Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 3 (07)

Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында,Кеңес үкіметі бүкіл одақ көлемінде, соның ішінде қарастырылып отырған Оңтүстік Қазақстан өлкесінде де, мемлекеттік билікті қорғау органдарынүнемі нығайту үстінде болды. Саяси қуғын – сүргін нәубеті негізінен контрреволюциялық қаскөйлік туралы заңдылық арқылы жүзеге асырылып, РКФСР ҚК ерекше бөлімінің І – тармағы бойынша контрреволюциялық қаскөйлікке байланысты 17 нақты құрамының 12-і ең жоғарғы – атужазасын қолдануды көздеді.1937-ші жылы осы істер бойынша белгіленген 10 жылға еркінен айыру 25 жылға ұлғайтылды. Соныме қатар, жалпы жағдай мен қылмыстың нақты құрамының екі ұшты құрастырылуы тергеу органдары мен соттарға интерпретация жасауға кең бостандық берді. Мақалада Оңтүстік Қазақстанда орын алған осындай оқиғалардың себеп – салдарлары нақты анықталған. Осылай, елдегі және өңірлердегі шиеленіс артқан сайын «дұшпан» бейнесін іздеп табу мақсатында құқық қолданушы органдар өз үкімдерін барынша қатайту бағытында болып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және ең жоғарғы жаза қолдану қалыпты жағдайға айналды.
Бұл мақалада тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі мемлекет арасындағы саяси дипломатиялық, сауда экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелер талданады. Қырғыз өзбек үкіметаралық комиссиясы түрлі кең ауқымды мәселелерді қарастырады. Сауда экономикалық қарым қатынастың дамуында айқындаушы рөлді шекара маңындағы сауда атқарады. Екі мемлекет арасындағы өзекті мәселелерге энергетика, шекара және миграция бойынша сұрақтарды жатқызуға болады. Екі мемлекеттің Ресми биліктерінің азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және шекара саудасын жақсарту мәселелерін қарастыруы бұл этносаралық шиеленісін төмендетіп Ферғана алқабы тұрғындары үшін бітімгершілік құралы ретінде маңызы зор.
Бұл мақалада екіжақты қарым-қатынастардың шарттық құқықтық базасы, экономикалық қатынастардың кезеңдері мен сыртқы сауда айналымы талданады. Қазіргі уақытта тараптар көлік, энергетика, мәдениет, және басқа да салаларда саяси диалог белсенділігін және шекаралық ынтымақтастықты арттыруды көздейді. Сауда қатынастарының дамуына Өзбекстан мен Тәжікстанда өнеркәсіптік көрмелер өткізу ықпал етуі тиіс. сондай-ақ Айта кетейік екі республика Қазақстанда өтетін ЭКСПО – 2017 ге де қатысуларына болады. Екі ел арасында шекара аумақтары бойынша келіспеушіліктер орын алуда, өзбек - тәжік арасындағы қарама-қайшылықтар өзінің дамуы бойынша ең созылыңқы болып табылады. Бұл екі мемлекет этникалық, тарихи,мәдени және экономикалық жағынан өзара тығыз байланысқан. Алайда келіспеушіліктер екі мемлекеттің арнайы мүшелерінің көмегімен шешіліп, реттелуі мүмкін.
Беташар рәсімі – қазақ халқының үйлену тойының басты ғұрпы. Беташар қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа беріліп сақталып келе жатырған ерекше дәстүрі. Беташар рәсімін өткізуге сөзге шебер, сурып салма ақындығы бар, танымал жыршы жігіт шақырылады. Беташар рәсімінің басты ғұрпы келіннің бетін ашу үшін айтылатын беташар әнінің орындалуы. Беташар рәсімі сән-салтанатты өтілетін отбасылық әдет-ғұрып. Беташар рәсімінің басты мақсаты «беташар әнінің» көмегімен жас келінге ақыл-кеңес беру, жаңа отбасының мүшелерімен таныстыру, осылайша жаңа отбасылық өмірге бейімдеу. Беташар рәсімінен соң келіннің шәй құю рәсімі өтеді. Мақалада беташар рәсімінің аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасалады.
Ғылыми мақала Қазақстан жерінде құрылған алғашқы музейлердің коллекциялық қорының қалыптасуына арналған. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында құрылған Орынбор, Жетісу, Семей музейлерінің қор жабдықтау, есепке алу, ғылыми-зерттеу, музей заттарын сақтау барысындағы жұмыстарының негізгі бағыттары ғылыми тұрғыда пайымдалып, коллекциялық қорларының қалыптасу барысы мәселенің ашылуына арқау болды. Аталмыш музейлер жұмысының оңтайлы жолға қойылуында белгілі ғалымдар мен қызығушылардың еңбектері назардан тыс қалған жоқ. Мақаланың жазылу барысында мұрағаттық деректер мен мәселе төңірегінде жарық көрген еңбектер ғылыми айналымға қосылды.
ПАРТИЗАН ОТРЯДЫНЫҢ БАЙЛАНЫСШЫСЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ  – НҰРҒАНЫМ БАЙСЕИТОВА
Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Белоруссия партизан отрядының қатарында жау тылында ерлікпен шайқасып, Кеңестік Белоруссия территориясын азат етуге қатысқан Қызыл Жұлдыз орденінің иегері радиобайланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік өмірі деректік негізде баяндалады. Автор майдангер қазақ қызының архив қорында сақталған ғұмырбаянын және әскери құжаттар мен тарихи деректерді пайдалана отырып, байланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік ерлігін тарихи танымдық сипатта тұжырымдайды.
Түйін Мақала ауызша тарих мәселелеріне арналған. Маңғыстау облысына жүргізілген экспедиция материалдарына деректанулық талдау тәжірибелері жасалынады. Ауызша тарих сипатында орындалған бұл жұмыстар, халық жадындағы естеліктердің тарихи дерек ретіндегі мүмкіндігін көрсетеді. Мағлұматтардың аса байлығы, оның дәстүрлі қазақ қоғамын және ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеудегі пайдалы ақпараттық рөлін дәлелдей алады. Авторлар ауызша тарихтың методологиялық, тарихнамалық және деректанулық сұрақтарын қамтып, осы дерек түріне қатысты өз тұжырымдарын ұсынады. Түйін сөздер: ауызша тарих, Қазақстан тарихы, шежіре, естеліктер, деректеме, тарихи жад
Мақалада Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің аймақтық ерекшеліктері мен толық зерттелмей келе жатқан тұстарына назар аударылады. Соның мысалы ретінде 1916 ж. Ыстықкөл-Шу ошағының үлкен орталығы болған Меркі көтерілісі және оның басшысы болған батыр Аққөз Қосанов туралы қарастырылады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң, әсіресе Ыстықкөл-Шу орталығы, оның ішінде Меркі көтерілісінің тарихы ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы жазылған Т. Рысқұлов, Г. Бройдо, Асфендияров, т.б. еңбектерде және архив құжаттарында, құжаттық жинақтарда, кейбір ауызекi әңгiмелерде, жазба әдебиетте (Ш. Мұртаза) жазылғанымен, бұл мәселе арнайы зерттелмеген. Мәселені зерттеу қажеттілігі 2000 ж. басында академик М.Қ. Қозыбаевтың ұсынысымен қайта қолға алынып, арнайы зерттеле бастағаны айтылады.
Мақалада көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қозыбаевтың өмірі мен қызметіне шолу жасалған. Автордың пікірі бойынша академик М. Қозыбаевтың отандық тарих ғылымына қосқан үлесі баға жетпес құнды еңбектер. Екі дәуірде - кешегі социализм дәуірі мен тәуелсіз Қазақстан тұсында өмірлік және шығармашылық жолдан өткен М. Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында замана талабына сай Қазақстан тарихын қайта қарап, жаңа тұжырымдар мен көзқарастарды қалыптастыру үрдісінің бастауында тұрды.
The paper deals with some issues of the Soviet Muslims’ participation in the Soviet Union’s military conflicts (on the example of the Great Patriotic War and the war in Afghanistan). There was considered how the religious leaders and officials interacted, the history of the Religious Administration of Muslims of Central Asia and Kazakhstan (SADUM) formation during the Great Patriotic War, as well as the usage of Muslim soldiers in the Afghan war.