Home » Materials » ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ЭТИКЕТІ

Г.А. МЕЙРМАНОВА, ДАУЫТБЕКОВА М.Қ., т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультетінің доценті міндетін атқар

ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ЭТИКЕТІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1 (17) 2019

Tags: эпос, Кілт, сөздер., әулие, тарихи, батыр, хан, аңыз, ру
Annotation:
Бұл мақалада авторлар қазақ дәстүрлі қоғамында атқарылатын міндеттері мен қызметтеріне қарай белгілі этикет дәстүрлері қоладанылуы мәселесін зерттеген. Батыр тұлғаның сөйлеу мәнерінде, өзін-өзі ұстауында тіпті киім үлгісі мен атрибуттарында да айқын көрінетінін мысалдармен келтірген. Жоғары әлеуметтік беделге ие тұлғалар шағатай, араб тілін кей жағдайларда парсы және орыс тілдерін меңгерген жағдайда Қазақ хандығы мен көрші мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарға қатысты. Жалпы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды хандар, қожалар, елшілер және әскери қолбасшылар жүргізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қазақ батырларының өзіндік ұстанымдары, дәстүрлері, қасиеттері мен тұрмысы, салт-санасы, ар-намыс кодекстері, принциптері, портреті мен бейнелік тұлғалары, өзіндік мұраты, қоғамдық қызметі, этикалық ерекшеліктері, ырым-жоралғылары санадағы құндылықтар жиынтығы мен тоғысқан. Түйін сөздер. хан, батыр, тарихи аңыз, ру, эпос, әулие
Text:

Кіріспе. Бүгінгі таңда территориясының көлемі жағынан тоғызыншы орынды иемденіп отырған Қазақстан мемлекеті тарихында батырлардың алатын орны ерекше. Әрбір тарихи кезең өзіне тән тарихи тұлғаларды өмірге әкеледі.  Есімдері ұрпақтан ұрпаққа ұран болған ұлы тұлғалар ел тарихында жанын пида еткені белгілі. Еуразия көшпелі халықтары-башқұрттар, өзбектер, қарақалпақтар мен қырғыздар сынды түркі халықтарының барлығында кездесетін батырлар есімі қазақ халқында ерекше құрметке ие тұлғалар. Олардың аты ұранға айналып, дәстүрлі қазақ қоғамында маңызды әлеуметтік, әскери-саяси институтқа айналды. Ұлттың рухани қазынасы бола білген осынау институт өкілдерінің өздеріне ғана тән әдебі болды. Мақала авторлары қазақ батырларына ғана тән әдептік қағидаттарды ғылыми тұрғыдан тұжырымдауды мақсат етіп қойды.

Материалдар мен әдістер. Алматы қалаcында орналасқан орталық кітіпхана жұмыс нәтижесінде жинақталған архивтік материалдар, естеліктер, құжаттар жинағы мен басқа да деректерді жарияланған материалдармен салыстыра талдау негізінде мақала жазылды.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде салыстырмалы тарихи және сауалнама әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістер арасында анализ, синтез, логикалық әдістер қатыстырылды. Арнайы-тарихи әдістер санатында тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі әдістерді айтып өтуге болады.

Талқылау. Қазақ әдебін зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі.  Елші ханның сенімді өкілі ретінде қазақ хандығымен қарым-қатынас орнатылған мемлекеттердің мемлекет басшыларына немесе сол елдің сенімді өкілдерінің өзін өзі ұстауы және іс қимылдары өте маңызды болған [1].

Әр елдің елшілерді қабылдау дәстүрі болғанымен Орта Азия елдеріндегі бұл дәстүр ортақ еді. Ол бойынша хан сарайына бір күндік жол қалған тұста тоқтап, өздерінің келгендіктерін ханға жеткізу үшін бірнеше адамын жіберген. Хан бұл хабарды естіген бойда келген елшілік топқа өз адамдарын жіберген. Кейбір ерекше жағдайларда хан елшілік топты өзі қарсы алуға барған. Бұл әрине өте сирек кездесетін жағдай еді.

Қазақ хандығының геосаяси жағдайы өте күрделі жағдайда орналасуы халықтың ғасырлар бойы жаугершілікті бастан кешуіне мәжбүр етті. Бұл әрине оның территориясының ауқымы мен табиғи байлықтарға өте бай болуынан болды. Көрші мемлекеттер үнемі осы кең байтақ даламызға көз тігумен болғаны тарихтан мәлім. ХІХ ғасыр авторларының бірінің еңбегінде «көршілермен болған соғыстардың жиілігі көшпелі халықты жауынгерлік рухта болуға мәжбүрледі» деп атап өтеді [2]. Осындай жауынгерлік рухты бойына бала күнінен сіңіріп, Отаны үшін от кешкендердің алдыңғы қатарында дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институты өкілдері болды. XVII ға­сыр­дың аяғы - XVIII ға­сыр­дың ба­сын­да­ғы қа­зақ қо­ға­мы­ның іш­кі және сырт­қы саяса­ты­ның да­му ерек­ше­лік­те­рі ба­тыр­лар инс­ти­ту­ты­ның ықпалы­ның ар­туы мен олар­дың же­ке әлеу­мет­тік топ ре­тін­де то­лық­қан­ды қыз­мет ат­қар­уын­ ай­қын­дап бер­ді. XVII ға­сыр­дың аяғы - XVIII ға­сыр­дың басын­да­ғы қа­зақ хал­қы­ның сырт­қы жауы тек жоң­ғар­лар ға­на емес еді. Батыстан Еділ қал­мақ­та­ры, оң­түс­тік­те Хиуа мен Бұ­ха­ра хан­ды­ғы, те­ріс­кейде баш­құрт­тар қи­қу са­лып, сырт­тан орыс пат­ша­сы азу са­лу­ға даяр тұр­ды [3].   

Нәтижесі. Осы­лай­ша XVII-XVIII ға­сыр­лар­да­ғы іш­кі жә­не сырт­қы фактор­лар қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы ба­тыр­лар­дың саяси, әлеу­мет­тік са­та­тус­қа ие болуына қо­лай­лы жағ­дай ту­ғыз­ға­ны ту­ра­лы тұ­жы­рым жа­сай­мыз. Сон­дық­тан ел ба­сы­на күн түс­кен сәт­те саяси ба­сым­ды­лық ба­тыр­лар қо­лы­на өт­ті. Бұл тура­лы зерт­теу­ші Н.Г. Апол­ло­ва: «XVIII ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да­ғы ба­тыр­лар тек қа­на әс­ке­ри жо­рық­тар­да ма­ңыз­ды рөл ат­қар­ған жоқ. Олар әртүр­лі дип­ло­ма­тиялық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дайт­ын ел­ші­лер ре­тін­де де белсен­ді­лік та­ны­та­ды. Ақ­са­қал­дар ке­ңе­сі­не де құл­шы­на ара­ла­са­ды. Өздерінің әдептілігі деңгейінің қаншалықты жоғары екенін көрсете білді. 30- жылдарда­ғы фео­дал­дық кү­рес ке­зін­де бе­рік топ­ты құ­ра­ған Бө­кен­бай­дың басқар­уын­да­ғы ба­тыр­лар қа­зақ­тар­дың Ре­сей­дің қа­ра­ма­ғы­на өт­уіне ше­шу­ші күш бол­ған», - деп жаз­ды [4]. Үм­бе­тей жы­раудың: Сырт­қы жау­дан қор­ға­ну, ел­дің іш­кі бір­лі­гін сақ­тау сияқ­ты күр­де­лі мә­се­ле­лер­де ба­тыр­лар­дың рө­лі жоға­ры бол­ды. Ба­тыр ата­ғын ақ­сүйек жә­не қа­ра­сүйек өкіл­де­рі де қо­ғам­дық дә­ре­же­сі­не қа­ра­мас­тан бір­дей иеле­не ала­тын, әрі ба­тыр­лар XVII-XVIII ғасыр­лар­да­ғы сырт­қы фак­тор­дың күш­ті­лі­гі­нен қо­ғам­дық қа­ты­нас­тар­да басым­ды­лық­қа ие бол­ды.

Зерт­теу та­қы­ры­бы­мыз­дың уа­қыт шең­бе­рі қа­зақ та­ри­хын­да­ғы түр­лі өзге­ріс­тер әкел­ген бет­бұ­рыс­ты ке­зең­ге сәй­кес ке­ле­ді. Оның бас­ты се­бе­бі геог­ра­фия­лық, ша­ру­ашы­лық-эко­но­ми­ка­лық жә­не саяси-әлеу­мет­тік жа­ғы­нан үш суб­эт­нос­тық ай­мақ­қа бө­лін­ген қа­зақ хан­ды­ғы­ның іш­кі бай­ла­ныс­та­ры­ның әл­сіз­ді­гін, ру-тай­па­лар ара­сын­да­ғы қа­рым-қа­ты­нас­тар­дың тұ­рақ­сыз­ды­ғы­нан жә­не би­леуші топ­тар­дың саяси  бақ­та­лас­ты­ғы­нан туын­да­ды. «Ор­тақ өгіз­ден, оңа­ша бұ­зауды» ар­тық көр­ген би­леуші­лер ара­сын­да­ғы алауыз­дық қа­зақ халқы­ның бо­ла­ша­ғын ты­ғы­рық­қа ті­ре­ді. Жоң­ғар шап­қын­шы­лы­ғы­на дер кезін­де тойтарыс бе­ріл­меуі­нен «Ақ­та­бан шұ­бы­рын­ды», «Ал­қа­көл сұ­ла­ма», «Сау­ран ай­нал­ған» тә­різ­ді зұл­мат­тар орын ал­ды [5]. Мұ­ның бар­лы­ғы хан­дық инс­ти­тут­ты дағ­да­рыс­қа әке­ліп, есе­сі­не ру-тай­па игі-жақ­сы­ла­рын, яғ­ни батырлар мен би­лер­дің үс­тем түс­уіне жағ­дай жа­са­ды. Бас­қа­ша айт­қан­да: «ХVІІІ ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да ба­тыр­лар­дың бе­де­лі мен әлеу­мет­тік ма­ңы­зы мей­лін­ше өс­ті, мұ­ның өзі сырт­қы қа­уіп­ке жә­не қа­зақ­тар­дың әлеуметтік ұйым­дас­уын­да әс­ке­ри құ­ры­лым­дар рө­лі­нің ар­та түс­уіне байланыс­ты бо­ла­тын. Жоң­ғар­лар бас­қын­шы­лы­ғы­на пәр­мен­ді тойтарыс беруді ұйым­дас­ты­ру қа­жет­ті­лі­гі әуелі әс­ке­ри сах­на­да ал со­нан соң саяси сахна­да да ха­лық­тың жол бас­тау­шы­ла­ры мен қол­бас­шы­ла­ры – ба­тыр­лар­дың аса көр­нек­ті шо­ғы­ры­ның пай­да болуына жет­кіз­ді». Үм­бе­тей жы­раудың: «Баты­ры хан­ға сай бол­ды, Елің жай­пақ бол­ды», - деп жыр­лайтыны осы ке­зең [6].

Та­ри­хи да­му үде­рі­сі­нің бір­кел­кі бол­ма­уына орай қо­ғам­дық инс­ти­тут­тар бі­рін-бі­рі жиі ал­мас­ты­рып, со­ған бай­ла­ныс­ты әр­түр­лі әлеу­мет­тік құрылымдар­дың бі­рі ал­ға шы­ғып, екін­ші­сі кен­же­леп отыр­ды. Зерт­теу жұмысы­ның та­қы­ры­бы­ның уа­қыт шең­бе­рін қам­ти­тын аума­лы-төк­пе­лі кезеңде ба­тыр­лар инс­ти­ту­ты­ның ал­дың­ғы қа­тар­ға шы­ғуы заң­ды құ­бы­лыс бола­тын. Әс­ке­ри өнер­ді кә­сіп етіп, ел қор­ғау ар­қы­лы даңқ пен абы­рой­ға бөлен­ген ба­тыр­лар ен­ді­гі жер­де жәй ға­на қа­ру асын­ған сар­баз емес, ха­лық­қа сө­зін өт­кі­зіп, би­лік айтатын саяси тұл­ға­ға ай­нал­ды. Олар­дың атап өтер­лік­тей ма­ңыз­ды іш­кі саяси қыз­мет­те­рі қа­та­ры­на аза­мат­тық бас­қа­ру іс­те­рі­не тар­ты­ла бас­тау­ла­рын жат­қы­за­мыз. Тіп­ті кей­бір жағ­дайда хан мен сұл­тан­дар­дың өзі ба­тыр­лар­мен са­на­сып оты­ру­ға мәж­бүр бол­ған. Өйт­ке­ні хан­ның не­ме­се сұлтан­ның қо­ғам­да­ғы ор­ны оған қол­дау біл­дір­ген ба­тыр­лар­дың бе­де­лі мен са­ны­на қа­рай анық­тал­ды. Оның үс­ті­не ба­тыр­дың шық­қан руы үл­кен бо­лып, өзі ау­қат­ты бол­са, осы­ған қа­тыс­ты біз­дің ой-тұ­жы­рым­да­ры­мыз­дың ба­ры­сын тү­сі­ну қиын емес. Хал­қы­мыз­дың «ба­тыр бо­лып, бай бол­са, хан­нан не­сі кем» деп сөз сап­тауы осы­ған қа­тыс­ты айт­ыл­са ке­рек [7, 56-б.]. Бұл айт­ыл­ған тұжы­рым­да­ры­мыз­ды та­ри­хи де­рек­тер­мен не­гіз­де­сек. ХVІІІ ға­сыр­дың алғашқы жар­ты­сын­да қа­зақ ел бас­шы­ла­ры­нан ант қа­был­да­ған Та­ти­щев Әбілқайыр хан­ды көп еш­кім тың­да­майт­ын­ды­ғын айта ке­ліп, Ор­та Жүз­ден Жә­ні­бек ба­тыр мен Шү­рек ба­тыр жә­не Кі­ші Жүз­ден Бө­кен­бай ба­тыр жо­ға­ры бе­дел­ге ие екен­дік­те­рін жа­за­ды. Қа­зақ ба­тыр­ла­ры­ның іш­кі саяси жүйе­сін­де­гі ық­па­лын тө­мен­де­гі та­ри­хи оқи­ға­лар­дың же­лі­сі не­гі­зін­де одан ары да­мыт­сақ. Ал­ғаш­қы оқи­ға есі­мі ұран­ға ай­нал­ған Ал­дияр ба­тыр­мен бай­ла­ныс­ты. М. Тыныш­баев ең­бе­гін­де кел­ті­ріл­ген мә­лі­мет­тер­ге сүйен­сек, Ал­дияр ба­тыр Тәуке хан­ның за­ман­да­сы жә­не хан­ның оң жа­ғын ала оты­ра­тын ба­тыр­дың бі­рі бол­ған­ға ұқ­сай­ды. Мі­не осы Ал­дияр ба­тыр мем­ле­кет­тік іс­тер­ді ақыл­да­са­тын ша­руалар туын­да­ған­да Тәуке хан­ның жа­ны­нан та­бы­лып, өзі­нің пайымдауларын біл­ді­ріп отыр­са ке­рек. Тіп­ті кей жағ­дайда хан мен ба­тыр арасын­да бір мә­се­ле­ге бай­ла­ныс­ты ке­ліс­пеуші­лік­тер де туын­да­ған. Мә­се­лен, ел ара­сын­да­ғы аңыз бо­йын­ша Ал­дияр ба­тыр­ға ке­ліс­сөз жүр­гі­зу үшін жоң­ғар қон­тайшы­сы ке­ле­ді. Бұ­дан ха­бар­дар бол­ған Тәуке хан қон­тайшы­ны өл­ті­ру үшін сар­баз­да­рын жі­бе­ре­ді. Ауылы­на кел­ген ел­ші­ні қор­ғау мақ­са­тын­да батыр өзі­нің ха­ны­на қар­сы шы­ғып, хан мен ба­тыр сар­баз­да­ры бір күн бойы шай­қа­са­ды. Шай­қас­та Ал­дияр ба­тыр­дың кен­же іні­сі Май­лан қа­за та­ба­ды. Осы оқи­ға­ға бай­ла­ныс­ты Ал­дияр ба­тыр ұр­пақ­та­рын­да тө­мен­де­гі­дей өлең жол­да­ры сақ­тал­ған:

«Ұзын ағаш, той­ке­де кел­ді қал­мақ,

Хан Тәуке ба­сып ба­рып, ба­сын ал­мақ,

Кел­ме­гір­дің қал­ма­ғы қай­дан кел­ді,

Екі қа­зақ со­ғыс­ты, Май­лан өл­ді».

Та­ри­хи аңыз не­гі­зін­де әң­гі­ме­ле­ніп отыр­ған оқи­ға­ның ба­ры­сы бы­лай­ша аяқ­та­ла­ды. «Тәуке хан нө­кер­ле­рі­нің ша­буылын тойт­ар­ған Ал­дияр ба­тыр ерте­ңі­не қон­тайшы­ны елі­не аман-есен қайтара­ды. Қон­тайшы Ор­да­сы­на барған соң тұт­қын­да­ғы қа­зақ­тар­дың ішін­де­гі са­дыр­лар­ды ға­на емес, бар­лық най­ман­дар­ды, оған қо­са Ал­дияр ба­тыр­дың есі­мін ес­ті­ген­дер­ді де тұт­қын­нан бо­са­та­ды [8]. Осы та­ри­хи аңыз­ға қа­тыс­ты қо­ры­тын­ды жа­сайт­ын бол­сақ. Мұн­да­ғы қон­тайшы деп отыр­ға­ны­мыз жоң­ғар ноян­да­ры­ның бі­рі бо­луы мүмкін. Ал ба­тыр­дың іні­сі­нің өмі­рін қия оты­рып хан­ға қар­сы тұр­уын­ан біз ба­тыр­дың ел­ші­лер­ге зиян ти­гіз­бейт­ін да­ла за­ңын бе­рік ұс­тан­ған­ды­ғын анық бай­қай­мыз. Ең бас­ты­сы бұл аңыз­да ба­тыр­лар инс­ти­ту­ты­ның іш­кі саяси істерге бел­се­не ара­ла­сып, мем­ле­кет­тік ма­ңы­зы бар ша­руалар­ға аза­мат­тық пози­циясын та­ны­туы. Оның үс­ті­не ел­ші­нің ха­лы­қа­ра­лық мә­се­ле­ні хан­мен емес, ба­тыр­мен тал­қы­лауы­ның өзі көп нәр­се­ні аң­ға­рт­са ке­рек.

Же­лі­сі осы­ған ұқ­сас ке­ле­сі оқи­ға жо­ға­ры­да Та­ти­щев­тің ті­зі­мін­де кездесе­тін та­бын Бө­кен­бай ба­тыр­дың есі­мі­мен бай­ла­ныс­ты. Кі­ші Жүз ха­ны Әбіл­қайыр­дың еш­бір ке­ңес­сіз Ре­сей қа­ра­ма­ғы­на өту өті­ні­шін жа­са­ған­ды­ғы та­ри­хи де­рек­тер­ден бел­гі­лі. Сол өті­ніш­ке сай қа­зақ­тар­дан ант қа­был­дау мақса­тын­да Қа­зақ­стан­ның ба­тыс өңі­рі­не М. Тев­ке­лев ке­ле­ді. Хан­ның халықпен ке­ңе­сіп іс қыл­ма­ға­ны­на на­ра­зы бол­ған ба­тыр­лар мен би­лер ел­ші­ні, оған қо­са хан­ды да өл­тір­мек бо­ла­ды. Мә­се­лен, жа­ғал­байлы руы­ның ба­ты­ры Сер­ке «егер де ха­лық­тың жә­не өзі­нің ты­ныш­ты­ғын сақ­та­ғы­сы кел­се, біз­ді тың­да­сын», - деп Әбіл­қайыр хан­ға ба­ла­сын жі­бе­ре­ді. Хан­ның әл­сіз­ді­гін байқа­ған М. Тев­ке­лев­тың өзі де, ор­та­лық­қа жаз­ған хат­та­ры­ның бі­рін­де қазақтар хан­нан қо­рық­пайды, - деп атап өте­ді [ 9, 50-б]. Мұ­ны хан­ның өзі де мо­йын­дап, орыс пат­шайымы­на жаз­ған ха­тын­да ха­лық­тың оның заң­да­ры­на құ­лақ ас­пайт­ын­ды­ғын өкі­ніш­пен баян­да­ған. Мі­не осы­лай­ша хан­нан қол­дау тап­па­ған М.Тев­ке­лев өз өлі­мін сәт са­йын­ кү­ту­мен бо­ла­ды. Сол кез­де ел­ші­мен бір­ге еріп кел­ген баш­құрт би­ле­рі оған ел ішін­де бе­дел­ді Бө­кен­бай ба­тыр­ға жо­лы­ғу­ға ке­ңес бе­ріп, өлім­нен сол құт­қа­рып қа­луы мүм­кін екен­ді­гін жеткізеді. Сө­зі­міз дә­лел­ді бо­луы үшін құ­жат­қа ке­зек бер­сек «…Ор­да­ға атақты Бө­кен­бай ба­тыр, оның күйеу ба­ла­сы Есет ба­тыр не­ме­ре іні­сі Құдаймыр­за бар. Олар бар­лық ру бас­шы­ла­ры­нан күш­ті, …осы­лар­дан Тевкелев­ке пай­да бо­ла­ды[9,  с. 51]. Ал осы­ған қа­тыс­ты А. Лев­шин бы­лай деп жа­за­ды: «Ор­та жә­не Кі­ші Жүз­де бе­дел­ді Бө­кен­бай ба­тыр оның (Тевкелев­тың – авт.) қор­ғаушы­сы бо­лу­ға ниет біл­дір­ді. Бұ­ған қо­са Әбіл­қайыр хан­ның өзі ха­лық­тың се­ні­мі­нен айры­ла бас­та­уына бай­ла­ныс­ты Тев­ке­лев­ке оның өмі­рі­не ке­піл­дік бе­ре ал­майт­ын­ды­ғын айт­ып, Бө­кен­бай ба­тыр­мен табыс­уын­ ма­құл кө­ре­ді. Шы­нын­да да Бө­кен­бай ба­тыр ел­ші­нің бас­ты ті­ре­гі­не айна­лып, оның жә­не се­рік­те­рі­нің ел­де­рі­не аман-есен ора­лу­ла­ры­на жәр­дем ти­гі­зе­ді .

Бө­кен­бай ба­тыр, оның күйеу ба­ла­сы Есет ба­тыр, не­ме­ре іні­сі Құ­дай­на­зар мыр­за т.б. М.Тев­ке­лев­тің мой­ны­на ал­ған ша­руасын абы­рой­мен орын­дап шығуына бір­ден-бір ке­піл­дік бер­ген адам­дар. Бо­дан­дық үр­ді­сі­нің осы тұсында Әбіл­қайыр­дан да кө­рі Же­ті­ру бас­шы­ла­ры­мен ты­ғыз қа­рым-қатынаста бол­ған баш­құрт ба­ты­ры Тай­мас Шайі­мов­тың ең­бе­гі ба­сы­мы­рақ. Бө­ген­бай орыс ел­ші­сі­нің сый­лы­ғы­нан бас тар­та­ды. Ол ел­ші­нің ұсын­ған 500 сомның тауа­рын ал­май, өзі­нің дү­ние үшін са­тыл­майтынын, ойына ал­ған қызмет­ті те­гін-ақ жа­сайтыны­нын мә­лім­дей оты­рып, қа­зақ ба­тыр­ла­ры­ның руха­ни-мо­раль­дік бет-бей­не­сі­нің жо­ға­ры­лы­ғын та­ғы да дә­лел­деп бе­ре­ді.

Де­ген­мен Бө­ген­бай ба­тыр қол­да­ған күн­нің өзін­де де ел жиыны Әбілқайыр мен ел­ші­ге қы­сым көр­сет­уін­ тоқ­тат­па­ға­нын да атап өтуі­міз қа­жет.  Ел ба­сы­ла­ры «хан өз бе­ті­мен, еш­кім­мен ке­ліс­пей бо­дан­дық ту­ра­лы өті­ніш біл­дір­ді. Қа­зақ­ты Ре­сей­ге тұт­қын­дық­қа сат­ты. Дәс­түр бо­йын­ша ру басыларымен ақыл­дас­пай хан қи­мыл жа­са­мауы ке­рек. Ен­де­ше осы тәр­тіп­ті бұз­ған үшін хан өлім жа­за­сы­на лайық» деп қо­ры­тын­ды­ға кел­ді [10]

 Хан­ға қар­сы кө­те­ріл­ген адам­дар ара­сы­нан Ба­ба би, Жан­ту­ма би, Баймұрат би, Сыр­лы­бай ба­тыр­лар­ды кез­дес­ті­ре­міз. Ба­тыр сұл­тан мен Тәңірбер­ді би­дің көп жі­гіт­пен Хиуаға ба­ра жат­қан Ре­сей­дің ірі ке­руенін тонап алуы да ел на­ра­зы­лы­ғы­ның бір кө­рі­ні­сі деу­ге бо­ла­ды.

Осы­лай­ша, сырт­қы жау­лар­ға қар­сы со­ғыс ба­ры­сын­да то­ғыс­қан батырлар қа­зақ елі­нің Ре­сей­дің бо­дан­ды­ғы­на мо­йын­сы­ну үр­ді­сі­не кел­ген­де екі­ге жарыл­ды. Жал­пы, қа­зақ хал­қы ту­мы­сын­да, бол­мы­сын­да бо­дан­дық­қа жа­ны қар­сы еді. Бұл ту­ра­лы А. Лев­шин өзі­нің «Қа­зақ ор­да­сы мен да­ла­сын зерт­теу» ат­ты ең­бе­гін­де айт­ып ке­те­ді. Зерт­теу­ші қа­зақ­тар­дың бү­кіл бол­мы­сы мен тыныс-тір­ші­лі­гін, салт-дәс­тү­рін зерт­теп, зер­де­леп ке­ліп, жал­пы қа­зақ халқының мі­нез-құл­қы ер­кін­дік­ке не­гіз­дел­ген, бо­дан­дық­қа, мойынұсынушылық­қа жат де­ген қо­ры­тын­ды шы­ға­ра­ды. Мұ­ны оның еңбегіне­гі «Қа­зақ хал­қы­ның әдет-ғұр­пы» та­ра­уын­да­ғы мы­на дәйек­ сө­зі­нен аң­ға­ру­ға бо­ла­ды: «...по­то­му что они не из­не­же­ны, не сла­бы и не знают не толь­ко рабс­тва, но и под­данс­тва» [9, с. 89].

Бо­дан­дық­қа қар­сы топ­тың ба­тыр­ла­ры да қа­зақ елін бо­дан­дық­қа ен­гі­зу бо­йын­ша кел­ген орыс ел­ші­ле­рін қу­ғын­шы­лық­қа ұшы­рат­ты. Оның бі­рі Бақ­ты­бай ба­тыр еді. М. Тев­ке­лев­тің Ре­сей Сырт­қы іс­тер ми­ни­ст­рлі­гі­не жаз­ған құ­пия ха­тын­да пол­ков­ник Гар­бер­дің бас­шы­лы­ғы­мен Ре­сей­ден Бұ­ха­ра мен Хиуаға бет ал­ған 500 түйелі ке­руенін Бақ­ты­бай ба­тыр ба­сып алып, дү­ние-мүл­кін жер­гі­лік­ті ел­ге та­ра­тып бер­ге­ні баян­да­ла­ды. Ба­тыр­дың әуел­гі ойы кеуен­ді тал­қан­дап, адам­да­рын тұт­қын­ға тү­сір­мек бо­лып 12 күн бойы қор­шауға ала­ды. Алай­да бұл іс­ке Ба­тыр сұл­тан мен Тә­ңір­бер­ді ақ­са­қал ара­ла­сып, ке­руен­де­гі 500 түйе­нің жар­ты­сын қайтарып бе­ре­ді.

Бақ­ты­бай ба­тыр­ды ха­лық «әлім Қа­ра­са­қал әу­лие» деп те атай­ды. Ба­тыр на­ғыз ер­лер­ше май­дан­да қа­за тап­ты. Бақ­ты­бай ба­тыр ту­ра­лы орыс де­рек­те­рі де куә­лік бе­ре­ді [9, С. 280.]

Әбіл­қайыр хан­ның қа­сын­да бол­ған пра­пор­щик Му­ра­вин­нің жур­на­лын­да Шек­ті Бақ­ты­бай ту­ра­лы мә­лі­мет­тер кез­де­се­ді. Он­да­ғы дәйек­сөз бы­лай бе­ріл­ген: «Уве­до­мил­ся я, что кир­гиз­цы Мень­шей ор­ды Чек­линс­ко­го ро­ду, у ко­то­рых глав­ным был Бю­люк­чю­ра Чек­линс­ко­го ро­ду, Бак­ты­бай ба­тыр, соб­ра­лись ит­тить под ниж­них кал­мык, о ко­то­рых оне уве­до­ми­лись, яко­бы без ос­тат­ку взя­ты в Аст­ра­хань про­тив ша­ха пер­сидс­ко­го, и на­ме­ре­ны бы­ли жен и де­тей их к се­бе в плен взять» [9,  С. 369].

Ал, ке­те тай­па­сы­ның ту ұс­тар ба­тыр­ла­ры­ның бі­рі­нен са­на­ла­тын, 10 мың­ға де­йін­ жет­кен қо­лы­на қол­бас­шы­лық жа­са­ған Арал ба­тыр да Қазақстанның Ре­сей­дің қо­лас­ты­на өт­уіне қар­сы бол­ған адам. Арал ба­тыр тура­лы орыс­тың та­ри­хи құ­жат­та­рын­да да кез­де­се­ді. Оның бі­рі 1747 жы­лы 21 жел­тоқ­сан­да Орын­бор гу­бер­на­то­ры И. Неп­люев­тің Сырт­қы іс­тер ал­қа­сы­на жі­бер­ген ха­ты. Бай­мұ­рат ба­тыр да Әбіл­қайыр хан­ның Ре­сей­дің қа­ра­ма­ғы­на өту саяса­ты­на ті­ке­лей қар­сы­лық көр­сет­кен тұл­ға­лар­ға жа­та­ды. 1731 жы­лы қа­зан айын­да жа­са­ғы­мен Әбіл­қайыр хан­ның ор­да­сы мен Ре­сей­дің ел­ші­лі­гін қор­шап ала­ды [10]. Бұл қор­шау­дың Әбіл­қайыр хан­ға қат­ты ти­ге­ні сон­ша­лық ол  Бай­мұ­рат­тың тұт­қын­да­ғы екі ада­мын бо­са­тып жі­бе­ру­ге мәж­бүр бол­ған. өзі­нің екі ада­мын бо­са­тып ал­ған соң, Бай­мұ­рат бас­та­ған на­ра­зы топ аттарының ба­сын ке­рі бұр­ған. Ре­сей им­пе­риясы­ның бо­дан­ды­ғы­на өту­ге наразы топ 3 қа­ра­ша кү­ні та­ғы бір ша­буыл ұйым­дас­ты­ра­ды. Таң ат­қан­ша қиян-кес­кі ұрыс бо­ла­ды. Де­ген­мен Бай­мұ­рат то­бы Тев­ке­лев­тің 17 аты мен 3 түйе­сін ай­дап әкет­ті» [9, с. 369].

Осы­лай­ша, ба­тыр­лар­дың саяси ұстаным­да­ры­на бай­ла­ныс­ты мә­се­ле өте шиеле­ні­сіп кет­ті. Ел ба­сы­на түс­кен, мұн­дай ше­ші­мі қиын қо­ғам­дық мәселелер­дің ел жиы­нын­да ше­ші­ле­ті­ні Тев­ке­лев­ке жо­лы­ғу­ға кел­ген кі­ші арғын руы­нан қа­ра ба­лу­ан Бө­ген­бай­дың айт­қа­ны­нан да бі­лі­не­ді. Ол «ма­мыр айын­да Ор­та жүз­дің бү­кіл ел бас­шы­ла­ры: хан­дар мен сұл­тан­дар, қа­зақ­тың түгел ру ба­сы­ла­ры жи­нал­ған ке­ңес бо­ла­ды. Егер бо­дан­дық мә­се­ле­сін түбегей­лі ше­ше­мін де­се ел­ші со­ған қа­тыс­сын» [9,  с. 156.].

 Тев­ке­лев саяси би­лік­тің тіз­гі­ні хан­дар­да емес, би-ба­тыр­лар­да еке­нін ұғын­ған соң Ор­та Жүз­дің ру ба­сы­ла­ры Шақ­шақ Жә­ні­бек пен Қаз­дауыс­ты Қазы­бек­ке сый-сия­пат жі­бе­ріп кө­ңі­лін ау­лау­ға ты­рыс­ты. Ба­лу­ан Бөгенбайдың ел тағ­ды­рын те­рең ой­лайт­ын ке­мең­гер аза­мат еке­нін 1748 ж. Орын­бор кез­дес­уін­ен бай­қай­мыз. Көш­пе­лі ел­дің тағ­ды­ры не бол­мақ, за­ма­на ты­ны­сы қа­лай, ел­дің бо­ла­ша­ғы үшін қан­дай сая­сат ұстану ке­рек – осы­ның бә­рі ба­тыр­дың Ре­сей бас­шы­ла­ры­на қой­ған кей сау­ал­да­ры­нан кө­рі­ніп тұ­ра­ды. Қа­зақ сая­сат­кер­ле­рі­нің көп­ші­лі­гі қайт­кен күн­де де қа­лып­ты өмір соқ­па­ғын бұз­бауға ты­рыс­са, Бө­ген­бай сияқ­ты ба­тыр­лар өз­ге­ріс­тер­дің бол­май қоймайтынын аң­да­ған.

Би-ба­тыр­лар­дың іш­кі саяси қыз­ме­ті­нің бел­сен­ді­лі­гін 1734 жыл­ғы Ұлы жүз аты­нан жүр­гі­зіл­ген бо­дан­дық ке­ліс­сөз құ­жат­та­ры­нан да кө­ре­міз. Ұлыс аты­нан Тө­ле, Бө­лек, Са­тай, Қо­дар би­лер, Қан­гел­ді сияқ­ты ба­тыр­лар аты жүр. 1740 жы­лы Ор кез­дес­уін­ен Ор­та жүз­дің тағ­ды­ры­на то­лық қа­ты­сы бар нияз ба­тыр­дың рө­лі аса ма­ңыз­ды бол­ды. Де­рек­тер бо­йын­ша ол Сә­ме­ке хан тұсында Түр­кіс­тан ал­қа­бын мең­гер­ген, Князь Уру­сов­қа қа­зақ хан­да­ры­ның ше­жі­ре­сін баян­дап бер­ген бі­лім­паз ба­тыр әр ха­лық­тың ерек­ше та­би­ға­тын айыра бі­ле­ді, ол бір сө­зін­де «орыс­тың ақы­лы ба­сы мен жү­ре­гі­нің тү­бін­де, қазақ­ті­кі кө­зін­де» дей­ді [9, с. 156.].

 Көш­пе­лі­лер дү­ниенің әр құ­бы­лы­сы­ның сырт­қы тү­рі­не, әше­кей, қызығышы­ғы­на көп кө­ңіл бө­ле­ті­нін ба­тыр дәл айт­қан. Со­ны­мен жо­ға­ры­да баяндалған екі та­ри­хи мә­лі­мет­тер­ді қор­тын­ды­ла­сақ. Бұл мә­лі­мет­тер­дің барлығы  қа­зақ же­рі­не кел­ген ел­ші­лер­ді ба­тыр­лар­дың қор­ғау қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сып жа­тыр. Ал­ғаш­қы ба­тыр ел­ші­ні қор­ғап қа­лу үшін хан­ға қар­сы­лық біл­дір­се, соң­ғы­сы хан­ның қо­лы­нан кел­ме­ген іс­ті жү­зе­ге асы­ра­ды. Әри­не біз бұл ара­да хан­дар­дың дә­ре­же­сін тө­мен­де­тіп, олар­дың қа­зақ мем­ле­кет­ті­лі­гін құ­ру мен одан ары да­мы­ту­да­ғы ерен ең­бек­те­рін жоқ­қа шы­ға­ру­дан ау­лақ­пыз. Біз тек қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған та­қы­рып­қа сәй­кес ба­тыр­лар­дың қыз­ме­тін көрсе­ту­ге ты­рыс­тық. Баян­дал­ған екі оқи­ға­ның ХVІІІ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жарты­сын­да орын ал­ған­ды­ғын ес­ке­рер бол­сақ, осы ке­зең­де-ақ ба­тыр­лар инсти­ту­ты­ның іш­кі саяси жүйеде айт­ар­лық­тай дә­ре­же­ге ие бол­ған­ды­ғын аңға­ра­мыз. Де­мек, осы уа­қыт­та ба­тыр­лар жай ға­на қа­ру асын­ған жа­уын­гер не­ме­се қол­бас­шы ға­на емес, мем­ле­кет­тік мә­се­ле­лер­де сө­зі бар, өзі ше­шім қабыл­дай ала­тын әлеу­мет­тік құ­ры­лым ре­тін­де пі­сі­ліп же­тіл­ген. Бұл да­ла демок­ра­тиясы­ның өзін­дік құн­ды­лы­ғы бо­ла­тын.

Ер қанаты - ат

Қазақ батырларының келесі бір ерекше тоқталатын тұсы олардың киім үлгісі. Батыр бейбіт күндері де қаруын асынып жүрген. Ха­лық ау­зын­да «Ер қа­руы – бес қа­ру» де­ген ұғым қа­лып­тас­қан,  әдет­те олар­ға са­дақ­ты, қылышты, най­за­ны, ай­бал­та­ны, шоқ­пар­ды жат­қы­за­ды. Алай­да, ха­лық ауыз әде­биетін­де жыр­ла­на­тын ба­тыр­дың қа­руы бұ­дан әл­де­қай­да көп: ал­тын балдақ, ақ сем­сер, ба­да­на көз кі­реуке, то­ғыз қа­бат ақ сауыт, ал­тын сауыт кебе, қо­зы­жауы­рын же­бе, бал­да­ғы ал­тын ақ бе­рен, бо­лат­тан соқ­қан ай­бал­та, гүр­зі, қан­жар, мыл­тық жә­не та­ғы бас­қа көп­те­ген түр­ле­рі­нің ата­ла­тын­ды­ғын айта ке­туіміз ке­рек.  Қа­зақ хал­қы­ның қа­ру  түр­ле­рі та­ри­хи да­му ке­зең­де­рін­де өзін­дік да­му, же­ті­лу үр­ді­сін бас­тан кеш­кен. Оған қа­зақ хал­қы­ның ір­ге­лес жат­қан көр­ші мем­ле­кет­тер­мен бай­ла­ныс жа­са­ған­ды­ғы да өзін­дік ық­па­лын ти­гіз­ген­ді­гі, соң­ғы жыл­да­ры жа­рық көр­ген эн­цик­ло­пе­диялар бе­тін­де бы­лай си­пат­та­ла­ды: «... Со­ны­мен бір­ге қа­зақ қар­уын­ың кей­бір фор­ма­ла­рын­да, кейбір үл­гі­ле­рі­нің, тип­те­рі­нің пай­да болуын­да қа­зақ эт­но­сы ға­сыр­лар бойы та­ри­хи – мә­де­ни бай­ла­ныс­та бол­ған көр­ші иран, моң­ғол, тү­рік, қы­тай, орыс ха­лық­та­ры қар­уын­ың ық­па­лын­да кө­ру­ге бо­ла­ды».  Дәс­түр­лі қа­зақ қо­ға­мын­да қа­ру ба­тыр­мен бір­ге жа­са­сып, оны­мен бір­ге өле­ді де­ген се­нім орын ал­ды. Қазақ батырларының киім үлгісінде үнемі өзімен бірге болуы тиіс қаруынан бөлек қамшы аса маңызды ұғым.

  Дәс­түр­лі қа­зақ қо­ға­мы­на тән құн­ды­лық­тар жүйе­сін­де­гі ба­тыр­лар инсти­ту­ты­ның ор­нын қа­рас­тыр­ған­да ба­тыр­лар аты­ның бей­не­сі­не де тоқталмай өту­ге бол­майды. Бел­гі­лі зерт­теу­ші А. Ве­бер: «Ор­та­лық Азия­дан шық­қан көш­пе­лі ха­лық­тар­дың Қы­тай, Үн­діс­тан жә­не Ба­тыс ел­де­рі­не баса көк­теп же­туі (ежел­гі дү­ние­нің осы­нау ұлы мә­де­ниет­те­рі көш­пе­лі­лер­ден жылқы­ны пай­да­ла­ну­ды үй­рен­ді) дү­ниенің үш аты­ра­бы­на да бір­дей ық­пал етті, ат үс­тін­де­гі көш­пе­лі ха­лық­тар дү­ниенің кең­ді­гін та­ны­ды. Олар ежел­гі дү­ниенің ұлы мә­де­ниеті бар мем­ле­кет­те­рін жау­лап ал­ды. Қиын-қыс­тау тіршілік пен қа­уіп-қа­те­рі мол жо­рық­тар ар­қы­лы дү­ние­нің жал­ған­ды­ғын түсін­ді, үс­тем нә­сіл ре­тін­де олар дү­ниеге ер­лік пен тра­ге­диялық са­на­ны орнық­ты­рып, оны эпос тү­рін­де паш ет­ті», – дей ке­ле көш­пе­лі ха­лық­тар­ды эпос ту­ды­ру­шы ха­лық ре­тін­де да­ра­лап көр­сет­кен [10]. Сон­дық­тан батырлардың қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы құн­ды­лық­тар жүйе­сін­де­гі ала­тын ор­нын қазақ эпос­та­рын­да­ғы ба­тыр тұл­па­ры­ның бей­не­сі­мен бір­ге қа­рас­ты­ру қа­жет. 

Се­бе­бі, ба­тыр­лар­дың бас­ты өз­ге­ше­лік­те­рі­нің бі­рі – өз­де­рі­не сай арғымақ­та­ры­ның бо­луы. «Ер қа­на­ты – ат» де­мек­ші ба­тыр­лар өзі­нің жеңістері­не ас­тын­да­ғы қа­за­нат­та­ры­ның кө­ме­гі­мен де қол жет­кі­зе ала­ды. Сондық­тан олар­дың ат­та­ры да өз­де­рі­не сай ақыл­ды, сүйек­ті, ірі, тұ­рақ­ты болып кел­ген. Р.С. Ли­пец эпос­та­ғы ар­ғы­мақ­тар­дың ба­тыр­лар­ға бе­рер кө­ме­гі мен олар­дың кү­ті­мі ту­ра­лы ба­рын­ша то­лық баян­дап жа­зып кет­кен [Ли­пец Р.: с. 120]  Ал, қа­зақ эпо­сын­да­ғы ат об­ра­зы  же­ке бей­не емес, эпос­тың бас кейіпке­рі­мен бір­тұ­тас бір бей­не ре­тін­де кө­рі­не­ді. Сон­дық­тан ба­тыр­лар­ды ат бей­не­сі­нен бө­ліп алып қа­рас­ты­ру мә­се­ле­ні то­лық­тай зерт­теу­ге мүм­кін­дік бер­мейді. 

Қ. Ах­мет­жа­нов ба­тыр­лар­дың ар­ғы­мақ­та­ры ту­ра­лы, қол­да­ныс­та­ғы «Қазанат», «Пы­рақ», «Дүл­дүл» сөз­де­рі­не тү­сі­нік бе­ріп ке­те­ді. Сон­дай-ақ зерт­теу­ші ар­ғы­мақ жер­гі­лік­ті жер­ге бейім­дел­ген, қа­зақ­тың өзін­дік сұрыпталып өсі­ріл­ген асыл жыл­қы тұ­қы­мы деу­ге бо­ла­ды. Сон­дық­тан, бұл жыл­қы тұ­қы­мы ба­тыр­лар сос­ло­виесі­мен ті­ке­лей бай­ла­ныс­ты, - деп тұ­жы­рым жа­сай­ды. Кө­бі­не­се ба­тыр­лар жы­рын­да ба­тыр­дың аты өзі­не се­рік, же­беуші, құт­қа­ру­шы, қа­сиет­ті жа­ну­ар ре­тін­де су­рет­те­ле­ді. Ба­тыр­лар жы­рын­да­ғы Алпа­мыс­тың Бай­шұ­ба­ры, Ер Тар­ғын­ның Тар­ла­ны, Қо­бы­лан­ды­ның Тайбурылы өте әсі­ре­ле­ніп бе­ріл­се де жоң­ғар­лар мен өз­ге де сырт­қы жау­лар­ға атой­лап қар­сы шап­қан қа­зақ ба­тыр­ла­ры­ның ар­ғы­мақ­та­ры жауды же­ңіп шы­ғу жо­лын­да елеу­лі үлес қо­сып, иеле­рін қа­уіп­ті сәт­тер­ден аман алып қа­лып отыр­ған. Ға­лым М. Ма­ғауин өзі­нің қа­зақ эпос­та­рын­да­ғы ба­тыр­лар жы­ры­на ар­на­ған «Тоз­бас мұ­ра» зерт­те­уін­де Тар­ғын­ның Тар­лан ат­ты ар­ғы­ма­ғы­ның да де­не бі­ті­мі бө­лек бо­лып су­рет­тел­ге­­ні­не ар­найы тоқ­та­ла­ды [18].

Ел ау­зын­да сақ­тал­ған әң­гі­ме­лер­ге қа­ра­ған­да Қа­ра­сай ба­тыр­дың ала­ман ай­қас­қа мі­не­тін аты бас­қа да, жол са­пар­ға мі­не­рі бас­қа бол­ған. Бір­де са­пар­ға мі­не­тін аты – Саң­лақ­кер­ді қал­мақ­тар қуып­ кет­ке­ні­не қа­ра­мас­тан ба­тыр есебін та­уып­ алып қайт­қан [10].

Ал, Қа­ра­ке­рей Қа­бан­бай ба­тыр­дың Қу­ба­сы­мен та­лай қиын­дық­тар мен ауыр ке­зең­дер­ді бір­ге өт­кіз­ге­ні, ба­тыр өзі­нің Қу­ба­сы­мен серт­те­сіп, тіл­дес­ке­ні екеуі­нің ала­пат со­ғыс­тар­да бір-бі­рі­не се­рік бол­ға­ны, та­лай қиын­дық­тар мен ауыр ке­зең­дер­ді бір­ге өт­кіз­ге­ні жыр­ғау ар­қау бо­лып, сон­дай-ақ жорықтардағы ар­ғы­мақ­тың да елеу­лі үле­сі ашы­ла түс­кен [11]. XІX ға­сыр­дың ор­та ше­нін­де қа­зақ хал­қы­ның әдет-ғұр­пын, салт-дәс­тү­рі мен фоль­кло­рын зерт­теу­ге үлес қос­қан Бро­нис­лав За­ле­сс­кий­дің ең­бе­гі­нен: «Қа­зақ да­ла­сы­ның тір­ші­лік-ты­ны­сы» ең­бе­гін­де «Қа­зақ­ты ат үс­тін­де та­ну қа­жет. Жер тү­бі­не дейін­ шар­ша­май-шал­дық­пай ат үс­тін­де жү­ре бе­рер тө­зім­ді­лі­гін, еп­ті­лі­гін көр­ген­де қа­зақ­тар осы ер үс­тін­де жа­рал­ған­дай кө­рі­не­ді» де­ген жол­дар­ды кездес­ті­ре­міз  [11, 141-б.].

Зерт­теу­ші Р.Г. Ли­пец эпос­тар­дан кел­тір­ген бір мы­сал­да «Ел­ші­лік­ке жібе­ріл­ген бір салт ат­ты ит­тер­дің аба­лап қаума­ла­ға­ны­нан аты үр­кіп құ­лап қала­ды. Ол хан­ның ал­ды­на жаяу кел­ген­де, оны уә­зір­лер мо­йын­да­май кіргізбей қояды» деп жа­за­ды. Бұл оқи­ға көш­пі­ле­лер қо­ға­мын­да жаяу адамның еш­қан­дай ор­ны мен сал­ма­ғы жоқ еке­нін ашық көр­се­те­ді. Сондықтан, жа­уын­гер үне­мі ат үс­тін­де бо­луы қи­лы ке­зең­де­гі за­ман талабынан ту­ған шарт бо­лып қал­ған.

Қа­зақ хал­қы­ның жыл­қы ма­лы­на де­ген көз­қа­ра­сы мен құр­ме­ті де ерек­ше. Қа­зақ со­ны­мен қа­тар, ат не­ме­се жыл­қы­ны «қа­нат­ты тұл­пар», «дүл­дүл» «пырақ» сияқ­ты те­ңеулер ар­қы­лы дә­ріп­те­ген. «Пы­рақ», «дүл­дүл» ис­лам дінімен ен­ген. «Пы­рақ» (араб­ша «Бу­рақ»/ Мұ­хам­мед /с.ғ.с.) пай­ғам­бар­дың Ми­радж тү­ні же­ті қат ас­пан­ға кө­те­рі­ліп, Ал­ла­ның та­ғы­ның ал­ды­на бар­ған­да мін­ген аты. «Дүл­дүл» – Ха­зі­рет әлі­нің та­лай шай­қас­қа мін­ген аты­ның есі­мі. Осы­ған орай қа­зақ ба­тыр­ла­рын­да «ат сүйек бе­ру» де­ген дәс­түр бол­ға­нын атап өту қа­жет. Бұл дәс­түр бо­йын­ша май­дан­да аты оқ­қа ұш­қан ба­тыр­ды жау қо­лын­да қал­дыр­май бас­қа ат­қа ауы­сып мін­уін­ қам­та­ма­сыз ету ке­рек бол­ған. Ал, ен­ді ба­тыр­лар аты­ның бей­не­сін қа­зақ эпос­та­рын­да­ғы, со­ның ішін­де батыр­лар жы­ры мен та­ри­хи жыр­лар­да­ғы кө­рі­ні­сі­мен са­лыс­ты­ра отып талдайық.

Ба­тыр­лық жыр­лар­да­ғы ба­тыр­лар­дың ат­та­ры өз­де­рі­нің ар­ха­ика­лық эпостан қал­ған ерек­ше қа­бі­лет­те­рі­нің кей­бі­рін сақ­тап қа­луымен қа­тар, үл­кен ақыл-ес­тің, адал­дық, се­нім­ді­лік сияқ­ты мо­раль­дық қа­сиет­тер­дің иесі бол­ған аса қа­дір­лі жа­ну­ар­лар, ора­сан зор эпи­ка­лық тұл­ға­лар дә­ре­же­сі­не бе­рі­ле­ді.

Қа­зақ эпо­сы­ның пай­да болуына, әсі­ре­се, ини­ци­ация үр­ді­сі­мен шамандық миф­тер үл­кен әсе­рін ти­гіз­ген. Бір­қа­тар зерт­теу­ші­лер көш­пе­лі халық­тар­дың ини­ци­ация сал­ты­ның ат­пен, со­ның ішін­де ат­ты үйре­ту, бас білді­ру әре­ке­ті­мен өза­ра бай­ла­ныс­ты­лы­ғын атап көр­се­те­ді. Ба­тыр­ға «өзі­не ар­нал­ған» ат­тың бас біл­дір­уіне қа­рап есім бе­рі­ле­ті­ні кез­дей­соқ­тық емес. Бұл жа­сөс­пі­рім­нің жа­уын­гер ре­тін­де пі­сіп-же­тіл­ге­нін дә­лел­дейт­ін ини­ци­ация­ның өзін­дік бір тү­рі. Эпос­та кө­бі­не ат­қа бас біл­ді­ру­ден соң ба­тыр­ға есім бе­ру салта­на­ты бо­ла­ды», - деп жа­за­ды Р.С. Ли­пец [18].

Қа­зақ хал­қын­да да өт­кен дәуір­лер­де ба­тыр­ға, оның аты­на есім бе­ру рәсімі ини­ци­ация сал­ты­ның бір бө­лі­гі бол­ған деп бол­жам­дауға не­гіз бар жә­не бұл рә­сім фольклор­да кең кө­рі­ніс тап­қан (мы­са­лы, Кер­құ­ла ат­ты Кен­де­бай, Қа­ра қас­қа ат­ты Қам­бар бек). Г.Н. По­та­нин: «Моң­ғол жә­не шы­ғыс түр­кі ертегі­ле­рін­де (ав­тор бұл сөз­ді «эпос» ма­ғы­на­сын­да қол­да­нып отыр – авт.) батыр­дың жа­сө­сі­пі­рім ша­ғы­нан ере­сек жас­қа өтуі атап өті­ле­тін салт жиі баян­да­ла­ды. Бұл жағ­дайда ба­тыр­ға жа­ңа есім бе­рі­ле­ді» деп жа­за­ды [12].

С.А. Плет­не­ва өз еңбегінде: «Оғыз­дар­да 15 жас­та­ғы жа­сө­сі­пі­рім өзі­не есім жә­не мі­не­тін ат алып, ере­сек жа­уын­гер деп есеп­те­ле­ті­нін» атап өте­ді. Оның айт­уына қа­ра­ған­да бұл салт қо­ғам­дық да­му­дың бел­гі­лі бір са­ты­сын­да әлем­нің бар­лық ха­лық­та­рын­да бо­ла­тын ини­ци­ация сал­ты­ның қал­ды­ғы бо­лып та­бы­ла­ды екен. С.А. Плет­не­ва «Көш­пе­лі ха­лық­тар­дың көп­те­ген ер­те­гі­ле­рі қаһар­ман­ның әке­сі­нен өзі­не есім бе­ру­ді, қа­ру-жа­рақ пен мі­не­тін ат бе­ру­ді сұра­ған жа­уап­ты сә­ті­нен бас­та­ла­ды», -  деп жа­за­ды [16]. Сон­дай-ақ ол ежел­гі түр­кі­лер­дің қо­рым­да­ры­нан қа­руымен жә­не аты­мен бір­ге жер­лен­ген балалардың та­былуын­ да осы ғұ­рып­пен бай­ла­ныс­ты­ра­ды [16, с. 78.]

Зерт­теу­ші­лер эпос­тың әр­бір жан­ры ат об­ра­зын жа­сауда өз көр­кем­дік құрал­да­рын, дәс­түр­лі бей­не­леу үл­гі­ле­рін қа­лып­тас­ты­ра­тын­ды­ғын атап өте­ді. Мә­се­лен, синк­рет­тік, миф­тік-ер­те­гі­лік шы­ғар­ма­лар­дан ен­ді ға­на ен­ші­сін бөліп ала бас­та­ған ар­ха­ика­лық эпос­та ат­тар қиял-ға­жа­йып­ қа­сиет­тер­ге ие бей­не­лер­дің қа­та­рын­да, әр­қи­лы ерек­ше қа­бі­лет­те­рі, ма­гиялық күш-қуаты, құді­ре­ті бар жан иесі тү­рін­де си­пат­та­ла­ды. Ал, ха­лық­тық, эт­ни­ка­лық ұғым-тү­сі­нік­тер­ді бо­йына мо­лы­нан жи­нақ­та­ған қа­һар­ман­дық эпос­тар­да ат­тар өздері­нің ар­ха­ика­лық эпос­тан қал­ған ерек­ше қа­бі­лет­те­рі­нің кей­бі­рін сақ­тап қа­луымен қа­тар, үл­кен ақыл-ес­тің, адал­дық, се­нім­ді­лік сияқ­ты мо­раль­дық қасиет­тер­дің иесі бол­ған аса қа­дір­лі жа­ну­ар­лар, ора­сан зор эпи­ка­лық тұлғалар дә­ре­же­сі­не кө­те­рі­ле­ді [16,с. 78.]

Мә­се­лен, эпос­та ба­тыр­дың ат таң­дауы, тұл­па­рын та­буы; оны құлы­ны­нан бап­тап ба­ғып, же­тіл­ді­ру, ат­тың сы­ны, сырт кө­рі­ні­сі, ер-тұр­ма­ны, әб­зе­лі, жасы, тұл­пар­дың ке­ңіс­тік­те­гі қоз­ға­лы­сы, ат­тың жү­ре­тін ке­ңіс­ті­гі­нің көріністе­рі, жү­ріп өт­кен жо­лы­ның ұзақ­ты­ғы, жү­ру уақы­ты, ша­бы­сы, ша­быс ке­зін­де­гі си­па­ты, ди­на­ми­ка­лық қоз­ға­лыс үс­тін­де­гі сырт кө­рі­ні­сі, со­ғыс майда­нын­да­ғы әре­кет­те­рі, ат­тың ба­тыр­мен жә­не эпос­тың бас­қа да кейіпкерле­рі­мен тіл­де­суі, сөй­ле­су­ле­рі, бас­қа да бел­гі­ле­рі ке­ңі­нен си­пат­тал­ды. 

Зерт­теу­ші А. Кө­ше­ко­ва: «эпос­тар­дың кө­не нұс­қа­ла­рын­да ат ба­тыр­дың ба­ғы­ныш­ты кө­мек­ші­сі, кө­лі­гі, айт­қа­ны­нан, ер­кі­нен шық­пайт­ын жа­ну­ар ға­на емес, то­лық­қан­ды же­ке да­ра ке­йіп­кер ре­тін­де ба­тыр­ды өзі­не ба­ғын­ды­рып, алға бас­тап, ба­ғыт­тап оты­ра­ды, ал бас қа­һар­ман өз аты­ның айт­қа­нын екі етпей орын­дайды. Бі­рақ уа­қыт өте ке­ле ба­тыр­лар жы­рын­да бей­не­ле­тін аттардың кей­бір  қыз­мет­те­рі, мә­се­лен, си­қыр­лы, кө­мек­ші­лік, тіп­ті, қол­дап-же­беуші­лік, жөн-жо­ба көр­се­ту­ші­лік қа­сиет­те­рі сақ­та­лып қал­ған», - дей ке­ле бұ­лар­дың өзін­дік  тө­мен­де­гі­дей ерек­ше­лік­те­рін бө­ліп көр­се­те­ді:

– бұл топ­та­ғы эпос­тар – соң­ғы дәуір­дің туын­ды­ла­ры, сон­дық­тан олар­ға қа­һар­ман­дық эпос­тар­да­ғы ат бей­не­сін сом­дау­дың эле­ме­нт­те­рі көп­теп ен­ген;

– ар­ха­ика­лық мо­тив­тер­дің көп­теп сақ­талуына қа­ра­мас­тан, олар­да­ғы ат бей­не­сі ежел­гі эпос­тар­да­ғы­дай өз бе­тін­ше әре­кет ете­тін, же­ке-да­ра тұл­ға, тәуел­сіз ке­йіп­кер дә­ре­же­сі­не кө­те­ріл­мейді;

– бұл топ­та­ғы эпос­тар­да қиял-ға­жа­йып­тық, ар­ха­ика­лық-ми­фо­ло­гия­лық мо­тив­тер соң­ғы дәуір­дің ұғым-тү­сі­нік­те­рі тұр­ғы­сы­нан қайта қа­ра­лып, өңделген;

– бұл эпос­тар­да­ғы ат бей­не­сі ба­рын­ша бей­не­лі, же­тіл­ген, да­мы­ған  тілмен сурет­те­ліп, ең үз­дік клас­си­ка­лық қа­һар­ман­дық эпос­тар­мен теңдестіретін­дей көр­кем­дік дә­ре­же­ге жет­кен [17]

  Ба­тыр­лар жа­уын­гер­лік эти­ка­сын қа­таң ұстана­тын. Осын­дай тәр­бие­лік мә­ні бар да­ла ко­дек­сі­нің бі­рі – ба­тыр­лар­ға қойыла­тын та­лап­тар жүйесі болды. Бұл та­лап­тар­ды екі­ге бө­ліп қа­рас­ты­ру­ға бо­ла­ды. Бі­рін­ші­сі, со­ғыс бары­сын­да қол­да­ны­ла­тын жа­зыл­ма­ған заң­дар – жек­пе-жек­ке шық­қан­да кезек­ті бұз­бау, же­ңіл­ген дұш­па­ны­на дос­та­ры­мен қош­та­су­ға рұқ­сат бе­ру, қару­ды дұ­рыс пай­да­ла­ну. Үл­кен ай­қас­тар­да жек­пе-жек­ке қа­ты­су батырлардың бас­ты мін­де­ті. Жа­уын­гер­лер­дің шын мә­нін­де ба­тыр ата­нуы осы жек­пе-жек­те же­ңу­ден бас­та­ла­тын.

Екін­ші та­лап жауды жең­ген­нен ке­йін­ орын­да­ла­тын та­лап­тар. Бұл талаптар­ды – ба­тыр­лар ко­дек­сі деп айтуға бо­ла­ды. Мы­са­лы, Пар­па­рия ба­тыр ел­ге та­ны­мал қарт ба­тыр Аң­шы­бай­дан ба­та алу­ға бар­ған­да ол бы­лай дей­ді: 

Жауың­ды же­ңіп ел ал­саң

Қа­тын ба­ла­ға ти­ме­гін

Жа­зық­сыз жан­ды жы­лат­па

Та­ри­хи там­ды құ­лат­па

Қай­ра­ты­ңа ма­станып

Кем адам­ды ке­мі­тіп,

Қа­ғып-со­ғып құ­лат­па

Қарт­ты көр­сең қай­ры­лып

Ба­рың бол­са бе­ріп кет.

Үй-үй­ден қайыр сұ­рат­па

Жауың­ды же­ңіп ел ал­саң,

Ел сен­ген­ше өзі­ңе

Сол жер­де жыл­дап тұ­рақ­та [13] 

Осы жыр жол­да­рын­да ба­тыр­дың әлеу­мет­тік қыз­мет­те­рі­мен қа­тар ерек­ше мән бе­ре­тін екі мін­де­ті­не – та­ри­хи ес­ке­рт­кіш­тер­ді қи­рат­пау жә­не ба­сып алын­ған жер­ді бас­қа­ру – бұл ба­тыр­лар инс­ти­ту­ты­ның саяси қыз­ме­ті деп есеп­теу­ге бо­ла­ды. Та­ри­хи ес­ке­рт­кіш­тер­ді қи­рат­пау бұл ба­сып ал­ған ел­дің дәс­тү­рін, та­ри­хын, на­ным-се­ні­мін сый­лау де­ген сөз. Ал ен­ді ба­сып ал­ған ел­де тұ­рақ­тау­дың бас­ты мақ­са­ты – бо­ла­шақ­та дұш­пан жи­на­мау, мем­ле­кет­ті­лік­тің не­гі­зін қа­лау.

Қорытынды. Ойымызды тұ­жы­рым­дай ке­ле дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институы өкілдерінің өзіне тән этикетінің болғандығын және оның қатаң сақталғандығына көз жеткіземіз. Дәс­түр­лі қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы қа­зақ батыр­ла­ры­ның өзін­дік ұстаным­да­ры, дәс­түр­ле­рі, қа­сиет­те­рі мен тұр­мы­сы, салт-са­на­сы, ар-на­мыс ко­де­кс­те­рі, прин­цип­те­рі, порт­ре­ті мен бей­не­лік тұлғала­ры, өзін­дік мұ­ра­ты, қо­ғам­дық қыз­ме­ті, эти­ка­лық ерек­ше­лік­те­рі, ырым-жо­рал­ғы­ла­ры са­на­да­ғы құн­ды­лық­тар жиын­ты­ғы­мен то­ғыс­қан. Батырлар­дың ар-на­мыс ко­де­кс­те­рі мен бет-бей­не­сі қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы дәстүр­лі тәр­бие мек­те­бі бо­лып та­был­ды. Ба­тыр­лар отан­шыл­дық пен азаматты­лық­тың ең жо­ғар­ғы бей­не­сін құ­ра­ды. Да­ла демократиясының өкілде­рін құр­ған би­лер мен ба­тыр­лар­дың, жы­раулар­дың ауызы­нан шық­қан асыл сөз­де­рі мен жыр жол­да­ры, дас­тан­да­ры та­ри­хи жә­не мә­де­ни мұ­ра ретінде ұр­пақ­тан ұр­пақ­қа жал­ға­сып дәс­түр­лі қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы құндылықтар жүйе­сін то­лық­тыр­ды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI века.–Алма-Ата,1985. – 101 с.

2.  Тохтабаева Ш.Ж. Этикетные нормы казахов. Часть ІІ. Семья и социум. – Алматы: LA GRÂCE, 2017. – 221 с.

3. Голубовский П. Печенеги, торки и половцы до нашествия татар: История юж.-рус. степей IX-XIII вв.: Моногр. П. Голубовского. – Киев: Унив. тип. (И.И. Завадского), 1884. – 263 с.

4. Ап­по­ло­ваН.Г. При­соеди­не­ние Ка­за­х­станакРос­сии в 30-х го­дахХVІІІ в. – Ал­ма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с.

5.  Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): бес томдық. –Алматы: Атамұра, 2002 . – Т. 3. – 768 б.

6. Ал­дас­пан. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1971. –278 б.

7. Ви­те­вс­кийВ.Н. И.И.Неп­люев и Орен­бургс­кий край в преж­нем его сос­та­ве до 1758 г. –  Ка­зань: Типо­ли­тогр. В.М. Ключ­ни­ко­ва, 1897. – Т.1. –  С. 160.

8.Ты­ныш­паев М. Ис­то­рия ка­за­хс­ко­гона­ро­да. – Алма-Ата: Қазақ Университеті, 1993. – 224 с.

9. Вят­кин М. Сул­та­ныи бии // Қа­зақ­тың атазаң­да­ры. Құ­жат­тар, де­рек­тер жә­незерт­теу­лер. – 10 том­дық  / Бас ред.: Зи­ма­нов С.З. – Ал­ма­ты: Же­ті жар­ғы, 2004.  – Т. 2. –  С. 217. 

10. Ка­за­хс­ко-русс­кие от­но­ше­ния в ХVІ-ХVІІІ ве­ках (Сбор­ник до­ку­мен­тов и ма­те­риалов). – Алма-Ата: Наука, 1961. – 741с.

11. Лев­шин А.И. Опи­са­ние кир­гиз-ка­зачь­их иликир­гиз-кай­сац­ких Орд и сте­пей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.

12. Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының дәстүрлi жүйесi. Энциклопедия.  – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. –  735 б.

13. Қа­зақ­тың эт­ног­ра­фиялық ка­те­го­рия­лар, ұғым­дар мен атау­ла­ры­ның дәс­түр­лі жүйесі. (Ғы­лы­м ред. ­ жә­не жо­ба же­тек­ші­сі Н. Әлім­бай). Эн­цик­ло­пе­дия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – 736 б.

14. Сә­нік З., Са­ды­қа­нұлы Б. Қа­ра­ке­рей Қа­бан­бай. – Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1991. – 176 б.

12. За­лес­кий Б. Қа­зақ да­ла­сы­ның тір­ші­лік-ты­ны­сы. – Астана: Аударма, 2003. – 264 б.

13. Ли­пец Р. Об­ра­зы ба­ты­ра и его ко­ня в тюр­ко-мон­гольс­ком эпо­се. – Москва: Наука, 1984. – 263 с.

14. Ах­мет­жа­нов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). – Алматы: Дәуір, 1996. – 256 б.

15. Ни­ки­фо­ров Н. Аносс­кий сбор­ник. Соб­ра­ние ска­зок ал­тай­цев с при­ме­ча­ниями Г. По­та­ни­на // Зап. За­пад­но-Си­би­рс­ко­го от­де­ла РГО. – Омск, 1915. – Т. XXXVII. – С.28.

16. Плет­не­ва С. Пе­че­не­ги, тор­ки и по­лов­цы в юж­но­русс­ких сте­пях // Ма­те­ри­алы и исс­ле­до­ва­ния по ар­хе­оло­гии. – 1958. – № 62. – С. 78.

17. Кө­ше­ко­ва А.А. Қа­зақ эпо­сын­да­ғы ат об­ра­зы: фи­ло­л. ғыл. канд. ... дисс.  ав­то­реф. – Ал­ма­ты, 2009. – 29 б.

Referense:

1. Abýseıtova M.H. Kazahskoe hanstvo vo vtoroı polovıne XVI veka. –Alma-Ata, 1985. – 101 s.

2.  Tohtabaeva Sh.J. Etıketnye normy kazahov. Chast II. Semıa ı socıým. – Almaty: LA GRÂCE, 2017. – 221 s.

3. Golýbovskıı P. Pechenegı, torkı ı polovcy do nashestvııa tatar: Istorııa ıýj.-rýs. stepeı IX-XIII vv.: Monogr. P. Golýbovskogo. – Kıev: Ýnıv. tıp. (I.I. Zavadskogo), 1884. – 263 s.

4. Appolova N.G. Prısoedınenıe Kazahstana k Rossıı v 30-h godah HVIII v. – Alma-Ata: AN SSR, 1948. – 254 s.

5.  Qazaqstan tarıhy (kóne zamannan búginge deıin): bes tomdyq. –Almaty: Atamura, 2002 . – T. 3. – 768 b.

6. Al­das­pan. XV-XVIII ǵasyrlardaǵy qazaq aqyn, jyraýlarynyń shyǵarmalar jınaǵy. – Almaty: Jazýshy, 1971. – 278 b.

7. Vıtevskıı V.N. I.I. Neplıýev ı Orenbýrgskıı kraı v prejnem ego sostave do 1758 g. –  Kazan: Tıpolıtogr. V.M. Klıýchnıkova, 1897. – T.1. –  S. 160.

8. Tynyshpaev M. Istorııa kazahskogo naroda. – Alma-Ata: Qazaq Ýnıversıteti, 1993. – 224 s.

9. Vıatkın M. Sýltany ı bıı // Qazaqtyń ata zańdary. Qujattar, derek-ter jáne zertteýler. – 10 tomdyq  / Bas red.: Zımanov S.Z. – Almaty: Je-ti jarǵy, 2004.  – T. 2. –  S. 217. 

10. Kazahsko-rýsskıe otnoshenııa v HVI-HVIII vekah (Sbornık doký-mentov ı materıalov). – Alma-Ata: Naýka, 1961. – 741s.

11. Levshın A.I. Opısanıe kırgız-kazachıh ılı kırgız-kaısackıh Ord ı stepeı. – Almaty: Sanat, 1996. – 656 s.

12. Qazaqtyń  etnografııalyq  kategorııalar,  uǵymdar  men  ataýlarynyń dástúrli júıesi. Encıklopedııa.  – Almaty: RPK “SLON”, 2012. –  735 b.

13. Qazaqtyń etnografııalyq kategorııalar, uǵymdar men ataýlarynyń dástúrli júıesi. (Ǵylymı redaktor jáne joba jetekshisi N.Álimbaı) Encıklopedııa. A., 2012. T. III. – 736 b.

14. Sánik Z., Sadyqanuly B. Qarakereı Qabanbaı. – Almaty: Jazýshy, 1991. – 176 b.

12. Zaleskıı B. Qazaq dalasynyń tirshilik-tynysy. – Astana: Aýdarma, 2003. – 264 b.

13. Lıpec R. Obrazy batyra ı ego konıa v tıýrko-mongolskom epose. – Moskva: Naýka, 1984. – 263 s.

14. Ahmetjanov Q.S. Jaraǵan temir kıgender (batyrlardyń qarý-jaraǵy, áskerı óneri, salt-dástúrleri). – Almaty: Dáýir, 1996. – 256 b.

15. Nıkıforov N. Anosskıı sbornık. Sobranıe skazok altaıcev s prımechanııamı G. Potanına //  Zap. Zapadno-Sıbırskogo otdela RGO. – Omsk, 1915. – T. XXXVII. – S.28.

16. Pletneva S. Pechenegı, torkı ı polovcy v ıýjnorýsskıh stepıah // Materıaly ı ıssledovanııa po arheologıı. – 1958. – № 62. – S. 78.

17. Kóshekova A.A. Qazaq eposyndaǵy at obrazy: fılol. ǵyl. kand. ... dıss.  avtoref. – Almaty, 2009. – 29 b.

Г.А. Мейрманова1 к.и.н., и.о. доцента, М.К Дауытбекова1 , к.и.н., и.о. доцента

1КазНУ им. аль-Фараби, факультет истории, археологии и этнологии

г. Алматы, Казахстан

Авторы в своей статье рассматривают этикет батыров как традиционный атрибут в обществе. В казахском этикете есть некоторые традиционные моменты, связанные с родом деятельности. В зависимости от специфики труда человека устанавливаются наборы определенных речевых оборотов, манера поведения, а в некоторых случаях – своеобразие костюма и особенность атрибутики. Личности высокого социального статуса, владевшие арабским, чагатайским (реже – персидским и русским) языками, часто выполняли дипломатические функции между Казахским ханством и другими странами. Авторы в данной статье авторы делают акцент на устное народное творчество казахов.

Ключевые слова: батыр, этикет, нормы поведения.

G.A. MEIRMANOVA, Ph.D., Associate professor, Department of Archeology, Ethnology and Museology, Al-Farabi Kazakh State University;

M.K. DAYTBEKOVA.,Ph.D., Associate Professor of the Department of History of Kazakhstan, Al-Farabi Kazakh State University

HEROES OF THE TRADITIONAL KAZAKH SOCIETY

Summary

The article  considers the etiquette of batyrs as a traditional attribute in society. In Kazakh etiquette there are some traditional moments associated with the kind of activity. Depending on the specifics of a person's work, established of certain speech, the manner of behavior, and in some cases - the originality of the costume and the peculiarity of the attributes. Individuals of high social status, who spoke Arabic, Chagatai (more rarely - Persian and Russian) languages, often performed diplomatic functions between the Kazakh Khanate and other countries.The authors focus on oral folk creativity of Kazakhs.

Keywords: batyr, etiquette, norms of behavior.


No comments

To leave comment you must enter or register