Home » Materials » 930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ

Ф.Р. ЛЕБАЕВ, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, 1 курс PhD докторанты, Алматы, e-mail: tazshaboy@mail.ru,

930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18) 2019

Tags: территория, қазақтар, Семей, Сібір, жер, округ, Ертіс, зерттеулер, тарихнама, ішкі, округ, Батыс, күрес.
Annotation:
Мақалада ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ертістің оң жақ жағалауын бойлай орналасқан Семей ішкі округының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының зерттелу тарихнамасы қарастырылады. Семей ішкі округі құрылуының алғышарттары XVII-XVIII ғасырлардан бастау алады. Мақалада Батыс Сібір аймағы туралы XVII-XVIII ғасырларда пайда болған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі, кеңестік,тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулерге тарихнамалық шолу жасалған. Кілт сөздер: Семей, жер, округ, Ертіс, зерттеулер, тарихнама, ішкі округ, Батыс Сібір, қазақтар, территория, күрес.
Text:

Кіріспе. Жалпы Семей ішкі округі құрылуының алғышарттары ХІХ ғасырдың ортасына дейін Ертістің оң жақ жағалауындағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланысты. Бұл мәселенің зерттелуі Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатымен тікелей байланысты. Ресей империясы жаңа территориямен бірге қанша көшпелі және отырықшы халықты қосып алғанын анықтауға тырысты. Революцияға дейінгі басылымдардан байқайтынымыз: «Қырғыз-қазақтар Азия құрлығында барлық түрік халықтарының ішінде территориясы сияқты саны жағынан да бірінші орында, ал жер бетінде түрік-османдардан кейін екінші орында».

Методология. Мақалада тарихилық принцип негізге алынып, салыстырмалы әдіспен барлық зерттеулер мен еңбектерге тарихнамалық шолу жасалынды.

Талқылау. Тарихнамалық зерттеу болғандықтан аталған мәселеге байланысты XVII-XVIII ғасырларда жазылған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі  зерттеулер, кеңестік кезеңдегі зерттеулер мен еңбектер, тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулері қамтылған.

Қазақтардың ескі шекаралық шептерге жорығы сипатталатын алғашқы зерттеулердің бірі ретінде XVII – XVIII ғғ. тоғысында пайда болған С. Ремезовтың «Чертежная книга Сибири» атты еңбегін айтуға болады [1]. 

Белгілі Сібір зерттеушісі, XVIII ғасырдағы алғашқы орыс зерттеушілерінің бірі Г.Ф. Миллердің жинаған материалдары ерекше көңіл аудартады. Ол түркі аңыздары мен жылнамаларға сүйене отырып, қазақ билеушілерінің Сібір аймағымен Ресей жаулап алғанға дейінгі байланыстарын атап өтті. Академик Сібір арқылы көптеген жылдар бойы саяхаттау кезінде Сібір халқы өмірінің түрлі салаларына қатысты құнды материалдар жинады. Миллер жинаған істердің қорлары, белгілі бір дәрежеде, ресейлік алғашқы қоныстанушылардың аймақтың түркі халықтарының бірі - қазақтармен толықтай бейбіт қарым-қатынастарының тарихынан белгілі бір беттерді ашуға мүмкіндік береді [2]. 

XVIII ғасырдың шығармаларынан академик И.П. Фальк басшылығымен жасалған экспедицияда жиналған құнды материалдарды айналып өту мүмкін емес. Ол және осы экспедицияның мүшелері XVIII ғасырдың екінші жартысында шекара шебінің ішіндегі қазақтардың жорықтары туралы кейбір мәліметтер жинады [3].

П.С. Паллас өзінің саяхатының нәтижесінде біраз құнды мәліметтер қалдырды. Онда патша үкіметі жаулап алған солтүстік қазақ көшпенділері және Жаңа Ешім шебінің салынуы мен нығаюы туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Паллас өз еңбегінде қазақтардың шаруашылығы туралы, қазақ-орыс сауда-саттығының пайда болуы мен дамуы туралы мәліметтер қалдырды [4].

Біздің мәселенің негізгі аспектілерін қамтитын келесі бір іргелі еңбекке ұзақ уақыт бойы Сібір шекаралық шебінде қызмет еткен И.Г. Андреевтің «Описание Средней Орды киргиз-кайсаков» деп аталатын еңбегін жатқызуға болады. Еңбектің құндылығы Тобыл, Томск, Омбы және Семей архивтерінен алынған бай деректер негізінде қоныс аудару мәселесі, Орта жүз қазақтарының Сібір шептерінің ішкі жағына қарай қайта көшуі және Қазақ ордаларының терроториальді шекараларының анықталуы туралы нақты фактілік материалдарды қолдануы болып табылады [5].

Зерттеу аймағы бойынша шаруашылық өмірінің бірқатар аспектілерін қарастырылған тарихи-этнографиялық еңбектер XIX ғасырда дүниеге келді. Бұлардың қатарына - С.Б. Броневский,  А.И. Левшин, Н.А. Аристов, М. Красовский, Г.Н. Потанин, A. Гейнс, И. Завалишина, Г.Е. Катанаева, В. Радлов, И. Русинов, Н. Зеланд, Н. Чернавский, Н.М. Ядринцев және т.б. авторлар жатады. Олар әскери адамдар сияқты азаматтық шенеуніктер, саяхатшылар мен зерттеушілер болды. Олардың көзқарастары ресми билікпен әрқашан келіспейтін.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары қазақ халқының үш жүзі бойынша саны туралы толығырақ мәлімет беретін А.И. Левшин. Ол өзінің еңбегінде жергілікті тұрғындарды, яғни далалық қазақтарды аса жылы қабылдай алмайтындығы туралы көзқарасын жасырмайды [6].

Левшиннің бұл ұстанымын «Орыс тюркологиясының атасы» аталған В.В. Радлов әшкереледі. Ол былай деп жазады: «Оның (Левшиннің) еңбегін оқи келе қырғыздар Батыс Азияның түркі халықтарының қалдықтары, ұрлықшылары мен қарақшылары болып табылады, қоныстанған халықтардың өміріне бейімделгісі келмеген олар кең далаға қашты, бір сөзбен айтқанда жойылуға лайық. Шын мәнінде, олай емес», - дей келе, өз ойын Радлов былай жалғастырады: «Біз осында тұрып жатқан кезеңнің мәдениетіне қарама-қайшы өркениет кезеңімен айналысып жатырмыз және олардың әрекеттері мен мінез-құлқына басқа көзқараспен қарауымыз керек» [7]. Бірақ, атап өту керек, А.И. Левшиннің жұмысы қазақ халқының географиясы, тарихы мен этнографиясы бойынша алғашқы іргелі зерттеулер болып табылады, онда автор қазақ халқының ежелгі дәуірінен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі тарихын егжей-тегжейлі сипаттайды.

Қазақ халқының тарихы мен этногенезінің зерттелуіне айтарлықтай үлес қосқан ресейлік шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зернов қазақ халқына шынайы құрмет пен ерекше сүйіспеншілікпен қарады [8]. Оның еңбектерінде қазақ халқының этногенезі мен күнделікті өмір-тіршілігі жан-жақты қарастыралады.

Белгілі сібір зерттеушісі М. Красовский өзінің үш томдық іргелі зерттеуінде ішкі қазақтардың тарихи және демографиялық мәселелеріне тоқталады. Атап айтқанда, алғашқы кезде Ертістің оң жағалауындағы ішкі қазақтарда өзіндік басқару болмағандығы және олардың үстінен жан-жақты әртүрлі билік болғандығы туралы тұрғыдан жазды [9].

Өз еңбегінің бір тарауын XVIII ғасырда Ертістің оң жағалауындағы «адал қазақтар» аталып кеткен көшпелілерге арнаған зерттеуші С.Б. Броневский болды [10].

М.И. Струков XIX ғасырдың аяғында Алтай тау округі қазақтары патша үкіметінің мәжбүрлеп көшіруіне жол бермеу үшін және тұрақты қоныстануы туралы жазды [11].

ХІХ ғасырдағы Сібір халқының этнодемографиялық ахуалы туралы алғашқы маңызды зерттеу жүргізген С.К. Патканов болды. Өз жұмыстарында 1897 ж. Ресейдің халық санағының алғашқы жалпы санақ деректеріне сүйене отырып, Сібір халықтарына қатысты барлық қолда бар алғашқы ақпараттарды келтіреді. Ол Сібір губернияларындағы қазақтардың санының айтарлықтай төмендеуін атап өтті, оның жер мәселесіне байланысты басқа аумақтарға қоныс аударғандығымен түсіндірді [12].

Сібір казак әскерлерінің ресми тарихшысы, казак генералы Г.Е. Катанаевтың шығармалары негізінен Дала губернаторлығының қазақ-казак қарама-қайшылықтарын жазумен, оның себептерін ашып көрсетуімен ерекшеленеді. Алайда, Г.Е. Катанаев XVIII ғасырдың аяғында қазақтардың ішкі жаққа өту мәселелеріне тоқтала келе нақты емес тарихи фактілер кездеседі, кейде ашық бұрмалаушылықтар да орын алады [13].

Н.А. Аристовтың «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности» атты еңбегі өзіндік қызығушылық туғызады. Зерттеуші Сібір жеріне қазақтардың келуі XV – XVI ғасырларда, яғни ертеректе болған деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Батыс-Сібір аймағының территориясын мекендейтін қазақтардың бір бөлігі Моңғолиядан келгендігін айта келіп: «Моңғолиядағы арғын, найман және керей түркі тайпалары қырғыз даласының солтүстік-шығыс бөлігіне ХІІІ ғасырдың бірінші ширегінде келді»,- деген болжам айтады [14].

Ал Н. Зеландтың  «Киргизы. Этнологический очерк» атты зерттеуінде «қайсақ», «қырғыз» сөздеріне анықтама береді. Сонымен қатар, еңбекте алғаш рет қазақтардың кәсіптері мен қолөнерлері туралы жазады [15].

И. Завалишин «Описание Западной Сибири» еңбегінде қазақтардың шаруашылығын толығырақ сипаттайды, қырғыз даласының географиялық белдеудерін анықтауға күш салады. Завалишин, сондай-ақ, қазақтардың өз ұлтына, туған тіліне, тарихына деген сүйіспеншіліктері жоғары екендігіне назар аударады. Егер ол (қазақ) сөз берген болса, ол уәдесінде тұрады, тұрмаған жағдайда басымен жауап береді деп жазады [16].

Н.М. Ядринцев өз еңбегінде Сібір халықтарының, соның ішінде қазақтарды сипаттай келе, «шетел мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен тілдерінің» аймақтағы орыс тілді тұрғындарына әсері туралы айтады [17].

Жаңа кезеңнің алғашқы зерттеулерінен Л.Н. Шнейдер мен А.Р. Доброваның «Население Сибирского края (русские и туземцы)» кітабын атап өткім келеді. Онда Сібірдегі этносаралық қатынас маңызды орын алады. Көшпелілердің қоныс аудару үрдістерін сипаттайды [18].

Г. Тоғжановтың «Казахский колониальный аул» [19] және С. Асфендияровтың «История Казахстана» [20] жұмыстары негізінен Қазақстанның барлық кезеңдегі тарихына қатысты, бірақ біз үшін отаршылдық және аграрлық мәселелерді зерттеуде жаңа әдістемелік көзқарас өте маңызды. Олардың көзқарастары негізінен Ертіс өңірінің оң жағалауындағы қазақ халқы дала қазақтарына қарағанда патша үкіметінің отаршылдық қысымын көбірек бастан кешірді дегенге саяды.

ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы зерттеулер жүйенің командалық-әкімшілік моделінің сталиндік моделін құру арқылы күшті идеологияландырылған сарында сипатталады, кейде шындықты бұрмалауға әкеледі. Жеке ұлттық топтарға, соның ішінде Ресейге Қазақстанмен шекаралас жатқан қазақтарға қатысты зерттеулер тоқтатылды. Батыс Сібір қазақтары тарихын зерттеуші К.Н. Балтабаева Кеңес билігінің алғашқы онжылдықтарына қатысты осы жылдар ішінде қазақтардан басқа Сібірдің байырғы халықтарының ұлттық саясат пен тарихын зерттеуде жаңа тұжырымдамар мен пайымдаулар жасайды [21]. Ал керісінше, іргелі ғылыми зерттеу болып табылатын «Сібір тарихы» атты ресейлік өңірлік көптомдықта да қазақ халқы туралы мүлдем мәлімет кездестірмейміз [22].

Қазақстандық академиялық іргелі зерттеулерде, мысалы, «Қазақ ССР тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» [23] және «Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихында» қысқаша болса да Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір аралығында қоныстанған түркі тайпалары мен жергілікті халықтардың қарым-қатынасына тоқталып өтеді [24].

Кейбір зерттеулерде XVI – XVIII ғасырлардағы Сібірді отарлау тарихын қарастырған С.В. Бахрушин мен В.И. Шунковтың еңбектерінде де біршама құнды мәліметтер кездеседі. Негізінен Сібір хандығының тарихына арналса да қазақтардың тарихы туралы қысқаша тоқталып өтеді [25].

Біз қарастырып отырған мәселе бойынша үлкен қызығушылық туғызған Н.Г. Аполлованың «Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII - начале XIX вв.» атты еңбегі болып табылады. Сібір аумағының шаруашылық пен экономикалық байланыстарын, қазақ ауылдарына нарықтық қатынастардың әсері туралы қарастыра келе, сол кезеңдегі Қазақстан мен Ресейдің өзара байланысының келбетін ашып көрсетеді. Н.Г. Аполлова келесі еңбегі XVI соңы -  XIX бірінші жартысындағы Ертіс бойындағы халықтардың шаруашылықты меңгеруі тақырыбына арналады. Зерттеуде Ресей мемлекеті мен қазақтардың трансшекаралық мәселесі туралы көптеген фактілік материалдар кездеседі [26].

Батыс Сібір қазақтарының этникалық және этномәдени үрдістері туралы арнайы зерттеу жүргізген РҒА  «Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің» (Санкт-Петербург) ғылыми қызметкерлері О.М. Бронникова, В.П. Курылев, зерттеушілер М.Е. Каримова, О.Б. Опарина және т.б. еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеліп отырған аумақтың қазақтары туралы қазіргі заманғы тарихшы-этнографтардың зерттеулері де өте маңызды. Осы орайда,  атақты омбылық ғалым Н.А.Томиловты айтуға болады. Ол орыс зерттеушілерінің ішінде ең алғашқылардың бірі болып қазақтардың Батыс-Сібір жазығына жылжуы XVI  ғ. бастау алатынын айтты. Атап айтқанда, былай дейді: «XVI ғасырда көшпелі қазақтар Тобыл, Ешім, Ертістің жоғарғы жағына жиі келіп тұрды. Олар Көшім хан әскерінің құрамында қазақтар, ноғайлар, өзбектер болды». Сібір ғалымы. теориялық мәселелері жазбаша, архив құжаттары және фольклорлық деректерге негізделеді және осы бойынша өзінің тұжырымдарын түсіндіреді [27].

Омбы және Томск этнографтары - Ш.К. Ахметова, P.M. Жуманова, И.В. Захарова, И.А. Лаптева, Н.И. Лапузина, О.М. Проваторова, Е.Ю. Смирнова, Л.И. Шерстова, Е.В. Карихтардың еңбектерінде этникалық үрдістермен бірге Сібір территориясындағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы қарастырылады.

ХХ ғасырдың 70-90 жылдарында Қазақстанда тарихи-демографиялық жұмыстар топтамасы жарық көрді. Олар Н.В. Алексеенко, Н.Е. Бекмаханова, М.С. Мұқанов, А.В. Коновалов және т.б.. Бұл жұмыстарда біз зерттеген кезеңге байланысты Қазақстанмен шекаралас жатқан ресейлік губерниялар аумағында қоныс аудару мәселелері, шаруашылықтардың саны және қазақтардың құқықтық мәртебесі туралы айтылады. Мысалы, Н.В. Алексеенко Алтайдың ерте мекендеген қазақтар жайында: «XV ғасырдың екінші жартысында Алтай территориясын батыс моңғол тайпалары - жоңғарлар басып алып, қазақтарды ауыстырады». Яғни, жоңғарлар келгенге дейін Ертіс бойында қазақтардың болғаны туралы нақты түсінік береді. Жалпы алғанда, XVIII ғасырдың ортасы ол территорияға бұрынғы меншік иелері – қазақтардың «екінші қоныстануы» туралы айтады [28].

М.С. Мұқанов өзінің «Этническая территория казахов в XVIII - начале XX вв.» деген еңбегінде Сібір шебі салынбай тұрып-ақ осы аймақта қазақтар емін-еркін көшіп-қонып жүргенін айтады. Келесі бір еңбегінде ол Сібір жылнамалары мен басқа деректерге сүйене отырып түркітілдес керейлердің Батыс Сібірдің оңтүстігіне XVIII ғасырдың басында қоныс аударғандығын көрсетеді [29].

А.В. Коноваловтың «Казахи Южного Алтая» зерттеуінде Оңтүстік Алтай диаспорасының қалыптасу мәселелері - аймақтағы қоныс аудару тарихы, қазақтарды шоқындырудың кейбір қырларын қарастырады [30].

Қазақстанның қазіргі территориясының сыртқары өмір сүретін қазақтар туралы отандық тарихнамадағы алғашқы кешенді зерттеулердің бірі Г.М. Мендикулованың монографиялық еңбегін жатқызамыз. Автор өз жұмысында тарихи үдерістің пайда болуы мен қалыптасуы, сонымен қатар қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мәселелерін қарастырады [31].

Ж.О. Артықбаевтың тарихи-этнографиялық еңбегінде ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында алғаш этноәлеуметтік және мәдени-шаруашылық құрылым қалыптасуы қарастырылады. Қазақтардың жартылай отырықшылық өмірге көшу себептері анықталды, жекелеген аймақтарда жерді пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде нақты деректермен дәйектейді [32].

Аталған мәселе бойынша атақты зерттеуші, тарихшы Ж.Қ. Қасымбаевтың зерттеулерінің құндылығы жоғары. Мысалы, «Города Восточного Казахстана в 1861-1917 гг.» [33], «История города Семипалатинска (1718-1917)» [34] еңбектерінде Семей қаласының ертеден зерттей келе, әлеуметтік, экономикалық, шаруашылық, саяси тұстарын кеңінен қамтыған. Келесі бір «Под надежную защиту России» деп аталатын монографиясында XVIII ғасырдың соңына қарай орыс-қазақ саяси және басқа байланыстарды нығайтудағы осы үдерістің рөлін атап өтіп, патшалықпен бекітілген Сібір шептерінің ішкі жағына жаппай көшудің алғашқы жылдарын егжей-тегжейлі сипаттайды [35].

М.Қ. Қозыбаев «Отечественная история XX века: мифы и реальность» атты мақаласында отандық тарихтағы маңызды мәселелердің бірі патша үкіметінің Еділ, Жайық, Жем, Ертіс және Ешім өзендерінен қазақтарды алыстату мәселелерін қарастырды [36].

  М.К. Ақанов өзінің «Из истории воссоединения прииртышских земель Казахского края» деп аталатын мақаласында Ертістің оң жағалауындағы қазақтар өмірінің кейбір аспектілерін көрсетті [37]. М. Баринованың «Кулунды - древнее кочевье казахов» атты мақаласында Құлынды даласында, Ертістің оң жағалауында қазақтар ертеден көшіп-қонып жүргендігін айтады [38].

Келесі осындай маңызды зерттеуге З.Е. Қабылдиновтың монографияларын жатқызамыз. XVIII ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Том және Тобыл губерниялары территориясындағы қазақтардың өмір тіршілігі мен демографиялық аспектілерін қарастырады [39]. «Казахи внутренних губерний России во второй половине XVIII начале XX веков» атты монографиясында жаңа Ешім шебінің салынуы мен ішкі аймақтарға қазақтардың дәстүрлі көшпенділердің қоныс аударуы туралы  жазды [40]. 2018 жылы жарық көрген «Султанмамет Султан: Государственный деятель, дипломат и батыр» атты монографиясында Ертіс бойындағы қазақтардың Семей ішкі округі құрылғанға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы толығымен сипатталады. Архив құжаттары негізінде Сұлтанмамет сұлтанның дипломат, батыр, мемлекет қайраткері екендігін дәлелдей отырып, ХІХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды ашып көрсетеді. Сұлтанмамет сұлтан және оның ұрпақтарының Ертістің оң жақ жағалауын қазақтарға қайтару жолында ұзаққа созылған күрестерінің нәтижесінде 1854 жылы 19 мамырда Семей ішкі округі құрылды [41].

Қорытынды. Көптеген тарихшылар жер саясатының мәселелерінде тек Қазақстанның Ресейге қосылу тұрғысынан ғана бір жақты көзқараспен қарайды. Өз кезегінде, бұл Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан ұзақмерзімді экономикалық қарым-қатынастарсонау ертеден бастау алатыны назардан тыс қалады. Бұл байланыстардың қалыптасуы және нығаюы жолында Ертістің оң жағалауы өте маңызды рөл атқарды. Семей ішкі округінің құрылуы Ертістің оң жағалауына қазақтардың нақты қол жеткізген жеңісі десек те болады. Ал бұл мәселе өз кезегінде толық зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Ремезов С. Чертежная книга Сибири, составленная тобольским сыном боярским С. Ремезовым в 1701 году. – СПб., 1882.

2.  Миллер Г.Ф. История Сибири. T.l. – М., 2000.

3.  Фальк. Полное собрание ученых путешествии по России, издаваемые императорского Академией Наук по предложению ея президента. ЗапискипутешествияАкадемикаФалька. Т.6. – СПб., 1824.

4.  Паллас П.С. Путешествие по разным местам Российского государства по велению Санкт-Петербургской императорской Академии наук. Часть II. Кн.2. – СПб., 1786. –571 с.

5.  Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. –А-Ата: Санат, 1998. – 280 с.

6.  Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.

7.  Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. – М., 1989. – 749 с.

8.  Велъяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. 4.1. – СПб., 1863.

9.  Красовский М. Область сибирских киргизов. Т.З. – СПб., 1867.

10.  Броневский С.Б. «Записки генерал-майора Броневского о киргиз-кайсаках Средней Орды» // Отечественные записки. Ч. 41, 42, 43. –СПб., 1830.

11.  Струков М.И. Краткий очерк Алтайского округа ведомства Кабинета его императорского величества. – СПб, 1896. – 28 с.

12.  Патканов С.К. Краткий очерк колонизации Сибири // Ежегодник России, 1907. – СПб., 1908. – С. XXII-LXII.

13.  Катанаев Г.Е. К вопросу о так называемых «земельных захватах» Сибирского казачьего войска. – Омск, 1898. – 19 с.

14.  Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. – СПб., 1897. – 182 с.

15.  Зеланд Н. Киргизы. Этнологический очерк // Записки ЗСОРГО. Кн. XVIII. – Вып. II. – Омск, 1885.

16.   Завалишин И.И. Описание Западной Сибири. Т. 1. – М., 1862.

17.   Ядринцев Н.М. Сибирь как колония в этнографическом и географическом отношении. – СПб., 1882.

18.  Шнейдер А.Н. Доброва-Ядринцева А.Р. Население Сибирского края: (Русские и туземцы). – М.: Сибкрайиздат, 1928. – 105 с.

19.  Тогжанов Г. Казахский колониальный аул. – М., 1934.

20.  Асфендияров С. История Казахстана. Т. 1. – Алматы, 1993.

21.  Балтабаева К.Н. Казахи и татары Западной Сибири (1919 1932). - Алматы, 1992.

22.  История Сибири с древнейших времен до наших дней в пяти томах. Древняя Сибирь. – Л., 1968. – Т.1.; Сибирь в эпоху капитализма.  – Т. З. – Л., 1967.

23.  История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней), в 5-ти томах. Т. 2. –423 с.; Т.З. – 543 с. – А - Ата: Наука, 1979.

24.  История Казахстана (с древнейших времен до наших дней), в 5-ти томах. Т. 3. – Алматы: Атамура, 2000. – 768 с.

25.  Бахрушин С.В. Избранные работы по истории Сибири в XVI-XVII вв. Ч.1.,  Вопросы русской колонизации Сибири в XVI - XVII вв. – М.: АН СССР, 1955.

26.  Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце XVI первой половине XIX вв. – М.: Наука, 1976. – 371 с.

27.   Томилов Н.А. Казахи Западной Сибири в XVIXX вв. // От Урала до Енисея (народы Западной и Средней Сибири). Кн.1. – Томск, 1995. – 186 с.

28.   Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (численность,  размещение, состав (1870-1914 гг.). – А-Ата, 1981. –112 с.

29.   Муканов М. С. Этническая территория казахов в XVIII начале XX веков. –А-Ата: Казахстан,1991.  – 64 с.

30.   Коновалов А.В. Казахи Южного Алтая (проблема формирования этнической группы). – А - Ата, 1986.

31.   Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Гылым, 1997. – 264 с.

32.   Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. Караганда, 1993. – 330 с.

33.   Касымбаев Ж.К. История города Семипалатинска (1718-1917 гг.). –Алматы, 1998. – 276 с.

34.   Касымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана в 1861-1917 гг. (социально - экономический аспект). – А-Ата, 1990.

35.   Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. – А-Ата, 1986. – 136 с.

36.   Козыбаев М. Отечественная история XX века: мифы и реальность // Казахстанская правда.- 2000.- 23 мая.

37.   Аканов М.К. Из истории воссоединения Прииртышских земель Казахского края // Международная научно-практическая конференция. – Семипалатинск, 2001.

38.   Баринова М. Кулунды древнее кочевье казахов // Қазақ тарихы. – № 3. – 1997.

39.   Кабульдинов З.Е. Казахи Тобольской и Томской губерний во второй половине XVIII начале XX вв. (историко - демографический аспект). – Павлодар, 2001. – 293 с.

40.   Кабульдинов З.Е. Казахи внутренних губерний России во второй половине XVIII начале XX веков. – Павлодар, 2002. – 231 с.

41.   Кабульдинов З.Е. Султанмамет Султан: государственный деятель, дипломат и батыр. – Алматы: «Литера-М», 2018. – 303 с.

References:

1.  Remezov S. Chertejnaıa knıga Sıbırı, sostavlennaıa tobólskım synom boıarskım S. Remezovym v 1701 godý. – SPb., 1882.

2.  Mıller G.F. Istorıa Sıbırı. T.l. – M., 2000.

3.  Fálk. Polnoe sobranıe ýchenyh pýteshestvıı po Rossıı, ızdavaemye ımperatorskogo Akademıeı Naýk po predlojenıý eıa prezıdenta. Zapıskı pýteshestvıa Akademıka Fálka. T.6. – SPb., 1824.

4.  Pallas P.S. Pýteshestvıe po raznym mestam Rossııskogo gosýdarstva po velenıý Sankt-Peterbýrgskoı ımperatorskoı Akademıı naýk. Chas II. Kn.2. – SPb., 1786. – 571 s.

5.  Andreev I.G. Opısanıe Sredneı Ordy kırgız-kaısakov. – A-Ata: Sanat, 1998. – 280 s.

6.  Levshın A.I. Opısanıe kırgız-kaısaskıh ord ı stepeı. – Almaty: Sanat, 1996. – 656 s.

7.  Radlov V.V. Iz Sıbırı. Stranısy dnevnıka. – M., 1989. – 749 s.

8.  Velıamınov-Zernov V.V. Issledovanıe o Kasımovskıh saráh ı sarevıchah. 4.1. – SPb., 1863.

9.  Krasovskı M. Oblas sıbırskıh kırgızov. T.Z. – SPb., 1867.

10.  Bronevskı S.B. «Zapıskı general-maıora Bronevskogo o kırgız-kaısakah Sredneı Ordy» // Otechestvennye zapıskı. Ch. 41, 42, 43. –SPb., 1830.

11.  Strýkov M.I. Kratkı ocherk Altaıskogo okrýga vedomstva Kabıneta ego ımperatorskogo velıchestva. – SPb, 1896. – 28 s.

12.  Patkanov S.K. Kratkı ocherk kolonızasıı Sıbırı // Ejegodnık Rossıı 1907. – SPb., 1908. – S. XXII-LXII.

13.  Katanaev G.E. K voprosý o tak nazyvaemyh «zemelnyh zahvatah» sıbırskogo kazáchego voıska. – Omsk, 1898. – 19 s.

14.  Arıstov N.A. Zametkı ob etnıcheskom sostave túrkskıh plemen ı narodnosteı ı svedenıa ob ıh chıslennostı. – SPb., 1897. – 182 s.

15.  Zeland N. Kırgızy. Etnologıcheskı ocherk. Zapıskı ZSORGO. Kn. XVIII. – Vyp. II. – Omsk, 1885.

16.  Zavalıshın I.I. Opısanıe Zapadnoı Sıbırı. T. 1. – M., 1862.

17.  Ádrınsev N.M. Sıbır kak kolonıa v etnografıcheskom ı geografıcheskom otnoshenıı. – SPb., 1882.

18.  Shneıder A.N. Dobrova-Ádrınseva A.R. Naselenıe Sıbırskogo kraıa: (Rýsskıe ı týzemsy). – M.: Sıbkraıızdat, 1928. – 105 s.

19.  Togjanov G. Kazahskı kolonıálnyı aýl. – M., 1934.

20.  Asfendıarov S. Istorıa Kazahstana. T. 1. – Almaty, 1993.

21.  Baltabaeva K.N. Kazahı ı tatary Zapadnoı Sıbırı (1919 1932). - Almaty, 1992.

22.  Istorıa Sıbırı s drevneıshıh vremen do nashıh dneı v pátı tomah. Drevnáıa Sıbır. – L., 1968. – T.1.; Sıbır v epohý kapıtalızma.  – T. Z. – L., 1967.

23.  Istorıa Kazahskoı SSR (s drevneıshıh vremen do nashıh dneı), v 5-tı tomah. T. 2. – 423 s.; T.Z. – 543 s. – A - Ata: Naýka, 1979.

24.  Istorıa Kazahstana (s drevneıshıh vremen do nashıh dneı), v 5-tı tomah. T. 3. – Almaty: Atamýra, 2000. – 768 s.

25.  Bahrýshın S.V. Izbrannye raboty po ıstorıı Sıbırı v XVI-XVII vv. Ch.1.,  Voprosy rýsskoı kolonızasıı Sıbırı v XVI - XVII vv. – M.: AN SSSR, 1955.

26.  Apollova N.G. Hozáıstvennoe osvoenıe Prıırtyshıa v konse XVI pervoı polovıne XIX vv. – M.: Naýka, 1976. – 371 s.

27.  Tomılov N.A. Kazahı Zapadnoı Sıbırı v XVIXX vv. // Ot Ýrala do Enıseıa (narody Zapadnoı ı Sredneı Sıbırı). Kn.1. – Tomsk, 1995. – 186 s.

28.  Alekseenko N.V. Naselenıe dorevolúsıonnogo Kazahstana (chıslennos,  razmeshenıe, sostav (1870-1914 gg.). – A-Ata, 1981. – 112 s.

29.  Mýkanov M. S. Etnıcheskaıa terrıtorıa kazahov v XVIII nachale XX vekov. – A-Ata: Kazahstan,1991.  – 64 s.

30.  Konovalov A.V. Kazahı Újnogo Altaıa (problema formırovanıa etnıcheskoı grýppy). – A - Ata, 1986.

31.  Mendıkýlova G.M. Istorıcheskıe súdby kazahskoı dıaspory. Proıshojdenıe ı razvıtıe. – Almaty: Gylym, 1997. – 264 s.

32.  Artykbaev J.O. Kazahskoe obshestvo: tradısıı ı ınnovasıı. Karaganda, 1993. – 330 s.

33.  Kasymbaev J.K. Istorıa goroda Semıpalatınska (1718-1917 gg.). –Almaty, 1998. – 276 s.

34.  Kasymbaev J.K. Goroda Vostochnogo Kazahstana v 1861-1917 gg. (sosıálno - ekonomıcheskı aspekt). – A-Ata, 1990.

35.  Kasymbaev J.K. Pod nadejnýıý zashıtý Rossıı. – A-Ata, 1986. – 136 s.

36.  Kozybaev M. Otechestvennaıa ıstorıa XX veka: mıfy ı reálnos // Kazahstanskaıa pravda.- 2000.- 23 maıa.

37.  Akanov M.K. Iz ıstorıı vossoedınenıa prıırtyshskıh zemel Kazahskogo kraıa // Mejdýnarodnaıa naýchno-praktıcheskaıa konferensıa. – Semıpalatınsk, 2001.

38.  Barınova M. Kýlýndy drevnee kocheve kazahov // Qazaq tarıhy. – № 3. – 1997.

39.  Kabúldınov Z.E. Kazahı Tobólskoı ı Tomskoı gýbernı vo vtoroı polovıne XVIII nachale XX vv. (ıstorıko - demografıcheskı aspekt). – Pavlodar, 2001. – 293 s.

40.  Kabúldınov Z.E. Kazahı vnýtrennıh gýbernı Rossıı vo vtoroı polovıne XVIII nachale XX vekov. – Pavlodar, 2002. – 231 s.

41.  Kabúldınov Z.E. Sýltanmamet Sýltan: gosýdarstvennyı deıatel, dıplomat ı batyr. – Almaty: «Lıtera-M», 2018. – 303 s.

Ф.Р. ЛЕБАЕВ,

PhD докторант 1 курса, младший научный сотрудник Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, г. Алматы, e-mail: tazshaboy@mail.ru, tazshaboy@gmail.com

ФОРМИРОВАНИЕ СЕМИПАЛАТИНСКОГО ВНУТРЕННЕГО ОКРУГА: ИСТОРИОГРАФИЧЕСКИЙ АСПЕКТ

Аннотация

Данная статья рассматривает историографию социально-экономической и политической ситуации в Семипалатинском внутреннем округе на правобережье реки Иртыш в середине 19-го века. Предпосылки к созданию указанного округа складываются, уже начиная с последней трети 18 века. При написании статьи, автором привлекались отчеты специальных экспедиций, путевые записки исследователей 17-18 вв., а также труды ученых и путешественников дореволюционного периода, посвященные исследованиям Западной Сибири. Нами проанализированы труды отечественных и зарубежных исследователей, посвященные формированию Семипалатинского внутреннего округа.

Ключевые слова: Семипалатинск, земля, округ, Иртыш, исследования, историография, внутренний округ, Западный Сибирь, казахи, территория, борьба.

F.R. LEBAYEV,

PhD student, littleresearcher of the Institute of History and Ethnology

 Ch.Ch. Valikhanov Kazakhstan, Almaty e-mail: tazshaboy@mail.ru, tazshaboy@gmail.com

FORMATION OF THE SEMEY INTERNAL DISTRICT: HISTORIOGRAPHICAL ASPECT

SUMMARY

The article considers the historiography of socio-economic and political situation of the Semipalatinsk (Semey) internal district along the right bank of the Ertis river to the middle of the XIX century. The preconditions for the creation of the Semipalatinsk (Semey) internal district started from the last third of the XVIIIth century. In the article, there are one of the first research in the XVII-XVIIIth centuries about the West Siberia, was a historic review of travelers and specially created expeditions, domestic and foreign research in pre-revolutionary, Soviet, independent times.

Keywords: Semey, earth, okrug, Ertis, researches, historiography, inner district, West Siberia, kazakhs, territory,  fight.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 657

No reviews

Download files

Лебаев мақала.docx 0.06 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) 94(574) Бөрі батыр: аңыз және дерек (сыни талдау тәжірибесі) ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ САЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРҒА ЫҚПАЛЫ ӘОЖ 94(574) «1920/30»:33 1921-1922 ЖЖ. ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕР-СУ РЕФОРМАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС ӘОЖ 94 (574) «20/30» Қазақстандағы нарық механизмінің соңғы элементтеріне қарсы Сталиндік экстремистік саясат 94(574).02/.08 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДИДТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ХАРАКТЕРИСТИКА ОСНОВНЫХ ПРИЧИН ОБОСТРЕНИЯ ЗЕМЕЛЬНОГО ВОПРОСА В СЕМИРЕЧЕНСКОЙ ОБЛАСТИ ВО ВТОРОЙ ПОЛОВИНЕ XIX ВЕКА ӘОЖ 391.745/749 ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – «БЕТАШАР» САЛТЫ: САҚТАЛУЫ МЕН ЖАҢҒЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ ӘОЖ 94(574).084.5/.6 ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ УДК 94(574) «17/19» ИЗ ИСТОРИИ ПРИНЯТИЯ РОССИЙСКОГО ПОДДАНСТВА КАЗАХАМИ СТАРШЕГО ЖУЗА МРНТИ 13.11.25 ҚЫТАЙ ИМИДЖІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ фАКТОРЫ

Author's articles

930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ