Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

Көркем әдебиеттегі шығармалар да тарихи деректердің үлкен тобын құрайтыны белігілі, бұл әсіресе XIX ғасырға дейін ауызша әдеби дәстүр берік сақталып, тарихы мен тағлымы, әдеби, мәдени мұралары ауыздан-ауызға жеткізіліп отырған Қазақстан тарихында маңызы зор. Көркем әдебиеттегі тарихилық ерекшеленеді, өйткені әдебиет тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын – олардың кісілік құлқы, әрекеті-харакеті, таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқаша айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты мән-мазмұнын, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ
Мақалада Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының палеантропологиялық ерекшеліктері және антропологиясы бойынша көне және қазіргі заманғы халықтардың қарастырылып отырған территорияда нәсілдік және этногенетикалық үрдісін ашу қарастырылған.
В статье приведены результаты исследования предпосылок и этапов становления инновационного развития Республики Казахстан, отмечена историческая роль государства инновационной инфраструктуры. Обоснована необходимость дальнейшего повышения эффективности развития национальной инновационной системы.
Мақала 1921-1922 жж. Қазақстанда болған ашаршылық мәселесіне арналған. Автор мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ашаршылықтың себептері мен зардаптарын көрсетеді. Қазақстан республикасындағы аштықты ауыздықтаудағы ұлт зиялыларының қызметін айқындайды. Ашаршылықпен күрес барысында жүргізген іс-шаралардың нәтижелерін нақтылайды
Мақалада тарихи деректердің негізінде IV-V ғасырлардағы Византия империясы мен ғұндардың қарым-қатынасы қарастырылады. Қазіргі таңда дүниежүзі тарихында Түркі тайпаларының соның ішінде қарастырылып отырған мәселеміз - Ғұн державасының тарихи маңызы өте зор. Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңінде ғұндар Орталық Азия жерінен Батыс Еуропа жеріне Шығыс мәдениетінің элементтерін алып келді. Бұл отан тарихында ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Түйін сөздер; Византия, ғұндар, тарихи дерек, империя, диадема, тайпа, өркениет.
Мақалада ақын, фольклортанушы, тарихшы М.Ж. Көпейұлының қолжазбаларына сүйене қазақтан шыққан қажылар мен олардың қажылық сапардың парыздарын орындау амалдары,туындаған жол қиындықтары мұрағат және баспасөз материалдарымен байланыстырыла жазылған.
Мақалада Тәуелсіз Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық тарихтағы ақтаңдақтардың зерттелуі қарастырылады. Аталған мәселені зерттеуде жалпыұлттық ресми «Егемен Қазақстан» газетінде, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында жарияланған кәсіби тарихшы мамандардың тарихи тақырыптар төңірегінде көтерген мәселелері, өзекжарды ойлары мен мақалалары негізге алынды. Түйін сөздер: Тәуелсіз Қазақстан тарихы, баспасөз, ұлттық тарих, ақтаңдақтар, «Егемен Қазақстан» газеті, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы, кәсіби тарихшы мамандар, мақалалар.
Бұл мақалада патшалық отарлық билік үстемдік жүргізген ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісу облысындағы халықтың әлеуметтік жағдайы баяндалады. Патша үкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отарлық саясатының салдарынан өңір халқының ұлттық құрамының өзгеріске түсуі, бұрын белгісіз болып келген ауру түрлерінің пайда болып, асқынып кетуі, жұқпалы ауруларды емдеудегі халық емшілері мен орыс медицинасы туралы сөз болады. Мақаланың мақсаты – өз жерінде қорғансыз болып қалған қазақ халқының күнделікті өмірін халықтың денсаулығы тұрғысынан ашып көрсету. Мақалада өлкеде пайда болған ауру түрлері сарапталады және оларды емдеу жолдарына сипаттама беріледі. Жұмыс пәнаралық байланыста жазылғандықтан тарих, әлеуметтану, саясаттану ғылымдары салаларының мамандары үшін пайдалы болып табылады.
О военном деле и хозяйственной специфике населения Жетысу в сако-усуньский период (по материалам могильника Каратума)
Благоприятные природно-климатические условия Жетысу обусловили богатство археологического наследия этого края. В раннем железном веке сако-усуньские племена, используя богатства края, достигли значительных успехов в освоении земледелия. Высокопродуктивное хозяйство дало толчок к усложнению социальной структуры. Это выразилось в формировании раннегосударственных образований и дифференциации общественных функций между различными социальными (этносоциальными) группами. Археологическим выражением этого процесса с середины ХХ в. считается отсутствие оружия в погребениях. Принято считать, что основное население было отделено от военных обязанностей, которые приняло на себя особое сословие. Новейшие исследования при увязке с хозяйственной спецификой позволили подтвердить данный тезис.
В статье автор рассматривает трансформацию границ Казахстана в период конца ХІХ и начала ХХ вв.Oпирируя историографическим анализомисточников российских и казахстанских исследователей, на основе статистических данных, автор выделяет основные виды хозяйственной деятельности казахов, уточняет место их расселения и влияние политики колониальной России на ход географо-экономических процессов в регионе.
1 2 Next