біркелкі болу үшін мәтінде шрифтік бөлу қолданылмайды (курсив, сызу, т.б.).

1.5 Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. кезекпен нөмірленген және тақырып берілген негізде иллюстрация астына, ортасына (14 кегль, қалыпты) ұсынылады (Мысалы, 1-кесте – Кесте тақырыбы). Мәтінде бір ғана сурет болса, нөмірленбейді. Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. мақала көлемінің 20%-нан артпауы қажет (аса қажеттілік туындаса 30% дейін).

Негізгі мәтінде әдебиет мен деректерге сілтеме жақшаның ішінде қойылады (Қозыбаев 1992: 77). Библиографиялық тізім 12 кегльмен мақаланың соңында алфавиттік тәртіппен, нөмірленбей беріледі. Мәтіндегі библиографиялық сілтеме жақшаның ішінде еңбек авторының тегі, баспадан шыққан жылы және пайдаланылған беті көрсетіліп беріледі (Қозыбаев 1992: 77). Егер мақалалар немесе мұрағаттық материалдар жинағына сілтеме берілсе, автордың тегінің орнына жинақтың жауапты редакторының (немесе құрастырушының) тегін көрсетуге болады. Егер сілтеме берілетін еңбек екі авторлық бірлестікте болса, жақша ішінде екі автордың да тегі жазылады (Такенов, Байгалиев, 1993: 17). Ал, үш немесе одан артық авторлар тіркелсе, онда тек бірінші автордың тегі «және т.б.» (Омарбеков және т.б., 2011: 87) деп көрсетіледі. Мұрағат деректері мәтінде толық ашылады (ҚР ПА. 141-қ., 1-т., 2243-іс, 35 п.). Бір автордың бір жылы шыққан екі кітабына сілтеме берілетін жағдайда, жыл соңына «а», «б» деп белгіленеді: (Қойгелдиев, 2020а: 15), (Қойгелдиев, 2020б: 22).

2.  Мақала құрылымы:

2.1 ҒТАМР шифры қойылады.

2.2 Мақала атауы (үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

2.3 Автордың (авторлардың) аты-жөні толық жазылады (үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

2.4 Азат жолдан кейін автордың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы, елі (үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), электронды пошта, байланыс нөмірі.

Мысалы: А.А. Аманова¹, С.А. Бейбитова²

¹ Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы қ. E-mail: amanova2020@gmail.com

²Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы ҚазҰПУ. Қазақстан, Алматы қ. E-mail: beibitova45@mail.ru

ЕСКЕРТУ! Үш тілде мәлімет дәл осы үлгіде беріледі. Кафедра жазылмайды.

2.5 Азат жолдан кейін мақаланың аңдатпасы (100-200 сөз) және түйін сөздер (10 сөзге дейін) (үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Жоғарыда көрсетілген 2.2-2.5 талаптары мақала құрылымында үш тілде кезекпен орналастырылады.

2.6 Мақала кіріспе, әдістеме, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұру керек, соңында әдебиеттер тізімі жазылады.

3.  МАҚАЛА МӘТІНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

3.1 Кіріспе (зерттеу мәселесінің өзектілігі);

3.2 Материалдар мен әдістер (материалдар мен әдістер нақты жазылады);

3.3 Талқылау (осы тақырыппен кімдер айналысқаны туралы тарихнама сипатталады);

3.4 Зерттеу нәтижелері (мақаланың негізгі бөлімі);

3.5 Қорытынды;

3.6 Егер мақала қандай да бір ғылыми қордың не жобаның қаржыландыруынан болса, ақпарат және/немесе алғыс негізінде көрсетуіңізге болады.

3.7 Әдебиеттер мен деректер тізімі (түпнұсқа тілінде). Әдебиеттер немесе дереккөздер алфавиттік тәртіппен жазылу керек.

3.8 References (транслитерацияда егер сілтеме ағылшын тілінде болмаса, жақша ішінде ағылшын тіліндегі мағынасы беріледі). Егер орыс тілінен аударылса, сілтеме соңында (In Russian) деп көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі бойынша мақаланың құрылымы аяқталады және «Әдебиеттер мен деректер тізімі» деген атаумен беріледі. Әдебиеттер нөмірленбей, алфавиттік ретпен беріледі. Қазақ, орыс т.б. тілдердегі әдебиеттерроман тілді латын қарпіне ауыстырылып, тік жақша [...] ішіне әдебиеттің ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі.Басылымның шыққан жері толық жазылады.М., Л., А., А-А., СПб. деп қысқартылмайды.

ГОСТ 7.1-2003 сәйкес орыс және қазақ тілдеріндегі библиография стилі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» (KОKSON тізіміне енген басылымдарға қойылатын талап) бойынша рәсімделеді.

Интернет желісі ресурстары бойынша сайтқа сілтеме берген жағдайда сайт, тақырып аты, қаралған күні көрсетіледі.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Алдажұманов Қ. Атты әскер дивизиясының тағдыры // Егемен Қазақстан. – 2018. – 24 сентября (№ 180). – С. 9.

Баринов И.И. Германская стратегия в Центральной Азии в годы Первой мировой войны // Цивилизационно-культурные аспекты взаимоотношений России и народов Центральной Азии в начале ХХ столетия (1916 год: уроки общей трагедии): сб. докл. Междунар. науч.-практ. конф. – Москва, 2016. – С. 114–118.

Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 г. – Алма-Ата: Казкрайиздат, 1936. – 104 с.

Голиков А.Н. Роль кавалерийских частей Красной Армии в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.: на материалах II гвардейского кавалерийского корпуса. Дисс… к.и.н. – Москва, 2009. – 216 с.

Грозный 1916-й год: сб. документов и материалов. – Алматы: «Казахстан»,1998. – 422 с.

Сәдуақасова П.Қ. Жанайдар Садуақасов: өмірі мен қызметі. – Қарағанды, 2008. – 300 б.

Котюкова Т.В. Восстание 1916 года в Туркестане: документальные свидетельства общей трагедии. – [Электронный ресурс] – URL: http://berlek-nkp.com/analitics/5587-vosstanie-1916-goda-v-turkestane-dokumentalnye-svidetelstva-obschey-tragedii-sbornik-dokumentov-i-materialov.html(дата обращения: 22.10.2017 г.)

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2000. – 768 б.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА). 264-қ., 1-т., 13-іс, 3-п.

ҚР ОМА. 264-қ., 1-т., 13-іс, 3-п.

Максимов К.Н. 110-я oтдельная калмыцкая кавалерийская дивизия в военной истории Калмыкии // Вестник Калмыцкого института гуманитарных исследований РАН. – 2011. – №1. – С. 48-55.

Транслитерация үлгісі:

References (латынша транслитерация)

Суляк С.Г. Этнодемографические процессы в Бессарабии в XIX – начале XX в. // Русин. Международныйисторическийжурнал. –2012. –№ 1 (27). –С. 6-26.

Sulyak S.G.Etnodemograficheskie protsessy v Bessarabii v XIX – nachale XX v. [Ethno-Demographic processes in Bessarabia in the XIX - beginning of the XX ages].Rusin. International historical magazine. – 2012. – N 1 (27). – P. 6-26 [in Russian].

Жауаптыредактор: КаипбаеваА.Т. – 87014041878;

Редактор: Кубеев Р.Ж.  – 8777 228 82 73

Редакцияның мекен-жайы: 050010, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко көш., 28,

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институты

тел.: +7 (727) 261-67-19

факс: +7 (727) 261-67-19

+7 (727) 272-47-59

Журнал поштасы:edu.history@bk.ru

журнал сайты:www.edu.e-history.kz

Төлем «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы төмендегі есепке төленеді:

Банк реквизиттері:

РГКП «Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова» КН МОН РК

БИН 990340002982

КБЕ 16

ИИК KZ 318560000000081 691 АО «БанкЦентрКредит»

БИК KCJBKZKX

Юр. адрес г. Алматы ул.Шевченко 28

Тел. 261-67-19Факс 272-69-72

Мақаланың құны банктың комиссиясынсыз 10 000 (он мың) теңге.

ЕСКЕРТУ!Мақала жарнасы қолма қол төлем негізінде қабылданбайды.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз