Home » Materials » ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.)

Тылахметова А.С. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының КҒҚ

ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(23) шілде-қыркүйек, 2020

Tags: қазақ-жоңғар, жағалауы, оң, Ертістің, хандығы, Қазақ, хан, Абылай, сөздер:, Түйін, қатынастары, қазақ-қытай, қатынастары.
Annotation:
Аңдатпа. Мақалада архив материалдары негізінде Абылай ханның билігі мен халықаралық дипломатиялық қызметінің кейбір қырлары талданады. Абылай ханның Қазақ хандығының тұтастығы мен дербестігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралары, оның Батыс Сібірдегі Ресей билігімен қарым-қатынасы қарастырылады. Абылайдың Батыс Сібір аймағындағы Ресей әкімшілігімен дипломатиялық хат алмасуына талдау жасалады. Автор Ертістің оң жағалауындағы жер туралы мәселені және Абылайдың оны қазақтың меншігіне бекіту әрекеттерін деректер арқылы баяндайды. Абылайдың Жоңғар мемлекеті және Цин империясына қатысты саясатына назар аударады. Автор Цин империясының Орталық Азиядағы саясатын және Қазақ хандығы үшін империядан төніп отырған қауіп-қатерді сипаттайды.
Text:

Кіріспе. Абылай хан – XVIII ғасырда Қазақ хандығын басқарған көрнекті мемлекет қайраткері. Абылай – ел басқару қызметінде жоғарғы билікті нығайта отырып, Қазақ хандығындағы саяси дағдарысты жоюға ұмтылған дарынды дипломат. Абылай өзінің бар күш-қуаты мен қайрат жігерін бір орталықтан басқарылатын хандық құруға талпынған тарихи дара тұлға. Абылай қазақ мемлекеттілігін өркендету жолында жан-жақты дипломатиялық қабілетімен ерекшеленеді.

Мақаланың мақсаты – Ресей архивтерінен алынған құнды деректерді сараптай отырып, Абылайды дарынды дипломат, мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, ел басқару жолында шаруашылықты жүйелі ұйымдастырушы ретіндегі ерекешеліктерін көрсету. Осы негізде, біз Абылайдың Ресей шенеуніктеріне, оның ішінде Омбы бекінісіне жолданған хаттарын зерттеп, олардың да Абылай ханға байланысты жазған рапорттарын және тағы да басқа құжаттардың мазмұнын зерделеу болып табылады.

Әдістеме мен әдіснама. Осы мақаланы жазу үшін деректер жинап, оларға ғылыми тұрғыдан баға бергенде талдау, синтез, сондай-ақ диахрондық әдіс қолданылды. Осы мақаланың аясында біз әлемдік және отандық тарих ғылымында соңғы жылдары қолданылып жүрген ғылыми тәсілдерді басшылыққа алдық.

Нәтижелер. Абылай көрші мемлекеттермен қарым-қатынаста көпвекторлы дипломатиялық саясатты ұстанды. Ресей империясының қазақ даласын отарландырудың өзіндік жоспары бар еді. Қазақ хандығын басып алу мақсатында, Ресей үкіметі екі ірі орталықтан басқару әрекеттерін жасауға кірісті. Оның бірі – Орынбор, ал екіншісі – Омбы бекіністері еді. Орта және Ұлы жүздерді бағындыруда Ресей империясы Батыс Сібірдегі Омбы қаласына арқа сүйеген. 1716 жылы Омбы бекінісінің салынуымен қазақ жеріне деген отаршылдық басқыншылық күшейе түсті. Абылай Омбы бекінісінде орналасқан отаршылдық әкімшілікке қарсылық таныта бастады. Қазақ хандығынының тартысқа толы тағдыры осы өңірде шешілді. Сондықтан да, қайраткерлігімен көзге түскен Абылай қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау үшін, көбінесе Сарыарқаның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін өзінің назарында ұстауға мәжбүр болды. Абылайдың Сібір әкімшілігімен көптеген келіссөздері барысындағы басты мақсаты – аймақта орналасқан орыс әскерлерінің қазақтарға күш көрсетпеуіне, мал-мүліктерін талан-таражға салмай сақтап қалуына, тұрақты сауда-саттықты ұйымдастыруына, екі жақты келісімдер арқылы Ертістің оң жағалауына қоныстануына ықпалын тигізу еді. Абылайдың екі ел арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің ұтымды жолдарын ұстануы жайлы деректерді Ресей Федерациясының архивтерінде сақталған құжаттардан көруге болады. Атап айтсақ, қазақтардан қашып барған қашқындарды қайтарып беру, ресейліктердің тұтқынына түскендерді босату бойынша хат алмасу мәліметтеріне, Ресей әскери шенеуніктердің құпия ақпаратына толы.

XVIII ғасырдың ортасында Ресей империясының Ертіс аймағының алқабында нығайып алуынан, көшпелі қазақтар арасында шекаралық шиеленістер күшейіп, қақтығыстар жиілей түседі. Шекара тәртібінің бұзылғанын пайдаланып, қазақтарды тұтқындау күшейді. Бұл мәселелер бойынша Абылай Ресей империясының Сібірдегі өкілдерімен жиі хат алмасқаны байқалады. Абылайдың ұтымды іс-әрекеттерінің басты мақсаты – қазақтарды басқыншылықтан құтқару, олардың мал мүліктерін қайтару еді. Мысалы, 1748 жылдың 15-ші маусым күні Абылай Ертіс әскери шебінің басшысы Я. Павлуцкийге атығай руының атақты батыры Әлімбет батырдың отбасын және оның адамдарын қайтару туралы хат жазады (мәтіннің ескі жазылу стилі сақталды – А.Т.): «Нашей всемилостивейшей г-дарыни самодержицы милости Ея ожидаем. И для того г-дину полковнику Якову Степановичю Средней орды Аблай-салтан поклон пишу. И притом прошу: сорок восемь человек взяты в плен Алметя-батыря, и из оных одинатцать умерли, дватцать четыре зверя отогнаты, из тринатцати юртживот увезли, тысяча двести лошадей угнато; обратно отдано четыреста, а достальныя все у вас. Мы люди все всемилостивейшей г-дарыни подданные были, и просим по многим прозьбам наших людей зверей и лошадей отдать. А чего ради не отданы – не знаю»(Из истории…, 2019: 23).

Бұл құжат үзіндісінен құнды тарихи мәлімет алуға болады. Мысалы, Абылайдың сөзіне қарағанда, Әлімбеттің 48 адамы тұтқынға алынған. Бірақ, оның 11-і өлген, 13 отбасының мүлікі мен малын тартып алған, 1200 жылқыны айдап кеткен, соның 400-ін ғана қайтарылған. Біздің ойымызша, Абылайдың қазақ халқын қорғау мақсатында жасаған осы іс-әрекеттері оның мықты тұлғасын даралап, айшықтай түсетіні анық. Оның қазақ мемлекетін басқарудағы бітімге толы ұтымды әрі ұтқыр тұстары – бүкіл қазақ жұртының арасында ерекше құрметіне бөленуіне себепкер болды.

Абылай Шыңғыс ханнан қалған басқару жүйесін қолдай отырып, оны ел арасында дәріптей білген. Төрелердің арасында тартыс туындап, бір-бірімен өзара қақтығысқа түскен кезде, ол әрдайым әділдіктің биік туын көтеруге тырысқан. Хандар мен сұлтандар арасында алауыздық пен бақталастық болған жағдайда турашыл әрі шынайы көзқарасты ұстана білді. Мысалы, 1748 жылы Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген кезде, ол әділдіктің орнауын талап еткен. Тіпті, Барақты ұстатып өлтіруге дайын болған. Осындай ниетін Абылай 1749 жылдың 9-шы мамыр күні Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке жазған хатында Әбілқайырды өлтірген Барақты міндетті түрде жазалап өлтіретінін хабарлаған: «Я, Абылай-салтан, вашему высокопр-ву с находящимся при мне Казбек-биевым сыном Бекбулат-бием и с прочими Средней орды знатными людьми свое истинное усердие  изъявляем и просим нас и впредь з бездельниками не счислять. Покойной наш Абулхаир-хан  нашего народного счастия содержатель и отец наш был, и по нем мы всегда в верных службах обращались. Ныне же с оставшими от  него детьми Нурали  и Эрали салтанами обо всем единственной совет учинили, а злодей Барак, яко собака, з бесчестием умрет. И мы ныне от таких евопоступок почти каждой день от стыда весьма уязвляемся, за что, согласясь всенародно, отмщение смерти хана нашего учинить мы намерены. И когда ханские дети для отмщения смерти отца своего поедут, то мы по крайней нашей возможности вспомоществовать будем и ево, Барак-салтана, убьем» (Эпистолярное наследие..., 2014). Осы құжатта Абылай өзінің жақын серіктестері ретінде Орта жүздің бас биі Қазыбек бидің ұлы Бекболат бимен жақсы қарым-қатынаста болғандығы жайлы да айтылады. Сұлтанның бұл хатында марқұм болған Әбілқайыр ханға ерекше құрметпен қарап, оның балалары Нұралы және Ералымен бірлесе кеңес құрғаны да баяндалған. Ал, Әбілқайырды өлтірген қанішер Бараққа ашуы кернеген Абылай, оған ызалықпен қарап, оның намысы аяққа тапталып, ит өліммен өлетіндігін баяндаған. Ал Әбілқайырдың ұлдары әкесінің өліміне қатысты кек алу ниетімен Барақты өлтіруге аттанғанда, Абылайдың да оларға қосылатыны ашық жазылған. Барақты болашақта ауыр жағдай күтіп тұрғанын Абылай болжап айтады. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, көп ұзамай Барақ өлім табады.

Абылай қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған саясат жүргізді. Ежелден бері Ертістің оң жағы түркітілдес көшпелі қауымның байырғы мекені болғаны белгілі. Бірақ 1716–1720 жылдар аралығында Ресей империясы Ертістің оң жағалауына өзінің бекіністерінің негізін салып, қазақтарға мал-мүлкімен өтуіне тыйым салған. Абылай осы жағдайды ескере отырып, Ертістің оң бөлігіндегі жайылымды жерлерді қазақтарға қайтару үшін көптеген әрекет жасайды. Сұлтан Ертістің сол жағына қазақтардың малына өрістің жетіспеуін сылтауратып, Ресей империясының Сібір өлкесіндегі әскери әкімішілігімен хат алмасуға кіріседі. Осы әрекеттердің негізгі мақсаты – қазақтарды Ертістің оң жағына өткізу, тұрақтандыру, қазақтың ежелгі, байырғы әрі шұрайлы жерін өздеріне қайтарып беру еді. Осы тұжырымды келесі құжат дәлелдейді – 1755 жылдың 31-ші қаңтарында Ресей империясының патшайымы Елизавета Петровнаның Орынбор генерал-губернаторы И.И. Неплюевке арналған жарғысы: «...О самовольном киргис-кайсаков, владения Аблай-салтана, на сю сторону к границам, кочевьем, переходе, и о перегоне табунов своих немалого числа, якобы за неимением у них за рекою Иртышем корма. И о посыланных, для згону их, офицерах с командами, и о непослушании их со уграживанием – ежели-де впредь их будут перегонять, то-де они из крепости людей никого не выпустят, и сена все огнем пожгут, и воды-де из Иртыша не дадут» (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 37-іс. 20-п. с. ж.).

Осы құнды құжаттан бірнеше мәселені аңғаруға болады. Біріншіден, Абылай сұлтанның ата қонысы қазіргі Көкшетау қаласының маңында болса да, ол Ертістің оң жағалауына өз қарамағындағы адамдарымен және жылқыларымен кезіп өткен. Екіншіден, құнарлы жерлерге өтудегі басты сылтауы – өзінің ата-қонысында мал бағатын шұрайлы жайылымдық жерлердің аз болғандығы. Үшіншіден, Абылайдың әскерлері орыстың бекініс басшыларына үрей туғызу әрекеттерін жасағандығы анық көрінеді. XVIII ғасырдың 50-жылдарының ортасында Жоңғар мемлекеті билік үшін таластан және ішкі алауыздықтардан құлдырай бастады. Осы жағдайды тиімді пайдаланған Цин империясы жоңғар иеліктеріне басып кіріп, үлкен қырғын ұйымдастырды. Абылай сұлтан жоңғар билеушілерінің ішкі таластарына араласып, өзінің мүддесіне орай оңтайлы пайдалана білді. Себебі, дарынды әрі дарабоз сұлтан өздерінің ата жауын тарихи сахнадан жойылуының ең ыңғайлы уақыты екенін бірден түсінді. Осыған дәлел, 1755 жылы 31-ші мамырда Ресей империясының патшайымы Елизавета Петровнаның И.И. Неплюевке жолдаған жарғысының бір үзіндісі: «...по репортам с Иртышской линии от командующих штап-офицеров, объявлено о показании выбежавших из пленукиргис-кайсаковзенгорским бухарцеми одной зенгорскойженкою, что оные киргисцы пошли на войну в десяти тысячах человеках на Зенгорскую землицу и с ними Аблай-салтан. И от многих-де они слышали, что по раззорениизенгорцов, на новой год, имеют на российския границы нападение учинить. И то-де в крепостях и форпостах, как оная женка показала, людей весьма малое число, и взять тех можно. И, как оной бухаретин, так и женка, пожелали восприять святое крещение» (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 37-іс. 20-п. c.ж.).

Осы құжат үзіндісінен бірнеше ой қорытуға болады. Біріншіден, Абылай жоңғарларға он мың әскерімен жорыққа аттанғаны анық көрінеді. Екіншіден, Ертістің оң жағалауында орналасқан бекіністердегі әскерлердің аздығы және әлсіздігі. Ал енді, жоңғар жорығынан келіп, Абылайдың Ресей бекіністеріне шабуыл жасауы жалған ақпарат секілді. Себебі, оның алдыңғы да, кейінгі уақыттарда Абылайдың әскерлері тарапынан Ертіс бойындағы бекіністерге ашық қарсылыстық танытатын шабуылдар сирек жасалған. Сонымен қатар, Абылай хан өзінің көрегендігімен Ресей империясының саяси ахуалы күшейіп бара жатқанын да алдын ала біліп отырды.

Көреген саясаткер Ресей империясымен тұрақты қарым-қатынасты орнату, сонымен қатар өзінің сенімді серіктестерін елшілікке жіберу арқылы, Ресей билігі жағынан өзіне қажетті де, керек құпия ақпараттарды алуды көздеген. Мысалы, атығай руының белгілі Күлеке батырын Ертістің оң жағалауында орналасқан бекіністерге жіберіп, құпия материалдарды алуға тырысқан. Көбінесе олар Ресей үкіметінің жоңғар, қалмақ, қытайлармен қарым-қатынасына қатысты мәліметтерге қызығушылық танытқан. Осындай дәлелді, 1757 жылдың, 2-ші қазан күні шыққан премьер-майор Тирянның полковник фон Лорихқа жазған рапортынан аңғаруға болады: «...присланы от Аблай-салтана, старшина Куляка-батырь, с таким разведыванием: китайское-де войско мирно ль с нами или нет? На что от него, порутчика, объявлено: у нас с китайцами мирно и ссоры никакой не имеетца. И притом он, Куляка, спрашивал же: много ли прошло калмык, и нет ли с ними старшины батыря Амурсаная? На что им объявлено ж: калмык не видали и про Амурсананя не слыхали. А только манием-де чрез проезжавших слышно, якобы оной Амурсана под станцем Белым камнем, при перевозке его чрез реку Иртыш в нер… что он, Амурсана, нечаенно, с другим еще с ним пришедшим азиатом и русским казаком, которой их перевозил, утонули. ...И Аблай-де салтанразстоянием оттоль езды дней с восемь у Белого камня. И при тех разговорах объявлено: от них, киргисцов, от Аблай-салтана»(ООТМ. 1-қ. 1-т. 58-іс. 82-п. с.ж.)

Осы құжатта көрсетілгендей, Абылай Железинка бекінісінің (Железинка – қазіргі Павлодар облысының аудан орталығы – А.Т.) маңайына қанша қалмақтың өткенін білгісі келген. Олардың арасында жоңғардың белгілі шонжары Әмірсананың да болғандығы жайлы хабарларды естіген. Ал енді, осы құжаттың құндылығы Әмірсананың Ақтас (Белый камень – авт.) деген стансасының маңында Ертісті кесіп өтпекші болған кезінде өзі және жанындағы екі адамымен бірге суға батқандығы жайлы айтылады. Әрине, осы қайғылы жағдай Абылайға ауыр тиген. Себебі, Абылай мен Әмірсана ажырамас дос болған, ол Қытайдың Әмірсананы қайтару жөніндегі талабын орындамай, оны қытай әскерлеріне бермеген (Қазақстан тарихы…, 2010: 187).

Жоңғарлардың тарихи сахнадан жойылуы алдында тұрғанда Қытай әскерлері оларға жаппай соққы беруге тырысты. Оларды тезірек жеңу үшін Қытай патшалығы Абылайды өзіне әскери одақтас етіп, жоңғарларға қарсы шабуыл ұйымдастаруында қазақ жасақтарын өз жағына тартуды ойластырды. Бірақ, сол кездегі геосаяси жағдайды болжай әрі бақылай білген Абылай, өзіне қарасты қазақ әскери жасақтарының Қытаймен одақтасуына жол бермей, оларға әскери тізгінді ұстатпады. Абылайдың сескенгені, қазақ даласына тарыдай шашылып қалған жоңғар әскерлерінің қалдықтарын құртуға келген Қытай, қазақтарды өзіне бағындырып, ертең осы жерде күшейіп кетуінен қауіптенді. Дәл осы жағдайды архив деректерімен дәлелдеуге болады. Мысалы, осыны 1757 жылдың 5-ші желтоқсан күні Ямышев бекінісінің канцелярия өкілі Сібір корпус командир бригадирі К.Л. Фрауендорфқа жазған рапортынан анық көруге болады: «Да между разговорами чрез за толмача татарина Лазырева объявляют, что Аблай-салтан стоит на степи вверх Иртыша реки, где и Кулсара с улусы стоит же. А китайское-де войско ж еще намерено итти на оставшуюзенгорского владения одну волость на калмык, кои-де состоят в камню. Да и к Аблаю от китайского войска писано, чтоб и он еще с ним, китайским войском, к походу был готов. Только-де им, киргисцам, еще от Аблая об том приказу нет. А кои-де их киргисцы стоят близ китайцов, те-де и сатуют с ними. А более не объявили и обратно от того форпоста в западную сторону за реку Иртыш отъехали» (ООТМ. 1-қ. 1-т. 60-іс. 214-п. с.ж.). Осы архив құжатының үзіндісінен Абылайдың сыртқы саясатына байланысты біраз ақпарат аламыз. Дарынды қолбасшының адамдары орыс әскери өкілдерімен көбінесе татар тілмаштары арқылы келіссөз жүргізген. Мықты дипломаттың Ертістің сол жағасына өз әскерлерімен орналасуы – оның алғырлығын айқындайды. Көрнекті сұлтанның маңында Ресей үкіметінің өкілдерімен жақсы тіл табыса алатын әрі оған бағынатын, атығай руынан шыққан Күлсары батырдың рөлі ерекше болған. Осы рапорттан қытай әскерлерінің қазақ жасақтарының жанында қашып жүрген жоңғарларға шабуыл жасағысы келгендігі де көрінеді. Ал, қалмақтарды тезірек жеңу үшін қытай әскері қазақтарды өздеріне қосылуына үгіттейді. Бірақ, Абылайдың білікті де ұтымды басқарған жүйесі негізінде, бірде-бір қазақтың қытай әскеріне қосылмағандығы аңғарылады.

Абылай қазақ жерін қорғап қалу үшін, жақындап қалған қытай әскеріне өз ұлысынан бірден қарсы шабуылға шығатын жасақтарды ұйымдастырады. Бұл тартыс тізгінін ханның оң қолы болып жүрген Күлсары батыр басқарып отырған. Қытай әскері қазақ даласын кезіп жүрген кезде, қазақтың әскерлері оларды өз бақылауына алып, олармен бірге қатарласа жүріп отырған. Бірақ, әскери жасақтар сұлтанның бұйрығынсыз ешқандай қимыл-әрекеттер жасамаған. Осы негізді келесі архив құжатынан бірден аңғаруға болады. 1757 жылдың 9-шы желтоқсан күні Семей бекінісінің басшысы полковник И. фон Лорихтың Сібір корпусының басшысы К.Л. Фрауендорфқа жазған рапортында былай делінген: «По которым разговорам оной старшина ему, порутчику фон Фолькману, объявил, что-де ныне ему, старшине, тех аманатов без согласия своей братьи-старшины, и без позволения Аблай-салтана дать не можно. Сверх-де того, по прибытии ево, старшины, в улусы хотел отправить от себя для совету о даче аманатов к протчим старшинам киргис-кайсака. И о том представлять к главному старшине Кулсаре. И пока-де откуда ему ето повеление последует, то он на российскую сторону табунов перегонять не будет. Ибо-де по-казанному старшине Кулсаре от Аблай-салтана над всем киргиским войском на время команда поручена. А Аблай-де салтан и с ним десять старшин в том-де числе и ево, старшины, брат Сертамбай, и несколько сот выбранных киргис-кайсаков, поехали в китайское войско. Понеже-де оное китайское войско за неимением в степи корму намеренно итти в свою землю, то-де и Аблай-салтан поехал их провожать»(ООТМ. 1-қ. 1-т. 60-іс. 329-п.). Осы құжатта көрсетілгендей, Ертістің оң жағына көшіп жатқан қазақ старшиналары Абылайдың рұқсатынсыз Ресейдің әскери күшіне қазақтар тарапынан аманат бермегендігі айтылады. Абылайдың маңайында топтасқан әскерді Күлсары батырдың басқарғандығы тағы да көрсетілген. Басты батыр Күлсарыға бұйрық келмегенше Ресей жаққа табынды айдап кетпейтіндігі жайлы да хабардар етіледі. Немесе кейде Абылай сұлтан Күлсарыға барлық қазақ әскерінің атынан, тапсырылған бұйрықты орындау тізгінін беріп отырған. Абылай сұлтан өзімен бірге ерген он старшынымен, тағы да оның старшын бауыры Сертімбаймен, сонымен қатар бірнеше жүз таңдаулы қазақтармен бірге қытай әскеріне аттануы жайлы суреттеледі. Қытай әскерінің қыр даласында азық жетіспеуінен өз жерлеріне кетуінге мәжбүр болғандығы жайлы ақапарат бар. Ал, Абылай сұлтан оларды шығарып салуға өзі барған. Осы жерден сұлтанның қытайларды өзінің еліне жеткенше, яғни қазақ-қытай шекарасына дейін өзінің әскери жасағымен қарауылдап, бақылағандығы байқалады. Бұл көріністегі Абылайдың қытай жасақтарына үстемдікті бермеуі, қазақ жерінің тұтастығын сақтаудың жолдарын зерек қабілетімен зерделей білгендігі байқалады.

Ертістің сол жағында өрістің жетіспеуінен, Абылай бастаған топ өзеннің оң жағына Ресей әскерінің рұқсатынсыз да өтіп жүрген. Өз еркімен өтіп кеткен қазақтарды ресейліктер қыр жаққа ығыстырып отырды. Ал енді ресейліктер олардың рұқсатынсыз малдарымен көшіп келген қазақтарды қуа бастағанда, Абылай бастаған жасақтар жігерлі қарсылық таныта білді. Осы сөздерімізге дәлел келтіретін болсақ, 1757 жылдың 9-шы желтоқсан күні шыққан Коряковка форпостының басшысы капитан Ветберхтың рапортынан көруге болады: «И в силе-де того ево, Аблая-салтана, приказания, за неимением на степной стороне кормов, и пускали на восточную сторону реки Иртыша, в луки и острова, а внутрь-де линии, за тракт, пущать не будем. А с сего места со скотом обратно не пойдем, а как-де и с нами хотите, и разве разорить желаете? И ежели-де силою погоните, то мы-де чево смотрим, и указали на имеющие у них копья и ружья» (ООТМ. 1-қ. 1-т. 60-іс. 328-п.). Осы құжатты талдайтын болсақ, біраз тарихи ақпарат алуға болады: Ертістің оң жағалауына өту барысы Абылайдың бұйрығымен, рұқсатымен жасалып отырған. Өзеннің оң жағында орнығып алған қазақтар ашық қарсылықтарын білдіріп, өз наразылықтарын көрсетті; егерде қыс айына қолайлы жайлымдарды тастайтын болса, өздерінің кедейленіп кететінін ашық айтты. Біздің ойымызша, осы барлық әрекеттердің артында Абылай ханның сарабдал сыртқы саясаты жатты: қырда малға арналған өрістің нашарлығын сылтауратып, қазақтың байырғы жерін қайтарып алу көзделді. Бүгінгі күндері Ертістің оң жағындағы жерлер тәуелсіз Қазақстанның еншісіне енуі, бұл ұлы билеушіге айналған Абылайдың тарихта қалдырған өшпес еңбегі мен мұрасы.

Сұлтан Абылай Ертістің оң жағын иемдену үшін әртүрлі тәсілдерді ұтымды пайдаланған. Мысалы, Ресей империясының қашқында жүрген адамдарын көріп немесе солар жайлы естіп жатса, Абылай оларды жақын арада қайтаруға өзінің уәдесін беріп тұрған. Сонымен қатар, қазақтар тарапынан болған қашқындарды көріп жатса, оларды да кері қайтару жағын сұрауы баяндалады. Бұл әдіс арқылы шекара басшыларының көңілдеріне сенім ұялатып, өздерінің Ресей империясын қолдап отырған сияқты болып, оларға «жауап ретінде» қыс уақытында қазақтарды малымен Ертістің шұрайлы жағына жіберуді көздеді. Егерде осындай тиімді тәсіл ұстанбаса, көптеген жағдайда Ертіс әскери шебінің басшылары қазақтармен келіссөзге келмейтіндігі түсінікті болды. Осы ойдың дәлелі ретінде 1760 жылдың 6-шы маусым күні Абылай мен Сұлтанмамет сұлтандардың Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнға жазған хатынан көруге болады: «И ежели случитца от вашей стороны у нас беглые ваши люди, то мы, как увидим или услышим, что у нас, то таковых вам обратно отдать должны скоро. Противу чего, ежели таковые беглые и от нас явятца, то просим к нам обратно отдавать. Почему у нас между собою со обоих сторон будет великое приятсво, согласие и дружелюбие. А ссор никаких происходить уже не будет, почему известно, кои худые и бессовестные люди что учинят худое, то как у вас, так и у нас таковым по их винам чинятца штрафы неупустительно. И при том покорно просим, как зима наступит, чтоб пожаловать на сию к российской стороне с нашей за реку Иртыш дозволение дать зимовать, а как весна насупит, паки на свою убратца должны. И у нас между собою гораздо будет соседство и дружелюбие. А состоящие по Иртышской линии в крепостях и фарпостах командиры нас на вашу сторону не допускают зимовать, и мы на их случаем гневаемся»(ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 135- с.ж.).

Осы архив құжатының үзіндісінен Абылайға қатысты көптеген тың ақпараттар алуға болады. Біріншіден, қазақтың мықты сұлтандары Абылай мен Сұлтанмамет Ресей империясына қатысты саясатты бірлесе отырып жасаған. Басты себебін де айтатын болсақ: екеуі немере ағайынды; екеуі бір-бірімен құрдас әрі Түркістан қаласының тумалары; XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында екеуі де бір уақытта екі қазақ руының старшиналары болып тағайындалады (Абылай – атығай руының, Сұлтанмамет - қыпшақ тайпасының бір бөлігінің старшинасы – авт.). Екіншіден, екі беделді қазақ сұлтандары орыс-казак тұтқындарды қайтаруға уәде береді, бірақ Ресей жаққа екі талап қояды: біріншіден, қазақтардан Ресей жаққа өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды және қыс кезінде Ертістің оң жағына малымен өтуді сұрайды. Ал көктем басталғанда қазақтар малымен қырға қайтып кетуі жайлы кепілдік береді.

Ресей империясының Сібірде орналасқан әкімшілігімен дипломатиялық байланыс орнату мақсатында, Абылай сол жаққа жиі елшілерін жіберіп отырған. Олардың ішінде көбінесе Абылайдың жақын туыстары болды. Осы елшілердің басты мақсаты – Ресей жақтан құнды ақпарат алып отыру, сонымен қатар олардың империяға «сенімді» серіктес екендіктерін білдіру. Осы жағдайды келесі бір құжаттан – 1760 жылдың 6-шы маусым күні Абылай сұлтанның Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнға жазған хатынан көруге болады: «Средней орды от Аблай-салтана его высокопревосходительству г-дину генералу Ивану Ивановичу, посылаю свой покорный поклон, и после поклона сие слово. И при том чтоб между нами и тем народом находилось приятство и дружелюбие, чего ради до вас, для будущаго между нами знакомства, ко приятству и уведомления, от себя родного брата Юлбарыс-салтана отправил. Противу чего и о вашем благополучии, как вы находитесь, так и в российской стороне благополучно ль, ожидаю тако-ваго ж к себе уведомления. А сверх того, о чем мы просили, чтоб прозьбы нашей не оставить. И ежели мы благополучны будем, то какие у нас вести новые будут, вам почтенно донести имеем. И для того Юлбарис-салтана с товаришем отправили. А что есть какие мои слова, то родной мой брат Юлбарис-салтан словесно вам объявить имеет, а другаго ложного ничего объявить не может. И при том для вашего к нам приятства в подарок одну лошать отправили»(ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 137-п. с.ж.) Келтірілен құжатты қысқаша талдайтын болсақ, Абылай сұлтанның Ресей империясымен жасаған қарым-қатынаста мықты дипломат болғанын аңғарамыз. Абылай сұлтан осы хатында Ресей жағына деген өзінің жылы көзқарас пен ылтипатын көрсетеді. Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағанын айта келе, ол ресейліктерге өзінің туған бауыры Жолбарыс сұлтанды жібереді. Қызықты ақпараттар келіп жатса оларға бірден «жеткізетіндігін» де хабардар етеді. Жолбарыс сұлтанды да сол себепті серігімен жібергендігін айтқан. Туған бауыры Жолбарыс сұлтанның айтқан барлық сәлемдеме хабарларын ешбір жалған сөзсіз жеткізуіне кепілдік береді. Осы хатта, Абылай Ресей тарапынан өзінің өтініштерін орындалуын сұрай келе, оларды қызықтыратын қажетті ақпараттарды «хабарлайтынын» білдіреді. Ал, ұлы даланың ежелгі заңына сәйкес Сібір генерал-майорына бір жылқыны сыйға тартады. Шынын айту керек, сол кезде Ресей империясының білгісі келген ең бірінші керек ақпараты – қазақ-қытай қарым-қатынасы туралы еді. Себебі, сол кезде, Жоңғар елін санамағанда, ұлы далаға билік жүргізгісі келген екі ірі империя болған – Ресей және Қытай, екі жақта Абылай арқылы қазақтарды өздеріне бағындырғысы келді. Сондықтан да, Абылай екі елге бодан болуға екі жаққа да ант берді (Ресей империясына – 1740, Қытайға – 1756 жылы).

Ресей империясы Сібір өңірінің билігі арқылы Абылай ханды өзіне бағынышты ету үшін, оған және оның әйелдерінің біреуіне Ресей империясының қаржылық есебінен сыйлықтар беріп тұрды. Ресейліктер қазақтардың арасында бір-біріне деген құрмет тұтудың белгісі ретінде сыйлық жасау дәстүрін жақсы біліп отырды. Осы жағдайда, 1760 жылдың 6-шы маусым күні генерал-майор фон Веймарнның Орта жүз старшындарына жіберілген сыйлықтарының тізімінен анық көруге болады: «Реестр отправленным от генерал-майора фон Веймарна в подарок вещам, кому именно, что подлежит. Аблаю-салтану: Шесть аршин с половиною сукна кармазинного, Две красные козлиные кожи, Пять фунтов листоваго табаку, Две дести пищей бумаги, Одну палочку красного сургуча.Для жены ево:Одну бакчюбайховаго чаю, Одну голову сахару, и румяны»(ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 138-п. c.ж.).

Осы құжатты мұқият зерделейтін болсақ, бірнеше қызықты ақпараттарды алуға болады. Біріншіден, Абылайға қазақтардың арасында тұрмысқа қажетті әрі жиі қолданатын заттармен қатар, темекі де берілген. Біздің ойымызша, орыс халқының арасында жиі орын алған темекі шегу дәстүрін қазақ қоғамының ортасына да ақырын енгізе бастаған. Екіншіден, қазақтың басқару билігімен хат алысып отыру үшін арнайы мөр басатын сүргішті (сургуч) өздері жіберіп отырған. Үшіншіден, қазақтың сұлтандарын ғана өздеріне қаратуды көздемей, тіпті олардың әйелдеріне де сыйлық жасау арқылы қызықтырып отырған. Соның ішінде, бұрын сонды қазақ әйелдерінің күтімі мен қолданысында болмаған, бетті әрлеуші қызыл түсті далапты (румяна) да беріп тұрған. Осы жерде, біздің ойымызша, Абылай сұлтанның әйеліне сый-сыяпат берумен өздеріне бағындыру үшін ғана емес, қосымша қазақтың әйелдерін «орыстың мәдениетіне» бейімдеуді мақсат тұтқан. Ал жалпы, қазақтарға сыйлық тарту дәстүрі тұрақты болып кеткен. Ұлы даланың өкілдері осындай құрмет пен ілтипат көрсетуге еттері үйреніп қалғандықтан, осындай рәсім көрсетуді өздеріне тиісті деп қабылдаған. Ресей жағы құрмет қошеметке бөлейтін сыйлықтарды әр жыл сайын бір уақытта беріп тұруды дәстүрге айналдырған. Бір жағынан осындай сыйлықтардың берілуін параның бір түрі деп те түсінеміз. Бұл Ресей империясының қазақ сұлтандарын параға отырғызудың басты әрекеті деп есептеуге болады.

Кейбір жағдайларда Сібір әскери шебінің басшылары Абылайды өзіне қаратып әрі бағындырып алу үшін, ұн мен дәнді дақылдарды тегін беруге дайын болған. Осы туралы 1760 жылдың 20-шы маусым күні Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнның Абылай сұлтанға жазған хатынан көруге болады: «...почтеннейшему Аблай-салтану, есть надобность в муке пшеничной или ржаной, так же и в крупах, то ежели от вас в крепость Святаго Петра люди ваши присланы будут, оную муку и крупу сколько потребно от меня в ваше удовольствие и отпустить приказано. Для чего и прошу за тою мукою и крупою в помянутую крепость изволите и людей своих прислать» (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 140-п. c.ж.).

Осы құжаттың үзіндісінде генералдың Абылайға астық өніміне қажет болған жағдайда бидай мен қара бидайдан өндірілген дәнді-дақылдарды беруге дайын екендігі айтылған. Егер қажеттілік туындаған жағдайда Петропавл бекінісіне адамдарын жіберіп қаншалықты ұн кажет болса, соншалықты керегін алып кетуіне болатындығы жайлы нұсқау берілгендігі жазылған. Біздің ойымызша, ұн мен астық дақылдарын молынан әрі тегін беруі Абылайға жанашырлық таныту негізінде жіберілген жоқ, бұл әдіс сұлтанды өздеріне жақындатудың бір тиімді жолы ретінде көруге болады.

Ресей империясы Абылайдың атынан жіберілген елшілерден өздеріне керек ақпаратты алып отыруға тырысты. Олар көбінесе Абылайдың ішкі және сыртқы саясатына араласуды көздеді. Мысалы, (Абылай сұлтанның қай жерге көшіп жүргені, оның қытай империясымен қандай қарым-қатынаста болғаны т.б). Осындай деректі 1760 жылдың 6-шы маусымында Омбы қаласындағы Сібір шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнның Жолбарыс сұлтанмен кездескен туралы хаттамаларынан (Журнальная записка. – авт.) да көруге болады: «Он же Юлбарис-салтан спрашиван:Благополучно ль Аблай-салтан находитца, и где кочюет и как далеко, и нет ли у них с какими заграничными народы несогласей...На вопрос ответсвовал:Аблай-салтан находитца благополучно и кочует у реки Колчаклы, откуда он, Юлбарис-салтан, и приехал в Омскую крепость в третей день. И у Аблай-салтана никаких з другими заграничными народы несогласия нет» (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 141-п.).

Осы жерде орыс генералының Абылайдың қай жерде көшіп-қонып жүргені және шетелдік халықтармен келіспеушіліктері бар ма? - деген сұраққа Жолбарыс сұлтан мынандай ақпарат берген: Абылайдың Қылшықты өзенінің маңында көшіп жүргендігі және оның басқа елдің халықтарымен тату-тәтті болғандығы жайлы хабардар етеді. Біздің ойымызша, осы жерде Жолбарыс сұлтан толық ақпарат бермеген сияқты. Осы кезеңде, Жолбарыс Абылайдың қытай империясымен, Алатау қырғыздарымен текетірестері туралы ақпаратты жасырып қалған.

Біздің ойымызша, Абылай Жолбарысты Омбы бекінісіне жібергенде көрші елдер арасындағы қақтығыстары жайлы ақпараттарды білдіртпеуге мән берген. Себебі, Ресей империясы қазақтарды тезірек өздеріне бағындыру үшін, олардың сыртқы саясатындағы әлсіз тұстарын тиімді пайдалануды көздеді. Осы жерден, Ресей билігінің қазақтың сұлтаны Абылайдан келген елшілікке ерекше көңіл бөліп, ондағы ақпарат көздеріне деген ерекше назарын көреміз. Сонымен қатар, осы құжаттан Абылай ханның мықты дипломат ретіндегі іскерлігі мен қолбасшылығы, Жолбарысты елшілікке жіберу қызметіне дайындық мектебінен өткізгені байқалады.

Ресей империясы Абылайды өз бақылауына алғанда көбінесе оның қытай империясымен қарым-қатынасына назар аударды. Себебі 1756 жылы Абылай қытай империясына ант берді деген ақпарат бар (Собрание сочинений…, 2012: 388).

Ресей империясы тыңшылар арқылы осы жағдайды анық біліп отырды. Сондықтан, олар Абылайды қытай еліне толық беріліп, бағынып кетуінен қауіптенді. Ал, Абылай өзіне керек жағдайда ресейліктерге қытайлар туралы мәлімет беруге «дайын» екенін білдіріп отырды. Осы тұжырымға 1760 жылдың 1-ші тамызында Абылай мен Сұлтанмамет сұлтандарының Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнға жазған хаты дәлелдейді: «Что ж вы бывшим у вас нашим людям объявляли о следующем китайском войске, от чего б мы имели предосторожность, то ныне, егда какие в вашей стороне о том китайском войске получатца известии, просим нас уведомлять. Напротив чего, ежели и мы какие о том получим известии, уведомлять вас будем. И в том между нами верную надежду иметь, что мы, егда какое известие получим, то каждой месец чрез наших людей и письменно уведомлять будем, из чего мы между нами происходило благополучие и дружелюбие, о чем вы и сами более знаете»(ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 196-п.).

Бұл құжат үзіндісінен, біз нені аңғарамыз? Бұл хатта, Абылай және оның немере ағасы Сұлтанмамет сұлтан Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарннан қытайлар туралы керек ақпарат алғысы келеді. Сонымен қатар, екі сұлтан қытай әскері туралы өздеріне белгілі болған мәліметті Ресей жаққа ай сайын жазбаша түрде беретін болды. Әрине, бұл бір деңгейдегі дипломатиялық ойын деп түсінуге болады. Себебі, Ресей билігі Абылайды әлісеретуді көздей отырып, оған қытай әскері туралы қажетті ақпараттарды бермейтіні анық. Ал, Абылай қытайлармен мықты саясат жүргізіп, қазақ халқының тәуелсізідігін алып қалуды көздеген. Қытай империясымен сауда жүргізген, аманат беріп тұрған және қирап қалған жоңғар мемлекетінің жеріне Орта жүз бен Ұлы жүздің қазақтарын сол жерге көшіруді көздеді. Себебі, 1758 жылы Жоңғар мемлекетін қытай толық жойып жіберген.

Ресей империясы Абылайды «жұмсарту» және өзіне толық бағындыру үшін Сібірдегі бекініс басшыларына нұсқау беріп отырған. Абылайды қалай қарсы алу, күту, қандай сый-сыяпат беру керек екені көзделген. Осыған дәлел, 1760 жылы 28-шы  қараша күні жазылған Сібір әскери шебінің басшысы генерал-майор фон Веймарнның Орынбор губерниялық канцелярияға жолдаған хатынан көруге болады: «Тем наипаче, дабы, не зная о бывших, подобно сему ж, в Оренбурге Меньшей орды хана приемах, в награждении тому Аблай-салтану и в протчем, или бы излишности какой, или недостатку, и ему тем огорчения не сделать, во исполнение Ея императорскаго величества указа ис государственной Коллегии иностранных дел к вашему высокопревосходительству 18 числа июля сего 1760 года отправленного (с коего и я имею точную копию), по которому того Аблай-салтана, если он и подлинно когда приехал ко мне, в приеме и во угощение, не токмо ево самого, но и будущих при нем, при отпуске в награждение, из казны Ея императорскаго величества, пристойными вещами надлежит поступить и учинить точно по тем примерам, как было чинено в Оренбурге при приемах Меньшей орды Нурали-хана с его свитой, только с некоторой перед ханом малой убавкой, без чего, особливо по первому того Аблай-салтана в Омскую приезд, отпускать не надобно. Но как еще о таких  бывших в Оренбурге ханских приемах подробного известия здесь нет, то надлежит на учиненное от меня сообщение ожидать от вашего высокопревосходительства обстоятельного о том известия. А получа оное для ведома, и к его высокопревосходительству сообщить бы. И в приеме того Аблай-салтана поступать по тем оренбургским учреждениям и по силе вышепомянутого Ея императорскаго величества ис Коллегии иностранных дел указа во всем непременно» (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 56-іс. 315-п.).

Осы құжаттан аңғарғанымыз, Омбы және басқа бекіністерінде Абылайды қалай қарсы алу жағы анықталады. Сұлтанды құрметпен күтіп алуды осы кезеңнің кіші жүздің ханы Нұралыны қарсы алу тәртібін негізге алынуын ұсынылады. Бірақ, Нұралыға хан ретінде көрсетілген үлкен құрмет Абылайға жасалмауы керектігі ескертіледі. Осы жерде Ресей империясы, сонымен қатар олардың Омбыдағы басқару өкілдерінің болашақта Абылайды хан болдырмауға ұмтылысы көрінеді. Біздің ойымызша, 1731 жылдан бастап 1824 жылдарға дейін Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою – Ресей империясының басты стратегиялық саясаты болып табылды. Абылайға жасалған саясат Ресей үкіметінің кейінгі іс- әрекеттері осыны анық дәлелдейді. Мысалы, 1771 жылы үш жүздің қазақтары Абылайды хан қылып сайласа, ал Ресей империясы оны тек қана Орта жүздің ханы ғана ретінде мойындады. Ал 1822 жылы Орта жүзде хандық билікті толығымен жойып жіберді (Қазақстан тарихы..., 2010: 253, 256, 299).

Абылай Орта жүздің сұлтаны бола тұрып, Қытай империясына өз атынан елшілік жіберіп отырған. Көбінесе елшілік қызметті ханның көптеген ағайын-туыстары атқаруға белсенділік танытқан. Абылайдың Қытайға елші жіберуінің өзі сол заманның алып империясының біріне бодан болмауы көзделген. Ресей мен Қытай төрелерден құралған қазақ елшілерін өте жоғары дәрежеде қарсы алған. Себебі, XIII ғасырдан бастап Шыңғыс хан ұрпақтарын бүкіл Еуразия құрлығында орналасқан елдер ерекше құрметтеген. Мысалы, 1765 жылдың 22-ші қазан күнгі Железинка бекінісінің басшысы Ф.Е. фон Платер Сібір корпусының басшысы генерал поручик И.И. Шпрингерге жазған хатынан анық көруге болады: «А посланцы посланы были от Аблай-салтана к китайскому булдыхану, прибыли обратно благополучно, и от китайского булдыхана они приняты весьма приятны. А какие от него, хана, им подарки были, того они знать не могут, но только надежду имеют, что китайцы противо вышеписанных галданских киргисцов, в случае надобности, им вспоможение чинить будут, и обещали»(Султаны и батыры..., 2018: 213). Бұл құжаттың үзіндісінде Абылайдың атынан Қытай империясының басшысына елшілер барғандығы айтылған. Осы жағдай Абылайдың жоғары деңгейде дәрежесін көрсетеді және Қытай империясы оны көрші қазақ елінің өте жоғары мәртебесі бар билеушісі ретінде қабылдайды. Абылайға оның жауларымен қақтығысқан кезде Қытай жағынан көмек берілетіні айтылады. Бірақта, біздің ойымызша Қытай елі бұрын да, кейінде қазақ билеушілеріне әскери күшпен қолдау көрсетпегенін білеміз.

Ресей империясы Абылайдың қазақ хандығы мен Орта Азия елдерінде беделі өсіп келе жатқанын сезіп, оны бағындырудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланған. Соның ішінде, Абылайға бүкіл қазақ билеушілердің ішінде ең бірінші болып ағаштан қыстау салып берген. Осы жайтты 1765 жылдың 18-шы наурызындағы Орынбор губернаторы А.А. Путятинге генерал П. Девицтың атынан берілген есептен аңғаруға болады: «Сиятельный князь. Превосходительный г-дин тайный советник, кавалер и Оренбургской губернатор. Милостивой государь мой. Сообщение вашего сиятельства, пущенное минувшаго февраля от 26 под номером 229-м, мною сего м-ца 13 числа с почтением моим получен, по которому требуемые (каким маниром Средней киргиской орды Аблай-салтану для пребывания зимней дом построен) рисунок, равно и сколько к тому строению употреблено железных, деревянных и других припасов смету, по учиненной при здешней инженерной команде, Подлинник.ьно, к вашему сиятельству при сем посылаю. К тому ж знать подлежит, что к подвозу к тому строению лесу находилось чрез все лето десять казачьих лошадей и плотников из драгун дватцать человек (ОрОММ. 3-қ. 1-т. 88-іс. 256-п.).

Бұл құжатта 1765 жылы Абылай сұлтанға қысқы жыл мезгілінде тұратын қыстау салынып бергені жайлы айтылады. Үй құрылысының толықтай қаржыландыруы Ресей үкіметінің есебінен болды. Тіпті, осы үйді тұрғызу кезінде 30-ға жуық әскери адамдардың жұмылдырылғаны жайлы ақпарат берілген. Осы қыстауды салмас бұрын, Абылай хан өзінің қайраткер қабілетімен қазақтардың да тұрақты әрі жайлы үй салуға бейімделуіне мән бергендігі байқалады. Оның Ресей билігіне құрылысқа қажетті сұраған ұсынысы жайлы: «1764 жылы Абылай өзіне қазақтарды орыстың агротехникасын үйрету үшін он орыс шаруасын, үй салу үшін шеберлер мен материалдар жіберуді сұрады» (Қазақстан тарихы..., 2010: С. 187) – деген мәліметтерді келтіреді.

Абылай сұлтан хан мәртебесіне ие болмаған кездің өзінде де, іс жүзінде өзін қазақтың бас билеуші ретінде ұстаған. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аумағындағы көрші елдерден қауіп төніп тұрған кезде, Абылай үш жүзден әскери жасақ құрып, Орта Азия елдеріне жорықтар ұйымдастырған. Мысалы, 1766 жылдың 2-ші қыркүйегінде қыпшақ ұлысының старшинасы Сұлтанмамет сұлтан Сібір әскери корпусының басшысы генерал-поручик И.И. Шпрингерге жазған хатында Абылайдың Бұхар хандығымен соғыс жүргізгендігі жайлы мәлімдеген: «При сем вашему высокопревосходительству объявляю, от находящагося ныне в ташкентской стороне Аблай-салтана получил я указ, в котором объявляет, что он по желанию своему как ташкентцов, так и бухарцов под владение свое склонил, и намерение имеет с своим войском следовать далее той Бухарии, в кочующие орды, которые еще к миру склонности не показали; и требовал об отправлении к нему де- тей моих Уруса и Иман салтанов, которых я отправить намерен сего м-ца 5 числа. Еще же он, Аблай-салтан, описывает, что он известие получил о учреждении в Омской крепости против Троицкой с нашим народом и бухарцами сатовки. О чем он и требовал обстоятельного уведомления. На што я, в том уверя, и просил ево письмом, чтоб он из бухарских городков купечества с товарами для торгу довольно постарался отправить» (ООТМ. 1-қ. 1-т. 144-іс. 12-п. с.ж.).

Бұл өте құнды құжатта, Абылайдың Ташкент қаласы мен Бұхар әмірлігін өзіне қаратуы жайлы деректер көрсетіледі. Тіпті, Бұхар әмірлігінің жерінен көшіп-қонып жүрген көшпенділерді бағындыруға Абылайдың ниеті бар екендігі білінеді. Осы хатта Троицк бекінісінің жанында Абылай бағындырған бұхарлықтардың қатысуымен сауда-саттықты ұйымдасыруды ұсынады. Абылай Орта Азия елдерін өзіне қаратып қана қоймай, Орта Азияда экономикалық сауда-саттықты дамытудың әртүрлі жолдарын іздестірген.

Абылай өз заманының ірі әскери қолбасшысы болған: қазақ еліне басқа халықтардан қауіп төнген кезде ол үш жүздің сарбаздарының басын қосып, әскери жорықтарды ұйымдастыра білген. 1771 жылдың көктемінде қазақ жерінен Еділ қалмақтары Жоңғария жеріне аттанғанда, Абылай оларға тойтарыс беру мақсатында өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетін танытты. Балқаш өзенінің жағасында жүз мыңдай қазақ сарбаздарын жинаған. Соның ішінде 50 мың әскерді алып келуді өзінің немере ағасы Сұлтанмамет сұлтанға тапсырады. Осы ақпаратты 1771 жылдың 29-шы мамыр күні Сұлтанмамет сұлтан Сібір корпусының басшысы генерал-майор С.К. Станиславскийге жазған хатында Балқаштың жанында болған 50 мың әскерді апарғаны дәлелденеді: «Против которых калмык, собрав я своих киргисцов пять санов, числом каждой сан по десяти тысяч, на сих днях для разбития тех мятежников калмык выехал. Также и сын мой Урус-салтан с своими подвластными киргисцами отправился ж. О чем и изволите быть известны. И естли Бог нам поможет их, мятежников, разбить, то я почту себе за добычу, а естли сил наших не будет против их стоять, то против которой вашей крепости сие сражение у нас будет – того ж время дам знать. А прежде того не уступлю, чтоб, не отдав по присяжной моей должности Ея императорскому величеству истиннаго долгу» (ООТМ. 1-қ. 1-т. 173-іс. 307-п. с.ж.).

Бұл құжатта, Абылай ханның жинаған жасақтарының ішінен 50 мың әскерді Сұлтанмамет сұлтанның апарғандығы көрінеді. Осы жорыққа Сұлтанмаметтің үлкен ұлы Орыс сұлтанның да өз әскерімен қатысқандығы көрсетіледі.

Абылайдың беделі тек қана қазақ жері, Орта Азия елдерінің арасында танымал болған жоқ. Аса ірі қолбасшыны Ресей империясының қол астында болған басқа да түрік халықтары да оның ұтқыр саясаты мен басқару шеберлігіне тәнті болды. Мысалы, башқұрттардың бір бөлігі Ресей империясының қысымына шыдай алмай, Абылайға бағынып, қазақ жеріне көшіп кетуді жоспарлаған. Башқұрттардың бұл әрекетін түсінуге болады. Себебі, қазақ пен башқұрдың бір-біріне тіл мен дін және шаруашылық жағынан, тіпті рулық құрамдар бағытында өте жақын туысқан халық болған. Башқұрттардың Абылайдың қол астында кіруге деген ниеттері жайлы 1772 жылдың 28-ші шілде күні Сұлтанмамет пен Орыс сұлтандарының Сібір корпусы басшысы генерал-поручик И.А. Деколонгқа жазған хатында Башқұрттардың ант бұзып Абылайға көшіп кету туралы туралы мәлімет берілген: «Чрез сие вашему высокопревосходительству объявляю, что у нас слух носитца, будто находящияся в Оренбургской губернии башкирцы, желая изменить российскую сторону, и предатца в киргискую орду. И сие мое объявление прошу вашего высокопревосходительства содержать в секрете, и никому ис приезжающих к вам киргисцов не объявлять. Ибо если оное откроетца чрез вашего высокопревосходительства, то конечно понесу от киргисцов негодование и претензию. Да и ныне от некоторых киргисцов, по усердной моей к российской стороне должности, имею опасение»(ООТМ. 1-қ. 1-т. 176-іс. 85-п. с.ж.).

Бұл құжатта Орынбор губерниясындағы Башқұрттардың қазақ даласына көшіп кетуге ниет танытқандығы айтылады. Біздің ойымызша, башқұрттарда ондай ой болуы мүмкін. Ал Абылай хан башқұрттардың қолдауымен де билік жолын күшейткісі келетінін жасыруға болмайды. Себебі, 1771 жылы Абылайдың үш жүздің ханы болып сайланғаны белгілі. Сол кезден бастап, Абылай Ресей империясымен санасуды қоя бастады. Өзін тәуелсіз, дербес елдің патшасы ретінде ұстаған. Әрине, осы жағдайдан башқұрттар да хабардар болған еді.

Абылай өзінің қарамағындағы қазақтарды балық аулауға және құндыздарға аңшылық жасау бағытын кеңінен таратқан. Осы жөнінде, 1772 жылдың 20-шы тамыз күні Петропавловск бекінісінен генерал-майор Станиславскийдың генерал-порутчик Иван Александрович Деколонгқа жазған хатынан көруге болады: «Писано от меня было средней киргизской Орды и владельцу Аблай султану и требовано что ежели он согласился дать в здешнюю сторону из этих людей амантаов, те и требываемые им для ловления черных бобров и рыбы из Российских охочие люди сысканы и иным присланы от меня быть имеют. А сего августа 9-го числа пока все против того оной Аблай султану прислал ко мне сподвластным своим киргизцов Уралом» (ООТМ. 1-қ. 1-т. 176-іс. 119-п.). Бұл құжатта Абылайдың жаңа Есіл шебінің ішкі жағына өтіп, балық аулауға және құндыз ұстауға өтініш берілгені көрінеді. Бірақ бекініс басшысы генерал-майор Станиславский Абылайдан аманат беруді талап етеді. Сонда ғана балық аулауға және құндыз ұстауға өз қарамағындағы адамдарды беруге дайын екендігін білдіреді. Біздің аңғаратынымыз, шекара өңірінде Абылай және Ресей империясының жергілікті басшылары өздерін екі тәуелсіз дербес ел өкілдері сияқты ұстайды. Себебі, халықаралық талаптар бойынша аманатты бір тәуелсіз елден екінші тәуелсіз ел ғана ала алады. 1771 жылы қазақтар Еділ қалмақатарын қырғаннан кейін, Абылай сұлтанды үш жүздің ханы етіп сайлайды. Бұл маңызды іс-шараны Ресей империясы біліп отырды. Абылайдың үш жүздің ханы болып сайлануының өзі Тәуке ханның тұсындағы бірлігі артқан, берекелі мемлекетке айналуын көрсетеді.

1771 жылы үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін Абылай ханның беделі бірден өсті. Қазақ жерінің тұтастығын сақтау үшін, ол өзіне бағынбайтын қазақтарды түрлі әрекеттер жасады. Осыған 1772 жылдың 29-шы қараша күні Сұлтанмамет сұлтанның Сібір шекера бастығы генерал-порутчик Деколонгқа жазғаған хаты дәлел: «...сего ноября 13 прибылъ ко мне з двумя сыновьями Аблай хан и принес киргизцов пятдесятъ человек, для некоторго со мное переговору и разбирательства некотырыя противныя намъ киргизцов где вообще разобрав и наше виновные же сто человек киргизцов приказал онъ Аблай в набитья колодках содержать под караулом» (Насенов, 2005: 118).

Бұл құжатта Абылай екі баласымен және елу нөкерлерімен Сұлтанмамет сұлтаның қыстауына келгендігі айтылған. Сұлтанмамет сұлтанға бағынбай, өзінің қарсылығын білдірген жүз шақты кінәлі қазақты кісендеп қамауға алады. Бұл құнды құжат, Абылайдың жазалау әскері бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, заң мен тәртіпке бағынбайтын далалықтар міндетті түрде өзінің жазасын алып отырғандығын айғақтайды. Көреген саясатшының басқару билігіндегі темірдей тәртіптің болғандығын Ш.Ш. Уәлиханов та өз еңбегінде былай келтірген: «Он первый предоставил своему произволу смертную казань, что производилось прежде не иначе, как по положению народного сейма, и усмирил своеволие сильных родоначальников и султанов, которые ограничивали советом власть хана» (Собрание сочинений..., 2012: 390-б). Қарап отырсақ, шебер мемлекет қайраткердің ел басқаруында қатал тәртіп болмаса, қара халық хандық билікке бағынбай, жұмылған жұдырықтай бірікпес еді. Сондықтанда, XVIII ғасырға қатысты қазақ хандығының тарихы осындай тың деректер негізінде толықтыруларды әлі де қажет ететіндігі байқалады.

Қорытынды. Зерттеу барысында, Абылай ханның дарынды билеуші ретіндегі дара тұлғасына көзіміз жетті. Ол көрнекті дипломат ретінде қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын тұрақты қалыптастырды. Абылай қазақ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге өзіндік үлесін қоса білген талантты қолбасшы. Абылай хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруға талпынған дара тұлға.

Ол өз ықпалына көнбеген қол астындағы адамдарды қатаң жазалап, Ресейдің тұтқынына түскендерді дер кезінде қайтара білді. Қазақ төрелерінің арасында татулықты сақтау үшін, тәртіп бұзушы ағайындарын өлім жазасына дейін кесуге дейін дайын болды. Ертістің оң жағындағы қазақтың құнарлы жерлерін қайтару жолында ұтымды саясат ұстанып, сол жақта балық аулау мен құндыздарды ұстауға мүмкіндік жасады. Абылай ел тәуелсіздігін ұстап тұру мақсатында жоңғарлар мен Еділ қалмақтарына және Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көптеген жорықтарды ұйымдастырған білікті қолбасшы.

Абылай ел мүддесін қорғау мақсатында, Ресейдің саяси билігіне қатысты құпия мәліметтерді жинақтай білген көреген қазақтың саясаткері, қайсарлы билеушісі. Ресей империясының экспансия жасау әрекетінің күшеюіне байланысты, дарынды басшының жанында дипломатиялық қызметін атқаруға атсалысқан мықты батырлар топтасты. Абылай, сонымен қатар, әртүрлі саяси мәселерді шешу мақсатында, батырлар мен сұлтандардан құралған елшілердің мықты мектебін қалыптастыра алды. Абылай көрші мемлекеттермен қарым-қатынаста көпвекторлы дипломатиялық саясатты ұстана алды.

Жоғарыда талданған архив құжаттарынан саралайтын болсақ, Ресей империясы Абылай билігіне қатысты әртүрлі талпыныстар жасады: әскери бекініс басшыларына Абылайды жоғары дәрежеде күтіп алуға нұсқау беріп, қыстау салып берді, сыйлықтар жіберді.

Батыл колбасшының ел арасында ғана емес, көрші мемлекеттер тұрғысынан да беделі артқан сайын Абылайдың хандық басқаруы жоғарылай берді. Абылай қазақ елінің бағына туған даңқты да дара ханы. Ол өзінің қолбасшылық қабілетімен ғана емес, көшбасшылық кемеңгерлігімен де көзге түскен мемлекет қайраткері. Абылай – ұлт тарихындағы орны бөлек алып тұлға.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Из истории…, 2019 – Из истории казахско-российских отношений. XVIII век; сборник документов / сост.: Сирик В.А. – Алматы: Литера-М, 2019.

2. Эпистолярное наследие…, 2014 – Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675–1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах / Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комантариев; составитель и ответственный редактор И.В. Ерофеева. – Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. – 285 с.

3. ОрОММ – Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты (ОрОММ). 3-қор. 1-тізімдеме. 37-іс.

4. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты (ООТМ). 1-қор. 1-тізімдеме. 58-іс.

5.Қазақстан тарихы..., 2010 – Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: бес томдық. – Алматы,  2010. – 3 т.

6. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты. 1-қор. 1-тізімдеме. 60-іс.

7. ОрОММ – Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты. 3-қор. 1-тізімдеме. 56-іс.

8. Собрание сочинений – Собрание сочинений Ч.Ч. Валиханова в восьми томах. – Алматы: Дайк-Пресс, 2012 -Т.1.

9. Cултаны и батыры – Султаны и батыры Среднего жуза (вторая половина XVIII в.): сборник документов / сост. Сирик В.А. – Алматы: Литера–М, 2018.

10. ОрОММ – Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты. 3-қор. 1-тізімдеме. 88-іс.

11. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты. 1-қор. 1-тізімдеме. 144-іс.

12. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты. 1-қор. 1-тізімдеме. 173-іс.

13. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты. 1-қор. 1-тізімдеме. 176-іс.

14. ООТМ – Омбы облысының тарих мұрағаты. 1-қор. 1-тізімдеме. 176-іс.

15. Насенов, 2005 – Насенов Б. Абылай хан. – Алматы-Новосибирск, 2005. Т.12.

References:

1. Iz istorii..., 2019 – Iz istorii kazakhsko-rossyskikh otnosheny. XVIII vek; sbornik dokumentov / sost.: Sirik V.A.Almaty: Litera-M, 2019. [From the history of Kazakh-Russian relations. XVIII century; collection of documents] (in Russian).

2. Epistolyarnoye naslediye…, 2014 – Epistolyarnoye naslediye kazakhskoy pravyashchey elity 1675–1821 gg. Sbornik istoricheskikh dokumentov v 2-kh tomakh / Avtor proyekta, vvedeniya, biografy khanov, nauchnykh komantariyev; sostavitel i otvetstvenny redaktor I.V. Yerofeyeva. Almaty: AO «ABDI Kompani», 2014. – 285 s. [Epistolary legacy of the Kazakh ruling elite 1675-1821 Collection of historical documents in 2 volumes] (in Russian).

3. OrOMM – Orynbor oblysynyn memlekettіk muragaty. 3-kor. 1-tіzіmdeme. 37-іs. [State Archives of the Orenburg Region] (in Russian).

4. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-kor. 1-tіzіmdeme. 58-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

5. Kazakstan tarikhy…, 2010 – Kazakstan tarikhy kone zamannan bugіnge deyіn: bes tomdyk. – Almaty, 2010. 3 t.[History of Kazakhstan from ancient times to the present day](in Russian).

6. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-kor. 1-tіzіmdeme. 60-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

7. OrOMM – Orynbor oblysynyn memlekettіk muragaty. 3-қor. 1-tіzіmdeme. 56-іs. [State Archives of the Orenburg Region](in Russian).

8. Sobraniye sochineny…, 2012 – Sobraniye sochineny Ch.Ch. Valikhanova v vosmi tomakh. – Almaty: Dayk-Press, 2012. T.1. [Collected works of Ch.Ch. Valikhanov](in Russian).

9. Sultany i batyry..., 2018 – Sultany i batyry Srednego zhuza (vtoraya polovina XVIII v.): sbornik dokumentov / sost. Sirik V.A. – Almaty: Litera–M, 2018. (in Russian).

10. OrOMM – Orynbor oblysynyn memlekettіk muragaty. 3-kor. 1-tіzіmdeme. 88-іs. [State Archives of the Orenburg Region](in Russian).

11. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-kor. 1-tіzіmdeme. 144-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

12. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-kor. 1-tіzіmdeme. 173-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

13. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-kor. 1-tіzіmdeme. 176-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

14. OOTM – Omby oblysynyn tarikh muragaty. 1-қor. 1-tіzіmdeme. 176-іs. [Historical archive of the Omsk region](in Russian).

15. Nasenov, 2005 – Nasenov B. Abylay khan. Almaty-Novosibirsk, 2005. – T.12. [Abylai khan] (in Russian).

МРНТИ 03.20.00

НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ ВНУТРЕННЕЙ И ВНЕШНЕЙ ПОЛИТИКИ АБЫЛАЯ В РОССИЙСКИХ АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ

(1748–1772 ГГ.)

Тылахметова Анар Советхановна1

1МНС Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

Казахстан, г. Алматы

Аннотация. В статье на основе архивных материалов анализируются некоторые аспекты деятельности хана Абылая. Рассматриваются меры хана Абылая, направленные на обеспечение целостности и самостоятельности Казахского ханства, его взаимоотношения с российскими властями в Западной Сибири. Проводится анализ переписки хана Абылая с российской администрацией в Западно-Сибирском регионе. Автор рассматривает вопрос о землях на правом берегу Иртыша и попытки Абылая закрепить их за казахами. Уделяется внимание политике Абылая в отношении Джунгарского государства и Цинской империи. Автор характеризует политику Цинской империи в Центральной Азии и угрозы для Казахского ханства, исходившей от империи.

Ключевые слова: хан Абылай, Казахское ханство, правобережье Иртыша, казахско-джунгарские отношения, казахско-цинские отношения.

IRSTI 03.20.00

SOME ASPECTS OF ABYLAI’S INTERNAL AND FOREIGN POLICY

ACCORDING TO RUSSIAN ARCHIVAL SOURCES (1748–1772)

Tylakhmetova Anar1

1Ch. Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Junior researcher

Kazakhstan, Almaty

Annotation.The article analyzes some aspects of the activities of Khan Abylai based on archival materials. The author examines the measures of Khan Abylai aimed at ensuring the integrity and independence of the Kazakh Khanate, its relationship with the Russian authorities in Western Siberia. The analysis of the correspondence between Khan Ablai and the Russian administration in the West Siberian region is carried out. The author examines the issue of lands on the right bank of the Irtysh and Abylai's attempts to secure them for the Kazakhs. Attention is paid to Abylai's policy towards the Dzungar state and the Qing Empire. The author characterizes the policy of this empire in Central Asia and the threat to the Kazakh Khanate, which came from the Qing Empire.

Keywords: Khan Abylai, Kazakh Khanate, right bank of Irtysh, Kazakh-Dzungar relations, Kazakh-Qing relations.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 97

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер 1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) УДК 94 (574) : 316. 34 Қазақстандықтардың Украинаны азат ету жолындағы күресі мен ерліктері ӘОЖ 94(574) «15/16» XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы Қазақ хандығы тарихының мәселелері ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ӘОЖ (87013761225) УДК 94(547).02/.08 1727-1732 жылдар аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстары ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ӘОЖ 929.52 АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ 94(576)(89) Х-ХІ Ғ. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ШЫҒЫС САЯСАТЫ: КОЧО ҰЙҒЫР ИДИҚҰТТЫҒЫМЕН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ХОТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ МРНТИ: 03.20.00 ВНЕШНИЕ ФАКТОРЫ ПОЛИТИЧЕСКОГО КРИЗИСА В КАЗАХСКИХ СТЕПЯХ (вторая половина XVIII - начало XIX вв.) ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ МРНТИ. 03.20.00; 03.01.21 МАТЕРИАЛЫ ПЕТРОВСКОГО ОБЩЕСТВА О РАЗВИТИЕ НАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В БУКЕЕВСКОЙ

Author's articles

ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.)