Home » Materials » ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

Қартабаева Е.Т. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(21) қаңтар-наурыз 2020

Tags: төзімділік, модернизация, тарих, дін, ислам, сөздер:, Түйін, мұсылмандық, қозғалыс.
Annotation:
Аңдатпа. Қазіргі таңда елімізде қолға алынып отырған рухани жаңғыру аясында, сол руханиаттың негізі болып табылатын дін мәселесін қайта қарау, діннің дұрыс түсінігін жалған діншілдіктен ажыратып, діндегі радикализм, экстремизм, ланкестік сияқты келеңсіз құбылыстардың тарихи, объективті себептері мен салдарларын анықтаудың маңызы зор. Ислам дінінің әлемдік дамудағы, соның ішінде, модернизациялық үдерістер тарихындағы орны мен рөлін анықтау да аса өзекті болып табылады. Мақалада исламның бастау көздерін, алғаш қалыптасқан уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихының белесті кезеңдерін талдау негізінде, оның дін ретіндегі басты ерекшеліктері, рухани әлеуеті зерделенеді. Мақала жазудағы басты мақсатымыз – мұсылман халықтарының тарихи дамуындағы ислам дінінің орны мен рөліне талдау жасай отырып, бұл діннің қазіргі таңдағы жаһандану, интеграция және модернизация жағдайындағы орнын анықтау болып табылады.
Text:

Кіріспе. ХХІ ғасырда руханиат мәселесі еңбір өзекті мәселеге айналатындығын ХХ ғасырдың көрнекті тұлғалары, көреген саясаткерлері көрсетіп кеткен екен. Мысалы, ХХ ғ. француз ұлтының көрнекті өкілі, мемлекет қайраткері, философ әрі мәдениеттанушы А. Мальро: «ХХІ ғасыр руханиат ғасыры болады немесе ол мүлде болмайды» - деп көрсеткен екен (қараңыз: Саттаров, 2010: 51). Шынында да, қазіргі техногенді өркениет жағдайындағы адамзат құндылықтарының барынша өзгеруі адам рухының негіздерін шайқалту қаупін туғызып отыр. Өз өмірін зорлық-зомбылық, қастандық пен құрту-жоюға бағыштағандардың саны күн санап көбеюде. Қалыптасып отырған дағдарыстан шығу мүмкін бе? Әлде, болашаққа бұрынғы, шектеулі күйімізде, шешілмей қалған мәселелерімізбен қадам баса береміз бе? Бүгінгі күні әрқайсымыз сезініп отырған ғаламдық дағдарыс бір нәрсені айқын көрсетіп отыр – бұл ең алдымен адам руханың дағдарысы, сондықтан да рухани дағдарыстан шықпайынша, яғни рух тазалығына қол жеткізбейінше қоғамның басқа салаларындағы дағдарыстан шығу мүмкін емес. Қазіргі таңда әлемді жайлап отырған коронавирус індеті де адамзатқа осыны түсіндіре түскен тәрізді: адам баласы өзінің санасын тазартпаса, руханиатын жетілдірмесе, бұл індеттен құтылу мүмкін емес, өйткені ХХІ ғасырдағы жаһандану жағдайында бүкіл адамзат бір-бірімен тығыз байланысты, бұл байланысты үзу мүмкін емес, яғни індеттен құтылудың жолы ретінде ұсынылып отырған оқшаулықта болу мүмкін емес. Сондықтан адамдар бір-біріне деген жаман ниетінен арылып, бүкіл адамзатқа ізгілік ойлағанда ғана, яғни бір сөзбен айтқанда руханиат жолына түскен жағдайда ғана індеттен құтылып қана қоймай, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған жер бетіндегі жұмақты, яғни кемел қоғамды орнатуға болады деп ойлаймыз. Мақалада осы мәселелер ислам діні мен мұсылман мемлекеттерінің тарихын объективті тұрғыдан қайта зерделеу негізінде талданады.

Материалдар мен әдістер. Зерттеудің методологиялық негізі өркениеттілік теориясы болды. Шығыс қоғамдарының дамуын сипаттауда формациялық теорияның нәтижелі болмайтындығын, сол теорияның негізін қалаушы К. Маркстың өзі («Азиаттық өндіріс тәсілі») айтып кеткен болатын. Мақаланы жазуда, сондай-ақ, тарихилық және объективтілік ұстанымдары басшылыққа алынды. Тарихилық ұстанымы ислам діні мен мұсылман өркениетінің қалыптасып, дамуын тарихи динамикада қарастыруға, діннің негізгі қағидалары мен ұстанымдары қалыптасуының тарихи алғышарттарын анықтап, оның себеп-салдарлы байланыстарына, нәтижелеріне талдау жасауға, бұл нәтижелерге ықпал еткен қосымша факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Объективтілік ұстанымы ислам өркениеті дамуындағы әр түрлі кезеңдердің сипатын анықтап, салдарлары мен нәтижелеріне баға беруге мүмкіндік туғызды. Зерттеу барысында ғылымилық, нақты-салыстырмалы талдау, тарихи-салыстырмалы талдау, мәселелік-хронологиялық әдістері кеңінен қолданыс тапты.

Талқылау. Соңғы жылдары шығыстанушылар мен исламтанушы ғалымдар арасында ислам елдерінде орын алып отырған келеңсіз жағдайлар, соның ішінде фундаментализм, экстремизм, радикализм қозғалыстарының себептерін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілуде.

Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықта орын алып отырған процестер көбіне, ислам әлеміне тән қасіретті өзгерістермен байланысты, атап айтқанда, бұл: діншілдіктің жаңғыруы, дау-жанжалдардың күшеюі, ислам бастауларына, халифатты қалпына келтіруге шақыратын агрессивті фундаменталистік көзқарастардың саяси рөлінің күрт өсуі және т.б. Алайда бұл процестердің аса маңызды болғанына қарамастан, оларды теориялық тұрғыдан игеру, себеп-салдарлы байланыстарын анықтау мәселесі әлі де тиісті түрде жүйеленбей отыр, оларға берілетін баға барынша алуан түрлі болып келеді.

Мысалы, исламттанушы мамандардың фундаменталистік, сәләфиттік, ваххабиттік деп бағалап жүрген ислам ағымдарының мәнін түсіндіруіне қарайтын болсақ, олардың өте сан алуан екендігіне көз жеткіземіз. Американдық шығыстанушы Бернард Льюстен бастау алатын көзқарас дамудың екі бағытын – батыстық, яғни модернизациялық және шығыстық, яғни фундаменталистік модельдерін қатаң түрде бір-біріне қарсы қояды (Льюис, 2003.). Бұл көзқарас тұрғысынан фундаментализм идеологиялық дүстүршілдік, өткенге, ортағасырларға қайта оралуды аңсау ретінде қарастырылады.

Екінші бір көзқарас исламның фундаменталистік ағымдарының жаңашылдығын мойындайды, бірақ оны «модерннің қараңғы жағымен» байланыстырады, яғни жауынгерлік исламның, көп жағдайда, діннен гөрі саяси идеологияға айналып бара жатқандығын көрсетеді. Бұл көзқарасты жақтаушылар, іс жүзінде, ислам идеологиясы табиғаты бойынша (радикалды утопия), құралдары бойынша (тоталитаризм) және мақсаты бойынша (дүние жүзін жаулап алу) фашизмнің де, марсизм-ленинизмнің де мұрагері деп бағалайды (Қараңыз: Стародубровкая, 2007: 12).

Ең ақырында ғалымдар арасында ислам фундаментализмін модернизациялық идеология ретінде қарастыратындар да бар. Бұл көзқарастарды жақтаушылар, фундаменталистік ислам және оған жақын ұлтшылдар, Ұлы француз революциясының идеологиясына жақын идеологияны ұсынады деп есептейді (Батыс Ағартушылығын жалпы фундаменталистік діндерге, соның ішінде исламдық Шығысқа қарсы қоятын стеоретиптерді қолдаушылар көрсететіннен анағұрлым жақын) (Калхун, 2006: 225.). Мұндай көзқарасты Солтүстік Кавказдағы, дәлірек айтқанда Дағыстандағы ислам мәселесімен айналысушы бірқатар зерттеушілер қолдайды: сәләфизмді әлеуметтік модернизацияның және Дағыстан қоғамын әлі күнге дейін шырмап отырған жеке адамның кландық байланыстар жүйесінен шығу процесінің сыртқы көрінісі ретінде қарастырады (Макаров, 2000: 27.).

Бұл мәселелермен жекелеген зерттеушілер айналысып қоймай, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісу, пікір алмасу мақсатында исламтанушы-ғалымдар арасында дүркін-дүркін дөңгелек үстелдер де өткізілуде. Ресей исламтанушылары арасында өткен дөңгелек үстелдің қорытындыларына талдау жасағанда, ғалымдар исламдағы күннен-күнге көбейіп жатқан жаңа бағыттардың орын алуын (соның ішінде, әсіресе, сәләфизм бағытының исламның алтын ғасыры болған ерте ислам қағидаларын берік ұстану арқылы кезіндегі Халифат сияқты мықты, гүлденген мемлекет құруға ұмтылуы) өзіндік бір реформациялық қозғалыс, яғни исламды модернизациялау арқылы мұсылман елдерінің артта қалушылығын жойып, алдыңғы қатарлы, дамыған елдер қатарына қосылу ниетінен туындап отырған ізденістері деген ортақ пікірге келген (Круглый стол, 2017.).

Нәтижелер. Жалпы, қазіргі таңда ислам діні төңірегіндегі жағдай біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отырған, күрмеуі қиын, түйіткілді мәселеге айналып отыр. Әлем елдерінің тыныштығын кетіріп отырған ең басты мәселелер, негізінен, ислам дінімен байланысты орын алуда. Терроризм, экстремизм, радикализм, фанатизм сөздері ислам дінімен байланысты тұрақты тіркестерге айналғалы қашан. Атауының өзі бүкіл адамзатқа бейбітшілік тілеуді («ислам» сөзі араб тілінен «бейбітшілік болсын» деген мағына береді) білдіретін, ғасырлар бойы бейбітшілік діні болып келген исламның, қазіргі таңда нағыз соғысқұмар, төзімсіз дінге айналып кетуі қалай?

Қазіргі таңда ислам дінінде және ислам әлемінде орын алып отырған құбыластар мен процестерге объективті-тарихи заңдылықтар тұрғысынан талдау жасауға тырысып көрейік.

Дін руханиаттың бастау көзі екендігінде күмән жоқ. Тек руханиат қана емес, жалпы өркениеттің негізінде де дін жатқандығы тарихтан жақсы белгілі. Алайда қазіргі діндер адамның рухымен жұмыс істеудің орнына, көп жағдайда руханиаттан мүлде алыс мәселелермен айналысып кеткендей ой туғызады. Соңғы кезде қаптап кеткен әр түрлі секталар мен діни бағыттар бір қоғамда өмір сүріп жатқан жекелеген адамдар мен бүтіндей ұлттарды бір-бірінен алшақтататын, тіпті қарсы қоятын әсіре ұлтшылдық немесе әсіре конфессияшылдық сияқты және басқа да саяси бағыттағы мәселелермен айналысуды өздерінің басты міндетіне айналдырып алған сыңайлы. Ислам дінінің ішінде де соңғы уақытта шынайы руханилықтан гөрі, жалған діншілдік, ұраншылдық, өзі ұстанатын дін ғана ең дұрыс деп санайтын төзімсіздік және басқа да жағымсыз сипаттағы құбылыстар байқалады. Кейде, сол исламды уағыздап жүрген мұсылмансымақтардың әрекеті исламға, шынайы ислами қағидаларға, исламның қайнар бұлағы болып табылатын Құран мен пайғамбар сүннетіне мүлде үйлеспейді десек артық болмайды.

2001 ж. 11 қыркүйек оқиғасы дінаралық қайшылықтың, төзімсіздік пен асыра сілтеушіліктің өзіндік бір кульминациялық нүктесі болды. «Ұшақтарды басып алған он тоғыз лаңкес ХХІ ғасыр парадокстарының бірін жасады: бейбітшілік діні деп саналған ислам енді кісі өлтірумен және заңсыздықпен байланыстырылатын болды» (Кэролл, 2009: 5.). Осы оқиғадан кейін қалыптасқан халықаралық жағдай қоғамдағы дін мәселесін қайта қарап, әсіресе діни толеранттылық және дінаралық сұхбат мәселелеріне ерекше көңіл бөлудің қажеттілігін анықтап отыр.

Аталмыш бағыттағы іс жүзіндегі шараларды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елбасы Н.Ә. Назарбаев алғашқылардың бірі болып қолға алып, 2003 ж. әлемдік және дәстүрлі діндердің съезін шақырғаны бәрімізге белгілі. Осы үлкен жиында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Біртұтас діни кеңістік қалыптастыру мүмкін емес. Ұлы діндердің негізінде жатқан айырмашылықтарды жоюға да болмайды. Алайда тұрақты сұхбаттың құндылығы сонда, пікірлердің саналуандығына қарамастан алтын діңгек сақталады. Және ең бастысы – сұхбат бейбітшілік пен келісім территориясын, үйлесімділік пен ашықтық уақытын қалыптастырады. Діни сұхбаттың күмәнсіз құндылығын мен осыдан көремін», - деген болатын (Выступление, 2003). Бүгінде біздің еліміз, əлемдік дін басшыларының құрылтайы өткізілетін тұрақты мекенге айналды. Жай ғана барлық дін өкілдері емес, əлемнің жетекші теологтары бас қосатын дəл осындай екінші жер ғаламшардың өзге аймақтарында жоқ десек артық айтпаймыз.

Діни толеранттылық пен дінаралық сұхбатты іс жүзіне асырудың нақты тетіктерінің бірі сол діндердің негіздерін тарихи тұрғыдан тереңінен зерттеу болып табылады. Әсіресе, қазіргі әлемде лаңкестік пен төзімсіздіктің ошағы ретінде қарастырылып отырған ислам дінінің негіздерін, өкінішке орай, мұсылмандардың өздері де, мұсылман еместер де жете біле бермейді (Батыс елдеріндегі исламофобияның, ислам алдындағы үрей мен қорқыныштың басты себебі де осында жатса керек). Сондықтан да ислам діні мен мұсылман мемлекеттерінің тарихын терең зерттеу мен зерделеу негізінде ислам дінінің шынайы сипатын түсіндіру мешіттердің шегінен шығып, әрбір отбасының, білім ордаларының, әсіресе ғалымдар мен тарихшылардың міндетіне айналуы тиіс деп ойлаймыз.

Ислам тарихына көз жүгіртіп, оның дін ретінде қалыптасуының бастау көздеріне назар аударар болсақ, бұл діннің төзімсіздікпен, радикализм және фанатизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, керісінше, өзінің ерекше төзімділігімен және еркін ойшылдығымен ерекшеленгендігін байқау қиын емес. Ислам, пайда болған кезінен бастап-ақ, алғашқы мұсылмандарды басқалардың сеніміне құрметпен қарап, тәкаппарлықтан, асыра сілтеушіліктен, менмендіктен, бөлінушіліктен барынша аулақ болуға шақырды. Исламның қасиетті бастаулары болып табылатын Құран мен Суннада діни төзімділік барынша айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қасиетті Құранның Ниса сүресінің 1-ші аятында «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар» (Құран Кәрім, 2000: 67), ал Мәида сүресінің 48-ші аятында: «... Сендердің кейбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы, ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Бір тұтас барар жерлерің  Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді» (Құран Кәрім, 2000: 90). Бұл аяттардан көретініміздей бастапқыда адам баласын біртұтас қауым етіп жаратқан Алла Тағаланың кейін оларды әр түрлі ұлттар мен діндерге бөлудегі мақсаты адам баласының шынайы мақсаты болып табылатын Алланы тануында оларға ерік-жігер және таңдау еркіндігін беруінде деп түсінуге болады. Өзінің ең соңғы мақсатына жеткен кез келген адам баласы Алла Тағалада өзара қайта бірігетін болады. Яғни адам баласының әр түрлі қауымдарға бөлінуі уақытша жағдай – бұл қағида нәсілшілдіктен ғана емес, сондай-ақ басқа да адамдарды бір-бірінен бөлетін идеялардан аулақ болуға шақырады.

Ыбрахым пайғамбардан бастау алатын діндер (авраамиттік діндер), яғни иудаизм мен христиан дінін (бастапқыда зороастризм дінін де) «Кітап адамдары» деп қарастырған ислам бұл діндерді ұстанушыларға өз дінінде қалу мүмкіндігін беріп қана қоймай, оларды «зимми» (клиент – мұсылмандардың қамқорлығындағылар) деп жариялап, өз қамқорлығына алғандығы да тарихтың бұлтартпас айғағы.

Исламдағы төзімділік Мұхаммед пайғамбардың діни-саяси қызметінде ерекше көрініс тапты. Пайғамбарымыз, бір жағынан ерекше қасиет дарыған, яғни Құдаймен тілдескен мистикалық тұлға болса, екінші жағынан ол, үлкен ақыл-парасат иесі, саяси және дипломатиялық дарынға ие, өз діни идеясына толық берілген харизматикалық тұлға болды, сол идеялар үшін құрбандықтарға да бара алды. Бірақ ол ешқашан көрсоқыр, фанатик болған емес, оның өмірге көзқарасы кең еді. Мұның өзі оның өзіне дейін өткен барлық пайғамбарларды мойындауына және ислам тарихының белгілі дәуірінде Құрандағы «Кітап түскен қауымдардың» бірі – Медине иудейлерімен бір қауымбыз деп жариялауына ықпал етті. Ислам тарихына көз жүгіртсек, Мұхаммед пайғамбардың достарына адал, қателігін мойындаған жауларына кешірімді, саяси жауларына келгенде аяусыз, алайда саяси бітімгершілік жасауға да барып отырған ақыл-парасат иесі болғандығын көреміз.

Сонымен бірге, Мұхаммед пайғамбардың мұсылмандарды ғылым-білімге шақыруының өзі исламдағы еркінойшылдық пен діни төзімділікке бастаған негіздердің бірі болды. Пайғамбарымыздың «Ғылымды Қытайдан болса да ізде» деген атақты хадисі (хадисті жеткізушілер тізбегінде атақты ғұлама Абу Хамид әл-Ғазалидың болуы хадистің сенімділік деңгейін айқындай түседі) діни фанатизм, көрсоқырлық немесе томаға-тұйықтықпен еш жанаспайтын сөздер. Қатаң монотеистік дін ретіндегі ислам тұрғысынан алғанда нағыз пұтқа табынушылықтың ордасы болған буддизм елі – Қытайдан білім үйренуге шақыру нағыз еркінойшылдық пен діни төзімділіктің шыңы деп бағалауға болады.

Исламда көрсоқыр догматизмнің жоқтығын оның тарихының өн бойында әр түрлі, христиан тілімен айтқанда, еретиктік идеялық ағымдардың ислам шеңберінде бейбіт қатар өмір сүргені де дәлелдей түседі. Исламның басты бағыты суннизмге ең ірі оппозициялық ағымдар – мутазилизм мен исмаилизм болды. Мутазилизм Алланың абсолютті бірлігіне және абсолютті әділеттілігіне негізделді. Алланың бірлігі оның антропоморфтық атрибуттарының болуын жоққа шығарды. Сондықтан да Аллаға сөйлеу атрибуты тән болмағандықтан Құран Құдай сөзі бола алмайды. Құранды мутазилиттер кәдімгі әдеби шығарма деп қарастыруға дейін барды (Фильштинский, 1999: 93). Бұл ағым халиф әл-Мамун тұсында мемлекеттің ресми бағыты болу фактісі ерте исламдағы еркінойшылдықтың қаншалықты деңгейде болғандығынан хабар береді.

Ислам догматикасының дамуына шиизм бағыттарының бірі – исмаилизм елеулі үлес қосты. Исмаилиттер Құдай сөзінің сыртқы, экзотерикалық және ішкі, эзотерикалық мағынасын ажыратты. Исмаилиттердің пайымдауынша, сауатсыз, білімсіз бұқара үшін жасалған Құран түсіндірмелеріндегі сыртқы мағына Қасиетті жазбаның ішкі құпия мәнін түсінуге мүмкіндік бермейді. Оны тек рухани көсемдер – имамдар ғана түсіндіре алады. Имамдар адам жанын дәстүрлі діндердің догмаларына көрсоқырлықпен сенуден құтқарушылар болды. Имамдар инициация арқылы жаны дертке шалдыққан адамдарды Қасиетті жазбаның эзотерикалық мәнін ашу арқылы емдеу практикасын қолданған. Исмаилиттік имамдар философия және жаратылыстану ғылымдарымен айналысты. Олардың атақты «Тазалық бауырлары» энциклопедиясы антика және Шығыстың діни-философиялық ойының және сондай-ақ Араб халифатындағы философия саласындағы жетістіктердің синтезі болды. Олар да, мутазилиттер тәрізді, Алланың антропоморфты белгілерін жоққа шығарды, Құранның мәңгілік емес, уақыт шегінде пайда болғаны жөніндегі тезисті және адамның жазмыш алдындағы еркіндігі туралы қағиданы жақтады. Яғни бір сөзбен айтқанда, ортодоксалды исламнан мүлде алшақ көзқарастарды жақтаған мутазилиттер мен исмаилиттер, кейбір фанатик билеушілер тұсында қудалауға ұшырағанымен, жалпы алғанда, христиандық ортағасырлық Еуропадағыдай мүлде жоққа шығарылған жоқ.

Ерте исламда орын алған діни-философиялық негіздегі бұл ағымдар Алланы рационалды жолмен танудың жолдарын әліптеген болса, ислам шеңберінде қалыптасқан мистикалық бағыт – сопылық Жаратушы иені рационалды жолмен тану мүмкіндігін жоққа шығарып, оны түйсік (интуиция) арқылы, яғни жүрек арқылы ғана тануға болады деп жариялады. Жариялап қана қойған жоқ, Алланы танудың, яғни Алламен бірлесудің адамның рухани жетілуі арқылы іске асатын нақты жолдарын көрсетіп те берді. Өзінің Құдайды рухани, түйсік арқылы тануында сопылар адамның моральдық жағынан өзін-өзі жетілдіруін, сондай-ақ надандықты жойып, Құдай нұры ретіндегі ерекше білімге ұмтылушылықты насихаттады. Тар ойлы, шектеулі діндарлар өз дінінің ғана Қасиетті жазбасына, пайғамбарына немесе басқа да «әулиелеріне» сенсе, сопы үшін кім айтқаны маңызды емес, не айтқаны маңызды болды. Ол Христосты да, Інжілді де қабылдайды, ақиқат Құранда да, Ведантада да бар деп есептейді. Барлық құбылыстан ол Алланы көреді, барлық формалардан бір ғана Ақиқатты іздейді. Сопылар діндердің ешқайсысын жатсынбады. Кез келген ғибадатханадан ол Жалғыз Жаратушыны көрді. Сонымен бірге оның шынайы ғибадатханасы Сүйікті Жаратушысы мәңгілік мекендейтін оның өз жүрегі болып табылады (Идрис Шах, 1994: 294). Бір сөзбен айтқанда, сопылар дінаралық және мәдениетаралық сұхбаттың нағыз ізашарлары болды десек артық айтпаймыз.

Әр түрлі мәдениеттер, діндер мен тілдер бір ғана Ақиқатты әр түрлі жеткізетін формалар ғана екендігі, әсіресе, атақты сопы ғұламаларының бірі Жалал ад-дин Румидің шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Өзінің «Жүзім туралы әңгімесінде» түрік, парсы, араб пен гректің арасындағы дау-жанжалы олардың жүзімді өз тілдерінде әр түрлі атауынан ғана туындағанын мысалға келтіре отырып (Суфии, 2007: 139), адамзатқа үлкен ой тастайды, түсініспестіктен туындаған қайшылықтарды жойып, өзара бірігуге шақырады.

Сонымен, еркінойшылдықты негізге алған исламның аталмыш ағымдары бір діннің шеңберінде бейбіт қатар өмір сүрді. Араб халифаты дәуірінде орта ғасырлардағы христиандық Батыстағыдай шіркеу үстемдігі, шіркеу соборлары бекіткен барлық христиандарға міндетті болған діни догмалар, осы догмалардан ауытқығандарды еретиктер ретінде жазалайтын шіркеу соты деген құбылыстар болған жоқ. Исламда, сондай-ақ, ұйымдасқан табыну орны немесе христиан шіркеуіндегідей иерархиялық түрде орналасқан дінбасылары, даулы мәселелерді шешіп беретін шіркеу жиындары болған жоқ. Дүниетаным мәселелері бойынша пікір-таластар арнайы ашылған медреселерде өтіп отырды.

Синодтар немесе шіркеу соборлары сияқты жиындар болмағандықтан дүниетанымдық мәселелер фикх (құқықтану) аясында қарастырылып отырылды. Осы негізде төрт заңдық жүйе қалыптасты: ханафиттік, шафииттік, маликиттік және ханбалиттік. Егер маликиттер мен ханбалиттер көбіне заңның сыртқы формасын ұстанса, ал шафииттер мен ханифиттер заңның ішкі өзегіне мән берді. Уақыт және қоғам талабына сай жеке пікірге негізделетін рай ұстанымы ханифиттер жүйесіндегі іргелі ұстаным болса, ханбалиттер де оны ұстанудан бас тартпады. Көптеген екінші дәрежелі және кейбір аса маңызды мәселелер бойынша бір-бірінен ерекше ұстанымдарда болған олар, алайда өздерінің арасындағы айырмашылық рұқсат етілген шектерден шықпайды деп есептейді. Ханафиттік мазхабтың негізін салушы Әбу Ханифа жеткізген Мұхаммед пайғамбардың: «Менің қауымымның ішіндегі пікір айырмашылықтарының болуы Құдай шапағатының белгісі» деген хадисі бар (Goldziher, 1884: 94). Қасиетті Жазба, яғни Құран метафораларға, теңеулерге толы болғандықтан, оны дұрыс түсіну үшін жекелеген ғұламалардың пікірі (рай) және мұсылман қауымының ортақ пікірі (иджма) да қажет болды. Міне осылайша, мұсылмандық құқықтану (фикх) Құдай заңына сәйкес дамыды, және еркінойшылдық пен төзімділік заңдық негізге ие болды.

Мысалы, Бернард Льюс, жоғарыда көрсеткен еңбегінде, орта ғасырларда христиан дінінде болмаған діни төзімділіктің ислам дінінде болғандығын, қанша мойындағысы келмесе де, фактілердің негізінде мойындауға мәжбүр болады. Ол ХҮІІ ғасырда Осман империясындағы діни төзімділік туралы былай дейді: «Иногда – хотя далеко не единодушно – туркам воздавали хвалу и за такую добродетель, как веротерпимость, которой до XVII столетия большинство европейцев не ждало и уж тем более ее не приветствовало. Турок упрекали не за то, что они силой навязывали свое учение, – как еще, спрашивается, навязывать учения? – а за то, что оно было ложным, то есть не христианским. Между тем на деле турки не навязывали своего учения силой, но разрешали подданным, если те признавали верховенство мусульман и платили налоги, исповедовать иные религии. В итоге к XVII веку турецкая столица была, по всей видимости, единственным городом в Европе, где христиане всех толков и течений могли жить в относительной безопасности, отстаивая всякого рода расколы и ереси. В христианском мире такое было невозможно. Некоторым европейским авторам достало благородства признать это обстоятельство. Так, англичанин Томас Фуллер в своей «Истории крестовых походов», изданной в 1639 году, писал: «Надо отдать магометанам должное, на сей счет они славный народ, и христиане среди них могут держаться своей веры, если только держат язык за зубами и не выступают против учения Магомета» (Льюис, 2003.).

Алайда, бұл құбылыстардың бәрі исламның «алтын ғасыры» болған орта ғасырларда орын алды. Жаңа дәуірге қарай жағдай өзгере бастады. Бұл кезеңде тек ислам елдері ғана емес, барлық ортағасырлық Шығыс елдері ұзаққа созылған тоқырау кезеңіне аяқ басты. Тоқыраудың себептерін өркениеттілік теория тұрғысынан түсіндіретін болсақ, ортағасырлық өркениеттер өз дамуының шарықтау шегіне жеткеннен кейін, құлдырау дәуіріне аяқ басқан болатын. ҮІІ ғасырда пайда болған ислам өркениеті, ІХ-ХҮ ғасырларда өзінің классикалық даму кезеңін бастан өткере отырып, осыдан кейін бірте-бірте құлдырау кезеңіне аяқ басты. Оның есесіне, бұл кезеңде Еуропа елдері суырылып алға шыға бастаған болатын. Ортағасырлық Еуропада еркін ойды барынша шектеген, надандық пен соқырсенімнің, діни төзімсіздіктің ошағы болған Христиан шіркеуінің үстемдігін, орта ғасырлардың аяғына қарай орын алған Ренессанс пен Реформация қозғалысы қиратты. Айта кететін жағдай, Ренессанс пен Реформацияны туғызған факторлардың қатарында ортағасырлық Еуропа халықтарына ислам өркениетіндегі еркінойшылдықтың, озық философиялық идеялардың, жаратылыстану ғылымдары жетістіктерінің ықпал етуін көрсетуге болады. Антикалық еркінойшылдық пен Ренессанс дәуірі арасында «Ұлы аударма дәуірі» жатқаны белгілі: еуропалықтар өздерінің антикалық мұрасымен араб аудармалары арқылы танысты, өй  ткені христиан шіркеуі антикалық мұраларынан, пұтқа табынушылық, көпқұдайшылық дәуірінде пайда болғандығы үшін бас тартқан болатын. Ал реформациялық қозғалыстың нәтижесінде орын алған секуляризация процесі Еуропада ғылымның дамуына алғышарт дайындады.

Еуропа елдерінің суырылып алға шығуына, сондай-ақ жаратылыстану, география ғылымдарының дамуының нәтижесінде іске асқан Ұлы географиялық ашулар да оң ықпалын тигізді. Жаңа жерлерді игеру арқылы мол байлыққа ие болған Еуропа елдері, өздері ежелден қызығып келген Шығыс елдерін, сондай-ақ сол Шығыспен байланыстыратын негізгі сауда жолдарын өз ықпалына қарату бағытындағы құйтұрқы әрекеттерін бастап кетті. Батыстың бұл әрекеттері Шығыс елдерінің басым бөлігін өз отарларына немесе жартылай отарларына айналдыруымен аяқталғаны белгілі. Алайда, бұл жағдайды тек біржақты, яғни Батыстың саясатымен ғана түсіндіруге болмайды. Егер Шығыс қоғамдарында қолайлы топырақ болмаса, бір ғана сырттан келген күшпен, керемет даму жағдайындағы елдерді өз билігіне бағындыру мүмкін болмас еді. Шығыс қоғамдарында орта ғасырлардың аяғына қарай тоқырау жағдайлары (өркениеттік теория тұрғысынан алғанда, өркениеттің қалыптасып, дамуы, шарықтау шегіне жеткеннен кейін орын алатын құлдырау фазасы), дамуға деген серпілістің баяулауы, яғни бір сөзбен айтқанда, өркениеттің шаршауы орын алған болатын. Оның үстіне, ғасырлар бойы өркениеттің авангардында болған Шығыс елдері Батыс елдеріне менсінбеушілікпен қарады, Батыстан төніп келген қауіпке тиісті көңіл бөлмеді, оны дұрыс бағаламады, яғни сырттан келген қиындыққа тиісті жауап қайтара алмады (өркениеттілік теориядағы қиындық – жауап).

Отарлау процесі Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын одан сайын тежеп, бұл елдердің Батыстың шикізат көзіне айналып қалуына алып келді. Ресурстарға бай Шығыс елдерін өз уысында мықтап ұстап отыру үшін, Батыс отаршылары бұрынғыдан да бетер құйтұрқы әрекеттерге барып отырды. Мысалы, мұнайға бай Таяу Шығыстың мұсылман елдерінде исламның әр түрлі жаңа бағыттарының пайда болуының себептерінің бірі – осы батыс империалистерінің түрткі болуынан екендігі айқын («Бөліп ал да, билей бер» қағидасына сәйкес).

ХІХ-ХХ ғғ. межесінде исламның әр түрлі бағыттарының көбейіп кетуінің тағы бір себебін осы уақытта Шығыстың оянуымен, яғни ұлт-азаттық қозғалыстардың өріс алуымен байланыстыруға болады. Ғасырлар межесінде Шығыстың мұсылман халықтарының Еуропа отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі «панисламизм» туы астында өрбігені белгілі. Панисламизм идеяларының негізін салушы мұсылман ғұламалары Жамал ад-дин әл-Ауғани 1839-1897) және Мұхаммед Абдүһ (1849-1905) болды. Сол кездегі артта қалған Египет қоғамын модернизациялау бағытында күрес жүргізген әл-Ауғани бүкіл әлем мұсылмандарының отаршылдыққа қарсы күресте бірігуін насихаттады. Бұл қозғалыстың идеологиялық негізі ислам діні болады деп жарияланды. Алайда, дәстүрлі, ескі формасында ислам бұл рөлді атқара алмайтын еді, сондықтан оны заман талабына сай реформалау қажеттігі айқын болды. Шығыс елдерінің артта қалып қоюының себебі ислам дінінде жатыр деп көрсетуге тырысқан француз ғалымы Эрнест Ренанмен айтыса отырып, әл-Ауғани, мұсылман өркениетінің құлдырауының себебін мұсылмандардың бірте-бірте бастапқы исламнан ауытқуы және оның надандар тарапынан енгізілген жаңалықтармен бұзылуы, осының салдарынан ислам өзінің прогрессивті рухынан айрылып қалуынан деп түсіндірді. Әл-Ауғанидің идеялары кейінгі мұсылмандық реформаторлық ойдың бастау көзі болды. Бұл идеяларды реформаторлардың кейінгі буындары қабылдап алып, ары қарай дамытты.

Мұсылмандық модернизацияның келесі ірі өкілі Әл-Ауғанидің шәкірті әрі қызметтес серігі Мұхаммед Абдүһ (1849-1905) болды. Абдүһ исламның сопылық бағытын қолдады, оны сопылықтың рухани кемелдікке жету талаптары, ішкі сенімге жетуге ұмтылушылығы және ресми догматикаға, сыртқы діншілдікке сыни көзқарасы қызықтырды. Кейінірек Абдүһ сол кездегі сопылықтың кері тұстарын да сынға алды, әсіресе іс-әрекет пен ой тазалығын формальді рәсімшілдік басқандығын, осы дүниедегі тіршілікке қызығушылықты жоққа шығаруын, сондай-ақ кедейлікті жақтауын сынға алды.

Панисламизм барлық мұсылман халықтарының христиандық Батысқа қарсы біртұтастығы идеясын насихаттады. Айта кететін жағдай, панисламизм өзінің қорғаныстық, мәдениағартушылық сипатын үнемі ашық жариялап отырғанына қарамастан, батыс тарихнамасы, соның ішінде орыс тарихшылары да (кейінірек кеңес тарихнамасы да) панисламизмді агрессорлық, жауынгерлік сипатта көрсетуге тырысты. Батыс елдері паисламизм қозғалысының өрістеуі Шығыс елдеріндегі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің өрістеуіне алып келетінің жақсы түсінді, сондықтан да бұл қозғалысты басып-жаншуға бар күшін салды. Панисламизмнің Ресейдің шығыс шекараларындағы Түркия мен Иранда кеңінен тарауы орыс отаршылдарының да тыныштығын алды. Өйткені, бұл идеялар, яғни «кәпірлердің» езгісінде отырған барлық мұсылман халықтарының бірлігі идеясы Ресей отарларындағы түркі-мұсылман халықтарының бірігуіне, олардың арасында орыстарға қарсы көңіл-күйдің орын алуына ықпал етер еді.

Панисламизм қозғалысымен, осы уақытта мұсылман елдерінде өріс алған жәдидшілдік қозғалыс тығыз байланыста өрбіді. Жәдидшілдердің қызметі исламда орын алған тоғышарлыққа, догматизмге, фанатизмге, дүмше-молдалыққа қарсы бағытталды. Осы жерде айта кететін жағдай, жәдидшілдер жалпы исламға қарсы күрескен жоқ, керісінше, исламды дағдарыстан алып шығып, оның ары қарай өркендеуіне жол ашуға тырысты. Жәдидшілдік көсемдері бұл қозғалыстың мәнін батыс өркениетіне нағыз шынайы исламдық интеллектулды жауап ретінде бағалады. Жәдидшілдер, өз ұстанымдары бойынша, нағыз мұсылмандар еді, олар Еуропа өркениетінің жетістіктерін мойындай отырып, сонымен бірге, оны мұсылмандық дүниетаным арқылы қабылдауға тырысты, олар исламның ХХ ғ. ғылыми ашылымдарына қайшы келмейтіндігін, керісінше бұл ашылымдарға ислам ғылымының негізінде қол жеткізілгендігін көрсетуге тырысты. Жәдидшілдік қозғалысының негізін қалаушы Исмаил Гаспралы «Мұсылмандық өркениет» атты мақаласында былай деп жазды: «Зерттеулер ислам өркениеттің негізінде тұрғандығын көрсетеді және Құранда бұл қатынаста көп айтылған. ...Мұсылмандар ғылымға, еңбекке барынша ден қойып, өркениет қалыптастырды, бұл өркениет көне өркениеттің толықтай құлауынан жаңа өркениеттің пайда болуына дейін әлемге жарық беріп тұрды және соңғының пайда болу көзі болды. Осылайша, мұсылмандар еуропалық ғылым мен білімге бөтен еместігіне көз жеткіземіз» (Гаспринский, 2010).

Жәдидшілдік қозғалысының Қазақстандағы ірі өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлы болғаны белгілі. Ол халық арасында исламның дұрыс түсінігін насихаттауда көп еңбек сіңірді. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» атты діни-философиялық шығармаларында исламның өркениетке, ғылымға қайшы келмейтіндігі анағұрлым жоғары деңгейде негізделген (Құдайберді, 2007: 215-299). Аталмыш шығармалар автордың аса жоғары философиялық ізденістерін, батыс философтарының ең соңғы еңбектерімен таныстығын, Құранды терең білетіндігін көрсетеді. Өзінің негізгі міндетін Шәкәрім исламның негізгі қағидаларын жүйелеу, оны мектептерде қазақ тілінде оқыту және өз бетінше оқып білу үшін түсінікті әрі ыңғайлы ету деп білді. «Мұсылмандық шарты» атты еңбегін жазу себебін Шәкәрімнің өзі былай түсіндіреді: «Оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан есітіп білген шығарсыздар. Олай болса біздің қазақ халқының өз тіліменен жазылған кітап жоқ болған соң, араб, парсы кітабын білмек түгіл ноғай тіліменен жазылған кітаптарды да анықтап ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман-ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тіліменен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазаққа оқуға оңай болып, әрі оларға пайда әрі өзіме сауап болар ма екен деп, үміт еттім» (Құдайберді, 2007: 215). Кітаптың үлкен бөлігі шариғаттың негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған. Шәкәрім, іс жүзінде Құранның негізгі мәтінін қазақ тіліне алғашқы аударушылардың бірі болды. Оған дейінгі мұсылман авторлары мұсылман дінтанушылары шығармаларынан үзік-үзік қана келтіріп отыратын болған, сондықтан қазақ оқырманының Құран туралы түсінігі өте бұлыңғыр, білімі өте таяз болды. Шәкәрім исламның негізгі қағидаларын түсіндіріп қана қоймайды, ол дүмше-молдалардың исламды дұрыс түсіндірмей отырғандығын айыптап, олардың надандығын сынға алды. Ол оқырмандарды өзінің артынан еруге, яғни шынайы имандылыққа ден қоюға шақырды, оның түсінігінде шынайы сенім, яғни имандылық әрбір адамның жеке күш салуы, амалдары арқылы, соның ішінде, ғылым-білімге ден қоюы арқылы іске асады. Кітапта, сондай-ақ, сол дәуірдегі еуропалық философиялық ойды сынға алуға ерекше орын берілген. Әсіресе, Огюст Конттың ойларын сынға ала отырып, ол логикалық әдістер мен рационалды ой негізінде исламды материализм мен атеизмнен қорғауға тырысады. Шынайы, көзі ашық мұсылман ретінде, Шәкәрім өз заманының көкейкесті, өзекті мәселелеріне Құраннан жауап іздейді, және мұндай жауаптарды тауып, Құран аяттарымен оқырманның көзін жеткізе біледі.

Жәдидшілдіктің қазақ даласындағы келесі ірі өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 1890 жылы «Дала уәләятының газетінің» алтыншы және жетінші сандарында жарияланған «Баянауылдан» атты мақаласында дін мен ғылымның кереғарлығы туралы, ислам дінінің білім алуды, әсіресе әйелдердің білім алуын шектейтіндігі жөніндегі үстірт пікірлерді теріске шығарады. Мал жиюдан басқа өнерге құлықсыздық таныта бастаған қазақты мұсылманша болсын, орысша болсын, ғылым үйренуге шақырып, аталмыш мақалада былай деп жазады: «Мал жиып бай болуды ойлама. Ғылым үйреніп, білгіш болуды талап қыл. Неге десең, ғылым – пайғамбардан қалған мұра. Мал қарау – байдан қалған мұра. Малды кісінің дұшпаны көп болады, ғылымды кісінің досы көп болады. Мал жұмсай бастасаң, таусыла бастайды, ғылым жұмсай бастасаң, артылып, үсті-үстіне көбейе береді... Мал біткен кісі мұрнын көтеріп, тәкаппарлық қыла бастайды. Ғылымды болған кісілер өзін өзі төменшікке алып, кішік көңіл болады» (Көпейұлы, 2008: 329). Қазақстандық зерттеуші С.А. Асанованың көрсетуі бойынша, жәдидшілдік объективті-прогрессивті тарихи үрдістің көрсеткіші, ол мұсылмандық және ұлттық рухтың, сонымен бірге гуманизм ұстанымдарының қорғаушысы болды (Асанова, 2013). Осы кезде мұсылман әлемінің алдында үлкен таңдау тұрды: рухани және әлеуметтік-экономикалық салаларда белсенді түрде реформа жүргізу арқылы халықты өркениетке алып шығу немесе әлемдік қауымдастықтың артта қалған бөлігі ретінде Батыстың боданында қала беру. Бұған дейінгі әр түрлі халықтардың тарихи тәжірибесі реформаны білім беру жүйесінен бастау керек екенін көрсетіп берген болатын, өйткені халықтың сауатты бөлігі, кейінірек қоғамның барлық салаларындағы реформалардың жүруіне ықпал етеді. Сондықтан да жәдидшілдер өз реформасын білім беру саласынан бастап, кейінірек қоғамдық өмірдің барлық салаларында – баспа ісінде, театрда, тіпті, саяси салада да модернизациялық үдерістерді іске асыра бастаған еді. Өкінішке орай, бұл үдеріс большевиктердің билікке келуімен тоқтап қалды. Өйткені, өз ұстанымдары бойынша радикалдық идеяларды жақтаған большевиктер қоғамды модернизациялаудың реформалық жолын емес, революциялық жолын таңдады. Осы тұста тарихтың балама дамуы теориясын қолданатын болсақ, большевизм келіп килікпегенде, жәдидшілдік идеяларының іске асуы ешқандай тап күресінсіз-ақ, қырып-жоюларсыз-ақ, өркениетті жолмен жәдидшілдік идеялары кең тараған түркі-мұсылман қоғамдарын дағдарыстан алып шығуы мүмкін еді деген қорытынды жасауға болады.

Қорытынды. Сонымен, мақалада ислам діні мен мұсылман елдері тарихының белесті кезеңдеріне талдау жасай отырып, алғаш пайда болған уақытында бейбітшілік пен рахымдылық, төзімділік пен ізгілік бастауы болған ислам дініне қазіргі таңда соғысқұмар, фанатизм, төзімсіздік, ланкестік айдарларының тағылуының объективті-тарихи себептерін анықтауға тырыстық. Бұл құбылысты бір жақты, үстірт бағалауға болмайтындығына көз жеткіздік. Оның себептерін, кейбір еуроцентристік зерттеушілер көрсететініндей, ислам дінінің немесе мұсылман халықтарының табиғатынан туындайтын фундаментализмге жақындығынан емес, ислам тарихының әр түрлі кезеңдерінде қалыптасқан тарихи жағдайлармен, орта ғасырлардың соңында Шығыс және Батыс қоғамдарының қасіретті кездесуі, сол кездесу кезінде орын алған объективті-тарихи даму заңдылықтарымен, одан кейінгі кезеңдерде мұсылмаен елдерінің артта қалуына себеп болған объективті жағдайлармен түсіндіру керек деген қорытындыға келеміз.

Ислам діні, кейбір үстірт көзқарастағы дилетанттар көрсететіндей соғысқұмар, фанатизмге белшесінен батқан дін емес, ол басқа да дамыған діни жүйелер тәрізді тек ізгілікке, мейірімділік мен сүйіспеншілікке, бейбітшілік пен төзімділікке шақырады. Жалпы, бүгінгі күні, тек ислам ғана емес, кез келген діни тағылымдардан адамзатты бір-бірімен табыстыратын бастауларды іздеген абзал. Барлық сенімдерге парасаттылықпен қарап, төзімділік таныту үшін әрбір дін өкілі ең алдымен, өзі ұстанатын дінді толық меңгеруі қажет, өйткені діни төзімділік, адамсүйгіштікке шақыру кез келген дінде бар. Басқаша болуы мүмкін емес. Өйткені, руханиаттың қайнар көзі болып табылатын діннің ең басты міндеті адамзатты рухани құндылықтармен өмір сүруге, соның ішінде, ең алдымен бейбітшілік пен татулыққа шақыру екені даусыз.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Асанова С.А. (2013). Ислам в духовной культуре Казахстана начала ХХ века. – 23 августа, 2013. – [Электронный ресурс]https://e-history.kz /ru/contents/view/islam_v_duhovnoi_kulture_kazahstana_nachala_hh_veka__904(қаралған күні: 14.01.2020)

Выступление Президента Республики Казахстан на открытии I Съезда лидеров мировых и традиционных религий в Астане. 23 сентября 2003 г. – [Электронныйресурс] – religionscongress.org/content/view/17/32/lang,russian/(18.02.2020)

Гаспринский И. (2010). Мусульманская цивилизация. Газета «Переводчик-Терджиман». 1884 г. – 17 июня, № 22.https: //islam.in.ua/ru/ islamovedenie/ musulmanskaya-civilizaciya (14.01.2020)

Goldziher І. (1884). Die Zähiriten: Ihr Lehrsystem und ihre Geschichte. –Leipzig, 1884. – 94 p.

Идрис Шах. (1994). Суфизм. – Москва, 1994.– 294 с.

Калхун К. Национализм. М.: Издательский дом «Территория будущего», 2006. – C. 225-226.

Круглый стол (2017) «Что происходит в современном исламском мире: попытка концептуализации» (Ирина Стародубровская, Орхан Джемаль, Эмиль Паин, Василий Кузнецов, Дмитрий Узланер, Ахмет Ярлыкапов).Государство. Религия. Церковь в России и за рубежом. – Москва, 2017. – №3 (35). с. 265-300.

Кэролл Дж. (2009). Диалог цивилизаций. – Алматы, 2009. – 5 с.

Құдайберді Ш. (2007). Шығармалары. ІІ том. – Алматы. 624 б.

Құран Кәрім. (2000). Қазақша мағынасы және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. – Алматы, 2000. 474 б.

Льюис Бернард. (2003) «Что не так? Путь Запада и Ближнего Востока: прогресс и традиционализм». – Москва: «Олимп-Бизнес», 2003. – [Электронный ресурс]https://www.livelib.ru/book/1000026879-chto-ne-tak-put-zapada-i-blizhnego-vostoka-progress-i-traditsionalizm-bernard-lyuis (02.03.2020)

Макаров Д. (2000).Официальный и неофициальный ислам в Дагестане. – Москва, 2000. – 27 с.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (2008). Баянауылдан. Шығармалары. 13 том. – Павлодар: «Эко» ҒӨФ, 2008. – 385 б.

Саттаров Ф.Ф. (2010). Религия как форма духовности. Материалы международной научно-практической конференции «Новые религиозные движения в Евразии». – Астана, 2010. – 51 с.

Стародубровкая И. (2007) Исламская реформация: эвристическая ценность подхода. Государство. Религия. Церковь в России и за рубежом. – Москва, 2007. – №3(35). – С. 265-300.

Суфии: Восхождение к истине. /Составление, пересказ текстов, предисловие, словарь Лео Яковлева.– Москва, 2007.– 139 с.

Фильштинский И.М. (1999). История арабов и Халифата (750-1517 гг.). – Москва, 1999.– 93 с.

References:

Аsanova S.А. (2013). Islam v duhovnoi culture Kazahstana nashala XX veka (Islam in the spiritual culture of Kazakhstan at the beginning of the twentieth century). – August 23, 2013. – [Elektron. resurs]https://e-history.kz/ru/contents/view/islam_v_duhovnoi_kulture_kazahstana_nachala_hh_veka__904(in Russian).(14.01.2020)

Vystuplenye rezidenta Respubliki Kazakstan na otkrytii I Syezda liderov mirovyh I tradicionnyh religii v Astane [Speech by the President of the Republic of Kazakhstan at the opening of the 1st Congress of Leaders of World and Traditional Religions in Astana]. September 23, 2003 – [Electronic resource]– religionscongress.org/content/view/17/32/lang,russian/(in Russian). (18.02.2020)

Gasprinsky I. (2010). Muslim civilization. Newspaper «Translator-Terjiman»1884 – June 17, № 22. – [Elektron. resurs]https://islam.in.ua/ru/islamovedenie/musulmanskaya-civilizaciya (in Russian). (14.01.2020)

Goldziher І. (1884). Die Zähiriten: Ihr Lehrsystem und ihre Geschichte. –Leipzig, 1884. – 94 p.

Idris Shah. (1994). Sufism. – Moscow, 1994. – 294 p.(in Russian)

Каlhun К. Nacionalizm. [Nationalism]. Moscow.: Publishing House «Territory of the Future», 2006. – P. 225-226. (in Russian).

Кrugly stol (2017). «Chto proishodit v sovremennom islamskom mire: popytka konceptualizacii» Round table: «What is happening in the modern Islamic world: an attempt to conceptualize». (Irina Starodubrovskaya, Orhan Cemal, Emil Pain, Vasily Kuznetsov, Dmitry Uzlaner, Akhmet Yarlykapov). Gosudarstvo, religia, cerkov. – Moscow, 2017. – № 3 (35) – P. 265-300. (in Russian).

Carroll J. (2009). Dialog ciwilizacii [Dialogue of Civilizations]. – Almaty, 2009. – 5 p.(in Russian).

Kudaiberdy Sh. (2007). Shygarmalary (Artworks). Tom ІІ. – Аlmaty. 624 p. (in Kazakh)

Koran. (2000). Qazaqsha magynasy jane tysinigi [The meaning and concept in the Kazakh language]. – Almaty, 2000.474 p. (in Kazakh)

Lewis Bernard (2003) «What's Wrong? The Way of the West and the Middle East: Progress and Traditionalism». – Moscow, 2003. – [Elektron. resurs]https://www.livelib.ru/book/1000026879-chto-ne-tak-put-zapada-i-blizhnego-vostoka-progress-i-traditsionalizm-bernard-lyuis (in Russian). (02.03.2020)

Makarov D. (2000). Oficialny I neoficialny islam v Dagestane [Official and unofficial Islam in Dagestan]. – Moskow, 2000. – 27 p. (in Russian).

Мashhur Zhusyp Кopeiuly (2008). Bajanauyldan / Shygarmalary (From Bayanaul/Artworks). Tom 13. – Pawlodar: «Eko», 2008. – 385 p.(in Kazakh)

Sattarov F.F. (2010). Religya kak forma duhovnosty [Religion as a form of spirituality]. Materials of the international scientific-practical conference «New religious movements in Eurasia».– Astana, 2010. – 51 p. (in Russian).

Starodubrovka I. (2007). Islamskaja reformacia:evristisheskaia cennost podhoda [Islamic reformation: heuristic value of the approach]. State. Religion. Church in Russia and abroad. – Moscow, 2007. – №3 (35). with. 265-300. (in Russian).

Sufii: Voshozhdenie k istine [Ascent to the truth]./Sostavlenie, pereskaz tekstov predislovie, slovar Leo Iakovlevna. – Moscow, 2007. – 139 p. (in Russian).

Filshtinsky I.M. (1999). Istorya arabov I halifata (750-1517 gg.) [History of the Arabs and the Caliphate (750-1517 )]. – Moscow, 1999.– 93 p. (in Russian).

МРНТИ 03.09.03

ДУХОВНАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ И ИСЛАМ

Картабаева Е.Т.

Кандидат исторических наук, доцент, Казахский национальный

университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, e-mail: kartabayeva66@gmail.com

Аннотация. В связи с духовной модернизацией, осуществлящейся в настоящее время в стране, повышается важность пересмотра основ ислама, как основы духовности казахского народа, различение истинной религиозности от ее ложных форм, определение объективных причин радикализма, экстремизма и терроризма, присвоенных в последнее время исламу. Наиболее актуальным является определение места и роли исламской религии в мировом развитии, в том числе в истории модернизационных процессов. В статье изучаются основные особенности ислама как религии, ее духовный потенциал на основе анализа источников ислама, а также изучения основных вех историиислама с начала его становления и до сегодняшнего дня.

Основная цель написания статьи – анализировать роль и место ислама в историческом развитии мусульманских народов, определить место религии в современных условиях глобализации, интеграции и модернизации.

Ключевые слова: ислам, религия, история, модернизация, толерантность, мусульманское движение.

IRSTI 03.09.03

SPIRITUAL MODERNIZATION AND ISLAM

Kartabayeva E.T.

Сandidate of Historical Sciences, Associate Professor,

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty, e-mail: kartabayeva66@gmail.com

Abstract. In connection with the spiritual modernization that is currently being carried out in the country, the importance of revising the foundations of Islam as the basis of the spirituality of the Kazakh people, distinguishing true religiosity from its false forms, identifying the objective causes of radicalism, extremism and terrorism, recently assigned to Islam, is increasing. The most relevant is the determination of the place and role of the Islamic religion in world development, including in the history of modernization processes. The article studies the main features of Islam as a religion, its spiritual potential based on an analysis of the sources of Islam, as well as studying the main milestones of the history of Islam from the beginning of its formation to the present day.

The main goal of this article is to analyze the role and place of Islam in the historical development of Muslim peoples, to determine the place of religion in the modern conditions of globalization, integration and modernization.

Keywords: Islam, religion, history, modernization, tolerance, Muslim movement.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 347

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ИДЕОЛОГИЧЕСКАЯ БОРЬБА В СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВАХ И ИСЛАМ (VІІ-ХІІІ В.В.) А. ЯСАУИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ СИРИЯДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСЫ ИСЛАМИЗАЦИЯ МОГУЛОВ (ПО СВЕДЕНИЯМ «ТАРИХ-И РАШИДИ» МИРЗА МУХАММАД ХАЙДАРА) ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Изучение религиозных персоналий в истории Казахстана ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ДЭН СЯОПИННІҢ САЯСИ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ О НЕКОТОРЫХ АСПЕКТАХ ПРОБЛЕМЫ СОЗДАНИЯ КИРГИЗСКОЙ ДУХОВНОЙ МИССИИ НА ТЕРРИТОРИИ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ УДК 94(574) ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТРАДИЦИИ В ИСЛАМСКОМ ВОСПИТАНИИ КАЗАХСКИХ ДЕТЕЙ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ 94(576)(89) Х-ХІ Ғ. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ШЫҒЫС САЯСАТЫ: КОЧО ҰЙҒЫР ИДИҚҰТТЫҒЫМЕН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ХОТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Author's articles

ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ