Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 2(10)

Еліміздің иллюстрацияланған тарихын тануға, тарихты фотоқұжат арқылы нақтылауға мүмкіндік беретін тарихи деректер қатарын визуалды деректер құрайды. Орта Азия халықтарының 19 – 20 ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығы статистар, шығыстанушы зерттеушілер, топографтар мен әскерилер түсірген фотосуреттерде сақталып, ғылыми деректік фотоқұжаттар қатарын құрап отыр. Қазақ тарихына қатысты тарихи фотодеректердің негізгі дені Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінде, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофо¬тоқұ¬жаттар және дыбыс жазбалар мұрағатында, Кунскамерада (Санкт-Петербург), Ә. Науай атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында, Өзбекстанның Ұлттық мұрағатында сақталған. Тарихи кезеңдерде түсірілген кез келген фотосуреттер сол дәуір¬дің болмысын дәлме-дәл бере алады және ол мәңгілікке сақталады. Визуалдық фотодеректің маңыздылығы – белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамдардың тұрмысындағы этномәдени сипаттарды, дәстүрлі ауылды, дәстүрлі шаруашылықты, материалдық құндылықтарды, тарихи оқиғаларды нақты, боямасыз түрде шынайы таңбалай алуында болып табылады.
В настоящее время в связи с национальной идеи главенствующим стало выдвигаться художественное воплощение и новаторская трактовка образов героев, правителей, советников, судей, в творчестве жырау, акынов и прозаиков. В данной статье анализируются исторические материалы и данные об Абылай в научных публикациях ученых и музыковедов.
Түйіндеме. Бұл мақалада автор Қазақстанның басты мемлекеттік идеясы «Мәңгілік елдің» генезисі, оның басты қозғаушы проблемалары жайында қарастырған. Мәселен, түркілік кезеңнің басшыларының бірі Тоныкөктің жазбаларында тұңғыш рет аталмыш идея жайында алғаш мәліметтер кездескен. Сонымен қатар Қорқыт, Асан қайғы сынды тұлғалардың халыққа ең қолайлы, бейбіт аймақты іздегені аталмыш идеяның философиялық қырларымен тұспа-тұс келеді. Ал кейінгі кезеңде, әсіресе, қазақ хандығы тұсында жоңғар шапқыншылығына қарсы күш жұмылдыруда Әбілқайыр, Абылай секілді дара тұлғалар тарих сахнасына шықты, олар елдің жарқын ертеңі үшін халықты ынтымақ пен бірлікке шақырды. Азаттық пен еркіндік үшін күрескен қайраткерлердің ішінде хан Кененің де алар орны мен рөлі басым. Бүгінгі күннің пассионар тұлғасы Назарбаевтың да ата-бабамыздан келе жатқан идеяны қазіргі күнге жалғастырып, өміршең ретінде бір жүйеге келтіруі идеяның болашағы жарқын екенін айғақтайды.
В статье рассматривается культурно-бытовые условия жизни первоцелинников в северном регионе Казахстана. Период 50-х—первой половины 60-х годов является исключительно важным в истории Казахстана, существенно повлиявшим на дальнейшее развитие государства и общества. Смерть И.В. Сталина, критика «культа личности и его последствий» оказали огромное влияние на советскую политическую систему и общественную жизнь. Автор на основе архивных источников характеризует систему образования, культурно-бытовую жизнь народа во время целины.
Аңдатпа. Бұл мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының теоретикалық негізі және оның жүзеге асырылуы қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық идея мен 5 институционалды реформалар және 100 нақты қадамдар атты даму жобалардың негізгі тұжырымдамалары талқыланады. Және де «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының алғышарты ретінде Қазақстан ұлтының қалыптасу негізгі кезеңдері қарастылады. Ұлттық идеяны сараптау Геллнердің азаматтық немесе волюнтаристік ұлтшылдық негізінде жасалады және соның арқасында ұлттық идеяны келешекте толыққанды асыру үшін қажет болатын негізгі жағдайлар мен құндылықтар анықталады.
Мақалада АҚШ сыртқы саясатындағы израильдік лоббидің рөлі мен орны, мақсаттары, міндеттері мен ықпал ету әдістері қарастырылған. Авторлар израильдік лоббизмге қатысты мәселелер кешенін талқылайды: пайда болу себебі, негізгі еврей лоббистік ұйымдардың мақсаттары, қызметінің нәтижелері, т.б. Лоббистік қызметтің, оның ішінде АҚШ-тың израильдік бағытын сынға алушыларымен күрес әдіс-тәсілдері көрсетілген. Израильдік лоббистер қызметінің негізгі бағыттары АҚШ-Израиль одағын сақтау мен Израиль мемлекетіне жан жақты көмек көрсету, Израильге қауіп төндіретін мемлекеттерге қару-жарақтарды сатуға немесе жіберуге жол бермеу, Израильде заманауи жоғары техникалық қаруландыру жүйесін құру мен дамыту, антисемитизм және төзімсіздіктің кез-келген түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қамтитындығы атап өтілген. Израиль лоббисінің факторы сараптау-талдау орталықтарының зерттеулеріне де ықпал ететіндігі айқындалды. Түйін сөздер: АҚШ, Израиль лоббисі, Қоғамдық байланыстар жөніндегі американдық-израильдік комитет, еврейлік ұйым басшыларының конференциясы, Ұлттық әрекет комитеті