Home » Materials » ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ

Исова Лаура1, Апсаттарова Гулзада2

ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1 (21) қаңтар-наурыз 2020

Tags: геосаясат, ұйымдар, халықаралық, саясат, сыртқы, Республикасы, Ислам, Иран, Республикасы, Қазақстан, сөздер:, Кілт, қақтығыс, АҚШ, санкция, келіссөз, даму.
Annotation:
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының даму үдерісіне баға беріп, қазіргі кезде халықаралық қатынастарда орын алып жатқан оқиғалардың, екіжақты қарым-қатынастарға тигізер әсері туралы баяндалған. Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының тарихи сипатқа ие екендігін айтып, екі ел арасындағы ортақ ұстаным, өзара ортақ мүдденің маңыздылығын ашып көрсетеді. Екі ел қарым-қатынасының даму болашағына баға бере отырып, ең алдымен сыртқы факторлардың әсеріне тоқталған. Атап айтқанда, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының даму болашағына кері әсерін тигізетіндігін болжайды. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда орын алған оқиғалардан дерек келтіріп, жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Иран қарым-қатынасына талдау жасалған.
Text:

МРНТИ11.25.91

ОТНОШЕНИЯ КАЗАХСТАНА И ИРАНА В РАМКАХ СОВРЕМЕННЫХ ГЕОПОЛИТИЧЕСКИХ ПРОЦЕССОВ

Исова Лаура1, Апсаттарова Гульзада2

1Кандидат исторических наук, доцент, e-mail: tanirbergenlaura@gmail.com

2Магистр по специальности «Регионведение»,

e-mail: apsattarovagulzada@gmail.

Казахский национальный университет им. аль-Фараби, кафедра международных отношений и мировой экономики, Казахстан, г. Алматы

Аннотация:В статье дана оценка процессу развития казахстанско-иранских отношений, а также говорится о влиянии событий, происходящих в настоящее время в международных отношениях на двусторонней основе. Казахстанско- иранские отношения имеют исторический характер, раскрывают общую позицию между двумя странами, важность взаимных интересов. Оценивая перспективы развития отношений двух стран, прежде всего, необходимо остановиться на влиянии внешних факторов. В частности, конфликт между США и Ираном негативно сказывается на перспективах развития отношений Казахстана и Ирана. В статье проанализированы отношения Казахстана и Ирана в новых условиях.

Ключевые слова: Республика Казахстан, Исламская Республика Иран, внешняя политика, международные организации, геополитика, конфликт, США, санкции, переговоры, развитие.

IRSTI 11.25.91

RELATIONSHIP BETWEEN KAZAKHSTAN AND IRAN IN THE FRAMEWORK OF MODERN GEOPOLITICAL PROCESSES

Isova Laura1, Apsattarova Gulzada2

1Сandidate of historical Sciences, associate Professor, e-mail: tanirbergenlaura@gmail.com

2master's degree in «Regional studies», e-mail: apsattarovagulzada@gmail.com

Al-Farabi Kazakh national University, Department of international relations and

world economy. Kazakhstan, Almaty.

Abstract:The article assesses the process of development of Kazakh-Iranian relations, as well as describes the impact of current events in international relations on bilateral relations. Kazakhstan and Iran's relations have a historical character. They reveal the common position between the two countries and the importance of mutual interests. Assessing the prospects for the development of relations between the two countries, first of all, we focused on the influence of external factors. In particular, the conflict between the US and Iran has a negative impact on the prospects for the development of relations between Kazakhstan and Iran. The article analyzes the relations between Kazakhstan and Iran in the new conditions.

Keywords: Republic of Kazakhstan, Islamic Republic of Iran, foreign policy, international organizations, geopolitics, conflict, USA, sanctions, negotiations, development.

Кіріспе. Иран Қазақстанның стратегиялық аса маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады. Өз кезегінде, Иранның бұрынғы консервативті және қазіргі реформаторлық басшылығы да республикамызды маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бірлесіп шешу, өңірлік кооперация, әлемдік мұхиттағы қазақстандық тауарлардың қысқа және тиімді жолын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық сияқты өмірлік маңызды салалар бойынша, елдер арасындағы ынтымақтастық маңызындылығын толыққанды бағалау күрделі.

Жаңа геосаяси кеңістік қалыптастырған уақыт өлшеміндегі заманауи өзгерістер, ғасырлар тоғысында жаңа, біршама аса маңызды орны бар ирандық сыртқы саяси стратегияның қалыптасуына тұтас әлем елдеріне қатысты маңызды қадам жасатты. Әсіресе, тарихи географиясы жағынан етене жақын Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да көне парсылық жұртпен қайтадан рухани, мәдени, экономикалық қатынас түзудің жаңа геосаясаты мен геостратегиясы, екі жақты қатынасқа да маңызды аспектілерді тудырған еді. Иран билігіндегі президенттер М. Хамами және М. Ахмадинежад кезеңінде де айырықша аталып өтілген иран дипломатиясының бұрынғы мәдени сабақтастыққа негізделген риторикасының, Орталық Азия елдеріне қатысты бағдары ерекше мүдде тұрғысында қолға алынған еді.

Қазақстан мен Иран қатынасының алғашқы қадамдары рухани тарихи жақындыққа негіз болар мүмкіндік ретінде Ирандағы Горган қаласында тұрып жатқан ауқымды қазақ диаспорасына назар салудан бастау алады (BBC Monitoring Central Asia, 2007: 2). Мәдениет аралық диалогтың қалыптасуынан бастау алған екі жақты қатынас достық қатынасты қауымдастық деңгейін негіздеді. Қазақстан аумағында парсы тілін оқыту, қазақстандық жоғары оқу орындарында парсы тілі филологиясы мамандықтарын ашу және Қазақ тарихының парсы деректерін іздеу бағытында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының орындалуына бірлесе ат салысу және Тегеран кітапханасы, Иран мұрағаттары қорында жұмыс істеу мүмкіндіктерін тудырды (ОИКС Алматы, 2019: 2). Парсы мәдениетіндегі ортақ тарихты жаңарту ғылымдағы парсы өркениетіне қатысты жаңаша ғылыми ойды да түзетті. Горганда құрылған қазақ мәдениеті орталығы негізінде осы қалада 2009 жылы Қазақстанның консулдығы ашылады (Iran, Kazakhstan Stress Expansion of Cultural Ties, 2005: 1).

Әдістер.Қазақстан мен Иран қатынастарын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесін, саяси үрдістерді зерттеуде маңызды орын алған шет елдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың еңбектері құрап отыр. Зерттеу барысында мемлекетаралық құжаттарды жинақтау, талдау мен сараптау әдістері пайдаланылды. Оның ішінде халықаралық қатынастарды сараптайтын контент анализ, ивент анализ, салыстырмалы әдіс, жүйелеу әдістері қолданылды. Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ұстанымдарына баға беру, Қазақстан мен Иран қарым-қатынасын сараптауда бақылау әдісі қолданылды. Ішкі және сыртқы саясаттың байланыстылығы, мемлекеттің ішкі әлеуметтік экономикалық модернизациясындағы сыртқы саяси ұстанымдарының трансформациясы қарастырылған. Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастар теориясындағы негізгі парадигмалар мен концепциялар қолданылды.

Талқылау. Зерттеу жұмысының дерекнамалық негізін ИИР мен ҚР саяси басшылары мен дипломаттарының сұхбаттары мен баяндамалары, Иран мен Қазақстанға байланысты жарық көрген мемуарлық әдебиеттер, ирандық, қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдарының материалдары, сонымен қатар қазақ, орыс, парсы тіліндегі мерзімдік басылымдар құрады. Мұндай деректердің қатарына республикалық қоғамдық-саяси газет-журналдар мен ғылыми жинақтар кірген. Соның ішінде ирандық БАҚ пен ғылыми басылымдарының құндылығын ерекше атап өтуге болады. Тақырыпқа қатысты ирандық зерттеуші ғалымдар К. Элахи, А. Ибрахими, М. Ширазиды және т.б. атап өтуге болады. Олар «Iran and Kazakhstan Relations: A Geopolitical Analysis» атты мақалаларында Қазақстанның мұнай экспорттау үшін Иранның территориалды тиімді орналасуын ескере отырып, өнеркәсіп пен сауда-саттық салаларында Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының жаңа мүмкіншіліктерін ұсынады. Сонымен қатар, мақалада Иранның Қазақстанға қатысты геосаяси ұстанымдарына терең талдау жасалған.

Қазақстандық зерттеулер негізінен Иран Ислам Республикасының 1991-2017 жылдар аралығындағы сыртқы саясатына мән береді. Оның ішінде ИИР Каспий мәселесіне байланысты саясаты қазақстандық зерттеушілер Б.К. Сұлтанов, С.К. Көшкінбаев, А. Нұрша, М. Әбішева еңбектерін атап өткен жөн. Аталған зерттеу еңбектері мен мақалаларында тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен әлемнің әр аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынасы, басымдықтары мен өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Таяу Шығыс Институтының ғалымы Зубаир Экбал «Iran’s Post-Sanctions Economic Options» тақырыбындағы мақаласында (Zubair, 2016:9) Иран Ислам Республикасының санкция құрсауынан шыққаннан кейінгі бағыт-бағдарын, елдің экономикалық өсімі мен аймақтағы тұрақтылық қамтамасыз ететін стратегиясын қарастырған. Иранның аймақтағы экономикалық ұстанымы мен елдегі экономикалық басымдықтар жайлы сөз қозғаған.

Сонымен бірге Ресей зерттеушілері ИИР-дың Кавказбен Орталық Азиядағы саясатын терең зерттеуде. Бұл мәселеге байланысты Д. Малышеваның пікірі бойынша, Иран Орталық Азия мен Кавказда аймақтық көшбасшылыққа ұмтылуда (Малышева, 2016: 188).

Нәтижелер. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бері, әлемнің көптеген мемлекеттерімен тұрақты достық қарым-қатынас орнатты. Олардың арасында Таяу және Орта Шығыс елдерімен, атап айтқанда өркениетті, экономикалық және саяси байланыстары бар Иран ерекше орын алады. Қазақ және Иран халқының тілінде, ділінде көптеген ұқсастықтар бар. Орта ғасырларда ислам мен Ұлы Жібек жолы көрші халықтардың өзара тиімді мәдени, сауда-экономикалық және рухани қарым-қатынастарын одан әрі нығайтқан болатын. Иран, Орта Азия және Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буын болды.

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы достық және бейбіт көршілік қарым-қатынасты дамытуға саяси еркін және өзара қызығушылық көзқарас танытты. Оған ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғаннан бастап қабылданған 60-тан астам құжаттардан тұратын келісімдік-құқықтық құжаттар базасы дәлел бола алады. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының ресми дипломатиялық қарым-қатынасы үлкен қалыптасу және даму кезеңінен өтіп, биылғы жылы екіжақты ынтымақтастық пен әріптестікке 25 жыл толды. Иран ең алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныды. Екі елдің саяси тарихы да, мәдени даралығы да екі бөлек қалыптасқанымен, Орта Азия аймағындағы тығыз экономикалық байланыс орнатқан жақын әріптестерге айналды. Екі елдің мемлекеттік құрылымы, сыртқы саяси ұстанымдары, діни-идеологиялық бағыттағы айырмашылықтарына қарамастан, нарықтық қоғамның заңдылығына сәйкес тиімді байланыс орната білді.

Біріншіден, қазіргі Қазақстан мен Иран қарым-қатынасын үлгілік модель ретінде қарастыруға болады. Ол туралы ИИР Президенті Х. Руханимен кездесуінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткені белгілі. Иранның Астананың 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін, сонымен қоса 2017 жылы Астана қаласында «ЭКСПО2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне қолдау көрсетуі және Ислам ынтымақтастық ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Астанадағы штаб-пәтері туралы Жарғысына қол қоюы осыған дәлел болады. Яғни, халықаралық аренада қос мемлекет өзара бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп отырады және өзінің мемлекеттік мүддесі тұрғысынан да қарастырады.

Екіншіден, қос мемлекет аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ықпал етіп отыр. Осы орайда Қазақстан тарапының халықаралық мәселелерді шешудегі мәмілегерлік, бітімгерлік, шебер дипломатиялық үлесін айту қажет.

Атап айтқанда, Сириядағы қақтығыстарды реттеу бойынша үкімет пен оппозициялық топтарының кездесуіне Астана өз алаңын ұсынды. Бұны бір жағынан Қазақстанның халықаралық беделін мойындау ретінде қарастырамыз. «Астана процесін» Қазақстан мен Иран қатынастарының жаңа кезеңі деп қарастыруға болады. Өйткені, өзара сенім мен ықпалдастық қатынастар осыдан кейін жаңа сапалы деңгейге көтерілді.

Үшіншіден, Қазақстан Иран мен E3+3 арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің сәтті аяқталуына да өз ықпалын тигізді. Бұл ҚР тәуелсіздігі кезіндегі ең сәтті халықаралық миссиясы болды деп бағалануда. Қазақстанның ядролық таратпау жөніндегі бастамашы ретінде Иранның ядролық қаруға байланысты мәселеге араласуы, оның Вена келісімшартын жүзеге асырудағы рөлін күшейтті.

Каспий теңізінің жағасында орналасқан Иран және Маңғыстау ежелден суда кеме, құрлықта керуен арқылы сауда-саттық жасап, тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Маңғыстау байырғы Ұлы Жібек жолындағы ең тиімді орындардың бірі болған. Бүгін де сол ата-бабаларымыз салып кеткен көне жолды жаңғыртуға, ғылым мен техникаға сүйеніп қарым-қатынас желілерін барынша дамытуға, көрші халық­тармен байланысымызды неғұрлым жаңа дәуір талабына сай кеңейтуге мүмкіндік ашылып отыр. Бұл жөнінде Президентіміз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында да айрықша атап өтті. «Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркез де өмір пайда болған және дамып отырған» дей келіп Үкіметке елімізде жан-жақпен байланыстыратын көлік желісін салуды тапсырды. Аталмыш еңбектің Маңғыстау аймағы, жалпы қазақ елі тұрғындарына пайдасы тиер тұсты нақты меңзейтін болсақ, онда дәл қазір салынып біткен Жаңаөзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган теміржолын тілге тиек ете аламыз.

Бүгінде Иран басшылығы өз елінің транзиттік мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану стратегиясын басшылыққа алуда. Осы транзиттік сыртқы саясатта Қазақстан мен Иранның жаңа ықпалдастығы күшеюде. Сондықтан, Қазақстан мен Иранның қарым-қатынастарын әлемдік саяси экономикалық теориясы тұрғысынан қарастыруға болады (Parker, 2009:19). Жоғарыда келтірілген концепцияларға сүйене отырып, Қазақстан мен Иранның сыртқы саяси бағыттарын, олардың өзара қарым-қатынасының басымдықтарын анықтай аламыз. ИИР-дың Қазақстанға байланысты сыртқы саясаты соңғы онжылдықта түбірімен өзгерді. Бұл өзгерістер ИИР сыртқы саяси ұстанымының трансформациясымен тікелей байланысты.

Қазақстан мен Иранның көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ортақ болып табылады. Бұл тек Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесінде ғана емес, басқа да аймақтық мәселелерді шешуде көрініс табады. Сонымен қатар, ирандық инвесторлар Қазақстанда бірнеше зауыттар салуға көмектесуде. Мысалы, 2019 жылы Алматы облысында 3,2 млрд теңгелік ет өңдеу кешені іске қосылды. Empire Food кешенінің құрылысы 2016 жылдың қыркүйегінде басталған болатын, ет комбинатының ауданы-6,9 мың шаршы метрді құрайды, 98 орындық жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Иран инвестициясымен Түркістан облысында $10 млн. құрайтын кірпіш зауытының құрылысы басталды (Уостнидж, 2014: 133).

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы көрші мемлекеттер және сындарлы әріптестер ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) тағы басқалар сияқты халықаралық және өңірлік алаңдарда табысты ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Екіншіден, ИРИ-де біз үшін өте қолайлы имидждік көрініс қалыптасты. Атап айтқанда, Иранның ресми тұлғалары Қазақстан жайлы дағдарыс пен санкциялардың қиын кезеңдерінде де Иранмен байланысын үзбейтінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлерге барлық деңгейде жылы қабылдау жүргізіліп, олардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Сонымен қатар, Қазақстан, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы өтетін Жаңаөзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган жаңа темір жол желісін пайдалануға беру ерекше маңызға ие екендігін атап өткен жөн. «Қазақстан темір жолы» АҚ Иранның Бандар-Аббас портында және елдің солтүстігі Инче-Бурун бекетінде жүк терминалдарын салуға қатысты бірнеше логистикалық жобалар бойынша үлкен жұмысқа кірісті. Бұл темір жол магистралі Қазақстан үшін Парсы шығанағындағы араб елдерімен, Африка, сондай-ақ оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Ирaн мен Қaзaқстaн aрaсындa ынтымaқтaстық мәселелерiнде Сирия бойыншa келiссөздер үдерiсiн aйтa кеткен жөн. Ирaн Ислaм Республикaсының делегaциясы жылдың бaсындa Сирия бойыншa келiссөздерге қaтысу үшiн Қaзaқстaнғa келген болaтын. Келiссөздер ресми түрде бaстaлмaй тұрып, делегaция өкiлдерi осы келiссөздерге қaтысу үшiн келген Ресей мен Түркия делегaциялaрының өкiлдерiмен жүздестi. Үш мемлекет өкiлдерiнiң консультaциялaрының мaқсaты – Aстaнaдa өтетiн келiссөздердiң бaрыншa тиiмдi болуынa қaжеттi шaрттaр қaлыптaстыру. Ресей, Түркия және Ирaн Ислaм Республикaсы өкiлдерiнiң бaйқaуымен өтетiн келiссөздер 23-24 қaңтaрдa болып өттi. Сондaй-aқ келiссiздердiң мaқсaты тaтулықты нығaйту, терроризмге тиiмдi қaрсы тұру және Сирия үкiметi мен оппозиция өкiлдерi aрaсындa диaлог орнaту.

Келiссөз бaрысындa Сириядa төрт қaуiпсiз aймaқ құру турaлы келiсiм қaбылдaнып, 6 мaмыр күнi күшiне ендi. Ирaн, Ресей және Түркия мемлекеттерi мұндaй мәмiлеге Aстaнa процесiнде қол жеткiзген болaтын. Ортaқ келiсiм бойыншa ендi Сирияның Идлиб пен Хомс провинциялaрының бiрнеше aудaнынaн және Дaмaск мaңындaғы Шығыс Гуте мен елдiң оңтүстiк бөлiгiнен қaуiпсiз aймaқ болып сaнaлaды және бұл aудaндaрдa кез келген қaру түрiн қолдaнуғa тыйым сaлынaды. Мәлiметтерге қaрaғaндa, қaуiпсiз aймaқ құрылғaн aудaндaрдың шекaрaсынa ендi бaқылaу бекеттерi қойылaды. Олaрды кепiл мемлекет Ирaн, Түркия, Ресей жaуынгерлерi өз бaқылaуынa aлaды. Ресей президентi Влaдимир Путиннiң aйтуыншa, қaуiпсiз aймaқтaрдa әскери ұшaқтaрдың дa ұшып-қонуынa тыйым сaлынaды.

Сирияға байланысты келіссөздердің Астанада басталуы Қазақстан мен Иран қатынастарының жаңа кезеңі деп қарастыруға болады. Екі жақты қатынастар осы келіссөздерге байланысты сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Сирия дағдарысына байланысты ұстанымы ортақ. Келіссөздерге Ресей, Иран, Түркия және Сирия мемлекеттерінің өкілдері де қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы аталған барлық мемлекеттермен тең достық қатынастарда болғандықтан, бізге ортақ келісімге келу тиімді екенін ерекше атап өтті (Jakubayeva, 2017: 68). Бұл Қазақстанның халықаралық беделін мойындағаны болып саналады деп толық пайымдауға болады.

Қазақстан мен Иран арасында қазіргі кезде қысқартылған виза тәртібі енгізілді. Екі мемлекет арасында әуе қатынастары тұрақты түрде орнатуға жоспарланып отыр. ҚР мен ИИР арасында іскери топтардың кеңесі тұрақты жұмыс істеуде. Соңғы жылдың өзінде екі мемлекет президенттері екі рет кездескен. Халықаралық қатынастарда бұл сирек кездесетін дипломатиялық оқиға. Иран мен Қазақстан арасындағы тауар алмасуы дәрежесі бүгінде 450 млн.долларға жетіп отыр. Қазақстан Иранға ет, астық өнімдерін, трансформаторларды, май және басқа да тауараларды экспорттайды. Иран мен Қазақстан арасында  болашақта темір жол дәлізін өткізу жоспарлануда. Осы арқылы Иран тікелей Ресей нарығына жол ашып отыр. Иран Ислам Республикасы 2017 жылы Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты. Астана мен Тегеран балама энергия көздерін бірлесіп дамытуды көздеп отыр. Екіншіден, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына соңғы жылдары қалыптасып отырған көліктік-транзиттік дәліздердің рөлі басым.

Қазақстан мен Иран аймақтық саясатта ИЫҰ арасындағы ынтымақтастыққа қол жеткізіп отыр. ИЫҰ-мен екі арадағы байланысты дамыту басқа мұсылман елдерімен қатынастарды одан ары нығайтуға, сыртқы саяси бастамаларды ілгерілету, ҚР экономикасына қаржы ресурстарын тарту, ислам әлемінің саяси, экономикалық және мәдени үдерістеріне қатысуға бағытталған. Ресми дипломатиялық байланыстар орнаған уақыттан бастап Қазақстанның аталған ұйымдар аясындағы және G-20-мен байланысты реттеу, ядролық қаруды таратпау бастамасын іске асыру, G-Global дамыту ұсыныстары Иран тарапынан қолдау тапты.

Екі ел арасында жылдар бойы қалыптасқан мәселелер де жоқ еместігі анықталды: мемлекетаралық деңгейде қабылданған шешімдерді іске асырудың тиімді механизмінің жоқтығы, Қазақстан мен ЭЫҰ елдерінің арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі деңгейлері, Қазақстанның жеткіліксіз деңгейде ЭЫҰ-ның көліктік-транзиттік әлеуетін пайдалануы сияқты бірқатар проблемалар бар. Бірақ бұл аймақтық интеграция үрдісінің ары қарай дамуына кедергі келтірмейді. Сонымен қоса, қазіргі уақытта Каспий аймағы маңызды қиындықтар мен елеулі мәселелердің пайда болуы шартында дамып жатыр. Экономикалық байланыс нығайып келе жатқанымен, саяси ынтымақастық баяу дамуда (Леонова, 2014: 20).

Жалпы Ирaн мен қaзaқстaн aрaсындa қaбылдaнғaн келiсiмдер қaтaрын екi ел aрaсындaғы соттaлғaн aдaмдaрды беру турaлы келiсiм толықтырды. Мемлекет бaсшысы Нұрсұлтaн Нaзaрбaев «Қaзaқстaн Республикaсы мен Ирaн Ислaм Республикaсы aрaсындaғы соттaлғaн aдaмдaрды беру турaлы келiсiмдi рaтификaциялaу турaлы» Қaзaқстaн Республикaсының Зaңынa қол қойды.

Aл, 2016 жылы Қaзaқстaн мен Ирaн өзaрa топтық туристiк сaпaрлaрды жеңiлдету турaлы келiсiмге қол қойды. Құжaт құрaмындa 5-тен 50-ге дейiн aдaм бaр туристiк топтaр үшiн визaлық режiмдi жеңiлдетедi. Ирaн Президентi Хaсaн Рухaнидiң Қaзaқстaнғa ресми сaпaрының қор қол қойылғaн келiсiм қaзaқстaндық және ирaндық aзaмaттaрдың өзaрa топтың туристiк сaпaрлaры сaлaсындaғы өзaрa тиiмдi ынтымaқтaстықты жүзеге aсыруғa құқықтық және ұйымдaстырушылық негiз қaлaйды. Құжaт құрaмындa 5-тен 50-ге дейiн aдaм бaр туристiк топтaр үшiн визaлық режiмдi жеңiлдетедi. Визa топтaғы бiр aдaмғa ғaнa берiледi. Екi елдiң туристiк билiгi Қaзaқстaн мен Ирaнғa бaрaтын туристiк топтaрды қaлыптaстыруғa жaуaпты жергiлiктi туристiк оперaторлaрдың тiзiмiмен aлмaсaды. Депaртaмент директорының aтaп өтуiнше, келiсiмге бaрыншa қысқa мерзiмде қол қойылғaн. Сондай-ақ, «Ирaн 80 млн. aдaм тұрaтын келешегi зор көршi нaрық. Ел 30 жылдaн aстaм уaқыт бойы сaнкция құрсaуындa болды және қaзiргi уaқыттa iшкi және сыртқы туризмдi белсендi iлгерiлете отырып, әлемге есiгiн aйқaрa aшып отыр. Ендi қол қойылғaн келiсiмдi жүзеге aсыру мaңызды. Қaзaқстaндық және ирaндық туристiк оперaторлaр бұл бaғыттa белсендi өзaрa iс-қимылғa бaрaды» деген болатын.

Ирaнның Қaзaқстaнмен өзaрa әрекетi, сыртқы сaясaтындa еуроaтлaнтикaлық векторды жaндaндырудың соңғы ұмтылуымен шектеледi. Сонымен қaтaр, өзiнiң сыртқы сaяси және сыртқы экономикaлық белсендiлiгiнiң оңтүстiк векторын дaмыту мүмкiндiгi ретiнде Қaзaқстaн, AҚШ-пен Ирaнның күрделi қaрым-қaтынaсының кепiлгерi болып тaбылaды.

ҚР жыл сaйын SWAP сұлбaсы бойыншa Ирaн aрқылы 1 млн тоннa мұнaй экспорттaйды. Қaзaқстaн-Түркiменстaн-Ирaн мұнaй құбырының және осы бaғыт бойыншa (Узень-Гызылгaй-Берекет-Этрек-Горгaн) темiр жолы бaйлaнысының құрылыс жобaсын дaйындaу бойыншa келiссөз жүргiзiлуде (Maltzahn, 2013: 58).

Иран елінің инвесторлары Қазақстанның экономикасына 1 млрд. доллардан астам қаржы құйған. Елордада Ислам республикасының ұлттық күніне арналған жиында елші Моджтаба Дамирчилу осылай деп мәлімдеді. Бүгінге дейін Қазақстан Ирандағы алтын өндірісіне инвестиция құйып келсе, енді Иран еліміздегі тау-кен өнеркәсібін қаржыландырады. Сондай-ақ, 2015 жылмен салыстырғанда қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 15 пайызға артқандығын көрсетіп отыр. 2016 жылы сауда-саттық 750 млн долларды құраған. Ресми мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда 160 бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейді.

Алайда Қазақстан мен Иран арасында көптеген ортақ жобалар мен келісімдер болса да, қазіргі кезде халықаралық қатынастарда орын алып жатқан оқиғалар, екі ел қарым-қатынасын әсер етпей қоймайды. Атап айтқанда, соңғы кездері орын алған Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс (Көшкінбаев, 2017).

Осы жылдың 3 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Ирақта, АҚШ «лаңкестік» деп таныған ұйым, ислам революциясын күзетуші «Кудс» ирандық корпусы бөлімшесінің басшысы генерал Касем Сулеймани өлтірілді. Осыған байланысты, Иранның ресми реакциясы – ирандық парламент АҚШ және Пентагонның барлық әскерлерін террористік деп таныды. 8 қаңтарда қорғаныс корпусы Ирактағы америкалық әуе базасына бірнеше зымыран шығарды. АҚШ пен Иранның қақтығысының эскалациясы аясында Иран генералы Касем Сулейманидің АҚШ-тың әуе соққысынан қаза тапқаннан кейін мұнай мен алтын бағасы өсуде.

Халықаралық аренада орын алған осы сияқты оқиғалар, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс жалпы халықаралық қауымдастықты алаңдатпай қоймады. Осыған орай әлем, қақтығыс одан әрі жалғасатын болса, онсыз да тұрақсыз Таяу Шығысты одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін деген алаңдатуышлықпен бақылауда. Қазақстан басшылығы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды «ұстамдылық танытуға» шақырды. Алайда бұның барлығы АҚШ және Иран билігінің қақтығыстың қай кезеңінде тоқтап, келісімге келу үшін бір үстелге отыруға дайын болуына байланысты.

2020 жылдың қаңтарында басталған бұл қақтығыс жайдан-жай ұшыққан жоқ. Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы қақтығыстың орын алғанына 40 жыл толды. 1979 жылы Ирандағы Ислам революциясынан кейін Тегеранда АҚШ елшілігі басып алынып, американдық дипломаттар 444 күн кепілдікте болды. Қазір АҚШ-тың Иранмен дипломатиялық немесе консулдық қатынастары жоқ, ал АҚШ үкіметі америкалық компанияларға Таяу Шығыс елдерімен кез келген экономикалық қарым-қатынас жүргізуге тыйым салады. Осыған байланысты, екі ел арасындағы қатынастар өте күрделі болып табылады. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына және осы елдегі адам құқықтарының бұзылуына үнемі алаңдаушылық білдіреді. Ядролық бағдарламаға байланысты, Иранға қарсы бірнеше санкциялар енгізілді, бұл елдер үшін экономикалық блокаданы қалыптастырды.

Аталмыш қақтығыс Қазақстан мен Иран қатынастарының дамуына әсер етпей қоймады. Қазақстан Құрама Штаттармен және Иранмен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Америкалық компаниялар Қазақстан аумағындағы үш ірі мұнай-газ жобасына қатысады – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Олардың дамуы елге үлкен табыс әкелді: теңізден түскен түсімдер 1993 жылдан бастап 143 млрд.доллардан асты, Қарашығанақтан 1997 жылдан бастап – 34,8 млрд. доллар, ал Қашағаннан 2016 жылдан бастап – 700 млн. доллар. Сонымен қатар, тікелей дипломатиялық байланыстар да бар. Мысалы, Қазақстан үнемі «C5+1» диалогтық форматына қатысады – бұл АҚШ-тың сыртқы саяси ведомстволары мен бес Орталық Азия елдері басшыларының кездесулері (Малышева, 2016: 191).

Екінші жағынан, Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушысы болып табылады. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім күшіне енді.

Қазақстан Иранға металл илек, ет және дәнді дақылдарды жеткізеді, ал Ираннан құрма, жаңғақ және пластмасса тасымалданады. Алайда, соңғы бес жылда елдер арасындағы өзара сауда үш есеге төмендеді – 1 млрд-тан 300 млн долларға дейін. Екіжақты тауар айналымы деңгейінің төмендеуінде Иранға қарсы санкциялар әсерін тигізді, алдағы уақытта жаңа санкциялар енгізілген жағдайда бұл көрсеткіштер одан да өсетін болады.

Оған қоса, Қазақстандық компанияларға жанама ықпал да бар. 8 қаңтарда Тегеранда, бортында 167 жолаушы мен экипаж қаза тапқан украиндық жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұдан кейін Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық әуе компанияларға "Иранға ұшудан бас тартуды ұсынды. Қазір осы елдің әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық компания – «Эйр Астана» және SCAT тұрақты тасымалдарын атқаруда. Бұл әуемаршруттарды қайта құру және ұшу кестесін өзгерту салдарынан компаниялардың белгілі бір шығындарына алып келеді.

Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіптің» Иранға уран жеткізуін да есте сақтау маңызды. IPO бағытында бұл ұлттық компанияның 2018 жылдан бастап ирандық ядролық келісімге сәйкес ирандық контрагентпен уран жеткізу бойынша келісім-шарт жасағаны айтылған болатын. Алайда бұл мәміле АҚШ пен Иранның өзара келісімі бұзылуына дейін жасалған болатын. Осы себеппен туындауы мүмкін қауіптер қатарында АҚШ-тың БҰҰ-дан тыс біржақты шеңберде жеткізу келісімшартына немесе компанияның өзіне кедергі келтіруі аталады.

Осыдан екі ел АҚШ және Иранның да Қазақстан үшін маңызды серіктестер екендігі көрініп тұр. Ел басшылығы да Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдірді.Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді өңірдегі жағдайдың ушығуына алаңдаушылық танытты. СІМ мәлімдемесіне сәйкес, ол барлық тараптарды шиеленістің ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және қақтығысты шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Кейінірек, 8 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Таяу Шығыстағы ағымдық жағдай бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысы «жағдайдың тұрақтануы барлық тараптардың барынша ұстамдылығына, ең алдымен БҰҰ арқылы, сондай-ақ екіжақты байланыстар және келіссөздер жолымен дипломатиялық әдістер мен құралдарды қолдануға мүмкіндік берер еді»,- деп (Токаев, 2020: 1) атап өтті.

  Кеңес қорытындысы бойынша қауіпсіздікке қатысты ҚР Президенті бұйрығымен келесі тапсырмалар берілді.

  • Таяу Шығыстағы қазақстандық шетелдік мекемелер және олардың қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен шетелдік компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

  • Қазақстанның ұлттық мүдделері үшін тәжірибелік маңызы бар ақпаратты алу және талдау үшін жұмысты күшейту.

Қытайдың «Бір жол-бір белдеу» бастамасы арасында Қытайдан Қазақстан, Иран арқылы өтетін теміржолы іске қосылған болатын. Бұл жолдан жүк пойыздар жүріп жатыр. Алдағы уақытта қақтығыстар ұшығатын болса, бұл экономикалық тұрғыдан теріс салдарға алып келетіні анық.

Сондай-ақ отандық саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов бұл қақтығыс еліміз үшін мұнай экспортында да жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімді.

Оның айтуынша Қазақстан үшін қазіргі таңда бұл шиеленіс өршитін, мұнай бағамы өсетін, мұнайға деген тапшылық пайда болатын болса, осы тұрғыдан Қазақстанның Еуропа елдеріне, Азия Тынық мұхиты елдеріне мұнайды экспорттауға бір бағыт ашылуы мүмкін. Мұны да қарастыру керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағындағы ахуалға қатысты жиын өткізді. Жабық отырыста мемлекет басшысы Сыртқы саясат пен басқа да органдарға елшілік қызметкерлерінің, сондағы компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Естеріңізге салсақ, 3-қаңтарда АҚШ әскерлері Иранның беделі зор қолбасшысы Қасем Сүлеймениді мінген көлікті шабуылдап, көзін жойған еді. Трамптың тікелей тапсырмасымен жүрген іс-шараны Таяу Шығыстағы ел жұрт жақын қабылдап, Америкадан кек алатынын мәлімдеген еді (Как обострение конфликта между США и Ираном может повлиять на Казахстан? / informburo.kz).

АҚШ-пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан ауған және сириялық контексттің қалай жалғасатынын болжау қиын. Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесіндегі кепілгер елдердің бірі – Иран еді. ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкінбаев халықаралық құқық нормалары шеңберінде барлық мүдделі тараптардың бірге жұмыс жасауына мүдделі екендігімізді атап өтті. Осыған ұқсас пікірді саясаттанушы Ислам Кураев те білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстан тараптардың ешқайсысын жақтамайды және бейтарап аймақта қалады. Қазақстан тек қақтығысты реттеуге қатыса алады, бізде бұл бір рет орын алды, екінші рет те әрекет ете аламыз. Барлығы процестің қаншалық күрделілігіне және бұл оқиға қай деңгейге дейін жететініне байланысты», - деп атап өтеді (Кушкимбаев, 2020: 1).

Бұған дейін Қазақстан Иран төңірегіндегі жағдайды реттеуге қатысты. 2013 жылдың ақпан және сәуір айларында Алматыда ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің екі раунды өткен болатын. Бұл жалпы «ядролық мәмілені» жасауға алып келген жұмыстың бір бөлігі болды. Қазақстанның бұл іс-әрекеті 2015 жылы Иранның батыс елдерімен қарым-қатынасын тұрақтандыруға үміт беріп еді. Енді 2019 және 2020 жылғы түйістікке орай жағдай ұшыға бастады. Бұл әрі қарай қалай дамиды және Қазақстан көршілес жатқан аймаққа қалай әсер ететінін әзірге болжау қиын. Барлығы АҚШ пен Иран басшылығының іс-әрекетіне және осы қақтығыстың қай кезеңінде келіссөздер үстеліне қайта отыруға дайын болатынына байланысты.

Алайда, Астана мен Тегеранның ресми тұлғаларының ҚР мен ИИР арасындағы қарым-қатынасында көптеген маңызды аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша ортақ көзқарастарға негізделген «бауырластық пен достық рухының» болуы туралы тұрақты сенімділігіне қарамастан, қазір екі елдің ынтымақтастығын толығымен табысты деп атауға кедергі келтіретін мәселелер бар.

Мысалы, 2006-2008 жылдары Тегеранға қарсы халықаралық қоғамдастықтың ауқымды санкциялары әрекет еткендегі Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $2 млрд құраған болса, соңғы жылдары ол $600-700 млн. шамасында ауытқыды. Бұл ретте 2016-2017 жылдар кезеңінде, «ядролық мәміле» нәтижесінде қабылданған санкциялардың күші жойылғаннан кейін де серпін болған жоқ.

Көп жағдайда бұл жорамалдар Қазақстанның Иранға қатысты ұстанымымен байланысты. Мысалы, 2018 жылдың тамыз айында Air Astana Алматы мен Тегеран арасындағы әуе қатынасын тиімсіз бағыт деп тоқтатты. Алайда, қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушының бұл шешімі Иранға қатысты АҚШ-тың санкцияларының жаңартылу уақытымен сәйкес келді.

Сонымен қатар, 11 ақпанда орын алған оқиға да, екі ел қатынасына байланысты сыншыл пікірлердің туындауына себеп болды. Өйткені, көрші елдер – Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдеріИран басшылығы мен халқын ислам революциясының 40 жылдығымен құттықтаған кезінде, Қазақстан Иранды мерекемен құттықтаған жоқ. Сонымен қатар, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстардың ушығуына байланысты, қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар Иранды айналып өту арқылы, бағыттарын өзгерткен еді.

Иран мен Қазақстанды алшақтатын тағы бір үлкен мәселе бар, ол – түрік халықтарының бірлігі... КСРО ыдырап, оның құрсауынан босап шыққан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы түрік тілдес халықтармен қарым қатынасты жандандырған Түркия, аймақтағы Иранның байырғы «бәсекелесі». Бауырлас халықтардың арасындағы байланыс тереңдеп, түрлі мінберлерде, баспасөз беттерінде кей кейде айтылып қалатын Түрік одағы, конфедерациясы, ежелгі Тұранды қалпына келтіру сияқты ойлар Тегеранды алаңдатары анық. Өйткені Иранның Каспий жағалауында әзербайжандар мен басқа да түрік халықтары тұрады (ресми емес мәліметтер бойынша Иранда 20-30 миллион көлемінде түрік халқы бар), алайда мемлекет парсылардың идеологиясына негізделгендіктен, бұл ел түрік халықтарының одағына қарсы, одан аулақ тұруға тырысады, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп сескенеді. Сондықтан «түріктік» деген сөзге сынмен қарайды, ал ресми Астана сол түріктіктің әзірге «белсенді» ойыншыларының бірі болып отыр.

Екі елдің арасында туындауы мүмкін тағы бір мәселе дінге деген көзқараста туындайды. Иран - шииіттік бағыттағы шариғатқа арқа сүйейтін діни мемлекет және режимді сыртқа таратуды, жаюды көздейтін төңкерістің алғашқы жылдары (құдды төңкерістен кейін коммунизмді жюды көздеген КСРО секілді). Тіпті сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында З. Бжензинский өзінің әйгілі «Үлкен шахмат үстелі» деген кітабында Иранның Орталық Азияда діни мүддесі үшін жұмыс жасайтынын жазған болатын (Збигнев, 2013: 4).

Дегенмен, Орталық Азия елдерінің халқы суниттік, Иран шииіттік бағытты ұстанатын болғандықтан, оның діни ықпалы аса зор бола қойды деп айтуға ерте. Оның үстіне ресми Тегеран да бұл ойының іске асуы қиын екендігін ескеріп, одан гөрі прагматикалық байланыстар орнатуға күш салып келеді. Әйтсе де, кейінгі жылдары режимді жаю саясатын ресми көзге біраз әлсіреткенімен, одан әлі толық бас тартты деп айтуға ерте. Бұл зайырлылық бағытын таңдаған Қазақстанның ұстанымдарына қайшы.

Иран мен Қазақстанның арасындағы келіспеушілік «Израильмен қарым-қатынас мәселесінде» де туындайды. Ирандағы діни режим «Израиль» мемлекетін мойындағысы келмейді, оның Палестинаға жасап отырғаны «қиянат» деп біледі. Иран басшылығының «Израиль мен сионизм» туралы қайшылықты пікірлері бірнеше мәрте халықаралық дауға ұласып, баспасөз беттерінде көтеріліп жатты. Иран режимі: «Таяу Шығыстағы кикілжіңдердің артында АҚШ пен Израиль тұр», (Месамед, 2010: 7) - деген көзқарасын да ешқашан жасырған емес. Ал, Қазақстан мемлекетінің керісінше Израильмен арақатынасының өте жоғары деңгейде екенін атап өткен жөн. Бұл екі ел сауда-экономикалық қатынастардан бастап саяси байланыстарға дейінгі барлық салаларда тығыз әріптестік орнатқан.

Дегенмен, «сананы тұрмыс билейді» деген қағидаға сүйенген қос мемлекет басшылығы, соңғы жылдары арадағы көзқарас алшақтықтарын «ұмытып» экономикалық байланыстарды жандандыруға күш салуда. Өйткені екі елдің де бір-бірінен алар пайдасы көп. Иран Қазақстан үшін Парсы шығанағы арқылы әлемдік мұхитқа шығудың жолы болса, өз жерінен өтетін тасымалдан транзит салығын алатын Тегеранға да бұл пайдалы болмақ. Сондай-ақ Иран территориясы арқылы тек қана Қазақстанның емес, Солтүстік-Оңтүстік темір жолын іске қосу арқылы Ресейдің де шикізатының тасымалдануына және Еуропаға баратын құрлық жолы су жолынан әлдеқайда жақын болғандықтан Қытайдың да тауарының тасымалдануына мүмкіндік береді. Мұның барлығының бюджетке қосымша табыс әкеліп, жергілікті бизнесті дамытуға серпін беретінін ескерсек, «саясат-экономика үшін», деген қағиданы екі елдің де берік ұстауға тырысып отырғанын түсінуге болады.

Қорытынды. Сонымен, қазіргі кездегі Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының дамуына кедергі келтіретін факторлардың барлығы айқындалды. Алайда, бұл факторлар екі ел қарым-қатынасының даму қарқынына ғана кері әсерін тигізе алады деп айта аламын. Мысалы, соңғы кездері Иран мен Қазақстан арасындағы сауда деңгейінің төмендеуі, Ирандағы әуекомпониялардың жабылуы, Қазақстанның Иранды 40 жылдық мерекесімен құттықтамауы соның мысалы. Алайда, осы факторларды қаншама жылдар бойы құрылған екі ел қарым-қатынасынына үлкен қауіп ретінде қарастыра алмаймыз. Өйткені, Қазақстан мен Иран арасында ортақ жобалардың көптігі, Қазақстанның көпвекторлы саясат ұстануы, АҚШ пен Иран арасында болған қақтығысқа байланысты бейтарап ұстанымы біз үшін сыртқы саясатта екі елдің де маңызды екендігін көрсетеді.

Иранның геосаяси ақуалы мен халықаралық қатынастағы геостратегиясы, Қазақстан үшін аса сабырлы сыртқы саяси бағдарда болуды тарихи сабақтастықпен байланыстыра және қазіргі әлемдік саясаттағы Иран ұстанымы өлшемінде қатар қарауына қарай бағаланады. Көмірсутегін иеленудегі потенциал екі мемлекетте аса ірі қадам, сондықтан да екі жақтың ара қатынасының қарқынды дамуы аймақтық өлшемдердің де бірқатар мәселелері аясында әлі бола береді.

Әдебиеттермендеректертізімі:

Iran, Kazakhstan Stress Expansion of Cultural Ties. Islamic Republic News Agency (IRNA), 7 April 2005.

Jakubayeva S. The project «One belt-one way» and Kazakhstan. XIII Science without borders. – Vol. 9. GreatBritain. 2017,pp. 65-70.

Как обострение конфликта между США и Ираном может повлиять на Казахстан? [How the escalation of the conflict between the US and Iran may affect Kazakhstan?]. 8 января 2020 // https://informburo.kz/stati/kak-obostrenie-konflikta-mezhdu-ssha-i-iranom-mozhet-povliyat-na-kazahstan.html.

Kazakh, Iranian Leaders Sign Joint Communiqué. –BBC Monitoring Central Asia, 15 October 2007.

КөшкінбаевС.К. Ираноченьпривлекателенсточкизренияинвестицийиразвитиябизнеса [Iran is very attractive in terms of investment and business development]. //http://www.sayasat.kz/articles/1498-sanat-kushkumbaev-iranochen-privlekatelen-s-tochki-zrenija-investicij-i-razvitija-biznesa (12.01.2017).

Круглый стол. Сценарии конфликта Ирана и США [Roundtable. Scenarios of the conflict between Iran and the US] / 08.01.2020//https://24.kz/ru/tv-projects/kruglyj-stol/item/366289-kruglyj-stolstsenarii-konflikta-irana-i-ssha.

ЛеоноваО. Мягкаясила: инструментыикоэффициентывлияния [Soft power: tools and influence factors] // Обозреватель-Observer. – 2014. – № 3. – C. 15-28.

Maltzahn N. von. The Syria-Iran Axis: Cultural Diplomacy and International Relations in the Middle East. – New York: I.B. Tauris, 2013. – 287 p.

Малышева Д. Б. Взаимодействие Ирана, России и государств Южного Кавказа. –Иран во втором десятилетии XXI века. Вызовыиперспективы. [Interaction of Iran, Russia and the South Caucasus States. – Iran in the second decade of the XXI century. Challenges and prospects] –ИВРАНМосква, 2016. –С. 185–194.

МесамедВ. Иран – ЦентральнаяАзия: пределыиограничениясотрудничества [Iran-Central Asia: limits and limitations of cooperation]. 31 августа 2010. / http://www.elections-ices.org/russian/publications/textid:6746/ (30.03.2013).

ОИКС (Алматы) [OICS (Almaty)]. http://fa.almaty. icro.ir/index. aspx? siteid= 203 & pageid=26814. (нафарси).

Parker J.W. Persian Dreams: Moscow and Tehran since the Fall of the Shah. – Virginia: Potomac Books Inc., 2009. – 187 p.

ТокаевпровелсовещаниепоситуациинаБлижнемВостоке [Tokayev held a meeting on the situation in the middle East] / 08 января 2020 /https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-provel-soveschanie-po-situatsii-na-blijnem-vostoke-388233/

УостниджЭ. ВнешняякультурнаяполитикаИранавЦентральнойАзии: демонстрацияполитическогопрагматизма [Iran's foreign cultural policy in Central Asia: demonstrating political pragmatism]. ЦентральнаяАзияиКавказ. 2014. – Т. 17. – Вып. 4. – C. 131–144. [in Russian].

Zbigniew Brzezinski, The Grand Chessboard: American Primacy and Its Geostrategic Imperatives. / http://www.takeoverworld.info/Grand_Chessboard.pdf  (06.04.2013)

Zubair I. Iran’s Post-Sanctions   Economic Options //http:// www. mei.edu/  content/irans-post-sanctions-economic-options (01.05.2016)

References:

Iran, Kazakhstan Stress Expansion of Cultural Ties. Islamic Republic News Agency (IRNA), 7 April 2005.

Jakubayeva S. The project «One belt-one way» and Kazakhstan. XIII Science without borders. – Vol. 9. Great Britain. 2017, pp. 65-70.

Kak obostrenıe konflıkta mejdý SSHA ı Iranom mojet povlıát na Kazahstan? [How the escalation of the conflict between the US and Iran may affect Kazakhstan?]. 8 ıanvará 2020 // https://informburo.kz/stati/kak-obostrenie-konflikta-mezhdu-ssha-i-iranom-mozhet-povliyat-na-kazahstan.html.

Kazakh, Iranian Leaders Sign Joint Communiqué. – BBC Monitoring Central Asia, 15 October 2007.

Kóshkinbaev S.K. Iran ochen prıvlekatelen s tochkı zrenıa ınvestısı ı razvıtıa bıznesa [Iran is very attractive in terms of investment and business development]. //http://www.sayasat.kz/articles/1498-sanat-kushkumbaev-iranochen-privlekatelen-s-tochki-zrenija-investicij-i-razvitija-biznesa (12.01.2017).

Krýglyı stol. Senarıı konflıkta Irana ı SSHA [Round table. Scenarios of the conflict between Iran and the US] / 08.01.2020//https://24.kz/ru/tv-projects/kruglyj-stol/item/366289-kruglyj-stolstsenarii-konflikta-irana-i-ssha.

Leonova O. Mágkaıa sıla: ınstrýmenty ı koefısıenty vlıanıa [Soft power: tools and influence factors] // Obozrevatel-Observer. – 2014. – № 3. – C. 15-28.

Maltzahn N. von. The Syria-Iran Axis: Cultural Diplomacy and International Relations in the Middle East. – New York: I.B. Tauris, 2013. – 287 p.

Malysheva D. B. Vzaımodeıstvıe Irana, Rosıı ı gosýdarstv Iýjnogo Kavkaza. – Iran vo vtorom desátıletıı XXI veka. Vyzovy ı perspektıvy. [Interaction of Iran, Russia and the South Caucasus States. – Iran in the second decade of the XXI century. Challenges and prospects] — IV RAN Moskva, 2016. — S. 185–194.

Mesamed V. Iran – Sentrálnaıa Azıa: predely ı ogranıchenıa sotrýdnıchestva [Iran-Central Asia: limits and limitations of cooperation]. 31 avgýsta 2010. / http://www.elections- ices.org/russian/publications/textid:6746/ (30.03.2013)

OIKS (Almaty) [OICS (Almaty)]. http://fa.almaty. icro.ir/index. aspx? siteid= 203 & pageid=26814. (na farsı).

Parker J.W. Persian Dreams: Moscow and Tehran since the Fall of the Shah. – Virginia: Potomac Books Inc., 2009. – 187 p

Tokaev provel soveshanıe po sıtýasıı na Blıjnem Vostoke [Tokayev held a meeting on the situation in the middle East] / 08 ıanvará 2020 /https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-provel-soveschanie-po-situatsii-na-blijnem-vostoke-388233/

Ýostnıj E. Vneshnáıa kúltýrnaıa polıtıka Irana v Sentrálnoı Azıı: demonstrasıa polıtıcheskogo pragmatızma [Iran's foreign cultural policy in Central Asia: demonstrating political pragmatism]. Sentrálnaıa Azıa ı Kavkaz. 2014. – T. 17. – Vyp. 4. – C. 131–144. [in Russian].

Zbigniew Brzezinski, The Grand Chessboard: American Primacy and Its Geostrategic Imperatives. / http://www.takeoverworld.info/Grand_Chessboard.pdf  (06.04.2013)

Zubair I. Iran’s Post-Sanctions Economic Options //http:// www. mei.edu/content/irans-post-sanctions-economic-options (01.05.2016)


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 217

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ИДЕОЛОГИЧЕСКАЯ БОРЬБА В СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВАХ И ИСЛАМ (VІІ-ХІІІ В.В.) А. ЯСАУИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ СВЯЗИ МИНСКОГО КИТАЯ С ГОСУДАРСТВАМИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы СИРИЯДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСЫ ИСЛАМИЗАЦИЯ МОГУЛОВ (ПО СВЕДЕНИЯМ «ТАРИХ-И РАШИДИ» МИРЗА МУХАММАД ХАЙДАРА) МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ УДК 902.2/904 БРАСЛЕТЫ С ЛЬВИНЫМИ ЛИЧИНАМИ: К ИСТОРИИ ОДНОГО УКРАШЕНИЯ ӘОЖ 341.7 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САУДА -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР Изучение религиозных персоналий в истории Казахстана УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ О НЕКОТОРЫХ АСПЕКТАХ ПРОБЛЕМЫ СОЗДАНИЯ КИРГИЗСКОЙ ДУХОВНОЙ МИССИИ НА ТЕРРИТОРИИ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ӘOЖ 940.2 (574) OҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҚOҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГI) 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ҒТМАР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) 902/904 Ф. Х. АРСЛАНОВА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРТЕСАҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ УДК 94(574) ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТРАДИЦИИ В ИСЛАМСКОМ ВОСПИТАНИИ КАЗАХСКИХ ДЕТЕЙ ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ ӘОЖ 391.745/749 ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – «БЕТАШАР» САЛТЫ: САҚТАЛУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы 902 (574) ҚАЛБА-НАРЫМ ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ- КЕН ІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР МРНТИ 13.11.25 ҚЫТАЙ ИМИДЖІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ фАКТОРЫ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ БОЛЬШЕВИКТЕРМЕН ҚАТЫНАСЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ 94(576)(89) Х-ХІ Ғ. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ШЫҒЫС САЯСАТЫ: КОЧО ҰЙҒЫР ИДИҚҰТТЫҒЫМЕН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ХОТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ӘОЖ 94(574) ӨКІМЕТІНІҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ПОСТРЕВОЛЮЦИОННАЯ ИСЛАМИЗАЦИЯ ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ В ИРАНЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАН-ӘЗЕРБАЙЖАН: ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Author's articles

ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ