Home » Materials

Materials

Б.К. ҚАЛШАБАЕВА, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, С.Т. ШАКЕНОВ, Археология, этнология және музеология кафедрасының PhD докторанты, А.Е. ЕРҒАБЫЛОВ, кафедра оқытушысы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЛБА-НАРЫМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ (ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңірлерінде қола дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың, археологиялық қазба негізінде дүниетанымы, әдет-ғұрпы жайлы ақпарат береді. Белгіленген аймақ қола дәуіріне тән көптеген ескерткіштердің шоғырланған жері деп айтуға болады. Авторлар археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, алынған мәліметтер арқылы осы өлкедегі ежелгі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті жайлы сипаттайды. Аймақта жасалған қазба жұмыcтардың қорытындыларына авторлар салыстыру, анализдеу арқылы тақырыптың мәнін, мағынасын ашып көрсетеді. Ғылыми жұмыста авторлар қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымында, жерлеу орындарын зерттеу негізінде: от, жоса, астаяқтың маңыздылығы, өміріндегі алатын рөлдері жайлы мәліметтер келтірген. Атап айтқанда Талапты-ІІ, Мыңшұңқыр-ІІІ, Құйған обалары, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қорымдарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алды. Түйін сөздер: Қола дәуірі, Қалба-Нарым, жерлеу орны, дүниетаным.

А.П. АЛИАКБАРОВА, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ докторанты, E-mail: AinurAP@mail.ru, З.О. ДҮКЕНБАЕВА, т.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ. Қазақстан, Астана қ. E-mail: dukenbaevazo@mail.ru
МРНТИ 03.41.01 ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихына тоқталып, олардың әлеуметтік, мәдени, демографиялық мәселелерін айқындау. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі). Түйін сөздер: Түркия қазақтары, естеліктер, қоныстану мәселелері, диаспора.

С.С. МУРГАБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының докторанты Алматы, Қазақстан
ӘОЖ 902.904 ҚАРАТАУ ПЕТРОГЛИФТЕРІНДЕГІ ТҮРКІ КЕЗЕҢІНІҢ БЕЙНЕЛЕРІ МЕН ТАҢБАЛАРЫ

Мақалада Қаратау жотасындағы Сауысқандық, Шалабай, Сатайбұлақ, Тектұрмас, Таңбалы тас, Боралдай, Қарамұрын, Қоспа (Арыстанды) т.б. жартас суреттерінде кездесетін ортағасырлық кезеңге байланысты бейнелері мен таңбалары қарастырылады. Олардың хронологиялық шеңберлері көрсетіледі. Ортағасырлық бейнелердің мерзімдеу кезеңдеріне байланысты стильдік, мәнерлік бағыттарының қалыптасуын сабақтастық тұрғысында қарастырылып, оған дейінгі ерте кезеңдердің қосқан үлесін ашып көрсетуге назар аударылған. Жартас суреттеріндегі қару-жарақ түрі, көлік түрі, ат әбзелдері және саятшылық құру сияқты кейінгі этнографиялық кезеңмен үйлесім табатын көріністер де берілген. Ортағасырлық жартас суреттерінің стилистикалық ерекшеліктері мен ішкі семантика мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ петроглифтер арасында кездесетін көне түркі кезеңінің таңбаларына мен олардың таралған аймақтарына талдау жасалып отыр. Сонымен қатар аталмыш таңбалардың кейбір жазба деректердегі тікелей баламалырын келтіре отырып этникалық топтарға қатыстылығы мен мерзімдері жайлы деректер берілген. Кілт сөздер: Қаратау, Сырдария, петроглиф, таңба, оғыз, көне түріктер, стиль, мұрагер, бейнелеу үрдісі.

Ә.М. Ташқараева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Тарих» мамандығының докторанты, Астана қ., Қазақстан E-mail
ҒТАХР 03.01.09 АБУ-Л-ҒАЗИ БАҺАДҮР ХАН: ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Өмірінің соңында «Шежіре-и-түрк» (Түрік шежіресі) және «Шежире-и-таракиме» (Түрікмен шежіресі) атты өшпес тарихи шығармаларын қалдырған Абу-л-ғази Баһадүр ханның өмірі мен атқарған қоғамдық қызметін зерттеу жалғасын таба түсуі керек. Мақалада ХVІІ ғасырдағы Хиуа ханы, әйгілі тарихшы-шежіреші, Абу-л-ғазидің жүріп өткен жолы қалай болды, қандай қызметтер атқарды деген сұрақтарға жауап алуға талпыныс жасалады. Жастайынан қайнаған саяси оқиғалардың куәсі болып өскен Абу-л-ғазидің билікке араласуын, шапқыншылықтарға қастысуын, Хиуа ханы атануына тоқталып өту осы мақаланың мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі). Ол кемеңгер саясаткер, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы және білімді адам ретінде бар әрекетін алдына қойған мақсатын орындауға арнады деген қорытынды жасалады. Кілт сөздер: Абу-л-ғази, түрікмендер, шабуылдар, Хиуа, Қоқан, Бұқара, Үргеніш, Маңғышлақ, наймандар, ұйғырлар, қалмақтар, хан.

О.М. ЖОЛДЫБАЕВ, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, кіші ғылыми қызметкер, Алматы қ., Е-mail: zet.olji@mail.ru
ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) КЕНЕСАРЫ-НАУРЫЗБАЙ: ТАРИХЫ МЕН ФОЛЬКЛОРЫ

Патшалық Ресей империясының тұсында жүргізілген саяси-әкімшілік реформаларға қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерлістер болды. Бұл үдерістің XIX ғасырда күшейе түскендігі баршамызға мәлім. Соның нәтижесінде қазақ халқы көптеген сындарлы оқиғаларды басынан кешкен еді. Сол уақыттарда Қазақстан территориясында жергілікті қазақ халқы өзінің тарихын, фольклорын мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеудің маңыздылығы зор. Бұл мақалада қазақ жерін сақтауды мақсат еткен ата-бабаларымыз бен даңқты қолбасшы, соңғы хан «Кенесары-Наурызбай» тарихи шындық баяндалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – батыр бабаларымыздың ерліктерін тарихы мен фольклоры жағынан зерттеу. Осы мақалада Кенесары мен Наурызбайдың арасындағы оқиға айтылады. Сонымен қатар сол дәуірдегі ақын-жырауалардың, жыршылардың, айтушылардың, жеткізушілердің жырлары туралы мәліметтерді талдау болып табылады. Түйін сөздер: ұлт-азаттық, қазақ халқы, қазақ даласы, Қазақстан территориясы, салт-дәстүр, ақын-жыраулар.